Ана мен баланың бар

Loading...

Unique profiles
41
Most used tags
Total likes
0
Top locations
Titanic Deluxe Golf Belek, Asia/Almaty, Алматы
Average media age
574.8 days
to ratio
5.7
Бақытты балалық шақ! Түркия еліндегі әдемі демалыс. Ақ тілек тілеген әр жанға осындай демалысты тіледім. Балапаныма тілекші болып қойыңыздар️! "Бес жаста ғой қызың, ештеңе есінде қалмайды-ау,"-дейді бір досым. Мәселе онда емес,мәселе бірге құшақтасып жүруде... Аналардың ... Бақытты балалық шақ! Түркия еліндегі әдемі демалыс. Ақ тілек тілеген әр жанға осындай демалысты тіледім. Балапаныма тілекші болып қойыңыздар❤️❤️❤️! "Бес жаста ғой қызың, ештеңе есінде қалмайды-ау,"-дейді бір досым. Мәселе онда емес,мәселе бірге құшақтасып жүруде... Аналардың көбі жұмыс басты болып кетті ғой... Мына жерде ана мен баланың арасында үнсіз диологтар жүреді.Жане әдемілікті көріп өскен бала жаман болмайды деп ойлаймын... Алла балапаныма ұзақ өмір жане бармақтай бақ берсін! Гүлсара @funtikadaika сіңіліме раxмет. Басында мен осындай демалыс сыйладым сіңіліме деп жүр едім өзімше🙏🙈😅😘... Қазір ойласам Камош екеуміздің бар жағдайымызды жасап,маған демалыс сыйлап жүр екен❤️✋😊... Бағың болсын бауырым❤️❤️❤️! Қай жылы екені есімде жоқ, жақсы жандармен Батумиге барғанмын. Алғаш шет елдерді аралап жүрген кездерім болуы керек.... Әдемі билеп тұрған фантанды көріп сыйлас ағамның бір кішкентай қызы: "Мына әдемі нарселерді інім көрмеді-ау",-деп жылап тұр екен... Менің де көзіме жас келді.Сіңілілерім, бауырларым, жақындарым көрсе ғой осының бәрін деп. Алла жеткізді. Бір-бірлеп бауырларымды жақын шет елдерге алып кетіп жүрмін.... Барлығын бірдей алып кетуге қаражатым жетпес, бірақ бір-бірден алып жүруге тырысамын❤️❤️❤️! Алла бәріңізге осындай демалыс нәсіп етсін достар! Жаңадан қосылған достарыма қош келдіңіздер дегім келеді.Өзім туралы арнайы пост жазамын жақында ❤️❤️❤️. Көйлегімізді @matlyuba_atelier сән үйінікі. Мені оқып жүрген барлық жанға мың алғыс айтамын! Бақытты болыңыздар❤️🙏😘! #Аллажарболсын
Read more
Loading...
Түркістан облысына қарасты Бәйдібек би ауданындағы Ақбастау ауылының белсенділері көпбалалы ...
Media Removed
Түркістан облысына қарасты Бәйдібек би ауданындағы Ақбастау ауылының белсенділері көпбалалы анаға үй салып беріп жатыр. Бес баласы бар келіншек үшін жасалынып жатқан игі іс имамның бастамасы бойынша іске асуда. «Тұрмысы төмен бір отбасыға бір баспана» атты қайырымдылық шара имаммен ... Түркістан облысына қарасты Бәйдібек би ауданындағы Ақбастау ауылының белсенділері көпбалалы анаға үй салып беріп жатыр. Бес баласы бар келіншек үшін жасалынып жатқан игі іс имамның бастамасы бойынша іске асуда. «Тұрмысы төмен бір отбасыға бір баспана» атты қайырымдылық шара имаммен қатар қоғамдық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің қолдауымен іске асырылып жатыр. Бұл бастаманың арқасында енді бес баланың анасы баспаналы болмақ.
Көпбалалы анаға арнайы үй салып беру туралы ұсынысты жергілікті ардагерлер кеңесінің төрағасы түсірген. Көпбалалы ананың қамы үшін барлық ауыл тұрғындары жүгіріп жүр. Әрқайсысы сәлде болса да өз үлестерін қосуға ниетті.
Әкімшілік өкілдері тұрғын үйдің құжаттарын рәсімдеуге кіріссе, жеке кәсіпкерлер құрылысқа қажетті материалдарды алып қаржылай көмек беруге ұмтылған.
Салынып жатқан құрлысты қадағалап тұруға ауылдың абыз қариясына жүктелген. Күш жұмылдыра жасалынып жатқан игі іс өз нәтижесін тамыз айының ортасында бермек. Бұл уақытта көп балалы ана өзінің су жаңа үйіне кіре алады.
Read more
Первый день в садике. Некому было нас сфоткать. Тамосик очень волновался, но первое знакомство ...
Media Removed
Первый день в садике. Некому было нас сфоткать. Тамосик очень волновался, но первое знакомство прошло хорошо!🤞 . Приведу отрывок из нового разговорника. Как раз очень кстати! Книжка проходит редактирование, коррекцию и вскоре будет готова. ⠀ •Сенің балабақшаға баратыныңа ... Первый день в садике😜. Некому было нас сфоткать😅. Тамосик очень волновался, но первое знакомство прошло хорошо!🤞

Приведу отрывок из нового разговорника. Как раз очень кстати! Книжка проходит редактирование, коррекцию и вскоре будет готова.

•Сенің балабақшаға баратыныңа әлі сенбей тұрмын. — Мне не верится, что ты теперь ходишь в садик.

•Вот, специальная сумка для твоих вещей. — Міне, мынау  сенің заттарың үшін арнайы сөмке.

•В садике тебе очень понравится. —Балабақшада саған ұнайтын болады.

•У тебя появятся много друзей. — Достарың көбейеді.

•Апай вас будет учить. — Апайдан сабақ үйренесің.

•А ещё там есть детская площадка. — Балаларға арналған алаң да бар.

•В садике очень вкусная еда!— Балабақшаның тағамдары өте дәмді.

•А еще там много игрушек. —Ойыншықтары да көп.

•Тебя буду отводить я, а забирать - папа. — Сені балабақшаға  мен апарамын, ал қайтарыңда әкең алып кетеді.

•Вот, это твоя группа. — Міне, мынау сенің тобың.

•Она называется «Айголек». — Топтың аты «Айгөлек».

•Пойдем поздороваемся с воспитателем и всеми детками. — Жүре ғой, сенің жаңа тәрбиешіңмен, достарыңмен танысайық.

•Её зовут Гульжан апай. — Оның аты Гүлжан апай.

•Здравствуйте, апай! Мы - новенькие. — Сәлеметсіз бе,  апай! Біз жаңадан келдік!

•Как тебя зовут? — Сенің атың кім?

•Проходи, не стесняйся. — Келе ғой,  ұялма!

•Сейчас познакомлю тебя со всеми детьми. — Қазір сені барлық балалармен таныстырамын!

•У нас все дети хорошие, дружные. — Бізде барлық балалар жақсы, тату.

•У каждого ребенка есть свой шкафчик. Давай найдем, где же твой? — Мұнда әр баланың жеке сөресі болады, енді сенің сөреңді тауып алайық.

•Здесь вы будете играть, заниматься и кушать. — Сендер осы жереде ойнайсыңдар, сабақ оқисыңдар, тамақ ішесіңдер.

•А в дальней комнате стоят кровати, на которых вы будете в обед спать. — Ал шеткі бөлмеде түсте ұйықтайтын кереуеттерің орналасқан.

•Не переживай, если не захочешь спать, будешь просто лежать. — Уайымдама, егер ұйқың келмесе жай ғана жатуыңа болады.

•Твоя пижама всегда будет лежать в шкафчике. — Жатар киімдерің сөреде болады.

#kaz_for_moms_sozdik
Read more
"Ең әдемі әйел-жүкті әйел" дегенге өзіңді өтірік болса да сендіріп, "модысы" емес, алдыңа келген ...
Media Removed
"Ең әдемі әйел-жүкті әйел" дегенге өзіңді өтірік болса да сендіріп, "модысы" емес, алдыңа келген киімнің сыйғанына шүкір дейтін кездемін. (Ай сияқты күн санап дөңгелейтін кез) Қазақи менталитетіміз сондай ма, әйтеуір жүктілік кезде қазақ әйелі көп фотоға түскісі келмейді, елдің ... "Ең әдемі әйел-жүкті әйел" дегенге өзіңді өтірік болса да сендіріп, "модысы" емес, алдыңа келген киімнің сыйғанына шүкір дейтін кездемін😁. (Ай сияқты күн санап дөңгелейтін кез)
Қазақи менталитетіміз сондай ма, әйтеуір жүктілік кезде қазақ әйелі көп фотоға түскісі келмейді, елдің де көзіне көп түскің келмейді. Тұңғышыма жүкті болған кезде марқұм әкемнің көзіне көрінуден ұялып, 9 ай бойы үйіне жоламай қойып едім.
Дүкеннен 44 размерді оп-оңай ала салатын, қазір 50-52 размерді іздеп жүріп алам да, барынша "реставрация" жасайм). (Ол 1 аптадан соң сыймай қалады). Өйткені жүкті әйелдердің киімінің ішінде дені дұрысы жоқ(, сосын солай амалдайсың.
Қонақ күту, жұмыстарыңмен шапқылау күн өткен сайын қиындап кетеді, алдыңмен бір, артыңмен екі ұрып, елге "мешать" етесің.
Үйді тұрып емес, отырып "пылесостайсың"😁. Түнде бір қырмен жатсаң екінші қырға ауысу-кәдімгідей жұмыс)). Ал шалқаңнан жатсаң іштегі балаң кунг-фу жасап есіңді шығарады.
Әрі қарай қыжыл деген шыға келеді (изжога), жүн жұтып қойған әсерде боласың (баланың шашы өскен кездегі әйелге әсері). Сосын жүкті әйелдің қызуы тасып жүреді, сол себепті Алдараспанның "өр, өрме" дегеніндей түнде күйеуіңмен кондерді "қос, қоспа" деген салғаласу басталады.
Екі кесе шәй артық ішсең ішіңде тайфун басталып унитазбен дос боласың), сол себепті екіқабат барынша аз тамақ ішуге тырысады (кейде қолдан келмей қалады әрине)
Фигура, түр, анау-мынау дегендер кейін қалпына келеді-ау, қиындығы бар болса да жүктілік кез-әйел үшін ең бақытты кез! Сол бақытты бәріңізге тіледім!
5-6 баласы барлар "пішту, жаман, сен ғана екіқабаттай жаздың-ау. И так "Ақылмэн мен ақылмэм" көп боп кетті, енді сен қалып едің" деп коммент жазатын шығар қазір)))), менің тек айтайын дегенім "Қыздар, ақымақтау кезде тұрмыс құрып, жастай туып-туып алыңдар!" Қай жағынан да сол жақсы, әрі жеңіл өтеді екен!) Сосын 9 ай құрсағында көтеріп, біз туған соң түн ұйқысын қырық төрт бөлген Анамыздың қадірін білейік! Бала күнімізде "Менікі" деп таласқан анаға өскенде "Кімдікі?" деп жүруден Алла сақтасын!
(Фото: 1.су жаңа күйеубалаға төс әкеп беріп "гәни мәни" деп тұрмын😁. 2. Қайынсіңіліме сырға тағып жатыр, мен тұрмын көрімдік сұрап😁. #БизнесуоменніңДвижениесі десең)
Read more
Былтырғы фото.Галереямнан тауып алдым Сұңғат Жомартовичім Бір аяқта угги,бір аяқта носкиАмерикада ...
Media Removed
Былтырғы фото.Галереямнан тауып алдым Сұңғат Жомартовичім Бір аяқта угги,бір аяқта носкиАмерикада екі әйел бір мезгіл және бір уақытта босанады. Бірі ұл, ал екіншісі қыз босанады. Бірақ, медбикелер екі нәрестені ауыстырып алады да екі әйелдің арасында "ұлды мен тудым" деген ... Былтырғы фото.Галереямнан тауып алдым Сұңғат Жомартовичім😃
Бір аяқта угги,бір аяқта носки😃😃😃Америкада екі әйел бір мезгіл және бір уақытта босанады.
Бірі ұл, ал екіншісі қыз босанады.
Бірақ, медбикелер екі нәрестені ауыстырып алады да екі әйелдің арасында "ұлды мен тудым" деген тартыс пайда болады. ДНК сараптамасы бір-біріне қатты ұқсас болғандықтан, ол да проблеманы шеше алмайды.
Дәрігерлер шығар жол таба алмай, жоғары орындағылармен байланысуға тура келеді. Ал, олар өз кезектерінде бұл проблеманы тек мұсылмандар ғана шеше алады деп, Сауд Аравиясындағы бір мұсылман ғалымымен байланысады.
Әңгіме одан ары қарай былай өрбиді:
Американдық:
-Сіз өз діндеріңізден барлық сұрақтар мен проблемаларға жауап пен шешімі табылатынына сенімдісіз ғой?
Мұсылман ғалымы:
-Иә, дәл солай.
Сол кезде Американдық оған өздерінің шеше алмай жатқан проблемалары жайында айтып береді.
Оған ғалымның берген жауабы:
-Бұл проблеманың шешімі өте қарапайым. Екі ананың да сүттерін алып тексеруден өткізіңдер. Қайсысында қоректік заттар мол болса,сол ұлдың туған анасы болады.

Дәрігерлер дәл солай жасады. Екі анадан да сараптама үшін сүт алынып, сол арқылы ұлды қайсы әйел босанғанын дәл анықтайды.
Бұндай нәтижеге таң қалған Америкалық дәрігер, мұсылман ғалымнан:
-Сіз ұлдың анасының сүтінде қоректік заттардың мол болатынын қайдан білдіңіз?-деп сұрайды.
Оған ғалым былай деп жауап береді:
-Бұған жауап Құранда бар. "Алла алдын ала балаларыңызға сыбаға бөліп қояды. Бір ұл балаға, екі қыз баланың қорегіндей қорек бұйырады".
(Ниса; 11 аят;) Былайша айтқанда, еркекке әйелге қарағанда көбірек тамақ беріледі.
Шын мәнінде Алла ұлық!
Алладан басқа Тәңір жоқ,
Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Оның елшісі.
Әңгіме фэйсбуктен алынды.
Д.Бегалиев.
Read more
Не знаете что это, листайтe БИЗИБОРД немесе ТРЕНЕР-ТАҚТА Бұл тақта баланың ой-өрісін дамытуға, ...
Media Removed
Не знаете что это, листайтe БИЗИБОРД немесе ТРЕНЕР-ТАҚТА Бұл тақта баланың ой-өрісін дамытуға, саусақтарымен жұмыс жасауға ықпал ететін бірден бір ойыншық Тақтайша арқылы бала логикамен жұмыс істеуді, қарапайым бауды шешіп-баулау, есік құлпын іліп-шешуді, жарықты қосып-сөндіру ... Не знаете что это, листайтe⏩⏩⏩ БИЗИБОРД немесе ТРЕНЕР-ТАҚТА✅

