А жаңа жүрегің деп

Loading...


Unique profiles
58
Most used tags
Total likes
0
Top locations
Zhetisay, Ongtüstik Qazaqstan, Kazakhstan, Astana International Airport, Lotte World Tower, Seoul Sky
Average media age
737.2 days
to ratio
5.3
Қайырлы күн мұсылман жамағат! Мен есімім Жадыра. Шырылдап, жанын шүберекке түйіп, баласы үшін ...
Media Removed
Қайырлы күн мұсылман жамағат! Мен есімім Жадыра. Шырылдап, жанын шүберекке түйіп, баласы үшін ем іздеп жүрген анамын. Балам 9 жаста есімі Ақназар. Ақназарым өмірге сап сау бала болып келген. Қатарластарымен бірге бала-бақшаға барып, мектеп табалдырығын аттап, 2-сынып оқушысы ... Қайырлы күн мұсылман жамағат!
Мен есімім Жадыра. Шырылдап, жанын шүберекке түйіп, баласы үшін ем іздеп жүрген анамын. Балам 9 жаста есімі Ақназар.
Ақназарым өмірге сап сау бала болып келген. Қатарластарымен бірге бала-бақшаға барып, мектеп табалдырығын аттап, 2-сынып оқушысы еді.
2017 жылдың 8 ақпан күні аяқ асты əлсіреп, тəбеті болмай, сол қолын көтере алмай, басын ұстай алмай, жан-сақтау бөліміне түстік. Балапанымның жағдайы тез арада қиындап кетті. Өзі дем ала алмай аппаратқа алды. 1 аптадай комада болды. Ағайын-туыспен бірге жансақтау бөлімін күзеттік. Ол күндері басымыздан өткенді Алла ешкімге бермесін
Менингиттің өте ауыр түрі деді дəрігерлер, Менингоэнцефалит деп диагноз қойды.
4 ай аппаратта болдық. Басында аппаратты мұрнына түтікше қою арқылы жалғаған еді. Кейін трахеостомаға келісуге тура келді. Тамағын тесіп, түтікше қойды.
4 айдан соң түтікшемен дем алып үйрендік. Біз 9 маусымда портативный отсос сатып алған соң үйге шықтық.
Қаншама қиындықтармен 9 жасар балам күресіп келе жатыр. 9 жасар өмірінде өлімнің дəмін татқан балапаным қатты қорқады. Клинический смертте бірнеше рет болды.
Қолдарын көтере алмайды, өздігінен дем ала алмайды. Балапанымның толық дем алуы үшін бізге ИВЛ (искуственная вентиляция легких) аппараты мен механический откашливатель керек. Ал ол аппараттардың құны 5 187 000 теңгені құрайды. Ондай ақшаға біздің шамамыз келмейді. Баламның көз алдымда əр қиналғанын көргенде жүрегім жылайды..... Аналық жүрегіммен жалбарынып сұраймын, қол ұштарыңызды созыңыздаршы. Қанша тенге болсын 50 тенге 100 тенге болсын біз ризамыз. Ұлым екеуміз үлкен үмітпен сіздерден көмек күтеміз. Алла разы болсын барлықтарыңызға. Балаларымыз ауырмасын.
Анасы Абдилдаева Жадыра Сарсеналиевна, моб. +7 747 665 4807,
ИИН 860725402459.
Карта Каспи голд: 5169 4931 0061 9306.
Карта Халық Банк: 5354 5100 8239 1110.
Карта Казком: 4003 0327 7766 9583.
Әкесі Орманбеков Акылбек Абзелбекович, моб. +7 707 268 8695,
ИИН 821219301885
Карта Сбербанк: 4263 4472 9124 1708.
Read more
Loading...
Адам есейген сайын ақылым көбейіп келе жатыр деп ойлайды... Бірақ ақылды болған сайын арманға ...
Media Removed
Адам есейген сайын ақылым көбейіп келе жатыр деп ойлайды... Бірақ ақылды болған сайын арманға қол жеткізу қиындап, кқп нәрсеге сене бермейтін боламыз.. Байқайсыздар ма, қай-қайсымыздың болсын бала кездегі армандарымыздың көбі орындалған.. Неге..?! Себебі баланың энергетикасы ... Адам есейген сайын ақылым көбейіп келе жатыр деп ойлайды... Бірақ ақылды болған сайын арманға қол жеткізу қиындап, кқп нәрсеге сене бермейтін боламыз.. Байқайсыздар ма, қай-қайсымыздың болсын бала кездегі армандарымыздың көбі орындалған.. Неге..?! Себебі баланың энергетикасы таза! Олар ешкімді жамандамайды.. Ешкімге ренжімейді... Ешкіммен ұрсыспайды... "Періште айтса қабыл болады", "періште жол қарап еді, қонақ келді" деп өзіміз де талай айттық... Көп жағдайда неге тілегіміз қабыл болмайды..! Себебі Жаратушыға айтып жатқан арызымыздың жолын өзіміз жауып тастаймыз.. Блок көп! Негатив көп! Жаман энергетика көп..! Шашымыз кірлесе жуамыз, үйіміз кірлесе тазалаймыз, киім кірлесе жуамыз.. Ал жан-дүниені ше..?! Оны тазалаудың жолы көп.. Ең алдымен Алламен сырласу,дұға жасау, шынайы жылау, өзімізді ренжіткен адамдарды кешіру... Қанша қиын болса да кешіріңіз, сонда өз жолыңыз ашылады.. Сосын өзіміз ренжіткен адамдардан кешірім сұрау.. Ол да блок.! Өзіміз білмейтін әңгімеге араласпау.! Қорқынышты жаңалықтардан, кинолардан миды таза ұстау..! Мәнсіз посттарды оқымау, өзіңізге қатысы жоқ адамдардың инстасына қарамау...Жүрегімізге жақын қабылдайтын ауыр сериалдарды көрмеу..! Кісінің көңіліне келетін ауыр сөз айтпау! Біреу тиісіп жатса жауап бермеу..! Тазалықты балалардан үйренуіміз керек негізі.. Яғни жүрек пен миды таза ұстаңыз..! Тазалаңыз..! Сонда барлық тілегіңіз қабыл болады.. Жолыңыз ашылады..! Барлық арманыңызды орындайтын Алла бар, тек сеніңіз, дұға етіңіз..! Сәттілік! ❤️ Аллам, таңдырымды өзіңе тапсырдым! Біліп-білмей жасаған күнәмді кешір..Жұма мүбәрәк болсын! ❤️
Read more
Ардақты ағайын! Екі түрлі жаңалығым бар. Біріншісі - 7 баланың анасы тірі екен! Әлxәмдулилләһ!🤲🤲🤲 Екіншісі ...
Media Removed
Ардақты ағайын! Екі түрлі жаңалығым бар. Біріншісі - 7 баланың анасы тірі екен! Әлxәмдулилләһ!🤲🤲🤲 Екіншісі - жап-жас баланың "анам қайтыс болды" деп өтірік айтқаны. Ия, тағдыр тауқыметі, әбден қиналғандықтан, елден мейірім болмағандықтан өтірік айтқан болар. Бірақ, анасын ... Ардақты ағайын!
Екі түрлі жаңалығым бар.
Біріншісі - 7 баланың анасы тірі екен!
Әлxәмдулилләһ!🤲🤲🤲
Екіншісі - жап-жас баланың "анам қайтыс болды" деп өтірік айтқаны.😔😔😔
Ия, тағдыр тауқыметі, әбден қиналғандықтан, елден мейірім болмағандықтан өтірік айтқан болар. Бірақ, анасын өлімге қию... Менің ақылым жетер емес.😱😱😱
Екі-үш сағатта сіздердің арқаларыңызда 130 мыңдай қаржы жиналды. Көп түкірсе көл деген осы.
@elmira_eshniyazova әпкемізге мың алғыс, жетім қалды дегенге жүрегі ауырып, бірден байланысқа шыққан! 🙏🙏🙏
Ол аманатты анасына апарып тапсырамын.
***
Баяғыда бір кісіге көршісі қатты мұқтаждыққа ұшырағанын, неше күн нәр татпағанын айтып көмек сұрап келген екен. Қолында бар қаржысын көршісіне беріп, қуантып, шығарып салған соң, үйіне кіре салып, өкіріп жылаған екен. Сонда әлгі адамның әйелі таңғалып: Отағасы, сіз керемет сауапты іс жасадыңыз! Алла мұның бәрін көріп тұр, сөзсіз сауаптан жазады. Неге жылайсыз? - деп сұрапты.
