Bisara__ Instagram Photos and Videos

Loading...


bisara__ بصر امانکلد @bisara__ mentions
Followers: 682
Following: 813
Total Comments: 0
Total Likes: 0

Өзіңізді күн сайын жігерлендірудің қарапайым 6 тәсілі Күнделікті бірсарынды өмірден жалықтыңыз ...
Media Removed
Өзіңізді күн сайын жігерлендірудің қарапайым 6 тәсілі Күнделікті бірсарынды өмірден жалықтыңыз ба? Егер өз өміріңізді өзгерткіңіз келсе, бүгіннен әрекеттеніңіз. Қатаң талаптар қойып, оны бұзбауға тырысыңыз. Сонда ғана арманыңызға жетіп, өзіңізді бақытты сезінесіз. Ол үшін ... Өзіңізді күн сайын жігерлендірудің қарапайым 6 тәсілі
Күнделікті бірсарынды өмірден жалықтыңыз ба? Егер өз өміріңізді өзгерткіңіз келсе, бүгіннен әрекеттеніңіз. Қатаң талаптар қойып, оны бұзбауға тырысыңыз. Сонда ғана арманыңызға жетіп, өзіңізді бақытты сезінесіз. Ол үшін өзіңізді ынталандырып отыруды да ұмытпаңыз.
Әрбір жетістік үшін қуана біліңіз
Ол мейлі үлкен, мейлі кішкентай болсын, әр жетістігіңіз үшін қуаныңыз. Өзіңізді марапаттаңыз. Өйткені үлкен жетістік ұсақ-түйек жұмысты орындаудан басталады. Ол үшін өзіңізге қымбат сыйлық жасаудың қажеті жоқ. Өзіңізге жағымды болатындай етіп атап өтсеңіз немесе жай ғана ұнайтын іспен айналыссаңыз жеткілікті.
Мысалы, Mindvalley компаниясының бас директоры Вишен Лакьяни қоңырау ойлап тапқан. Әр жетістікке жеткенде немесе жағымды жаңалық естігенде қоңырауды соғып отырған және содан ләззат алған.
Идеяңызды жария етпеңіз
Ойыңызға келген идеяға қуанып тұрсыз ба? Таңертең жүгіремін деп шешім қабылдадыңыз ба? Жақында жаңа жобаны іске асыруды ойлап жүрсіз бе? Өте жақсы. Бірақ бар эмоцияңызды өзіңізде сақтаңыз. Жоспарыңызды ешкімге айтпаңыз. Жерге егілген 100 дәннің бәрі бірдей өніп шықпайтыны сияқты ойға алған жоспарыңыздың да барлығы жүзеге аса бермейді. Сондықтан әлі бастамаған ісіңізді жария етпегеніңіз жөн.
Жақсы жұмыс істеу үшін жақсылап тынығыңыз
Жақсы демалыс жақсы жұмыс істеуге көмектеседі. Бірақ демалысты тек ұйқымен өткізбеңіз. Уақытын үнемдеп, демала білетін адамдар үшін таңдау көп. Табиғат аясына шығып тынығыңыз. Балық аулаңыз. Саяхаттаңыз. Демалыс күндері театрға немесе жақсы киноға барыңыз. Осыған дейін үнемі кейінге шегеріп келген демалысты алып, жақсылап демалаңыз. Сонда жұмысқа керемет көңіл-күймен, жаңа идеямен келесіз.
Ешқашан өзіңізді өзгемен салыстырмаңыз
Істеп жатқан жұмысыңыз бен жетістіктеріңізді басқа әріптестеріңізбен немесе достарыңызбен салыстырмаңыз. Өйткені олар – мүлдем басқа адам. Қабілеті де, мүмкіндіктері де сіздікіндей емес. Кейде салыстыру да қажет, бірақ оны орнымен қолданыңыз. Олардың жетістікке жету сырына үңіліп, жақсы қасиеттерін бойыңызға сіңіріңіз. Тек оның арты қызғаныш пен көреалмаушылыққа алып келмесін.
Read more
Loading...
«Бір күні бір күніне ұқсаған адам ұтылды» <span class="emoji emoji1f4da"></span> Хадис. Кәшфул-Хафа
Media Removed
«Бір күні бір күніне ұқсаған адам ұтылды» Хадис. Кәшфул-Хафа «Бір күні бір күніне ұқсаған адам ұтылды» 📚 Хадис. Кәшфул-Хафа
Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз, Бірақта биікпін деп асқынбаңыз. Сен мықты, анау осал, мен ...
Media Removed
Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз, Бірақта биікпін деп асқынбаңыз. Сен мықты, анау осал, мен орташа, Бəріміз бір аспанның астындамыз. Сіздің ой біздің оймен бірікпейді, Шайқаңыз осы өмірде жүріп мейлі, Ойлаңыз, арзан атақ, сасық ырыс, Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді. - Мұқағали ... Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз,
Бірақта биікпін деп асқынбаңыз.
Сен мықты, анау осал, мен орташа,
Бəріміз бір аспанның астындамыз.
Сіздің ой біздің оймен бірікпейді,
Шайқаңыз осы өмірде жүріп мейлі,
Ойлаңыз, арзан атақ, сасық ырыс,
Сіз өлгенде қайтадан тірілтпейді. - Мұқағали Мақатаев
Read more
Шәкәрім ілімі (Мінездегі аурулардан құтылу) Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаң да сені қате ...
Media Removed
Шәкәрім ілімі (Мінездегі аурулардан құтылу) Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаң да сені қате түсінетін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңді құр шаршатпағаның дұрыс. Дана ғұламаларымыздың бірі өзін сөккен кісіге былай деген екен: “Егер айтқаның рас болса, Алла ... Шәкәрім ілімі (Мінездегі аурулардан құтылу)
Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаң да сені қате түсінетін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңді құр шаршатпағаның дұрыс. Дана ғұламаларымыздың бірі өзін сөккен кісіге былай деген екен: “Егер айтқаның рас болса, Алла мені кешірсін. Ал, өтірікші болсаң, Алла сені кешірсін”. Адамдар сенің сыртыңа қарайды, Жаратушың ішіңмен, жан дүниеңмен бағалайды. Пенделер үшін сыртыңды ғана əдемілеумен əуре боп, ішкі əлеміңді ұмыт қалдырып, ластап алма.
Кезінде “керең Хатим” деген ғұлама өмір сүрген екен. Бір күні оған бір кісі келіп, бір мəселе жайлы жауап сұрайды. Сол-ақ екен əлгі кісі байқаусызда жел шығарып қояды. Сол кезде Хатим естімегенсіп: Даусыңды жоғары көтеріп сөйлеші, дейді. Келген кісіге өзін керең секілді сездіртеді. Осылайша, басқалардың қателігінен құлағын тыйған ол – “Хатим керең” деген атпен тарихта қалған екен.
Көздер ұмытпасын десең, əдемі киін. Көңілдер ұмытпасын десең, көркем мінезді бол.
Read more
Сен — Рамазансың! Ол алыс бір елдімекеннің қиыр шетіндегі қыстаққа жұмыс сапармен барған екен. ...
Media Removed
Сен — Рамазансың! Ол алыс бір елдімекеннің қиыр шетіндегі қыстаққа жұмыс сапармен барған екен. Бір күні ол маған қалай мұсылман болғанын айтып берді: «Сол күндері ауыл тұрғындарының күнде кешкісін аспанға қарағыштай беруі менің еріксіз назарымды аударды. Олар маған Жаратушы Иеден ... Сен — Рамазансың!