Бұл тақта баланың ой-өрісін дамытуға, саусақтарымен жұмыс жасауға ықпал ететін бірден бір ойыншық😍
Тақтайша арқылы бала логикамен жұмыс істеуді, қарапайым бауды шешіп-баулау, есік құлпын іліп-шешуді, жарықты қосып-сөндіру сияқты әрекеттерді үйренеді.
Ерке қазір барлық затты ұстағысы келетін, айналасындағы бүкіл нәрсеге қызығушылығы мол кезеңде. Ал, @boardbusybee ұсақ моториканы дамытуға арналған таптырмас ойыншық. 📌Тақтайшаны ⏩ @boardbusybee парақшасына тапсырыс беріп алдым📦
📌Күнделікті өмірде баланы тоқ көзіне , электр қуаты бар жерлерге жолатпайтын ата-ана ендігі осы тақтайшаны алдына қойып, алаңсыз өз жұмысымен айналыса алады. ‼️Тақтайша 6 ай мен 3 жас аралығындағы балаларға арналған. Жас ерекшелігіне сәйкес күрделіне береді. 📥@boardbusybee @boardbusybee ☝🏻✅
Пы: шортыға тиіспейміз, мен оны далада ғана киемін‼️
Read more
Loading...
ДОСТАР,ФАТИМУШАМЫЗДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСЫ.МОСКВАДА ГЕМАНГИОМАНЫ ЕМДЕЙТІН ВРАЧ @somsikov/ ГРИГОРИЙ ...
Media Removed
ДОСТАР,ФАТИМУШАМЫЗДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСЫ.МОСКВАДА ГЕМАНГИОМАНЫ ЕМДЕЙТІН ВРАЧ @somsikov/ ГРИГОРИЙ АНАТОЛЬЕВИЧТІҢ ҚАРАМАҒЫНДА ЖІТІ БАҚЫЛАУДА БҰЛ ДИАГНОЗ БІРДЕН БІР КҮННІҢ ІШІНДЕ ЕМДЕЛМЕЙДІ. ӨТЕ КӨП УАҚЫТ КЕРЕК.РОССИЯДА БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАЛАЛАРЫН "ТЕГІН" ЕМДЕМЕЙДІ. ОЛАР ... ДОСТАР,ФАТИМУШАМЫЗДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАҚСЫ.МОСКВАДА ГЕМАНГИОМАНЫ ЕМДЕЙТІН ВРАЧ
@somsikov/
ГРИГОРИЙ АНАТОЛЬЕВИЧТІҢ ҚАРАМАҒЫНДА ЖІТІ БАҚЫЛАУДА👌
БҰЛ ДИАГНОЗ БІРДЕН БІР КҮННІҢ ІШІНДЕ ЕМДЕЛМЕЙДІ. ӨТЕ КӨП УАҚЫТ КЕРЕК.РОССИЯДА БІЗДІҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАЛАЛАРЫН "ТЕГІН" ЕМДЕМЕЙДІ. ОЛАР ТЕК ӨЗДЕРІНІҢ РОССИЯСЫНЫҢ БАЛАЛАРЫН ҒАНА ТЕГІН ЕМДЕЙДІ. БІРАҚ,ДӘЛ ҚАЗІР ҚАНША СУММА ТӨЛЕНЕТІНДІГІ БЕЛГІСІЗ.МЕНІҢ БІР ЕСТІГЕНІМ БОЙЫНША БІР ҒАНА КОНСУЛЬТАЦИЯСЫНЫҢ ӨЗІ 600-МЫҢ ТЕҢГЕДЕЙ БОЛАДЫ ДЕП ЖАТҚАН.
ФАТИМАҒА АҚША ЖИНАУ ПРОЦЕСІ АЯҚТАЛДЫ. ФАТИМАНЫҢ ПАПАСЫНЫҢ СЧЁТЫНДА ЖАТЫР БАРЛЫҚ АҚША.15-МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БАР. ӘЗІРГЕ СОЛ СУММА ЖЕТЕДІ.ФАТИМАЛАР МОСКВАҒА ҰШЫП КЕТКЕННЕН КЕЙІН МЕЙРБЕК АЛЕСХАРОВИЧТІҢ СЧЁТЫНА ҚАНША ТҮСКЕНІН ЕШКІМ БІЛМЕЙДІ.СЕБЕБІ, КАСПИ БАНК РОССИЯДА ЖОҚ. КАСПИ БАНКТІҢ СМСТАРЫ ОҒАН БАРМАЙДЫ.ЕЛГЕ АМАН ЕСЕН ОРАЛҒАН СОҢ ПАПАСЫ МЕЙІРБЕК ПЕН МАМАСЫ ГУЛЖАН "ПРЯМОЙ ЭФИР"-ГЕ ШЫҒЫП ӨЗДЕРІ АЙТА ЖАТАР.
БІЗ ТЕК ФАТИМАНЫҢ ГЕМАНГИОМАСЫНАН ҚҰЛАН-ТАЗА ЖАЗЫЛЫП КЕЛУІН ТІЛЕП ДҰҒАДА БОЛАЙЫҚ,ҚАЗАҚТАР.
ГЕМАНГИОМА ДЕГЕН НЕ?-ДЕП ГУГЛ-ГЕ ЖАЗСАҢЫЗ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛА АЛАСЫЗ👌
ЕҢ АЛДЫМЕН АҚШАНЫ ЕМЕС, БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ОЙЛАЙЫҚ.
АҚША ҚОЛДЫҢ КІРІ.БҮГІН БАР,ЕРТЕҢ ЖОҚ НӘРСЕ. АДАМДАР АҚШАНЫҢ КЕСІРІНЕН ӨЛІП ТЕ КЕТІП ЖАТЫР.АНА ЖОЛЫ ДЕНИС ТЕНДІ 30-МЫҢ ТЕҢГЕНІҢ АЙНАСЫ ҮШІН ӨЛТІРІП КЕТКЕН ЖОҚ ПА?
СОНДЫҚТАН, ОЛАРДЫҢ СЧЁТЫНА ҚАНША АҚША ТҮСКЕНІН ОЙЛАП ЕМЕС, ФАТИМАНЫҢ ЖАЗЫЛЫП КЕТУІН ОЙЛАП "ТІЛЕКШІ" БОЛАЙЫҚ. ӨМІР ДЕГЕН ӨТЕ ҚЫСҚА.ҚАЗАҚТАР БІР БІРІМІЗБЕН СЫЙЛАСТЫҚТА,АУЫЗБІРШІЛІКТЕ БОЛАЙЫҚ."БІРЛІГІ БАР ЕЛДІҢ БЕЛІН ЕШКІМ СЫНДЫРМАС"!-ДЕГЕН👌
Read more
Сафия мына жерде 1 жас 3 ай. Ағамыздың үйінде шілдеханаға барған едік. "Сафия әлі кішкентай, түсіне қоймайды, нәрестенің бір жерін ауыртып жіберер"- деген оймен қорқып, корғап отырып басқаша көрініске куә болдым. 1 жастағы кызымыз, керісінше баланың жанынан шықпай, сыйпалап, аймалап, ... Сафия мына жерде 1 жас 3 ай. Ағамыздың үйінде шілдеханаға барған едік. "Сафия әлі кішкентай, түсіне қоймайды, нәрестенің бір жерін ауыртып жіберер"- деген оймен қорқып, корғап отырып басқаша көрініске куә болдым. 1 жастағы кызымыз, керісінше баланың жанынан шықпай, сыйпалап, аймалап, жылулығын көрсеткендей басымен жатып мені таң қалдырды. Қызық, біздер түсінбейміз кейде, бірақ Аллах қыз балаға кішкене кезінен анаға тән жылулық, нәзіктік сезімін беріп қойған тәрізді. Әйтпесе, біздің қуыршақпен емес машинамен ойнайтын қызымыз сәбиді аймалауды қайдан біледі?....
Read more
Loading...
БУГН АКМАМАМНЫН КӨЗ ЖҰМҒАН КҮНІ. 28.03.2015 сағ:19-44.КӨЗДІ АШЫП ЖҰМҒАНША 3 ЖЫЛ ОТІПТІ. МЕН КЕЛЕДІ ДЕГЕН ХАБАРДЫ ЕСТИГЕННЕН КҮН САНАП САҒАТҚА ҚАРАП ВОРОТАНЫ АШЫП ТАСТАП ӨЗИ ЖОЛДЫҢ ҚАҚ ОРТАСЫНА ШЫҒЫП КҮТІП АЛАТЫН ЕДІ. МЕНИН АҚДАНЧОГІМ, ДАМИРІМ, АҚМУХИДОШЫМ, АХМЕТ КЕЛЕ ЖАТР ДЕП БАЛАША ... БУГН АКМАМАМНЫН КӨЗ ЖҰМҒАН КҮНІ. 28.03.2015 сағ:19-44.КӨЗДІ АШЫП ЖҰМҒАНША 3 ЖЫЛ ОТІПТІ. МЕН КЕЛЕДІ ДЕГЕН ХАБАРДЫ ЕСТИГЕННЕН КҮН САНАП САҒАТҚА ҚАРАП ВОРОТАНЫ АШЫП ТАСТАП ӨЗИ ЖОЛДЫҢ ҚАҚ ОРТАСЫНА ШЫҒЫП КҮТІП АЛАТЫН ЕДІ. МЕНИН АҚДАНЧОГІМ, ДАМИРІМ, АҚМУХИДОШЫМ, АХМЕТ КЕЛЕ ЖАТР ДЕП БАЛАША ҚУАНАТЫН ЕДІ. БІРАҚ 1-2 КҮН ҚОНҒАННАН КЕЙІН. БАР БАР ЕЛІНЕ БАР. ЕЛІҢДЕ АТА-ЕНЕҢ КҮТІП ОТЫР ДЕП ҚУАТЫН ЕДІ. МЕН ОҒАН РЕНЖИТІНМІН. САҒЫНЫП КЕЛГЕНДЕ ҚУАСЫН ДЕП. СӨЙТСЕМ АҚМАМАМ АРТЫМНАН ЖАМАН СӨЗ ЕРМЕСІН, МЕНІ СӨЗГЕ ҚАЛМАСЫН ДЕП АЙТАДЫ ЕКЕНҒО. АЛЛАҒА АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ АТА-АНАМА ҰЛ ҚЫЗДЫ ТӨГІП БЕРГЕН.10 БАЛАНЫҢ ЕҢ КЕНЖЕСІМІН ТӨРКІНІМЕ БАРСАМ ИМАНДЫ БОЛСЫН БІР АПАМНАН БАСҚАЛАРЫ АЛДЫМНАН КҮТІП АЛЫП КЕЗЕК КЕЗЕК ҚОНАҚҚА ШАҚЫРАДЫ. ДЕГЕНМЕН ӘР КАЙССЫ НЫҢ ӨЗ ОТБАСЫ БАР ДЕГЕНДЕЙ АНАҢА ЖЕТЕТІН ЕШКІМ ЖОҚҚОЙ ШІРКІН. АНАНЫҢ ОРНЫ БІР БӨЛЕК. ЖАНЫҢЫЗ ЖӘННӘТТА БОЛСЫН АҚМАМАУ😢😢😢😢😢
Read more
Құрметті қазақ елі! Достар! Бауырлар! Менің жанашыр оқырмандарым! Бұл постта мен сіздердің мына ...
Media Removed
Құрметті қазақ елі! Достар! Бауырлар! Менің жанашыр оқырмандарым! Бұл постта мен сіздердің мына жасөспірім қыздың тағдырына назар аударуларыңызды сұраймын! Жанаргүл өте ауыр дертке - қан ауруына шалдыққан, дәрігерлер қойған диагнозы - ОСТРЫЙ ЛИМФОБЛАСТНЫЙ ЛЕЙКОЗ. Қазақстанда ... Құрметті қазақ елі! Достар! Бауырлар! Менің жанашыр оқырмандарым! Бұл постта мен сіздердің мына жасөспірім қыздың тағдырына назар аударуларыңызды сұраймын!
Жанаргүл өте ауыр дертке - қан ауруына шалдыққан, дәрігерлер қойған диагнозы - ОСТРЫЙ ЛИМФОБЛАСТНЫЙ ЛЕЙКОЗ. Қазақстанда алып жатқан емі мен химиотерапия ағзасындағы рак клеткаларына әсер етпей,
бұл қызды аман алып қалудың жолы "сүйек кемік майын ауыстыру" отасы - (трансплантация костного мозга) қажеттілігі туындап отыр. Бұл ота түрі Қазақстанда дамымаған болғандықтан, баланы Корея еліне апарып емдетуге кеңес берілген.
Бұл өте күрделі және көп қаражат талап ететін операция! Жанаргүлдің анасы мен бауырлары біздер арқылы барлық қазақ еліне үндеу салып қызызмызға қолын ұшын беріп ақшалай көмек жасауларыңызды өтініп сұрайды! Жанаргүлдің анасы - 4 бала асырап отырған жалғызбасты ана, әкелері 2012-жылы қайтыс болған.
Ағайын бұл мәселеге бейжай қарамайықшы! Жанаргүл әлі мектеп оқушысы, 10-сыныпта оқиды, омирде орындалмаған армандары бар, ЖОО түсіп, мамандық иесі атанғысы келеді, ал ең бастысы ол басқа құрбы-құрдастары секілді жай ғана өмір сүргісі келеді! "Көп түкірсе-көл" дейді ғой қазақ атамыз және біз қазақ деген әрқашан "жетім корсең, жебей жүр" дейтін халықпыз,
осы қызға қолымыздан келгенше барынша көмек жасайықшы! Сіздер мен біздер үшін 200, 500, 1000 теңгеден жинап беру аса қиын болмас, біз көппіз ғой. Ал бұл кісілерге сол сомманың өзі қыздарын аман алып қалуға үміт сыйлайды. Барлықтарыңызды ат салысуларыңызды сұраймыз!Төменде ақша аударуға арналған барлық реквизиттер көрсетілген! Жанаргүлдің өмірін аман алып қалуға көмектесейік ағайын! Жақсылығымыз Алладан мың еселеп қайтар! @help_zhaneka парагына тиркелип, репост жасап та комектесейикши!

Реквизиты для перевода денег:
Банк Астана: 5307 9600 0108 0385 (открыта на имя моей сестры Рамазанова Айымгуль)
Каспи голд: 5169 4931 0107 2380 (открыта на имя моей сестры Рамазанова Айымгуль
ИИН: 900304450747)
Киви кошелек: 87081119077
Read more
Жамбыл облысының Қордай ауданының Көктөбе ауылы(бұрынғы Ворошилов)-нда тұратын,осыдан 5-жыл ...
Media Removed
Жамбыл облысының Қордай ауданының Көктөбе ауылы(бұрынғы Ворошилов)-нда тұратын,осыдан 5-жыл бұрын ата-аналары авариядан қайтыс болған Медет пен Меруерттің опекун əпкелері Дəмешпен бағана телефонмен сөйлестім.Осы балаларға деп менің оқырман достарыммен бірігіп Инста-Асар ... Жамбыл облысының Қордай ауданының Көктөбе ауылы(бұрынғы Ворошилов)-нда тұратын,осыдан 5-жыл бұрын ата-аналары авариядан қайтыс болған Медет пен Меруерттің опекун əпкелері Дəмешпен бағана телефонмен сөйлестім.🙌Осы балаларға деп менің оқырман достарыммен бірігіп Инста-Асар жасап қаржы жинап,Қордайдан 1-бөлме болса да уй алып берсек деп ойлап отырмын!-деп.🤔Тек ертеңгі күні ана жолғы Шымкенттің Жетісайындағы анасы қайтыс болған 5-баланың тəтелері құсап:
-"СЕН КІМСІҢ ӨЗІ, БЕС БАЛАНЫ ТҰЛ ЖЕТІМ ДЕП АТАЙТЫНДАЙ,ОЛАРДЫҢ ƏКЕСІ,АТАСЫ,ƏЖЕСІ,ЕКІНШІ МАМАЛАРЫ БАР!"--деп дүрсе қоя беріп жүрмесін туыстарың!-деп сөйлесіп,ойласып алдым Дəмешпен.Қазір Каспи Голдымда 75,000-теңге тұр осы балаларға деп жиналып жатқан.Келесі постқа саламын.
Қалай ойлайсыздар?🤔
Осы екі тұл жетім балаларымызға қаржыны жинап бастаймыз ба достар?
Бір үй алуға шамамыз келер ме екен?Қордайда үйлер қаншадан өзі?5-миллион ба?🤔Жиналмай қалып ұятқа қалып жүрмеймін бе құдайдың алдында,екі баланың ата-анасының аруағының алдында?🤔
Қорқып та отырмын...🙇‍♀️🙇‍♀️🙇‍♀️
Жауаптарыңызды күтемін🙇‍♀️🙇‍♀️🙇‍♀️
Read more
Абайлаңыздар! Су да тілсіз жау. Астанадағы Есіл-Нұра каналына балық аулауға барған тағы бір ...
Media Removed
Абайлаңыздар! Су да тілсіз жау. Астанадағы Есіл-Нұра каналына балық аулауға барған тағы бір бала тұншығып өлді. Он төрт жастағы өрімдей жеткіншектің мәйітін құтқарушылар кеше таңғы бесте алып шықты. Қарап отырсақ, ажал апанына айналған Есілге бір айдың ішінде тоғыз адам батып кетіпті. ... Абайлаңыздар! Су да тілсіз жау.

Астанадағы Есіл-Нұра каналына балық аулауға барған тағы бір бала тұншығып өлді. Он төрт жастағы өрімдей жеткіншектің мәйітін құтқарушылар кеше таңғы бесте алып шықты. Қарап отырсақ, ажал апанына айналған Есілге бір айдың ішінде тоғыз адам батып кетіпті. Жасыратын несі бар?! Біз  қауіптің алдын алумен емес, салдарымен күресуге бейімбіз. Құтқарушылар су арнасының төңірегіне арнайы белгілерді тек енді ғана орнатып жатқан көрінеді. Сонда, қауіпсіздікті күшейту үшін, міндетті түрде көп адам өлуі керек пе?

Астанадағы Есіл-Нұра каналына бір айдың ішінде тоғыз адам батып кетті. Кеше таңертең құтқарушылар 14 жастағы жеткіншектің денесін осы маңнан алып шығыпты. Шымкенттен елордаға жұмыс істеуге көшіп келген отбасы балаларының туған күніне қармақ сыйлаған екен. Балық аулауға келген жасөспірім күннің ыстығына шыдамай суға түсіп, тұншығып өлген. Жағажайдан баланың киімдері мен қармағы, ұялы телефоны табылыпты. Жұмыста жүріп, ұлдарын қараусыз қалдырған отбасы енді қайғыдан қан жұтып отыр.

Бір ай ішінде жеті бала мен екі ересек адам тұншығып, көз жұмғаннан кейін ғана елордалық құтқарушылар аяқтарынан тік тұрғандай. Төтеншеліктер саяжай суғаруға арналған каналдың жан жағына суға шомылуға болмайды деп жазып шықты. Аз күннен кейін қорқынышты суреттер салынған стэндтерді адам өлімі болған аймақтарға орнатамыз деп отыр. Ал, қайғылы жағдайдың көбеюіне каналдың төңірегінде тұратын саяжай тұрғындарының өзін айыптайды. Оларға суға тұншығып, мерт болғандардың өлімі де сабақ болмады деп отыр.

Есіл Нұраның төңірегінде тұратын тұрғындарға таратылған қауіпсіздік ережелерін ешкім елей қоймады. Құтқарушылар қауіпті аймаққа суға шомылғаны үшін 25 адамға 4-8 мың теңге көлемінде айыппұл да салыпты. Алайда, оған да пысқырғандар аз дейді. Ал күннің ыстығында басқа баратын жері жоқ балалар бәрібір Есілге шомылады дейді тұрғындар. Өйткені, қарауы тиіс  ата-анасы нан табамын деп жұмыста жүр.

Су-аптап ыстықта таптырмайтын көмек. Бірақ, сақтық шарасын ескермесе, ол ажал апаны. Абай болайық.

@gulbanuanyat  @nurken7sk
#информбюро #жаңалықтар
Read more
Loading...
Бүгінгі постымды Əкеме- Анама арнағым келеді... Қайта туып келсемде өздеріңді таңдаушедім ...
Media Removed
Бүгінгі постымды Əкеме- Анама арнағым келеді... Қайта туып келсемде өздеріңді таңдаушедім 3-қыз, 2- ұл баланы өсіріп жеткізген ата-ана! Анамыздың кішкентай кезіміз ден үйреткені мол. Елдің бос сөзіне ермеүді, қор сақтау білуді, қонақ келсе дастархан жайып күтіп алуды, бір-бірімізге ... Бүгінгі постымды Əкеме- Анама арнағым келеді...
Қайта туып келсемде өздеріңді таңдаушедім😍 3-қыз, 2- ұл баланы өсіріп жеткізген ата-ана!
Анамыздың кішкентай кезіміз ден үйреткені мол. Елдің бос сөзіне ермеүді, қор сақтау білуді, қонақ келсе дастархан жайып күтіп алуды, бір-бірімізге тірек қорғау болуды, балаларымызға жақсы ана, жарымызға пана болуды, қайын-жұртқа тəрбиелі жақсы келін болуды, көрсетіп əліде осы күнде уйретіп, əр дайым жанымызда табылып жүргеніне мың да бір рахмет айтқымыз келеді! Баласы мен күйеү баласын, қызы мен келінін бөлмеген барлығымызға бірдей көз-қарас пен қарап жүрген Əкеміз Анамыз аман болып, дендері сау болып, жүз жасағандарын қалаймыз! Ин-ша-Аллах!
Бүгінгі күнге ризамыз!
#меніңотбасым
#атаанам
#бақыттымыз
Барлықтарыңызға тілейтінім имандылық, силастық, кішпейілдік, бағалау білу туысты, бірге өткізген əр күнді, көргін келген кезде көре алатыныңды!
Тəүбə!
Бұл менің ішімдегі сағыныш...
Алыстап кеткен сəтте барлығына баға бар екенін, сонда біліп түсінгенім...
Read more
Жалғасы: Студент кезім... Сабаққа қалмай келгенмен Ердос пен Еркіннің корпусына жиі баратынмын. ...
Media Removed
Жалғасы: Студент кезім... Сабаққа қалмай келгенмен Ердос пен Еркіннің корпусына жиі баратынмын. Олар филология факультетінде оқиды. Бірде Еркін екеуміз "Алтын ана" кафесіне кіріп, ойламаған жерден музыкант болып жұмыс жасайтын болдық... Кешкісін екі домбырамызды көтеріп, кафеге ... Жалғасы:
Студент кезім... Сабаққа қалмай келгенмен Ердос пен Еркіннің корпусына жиі баратынмын. Олар филология факультетінде оқиды. Бірде Еркін екеуміз "Алтын ана" кафесіне кіріп, ойламаған жерден музыкант болып жұмыс жасайтын болдық... Кешкісін екі домбырамызды көтеріп, кафеге келдік. Аппаратура бәрі бар, тек дискет жоқ. Сол күні Нұрекеңе (Еспанов) телефон соғып, дискі жазып беруін өтіндік. Нұрекең: -"Е, жігіттер, е. Менде әндердің бабелласы бар ғой, е "алло" десеңдер болды ғой, е" - деп ақ-жарқын ағамыз келісе кетті. Дискет дайын болғанша Еркін екеуміз билейтін кафеде домбырамен ән айтып отырдық)) Мен сол кезде микрафон ұстап минуспен ән айтуды толық үйрендім. "Сенің көзің" хит бола бастаған кез. Ойбой, минусын табу деген сұмдық еді ғой. Қай музыкантта сол запись бар, сол крутой! Күнде сол жерде жүріп кафеде кәдімгі музыкант боп шыға келдік. Музыкант ағаларамыз арасында ән айтуға шақырып тұратын. Рауан ағамыз бір жиында Нурикамалды айтып тұрсам: - Ән біткен соң сөйлесейік - деп сыбырлап кетті. - Ия, аға жәй ма? Не сұрайын деп едіңіз - дедім.
- Мына аппарат менікі, "Иулчи" деген кафеге музыкант керек, жұмыс істейсің бе? - деп тосыннан ұсыныс тастады.
- "Ия, аға" - деп келісе кеттім. Әр әннен 200 теңге алып, таң атқанша қырғын ақша табатын жұмыстан кім бас тартсын?!) Түнімен жұмыс, азанда сабақ қызығымен қиындығы күндер басталды... Арасында кафеден соң жиі кездесіп тұратынбыз. Айдар «На севере « кафесінде әнші. Сөзін білмеген әндерді өзі шығарып ұра беретін. ☺️ Орыстар көп жиналатын жер. Әдемі дауыс, сүйкімді баланың сөзіне аса мән бере бермейтін. Айдардың қызығы да жетерлік, ол бөлек әңгіме...) Жалпы солай болған Жігіттер де. Енді, кітап жазам. Толық сол жерден оқисыздар! 🙏 «Жігіттер» тобының 15 - жылдық тойына дайын боп қалу керек. ☝️
Read more
Бүгін @zhuzbergenov парақшасында: Сіз үшін #РуxаниЖаңғыру деген не? деп сұрапты. Расын айтайын, ...
Media Removed
Бүгін @zhuzbergenov парақшасында: Сіз үшін #РуxаниЖаңғыру деген не? деп сұрапты. Расын айтайын, таптаурын болса да маған бұл сұрақ маған ұнады Өйткені сөздің мәні жөнінде ұзақ ойландым және өзім үшін жауап таптым Мен үшін #руxанижаңғыру деген: бүгінгі жасап жүрген нәрсеңнің ... Бүгін @zhuzbergenov парақшасында: Сіз үшін #РуxаниЖаңғыру деген не? деп сұрапты. Расын айтайын, таптаурын болса да маған бұл сұрақ маған ұнады 😌😌😌 Өйткені сөздің мәні жөнінде ұзақ ойландым және өзім үшін жауап таптым💥🔥🌱🌌 Мен үшін #руxанижаңғыру деген: ✅ бүгінгі жасап жүрген нәрсеңнің болашақта еш кәдеге жарамай қалатындығын, болашақпен өмір сүру керек екендігін түсіну; ✅код жазу мен бағдарламалаудың болашақта қалыпты жағдайға айналатындығын түсіну және бұл саланы үнемі зерттеу, мүмкіндік болса бұл саланың да қыр-сырын меңгеру; ✅ Бүгінгі бар мамандықтардың үлкен трансформацияға ұшырайтындығын түсіну. Сол үшін алдын ала әрекет ету. ✅ бала-шағаның біліміне инвестиция құю;
Егер сіз бүгіннен бастап балаңызғв ағылшын тілін меңгертіп, бағдарламалауды, код жазуды, ойын жеткізуді кәсіби мамандарға сеніп тапсырмасаңыз, ертеңгі күні ол баланы бәсекеге қабілетті болады деу қиын. ✅ өз бетіңмен білім алу, іздену - табыс кілті;
Қазіргі таңда біліміңізді диплом арқылы ғана емес, өзіндік ізденіс Анықтайды. Ізденіс қана жеңіске жетелейді🙃

Сондықтан, үнемі ізденіңіз, оқыңыз 🙏

Р.S. Ал сіз үшін #Руxанижаңғыру деген не?
Read more
Loading...
Қазақстанды тонап кеткен, тонағанда да, бар жиған-тергенін буып-түйіп, салмағы 18 тонна болатын ...
Media Removed
Қазақстанды тонап кеткен, тонағанда да, бар жиған-тергенін буып-түйіп, салмағы 18 тонна болатын затты емін еркін ұшаққа салып, өзімен бірге Швецарияға алып кеткен атышулы қашқын, экс әкім Виктор Храпунов пен жұбайының ісі бойынша Алматыда сот өтіп жатыр. Ұйымдасқан топтық қылмысқа ... Қазақстанды тонап кеткен, тонағанда да, бар жиған-тергенін буып-түйіп, салмағы 18 тонна болатын затты емін еркін ұшаққа салып, өзімен бірге Швецарияға алып кеткен атышулы қашқын, экс әкім Виктор Храпунов пен жұбайының ісі бойынша Алматыда сот өтіп жатыр. Ұйымдасқан топтық қылмысқа қатысы бар деп, айыпталып жатқандардың арасында кезінде Алматы әкімдігінде басшылық қызметте болған тағы 9 адам бар. Сотқа тоғызы да келді. Бірақ, олардың көбісі қазір зейнеткер.Түсінік бермек түгілі,  ол  жылдары не  өзіміз де ұмытып қалыппыз деді.  Енді ойлап қарасаң, Храпунов бөтен ақшамен бөтен елге қашқан 2007 жылы дүниеге келген баланың өзі қазір он бір жаста. Сондықтан, Швецарияға әбден сіңіп алған және шалқып өмір сүріп жатқан Храпуновтар, сотқа кел деп айтты екен деп, шақыртуды елей қоя ма? Айтпақшы, Еуропаға қашқандар қайтіп келмейді.⠀