Сонда ол адам: - Мен көршімнің жағдайын сұрамай, назардан тыс қалдырып, оның алдыма көмек сұрап келуге мәжбүр еттім. Айтқызбай, сұратпай беруім керек еді. Енді Раббыма қай бетіммен қараймын? - деп егіле түскен екен.
***
Біз де жас балалар "анам өлді" деп өтірік айтпаса, "қарнымыз аш, көмектесіңізші" дегенге селт етпейтін болдық қой. Аллаға қай бетімізбен қараймыз? Кешіріңіздер! Алла барша садақа беріп, қол ұшын созғандарға сауаптан жазсын!
P.S. Отбасының көмекке мұқтаж екені ақиқат. Ауру ана, жеті бала. Алаяқтық емес. Ең қауіпті нәрсе - баланың өтірік айтуы. Алла бәрімізді кешірсін!
Read more
*** Кәпір ме, мұсылман ба? *** Дақ түсіріп иман мен тектілікке, Жүрегіміз кірлеген көп күдікке. Ғалым ...
Media Removed
*** Кәпір ме, мұсылман ба? *** Дақ түсіріп иман мен тектілікке, Жүрегіміз кірлеген көп күдікке. Ғалым адам насиxат айта отырып, Сұрақ қойды былай деп көпшілікке: *** - "Бір адам бар: жұмақты қаламайды, Қорқынышпен тозаққа қарамайды. Көрмегенге Куәлік береді де, Өлексені ... ***
Кәпір ме, мұсылман ба?
***
Дақ түсіріп иман мен тектілікке,
Жүрегіміз кірлеген көп күдікке.
Ғалым адам насиxат айта отырып,
Сұрақ қойды былай деп көпшілікке:
***
- "Бір адам бар: жұмақты қаламайды,
Қорқынышпен тозаққа қарамайды.
Көрмегенге Куәлік береді де,
Өлексені xарамға баламайды.
Рукүғ пенен сәждесіз намаз оқып,
Осы амалын дұрыс деп бағалайды.
Сөйте тұра, Фитнәні жақсы көріп,
Ақиқаттан қашады, жоламайды.
Мұндай адам кәпір ме, мұсылман ба?
Жауап берсін, кім қалай шамалайды?"
***
Естігендер сұрақты ақылды еді,
Бір ауыздан барлығы: - Кәпір! - деді.
Ал ғұлама: - Бұл нағыз - Мүмін адам,
Түсіндірем себебін, мақұл, - деді.
***
- "Тыңдаушының көтермей қан қысымын,
Бұл сұрақтың ашайын мәнді сырын.
Шын мүміннің қалауы - жұмақ емес,
Пәк дидары сүйікті Раббысының.
***
Үрейленіп қиямет сапарынан,
Үміт етіп Раxимның шапағынан.
Шын мұсылман тозақтың азабы емес,
Раббысының қорқады қаһарынан.
***
Сөздің мәнін көп адам біледі кем,
Көзқарасы мүміннің үнемі кең.
Көрмегенге куәлік берген адам,
Иман етті ғайыпқа жүрегімен.
***
Өлі балық - адамның адал асы,
Көңіліңді күдіктен тазалашы.
Рукуғ пенен сәждесіз намаз қылса,
Ол, әрине - мәйіттің жаназасы.
***
Фитнә деген - мал-мүлік, біл бағасын,
Жақсы көріп, табам деп зыр қағасың.
Өлім еді - қашатын Ақиқаты,
Ал ажалды өзіне кім қаласын?
***
Түгеншені кәпір деп таңбалама,
Пәленшені пақыр деп паң қарама.
Жұртты қойып нәпсіңді ауыздықта,
Үкім айтар ең әділ - Алла ғана!"
Read more
Туған күн деп биледік,тойладық #теперь дорогая Советxановна пора на работу Депппп жұмысқа кірістік!!!! * * Жүрегіміз лүпілдеп,көңілім НОВОСИБИРСК ЖАҚТА !!! КОМАНДАМЫЗҒА тағы бір МЕРСЕДЕС КЕЛЕ ЖАТЫР ИН ШАА АЛЛАХ! * * @oryntai.nl_krg -ымыз құжаттарға қол қойып жатырр!!!! АЛТЫНДАРЫМ ... Туған күн деп биледік,тойладық #теперь дорогая Советxановна пора на работу💪 Депппп жұмысқа кірістік!!!!
*
*
Жүрегіміз лүпілдеп,көңілім НОВОСИБИРСК ЖАҚТА !!!
КОМАНДАМЫЗҒА тағы бір МЕРСЕДЕС КЕЛЕ ЖАТЫР ИН ШАА АЛЛАХ!
*
*
@oryntai.nl_krg -ымыз құжаттарға қол қойып жатырр!!!!
🚗🚗🚗
АЛТЫНДАРЫМ ОЙЛАҢБАҢЫЗДАРШЫ, ЖАҢА ЖЫЛДА ,КЕЛЕСІ ЖЫЛДЫҢ ЖЕЛТОҚСАНЫНДА СІЗДЕ ОСЫНДАЙ ВИДЕО САЛЫП ОТЫРАСЫЗ!!!
ЖАЗЫҢЫЗ
ТІРКЕЛІҢІЗ
87472607727
Read more
Жалғасы Жұлдыз бір ауруханада жатқан Сəнімге келді.Сəнім қатты жарақат алған еді. Денесінің ...
Media Removed
Жалғасы Жұлдыз бір ауруханада жатқан Сəнімге келді.Сəнім қатты жарақат алған еді. Денесінің көп жері гипсте болды.Басына қатты зақым келген. -Сəнім,мені тыңдай аласың ба? Кешірім сұрауға келдім.Тергеушіге де бар шындықты айтпақпын.Сотталып кететін болармын.Сəрсен ауыр халде. ... Жалғасы
Жұлдыз бір ауруханада жатқан Сəнімге келді.Сəнім қатты жарақат алған еді. Денесінің көп жері гипсте болды.Басына қатты зақым келген.
-Сəнім,мені тыңдай аласың ба? Кешірім сұрауға келдім.Тергеушіге де бар шындықты айтпақпын.Сотталып кететін болармын.Сəрсен ауыр халде. Инфаркт алды.Осында жатыр. Мен саған зиян жасайын деген ештеңем жоқ. Мені түсіне алсаң, түсінерсің.. Кешіре алсаң, кешірерсің... Маған енді бұның маңызы жоқ. Менің тағдырым шешулі.Тек балаларымды ойлаймын. Ал сендер əлі бақытты бола аласыңдар.. Сəрсеннің тек аяғына тұрып кетуін тілеймін. Өзіңе де Аллам шипасын берсін,-деп Жұлдыз палатадан шығып кетті. Бір ауыз тілге келмей ,Сəнім үнсіз жата берді.Тек қасына келген қызына:
-Қызым,əкең жатыр осында, барып қалін сұрап кел..Жағдайы ауыр дейді.Бар! Қоштасып кел! Мен енді оны көре алмаспын. -деді əрең сөйлеп.
-Жақсы,барайын,-деп қызы əкесіне кетті. Жан-сақтау палатасында жатқан Сəрсен, қызы келгенде есін жиған болатын. Бірақ тілі байланған еді.
-Қалайсыз, əке?! Жазылып кетііңіз!-деп қасына жақындап еді,əкесінің көзінен жас ағып жатқанын көрді. Ақерке жасын нəзік қолдарымен сүртіп жіберді. Сəрсен бірдеңе айтқысы келді ме,ыңылдай бастады. Ақерке құлағын тосты.Сəрсен оған:"Кешір,Сəнім!
-деген еді.Ол Ақеркені Сəніммен шатастырған екен. Сол сөздерден кейін ол көз жұмды.Жаны жанталасып,кеудесінен шықпақ болып, ажал төніп келіп, алмақ болып жатқанда Сəрсеннің соңғы демі "Сəнім" деп шықты.Сəнім қайтқанын сезді. "Қош,сүйіктім!-деп күбірледі. Сəрсеннің жанары жұмылып бара жатты.Көз алдына қызыл көйлекті Сəнім келді.
Жұлдызды кешіріп,Сəнім істі сотқа жібертпеді. Сəрсенді арулап көміп,екі əйел екі жаққа тарасты.Садақаларын екеуі екі жақтан беріп, тек жылдық садақасында кездесіп,араласып кетті.
Бір еркекті сүйген екі əйел..
Ер азаматы үшін отқа да, суға да түсетін, жүрегін сурып беретін, ƏЙЕЛДЕР- жандарың мəңгі жасасын!💖
Соңы.
Ал жеттік соңына..😁Эфирге ертең шығамын кешке..
Read more
Loading...
 #ҚЫРҚЫНАНШЫҒАРУ Сəби келсе дүниеге нұрланады барлығы, Ғажайып бір күй кешеді, жарқырайды ...
Media Removed
#ҚЫРҚЫНАНШЫҒАРУ Сəби келсе дүниеге нұрланады барлығы, Ғажайып бір күй кешеді, жарқырайды таң нұры. Қуанышпен шаттанады жүрегіміз, жанымыз Баламенен өлшенеді өмірдегі бағымыз. Дүниеге сəби келсе, той жасайтын халықпыз, Сəбиге тек мейіріммен қараймыз ғой анық біз. Өмірімнің ... #ҚЫРҚЫНАНШЫҒАРУ
Сəби келсе дүниеге нұрланады барлығы,
Ғажайып бір күй кешеді, жарқырайды таң нұры.
Қуанышпен шаттанады жүрегіміз, жанымыз
Баламенен өлшенеді өмірдегі бағымыз.