Ол алыс бір елдімекеннің қиыр шетіндегі қыстаққа жұмыс сапармен барған екен. Бір күні ол маған қалай мұсылман болғанын айтып берді: «Сол күндері ауыл тұрғындарының күнде кешкісін аспанға қарағыштай беруі менің еріксіз назарымды аударды. Олар маған Жаратушы Иеден ерекше бір белгі күтіп жүргендей көрінді. Бір істі бастауға тек сол нұсқаудың берілуі ғана қалғандай-ақ. Аспаннан жылт етіп жаңа туған ай көрінгені сол-ақ екен, бүкіл ауыл қуаныштан толқып кетті. Өмірлеріндегі ең үлкен сүйінші хабарды естігендей күйге түсті. Бірін-бірі əлденемен құттықтап, мəре-сəре. Сөйтсем, мұсылмандар ендігі айда ораза ұстап, ауыз бекітеді екен. Адам баласы бір ай бойы, күнде, əдеттегі тамақ-суынан бас тартуға дәл осылай қуанады дегенге, өз басым еш сенбес едім. Адам баласының тынбай жұмыс істеуі осы тамақ үшін емес пе еді?! Бір-біріне жау, дұшпан боп, соғыстарды осы үшін жасайтын.

Қош, сонымен мен де олармен бірге ораза ұстай бастадым. Бірақ, олардың діні жайлы еш хабарым жоқ еді. Олар сəресіден кейін таң намазына кеткенде аузымды бекітетінмін де, күні бойы сусын мен тамақтан тыйылатынмын. Кешке азан даусы естілгенде елмен бірге аузымды ашатынмын. Мешітте олармен бірге жығылса жығылып, тұрса тұрып жүрдім. Намазда не айтатынын да білмейтінмін. Бірақ жан дүнием ерекше бір рахатқа бөлене бастады. Кеудем кеңіп, рухым тынышталып, жүрегім байыз тауып жатқанын сезетінмін. Осылай жарты ай өткен кезде мешіт имамы мені өзіне шақырды. Бөтен адам екенімді байқаса керек. Жөн сұрады. Əңгімемді естіген кезде таңданысын жасыра алмады. Лезде айналама мені қызықтаған адамдар жинала қалды. Олар маған Ислам жайлы түсіндірді. Ақырында мен: «Алладан басқа тəңір жоқ, Мұхаммед — оның Елшісі» деген куəлік сөздерін айттым. Мұсылман болдым. Ол сəт өмірімдегі ең бақытты кез еді. Айналамдағы адамдар да қуанып, Алланы ұлықтап жатты. Сосын маған «Сен Рамазанның қолынан Ислам қабылдадың» деп, мені «Рамазан» деп атай бастады.
Read more
Мүбәрәк күйеу бала Ертеде Мәрв қаласының қазысы қызының бойжетіп, қалыңдық болатын жасқа келгенін ...
Media Removed
Мүбәрәк күйеу бала Ертеде Мәрв қаласының қазысы қызының бойжетіп, қалыңдық болатын жасқа келгенін ойлап, оған лайық жар іздей бастайды. Хабар ел-елге тарап, есігін қаққан құда түсушілердің саны күннен-күнге арта түседі. Бірақ қазы мырзаның асығатын түрі жоқ. Айттырушыларды әбден ... Мүбәрәк күйеу бала

Ертеде Мәрв қаласының қазысы қызының бойжетіп, қалыңдық болатын жасқа келгенін ойлап, оған лайық жар іздей бастайды. Хабар ел-елге тарап, есігін қаққан құда түсушілердің саны күннен-күнге арта түседі. Бірақ қазы мырзаның асығатын түрі жоқ. Айттырушыларды әбден сынап, тергеп, олардың арасынан жалғыз қызына күйеу болуға лайық жігіт таппайды. Сөйтіп жүргенде қазы бір күні  түс көреді. Түсінде қызын өзінің қол астындағы Мубәрак деген құлына қосу туралы аян беріледі. Тура