Бұл сот «айран ішкен құтылып, ыдысын жалаған тұтыладының» кері болғалы тұр. Сотты Швецарияда тұрып жатқан ерлі-зайыпты Храпуновтар мен Айяр Ільясов пысқырған да жоқ. Қалған 9 сотталушы түгел келді, олардың арасында Алматы әкімшілігінде жоғары қызметте отырып, кезінде мұртын балта шаппаған шенеуніктер бар. Ал қазір самайына ақ түскен зейнеткерлер, солардың бірі - Храпуновтың бұрынғы орынбасары Яков Заяц.⠀

Сотталушылардың бәрі жоғары білімді, арасында тіпті  ғылым кандидаттары да бар. Отырыста  жәбірленуші тарап ретінде өскемендік «Ертіс» корпорациясының заңгері мен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері төбе көрсетті. Мемлекеттік айыптаушы қылымыстық іс фигуранттарын тағылған айыппен таныстырған соң, сотталушылар онымен ішінара келісетіндерін ғана жеткізді. Тек сотталушылардың бірі Серік Есмұқановты қорғаушысы сотта айыпталушы емес, куәгер ретінде қарауды сұрады.⠀

Ерлі-зайыпты Храпуновтар мен Айяр Ілиясовқа сырттай қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған. Ал қалған азаматтардан елден кетпеу туралы қолхат алынды. Сотқа тартылған  азаматтардың барлық қорғаушылары қылмыстық істе сөз боп жатқан оқиғалар 14 жыл бұрын болғандықтан заң бойынша көп  уақыттың өтіп кетуіне байланысты істі тоқтатуды сұрады.⠀

Ләззат Ахметжан-Оман, Данияр Жүсіпов⠀

#информбюро #жаңалықтар
Read more
Күні кеше туып өскен ауылыма барып келдім. Ауылдың күй-жайы баяғы бәз қалпы. Үйлердің арасы сиреп, ...
Media Removed
Күні кеше туып өскен ауылыма барып келдім. Ауылдың күй-жайы баяғы бәз қалпы. Үйлердің арасы сиреп, марқұм болған ата-баба, ағайын-туыс жатқан қауымдағы бейіттің төбесі көбейген. Ауылға сағынышпен қуанып барсам да бір мауқымды баса алмай қайтып кетем, оған себеп қартайған атам мен ... Күні кеше туып өскен ауылыма барып келдім. Ауылдың күй-жайы баяғы бәз қалпы. Үйлердің арасы сиреп, марқұм болған ата-баба, ағайын-туыс жатқан қауымдағы бейіттің төбесі көбейген. Ауылға сағынышпен қуанып барсам да бір мауқымды баса алмай қайтып кетем, оған себеп қартайған атам мен әжемнің бүгінгі xәлі... Бұрындары мал қайырып қора-қопсының тірлігін тындырып жүретін ақ сақал атам аяғын ауыр басып, отырса тұра алмай, тұрса отыруы қиындапты. Ақ мамам (әжем) әлі құрып, еңсесі түсіп иілген ине ағашқа ұқсап, ентігіп әр адымын санап басып әрең жүр. Анаға баладан жақын, балаға анадан жақын кім бар бұл фәниде?!... Немеренің үлкені болғсын мені 2 жасымнан бауырына басып бағып-қаққан кейуанам көзіме жәутеңдеп қарайды. Қарағым-ай қашан үйленесің шешең әбден құрып бітті, адамың болса алып кел көзімнің тірісінде көріп кетейін деп жалынғандай болады. " Ажал аяқтың астында" бірақ "Құдайсыз қурайда сынбайды" Мама-ау сәл ғана шыдаңыз деп қуантып кеттім. Бұл сөзіме көңілі жәйланғандай. Қойдың жасындай ғұмырлары қалды ма, қалмады ма кім білсін... Қартайған қос қазынамды бір қуантсам деймін. Қариялар азайып бара жатыр, қарттарымыз аман болсын. " Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада" өзім ойнап өскен аядай ауылыма, шаң жолды далама қарап ауыр ойды арқалап қалаға қайттым...
Ішім сайрап тұр, көп нәрсе жазар едім. Осы азғантай сыр мен мұңға толы шерімді жазып біткенше егіліп, көзім боза-боза болып, басқасын жазуға көңілім ыңғай бермеді.
Иә жаратқан дұға-тілегімді қабыл еткейсің🙏🤲🏻
#аллағашүкір
Read more
Адам ұрлыққа не үшін барады? "Жұмыс жоқтан, күн көре алмағаннан" дей көрмеңіз, ниет еткен адамға ...
Media Removed
Адам ұрлыққа не үшін барады? "Жұмыс жоқтан, күн көре алмағаннан" дей көрмеңіз, ниет еткен адамға екі қолға бір күрек табылады. Қалғанының бәрі сылтау. "Қанмен беріледі", "Ауру қалса да әдет қалмайды" деген де бос сөз. Меніңше, бәрі бала күнгі тәрбиеге байланысты. Баланың құлағына ... Адам ұрлыққа не үшін барады? "Жұмыс жоқтан, күн көре алмағаннан" дей көрмеңіз, ниет еткен адамға екі қолға бір күрек табылады. Қалғанының бәрі сылтау. "Қанмен беріледі", "Ауру қалса да әдет қалмайды" деген де бос сөз.
Меніңше, бәрі бала күнгі тәрбиеге байланысты. Баланың құлағына бөтеннің затын алуға болмайтынын кішкентайынан құя беру керек. Ол бала ғой, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмейді. Үлкендер ескертпеген соң, "біреудің затын ескертусіз алу-дұрыс" деп есептейді. Дәніккеннен құныққан жаман, сосын өскенде, өзгенің қалтасына түсуді әдетіне айналдырады. Жанын қинап, белін ауыртып жұмыс істегісі келмейді, раxат, біреудің затын ұрлап қалтасын қампитады.
Жалпы Алматы-ұрлық-қарлық дендеген қала. Автобуста соткаңды, көлігіңнен айнаңды, сумкаңды, дөңгелегіңді, магнитофоныңды, видеорегистраторыңды, сән салонына барсаң әмияныңды ұрлайды. Керек болса мә, креслода отырған ел ағалары мемлекеттің қаржысын ұрлайды. Қаржысы желінген соң жаңа тұрғызылған үйіміз құлайды #позордыШашып, жолымыз болса қырық жамау, жел тұрса пирамидаға дейін жан-жаққа ұшып кетеді, айналамыздың бәрі-бәрі сапасыз. Себебі бөлінген ақшаның 2% ғана жұмсалса жаман емес, қалғаны кетеді тістегеннің аузында.
Елімізді әлемге паш еткен Олимпиада чемпионы да дәл сондай қай-қайдағы баукеспе ұрының қолынан көз жұмды емес пе? Қатты ұят болды. Қазақтың кім екенін таныттық.
Не істейсің, мүшел жас, пешенесіне солай жазылған ғой, артынан қуып несі бар еді, жүгірмесе аман қалар еді дейсің, әй, бірақ... бәрібір күйіп кетесің. Рефлекс, мен де қуып баратын ем соңынан...
Біреудің мүлкін ұрлап, тиын-тебен тауып жүргендеріне мәз ана екеуі, солар ғой Мағжандар сенген "жастардың" бүгінгі бет-бейнесі.
Айна ұрлап, сотка ұрлап сатып жүріп сақал қоямыз тағы. Кімді алдағанымыз? Сөзіміз бен ісіміз сай келмесе, "ширк" деп әдемі сөйлеп, ұрлық-қарлық жасасақ, қатынның үстіне қатын алсақ, бұл xарам болмағаны ма?
Мөңке би, Абайлардың жыр жолдарын оқып отырып, "Бүгінгі күнді қалай біліп суреттеп кеткен? Көріпкел, дана болған екен" дейміз, менің ойымша ештеңе өзгермеген, сол кездегі жартас-сол жартас...
Read more
Loading...
"Қыз баққаннан, қысырақ баққан артық",- дегенді естігем...)))) Сіңлімді қосқанда, Тәңірім ...
Media Removed
"Қыз баққаннан, қысырақ баққан артық",- дегенді естігем...)))) Сіңлімді қосқанда, Тәңірім берген үш қызғалдағымыз бар #шүкір Қыз бала болсын, ер болсын, жалпы бала тәрбиесі күрделі процесс сияқты.... көрінетін.... Баланың жеткен жетістігі үшін Ата Анасы абырой алады, оң жақта ... "Қыз баққаннан, қысырақ баққан артық",- дегенді естігем...)))) Сіңлімді қосқанда, Тәңірім берген үш қызғалдағымыз бар #шүкір🙏 Қыз бала болсын, ер болсын, жалпы бала тәрбиесі күрделі процесс сияқты.... көрінетін.... Баланың жеткен жетістігі үшін Ата Анасы абырой алады, оң жақта отырып жасаған қателігі үшін де Ата Анасы жерге қарайтын.... Сонда, айналып келгенде, баланың тағдыры емес, өзіміздің ар ұятымызды, елдің бетіне шіркеу болмайтын жағдайымызды ойлайды екенбіз ғой.... 🤔 Ендеше, құрметті Ата - Аналар, алдымен өзімізді түзеп, тәрбиелейік, өзіңіздің ішкі жан дүниеңізге үңіліп, өзіңізге өзіңіздің көңіліңіз тола ма екен, соған жауап іздеп көріңіз... Толмаса, толтырыңыз! Кітап оқып, ізденіп, жалпы Өмірдегі өз орныңызды таптыңыз ба, сүйген жаныңызбен тұрып жатырсыз ба, айналысып жүрген тірлігіңіз өзіңізге ұнай ма, ұнамай ма, соған мән беріп, соның жауабын іздеңіз... Себебі, Сіз ұрпағыңыз үшін - Модель, Формуласыз!!! Бала бәрібір Ата Анасының моделін қайталайды... Балаға Сіздің тек қана МАХАББАТЫҢЫЗ керек!!! ❤️ Өзіңіз қол жеткізе алмаған дүниені балаға "пиxать" ете берудің мүлдем керегі жоқ, бәрібір бала үшін сіз "отсталый" боласыз 😅😉🙈, әрі, оның Әлемі бөлек, ол басқа дүниені қалауы мүмкін... Өзіңізге сыйлаңыз бірінші, мейірімді де, білімді де, тәрбиені де.... Сонда, сіздің бааааай жан дүниеңізді көріп- өскен баланың бақытты болудан басқа мүмкіндігі болмайды... Менің ұстанымым, "ананы өйтпе, мынаны бүйтпе, ұят болад, олай болмайд, былай болад...." итп деп миын ашытпай, баланы жайына қалдыру керек, өзің үлгі болу одан да.... Маxаббат, маxаббат, және маxаббат сыйлау керек балаға!!! ❤️🙏🏻 Алма өзінің ағашынан алысқа түспейді бәрібір 🌳☝🏻 Бұл ақыл емес, жай өз ойыммен бөліскенім ғой, әйтпесе, өзіме де ақыл керек боп жүр)))) 😉 #гүлбаршынныңпәлсапасы #қайырлытаң #балапандарымыз #өзіңдітәрбиеле #өзіңменкүрес #өзіңменалыс #күштіболсаң 😉 #айбатыровтаржанұясы ❤️🌳
Read more
️️️ ஜ═════════๑♡๑═════════ஜ Аяғына дейін оқуға кеңес береміз. Өте әсерлі!!! Оқу жылының ...
Media Removed
️ ஜ═════════๑♡๑═════════ஜ Аяғына дейін оқуға кеңес береміз. Өте әсерлі!!! Оқу жылының басында алтыншы сыныптың жетекшісі өз шәкірттерінің алдында тұрды. Ол балаларға бір рет көз тастады да, барлығын бірдей жақсы көретінін және оларды көргеніне риза екенін айтты. Бұл, ... ❤️👇❤️👇❤️
ஜ═════════๑♡๑═════════ஜ
Аяғына дейін оқуға кеңес береміз. Өте әсерлі!!!
Оқу жылының басында алтыншы сыныптың жетекшісі өз шәкірттерінің алдында тұрды. Ол балаларға бір рет көз тастады да, барлығын бірдей жақсы көретінін және оларды көргеніне риза екенін айтты. Бұл, әрине, жалған болатын , өйткені алдыңғы қатарда мұғалім жақсы көрмейтін бір бала бүрісіп отыр еді. Басқа оқушылармен сияқты онымен де былтырғы оқу жылында танысқан. Сол кездің өзінде-ақ ол баланың өз сыныптастарымен ойнамайтынын және киімінің лас екенін, ешқашан жуынбағандай иіс шығатынын бақылаған болатын. Уақыт өткен сайын мұғалімнің бұл оқушыға деген көзқарасы нашарлай түсті. Оның жазба жұмыстарын қызыл қаламмен шимайлап, екі қоятын жағдайға да жетті.
Бір күні мектептің оқу жөніндегі орынбасары алтыншы сынып оқушыларының мінездемесіне талдау жасауды тапсырды, мұғалім сүйкімсіз оқушының мінездемесін ең соңына қалдырды. Ол баланың мінездемесін қолына алған кезде төбесіне мұздай су құйып жібергендей болды.
Бірінші сыныпта оқытқан мұғалім: «Бұл көзі нұр шашқан керемет бала. Үй тапсырмасын таза және ұқыпты орындайды. Оның мұғалімі болу да үлкен мәртебе», - деп жазыпты.
Екінші сынып мұғалімі ол туралы: «Ол ғажап оқушы, оны жолдастары да сыйлайды, алайды отбасында проблема бар: мамасы айықпас дертке шалынды. Шамасы оның үйдегі өмірі өлім мен күреске айналған сияқты», - деген екен.
Үшінші сынып мұғалімі: «Анасының өлімі оған өте ауыр тиді. Бала барынша тырысады, бірақ әкесі оған еш көңіл бөлмейді. Егер бір шара қолданылмаса, оқуы нашарлап кетуі мүмкін», - деп мінездеме беріпті.
Ал төртінші сынып мұғалімі: «Баланың оқуға құлқы жоқ. Достары да жоқ. Сабақ үстінде жиі ұйықтап қалады», - депті.
Мінездемені оқып болған мұғалімнің жүрегі сыздап кетті. Жаңа жылда барлық оқушылар оған жылтырақ қағазбен оралған сыйлықтар әкеліп құттықтап жатқанда, ол бала мыжылған қоңыр қағазға оралған түйіншекті қолына ұстатты. Кейбір балалар күле бастағанда, мұғалім түйіншекті ашып ішінен бір көзі жетпейтін білезік пен түбінде азғантай ғана қалған иіссуды алып шықты да:
Read more
Бүгін мен өзімнің бір құпияммен бөлісуді жөн көрдім)) Төрт баланың анасы атанып өзіме біраз салмақ ...
Media Removed
Бүгін мен өзімнің бір құпияммен бөлісуді жөн көрдім)) Төрт баланың анасы атанып өзіме біраз салмақ қосып алдым. Үнемі "арықтау керек еді", деп көңіл күйің болмай, киім жараспай жалпы кәдімгідей үлкен проблемалардың бірі болып кетеді екен. #nl компаниясының өнімдері таза табиғи әрі ... Бүгін мен өзімнің бір құпияммен бөлісуді жөн көрдім)) Төрт баланың анасы атанып өзіме біраз салмақ қосып алдым. Үнемі "арықтау керек еді", деп көңіл күйің болмай, киім жараспай жалпы кәдімгідей үлкен проблемалардың бірі болып кетеді екен. #nl компаниясының өнімдері таза табиғи әрі арықтауға көмегі үлкен екенін көбіңіз көріп жүрсіздер. Сол компанияның өнімдерін тұтынып, ережесін сақтап осындай нәтижеге жеттім. Денсаулыққа еш зиянсыз әдемі әрі жеңіл арықтаған сондай КЕРЕМЕТ!!! Бұл нәтижеге спортты қосып жібергенде тіпті жақсы болар еді... Әттең залға баруға уақыт жоқ 😶 Қыздар, егер де бұл проблема сізде де бар болса хабарласыңыз мен сіздерге барынша көмектесемін! #энерджидиет коктейльін қалай дұрыс пайдалану керектігін үйретемін whats app 87755673774 консультация тегін 😘🤗 P.S. суретте өзгеріс бар ма? Бірінші фотоны Сивидің туған күні түскен болатынмын. Яғни ол жақында ғана өтті ия?
Read more
Осы əнді естігендер халық əні екен деп, авторын естігенде таң қалып жатыр. Ия, бұл Асқар Дүйсенбінің сөзімен өрнектелген @lukpan_zholdasov тың əні. Ал орындап тұрған ерекше дауыс иесі Света Айтбаева. Тыңдаған жандарға əн ұнап, сондай ерекше комментартийге ие болып жатқанына қуаныштымыз ... Осы əнді естігендер халық əні екен деп, авторын естігенде таң қалып жатыр. Ия, бұл Асқар Дүйсенбінің сөзімен өрнектелген @lukpan_zholdasov тың əні. Ал орындап тұрған ерекше дауыс иесі Света Айтбаева. Тыңдаған жандарға əн ұнап, сондай ерекше комментартийге ие болып жатқанына қуаныштымыз😊 Ата-бабамыз бұрыннан ырымдап, жақсылығы жұғысты болсын деп кішкентай баланың тұсауын жылдам, қадамы нық адамға кескізсе, ұзатылатын қызбен жаңа түскен келіннің қолтығын əулеттегі сыйлы, көп балалы, өз жолынан жаңылмаған жеңгелеріне сүйеткен. Сол дəстүрдің жалғасын қазіргі ұзату тойларында да жиі көреміз. Света да қайынсіңілісін өз еліне шығарып саларда осы əнді Ұлықпанға арнайы қолқа салып, жаздырған болатын. Енді, міне бүгін дəл сол əнмен жақын досымыз Елубайдың да қызын шығарып салды. Талантты ұл-қыз тəрбиелеп, ата-енесінің алдын кеспей ақ батасын алып отырған, сыйлы келін, сүйікті жар, аяулы ана Света нағыз осы орынға лайық жан деп ойлаймын. Сенің əніңмен, сүйемелдеуіңмен ұзатылған қыздар да барған жерін бақытты ететін келін болсын! Бұл жақсы ырым, жақсылық жұғысты болсын!
Досымыздың құда болған қуанышы да құтты, баянды болсын! Алтынай қызымыз сыйлы, еліне сіңімді келін болсын!
P.s. "Алтынай" əнін орындап беруге Ұлықпан ағасы Алтынайдың тойына арнайы ұшып кетті😊 Ал мен Астанадан сəлем жолдаймын жастарға😚😚😚 Бақытты болыңдар! @sveta_aitbaeva73 @altusha_elubaikyzy #dears #dimash
Read more
Мен енді MBA студентімін🏼‍  Қазір қолымызды кеш сермейтін, ғылымды ескермейтін заман емес. ...
Media Removed
Мен енді MBA студентімін🏼‍ Қазір қолымызды кеш сермейтін, ғылымды ескермейтін заман емес. Ана-а-ау жолы мемлекеттік грантқа таласпаймын, күйеуімнің ақшасына оқимын деп жазған едім ғой Ағылшыннан тест тапсырдым, эссемді жаздым. Енді official студентпін🤩Неге қажет болды? ... ❤Мен енді MBA студентімін👩🏼‍🏫 😉 Қазір қолымызды кеш сермейтін, ғылымды ескермейтін заман емес. Ана-а-ау жолы мемлекеттік грантқа таласпаймын, күйеуімнің ақшасына оқимын деп жазған едім ғой😅 Ағылшыннан тест тапсырдым, эссемді жаздым. Енді official студентпін🤩Неге қажет болды? Менің шығармашылығымдағы әр этап жеке бір кейс-ау☺, мысалы әр бағдарлама, желі, кітап саласы, алдағы кондитерлік желі мен қайта қолға алғалы отырған #менторлық қызмет пен #тренингтер бәрі жап-жақсы пайдасы бар (болатын) бизнес көзі. #шүкір 🔴 Қаржылай сауаттылық пен сауда заңдылығының қыр-сырын білу қажет болып тұр. Сол себепті -КАЗГЮУ Бизнес-мектебін таңдадым. Неге Швейцария емес, сол! Отбасы, баланың сабағы дегендей. Шынын айтқанда, #Қайрат напрягается шетелге келіншегін жалғыз жіберуге🤦‍♀️😂 Таңдау сол себептен Астанадағы #Бизнесмектеп болды☺
Алда оқу жылы... Сіздердің кеңестеріңіз бен анализ жасауға көмектеріңіз қажет болады🙇‍♀️ Білгендеріңізбен бөлісе отырарсыздар❤ #қиынболмаса #алдыналарақмет ❤
Read more
Кешегі постты жалғастырайын. Жалпы психологияда психический не рожденный деген ұғым бар. Бұл ...
Media Removed
Кешегі постты жалғастырайын. Жалпы психологияда психический не рожденный деген ұғым бар. Бұл есейсе де өз өміріне жауапкершілік ала алмайтын адамды айтады. Ол өзгенің пікіріне тəуелді. Əсіресе психический не рожденный ер адам қорқынышты. Ол отбасы құрса да оның жүгін көтере алмайды. ... Кешегі постты жалғастырайын. Жалпы психологияда психический не рожденный деген ұғым бар. Бұл есейсе де өз өміріне жауапкершілік ала алмайтын адамды айтады. Ол өзгенің пікіріне тəуелді. Əсіресе психический не рожденный ер адам қорқынышты. Ол отбасы құрса да оның жүгін көтере алмайды. Бұл оқиғада келіннің енесі де, ұлы да сондай адамдар. Дені сау ене грипп болды деп немересін алдыртпайды. Дені сау еркек шешем айтты деп əйеліне баласын алдыртпайды. Дені сау еркек əйелінің пол жуғанын бағалап тексермейді. Əрине бұл анасының айтқанымен жүретін өз ойы жоқ еркек. Анасының айтуымен екінші рет үйленді. Бəрі по диктовке. "Материнская любовь" деген кітапта бұл туралы анық жазылған. Жалпы, анасының энергиясы баланың жолын байлайды екен. Мұндай ерлер анасынан ақша алғыш келеді. Психологиялық заң бойынша ол ақша ҚАЙЫРСЫЗ болады. Не анасы ауырады, не сол ақша күйіп кетеді. Бұл сол кітаптағы факті. Өмірде де көрдім. Сонымен сондай ортаға барған келін сол ортаның заңына бейімделді. Бір ғана дəлел. Келіншек баласын алды. Сіз де сол деңгейге түстіңіз. Демек сіз сол сəтте сондай адамға лайық болдыңыз. Сіз өзіңізді жақсы көрмегеннен. Сіздің əлі күнге ол жігітті ойлай беруіңіз сіздің əлі өзіңізді жақсы көрмеуіңізде. Ол ортадан Алланың өзі сізді құтқарды. Сізді жақсы көргесін. Ажырасам деген күйеуіңіз ғой. Сіз "ұят" деп өлсе де айырылмас едіңіз. Алла сізді жақсы көргесін ол сөзді күйеуіңіздің аузына салып берді. Жəне бір себеп сіз əлі тұрмысқа дайын емес едіңіз. Сіз əлі сабырсызсыз, өзгенің ыңғайына кетіп қаласыз. Сіздің адамыңыз алда. Бұл адамдарды Алла өз қателігіңізді ұғу, асығыс шешім қабылдамау жəне жүрекпен қалап тұрмыс құруды үйрету үшін əдейі жіберді. Ал сіз екі ай жүрдіңіз жəне тек дұрыс адам шығар деп тұрмыс құрдыңыз. Жүрекпен сенімді болмадыңыз. Егер өзіңізді жақсы көруді үйренсеңіз бақыт өзі келеді. Ал жақсы көру үшін ол адамнан құтылғаныңызға қуаныңыз. Ол күйеуіңіздің сіз айтқан мінезін естіп мен сырттай жиіркеніп отырмын. Ал сіз ұмыта алар емессіз. Жалпы адам өзін сүю үшін əуелі Аллаға нық сенуі керек. Жол көрсет деп Алладан сұраңыз. Табиғатқа шығыңыз. Үнсіз отырып тамсаныңыз əдемілігіне. Қосымша хоббилер табыңыз. Өзіңізді дамытыңыз. Тек біреуден жұбаныш іздемеңіз.
Read more
Бұл Гүлсаян деген алтын қыз! Досик, яғни Досиман деген ерекше баланың анасы. Қаламы қарымды журналист. ...
Media Removed
Бұл Гүлсаян деген алтын қыз! Досик, яғни Досиман деген ерекше баланың анасы. Қаламы қарымды журналист. Тағдырдың талқысына мойымайтын қайсар, талдырмаш қана сүйкімді келіншектің сүйегі мықты деп өзім де тамсанып отырамын. Қайбір жылы Досикті Астанаға емдетуге əкелгенде "Асылзаттың ... Бұл Гүлсаян деген алтын қыз! Досик, яғни Досиман деген ерекше баланың анасы. Қаламы қарымды журналист. Тағдырдың талқысына мойымайтын қайсар, талдырмаш қана сүйкімді келіншектің сүйегі мықты деп өзім де тамсанып отырамын. Қайбір жылы Досикті Астанаға емдетуге əкелгенде "Асылзаттың əшекейлері" дүкеніне жүрегін қолына ұстап жүгіріп келіпті. Бір-бірімізді баяғыдан танитындай шүйіркелесе кеттік. Аурасы күшті, энергиясы шашырап тұрған Гүлсаянға бақыт тілеймін. Ал ол өзі туралы былай дейді:
Құрметті,инста-достар! Менің есімім-Гүлсая, Ақтөбеден. Мүмкіндік туып,көп жылдан кейін ерекше ұлыммен Аналар конкурсына қатысып жатырмын. Бес жылдан бері Досиман есімді мүгедек ұлымды емдетіп əрі қалалық газетте қызмет істеп, "Медиа-мама" номинациясына өзімді үміткер ретінде ұсынған жайым бар. Менің өмірбаяным Сіздерді бей-жай қалдырмаса, төмендегі @asylanaaktobe парақшасына кіріп, дауыс берулеріңізді сұраймын.https://www.instagram.com/p/Bg1fn_fF8tu/ осы сілтемені басып, дауыс беріңіздер!
Read more
Ертеректе бір тропикалық елде, бір жігітке ғашық болып, жігіттің өзіне дұрыс көңіл аудармағанына ...
Media Removed
Ертеректе бір тропикалық елде, бір жігітке ғашық болып, жігіттің өзіне дұрыс көңіл аудармағанына налыған жас қыз анасына келіп, ақыл сұраған екен.... Анасы болса, - Саспа қызым, ол жігіт саған көңіл аударсын десең, орманға барып, жолбарыстың үш тал мұртын алып кел, - дейді. - Анашым, ... Ертеректе бір тропикалық елде, бір жігітке ғашық болып, жігіттің өзіне дұрыс көңіл аудармағанына налыған жас қыз анасына келіп, ақыл сұраған екен.... Анасы болса, - Саспа қызым, ол жігіт саған көңіл аударсын десең, орманға барып, жолбарыстың үш тал мұртын алып кел, - дейді. - Анашым, қалай сонда? Мен қорқам! - деп ыршып түскен қызына, Анасы: - Сен Әйел емессің бе, тырысып көр - дейді де, өзі тірліктерімен кетіп қалады....
- Қыз әрі - бері ойланып, қойды сояды да, етін алып орманға 🌲🌳🍄 барады, балғын еттің иісіне жолбарыс 🐯 атып шығып, қызға қарай ұмтылады, қорыққан қыз қашып үлгереді...
- Екінші күні қыз тағы да етін 🥩 алып, орманға келеді, жолбарыс тағы атылады, бірақ қыз қашып кетпей, қарап тұрады.... Үшінші, төртінші күні де солай.... - Бесінші күні, қолында балғын еті бар қызды көрген жолбарыс құйрығын бұлғаңдатып, қыздың қасына келеді, тіпті етті қолынан жейді. Келесі жолдары да солай... Тоғызыншы күн дегенде, қойдың балғын етіне тойып алған жолбарыс, маужырап, басын қыздың етегіне қойып, ұйықтап кетеді, сол мезетті пайдаланған қыз, жолбарыстың мұртынынан үш тал жұлып үлгереді де, қуанғаннан дереу Анасына алып келеді. - Міне, қызым, сен ең жыртқыш аңның өзін жуасытып, қолға үйреттің, енді жігітіңе де солай жаса, ақылыңды, қулығыңды пайдалан немесе мейіріміңді төгіп, төзімділігіңді пайдалан, бәрі өз қолыңда, - деген екен Ақылды Анасы.... - Анасы көрегенді қыздың санасы да жоғары болады, Әлемнің тұтқасы Әйелдің қолында! Күйеуіңізбен болмашыға сәл шекісіп қалсаңыз, анаңыз қит ете қалып, артыңыздан әкелген дүниеңізбен қосып, "ішіме сыйған бала, сыртыма да сыяды" ны ұстанып, "күйеу баланың көзіне көк шыбын үймелетем" дееп, ашуланып, алып кетем десе, бармай қойыңыз!!! 😀😉 это #дааавноо "немодно" ....)))) #инеактуально ☝🏻 деп айтыңыз))) 😉 Жолбарыстың қасында, Күйеудің тілін табу не тұрад??? #такшто қыздар, Ер азаматтар шикі етті жемейді, но #бешбармақты с удовольствием жейді, тоғызыншы дәмді тағамын жеп болған соң, маужырап отырған жігітіңізге, "жаным, Түркияда балмұздақ тегін дейд, барып келсек қой, я?!" - деп қойсаңыз...)))) #атвечаю, түркия болмаса да, Алакөлге тошно апарып келеді! ✊🏻😉🙌🏻😍 #притча #астарлыәңгіме #гүлбаршынныңпәлсапасы Сурет постқа кстәті)👌🏻
Read more
#Repost @aigulyelshibayeva (@get_repost) ・・・ Асхат Тарғын итсигек өртеп, сабын қайнатуды білетін нағашым келіп, сауатымды ашып, ишан-ахунды түгендедік.Әсия апамның әңгімесінен үзіндісін айтып бердім.Қабақтың' Алыбайынан шыққан керуен басы Отаралы би Бұхарадан қайтқан ... #Repost @aigulyelshibayeva (@get_repost)