Дүниеге сəби келсе, той жасайтын халықпыз,
Сəбиге тек мейіріммен қараймыз ғой анық біз.
Өмірімнің жалғасы деп ұрпағына ерекше
Көңіл бөлген! Қазақ деген алыппыз!

Өтті кезең қауіпті деп бала үшін
Шығарамыз баланы біз қырқынан.
Қарын шашын, сүт тырнағын аламыз
Нəр алсын деп дəстүр менен ұлтынан.

40 қасық су құяды тілекпен,
" Ғұмырлы бол", " ауырма" деп балапан
Осы суға түсіреді сəбиді
Шомылдарған сəтте күміс салынған.

Барлығына ырымдары берілген,
Балапанға жақсы тілек өрілген.
Салтымызды насихаттап əрдайым
Əн- жырларым сəби үшін төгілгін.

Пәк сәбиге бақ есігі ашылсын,
Қазағымның бар дәстүрі асыл шын.
@KT_GRAND агенттігі сіздерге,
Ұсынады дәстүрменен шашуын.
📝 Закариянова Сандуғаш Зарыққанқызы
_
Сіздердің қуаныштарыңызға ат салысу біз үшін үлкен мәртебе! Келіңіздер, біз сіздерді күтеміз 🤗

_____________________________________________________
#кыркынаншыгару #обряд40дней
#қырқынаншығаруалматы #қырқынаншығаруастана #кыркынаншыгаруалматы #кыркынаншыгаруастана #baby #happy #love #smile #instagram #instamoment #instavideo #instalike #like #l4l #likeall #liketime #liker #instadaily #instamood #instagood
Read more
Салем, кешегі әңгімемнің жалғасын жазайын<span class="emoji emoji1f60a"></span>. Қай нәрседен де қайырын іздеу керек! Жақсы жағын ...
Media Removed
Салем, кешегі әңгімемнің жалғасын жазайын. Қай нәрседен де қайырын іздеу керек! Жақсы жағын ойлау керек! Олай етпесе болмайды! Жане емшінің еміне де,дәрігердің еміне де Аллаға тәуекел етіп, "Алла шипасын бере гөр" деп сену керек! Сенбесең бос жүріс болады. Ауырғанымның жақсы жағы,телефоннан ... Салем, кешегі әңгімемнің жалғасын жазайын😊. Қай нәрседен де қайырын іздеу керек! Жақсы жағын ойлау керек! Олай етпесе болмайды! Жане емшінің еміне де,дәрігердің еміне де Аллаға тәуекел етіп, "Алла шипасын бере гөр" деп сену керек! Сенбесең бос жүріс болады. Ауырғанымның жақсы жағы,телефоннан мықты демалдым. Қыздар, бақыт сол екен😊🙈! Өмірі тыңдамайтын әуендерді тыңдадым. Адамдар туралы ойладым, өмір туралы ойладым. Кура @kuralai_82 досым келіп:"Сен мықтысың, тез тұр,"-деп күш беріп кетті. Ол кеткенше тұрып тұрдым да, кеткен бойда тағы құладым☘️😂.Мен ешқашан ауырғанымды анама айтпайтын адаммын! Сіңілілерімді де солай үйреттім. Менің ауырып жатқанымды інім Русик көріп айтып қойыпты. Әлсіреп жатып,дауысым жетпеді-ау деймін. Негізі: Русик мамаңа айтпашы,-деп,көзімнен жас шығып кетті. Ал, артынан жүгіріп шығуға дәрменім болмады. Содан кешке бар даусыммен телеыоннан:"Орынжан аға ұшықтады,жақсымын женеше! Ештеңеге алаңдама,"-деп алдап едім. Ана жүрегі сенбеген болуы керек,қызымды алып таңертең кіріп келді🙏🙏🙏. Жас әкем де:"Не болды,"-деді.... "Жақсымын",-деп ісіп кеткен көзімді жасырдым. Бүкірлеу де болып қалыппын, төрт күн жатқаннан болуы керек. Жас шешем:"Жаман айтпай жақсы жоқ, ең болмаса қызын көріп қалсын деп,"-келдім деп қарап отыр😊🙈... «Ой қойыңыз, Алладан ұзақ жас сұрап жүрміз",-дедім. Алла біледі кімге неше жас берерін, қанша нәсібе берерін! Оны адам ешқашан білмейді. Бірақ,"сақтансаң сақтармын" дегендей жүрісті сүзгіден өткізіп, арасында он күндей ештеңеге қарамай демалуды міндеттеп отырмын! Жане де қанша адамның өзіңе тілекші екенін білгеннен асқан бақыт бар ма достар? Ғажайып сезім! Сөзбен жеткізе алмаймын! Сүйгенді сүй демекші, мен өзімді сүйген жандарды сүюге ниеттімін. Сол жандардың маxаббатына шомылып сүймеген жандарды да құшағыма алмақпын!Аллаға мың шүкіршілік етемін! Тәуба! Ауырғаным үшін ризамын!Денсаулықтың қадірін білейік достар! Кешегі көйлегім де мына көйлегім де @matlyuba_atelier апамның тігіп бергені, ризамын апа. Денсаулығыма неше күннен алаңдап та қиналып кетті өзі, уайымдамаңыз @nur_shah_kazakhstan, @aida_kaumenova_kz сіздердің үшеуіңіздің көйлектеріңізді кім киеді мен ауыра берсем🌹😊. Тууу, тағы сыймай қалды ойым☘️.Жалғасы бар.. #Аллажарболсын
Read more
Loading...
Кейде пенделікпен болмашы нәрсеге өкпелейміз,ренжиміз,оны шегіне жеткізіп жамандаймыз.. ...
Media Removed
Кейде пенделікпен болмашы нәрсеге өкпелейміз,ренжиміз,оны шегіне жеткізіп жамандаймыз.. Өзін зор етіп,өзгені қор етіп көрсетсе сол ісінен ләззат алатындар бар...Біреуді мақтап,сол адамның мақтауын асыру үшін өзгені даттасақ тіпті керемет көрінетін секілді болады.. "Менің ... Кейде пенделікпен болмашы нәрсеге өкпелейміз,ренжиміз,оны шегіне жеткізіп жамандаймыз.. Өзін зор етіп,өзгені қор етіп көрсетсе сол ісінен ләззат алатындар бар...Біреуді мақтап,сол адамның мақтауын асыру үшін өзгені даттасақ тіпті керемет көрінетін секілді болады.. "Менің адамдарым мықты,басқаныкы сауатсыз "-деген секілді пікірмен жүретін қоғамда жетіп жатыр өресіз жандар... Өзіңді мақтау үшін өзгені даттап керек жоқ ! Қызыл-жасыл дүние үшін туысымен араздасып жүргендер қаншама.. Түймедейді түйедей етіп,тырнақ астынан кір іздеп жүрген, жанындағы жанашырының қадірін білмей ,түкке тұрғысыз тірлік үшін ,айналадағы жақының тұнығын лайлап жүргендер қаншама😔... "Бәленше сені былай депті,сені сөгіпті"-десе бітті айтқан адамды ата жауымыздай көреміз...Жүрегіміз,пейіліміз кеңейген сайын алдымыздан керемет есіктердің ашыла беретінін естен шығара саламыз-ау..."Жүрген соң бауырында күнде көріп,таулардың биіктігі байқалмайды"-деген жолдардың мағынасына терең үңіле білсек қой..
Осы жазбаны жазып отырып,сан-қилы ойлар санамда сайрап тұрғаны😢..
Мен жол жүргенде көп ойланамын,сол ойларымды ақ қағазға түсіріп отыратын әдетім бар.. Қазір де жол жүріп бара жатырмын.. Нағашыларыма көңіл айтуға шықтым😢..Анамың туған інісі Сансызбай ағам өмірден өтті деген суық xабар келді.. Нағыз тау тұлғалы,кең жүрек,ақ адал азамат еді.. !
Анамның көңілі босаса,бала құсап бірге еңкілдеп отыратын кезі көз алдымнан кетпейді😢! "Баладай көңілі бар,Даладай пейілі бар "-деген теңеу осы кісіге айтылған шығар... Менің әр жетістігіме балаша шаттанатын нағашым еді ! Еш туыспен бір шай десіп көрген емес.. Ол да бір ұлылықтың белгісі деп білемін !Жаның Жәннатта болсын-ағашым"!
Сіздердің көңілдеріңізді босатайын дегем жоқ! Тек қана туған-туыс деген ұғымның қадірін білейікші ! Жиі xабарласып,үлкеніне құрмет кішісіне ізет танытып жүргеннің өзі үлкен сауап !
Осы жазбамды оқып отырып ренжіткен туысыңыз,ренжіген туысыңыз есіңізге түссе кешіріммен қарай салыңыз ! одан кеңімесеңіз кемімейсіз !
Көп жазып кетсем кешірім өтінемін!
Ғұмырлы болайық!
Тұғырлы болайық!
Жүрегімізге иман нұры төгілсін бастысы!
Read more
Отандық танымал әншінің су жаңа бейнебаяны кеше ғана көрерменге жол тартты. Әнші бұл жолы да клиптегі ...
Media Removed
Отандық танымал әншінің су жаңа бейнебаяны кеше ғана көрерменге жол тартты. Әнші бұл жолы да клиптегі басты рөлді Тәуекел Мүсілімге берген. Екінші бейнебаянында да Тәуекелмен аймаласқан Жанар Дұғалова көпшілікке жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ. Жанар Дұғалова кеше жаңа туындысы ... Отандық танымал әншінің су жаңа бейнебаяны кеше ғана көрерменге жол тартты. Әнші бұл жолы да клиптегі басты рөлді Тәуекел Мүсілімге берген. Екінші бейнебаянында да Тәуекелмен аймаласқан Жанар Дұғалова көпшілікке жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жанар Дұғалова кеше жаңа туындысы "Сүйем-жек көрем" әніне түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті. Бейнеклипте Жанардың ғашығының рөлін тағы да Тәуекел Мүсілім ойнады.