сол түсті бірнеше қайтара көреді. Содан қол астындағы құлын ары-бері сынап көреді. Нағыз күйеу бала болатындай сенімді, салиқалы екеніне көз жеткізгеннен кейін қызын соған беруге шешім қабылдайды. Қазының шешімін естіген жора-жолдастары ауқатты, текті жерден басқа да жігіттердің табылатынын айтып, қазыны райынан қайтармақ болады. «Қазының қызы мен  құл тең бе?» –  деп даурығады. Бірақ қазы айтқан сөзінен таймай, қызының да ризашылығын алады. Қыз бен  құлды шақырып, екеуін үйлендіреді.

Арада бір айдан аса уақыт өтеді. Бір күні қазы қызының хал-жағдайын біліп қайтайын деп, жас жұбайлардың үйінде қонақ болады. Әкесімен оңаша отырып әңгімелескенде, қыз күйеуінің өте жақсы адам екенін айтып, бірақ осы уақытқа дейін әлі қасына да жақындамағанын білдіреді. Бұл іске таң қалған қазы, «әлде қызыма жаңылыс адамды таңдадым ба?» – деп ішінен күдіктене бастайды. Дереу күйеу баласын шақыртып, істің мәнісін сұрайды. Жігіттің жауабын естіген қазы көз жасына ерік береді. Қызын нағыз өзі қалағандай жігітке бергеніне көзі жетіп, көңілі шат-шадыман болады. Аллаһқа деген шүкіршілігін мың мәрте қайталайды. Сонда күйеу баласы былай деген екен: «Әке, кешіріңіз! Құдай ақы, сіз туралы жаман ойлайды дей көрмеңіз! Сіз қаланың атақты қазысысыз. Сізге келіп-кетушілер өте көп. Үйіңізге сыйлықтар, сый-сияпаттар алып келушілер де болады. Аллаһ тағаланың аманаты ретінде маған берген қызыңыз бәлкім, білместікпен сол келген сый-сияпаттардан дәм ауыз тиген болар деп қорықтым. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) адамның асқазанына түскен харам нәрсенің әсері қырық күнде бірақ қайтатыны туралы айтқанын естіген едім. Қымбатты жұбайымды алдымен қырық күн өзімнің  маңдай теріммен тапқан адал табысыммен асырайын дедім.
Read more
Loading...
Хазіреті Әли мен Фатиманың қосылғанына көп болмаған еді. Бірде-бір мәмілеге келе алмай өз ара ...
Media Removed
Хазіреті Әли мен Фатиманың қосылғанына көп болмаған еді. Бірде-бір мәмілеге келе алмай өз ара тартысады. Осы кезде Алла елшісі келіп қалады. Бірақ екеуі сездірмеуге тырысады. Алла елшісі дем алмақ болып жерге төсеніш төсейді. Хақ пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жерге жатқан ... Хазіреті Әли мен Фатиманың қосылғанына көп болмаған еді. Бірде-бір мәмілеге келе алмай өз ара тартысады. Осы кезде Алла елшісі келіп қалады. Бірақ екеуі сездірмеуге тырысады. Алла елшісі дем алмақ болып жерге төсеніш төсейді. Хақ пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жерге жатқан кезде хазіреті Фатима әкесінің жанына жақындап отырды. Осыны көрген хазіреті Әли де Пайғамбардың келесі жағына жақындап отыра қалды. Мән-жайды байқап тұрған Алла елшісі хазіреті Әлидің қолынан ұстап алып көкірегіне апарды. Бір қолымен хазіреті Фатиманың да қолынан ұстап оны да көкірегіне апарды. Осылайша екеуі табысқанға дейін жібермеді.