Асхат Тарғын итсигек өртеп, сабын қайнатуды білетін нағашым келіп, сауатымды ашып, ишан-ахунды түгендедік.Әсия апамның әңгімесінен үзіндісін айтып бердім.Қабақтың' Алыбайынан шыққан керуен басы Отаралы би Бұхарадан қайтқан сапарында, керуенге Бұхарадағы діннің ілімінің биік шыңы, университеті Мирарабты бітірген Мәдірейім ишан сол керуенге ілеседі екен. Жолда өрт шығып, көп қиындықтар болады. Сонда Мәдірейім ишан оқуын оқып сөндірген екен дейді. Отаралы би жай адам емес екенін біліп, өз еліне алып қалуды ойлайды. Елге келгесін Әлім Қарағұл батырдың қарындасы Сұлуға қосады.Бастапқыда жасы үлкендігінен Сұлу ұнатпаса керек. Мәдірейім тақуа адам болғасын, тұратын киіз үйі де алты қанат емес, шағындау екен. Бір күні Қарағұл батыр ауылда жоқ кезінде, Сұлу сабын қайнататын итсигек деген шөпті жинап, үйді айналдыра қоршап, есігін бекітіп, үйді өртеп, үй өртеніп жатыр деп қашады. Киіз үй тез өртеніп кетіп, ішінде еш жері күймеген, өртенбеген Мәдірейім ишан ұйықтап жатыр дейді. Ауыл адамдары ұйқыдан оятыпты. Содан бұл кісінің қасиетіне бас иген Сұлу, көңіл қосып одан бес бала өрбіген екен. Бес баланың үлкені Шереке ахун да Бұхарадағы Көкалташ медресесін бітірген.Ол кісі де тегін адам емес екен. Бір күні сол медреседе оңаша қалса болды, бір үлек терезеден басын салып тұрады. Қайта-қайта көрінген соң ұстазына айтады. Ұстазы Шереке ахунға көкірегің тазарған екен, үлек болып көрініп жүрген, мұсылман перісі, сені көтеріп кетейін деп жүр екен -,дейді. Содан корғанып насыбай атқан екен дейді. Жолда келе жатса, алдынан жас балалар болып жолынан жүргізбейді екен. Мұсылман болсаң, жол бер десе, жас балалар ысырылып жол береді екен. Қасындағыларға сендер қорықпаңдар деп ,,Ясин,, сүресін оқиды екен. ,,Ясин,, сүресін оқығанда мұсылман адамға жын-шайтан қашып жоламайды екен. Көз көргендердің айтуы бойынша, былай жүргенде де, қолымен жол ашып жүреді екен, жолында періштелер қаптап жүргізбейді екен. Шереке ахунның мешіт болған, қазір Айшуақ совхозында орны ғана бар екен. Мәдірейім ишанның бейіті Сарыбұлақ совхозындағы, 8-март бөлімшесінде екен.Военком болған құранды мақамдар оқығанда жүрегіңмен ұйытатын, нағашым Нағметулла Юсупов көкеміз сол к
Read more
Асхат Тарғын итсигек өртеп, сабын қайнатуды білетін нағашым келіп, сауатымды ашып, ишан-ахунды түгендедік.Әсия апамның әңгімесінен үзіндісін айтып бердім.Қабақтың' Алыбайынан шыққан керуен басы Отаралы би Бұхарадан қайтқан сапарында, керуенге Бұхарадағы діннің ілімінің биік ... Асхат Тарғын итсигек өртеп, сабын қайнатуды білетін нағашым келіп, сауатымды ашып, ишан-ахунды түгендедік.Әсия апамның әңгімесінен үзіндісін айтып бердім.Қабақтың' Алыбайынан шыққан керуен басы Отаралы би Бұхарадан қайтқан сапарында, керуенге Бұхарадағы діннің ілімінің биік шыңы, университеті Мирарабты бітірген Мәдірейім ишан сол керуенге ілеседі екен. Жолда өрт шығып, көп қиындықтар болады. Сонда Мәдірейім ишан оқуын оқып сөндірген екен дейді. Отаралы би жай адам емес екенін біліп, өз еліне алып қалуды ойлайды. Елге келгесін Әлім Қарағұл батырдың қарындасы Сұлуға қосады.Бастапқыда жасы үлкендігінен Сұлу ұнатпаса керек. Мәдірейім тақуа адам болғасын, тұратын киіз үйі де алты қанат емес, шағындау екен. Бір күні Қарағұл батыр ауылда жоқ кезінде, Сұлу сабын қайнататын итсигек деген шөпті жинап, үйді айналдыра қоршап, есігін бекітіп, үйді өртеп, үй өртеніп жатыр деп қашады. Киіз үй тез өртеніп кетіп, ішінде еш жері күймеген, өртенбеген Мәдірейім ишан ұйықтап жатыр дейді. Ауыл адамдары ұйқыдан оятыпты. Содан бұл кісінің қасиетіне бас иген Сұлу, көңіл қосып одан бес бала өрбіген екен. Бес баланың үлкені Шереке ахун да Бұхарадағы Көкалташ медресесін бітірген.Ол кісі де тегін адам емес екен. Бір күні сол медреседе оңаша қалса болды, бір үлек терезеден басын салып тұрады. Қайта-қайта көрінген соң ұстазына айтады. Ұстазы Шереке ахунға көкірегің тазарған екен, үлек болып көрініп жүрген, мұсылман перісі, сені көтеріп кетейін деп жүр екен -,дейді. Содан корғанып насыбай атқан екен дейді. Жолда келе жатса, алдынан жас балалар болып жолынан жүргізбейді екен. Мұсылман болсаң, жол бер десе, жас балалар ысырылып жол береді екен. Қасындағыларға сендер қорықпаңдар деп ,,Ясин,, сүресін оқиды екен. ,,Ясин,, сүресін оқығанда мұсылман адамға жын-шайтан қашып жоламайды екен. Көз көргендердің айтуы бойынша, былай жүргенде де, қолымен жол ашып жүреді екен, жолында періштелер қаптап жүргізбейді екен. Шереке ахунның мешіт болған, қазір Айшуақ совхозында орны ғана бар екен. Мәдірейім ишанның бейіті Сарыбұлақ совхозындағы, 8-март бөлімшесінде екен.Военком болған құранды мақамдар оқығанда жүрегіңмен ұйытатын, нағашым Нағметулла Юсупов көкеміз сол кісінің тікелей ұрпағы[email protected]_targin
Read more
Ол ата-анасының жалғызы еді. Ауылда тұрды, тұрмыстары жаман болған жоқ. Бір күні Гүлшатпен танысады. ...
Media Removed
Ол ата-анасының жалғызы еді. Ауылда тұрды, тұрмыстары жаман болған жоқ. Бір күні Гүлшатпен танысады. Үйленетінін айтқанда, анасы қуаныштан жүрегі жарыла жаздады. Гүлшат-тек әпкесі бар, жетім қыз екен. Әпкесі Астанада тұратын-ды. Басында бәрі керемет болды, екі балалары дүниеге ... Ол ата-анасының жалғызы еді. Ауылда тұрды, тұрмыстары жаман болған жоқ. Бір күні Гүлшатпен танысады. Үйленетінін айтқанда, анасы қуаныштан жүрегі жарыла жаздады. Гүлшат-тек әпкесі бар, жетім қыз екен. Әпкесі Астанада тұратын-ды. Басында бәрі керемет болды, екі балалары дүниеге келді. Бұл-құрылысшы, әйелі-сатушы, анасы екі баланың тәрбиесімен үйде.
Бірақ уақыт өте келе Гүлшат «қалаға көшейік, сол жақтан үй алып, жұмыс істеп, байимыз» дейтінді шығарады. Бұл көніп, ақыры екеуі ойларын аналарына жеткізеді. Ана қашанда баласын қолдаған, әрине келісімін береді. Барлық қолдағы малды сатып, екі баланы алып бұлар Астанаға жол тартты. Алдын ала келіскен жоспар бойынша аналарын жұмысқа орналасып, пәтер тауып алған соң алып кетпек. Бұл құрылыста, Гүлшат базарда жеміс-жидек сатады. Осылайша тірліктің қамымен жарты жыл өтеді. Гүлшат банктен таныс тауып, бір бөлмелі пәтерге тапсырыс бергенін айтады. Ол үшін де ақша керек. Гүлшаттың ойына бірден ауылдағы үй түседі. Әкесінің қара шаңырағын қимай тұрса да анасын қасына алатыны есіне түсіп, келісімін береді.
Ауылға барып үйді сатып, анасын Астанаға алып келеді. Осылайша бесеуі времянкада тұрып жатты. Гүлшаттың әне-міне болатын үйін біраз күту керек сияқты. Бір күні Гүлшат "времянканың өзіне ақша кетіп жатыр, уақытша әпкемнің қолына барамыз" - деп шешеді. Әпкесінің үйі екі бөлмелі. Сол кезде мұны қара басып, Гүлшаттың сөзіне сеніп, қалай ғана анасын қарттар үйіне беруге келіскенін ұқпай қалады. Гүлшаттың айтуынша «кәрілер үйінде тамағы тоқ, жылы орын, таза төсек болады". Ойларын анасына жеткізіп еді, қайран ана еш қарсылық білдірместен кете барады. Сөйтіп ол қарттар үйіне анасын өз қолымен тапсырады. Аптасына бір рет барып тұрды. ...Олар үй алды. Бірақ әйелінің болашақ жоспарында аналарын үйге әкелетін ойы жоқ еді. "Анаңның жағдайы жаман емес көрінеді, үйреніп қалды, сол жерде тұра берсін", - дейтін. Мұның Гүлшаттан көңілі қалып, сөзіне сеніп қалғанына өкініп, құсадан ішуді бастайды. Осылайша үйге келіп шу шығаратын болды. Бірде Гүлшат мұны өз қолымен тәртіп сақшыларына ұстатып жібереді. Жұмыстан да қуылды. Барар жер, басар тауы қалмаған соң ол құрылыс басында қонып жүреді.
СОҢЫ АСТЫНДА⤵️
Read more
Өткен постқа қалдырған комментарийлеріңізге жауап беруді бастаймын. Бүгін ұлымызды АҚШтың ...
Media Removed
Өткен постқа қалдырған комментарийлеріңізге жауап беруді бастаймын. Бүгін ұлымызды АҚШтың мектебіне қалай орналастырғанымыз туралы болмақ. *** 1. Америкада шет ел азаматтарына балаларды мектепке беру қиын ба? Оқу қанша тұрады? Америкада кез-келген мектеп жасындағы бала орта ... Өткен постқа қалдырған комментарийлеріңізге жауап беруді бастаймын. Бүгін ұлымызды АҚШтың мектебіне қалай орналастырғанымыз туралы болмақ. ***
1. Америкада шет ел азаматтарына балаларды мектепке беру қиын ба? Оқу қанша тұрады?
Америкада кез-келген мектеп жасындағы бала орта білім алуға құқылы. Оның иммиграциялық статусы қандай болса да (кез-келген визамен, тіпті туристік) мектепке орналаса алады. Оның әке-шешесі АҚШта легалды түрде жүр ме, әлде нелегал ма, бәрібір. Кәмелетке толмаған бала білім алуға құқылы. Оқу тегін. Мектепке орналасу үшін негізінен екі документ керек. а) осы қалада тұратыныңызды дәлелдейтін қағаз, яғни Пәтер арендасы туралы келісім-шарт. б) дәрігерден вакцина, прививкалардың барлығы егілгені туралы анықтама. Болды. Штаттың білім басқармасына барып тіркелесіз, көп дегенде екі аптаның ішінде мектеп мәселесі шешіледі. Мектепті тұратын районыңызға қарай береді. Барлық мектептердің рейтингі (балалардың этникалық құрамы, бағалар рейтингі, т.б.ақпарат) басқарма сайтында ілініп тұрады. Жақсы мектепке барғыңыз келсе, сол рейтингтен іздеп, мектепті анықтап, сол районнан пәтер іздейсіз. ****
2. Тағы қандай шығындар болуы мүмкін? Форма, т.б?
Кей мектептерде форма бар, кейбірінде жоқ. Біздің мектепте (2-сурет: Winship elementary school) форма – мектеп логотипі басылған футболка ғана. 12$-дан екі футболка сатып алдық, бірақ оны көп киген жоқ, өз киімімен бара беруге болады. Мереке, тб., фотоға түсетін күндері де біздегідей ақ жейде, костюм-шалбар кию деген жоқ. Бірде ұлыма кигізейін деп ем, бізде ешкім олай киінбейді, мені ұятқа қалдырасың деп кимей қойды.)) Оқулық сатып алмайсыз. Принтерден басып шығарылған бір-екі парақты рюкзагына салып жібереді, соның үстіне бала жазады, сызады, есеп шығарады. Оқулық, дәптер, күнделік деген жоқ. Аптасына бір рет кітапханадан бір көркем әдебиет кітап алып келеді біздің ұл, бір аптадан соң қайтарып, басқасын алу керек. Тамақты (таңғы ас, түскі ас) мектепте тегін береді. Менюді ай сайын баланың рюкзагына салып беріп жібереді. Мамырдың мәзірі 3-суретте. Тек снэк қана салып бересің рюкзагына, біз алма, не банан, не клубника, не крекер саламыз. (Жалғасы комментарийлерде)
Read more
47 жасында ана атанған Лера Кудрявцева баласын қарауға қиналып жүр екен. Қолы шығып кеткен ғой.)) Молодец, ...
Media Removed
47 жасында ана атанған Лера Кудрявцева баласын қарауға қиналып жүр екен. Қолы шығып кеткен ғой.)) Молодец, 50-ге жақындағанда бала дүниеге əкелетін денсаулықты сақтау ӨНЕР МЕН ҚАСИЕТ қой. ...Қыздар, осындай əдемі болып жүру үшін тамақты дұрыстаңыздар. Бар бəле тамақтан. Күніне ... 💪47 жасында ана атанған Лера Кудрявцева баласын қарауға қиналып жүр екен. Қолы шығып кеткен ғой.))
Молодец, 50-ге жақындағанда бала дүниеге əкелетін денсаулықты сақтау ӨНЕР МЕН ҚАСИЕТ қой.
...💋💟💅Қыздар, осындай əдемі болып жүру үшін тамақты дұрыстаңыздар. Бар бəле тамақтан. Күніне тамақтың арасын кем дегенде 5 сағатқа ұзартыңыз. Яғни тамақты бірінші астан кейін 5 сағаттан кейін ішуге тырысыңыздар. Негізі 8 сағат екен пайдалы үзіліс. Сонда ағзада шлак пайда болып үлгермейді. Мен сол бес сағатқа шыдаймын əзір.)) 8 ге жеткізем деген жоспар бар. Ал ең жақсысы аптасына бір рет ОРАЗА ұстау. 🍜 Бірақ мен айтты деп үйдегілерді аштан қатырып ұрсысып жүрмеңіздер.😂 Күйеуіңізге, ата-анаңызға пайдасын түсіндіріп келісімге келсеңіз КЕРЕМЕТ əрине. Олардың да денсаулығы нығаяды. Ұзақ ғұмыр сүруге ықпал етесіз. Алланың қалауымен.
...Тек бұқтырылған жеуге тырысыңыз. Ұн тамақты азайтыңыз. Мен өзім макарон дегенді айына бір рет жеймін. Ал БЕЛОК беретін ет көп жеуге болмайтын себебі мынада екен. Белок ағзаға көп түсіп кетсе рак пайда болады дегенді оқыдым. Жеміс көп жеу керек. Бірақ өзім көп жей алмаймын. Күніне бір алма ƏЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫНА пайдалы екен. Көкөніс шикілей пайдалы.
...Жəне гимнастика ұмытпаңыз. Таңертең міндетті түрді. Жүйкені жұқартатын уайымнан арылыңыз. Көңілді əуен тыңдаңыз. Əн айтып тұрыңыз ыңылдап. Əн айтқанда өкпе ашылады. Тыныс кеңейеді. Жəне ыңылмен іштегі мазасыз ойдан жиналған жаман энергиялар шығып ағза мен жүйке жүйесі жайланып қалады.
...🌷Ал ЛЕРАНЫҢ СҰЛУЛЫҒЫ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН айтқан себебім жақында тұсауы кесілген Q-Line компаниясына бұйырса қосымша қабылдайтын ТАБИҒИ КОЛЛАГЕНДЕР МЕН ВИТАМИНДЕРІ БАР каспулалар жəне САПАЛЫ КОСМЕТИКА КЕЛЕДІ. ЖҰМЫСТЫ БАСТАЙМЫЗ СОНДА. Адам өзін күтіп баптауы үшін ПАЙДАЛЫ ДƏРУМЕН ІШІП САПАЛЫ КОСМЕТИКАНЫ ҚОЛДАНУЫ КЕРЕК. СОНДА 50 ЖАСТА ДА БАЛАЛЫ БОЛАТЫН ДЕНСАУЛЫҚ БОЛАДЫ. КОРЕЯНЫҢ КЕЛІНШЕКТЕРІ 50 ЖАСЫНДА ДА БАЛАЛЫ БОЛАТЫНДАЙ МЫҚТЫ КЕЛЕДІ ЕКЕН. СЕБЕБІ ӨЗДЕРІН КҮТЕДІ.👪 АЛ БАЛАНЫ КӨРДІК ЕНДІ ӨЗІМІЗДІ ƏДЕМІ ҚЫЛАТЫН ДҮНИЕ КЕРЕК ДЕСЕҢІЗ СҰРАНЫСЫҢЫЗДЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРАТЫН ӨНІМДЕР КӨП БОЛАДЫ. БҰЙЫРСА ЖАҚЫН КҮНДЕРІ СІЗДЕРДІ ТАҒЫ ДА КЕЗДЕСУГЕ ШАҚЫРАМЫН. ЖОСПАР КӨП! СƏЛ КҮТЕ ТҰРЫҢЫЗДАР, АРУЛАР!😘
#КРАСОТА #СТИЛЬ #қазақшапсихология
Read more
Ардақты ағайын! Екі түрлі жаңалығым бар. Біріншісі - 7 баланың анасы тірі екен! Әлxәмдулилләһ!🤲🤲🤲 Екіншісі ...
Media Removed
Ардақты ағайын! Екі түрлі жаңалығым бар. Біріншісі - 7 баланың анасы тірі екен! Әлxәмдулилләһ!🤲🤲🤲 Екіншісі - жап-жас баланың "анам қайтыс болды" деп өтірік айтқаны. Ия, тағдыр тауқыметі, әбден қиналғандықтан, елден мейірім болмағандықтан өтірік айтқан болар. Бірақ, анасын ... Ардақты ағайын!
Екі түрлі жаңалығым бар.
Біріншісі - 7 баланың анасы тірі екен!
Әлxәмдулилләһ!🤲🤲🤲
Екіншісі - жап-жас баланың "анам қайтыс болды" деп өтірік айтқаны.😔😔😔
Ия, тағдыр тауқыметі, әбден қиналғандықтан, елден мейірім болмағандықтан өтірік айтқан болар. Бірақ, анасын өлімге қию... Менің ақылым жетер емес.😱😱😱
Екі-үш сағатта сіздердің арқаларыңызда 130 мыңдай қаржы жиналды. Көп түкірсе көл деген осы.
@elmira_eshniyazova әпкемізге мың алғыс, жетім қалды дегенге жүрегі ауырып, бірден байланысқа шыққан! 🙏🙏🙏
Ол аманатты анасына апарып тапсырамын.