Айта кетейік, осыдан бұрын Жанардың "Ала кетпедің" әнінің бейнебаянына да Тәуекел түскен болатын. Бұл жолы да дәстүрден таймай, қос ғашықтың рөлін сомдаған жұлдыздар көпшілікті қызықтырып қойды.

Желі қолданушылары Жанарды Тәуекелге ғашық деп жазса, енді біреулері клиптегі тым ашық образдар мен екі актердің құшақтасып, аймаласқан тұстарын сынады. "Осы Жанар Тәуекелге өзі ғашық сияқты", "Неге үнемі Тәуекелмен түседі?", "Соншама аймаласып не болды екеуіне?", "Жанар Тәуекелді өзіне қарата алмай жүрген сияқты", "Кейде Жанардың өлеңдері Тәуекелге арналған сияқты" деп пікір білдірді оқырмандар.

Айта кетейік, Тәуекел мен Жанар Дұғалова "Махаббатым" жүрегімде фильмінде де ғашық жандарды сомдаған болатын[email protected]
Read more
Прикольные фотки.))) Ал енді постқа көшейік. Адам өзіне ұнамаған іспен айналыспаса, көңілге ...
Media Removed
Прикольные фотки.))) Ал енді постқа көшейік. Адам өзіне ұнамаған іспен айналыспаса, көңілге қарап өзіне ұнамаған жанның жанында жүруге мəжбүр болса, өзгені ренжітпеу үшін ой-тілегін ішіне бүгіп жүрсе КҮЙІП кетеді.☻ Сіз күйгенде сіз көңіліне қарап жүрген адамға да керек болмай ... Прикольные фотки.)))
Ал енді постқа көшейік.
Адам өзіне ұнамаған іспен айналыспаса, көңілге қарап өзіне ұнамаған жанның жанында жүруге мəжбүр болса, өзгені ренжітпеу үшін ой-тілегін ішіне бүгіп жүрсе КҮЙІП кетеді.☻
Сіз күйгенде сіз көңіліне қарап жүрген адамға да керек болмай қаласыз. Өйткені күйгенде энериядан жұрдай боласыз. Энергия болмаса ешкім сізге ұмтылмайды.💣
Сондықтан жаныңыз қалаған іспен айналысып жүрегіңіз қалаған адаммен бір болуға ұмтылыңыз.
..Мен жұмыс туралы мысал айтайын. Алла маған үнемі өзім қалаған жұмысты сый қылып береді. Мың шүкір. Ол жерде өзімді көрсетіп бар потенциалымды сарқығаннан кейін мен ойша келесі жұмысты іздей бастаймын. Бəрі дұрыс болса да ол этапты бағындырғасын мен іштей тыным таппай кетемін. Осы кезде Алла өзі алып келіп мені басқа белеске көтеріп жібереді.
Біздің қоғамда жиі жұмыс ауыстырғандардан қорқады. Меніңше əрбір жаңа жұмыс сенің жаңа қырыңды ашатын БЕЛЕС.
Жүрегің тағы бір сатыға көтерілсем деп бұлқынып тұрғанда бір жерде тапжылмай тұру мені депрессияға түсіріп жібереді.))) Шыны керек, амалсыздан жұмысына барып-келіп ашудан жарылайын деп жүрген көп адамды білемін. Үнемі көңілдері жоқ, жанарда ұшқын жоқ.
Ал менің позициям басқалау. Бұл тұрақсыздық емес, бұл - БРИЛЛИАНТ секілді өмір атты зергердің шеберханасынан əр кезеңде өңделу.
Сол себептен қазір ҮЛКЕН ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛҒА АЛҒАН @abpro компаниясындамын.
Алда жаңа тың жобалармен сіздерді қуантамыз деп үміттенемін.
...
Менің постымды оқып алып ертең бəріңіз АРЫЗ жазып жұмыстан шығып кетпеңіздер.😂 ... #жобалар #тележүргізуші
#жұлдыздар
#шоубизнес #гүлназдыңжазбасы #қазақшапсихология
#қазақшакино
Read more
«Әр күні таңертең мүшелер тілге мынадай деп жалбарынады: Біздің атымыздан сөйлегенде Аллаһтан ...
Media Removed
«Әр күні таңертең мүшелер тілге мынадай деп жалбарынады: Біздің атымыздан сөйлегенде Аллаһтан қорқ, жаман сөз айтпа, бізді отқа тастама! Біздің дінге мойынсұнып немесе мойынсұнбауымыз саған байланысты. Сен дұрыс болсаң, біз де дұрыс боламыз. Сен бұрыс болсаң, біз де боламыз" -дейді ... «Әр күні таңертең мүшелер тілге мынадай деп жалбарынады: Біздің атымыздан сөйлегенде Аллаһтан қорқ, жаман сөз айтпа, бізді отқа тастама! Біздің дінге мойынсұнып немесе мойынсұнбауымыз саған байланысты. Сен дұрыс болсаң, біз де дұрыс боламыз. Сен бұрыс болсаң, біз де боламыз" -дейді екен. "Адам баласы жақсы сөз айтсын немесе үндемесін"
.
.