Екеуі қайта татуласқан соң Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйден күлімдеп шықты. Оның осы қуанышын көрген сахабалар қуаныштың сырын сұрады. Хақ пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Неге ғана қуанбайын. Жаңа ғана ең жақсы көретін екі адамымды жарастырып келдім»,- дейді
Read more
КӨҢІЛІҢІЗГЕ ЖАҚПАЙТЫН ІС КЕЗ КЕЛСЕ... Қоғамға наразылық, біреудің біреуге өкпелеуі, көңіл толмаушылық ...
Media Removed
КӨҢІЛІҢІЗГЕ ЖАҚПАЙТЫН ІС КЕЗ КЕЛСЕ... Қоғамға наразылық, біреудің біреуге өкпелеуі, көңіл толмаушылық қай кезде де болған және солай бола да береді. Бірақ ең маңыздысы, бұл емес. Ең маңыздысы, «Мұндай кезде біз не істеуіміз керек?» «Өзімізді қалай ұстаймыз?» деген сұрақ маңызды. Бірде ... КӨҢІЛІҢІЗГЕ ЖАҚПАЙТЫН ІС КЕЗ КЕЛСЕ... Қоғамға наразылық, біреудің біреуге өкпелеуі, көңіл толмаушылық қай кезде де болған және солай бола да береді. Бірақ ең маңыздысы, бұл емес. Ең маңыздысы, «Мұндай кезде біз не істеуіміз керек?» «Өзімізді қалай ұстаймыз?» деген сұрақ маңызды.
Бірде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларына қарап былай дейді:
“Менен кейін сендерді алалайтын болады және сендерге ұнамайтын істер істеліне бастайды”. Сол кезде сахабалар: “Иә Алланың Елшісі, ондай кезде не істейік? Бізге не бұйырасың?” - деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі (ﷺ): “Сендер беруге тиісті нәрселеріңді берулерің керек те, ал сендерге тиесіліні Алладан сұрауларың керек”, - дейді.
(Бұхари, Муслим)
_______________________________
#асыларна #asylarna
Read more
Loading...
Алла сені бақылап тұр,көріп тұр! Əр таң сайын  мүмкіндігін беріп тұр. Иманға кел, құлшылық қыл ...
Media Removed
Алла сені бақылап тұр,көріп тұр! Əр таң сайын  мүмкіндігін беріп тұр. Иманға кел, құлшылық қыл бауырым! Нəпсі менен жалқаулықты жеңіп бір! Алла саған мейірімін төгіп  тұр! Намазыңа сен де уақыт бөліп тұр! Өткізбегін уақытыңды жүріп құр! Күнделікті парызыңды толықтыр! ( Танибергенов.Б.К.) Алла сені бақылап тұр,көріп тұр!
Əр таң сайын  мүмкіндігін беріп тұр.
Иманға кел, құлшылық қыл бауырым!
Нəпсі менен жалқаулықты жеңіп бір!
Алла саған мейірімін төгіп  тұр!
Намазыңа сен де уақыт бөліп тұр!
Өткізбегін уақытыңды жүріп құр!
Күнделікті парызыңды толықтыр! ( Танибергенов.Б.К.)
Орамалың құласа басыңмен бірге құласын Орамалың құласа басыңмен бірге құласын😊😊
Çevrenizdeki hayatı güzelleştirin. Ve her insanın sizinle bir görüşmenin bir hediye olduğunu ...
Media Removed
Çevrenizdeki hayatı güzelleştirin. Ve her insanın sizinle bir görüşmenin bir hediye olduğunu hissetmesini sağlayın. Osho #архив Çevrenizdeki hayatı güzelleştirin. Ve her insanın sizinle bir görüşmenin bir hediye olduğunu hissetmesini sağlayın. © Osho

#архив

Loading...