Баяғыда бір кісіге көршісі қатты мұқтаждыққа ұшырағанын, неше күн нәр татпағанын айтып көмек сұрап келген екен. Қолында бар қаржысын көршісіне беріп, қуантып, шығарып салған соң, үйіне кіре салып, өкіріп жылаған екен. Сонда әлгі адамның әйелі таңғалып: Отағасы, сіз керемет сауапты іс жасадыңыз! Алла мұның бәрін көріп тұр, сөзсіз сауаптан жазады. Неге жылайсыз? - деп сұрапты.
Сонда ол адам: - Мен көршімнің жағдайын сұрамай, назардан тыс қалдырып, оның алдыма көмек сұрап келуге мәжбүр еттім. Айтқызбай, сұратпай беруім керек еді. Енді Раббыма қай бетіммен қараймын? - деп егіле түскен екен.

Біз де жас балалар "анам өлді" деп өтірік айтпаса, "қарнымыз аш, көмектесіңізші" дегенге селт етпейтін болдық қой. Аллаға қай бетімізбен қараймыз? Кешіріңіздер! Алла барша садақа беріп, қол ұшын созғандарға сауаптан жазсын!
P.S. Отбасының көмекке мұқтаж екені ақиқат. Ауру ана, жеті бала. Алаяқтық емес. Ең қауіпті нәрсе - баланың өтірік айтуы. Алла бәрімізді кешірсін!
Read more
23 жасында 6 баланың анасы атанған келіншектің әңгімесі Алматы облысының тұрғыны Гүлнұр Оразкеева ...
Media Removed
23 жасында 6 баланың анасы атанған келіншектің әңгімесі Алматы облысының тұрғыны Гүлнұр Оразкеева небәрі 23 жасында алты баланың анасы атанып отыр. Әйел адам тұрмысқа 16 жасында шығып, жыл сайын нәрестелі болып отырған. NUR KZ. хабарлағандай, «Ана мен бала» бағдарламасына келген ... 23 жасында 6 баланың анасы атанған келіншектің әңгімесі

Алматы облысының тұрғыны Гүлнұр Оразкеева небәрі 23 жасында алты баланың анасы атанып отыр. Әйел адам тұрмысқа 16 жасында шығып, жыл сайын нәрестелі болып отырған.

NUR KZ. хабарлағандай, «Ана мен бала» бағдарламасына келген көпбалалы ана өзінің өмір хикаясымен қалың көпшілікпен бөліскен.
Бағдарлама аясында ол 16 жасында тұрмысқа шыққанын айтты. 17-ге тола сала алғашқы перзентін дүниеге әкелген. Артынша жыл сайын бір баланы босанып отырған келіншек 23 жасқа келгенде алты баланың анасы болатынын ойламаған да. «16 жасымда сүйіктім алып қашып кеткен де үй-ішім толығымен қарсы болды. Ол кезде ол 18 жаста болатын. Алайда, күйеуім екеуміз бір-бірімізді сүйетінімізд көрген олар, өз келісімін берді. Бірақ дегенмен 23 жасқа толғанда менің алты балам болады деп мен үш ұйықтап тұрсам да ойламаппын» , — деп ағынан жарылды Гүлнұр.
Гүлнұр Оразкееваның анасы оны 23 жасында босанып, алғашқы перзентін бауырына басса, қызы 23-ке толғанда алты баланың анасы болды. Бұл жайт анасын қатты таңғалдырады. «Құдайға шүкір, жалғыз қыздан алты бірдей немере сүйіп отырмын», — деп айтты көп немерелі әже.
Гүлнұр Оразкеева бүгінде күміс алқа иесі, бірақ балаларды алтын алқа алу оның мақсаты емес. Ол әрбір баласын жоғарыдан берілген сый деп қабылдайды. «Көп баланы асырау, әрине, қиын. Бірақ әр перзенттің өз несібесі болады. Олар Алланың нағыз сыйы. Бұйырып жатса тағы да перзенттерді өмірге алып келемін», — деп айтты ол.
Жастайынан отбасылық өмірге кіріп кеткен әйелдің бүгінде жоғарғы білімі жоқ. Алайда, келіншек болашақта бәрін қолға алатынын айтты. «Оқуды міндетті түрде оқимын. Болашаққа жоспарда ол бар. Бірақ ол үшін бүлдіршіндерім кішкене өсіп қалуы керек», деп қорытындылады көпбалалы ана.
Read more
1.МЕН ҚЫЗДАРЫМДЫ ҚАЛАЙ ТƏРБИЕЛЕП КЕЛЕМ...(оқырмандарымның сұрағы бойынша) «Тәрбие –тал ...
Media Removed
1.МЕН ҚЫЗДАРЫМДЫ ҚАЛАЙ ТƏРБИЕЛЕП КЕЛЕМ...(оқырмандарымның сұрағы бойынша) «Тәрбие –тал бесіктен»- демей ме қазағым. Менің өмірім де қыздарым пайда болғалы 19 жыл өтіпті. Шынымды айтсам,солармен біте қайнасып кеткен маған,оның алдындағы өмірім аса құнды деп айтпас едім.Әрине, ... 1.МЕН ҚЫЗДАРЫМДЫ ҚАЛАЙ ТƏРБИЕЛЕП КЕЛЕМ...🌸🍃(оқырмандарымның сұрағы бойынша)
«Тәрбие –тал бесіктен»- демей ме қазағым. Менің өмірім де қыздарым пайда болғалы 19 жыл өтіпті. Шынымды айтсам,солармен біте қайнасып кеткен маған,оның алдындағы өмірім аса құнды деп айтпас едім.Әрине, жастық-мастық дегендей, студенттік шақ бәрі әдемі, сағынамын.. Алайда ,маған қазір сол жаққа жол тартасың десе, қыздарымды ала кетем дер едім. (Менің жастығымды көруге)😁.Мен кеш құрдым тұрмысты. Алғашқы сәбиімді 27 жасымда босандым. Бірақ ол шетінеп кетті. Одан кейін жыл жарымнан кейін үшемді дүниеге әкелдім. Ұлы өлі туып, екі егіз қызды әйнектің асына салып бағып,тағы бір ай жаттым.Төрт баланың анасы атануым әбден мүмкін еді. Бірақ бұйырғаны.. Алланың қалауы осы.. Көнбеске шара жоқ. Бұл туралы #меніңестелігім хештегімен оқи аласыздар! Бала маған жайдан жай келе қойған жоқ,(кім-кімге де сол). Аллам үлкен қиындықпен берді. Бірақ шүкіршілік айтамын. Қазір осы екі қыз менің ең жақын жандарым. Қыздарымды баппен,үлдемен –бүлдеге орап өсірдім десем, жаңсақ айтқаным.Бірақ мен ешқашан оларды назарымнан тыс қалдырмадым.(1.Назардан тыс қалдырмау!!)
Өйткені ,олар екеу болды бірден. Бірден тәртіп пен тазалық керек болды. Әйтпесе,үлкен апаларымыз айтпақшы «Боққа былғап жеп отырасың».
Жалпы бала тәрбиесінде әркім өз дегенімен жүреді. Көбіне өзі қандай тәрбие алып, қандай өнеге көрді,соған да байланысты.Ол табиғи нәрсе.. Менің анам мені қалай тәрбиелесе, мен де сол сияқты тәрбиелеймін. Ол рас.. Бірақ заманның ағымы бізге өз түзетулері мен жаңалықтарын қосып отырады. Мың жерден ғажайып әдістеме жазып, мың жерден оны қорғап ғалым атана бер. Бала тәрбиесінде қарапайым ғана ұрпақ сабақтастығынан, отбасынан көргеніңнен алыстап кете алмайсың. Сондықтан «Анасын көріп, қызын ал» деген мақалдың жаны бар. Яғни, ана қызына ең алдымен ҮЛГІ болуы керек. Ана мен қыз бұл бір өз алдына әлем болу керек. Анасы қызын бір қарағаннан оның бойындағы барлық өзгерістер мен проблемаларды: денсаулығы,көңіл-күйі т.б. жайттарын ренгендей білуі керек.
Жалғасы бар.
#14042018жыл
Read more
Анаңыздың мейіріміне қанып өстіңіз бе? Қыз баланың əйелдік энергиясын ана махаббаты көбейтеді ...
Media Removed
Анаңыздың мейіріміне қанып өстіңіз бе? Қыз баланың əйелдік энергиясын ана махаббаты көбейтеді дейтінді жиі естиміз. ...Мен анамның құшағынан гөрі əкемнің құшағында көп болдым. Əкемнің еркелеткені көбірек есімде. Бірақ үйде туысқан бауырларыммен бірге өскесін толықтай еркелеу ... 👪 Анаңыздың мейіріміне қанып өстіңіз бе?
Қыз баланың əйелдік энергиясын ана махаббаты көбейтеді дейтінді жиі естиміз.
...Мен анамның құшағынан гөрі əкемнің құшағында көп болдым. Əкемнің еркелеткені көбірек есімде. Бірақ үйде туысқан бауырларыммен бірге өскесін толықтай еркелеу программасын алдым деп айта алмаймын.😊 Мені ғана құшақтап, көңіл бөле беруге болмайды ғой. Олардың да көңілі бар. Əке-шешем осыны да ойлаған болар.
Ал анам өзіне тартып көп өбектемейтін. Ол қазақ əйеліне тəн өте сабырлы, сезімін іште сақтайтын ақылды жан еді.
Сондықтан анаммен ешқашан сырласпаппын. Əрине папам мен мамамның ортасына жатып ананы мынаны сұрап балаша шаттанып өстім. 5-ші класқа дейін осылай өстім.
Ал ананың ақылын оның өзіне қарап бойыма сіңірдім. Ол өзінің қылығы арқылы бізді тəрбиеледі. Өсек айтпады, əкеме айқайламады, истерика жасамады, еңбек етті, қонақ күтті. Оның өмірі өнеге болды. Бірақ екеуара отырып ана мен қыздай сөйлескеніміз есімде жоқ. ...Кішкене қыңқылдап "анау тиісті, мынау тиісті" деп айтуға ниеттенсем екеуі де өзіме ұрсып тастайтын. Сосын вообще жаловаться етуді қойдым.)))

Ал анам 54 те мен 14 те болғанда төсек тартып, 16 да болғанда өмірден өтіп кетті. Мүмкін өсе келе оның маған айтар əңгімесі көбейер ме еді. Жиірек сырласар ма едік. Үлгермедік...
....Бірақ бұл тəрбие менің бойымда өзіңе сену, өзіңді тыңдап шешім қабылдау, қыңқылдамау, əрдайым қиындықтан ешкімге жүгінбей өзің шығу, өзгенің пікірімен санасу деген қасиеттерді қалыптастырды. Əрине керек қасиет. ...Үйдің кенжесінің роліне толық еніп өзіме тиісті махаббатты барынша алсам мен қандай болар едім? Кейде ойланамын. Басқа Гүлназ болар ма едім? ...
👭👬Сіз балаңызды қалай тəрбиелейсіз жəне сол берген тəрбиеден ол қалай өсіп келе жатыр? ...
#гүлназдыңжазбасы #осысəт #қазақшапсихология
Read more
Қасымдағы қыз менің келінім- Арна, @arna_altaevna ар жағында тұрған қыз-бөле сіңілім Шолпан ...
Media Removed
Қасымдағы қыз менің келінім- Арна, @arna_altaevna ар жағында тұрған қыз-бөле сіңілім Шолпан @s.b.bekovna ! Мен әр қалаға барып "Кездесу жасаймын"-десем болды: "біз Арнаның командасы едік, біз Шолпанның командасы едік бізге кіруге бола ма?"-деген сұрақтарр көөөпп келеді... Қараңыздаршы ... Қасымдағы қыз менің келінім- Арна, @arna_altaevna ар жағында тұрған қыз-бөле сіңілім Шолпан @s.b.bekovna !
Мен әр қалаға барып "Кездесу жасаймын"-десем болды: "біз Арнаның командасы едік, біз Шолпанның командасы едік бізге кіруге бола ма?"-деген сұрақтарр көөөпп келеді...
Қараңыздаршы @dinara.sovethan менің туған сіңілім. Сол Динараның структурасынан шыққан қыздар маған бөтен емес👆🏻.. Мен ешқашан ана қыздан пайда бар,мынаның жарнамасын жасасам пайда зор деп бөлмеймін.. Динараның қыздары менің қыздарым ! Және де жарнамасыз ақ жарып шыққан қыздар -міне нағыз мықтылар! .
Менің көз алдыма мықты-мықты наставник кім ?-десе,айтайынба кімдерді айтар едім...
Аноу Ақтөбенің шетінде тұратын @sandybaevazhazira_ Жазираны айтар едім , Шалқардағы @ainur060380, Сарыағаштағы @saparovaali Әлияны айтар едім ,Петропавлдағы @duisenbaevaakbaian Ақбаянды айтар едім, Оралдағы @kulimhan89 Күлімxанды айтар едім, Қарағандыдағы @0ryntai.nl_krg Орынтайды айтар едім, Мен @samalovaaigerim Әйгерімді айтар едім, Ақтаудағы @master_nl_int Жұлдызды айтар едім, @assel_tursynkyzy деген 5 баланың анасын айтар едім, @bayansulu.sh деген қызды айтар едім....... Айта берсем өте көп !
Сосын "еее аты аталғандар ғана мықты ,қалғаны әлсіз "-деген сөз емес 👆🏻.....
Жаза берсем көп....
АЛЛАҒА шүкір !!! Сондықтан ДИНАРАМНАН ТАРАЛҒАН ҚЫЗДАР сіздер менің бір бөлшегімсіздер !!!
Егер қай қалаға барсам да,"Өз командама жиналыс жасаймын"-деген сөзді естідіңіздер ме,есікті теуіп кіріңіздер ! Өйткені сіздер де менің командамсыздар ! Менің сіңілімнен таралып жатқан команда маған бөтен болушы ма еді?
ЖҰЛДЫЗ квалификациясын жапқан әр қызға менің жеке сыйлығым бар ! .
Естеріңізде болсын Стажы көп,маркетингті шағып тұрған,қыздарға тіркелуге тырысыңыздар ! .

АТАҚТЫ АДАМНЫҢ АРТЫНА ТІРКЕЛСЕК ӨСЕМІЗ ДЕГЕН БОС СӨЗ👆🏻

Мықты Наставникпен жұмыс жасаңыздар ! Мен тек мықтының мықтысын ғана жарнамалаймын ! Себебі командама тіркелген әр адам айлыққа жету керек👆🏻!