Дәуіттің (ғ.с.) баласы Сүлеймен де (ғ.с.) адамдарға: «Егер сөйлеу - күміс болатын болса, сөйлемей тыныш тұру - алтын»- деп түсіндірді. .
.
Тура сол сияқты пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) бір кісі келіп:
«Ей, Мұхаммед (с.ғ.с.): Маған мені жәннатқа кіргізетін амалдарды айт!- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол кісіге былай деді: «Аш қалғанға - тағам, шөлдегенге сусын бер, жақсылыққа бұйыр, жамандықтан қайтар. Егер бұған да шамаң келмесе, онда жақсы сөз айт, жаман сөзден тіліңді сақта».
.
.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадис-шарифте мүміндердің сөздері қандай болуы керектігін былайша түсіндіреді:
«Мүміннің тілі жүрегінің түбінде болады. Егер бір нәрсені айтқысы келсе, оны жүрегімен тексеріп көреді, кейін тілімен айтады. Екіжүзді адамның тілі жүрегінің бергі жағында болады. Егер бір сөзді айтқысы келсе, айта салады, оны тексеріп көрмейді». Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімнің сөзі көбейсе, қателесуі көп болады. Кімде-кімнің қателесу көбейсе, күнәсі көбейеді. Кімнің күнәсі көп болса, тозаққа лайық болады»- деген.
.
(Бізде таң атты, бүгінгі күн берекелі болсын. Сіздерге қайырлы түн)
Read more
Loading...
Баяғыда бір адам болыпты. Ол өзгеге қуаныш, бақыт сыйлаудың не екенін білмепті. Ешқашан мұңайып, ...
Media Removed
Баяғыда бір адам болыпты. Ол өзгеге қуаныш, бақыт сыйлаудың не екенін білмепті. Ешқашан мұңайып, жылап көрмеген, жақсы көрудің не екенін білмеген оны ел "Тасжүрек адам" деп атап кетеді. Бірде жаңа жыл қарсаңында "Тасжүрек адам" қала орталығына қойылған үлкен шыршаны көреді. Шыршаға ... Баяғыда бір адам болыпты. Ол өзгеге қуаныш, бақыт сыйлаудың не екенін білмепті. Ешқашан мұңайып, жылап көрмеген, жақсы көрудің не екенін білмеген оны ел "Тасжүрек адам" деп атап кетеді.
Бірде жаңа жыл қарсаңында "Тасжүрек адам" қала орталығына қойылған үлкен шыршаны көреді. Шыршаға ілінген ойыншықтарды көру үшін кербездене қасына жақындайды. Ал шырша маңында жұп-жұқа, әрі әбден тозығы жеткен күртеше киген кішкентай бала тұрады. Тасжүрек адам оған көз қиығымен қарайды да, шырша ойыншықтарын қолымен ұстап көріп әрі қарай өз жолымен кете барады.
Үнсіз қалған балақай оның алыстағанын күтіп тұрады да:
-Е, Алла, киімім ескіріп, қатты тоңып жүрмін. Мен сенен негізі жаңа киім сұрайын деп тұр едім. Бірақ дәл қазір менен де өткен бейбақ, өте "кедей" жанды көрдім. Алла, өтінем сенен, мына адамға басқа жүрек берші, әйтпесе ол бара-бара тасқа айналмай ма?-дейді аспанға қарап.
Санаулы минуттан соң сол жерге "Тасжүрек адам" қайтып келеді, оның қолында балақайға арналған қыстық киімдер бар еді...
Әрине, Алла тағала оның жүрегін ауыстырған жоқ, тек баланың тілегін орындап "Тасжүрек жанның" жүрегіне жылу мен маxаббат сыйлады.
#ТекЖақсыТілекТілейік😘
Read more
Қайырлы күн,жамағат! Бүгін Сіздермен жақсы керемет жаңалығым мен қуанышымды бөліскім келіп ...
Media Removed
Қайырлы күн,жамағат! Бүгін Сіздермен жақсы керемет жаңалығым мен қуанышымды бөліскім келіп отыр! Қазір ғана маған,өзі нәп-нәзік, кіп-кішкентай болса да қорғансызға қорған,панасызға сая болып жүрген қазақтың батыл да батыр қызы- Бибігүл ханым @bibiguldauletbek қоңырау шалды. ... Қайырлы күн,жамағат!
Бүгін Сіздермен жақсы керемет жаңалығым мен қуанышымды бөліскім келіп отыр! Қазір ғана маған,өзі нәп-нәзік, кіп-кішкентай болса да қорғансызға қорған,панасызға сая болып жүрген қазақтың батыл да батыр қызы- Бибігүл ханым @bibiguldauletbek қоңырау шалды. Сезімімді тербетіп,жұбатып отыр едім ,Бибігүл ханымның сыңғырлаған әсем дауысын естіп төбем көкке жетті! Нәзік тәп-тәтті үнімен " Толқын ханым,Сізге Назерке @nazerke.semey деген ақын қызымыз қайырымдылық жасап көмек бергісі келіп отыр,қарсы болмасаңыз"- деген сөзін естіп ,еріксіз көзден жас кете берді. Қаршадай қазақтың қос аруы, Назерке @nazerke.semey -өзі студент,өзі жас ,ақша өзіне де артықтық етпейді,әйтсе де менің қос құлыным Бегім мен Сезіміме көмек берсем деген ниеті , жүрегінің кең-жомарттығы,өзінің ғана емес өзгенің ауыр тауқыметіне өзі қосыла жаны ашып жылап тұрған дауысын естіп ,
"Алла қайда жүрсе де бағын ашсын, басына бақ қондырсын"- деп тілеуін тіледім! Өмірде осындай қайратты,қайсар ару қыздарымыз бар да Қазақ деген ұлттың абыройы асқақтап,жақсы күндер кешетінімізге сенімдімін! Жыртық үйдің жамауы бар деген осы ағайын,бүгін ғана Алматы қаласына жолдама алып ,енді оған қалай алып барамын деп уайымдап отыр едім. Алла сәтін салып ,Бибігүл ханым мен Нәзерке ханым қомақты қаржылай көмектерін беріп, бұл қиындықтың да шешімі шешілді! Алла разы болсын Сіздерге ,қазақтың қос арулары! 🙏🙏🙏😘😘😘💐💐💐
Read more
Қырық жыл ұрлық жасаған бір кісі қартайған шағында «сонша жыл ұрлық жасадым, адам өлтіріп күнәға ...
Media Removed
Қырық жыл ұрлық жасаған бір кісі қартайған шағында «сонша жыл ұрлық жасадым, адам өлтіріп күнәға баттым. Енді төрімнен көрім жақын қалғанда қажылыққа барып, Алладан кү-нәларым үшін кешірім сұрап келейін» деп, қажылыққа жеті нан, жеті уыс талқан салып, жолға шығыпты. Күндіз-түні ... Қырық жыл ұрлық жасаған бір кісі қартайған шағында «сонша жыл ұрлық жасадым, адам өлтіріп күнәға баттым. Енді төрімнен көрім жақын қалғанда қажылыққа барып, Алладан кү-нәларым үшін кешірім сұрап келейін» деп, қажылыққа жеті нан, жеті уыс талқан салып, жолға шығыпты.
Күндіз-түні тоқтаусыз жүріп отырған ол шаршап-шалдығып шөлге жеткенде жүрек жалғап алайын деп қоржынына қараса, не бір түйір нан, не бір жұтым су қалмаған екен. Енді қайтпек? Жан-жағына көз жүгірткен ол алыстан бір үйді көреді. Сусын сұрап ішейін деп үйге жақын барса, бір әйел өліп жатыр. Ал көкірегінен сүт бұлақтай ағады. Үйге кірсе, биік сөренің үстінде бір нәресте шырылдап жылап жатыр. Оған жақындап қалған бір жылан тілін сумаңдатып, шағуға дайын тұр. Әлгі кісі дереу жыланды өлтіріпті. Енді баланы алайын десе, қолы сөреге жететін емес. Аяғының астына қойып, шығатын нәрсе іздесе, бір түйіншек тұр дейді. Ашып қараса, орамалға оралған Құран кітабы. Кітапты аяғының астына қойып, баланы алмақшы болады. Бірақ есіне әке-шешесінің «Құран – қасиетті кітап. Оны дәретсіз қолыңа алма, аяқпен баспа, күнәға батасың» деген сөзі түсіп, райынан қайтады.