Ал осы қыздардың инстасына кіріп,тіркеліп алыңыздар!
Көріңіздер қарапайым қыздар қалай өсіп жатқанын!

Сізде өсесіз!
Кім біледі сіздің жарнамаңызды жасап, тамсанып отыратын күн туатын шығар ?
Біздің БЕРЕКЕЛІ ОРТАҒА КЕЛІҢІЗ!!!.
ҚУАНА ҚАРСЫ АЛАМЫЗ!!!
Read more
#Repost @gulmir_ktk (@get_repost) ・・・ ЕМ ҚОНСЫН Кішкентай Фатиманың бетіндегі үлкен жарасы ...
Media Removed
#Repost @gulmir_ktk (@get_repost) ・・・ ЕМ ҚОНСЫН Кішкентай Фатиманың бетіндегі үлкен жарасы әлеуметтік желіні, акиматты, минздравты, Түркістан облыстық дәрігерлерін дүр сілкіндірді. Кеше жазба жарық көрген бойы Астанадан үздіксіз тел соғылды. Ең соңғысы жаңа ғана келді, шешім ... #Repost @gulmir_ktk (@get_repost)

ЕМ ҚОНСЫН
Кішкентай Фатиманың бетіндегі үлкен жарасы әлеуметтік желіні, акиматты, минздравты, Түркістан облыстық дәрігерлерін дүр сілкіндірді. Кеше жазба жарық көрген бойы Астанадан үздіксіз тел соғылды. Ең соңғысы жаңа ғана келді, шешім мынадай (сөзбе-сөз): Всё решено с МЗ РК, пусть едет в Алматы, там помогут. Далее если не смогут, то МЗ РК оплатит лечение за рубежом. Всё!

Алайда, мен де министрлік өкілі де, профессор мен басшылар (тіпті, жағдайын білуге үйіне бүгін бірінші рет соққан Жетісай аудандық әкімдік өкілдері де) жер сипап қалдық😌
8 ай қиналған нәресте Қазақстан медицинасынан мүлдем күдер үзіп Мәскеуге ұшып кетті. Қаржылық қолдау білдірген, сол баяғы жаны ашыған - жалғыз қара халық!!!! @elmira_eshnіуazova Эльмира Ешниязова есімді азаматша Фаридаға көмек деген атпен өз парақшасында жариялап, тиісті сомманы жиып берді. Қуану керек пе мұңаямыз ба?
Еш кінәратсыз, аман-сау дүниеге келіп, қарапайым гемангиоманы ісікке айналдырғанша дәрігерлер не күткені белгісіз?! Ата-анасы қайда қарады, жүгірмей ме деушілер көп. Шындығында, туғаннан 25 күннен бастап, төрт айға дейін нәрестені көтеріп анасының Шымкентте кірмеген тесігі жоқ! Олар былқ етпеген соң өздігінен ақылы кезекпен
02.02.2018ж Астананың бірнеше емханасы мен Национальный Научный Кардиохирургический Центр, Ана мен Бала және Оңалту орталығында болған. (снимоктар бар), 01.06.2018ж. Алматыдағы НЦ Педиатри и Детской Хирургий қаралған (снимогы бар)
Сонда баланың (жалпы ҚР азаматының) денсаулығын сақтау үшін міндетті түрде барлық мекемені хэштегпен белгілеп, жазып, екі аяғын бір етікке тығып сілкілеп, қиналып, құр сүлдері қалғанда ақпарат министрге жетіп барып көмектесу керек пе?
Осы post кейін Асықта педиатры уһ деп, Шымкент дәрігерлері бөркін аспанға ататын шығар😜😏
Министрлік резервтен ақша бөлді, бәлкім ол қаржы дәл қазір шалғай ауылда салғырттықтан қиналып жатқан тағы бір балақайға қажет шығар?!
Бүгінге осы! Ауыр күн😡😡😡 Ауырмайықшы! Кішкентай періште құлан-таза айығып, аман-есен өз мемлекетіне оралсын деп тілекші болайық!!!!
#ФАТИМАМЫЗҒА #АМАН #ЕСЕН #ОРАЛСЫН #-деп тілек тілейік.
Read more
Кеше #05052108 күні Алматыда ғажап ән кеші өтті. Ару Алматы әнге оранды! Әнші #РозаӘлқожа-ның ...
Media Removed
Кеше #05052108 күні Алматыда ғажап ән кеші өтті. Ару Алматы әнге оранды! Әнші #РозаӘлқожа-ның атын таныстырудың өзі артық шығар. Сазгер,ақын екендігін де көп жұрт біледі. Оған қоса аяулы жар,инабатты келін, ардақты ана. Бес баланың анасы деп кім айтады? Ән мен бесікті, саз бен сөзді ... Кеше #05052108 күні Алматыда ғажап ән кеші өтті. Ару Алматы әнге оранды! Әнші #РозаӘлқожа-ның атын таныстырудың өзі артық шығар. Сазгер,ақын екендігін де көп жұрт біледі. Оған қоса аяулы жар,инабатты келін, ардақты ана. Бес баланың анасы деп кім айтады? Ән мен бесікті, саз бен сөзді қатар тербеткен жанды қалай мақтасақ та жарасады. "Сен,әніңмен әдемісің",-дейтін @aidynkaba жездемізге респект! (Әйтпесе,өнердегі аруларға жұбайларының көрінетін,hәм көрінбейтін тұсау салып қоятындары бар ғой). Керемет кеш өткенін барғандар растайды деп ойлаймын. Әдемі әнмен, салмақты сөзімен келген тыңдармандарын қуантты. Халықпен бірге болды. "Халық - Алланың бір атауы" дейді ғой, халықтан ешкім биік еместігін көрсеткендей болды мен үшін. Ешқандай шоусыз-ақ, жарқ-жұрқсыз әп-әдемі кеш жасауға болатынын дәлелдеді. Өзінің,әндерінің тыңдарманы,іздеушісі бар екенін әнші апамыз дәл осылай үнемі сезініп жүрсе деген бір тілек! Айтпақшы, үнемі жастарды қолдап жүретінін де айта кетейік. Кеше @alfarabi_bekarysuly, @ukitai_erniyazov, @aisha_dosbosynova сынды таланттардың сарайда тұсауын кесті. Адамгершілігін, көпшілдігін жақсы көрмейтін адам жоқ шығар?! Мен де жақсы көрем! Жасай беріңіз,@roza_alkozha01. #Жолыңыз,жақсылығыңыз жұғысты болсын. "Кеттік" дегеніңізге банкеттен де бір шықтым ғой сөйтіп))) . Айтпақшы,12 мамырда Ақтауда концерт береді. Жерлестерім,барасыздар ғой
Read more
Сегіз жасар қыз-баланың анасы қайтыс болды. Әкесі 2 жыл өтпестен, басқа келіншекке үйленді. . Бір ...
Media Removed
Сегіз жасар қыз-баланың анасы қайтыс болды. Әкесі 2 жыл өтпестен, басқа келіншекке үйленді. . Бір күні әкесі қызынан: — Қызым, сенің бұрынғы анаң мен қазіргі анаңның қандай айырмашылығы бар екен? — деп сұрады. . Қызы: — Бұрынғы анам өтірікші, қазіргі анам шыншыл екен, — деді. Ал Әкесі: — ... Сегіз жасар қыз-баланың анасы қайтыс болды. Әкесі 2 жыл өтпестен, басқа келіншекке үйленді. .
Бір күні әкесі қызынан:
— Қызым, сенің бұрынғы анаң мен қазіргі анаңның қандай айырмашылығы бар екен? — деп сұрады. .
Қызы: — Бұрынғы анам өтірікші, қазіргі анам шыншыл екен, — деді. Ал Әкесі:
— Қалайша? — деп таңдана сұрады. .
— Бұрынғы Анамды ренжітсем, ол маған: «Сен мені өкпелете берсең, саған тамақ бермеймін!» дейтін еді. Мен одан сайын ренжіте беретінмін. Ал, ол болса, мені ауылды шарлап іздеп жүріп, тауып әкеліп, тамақ жегізетін. Ал қазіргі анамды ренжітсем: «Егер мені ренжітсең, тамақ бермеймін» дейді. Сондықтан, екі күн бойы аш отырмын. Бұрынғы анам: «Енді жылама, жыласаң, далаға лақтырып жіберемін» дейтін еді, бірақ мен еркелеп жылай беретінмін. Анам мені ұрмай-соқпай, бауырына басып: «Жылама, қай жерің ауырады, кім тиісті?» деп жұбатып алатын еді. Қазіргі анам: «Ұрамын» дейді де шынымен ұрады. Бұрынғы анам үнемі өз ыдысындағы етті маған беретін еді. «Сіз неге жемейсіз?» дегенімде, ол кісі: «Жаным, мен етті жақсы көрмеймін» дейтін еді. Ал қазіргі анама: «Менің ыдысымда неге ет жоқ?» десем «Көп сөйлемей, берген тамақты іш. Барлық адам етті жақсы көреді. Еттің бәрін сен жесең, біз не жейміз?» дейді.. .
Әке, бұрынғы Aнам бәрін өтірік айтқан екен. Oл да етті жақсы көретін сияқты ғой, иә? Әке, неге жылап отырсыз? Жыламаңызшы."

#өміржолы
Read more
Компания құратын болып,кәсібімді бастағанда қалай атасам болады деп бірнеше ай көп ойландым....Балалар туралы сөздіктерді оқыдым. Мақал-мәтелдерді іріктей келе,бала тілі-бал деген керемет сөзге тоқтадым да,бал сөзі мен баланы біріктірдім. БАЛБАЛА деген қай тілде оқысаң да әрі ... Компания құратын болып,кәсібімді бастағанда қалай атасам болады деп бірнеше ай көп ойландым....Балалар туралы сөздіктерді оқыдым. Мақал-мәтелдерді іріктей келе,бала тілі-бал деген керемет сөзге тоқтадым да,бал сөзі мен баланы біріктірдім. БАЛБАЛА деген қай тілде оқысаң да әрі оңай,Қазақтар үшін өте жағымды БРЕНД болып шыға келді. Бірінші болып латын әрпімен balbala деп жаздым,осы әріпке көшетінімізді сездім-ау деймін...😢😄✊️ Басқалар енді көшіп жатыр. Осындай кішкентай ғана тариxы бар Балбаланың...Қайырлы кеш,-Қазақ Елі !
Read more
"Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды". Бірде сұхбат беру барысында көрермен тарапынан "әкем, ...
Media Removed
"Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды". Бірде сұхбат беру барысында көрермен тарапынан "әкем, әкем деп жиі айтасыздар, аналарыңызды неге айтпайсыздар?" деп сұрақ қойып еді. Бүгін бір сол сұраққа жауап берейік деп шештік. Біздің анамыз деп бастайық). Анамыз біздің мейірімді, инабатты ... "Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды". Бірде сұхбат беру барысында көрермен тарапынан "әкем, әкем деп жиі айтасыздар, аналарыңызды неге айтпайсыздар?" деп сұрақ қойып еді. Бүгін бір сол сұраққа жауап берейік деп шештік. Біздің анамыз деп бастайық). Анамыз біздің мейірімді, инабатты әрі өте қарапайым болғанда қарапайым жан. Мақтау айтқанды, халық алдына көрінуді аса ұнатпайды. Бірақ өзі де өнерден кенде емес, тұла бойы тұнған өнер. Біздің өнер жолында жүруімізге көп қолдау көрсеткен жан, ол анамыз бен әкеміз. Ешқашан бізге тосқауыл қоймайтын. Әсем екеумізге бірдей қуыршақ, бірдей киім мен бірдей домбыра алып беретін. Сол кездерде қуыршақпен ойнаудың орнынан әкеміздің шнуровой микрафонына таласатынбыз. Бізге "маңдайы терлемегеннің қазаны ешқашан қайнамайды" деп жұмысты талғамай жасауды, ерен еңбектенуді де үйретті. Содан біз жыламасын деп бізге қос-қос үнтаяқша да алып берді. Қалаған ісімізбен айналысуға көп мүмкіндік беріп, шетел десек, шетелге де байқауға жіберіп, үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Жол демекші, жолға жиі шығамыз ғой. "Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу" деп жолымызды бөгемей, ақ батасын беріп, үнемі жолға шығарып салады. "Ананы Меккеге үш рет арқалап апарсаңда парызын өтей алмайсың" дейді ғой даналар. Ана мен әке алдында парызымызды өтейік. Ата-анамызға барынша құрмет көрсетейік. Өмірдің жарығын сыйлаған, әуелі Жаратушы Аллаға, ата-анамызға шын жүректен алғысымыз шексіз. Ана, әке біз сіздерді жақсы көреміз. Баршамыз аналарға деген бір әдемі тілек жазайықшы.
Read more
Ертеңгі күні баланың тағдыры қалай болады, қандай болады, осыны ойламай, өздерінің аз күнгі қызығы ...
Media Removed
Ертеңгі күні баланың тағдыры қалай болады, қандай болады, осыны ойламай, өздерінің аз күнгі қызығы үшін әрекет жасайтындар көп. Бәрі сыйластықтан басталуы керек. Мәселен, біздің кезімізде «әкең келе жатыр» деген кезде тікемізден тік тұратынбыз. Әкеміз соншалық қатал болған жоқ, ... Ертеңгі күні баланың тағдыры қалай болады, қандай болады, осыны ойламай, өздерінің аз күнгі қызығы үшін әрекет жасайтындар көп. Бәрі сыйластықтан басталуы керек. Мәселен, біздің кезімізде «әкең келе жатыр» деген кезде тікемізден тік тұратынбыз. Әкеміз соншалық қатал болған жоқ, бірақ әкеміздің бір қарағаны-ақ жеткілікті болатын. Мысалы, шешеміз өзі шеше салатын мәселе болса да, «әкелеріңмен ақылдасайын», «әкеңнен сұрайық»  дейтін. Бұл – ер азаматтың басын ардақтау. Анаң сөйтіп әкеңді ардақтап тұрғанда, сен де оны сыйлайсың, кейін өз отбасыңда қолданасың.

Бірде  Бақытжан ағаларыңды төркініме жамандап барамын деп, шешемнен таяқ жегенмін. Өзім бір топ ұлдың ішінде жалғыз қыз едім. Үйімде жүргенде алшаң басып, ерке болдық. Бірақ, шешем «жалғыз болсаң өзің жалғызсың, қылығың жалғыз емес» деп ұрсатын. Мен 8-9 жасымда нанды дөп-дөңгелек қылып жаятынмын, 5-6 жасымда кесте тігетінмін, соның бәрін шешем үйретті. Ал енді қазір солай үйретіп жүрген шеше бар ма? Жалғыз өзім үйіме жетіп барсам: «Тұрмысқа шыққан қыз тек қана күйеуімен бірге келуі керек. Жалғыз келуші болма. Әкенің үйі тұрмысқа шығып кеткен қыз үшін қайтып үй болмайды. Ол тек қана сағынып, аңсап келіп, аунап-қунап, бір еркінсіп кететұғын құтты мекен ғана болып қалады», – дейтін  шешем.

Келін тек қана күйеуге ие болмайды. Ол қайын ата, қайын ене, қайны, қайынсіңлі, қайнаға мен абысын, тағы да басқа толып жатқан туыстарына, бүкіл әулетіне ие болуға барады. Ал, «бір-бірін жақсы көрсе болды» деген жай сөз. Одан бір шикілік шықпай қоймайды. Мысалы, «Қызға қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю» деген бар. Бұл қырық үйден үлгі-өнеге көру, қала берсе қара күңнен де бір жақсылықты үйрену деген сөз.

Қазір, ең жаманы, тұрмысқа шықпай, некеге тұрмай жатып бірге тұратындар көбейді. Бұл біздің мұсылмандығымызға да, қазақшылығымызға да жат нәрсе. Айналып келгенде, «қызы тәрбиесіз елдің іргесінен ырыс кетеді», тұнығы лайланады. Өйткені, бүгінгі қыз – ертеңгі келін, болашақ ана, болашақ ене. Олай болатын болса, қыздардың мойнындағы міндет, парыз ұшан-теңіз.
Автор: Зейнеп Ахметова
#қазаққызы #менқазаққызы #салтдәстүр #казақша #дәстүр #салт #келін #қыз #ене #ана #әйелбақыты
Read more
"Көрсін деп күллі әлемге Көк туымды 🇰🇿 желбіретем" Таяуда үлкен ұлым жаттаған өлеңнен үзінді ...
Media Removed
"Көрсін деп күллі әлемге Көк туымды 🇰🇿 желбіретем" Таяуда үлкен ұлым жаттаған өлеңнен үзінді бұл. ⠀ Тақпақты жақсылап жаттатқызу үшін (әсіресе балаға) оның мәнін түсіндіру керек. Әдетте біз баламызбен сурет саламыз. Әр қатардың өзіндік суреті шығады. Баланың не және қалай ... "Көрсін деп күллі әлемге
Көк туымды 🇰🇿 желбіретем"
Таяуда үлкен ұлым жаттаған өлеңнен үзінді бұл👆.

Тақпақты жақсылап жаттатқызу үшін (әсіресе балаға) оның мәнін түсіндіру керек. Әдетте біз баламызбен сурет саламыз👩‍🎨. Әр қатардың өзіндік суреті шығады. Баланың не және қалай салып отырғанын көріп, оның нені қалай түсінетінін ұғынасың. Түсінбей отырғаны да бірден білінеді. Түсінбеген сөзді анықтап, түсіндіру, синонимдер айту- өте маңызды. Осылайша баланың сөздік қоры дамиды🧠. Суретті салып жатып, бояп отырып, әлгі тақпақты қайталай береміз. Кейін суретіне қарап, бала тақпағын жатқа айтады. Сурет - визуализация! Баланың есінде суреті көпке сақталады. Демек, өлеңі де!!!

Суреттен кейін мен өмірден алынған деректерді айта бастаймын. Таяуда дәл осы суреттерді көрсетіп едім. "Балам, анаң ашық суда жүзуден әлемдік чемпионатқа барып, Қазақстанның көк туын желбіретті. Бүкіл әлем Сенің туыңа қарап тұрғандағы сезімді жеткізу қиын. Бұл мақтаныш. Бұл бақыт" деп.

Осы кезде баламның көз алдында мәртебем қатты өсіп қалғандай☺️. "Мен де Туымызды желбіретемін" деп, намысқа тырысты.

Тақпақты әдемі жаттады. Балабақшасындағы концертте дәл туға қатысты жеріне келгенде, ерекше тебіреніспен айтып шықты. Сол кезде нені елестеткенін білмеймін. Бәлкім осы суретті, бәлкім өзінің еңбектеніп салған суретін, бәлкім болашағын! Қайтсек те, бала көкірегінде асқақ арманның бар екенін сездім. Ең бастысы осы шығар!

Әрбір қазаққа рух, жігер, болашаққа сенім берген Тәуелсіздікке рақмет🙏

Қазақстан, төл күніңмен!

#qazaqstan #kz #тәуелсіздік #қазақстан
foto @jr_roza
Read more
Шымкенттегі елді дүр сілкіндерген бала зорлау оқиғасы бойынша жаңа деректер шықты. Педофилден баланы аман алып қалған азаматша өңірдегі NUR.KZ тілшісіне сұмдық жағдайды жайып салды. Шымкент халқын шошытқан сұмдық жағдай көпқабатты үйдің подъезінде болған. Күдікті кісі алдымен ... Шымкенттегі елді дүр сілкіндерген бала зорлау оқиғасы бойынша жаңа деректер шықты. Педофилден баланы аман алып қалған азаматша өңірдегі NUR.KZ тілшісіне сұмдық жағдайды жайып салды.

Шымкент халқын шошытқан сұмдық жағдай көпқабатты үйдің подъезінде болған. Күдікті кісі алдымен есікті жауып, баланы бұрышқа тақап ұрып-соғып, зорлық сипаттағы әрекеттерді жасапты.

Оқиға орнында болған жағдай подъезге орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қала тұрғындары аталған видеоны желі арқылы таратып, педофилдің әрекетін қызу талқыға салуда.

Ғажайыптың күші болса керек, баланың айқайлаған даусын естіген егде жастағы азаматша подъезге кіріп, ер азаматты қуып шыққан. "Баланың жан дауысы шықты. Біреу өлтіріп жатқан сияқты. Жылағанын естідім. Ондай айқай бекерден шықпайды деп көп қабатты үйдегі есікке қарай жақындадым.
Есікті бар қолыммен ұра бастадым. Есікті аш деп айқайладым. Сол сәтте кішкентай бала ана еркекпен алысып жүріп домофонның тетігін басып үлгеріпті.

Бала сол кезде ана кісімен арпалысып өмірімен күресе білді. Подъезге кірсем бала жылап отыр, денесінің барлығы қан. "Басымнан, жағымнан ұрды" деп бала жылап жіберді", - дейді оқиға куәгері.
Жеткіншекті көрген туыстары дереу 102-ге хабар беріп, полицейлерді шақыртқан. Сұмдық жағдайды тәртіп сақшылары естігенімен, "мамандар оқиға орнына дер кезінде келмеді" деп ашынады жәбірленушінің отбасы.

Хабарды естіген полицейлер қылмыскерді құрықтаудың орнына, жайбасарлық танытқан көрінеді.
@qazaqnews
Read more
#Repost @balgynbek_imash (@get_repost) ・・・ Ардақты ағайын! Екі түрлі жаңалығым бар. Біріншісі ...
Media Removed
#Repost @balgynbek_imash (@get_repost) ・・・ Ардақты ағайын! Екі түрлі жаңалығым бар. Біріншісі - 7 баланың анасы тірі екен! Әлxәмдулилләһ!🤲🤲🤲 Екіншісі - жап-жас баланың "анам қайтыс болды" деп өтірік айтқаны. Ия, тағдыр тауқыметі, әбден қиналғандықтан, елден мейірім ... #Repost @balgynbek_imash (@get_repost)

Ардақты ағайын!
Екі түрлі жаңалығым бар.
Біріншісі - 7 баланың анасы тірі екен!
Әлxәмдулилләһ!🤲🤲🤲
Екіншісі - жап-жас баланың "анам қайтыс болды" деп өтірік айтқаны.😔😔😔
Ия, тағдыр тауқыметі, әбден қиналғандықтан, елден мейірім болмағандықтан өтірік айтқан болар. Бірақ, анасын өлімге қию... Менің ақылым жетер емес.😱😱😱
Екі-үш сағатта сіздердің арқаларыңызда 130 мыңдай қаржы жиналды. Көп түкірсе көл деген осы.
@elmira_eshniyazova әпкемізге мың алғыс, жетім қалды дегенге жүрегі ауырып, бірден байланысқа шыққан! 🙏🙏🙏
Ол аманатты анасына апарып тапсырамын.

Баяғыда бір кісіге көршісі қатты мұқтаждыққа ұшырағанын, неше күн нәр татпағанын айтып көмек сұрап келген екен. Қолында бар қаржысын көршісіне беріп, қуантып, шығарып салған соң, үйіне кіре салып, өкіріп жылаған екен. Сонда әлгі адамның әйелі таңғалып: Отағасы, сіз керемет сауапты іс жасадыңыз! Алла мұның бәрін көріп тұр, сөзсіз сауаптан жазады. Неге жылайсыз? - деп сұрапты.
Сонда ол адам: - Мен көршімнің жағдайын сұрамай, назардан тыс қалдырып, оның алдыма көмек сұрап келуге мәжбүр еттім. Айтқызбай, сұратпай беруім керек еді. Енді Раббыма қай бетіммен қараймын? - деп егіле түскен екен.

Біз де жас балалар "анам өлді" деп өтірік айтпаса, "қарнымыз аш, көмектесіңізші" дегенге селт етпейтін болдық қой. Аллаға қай бетімізбен қараймыз? Кешіріңіздер! Алла барша садақа беріп, қол ұшын созғандарға сауаптан жазсын!
P.S. Отбасының көмекке мұқтаж екені ақиқат. Ауру ана, жеті бала. Алаяқтық емес. Ең қауіпті нәрсе - баланың өтірік айтуы. Алла бәрімізді кешірсін!
Read more
2015 жыл. "Басыңыздағы ісік үлкейіп жатыр. Тексеріліп, отаға дайындалыңыз" дегесін, сараптамадан ...
Media Removed
2015 жыл. "Басыңыздағы ісік үлкейіп жатыр. Тексеріліп, отаға дайындалыңыз" дегесін, сараптамадан өтіп бастағам. Сөйтсем... аяғым ауыр екен. Дереу УЗИ-ге түсіп, қыз екенін біліп, басты ұмытып кеттім. Таңдау - қызымды дүниеге əкелу болды. Сараптама туралы ешкімге тіс жармадым. Айтсам, ... 2015 жыл. "Басыңыздағы ісік үлкейіп жатыр. Тексеріліп, отаға дайындалыңыз" дегесін, сараптамадан өтіп бастағам. Сөйтсем... аяғым ауыр екен. Дереу УЗИ-ге түсіп, қыз екенін біліп, басты ұмытып кеттім. Таңдау - қызымды дүниеге əкелу болды. Сараптама туралы ешкімге тіс жармадым. Айтсам, азғырушылардың көбейері сөзсіз еді. Сөйтіп, өмірге Нұрай келді🎉🎉🎉.
Нұрай 6 айдан асқанда əлсіреуді сезіне бастадым. Естен тану, мұрыннан қан кету деген сияқты симптомдар біліне бастады. Өйтіп-бүйтіп, 1 жасқа толтырып, "дүкен ашамын" дегенді сылтау қылып, ауылға ата-əжесіне апарып тастадым. Дүкенді де аштым, сараптамадан да өттім. Өте қиын жағдайда жүріп, онкоауруханадан осы уақытта шығып жатқам. Бүкіл ел жұмыла көмектесіп, достарым мен тілеулестерімнің арқасында осы күнге жеттім.
2016-2017 жыл біз үшін өте қарбалас жыл болды. Аурухана, баланың мектеп бітіруі, дүкенді ашу, оны жабу, елге көшу, т.б.
Қайта сараптамадан өтіп жүріп, тағы да аяғым ауыр екенін білдім.
"Денсаулығыңды түзеп ал, химиядан кейін бала мүгедек боп қалуы мүмкін" деген сияқты қамқор сөздерге құлақ аспай, кеше ғана дүниеге тағы бір қызды алып келдім.
"Өмірімізге шабыт бьереті қыз болсын!" деп ағасы Елдос атын МУЗА қойды😊🌸🌸🎉. 🎀Менің Асылхан деген туған інім бар. Келіншегінің аты Асылзат. Кеше сол інімнің туған күні еді. Дəл інімнің туған күнінде Муза дүниеге келді. Келінім Асылзат дəл менің туған күнімде əулетіміздің атұстарын дүниеге əкеп еді. 🎀Өмір - ғажап! Оған əр сəт сайын куə болудамыз! 🎀Маған партнер болып, менімен бірге 12 сағат "толғатқан" Шынар Елемесова əпкеме мың да бір алғыс!
#бақытты_əйел
Read more
ӘЙЕЛ …Құдай — әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің кешінде бітіріпті. Қасынан ...
Media Removed
ӘЙЕЛ …Құдай — әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің кешінде бітіріпті. Қасынан өтіп бара жатқан Періште: — Сен неге бұл үшін ұзақ жұмыс жасадың? — деп сұрайды. Сонда Аллаһ Тағала: — Ал сен бұл жаратылыстың бүкіл болмысын көрдің бе? Ол екі жүзден астам қимыл әрекетін білуі ... 💫 ӘЙЕЛ …Құдай — әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің кешінде бітіріпті. Қасынан өтіп бара жатқан Періште:
— Сен неге бұл үшін ұзақ жұмыс жасадың? — деп сұрайды. Сонда Аллаһ Тағала:
— Ал сен бұл жаратылыстың бүкіл болмысын көрдің бе? Ол екі жүзден астам қимыл әрекетін білуі керек. Кез-келген тағамның дәмі мен иісін ажырата білу, бір мезетте бірнеше баланы құшағына басу, өзінің ыстық құшағымен жарылған тізеден, жараланған жүрекке дейін емдеп жаза алатындай болуы керек және осының бәрін тек екі қолымен ғана жасай алады, — дегенде, Періште таңданып:
— Бар болғаны екі қолымен бе?! Мүмкін емес! Бір күнге тым көп жұмыс екен? Қоя сал, ертеңгі күні бітіресің, — дейді.
— Жоқ. Мен өзімнің ең сүйікті жаратылысымды бітіруге аз қалдым. Егер ауыра қалса, бұл өз-өзін емдеп, 18 сағат жұмыс жасай алатын болады.
Періште әйелге жақындап келіп, оны саусағымен түртіп көреді…
— Аллам, сен мұны сонша нәзік етіп жаратқан екенсің!
— Иә, ол — өте нәзік. Сонымен бірге, ол — өте күшті! Сен тіпті оның нені көтеріп, нені бағындыра алатынын көз алдыңа елестете де алмайсың.
— Ол ойлана алады ма? — деп сұрады періште.
— Ол тек ойланып қана қоймайды. Ол сендіре де, келісімге де келе алады.
Періште әйелдің бетін сыйпады…
— Бұл жаратылыс терлеп тұр ғой! Шамасы, сен оған көп ауыртпалық беріп жатырған сияқтысың.
— Ол терлеп тұрған жоқ, бұл көз жасы ғой, — деп дұрыстады Аллаһ Тағала Періште сөзін.
— Бұл не үшін? — деп сұрады Періште.
— Ол — қайғысын, күдігін, махаббатын жалғыздығын, қасіреті мен қуанышын осы көз жасымен білдіреді.
Періште қатты әсерленді…
— Я Аллаһ, сен — шынында да данасың! Сен бәрін ойлағансың. Әйел — шынында да керемет жаратылыс екен. — Иа, шынында да, солай!
Әйелде еркекті бағындыра алатындай — күш бар:
Ол — өмір тауқыметімен күресіп, қасіретін көтере алады.
Ол — бақыт, махаббат, қуаныш алып келеді.
Ол айқайлағысы келсе — күледі, жылағысы келсе — ән айтады.
Бақытты кезінде — жылайды, қорыққан кезінде — күледі.
Сенгені үшін күреседі, әділетсіздікке қарсы тұрады.
Жақындары үшін — жанын береді.
Өз шешімінің дұрыстығына бәрін сендіреді.
Махаббаты — шексіз.
Балаларының бақытына қуаныштан жылайды.
Достарының табысына қуанады. Жүрегі қайғыдан қақ айырылса да, ө
Read more
Ата-ана үшін баласының жетістігінен артық қуаныш жоқ-ау,сірə.. Бүгін мен соның куәсі болдым.Парақшаны ...
Media Removed
Ата-ана үшін баласының жетістігінен артық қуаныш жоқ-ау,сірə.. Бүгін мен соның куәсі болдым.Парақшаны жылжыта беріңіз! Белгілі теле-радио журналист Бағдагүл Рахметқызының @bagdagul_kz.radio тұңғышы Айым Өміржанқызы Халықаралық би конкурсынан бірінші орын алып,бізді ... Ата-ана үшін баласының жетістігінен артық қуаныш жоқ-ау,сірə..
Бүгін мен соның куәсі болдым.Парақшаны 👉жылжыта беріңіз!
Белгілі теле-радио журналист Бағдагүл Рахметқызының @bagdagul_kz.radio тұңғышы Айым Өміржанқызы Халықаралық би конкурсынан бірінші орын алып,бізді қуантты. «Самғау» биі өте әдемі шықты. Айым 4 жасынан биге қатысады екен. Сұлулығы мен өнері жарасқан осынау қазақтың аруына тек бағың ашылсын,айналайын дегім келеді. Өнеріңмен өлкеңді ғана емес, дүниежүзілік аренаға шығып, самғай бер, алтын қыз!
Бағдагүл жұбайымен балаларын өнерге баулып келеді екен. Әрине өздері де өнердің қара шаңырағында еліне аянбай қызмет етіп, ар-абыройын төмен түсірген жандар емес. Олар алты баланың ата-анасы.Мен таңқалысымды жасырмадым.
-Алты баланың анасы бола жүріп, Бағдаш, күшті, энергияны қайдан аласың?
-Осы балапандарымнан. Осылар мені қанаттандыратын да, шаршағанымды басатын да,-дейді ол.
Отбасында балаға бар жан-жылуыңды сыйласаң,олар да саған өзінің жылуын аямас. Қазақ балажан халықпыз. Болашағымызды баламен ғана ұштастырамыз.Солардың жетістігі- біздің жетістігіміз.
Бағдаш,еңбегің жана берсін! Ұрпағыңмен мерейің үстем болсын! Айымның өнері өрлей берсін! Тек биіктерден көрінсін! Қазақтың Шара, Шұғыла, Гүлжан сияқты биші апаларының ізін басып, қазақтың би өнерін бүкіл әлемдік аренаға шығарсын!😘😘😘🌷🌷🌷🌻🌺🌼🌺
Read more
«Ақзер балалармен» деген xештег немесе «Дети цветы жизни» деген сөз қалдырмай-ақ қояйын мына ...
Media Removed
«Ақзер балалармен» деген xештег немесе «Дети цветы жизни» деген сөз қалдырмай-ақ қояйын мына фотоның астына)) Онсыз-ақ жақындарым, менің ботақандарға деген маxаббатымның шексіз екендігін біледі ғой Десек те, жақында өз қатарластарыммен сөйлесіп отырып, кішкентай балаларды ... «Ақзер балалармен» деген xештег немесе «Дети цветы жизни» деген сөз қалдырмай-ақ қояйын мына фотоның астына)) Онсыз-ақ жақындарым, менің ботақандарға деген маxаббатымның шексіз екендігін біледі ғой😊😌 Десек те, жақында өз қатарластарыммен сөйлесіп отырып, кішкентай балаларды «сүйкімді», «сүйкімсіз» деп бөлетіндіктерін естіп қалдым. Кіршіксіз баланы қалай сүйкімсіз деуге болатынын шынын айтсам менің миыма сыймайды екен. Бала ол әркезде де бала ғой... Әркімнің өз қалауы бар әрине. Десек те, өзінікін ғана ай көретін адамнан жан-жағына деген мейірімділікті күтіп керек емес ау деген ойға келдім.
Өздерінің балаға деген сезімінің екі жақты екеніне қарамастан, маған «қойшы, сенікі материнский инстинкт қой» дегенде, төбе шашым тік тұрғаны бар. Мен бала кезімнен балаларды жақсы көреді екенмін. Бөліп-жару деген жоқ. Мен үшін әлемдегі балапандардың бәрі тәтті. Барлық адам үшін де солай болуы керек деп есептеймін. Сәбиге мейірімді бола білген адам, өмірге де мейірімділікпен қарары xақ.
Бүгін мысалы мына тәттііі Сафиюшпен кездесіп, біраз мауқымды басып қалдым. Қызылордадағы бөпелерге деген сағынышымды осылайша баса тұрдым)) P.S. түкіріп қойыңыздар💦💦😘 #жұғыстыболсын #бұйырсын
Read more
Диагноз қоюдан аулақпыз. Бірақ, министр айтқандай, біздегі медицина сапалы, дәрігерлердің ...
Media Removed
Диагноз қоюдан аулақпыз. Бірақ, министр айтқандай, біздегі медицина сапалы, дәрігерлердің жұмысында кінәрат жоқ, көбінде науқастардың денсаулығына байланысты деп айтқан сөзіне күмәнім бар. Көкшетаудағы жағдайда осыған ұқсайды. Ауруханаға іші ауырып барған баласынан ойламаған ... Диагноз қоюдан аулақпыз. Бірақ, министр айтқандай, біздегі медицина сапалы, дәрігерлердің жұмысында кінәрат жоқ, көбінде науқастардың денсаулығына байланысты деп айтқан сөзіне күмәнім бар. Көкшетаудағы жағдайда осыған ұқсайды. Ауруханаға іші ауырып барған баласынан ойламаған жерде айырылып қалған ата-ана, қайғылы оқиғаға дәрігерлерді кінәлайды. Ісіне салғырт қараған, балаға мүлдем басқаша диагноз қойып, онымен қоймай үйіне қоя берген дейді.  Үйіне келген Владимирдің халі одан сайын нашарлап, қайтадан ауруханаға барғанында, бірақ, барлығы кеш еді.

Көкшетауда ойламаған жерден ойын баласы небәрі жеті жасында өмірімен қош айтысты. Ата-анасының айтуынша, бүлдіршіннің өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болып отыр. Алғашқы күні іші қатты ауырған соң жеті жастағы Владимир Ақмола облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізіледі. Алайда хирург дәрігер «іштің қатты ауруы» диагнозын қойып, «қорқатындай ештеңе жоқ» деп, аздан соң ілесіп барған әкесімен бірге үйге қайтарып жіберген дейді анасы.

Үйге келген соң баланың жағдайы жақсарғандай болған. Алайда келесі күні кешке қарай денсаулығы тым нашарлап кеткенін айтады ата-анасы. Жедел жәрдемді 45 минут күттік деген ерлі-зайыпты, ақыры шыдамай, көлігі бар көршілердің көмегіне жүгінген. Сөйтіп, науқас бала жақын жердегі облыстық ауруханаға жедел жеткізілгенімен, көп ұзамай жансақтау бөлімінде қайтыс болады. Ал бала өлімінен соң ғана ондайғы дәрігерлер бастауыш сынып оқушысының ағзасы уланған әрі ішегі түйілген деген диагноз қойған екен.

БОЛАТ ӘБІШЕВ, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: – Ем көрсеткен дәрігер хирургия бөлімшесінің меңгерушісі. Бүгінгі таңда онымен кездесіп істің қалай болғанын анықтауға тырыстық. Қазір сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз.

Ем көрсеткен хирургке байланысты қандай да бір шара қолдану осы сараптама нәтижесіне байланысты болады. Ал 4 қыздан кейін  дүниеге келген жалғыз ұлынан айырылған ата-ана құзырлы мекемелер бұл істі жабық қалдырмаса екен деп тілейді.

Ерболат Асылбеков, Ермек Асқарбеков
#информбюро #жаңалықтар
Read more
Сәлем бердік менің алтын достарым мен ақұдайларым Аптаның алғашқы күнінен бастап күндеріңіз сәттілікке,несібеге толы болсын.Жорытқанда жолдарыңыз болсын. Бүгін Фатимушаға қан құяды.Баланы реанимацияға жатқызады.Дұғада, жақсы тілекте болыңыздаршы,өтініш‍♀️ "Фатиманың ... Сәлем бердік менің алтын достарым мен ақұдайларым😍😚
Аптаның алғашқы күнінен бастап күндеріңіз сәттілікке,несібеге толы болсын.Жорытқанда жолдарыңыз болсын.😍😚
Бүгін Фатимушаға қан құяды.Баланы реанимацияға жатқызады.Дұғада, жақсы тілекте болыңыздаршы,өтініш🙇‍♀️
"Фатиманың еміне"- деп халықтың жинап берген қаржысы тек қана Фатимаға жұмсалсын.Ол қаржы -баланың несібесі.2-күннің ішінде неғып именно сол балаға көп ақша жиналды?Себебі,Алла Тағаланың мейірімі түсті.Атасы мешітте жұмыс істейді.Мешіттің ауласын сыпырып,қарауылы болып жұмыс атқарады...Атасының "-О,Аллахым,осы немеремнің жазылуына көмектесе көр!"-деп әрбір намазында қолын көкке жайып сұраған дұғалары қабыл болды.Бір ауыз сөздің құдіреті күшті.Біз қазақ сөзге мән берген халықпыз.Әрбір сөздің құдіреті бар екенін білетін халықпыз.Мен бұрыннан да айтып жүрмін."Әр баланың өз несібесі бар!"-деген мақалды.Сол 2-3күнде жиылған қаржы Фатиманың несібесі.Ол қаржыға ортақтасуға ешкімнің құқығы жоқ.Халықтан жиылған қаржы баланың алдағы өмірін жақсартуға септігін тигізетіндей қылып жіберген Алла Тағаланың шексіз мейірімі.Мейлі,15-миллион болсын,мейлі 15-миллиард болсын-Фатиманың несібесі.Ауруынан айығып, ақша артылып қалса, қалған қаржы сол баланың өмірін жақсартуға жұмсалсын.Жақсы өмір дегеніміз-ештеңеден таршылық көрмей жақсы өмір сүру.👌
Сөздің тоқетері осы.👌
Read more
Кішкентай кезден болмысым достармен бірге жүру,бөлініп кетпеу,қолыңдағы тәттіні бөліп жеу ...
Media Removed
Кішкентай кезден болмысым достармен бірге жүру,бөлініп кетпеу,қолыңдағы тәттіні бөліп жеу секілді ұстанымдар болды..Айналамдағы екі адам ренжісіп қалса,соларды қайтсем татуластырғым кеп тұратын..Бір көрші досым:"Сара сен қоғамнан шеттеп қалған мазасыз жандарды тәрбиелеп ... Кішкентай кезден болмысым достармен бірге жүру,бөлініп кетпеу,қолыңдағы тәттіні бөліп жеу секілді ұстанымдар болды..Айналамдағы екі адам ренжісіп қалса,соларды қайтсем татуластырғым кеп тұратын..Бір көрші досым:"Сара сен қоғамнан шеттеп қалған мазасыз жандарды тәрбиелеп аласың ия,Сараның сабағының негіздері деген курс ашып алсаңшы "-деп тырқылдап тұрып күлетін😀.Кезінде бір курста оқып жүргенде ешкіммен араласпайтын,бойы тұнып тұрған комплекс,өзімшілдігі бар аздап бір бала болды.. Лақап аты:"Гадкий утенок" етін..Ұлдар мазақ қылады, Қыздар келемеждейді ,кейде боқтап сөйлеп ана баланы шеттетіп тастағанда жүрегің ауырады өзі...Сосын біркүні екі сабақтың ортасында "окошко " боп қалды..Барлығы өз тірлігіне кетті,біреу дәмxана,біреу кітапxана деген секілді..Аудиторияны қарасам бос,сол бала өзі жалғыз отыр екен.. Өтіп бара жатып,"стоп"-деп кері шегініп әңгімеге тартқым келді.. Басында сұрағыма қатқыл жауап берді.Үркіп қалған үкі құсап болмысы да қызық өзінің.. Қазақшасы аздау орыс қолды бала болатын....Айналасы 45минуттың ішінде мен мүлде басқа адамды көрдім.. Досым деп жақын тарта білдім. "Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады"дегендей ол баланы ортамызға тарттым,сол бала үшін талайымен сөзге кеп қалған кездерім де болды,әйтеуір бәрімен араласпаса да көп адаммен тіл тауып кетті.. Біз топпен киноға,концертерге барғанда,оның қарасы да көрінбейтін.. Бір күні қаламызда айтыс болды. Залдағы қолдап келген достарымның арасында жасыл кепкасын басып киіп,сап-сары боп сол бала отыр..Айтыстан дым қақпайды..Ертесінде жүлдеммен достарым кезекпен құттықтап жатса,орнынан тұрып,тілегін айтып кеп:"Друзья – это, наверное, самое ценное, что есть в жизни человека,я горжусь что у меня есть друг как ты"-дегені жатталып қалыпты..😀Сол баланың ортаға қосылғаны маған қуаныш болды.. Бүгін кептелісте тұрсам,сол баяғы "гадкий утяногымызды" көрдім.. Қасында әп-әдемі келіншегі бар.. Мені көре салып :"Гадкий утенок деген атымнан құтылдырған Сара қыз ғой бұл -"деп күліп жатыр😆.. Осындай сәттер керемет емес пе ия?
Ееее негізі пенделікпен :"бір оңбаған адам","сұмырай кісі",деген секілді сөздерді қойып қаламыз..Адамның жаманы болмайды,тек қылықтары нашары болады !Айналамызда жақсылар көп болсын!
Read more
Сабыр мен төзімнен жаралған, əрбір шаңыраққа нəр берген , бар қиындықты төзіммен көтере білген ...
Media Removed
Сабыр мен төзімнен жаралған, əрбір шаңыраққа нəр берген , бар қиындықты төзіммен көтере білген , əр əулеттің абыройын асқақтатқан , ағайынның ынтымағын арттырған , өмірге ұлды да, қызды да əкелген , отбасына жарық сыйлайтын, отағасын өзінен бұрын ойлайтын , шаңырақты шайқалтпай, терезесін ... Сабыр мен төзімнен жаралған, əрбір шаңыраққа нəр берген , бар қиындықты төзіммен көтере білген , əр əулеттің абыройын асқақтатқан , ағайынның ынтымағын арттырған , өмірге ұлды да, қызды да əкелген , отбасына жарық сыйлайтын, отағасын өзінен бұрын ойлайтын , шаңырақты шайқалтпай, терезесін тең, керегесін кең етіп ұстап отырған аяулы да ардақты алтын құрсақты АНАЛАР!!! МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН !!! Көктемнің шуақты күнімен қатар келетін аналар мерекесі құтты болсын!!! Ана өмірдің бұлағы. Ана баланың шырағы. Əрбір үйдің шырағы мен жарығы сөнбесін! Аналарымыз аман болсын!
Read more
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды. “Өзім қазір күйеуге шыққанмын. Күйеудемін ...
Media Removed
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды. “Өзім қазір күйеуге шыққанмын. Күйеудемін 3 жыл болды. Құдайға шүкір 2 балам бар, Айша деген қызым 2 жас төрт ай, және жақында ғана босандым, 5 ай, Бисұлтан деген жігіт”, – дейді Динара Қырықбаева. ———————————————————————— Осылайша ... Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды. “Өзім қазір күйеуге шыққанмын. Күйеудемін 3 жыл болды. Құдайға шүкір 2 балам бар, Айша деген қызым 2 жас төрт ай, және жақында ғана босандым, 5 ай, Бисұлтан деген жігіт”, – дейді Динара Қырықбаева.