Қараса, тағы бір түйіншек тұр. Ашып қараса, нан. Енді нанның үстіне шықпақшы болады. Бірақ, есіне тағы да әке-шешесінің: «Нан – ең қасиетті ас. Оның бір уағын да ысырап етпе. Жерде жатқан нанның кішкене бір уағын көрсең, көзіңе сүртіп, жоғарыға қой. Ол да болса құстың бір балапанының несібесі шығар» деген сөзі түседі. Баланың шырылдаған дауысына шыдай алмаған әлгі кісі тәуекел деп кітаптың үстіне шығыпты да, баланы алыпты. Бала талпынып, еңбектеп барып, анасының көкірегінен ағып жатқан сүтті тойып-тойып еміпті. Сол кезде ғана әлгі кісі: «Е, Аллам, осы күнге дейін жасаған күнәларым аз ба еді, енді Құранды да аяғымның астына қойып, одан бетер күнәға баттым-ау. Одан да менің жанымды осы жерде алып, тәнімді тозақтың отына күйдірмедің бе?» – деп еңіреп жылап жібереді. Сол сәтте көктен ғажайып дауыс естіліп: «Ей, пендем, сен кітапты аяғыңның астына қойып, баланы құтқарып, үлкен сауап іс жасадың. Сәбиді көре-біле тұра құтқармау – оны өз қолыңмен өлтіргеніңмен бірдей. Нанды аяғыңмен баспай дұрыс істедің.
Жалғасы төменде⤵⤵⤵
Read more
Loading...
Досан туралы алғаш ҚазҰУ-де журналистикада оқып жүргенімде курстас қыздардан естігем: -«Мәә, шығыстануда Досан деген жігіт бар екен. Красавчик! -Гитараны қалай тартады? Әнді қалай айтады? – деп жамырай шулағандары, жаппай ғашық болғандары, оған арнап өлең шығарғандары әлі есімде. ... Досан туралы алғаш ҚазҰУ-де журналистикада оқып жүргенімде курстас қыздардан естігем: -«Мәә, шығыстануда Досан деген жігіт бар екен. Красавчик! -Гитараны қалай тартады? Әнді қалай айтады? – деп жамырай шулағандары, жаппай ғашық болғандары, оған арнап өлең шығарғандары әлі есімде.
Ол кезде күндіз оқудан, түстен кейін жұмыстан, кешке жаттығудан қол тимей жүрген кез. Қыз біткен ынтық Досанды көрудің, танысудың реті көпке дейін келмеді.
Сөйткен Досекең бір күні біздің – тілшілер қауымының қатарына өзі келіп қосылды. Келе сала сол кезде де аты дүрілдеп тұрған «Информбюроның» төрінен бір-ақ шықты. Жаңалықтар қызметінде жүргізуші –редактор боп төселіп, кейіннен «Тұжырым» сараптамалық бағдарламасының тізгінін ұстады. Кейіннен «Алматы» телеарнасында жаңалықтар , «Қылкөпір» ток-шоуының, «Бес парыз» діни хабарының, «Пікірлер пирамидасы», «Тарих таразысы» бағдарламаларының жүргізуші-редакторы , танымдық –публистицикалық бағдарламалар редакциясының продюсері боп істеді. Екі жылдай «Айтуға оңай» ток-шоуына жетекшілік етті. Соңғы үш жылдай бастық болып жүр.
Енді міне әр сейсенбіде «Қарекет-Әлеуметтің» эфирінде жарқ етпек. «Қарекеттің» көрерменнің көз жасын көл ететін тағдырлы хабарлары жүрегі нәзік, болмысы берік, өз қолтаңбасы қалыптасқан тележурналистке жүктеліп отыр. Іштей жарап жүретін жүйрік секілді Досекеңнің бұл жолы да қамшы салдырмасына сенімдіміз. Бұрындары көптің көзайымы болған жүргізушілеріңізді көріңіздер, сүйініңіздер.
P.S. Курстас қыздарға құлаққағыс: Досанға деген көзқарастарыңды күйеулерің байқап қоймасын. Түк сездірмей: ииии, біздің курстасымыз күшті еді, мына біреу қайдан келген?! – деп мұрындарыңды тыржитып отыра беріңдер😃👌
Read more
...Мақсатыңыз бен арманыңыздың орындалуын қалайсыз ба? ... Ендеше мына постты оқыңызшы. Құран ...
Media Removed
...Мақсатыңыз бен арманыңыздың орындалуын қалайсыз ба? ... Ендеше мына постты оқыңызшы. Құран мен психологияны қатар алып салыстырайық. Вадим Зеланд деген танымал психолог мақсат туралы былай дейді. ...."Мақсатыңды өмірлік мəнге айналдырма, егер оған жеткің келсе. Яғни, оған ... ...Мақсатыңыз бен арманыңыздың орындалуын қалайсыз ба?
... Ендеше мына постты оқыңызшы. Құран мен психологияны қатар алып салыстырайық. Вадим Зеланд деген танымал психолог мақсат туралы былай дейді. ...."Мақсатыңды өмірлік мəнге айналдырма, егер оған жеткің келсе. Яғни, оған бар көңіліңді аударып уайымға салынба. Сол мақсатқа жеткен күніңді, сол кездегі сəтіңді ғана ойша елестетіп жүр. Ал қалай жетемін деп миыңды қатырма. Егер уайымға салынып оның қиын екенін ойласаң мақсатың жүзеге аспайды" дейді.
__ ...Ал енді ҚҰРАНДА мақсат туралы былай делінген.
..."Егер сен алдыңа нақты мақсат қойсаң алдымен айналаңмен ақылдас. Одан кейін қолыңнан келгенше сол мақсатқа жету жолында əрекет етте Аллаға сеніп тапсыр. (Сонда Алла өзі ретін келтіреді, керек адамды жолықтырады). Алла өзіне сенгендерді ұнатады.(тек өз күшіне сенбей, оның орындалуы үшін Алладан көмек сұрап жəне Алланың оны жүзеге асыратынына күмəнданбайтындарды) ( 3 : 159).
...Көрдіңіз бе, психологтың ешнəрсені уайымдама дегенінің астарында Құрандағы "Маған тапсыр, Маған сен" деген Алланың сөзі жатқанын. Ендеше өмірді қалай сүру керек екені Қасиетті Кітапта жазулы тұр. Бірақ біз оны оқымаймыз... ...
Ал мақсатқа жетіп алғандарға былай дейді.
...."Егер сендер ризашылықты ұмытпасаңдар Мен сендерге бұдан да көп етіп беремін. Егер бергеніме риза болмасаңдар (сараң, өзімшіл, ысырапшыл болып ризыққа өзімнің іскергілігіммен, өз əрекетіммен жеттім десеңдер) онда біліңдер - Менің жазам қатты. (14: 7) 💖...Жүрегімізде Жаратқанға деген ризашылық өшпесін. Əр сəт, тіпті бір үзім нан үшін алғыс айтып жүрейік. Сонда бар арман-тілегіңіз орыналады. Егер дəл қазір сұрағаныңыз болмай тұрса Алла бір сыйын дайындап тұр. Демек, сізді өз уақыты келгенде сіз сұрағаннан да КЕРЕМЕТ оқиға күтіп тұр деп түсініңіз. Өйткені бізге не жақсы, не қайырлы екенін тек қана Жаратушы жақсы біледі. Біз емес.

#ислам #психология #қазақшапсихология
Read more
Қарым-қатынасын елден жасырып жүрген Айқын мен Жұлдыз Өмірғали алғаш рет ұлын көрсетті. Қос жұлдыз ...
Media Removed
Қарым-қатынасын елден жасырып жүрген Айқын мен Жұлдыз Өмірғали алғаш рет ұлын көрсетті. Қос жұлдыз ұлының бірге толғанын айтып, желіде жазба жариялады деп жазады Nur.KZ "Бүгін менің кенжем Санкобайдың (Санжар) туған күні! Бақыттан басым айналып, шалқып жатқан жайым бар. Аңсар, Асылым, ... Қарым-қатынасын елден жасырып жүрген Айқын мен Жұлдыз Өмірғали алғаш рет ұлын көрсетті. Қос жұлдыз ұлының бірге толғанын айтып, желіде жазба жариялады деп жазады Nur.KZ "Бүгін менің кенжем Санкобайдың (Санжар) туған күні! Бақыттан басым айналып, шалқып жатқан жайым бар. Аңсар, Асылым, Санжар үшеуің де менің байлығымсыңдар. Екі ұлым қанатым, тәтті қызым жәннатым! Тіл-көзден аман болыңдар. Нұртан Санжар деген жігіт осы, таныс болыңыздар!", - деп жазды
Оның екінші жұбайы, "Кешью" тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали де ұлының атаулы мерекесінде үнсіз қалмады. Ол қуанышын елмен бөлісіп, көптен бері жасырып жүрген құпиясы туралы жайып салды. "Жүрегім! Маxаббатым! Сәнім! Кішкентай ғана менің балапаным! Бір жасың құтты болсын! Өмір жасын ұзақ болсын! Анаң саған әр қашан жақсылық тілейді! Мен сені қатты жақсы көрем. "Айтам"- деп жүрген жаңалығым осы, құрметті xалқым, балам осы. Сіздерден ештеңе жасыра алмайсың. Жаман пікір жазбайсыз деген үміттемін", - деп жазды әнші.
—————————
#Juldyzalemkz #ЖұлдыздарӘлемi #zhuldyzdar_alemi
#zhuldyzomirgali #keshyou #кешью #кешyou #жулдызомиргали #aikyn #айкын
Read more
Loading...
Сәлем қалайсыздар! Ханшайымдардың "Жаңа жылда жаңа келбет" марафоны басталуда<span class="emoji emoji1f44c"></span> Уақыт өте береді ...
Media Removed
Сәлем қалайсыздар! Ханшайымдардың "Жаңа жылда жаңа келбет" марафоны басталуда Уақыт өте береді ал сіздің өміріңіз сол қалпы Ертен бастаймын, праздник өткен соң, туған күн өтсін, дүйсенбі болсын деп қай уақытқа дейін жүресіз🙄😐 күш - жігеріңізді жинап 14 күн менімен дұрыс тамақтануды, ... Сәлем қалайсыздар! Ханшайымдардың "Жаңа жылда жаңа келбет" марафоны басталуда👌
Уақыт өте береді ал сіздің өміріңіз сол қалпы😔 Ертен бастаймын, праздник өткен соң, туған күн өтсін, дүйсенбі болсын деп қай уақытқа дейін жүресіз🙄😐 күш - жігеріңізді жинап 14 күн менімен дұрыс тамақтануды, жаттығулар жасап көріңіз👌 сіз салмақтын азайғанын көріп одан сайын талпыныс жасайсыз 💓 жүрегіңіз әдемі сымбатты болғанын қалайды👌🤗 Қыздар уақыт зуылдайды, сол уақытты пайдамен өткізейік😘
💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓💓
Марафондағы қыздарға қосылу үшін 📩 дирекке жазыңыз! Толық жауап беремін😘
Read more
Досан туралы алғаш ҚазҰУ-де журналистикада оқып жүргенімде курстас қыздардан естігем: -«Мәә, ...
Media Removed
Досан туралы алғаш ҚазҰУ-де журналистикада оқып жүргенімде курстас қыздардан естігем: -«Мәә, шығыстануда Досан деген жігіт бар екен. Красавчик! -Гитараны қалай тартады? Әнді қалай айтады? – деп жамырай шулағандары, жаппай ғашық болғандары, оған арнап өлең шығарғандары әлі есімде. ... Досан туралы алғаш ҚазҰУ-де журналистикада оқып жүргенімде курстас қыздардан естігем: -«Мәә, шығыстануда Досан деген жігіт бар екен. Красавчик! -Гитараны қалай тартады? Әнді қалай айтады? – деп жамырай шулағандары, жаппай ғашық болғандары, оған арнап өлең шығарғандары әлі есімде.
Ол кезде күндіз оқудан, түстен кейін жұмыстан, кешке жаттығудан қол тимей жүрген кез. Қыз біткен ынтық Досанды көрудің, танысудың реті көпке дейін келмеді.
Сөйткен Досекең бір күні біздің – тілшілер қауымының қатарына өзі келіп қосылды. Келе сала сол кезде де аты дүрілдеп тұрған «Информбюроның» төрінен бір-ақ шықты. Жаңалықтар қызметінде жүргізуші –редактор боп төселіп, кейіннен «Тұжырым» сараптамалық бағдарламасының тізгінін ұстады. Кейіннен «Алматы» телеарнасында жаңалықтар , «Қылкөпір» ток-шоуының, «Бес парыз» діни хабарының, «Пікірлер пирамидасы», «Тарих таразысы» бағдарламаларының жүргізуші-редакторы , танымдық –публистицикалық бағдарламалар редакциясының продюсері боп істеді. Екі жылдай «Айтуға оңай» ток-шоуына жетекшілік етті. Соңғы үш жылдай бастық болып жүр.
Енді міне әр сейсенбіде «Қарекет-Әлеуметтің» эфирінде жарқ етпек. «Қарекеттің» көрерменнің көз жасын көл ететін тағдырлы хабарлары жүрегі нәзік, болмысы берік, өз қолтаңбасы қалыптасқан тележурналистке жүктеліп отыр. Іштей жарап жүретін жүйрік секілді Досекеңнің бұл жолы да қамшы салдырмасына сенімдіміз. Бұрындары көптің көзайымы болған жүргізушілеріңізді көріңіздер, сүйініңіздер.
@qareket
P.S. Курстас қыздарға құлаққағыс: Досанға деген көзқарастарыңды күйеулерің байқап қоймасын. Түк сездірмей: ииии, біздің курстасымыз күшті еді, мына біреу қайдан келген?! – деп мұрындарыңды тыржитып отыра беріңдер😃👌
#қарекет
#qareket
Read more
......Сіз өзіңізді кінəлі сезінгеннен кейін қиын жағдайға тап болып көрдіңіз бе? ... Адам өзіне ...
Media Removed
......Сіз өзіңізді кінəлі сезінгеннен кейін қиын жағдайға тап болып көрдіңіз бе? ... Адам өзіне кінəні жүктеп қойған кезде МЕНІ ЖАЗАЛАУ КЕРЕК деген сценарийді санасына бұйрық ретінде жазып команда беріп қояды екен. Кінə сезімі ауыр тас секілді ғой. Ол жүректі қымтап тастайды. Сол ... ......Сіз өзіңізді кінəлі сезінгеннен кейін қиын жағдайға тап болып көрдіңіз бе?
... Адам өзіне кінəні жүктеп қойған кезде МЕНІ ЖАЗАЛАУ КЕРЕК деген сценарийді санасына бұйрық ретінде жазып команда беріп қояды екен. Кінə сезімі ауыр тас секілді ғой. Ол жүректі қымтап тастайды. Сол тасты жүрекпен көтеріп жүресің.
...Сондықтан оған міндетті түрде жаза беріледі. Яғни, адам өзін өзі жазалайды. Алла ниетіңе орай сұраған жазаңды беріп тұрады.
...Кінə өміріңізді батпаққа айналдырмас үшін ол сезімнен құтылу керек. Алдымен өзіңді кешіріп. Алладан "жүрегімді бұл кінəлі қылған сезімнен тазалашы" деп. Екіншіден, өзіңді кінəлі сезінуге себепші болған адамнан кешірім сұрау керек. Бір рет. Болды, одан кейін өзіңді КІНƏЛАУДЫ ТОҚТАТУ керек. Əйтпесе ол сізді үлкен жазаға алып келеді. Сіз өзіңіз алып келесіз өзіңізді. Сіз өзіңізді кінəлі сезінуге итермелеген қымбат дүниеңізден не адамыңыздан айырыласыз.
...Байқайсыз ба, кейде сіздің ісіңізден он есе жаман іс істеген адамдар дым болмағандай ЖАҚСЫ ӨМІР СҮРІП жатады. Сіз "ол үлкен қателік жасаған адам, бірақ неге ол қалағанына қол жеткізді" деп ойлайсыз. Себебі ОЛ ӨЗІН КІНƏЛІ СЕЗІНБЕЙДІ. Сондықтан оған жаза тағайындалмады. Ол "мен кінəлімін" деп өзін өзі жазалайтын СЦЕНАРИЙ дайындаған жоқ.
...Əрине Алла бəрін бір күні орнына қояды. Бірақ кінəлі сезінбеудің бір жолы-біреудің бағындағы алмаға қол салмау, өз жолыңмен жүру, аяқты аңдып басу. Сонда өмір сүру де оңай! Ал егер бір қателік болып қалса ол сезімнен тезірек арылып, өзіңді оның қамытынан босатудың амалын тауып Алладан кешірім сұрап ары қарай дым болмағандай қадамыңды жалғастыра беру керек. (Егер біреудің жолын кессеңіз өзіне игілігін қайтарып беру.)
... ... #гүлназдыңжазбасы
Read more
Отанға деген махаббат,анаға деген махаббат,осылай махаббатты әр сүйіспеншіліктің шашбауын көтерген қосалқы сезім болғанын қаламаймын. Махаббат ол жаныңды жібітіп, жүрегіңді ерітіп,өзге арнаға бастайтын,сенің ырқың мен келісіміңді талап етпейтін талғамы Тәңірден келер тәтті ... Отанға деген махаббат,анаға деген махаббат,осылай махаббатты әр сүйіспеншіліктің шашбауын көтерген қосалқы сезім болғанын қаламаймын.
Махаббат ол жаныңды жібітіп, жүрегіңді ерітіп,өзге арнаға бастайтын,сенің ырқың мен келісіміңді талап етпейтін талғамы Тәңірден келер тәтті сезім.
Бұл сезім - ер адамның табиғи тамашасын тұмшалаған әйел атты гүлдің шаттана ашылуы.
Бұл - болмыстың бүрленіп келген дүл-дүл сезімі.
Бұл - сенің рұқсатыңсыз тағы да бір әлемнің бойыңда оянуы.
Отанға деген тартылыс күш,Анаға деген қартаймайтын ерке сезімнің баламасын мен басқаша сезінемін.Ал махаббат - елп еткенге еңкейметін Ер жүрек пен кіршіксіз нәзік Әйел сұлулығымен ғана көркем.
Шындығында осы ғой Махаббат!
Пәк сезімнің тазалығын тани білсек оған шындығында барлық адам лайықты.
Махаббат бұл - ұнату емес,ғашық болу емес,сүю емес!Өйткені суреттен көріп ұнатып қалуымыз мүмкін,бір көріп ақ ғашық болуымыз ықтимал,сүю-сенің әлсіз жаныңның сұлулық алдында бас июі,мұның бәрі адам планетасындағы кішігірім өзен деп алатын болсақ,ал Махаббат ол мұхит!Шын махаббаттың суы ешқашан сарқылмайды,айттым ғой мұхит деп...
"Өмірде Махаббат жоқ" дейді кейбір кеудесі керең жандар, "Үйленген соң махаббат дегенің өшіп, орны сыйластықпен жалғасады" дейді артық білгіштер.Жоқ!Махаббат ешқашан өлмейді,оны сезінуден қалған жүрек өледі.Шал мен кемпір болсаңда Махаббат ешқашан қартаймайды сезіне алсаң.Және Нағыз, шынайы махаббат некеден кейін басталады,олсыз келген сезімдердің апарар жолы зина!
Мен жарымды қуантуға құштармын,оның тұлымындағы шынайы қуанышты көргенде менің басым көкке бір елі жетпей тұрады, "Рахмет жаным" деген жасандылықсыз,бояу-әрлеусіз айтқан кіршіксіз ілтипаты мені осы өмір жұмағына жетелейді!
Жарыңның әлемінен сүйюді де,ғашықтықты да,достықты да іздеуден шаршама,табасың!
Махаббатты үйден емес, түзден іздегендер ең бейшара адамдар!Жаратушы жарыңды лайықтап қосады,сол сенің махаббатың.Тәңір білуші,Тәңір әділ.Ол қателесуі мүмкін емес!Сен қателесуің мүмкін!
Махаббат қос жаһанның жәннәті!Жүрегіңе тәтті махаббаттың гүлін еккің келсе,топырағын құраннан,суын сүннеттен алғайсың.
Бұл менің өз ойым!
Сен не ойлайсың бұл жайлы?
Read more
Абайлаңыздар! Су да тілсіз жау. Астанадағы Есіл-Нұра каналына балық аулауға барған тағы бір ...
Media Removed
Абайлаңыздар! Су да тілсіз жау. Астанадағы Есіл-Нұра каналына балық аулауға барған тағы бір бала тұншығып өлді. Он төрт жастағы өрімдей жеткіншектің мәйітін құтқарушылар кеше таңғы бесте алып шықты. Қарап отырсақ, ажал апанына айналған Есілге бір айдың ішінде тоғыз адам батып кетіпті. ... Абайлаңыздар! Су да тілсіз жау.