Осылайша үлкен сахнаны отбасына ауыстырған Динара Қырықбаева, әзірше әсем әндерін тек бүлдіршіндеріне арнайды. Қолы-қалт етсе, әлеуметтік желіге жазба жариялауды да ұмытпайды. “Сахнаға шықпасам да, мені ұмытпасын деп мені жанкүйерлерім инстаграмнан көріп жүрсін деп, көрсетіп жатырмын, не істеп жатқанымды, қайда барып жатқаным, қалай өзім тәрбие беріп жатқанымды қызыма-балама”, – дейді Динара.

Есесіне, «инста ана» атанған Динараның оқырмандары күн санап арта түсуде. Желіде отағасы мен бүлдіршіндерінің жүзін жасырмауды жөн көретін әнші, өзінің кейбір әріптестерін түсінбейтінін айтып қалды. “Біреулер баланың түрлеріне жануарларды қояды, смайликтер қояды. Ол дұрыс емес, көрсетпесең мүлде көрсетпе!” – дейді Динара.

Ана бақытына бөленген Қырықбаеваның өнерге қайта оралуға ниетті. Әншінің бұл жоспарына жұбайы түсіністікпен қарайды. “Күйеуге шыққанда менің жолдасым айтатын, мен саған бір жылда бір клип түсіріп беремін деген. Бірақ енді, үш жыл өтті. Мысалы, Зарина Омарова, Алсу, қанша қыздар бар, бала да туады. Сахнаға да шығады, үйде де отырады. Сондықтан, шыққым келеді”, – дейді Динара.

#Juldyzalemkz #ЖұлдыздарӘлем
#шоубизнес #динаракырыкбаева
Read more
Нұралидің мамасы Айгүлдің счётында дәл қазіргі таңда жатқан қаржы осыЖаңа жіберді.Айгүлдің ...
Media Removed
Нұралидің мамасы Айгүлдің счётында дәл қазіргі таңда жатқан қаржы осыЖаңа жіберді.Айгүлдің Астанаға келгеніне ровно 1-ай 5-күн болды.Осы уақыттың ішінде балаларына халық ақшалай,заттай,азық-түліктей, киім-кешектей көмектесіп толтырып тастады.Толып кеткені соншалық 15-жасар ... Нұралидің мамасы Айгүлдің счётында дәл қазіргі таңда жатқан қаржы осы👌Жаңа жіберді.Айгүлдің Астанаға келгеніне ровно 1-ай 5-күн болды.Осы уақыттың ішінде балаларына халық ақшалай,заттай,азық-түліктей, киім-кешектей көмектесіп толтырып тастады.Толып кеткені соншалық 15-жасар қызы :"болды әкеле бермеңіздерші,қоятын жер жоқ уже!-деген менің көзімше.Өзіне,қызына,баласына жақсы телефондар алынды.Тіс салдыртты.Мастер Кит сатып алыпты 215-мыңға.Аш емес,жалаңаш емес.Күйеуінен мен айырған жоқпын.Заңды түрде 2-жыл бұрын ажырасқан.Куйеуінің басқа әйелі, баласы бар.Тыныштық бермей қойған соң Шемонайхадан қашып шықты 4-баласымен.Көмектесші деген соң көмектестім.Банктен счёт аштыртып бердім.Өз атына жинап жатыр ақшаны.Пропискаға тұрды.Енді не керек менен? Мен басында ескерткем.15-август тоқтатам.Саған өмір бақи халық көмектесе береді екен деп ойлама.Ақшаңды экономда! Жина.Үй ал Астанадан !-дегем.Мені неге кіналап жатырсыздар,түсінбедім.Менің өз жұмысым бар.Нан табу үшін құрылыста жұмыс істеп жүрмін.Міндетті түрде Жилой Комплекстен алу шарт емес шығар? 10-миллион жинап берем деп обещать ете алмаймын.Басында баланың еміне деп жинап бастағанбыз.Кейін баланы үкімет тегін емдейміз деген соң,ендеше халықтан жиналған қаржыға бір бөлме болса да үй алып ал!-деп айтқанмын...Енді сол жиналған ақшаға үй алсын да ақшасын шаша бермей бір бөлме болса да.Кредиті жоқ.
Қаншама адам бастаған ісіңді аяғына дейін жеткізіп он миллион жинап бермейсің ба енді,неге аяқсыз қалдырып тастап кеттің депті.Блокқа тастадым оларды.Мен Астанадан кетерде жерлесі Шолпанға тапсырып кеткем.Ауру емес.Сырқау емес.Балаға бір жылға шейін ешқандай ем жасалмайтын болды.Жасы 42-дегі 4-бала тапқан здоровый келіншек.Мен қармақ бердім.Енді балықты өзі ауласын.Әрекет етсін!
Ендігі жерде баласы науқас ата аналарға көмектеспеймін! Тек қана жетімдерге көмектесемін! Болды,разговор закончен! Мазаламаңдар!
Read more
— Алло, бұл жоғалған заттар бюросы ма? – деді баланың дауысы. — Иә, балақай. Не жоғалттың? — Мен ...
Media Removed
— Алло, бұл жоғалған заттар бюросы ма? – деді баланың дауысы. — Иә, балақай. Не жоғалттың? — Мен анамды жоғалттым. Ол сіздерде емес пе? — Анаң қандай еді?
— Ол әдемі әрі мейірімді. Ол мысықтарды жақсы көреді. — Солай ма? Кеше ғана дәл сондай ананы тапқан едік. Мүмкін ол сенің анаң шығар. Сен ... — Алло, бұл жоғалған заттар бюросы ма? – деді баланың дауысы.
— Иә, балақай. Не жоғалттың? — Мен анамды жоғалттым. Ол сіздерде емес пе? — Анаң қандай еді?
— Ол әдемі әрі мейірімді. Ол мысықтарды жақсы көреді. — Солай ма? Кеше ғана дәл сондай ананы тапқан едік. Мүмкін ол сенің анаң шығар. Сен қай жерден хабарласып тұрсың? — №3 балалар үйінен. — Жақсы. Анаңды саған жібереміз. Күт.
Анасы бөлмеге кіріп келді. Әдемі әрі мейірімді. Қолына тірі мысық ұстап алыпты.
— Анашым! – балақай бар дауысымен айғайлап жіберді. Оны бас салды. Қатты құшақтағаны сонша, саусақтары қарысып қалды. – Анашым менің!!!
…Айбар өз дауысынан өзі шошып оянды. Мұндай түстерді ол күнара көретін. Жастығының астына қолын салып, әдемі қыздың суретін алды. Бұл суретті былтыр серуенде жүргенде даладан тауып алған. Енді оны ешкімге көрсетпей сақтап жүр. Осы суреттегі қыз оның анасы екеніне сенімді. Суретті үнемі жастығының астына тығып қояды. Түн қараңғысында да суретті алып, телміре ұзақ қарайтын оған. Өстіп жатып ұйықтап кетіпті…
Таңертең балалар үйінің меңгерушісі Перизат апай бөлмелерді аралап, қайырлы таңымен әрбір баланы оятып жүрген еді. Айбардың төсегінің тұсында жатқан суретті алып мұқият қарады.

Read more
"Кәрі қыз бала таппайды, бала тапса, қоярға жер таппайды" дегенді естуші едім, енді "кәрі қыздың" ...
Media Removed
"Кәрі қыз бала таппайды, бала тапса, қоярға жер таппайды" дегенді естуші едім, енді "кәрі қыздың" орнын "бай әйел" деп ауыстыру керек екен деп ойлап қалдым. Жалпы, әйелдің қалтасы қалың, жұмысы жоқ, қолы бос болса, баланың жағдайы қиындай түседі екен. Себебі, әлгі әйел баласын "гений" ... "Кәрі қыз бала таппайды, бала тапса, қоярға жер таппайды" дегенді естуші едім, енді "кәрі қыздың" орнын "бай әйел" деп ауыстыру керек екен деп ойлап қалдым😂. Жалпы, әйелдің қалтасы қалың, жұмысы жоқ, қолы бос болса, баланың жағдайы қиындай түседі екен. Себебі, әлгі әйел баласын "гений" қылым деп, ағылшынға да береді, биші де қылады, әншілікке де баулиды, гимнастикадан қалдырмайды, роботеxникаға береді, қысқасы, ол бармаған жер қалмайды. Әсіресе, бұл баланың ұстазына қиын. Ол байғұсқа күн жоқ. Отырса опақ, тұрса сопақ. Баламды далаға шығармады, ол ауа жұтпады, далаға шығарса, суық тиді. Баласының басы бірер пәнге жетпесе, демек мұғалім жаман. Әбден баршылықта өсіп, сөзі өтіп тұрған баланың "наглостында" шек болмайтынын көзім көрді шын. Енді ана ұстаз байғұсты шын аядым мен. Өзі наглый, өзі ерке балаға не ұрыса алмаса, не ұра алмаса, не ол бәтшағар қойды білмесе, қалай миына ми қосуға болады оның? Бірақ, байлыққа шылқып отырған әйелге бәрібір. Бәрі кінәлі. "Ал, баламның бұл салаға бейімі бар ма? Жалпы миы жете ма мұны оқуға?",-деген сұрақтар мүлдем мазаламайды екен ше.....Эx,өмірді сүре берсең, көре бересің деген сол. Осылай "бай әйелдер" жиналып, бір ұстаздың түбіне жеттік кеше😂. 1 қыркүйекке 1 апта қалғанда мұғалімді жұмыссыз, өзімізді мұғалімсіз қалдырып, қазір мәзбіз😂😅. Ал, сіздердің мектепке дайындықтарыңыз қалай?
#скорошкола📚
#мектеп
Read more
Баспанаға мұқтаж Құлсары тұрғыны,жалғызбасты ана Әлия Мерғалиева. 2-33-20-адресі. 3-баласы ...
Media Removed
Баспанаға мұқтаж Құлсары тұрғыны,жалғызбасты ана Әлия Мерғалиева. 2-33-20-адресі. 3-баласы бар.Мынау суреттегі 2-ұлы.Қызы 13-жасар.Инстаға салмадым. Халықтан көмек сұрайды. Құлсарыда үйлер бір жарым, екі жарым миллион мың теңге тұрады. Туған-туысым көмектеспейді ... Баспанаға мұқтаж Құлсары тұрғыны,жалғызбасты ана Әлия Мерғалиева.
2-33-20-адресі.👆
3-баласы бар.Мынау суреттегі 2-ұлы.Қызы 13-жасар.Инстаға салмадым.
Халықтан көмек сұрайды.
Құлсарыда үйлер бір жарым, екі жарым миллион мың теңге тұрады.
Туған-туысым көмектеспейді дейді.
Акиматта 625-інші болып үй кезегінде тұр!
Өзі пол жуады.Дипломы жоқ.Балалары мектепті жақсы оқиды.Ұлдары спортқа жақын.Қызы ағылшын тілі мен музыкаға жақын.
Осы 3-баланың жарқын болашағы үшін көмек көрсетем деген жандар болса...
Мамасы өзі рұқсат беріп отыр қызы Әлияның халықтың алдына шығуына!
Так ышто,узбагойтесь негативщики...
Баласының жағдайын анадан артық ешкім түсінбес...
"Бес саусақ бірдей емес."✋✋✋
Бір анадан ала да,құла да туады.👍👎
Адамның бір қолында бес саусақ бар.✋Бір саусақты👆 кессең де,екінші саусақты кессең де☝️✌🖖🤞✌ қанайды,ауырады...
Көмектеспеймін деушілерді ешкім зорлап кошелёктеріңізден тартып алайын деп жатқан жоқ.
700-теңге садақаларын аямайтын қазағымның жақсылары мен жайсаңдары аман болсын! 🙇‍♀️ 831-220-402-738-ИИН.АЛИЯ МИРГАЛИЕВА.
Read more
Бүгін сондай ашулымын. Кінәлі емеспін демеймін, түбінде кінә өзімнен ыстық күнде баламен шыққан... ...
Media Removed
Бүгін сондай ашулымын. Кінәлі емеспін демеймін, түбінде кінә өзімнен ыстық күнде баламен шыққан... Бірақ қазақ десең, өзіңе келеді. Көшеде коляскамен жүргенде бір қазақтың қызы мен ұлы көмек бермейді, білесіз бе?! Ал Алматының бүкіл көшесінде жаяу жүргіншілерге ,әсіресе баспалдаққа ... Бүгін сондай ашулымын.
Кінәлі емеспін демеймін, түбінде кінә өзімнен ыстық күнде баламен шыққан... Бірақ қазақ десең, өзіңе келеді. Көшеде коляскамен жүргенде бір қазақтың қызы мен ұлы көмек бермейді, білесіз бе?! Ал Алматының бүкіл көшесінде жаяу жүргіншілерге ,әсіресе баспалдаққа келгенде коляскаға арналған жері бар дей алмаймын. Хотя, велосипед әр аттам жерде тұр😑 Сосын,баспалдақтарға келгенде коляска бір қолда, қызың бір қолда қалады. Ұлтқа бөлінуім емес, бірақ орыстың ұл-қызы, тіпті баласымен жүрген келіншегі көмектеседі үнемі. Баласы бар адам ғана түсінер біздің жағдайды.
Негізгі ашуды да, жазбаны да тудырған инцидент мынау...
Жиналмалы коляскаға қуанасың-ау, бірақ бүгін оны ауыстырамын деп шештім. Өйткені жаңа мен банкоматта тұрғанда жанымда коляскада отырған қызым коляскасымен бірге құлап қалды. А потому что #еппашамайтbamakahdjdunfj, коляска жиналып қалды өзімен өзі. Сенесіз бе?! Жүрегімнің ұшқаны😥 Туғалы еш жерін соқтырмай ,құлатпай сақтап, аялап жүрген маған бұл үлкен псиxологиялық соққы🙁
Ең сорақысы, үп-үлкен аға жанындағы жас қызбен қарап тұр. Прям тесіліп. Менің баламды жиналған коляскадан шығара алмай жатқанымды концерт қып тамашалап тұр. Ашумен ұрсып бердім, "не тұрыс, көмектессеңдерші xотя бы" деп😪
Сонда ғана қимылдады ағам😬
Баланың жан ұшырып жылағанына қалай қарап тұра алады? Білем, біреудің баласы. Сонда да😬 Бұл бүгін. Бірақ мен босанғанғалы көшеде коляскамен жүремін. Өзім сұрамасам өздігінен баспалдақтан түсіп-көтерілуге бір жігіт көмектескен емес. Неге сонша жабайымыз деген ой маза бермейді осындайда. Күнде болатын жағдай бұл.
Тен өлгенде шықты "типо патриоттар" ұлтқа бөліп, өзге ұлт үшін зарладыңдар деп. Бірақ мейірімді кейде сол өз қазағыңнан емес, өзгеден көресің.
Так что, бөліне бермей, жан-жағымызға кейде назар аударып (кемпір-шалға жолдан өтуге көмектесіп, аналарға жолда көмектесіп тбсс) ,айналамызға мейіріммен қарайықшы!
Пы: Еркенің жағдайы жақсы, тек шошып қалды. Ұмытып кетті уже🙏🏻
Read more
Ааал, өткен постымдағы сауалнаманың жауабын жазайын. . Басым бөлігі шошып, қайта араласпайтынан, ...
Media Removed
Ааал, өткен постымдағы сауалнаманың жауабын жазайын. . Басым бөлігі шошып, қайта араласпайтынан, "шотты екіге бөлсе, жігіт еместігін" жазып жатыр. Ал, кей бөлігі Еуропада қалыпты жағдай деуде. . Біз Еуропа емес, Азияда тұрамыз. Шығыстық менталитетпен тәрбиелендік. Сондықтан ... Ааал, өткен постымдағы сауалнаманың жауабын жазайын.

Басым бөлігі шошып, қайта араласпайтынан, "шотты екіге бөлсе, жігіт еместігін" жазып жатыр.
Ал, кей бөлігі Еуропада қалыпты жағдай деуде.

Біз Еуропа емес, Азияда тұрамыз. Шығыстық менталитетпен тәрбиелендік.
Сондықтан география, тәрбие, басқасын қоя тұралық. Тек адами тұрғыдан алып қарайық.

Менің ойыммен келісуіңіз де, келіспеуіңіз де мүмкін. Қай пікіріңізге де құрметпен қараймын және сізден де соны өтінемін.
#ЭльвираныңБестігі
Кеттік!

1. Жігіт не қыз болсын,таныс не бейтаныс болсын,ешкім бізге ештеңеге міндетті емес. Тамақ алып беруге тем более.Мұны кіріспе деп қабылдаңыз.

2. Кездесуге инициатива кімнен болғанын анық жазғам жоқ, жігіттен деп болжап алдыңыздар. Ок, жігіттен болсын.
Бірақ, танысуға деген қызығушылық 50/50 ғой.
Мүлде ұнамаған адаммен интернет арқылы танысып, кездесуге бармайды ешкім.
Жазғаны, суреттері ұнағасын оффлайнға өтеді.
Сондықтан бәрі де 50/50 болғаны - норма))

3. Иә, ер адам - әрқашан қауіпсіздік символы. Бірінші кездесуден-ақ аш қалдырмайтынын, мұқият екенін білдіру керек, шотты төлеу керек. Бірақ, бейтаныс қыздың бәріне емес және жігіттің бәрі бірдей емес.

Бейтаныс қызға қандай да бір қызметіне ақы береді.
Ал, сізбен тек қана танысты. Жігітіңіз емес әлі, досыңыз да емес, танысыңыз. Алғаш көріп тұрсыз.
Бәлкім, кездесіп жүрген жігітіңіз шотты бөлсе, әңгіме басқа болар еді.
Ал, міндетке айналып кеткен әдет: бейтаныс жігіттердің шот төлеуі - сұлулығымызға комплимент 🙃

4. Жігітпен танысқанда одан күйеуді, баланың әкесін көру қате. Таныссақ болды,фантазия шіркін ұшады ғой шарықтап)))
Ал, кездесіп отырған жігіт тек дос болғысы келетін шығар?
Достар бөлек есеппен жүре береді.

5. Кездесуден кейін қайта араласпай кетуге шешім қабылдасаңыз, демек, сізге адамды бар болмысымен қабылдау қиын.
Өйткені, ол жігіттен счет төлейді, джентельмен болады, ілтипат білдіреді деп, көөп нәрсе күтіп қоясыз.
Соңында ожидание/реальность күйіне түсіп, өз ренішіңізбен алысасыз 😊
Дәл осы жерде бірінші пунктке қайта ораламыз.

Қандай жағдай орын алса да, ойыңызды айтып,себебін сұрау керек.
Біреу үшін шешім шығаруға болмайды.
Бәлкім, ақшасын дұрыс есептемей шыққан болар?
Бәрі мүмкін)
Read more
Loading...