Астанадағы Есіл-Нұра каналына балық аулауға барған тағы бір бала тұншығып өлді. Он төрт жастағы өрімдей жеткіншектің мәйітін құтқарушылар кеше таңғы бесте алып шықты. Қарап отырсақ, ажал апанына айналған Есілге бір айдың ішінде тоғыз адам батып кетіпті. Жасыратын несі бар?! Біз  қауіптің алдын алумен емес, салдарымен күресуге бейімбіз. Құтқарушылар су арнасының төңірегіне арнайы белгілерді тек енді ғана орнатып жатқан көрінеді. Сонда, қауіпсіздікті күшейту үшін, міндетті түрде көп адам өлуі керек пе?

Астанадағы Есіл-Нұра каналына бір айдың ішінде тоғыз адам батып кетті. Кеше таңертең құтқарушылар 14 жастағы жеткіншектің денесін осы маңнан алып шығыпты. Шымкенттен елордаға жұмыс істеуге көшіп келген отбасы балаларының туған күніне қармақ сыйлаған екен. Балық аулауға келген жасөспірім күннің ыстығына шыдамай суға түсіп, тұншығып өлген. Жағажайдан баланың киімдері мен қармағы, ұялы телефоны табылыпты. Жұмыста жүріп, ұлдарын қараусыз қалдырған отбасы енді қайғыдан қан жұтып отыр.

Бір ай ішінде жеті бала мен екі ересек адам тұншығып, көз жұмғаннан кейін ғана елордалық құтқарушылар аяқтарынан тік тұрғандай. Төтеншеліктер саяжай суғаруға арналған каналдың жан жағына суға шомылуға болмайды деп жазып шықты. Аз күннен кейін қорқынышты суреттер салынған стэндтерді адам өлімі болған аймақтарға орнатамыз деп отыр. Ал, қайғылы жағдайдың көбеюіне каналдың төңірегінде тұратын саяжай тұрғындарының өзін айыптайды. Оларға суға тұншығып, мерт болғандардың өлімі де сабақ болмады деп отыр.

Есіл Нұраның төңірегінде тұратын тұрғындарға таратылған қауіпсіздік ережелерін ешкім елей қоймады. Құтқарушылар қауіпті аймаққа суға шомылғаны үшін 25 адамға 4-8 мың теңге көлемінде айыппұл да салыпты. Алайда, оған да пысқырғандар аз дейді. Ал күннің ыстығында басқа баратын жері жоқ балалар бәрібір Есілге шомылады дейді тұрғындар. Өйткені, қарауы тиіс  ата-анасы нан табамын деп жұмыста жүр.

Су-аптап ыстықта таптырмайтын көмек. Бірақ, сақтық шарасын ескермесе, ол ажал апаны. Абай болайық.

@gulbanuanyat  @nurken7sk
#информбюро #жаңалықтар
Read more
 #Repost @balgynbek_imash (@get_repost) ・・・ Ардақты ағайын! Екі түрлі жаңалығым бар. Біріншісі ...
Media Removed
#Repost @balgynbek_imash (@get_repost) ・・・ Ардақты ағайын! Екі түрлі жаңалығым бар. Біріншісі - 7 баланың анасы тірі екен! Әлxәмдулилләһ!🤲🤲🤲 Екіншісі - жап-жас баланың "анам қайтыс болды" деп өтірік айтқаны. Ия, тағдыр тауқыметі, әбден қиналғандықтан, елден мейірім ... #Repost @balgynbek_imash (@get_repost)
・・・
Ардақты ағайын!
Екі түрлі жаңалығым бар.
Біріншісі - 7 баланың анасы тірі екен!
Әлxәмдулилләһ!🤲🤲🤲
Екіншісі - жап-жас баланың "анам қайтыс болды" деп өтірік айтқаны.😔😔😔
Ия, тағдыр тауқыметі, әбден қиналғандықтан, елден мейірім болмағандықтан өтірік айтқан болар. Бірақ, анасын өлімге қию... Менің ақылым жетер емес.😱😱😱
Екі-үш сағатта сіздердің арқаларыңызда 130 мыңдай қаржы жиналды. Көп түкірсе көл деген осы.
@elmira_eshniyazova әпкемізге мың алғыс, жетім қалды дегенге жүрегі ауырып, бірден байланысқа шыққан! 🙏🙏🙏
Ол аманатты анасына апарып тапсырамын.
***
Баяғыда бір кісіге көршісі қатты мұқтаждыққа ұшырағанын, неше күн нәр татпағанын айтып көмек сұрап келген екен. Қолында бар қаржысын көршісіне беріп, қуантып, шығарып салған соң, үйіне кіре салып, өкіріп жылаған екен. Сонда әлгі адамның әйелі таңғалып: Отағасы, сіз керемет сауапты іс жасадыңыз! Алла мұның бәрін көріп тұр, сөзсіз сауаптан жазады. Неге жылайсыз? - деп сұрапты.
Сонда ол адам: - Мен көршімнің жағдайын сұрамай, назардан тыс қалдырып, оның алдыма көмек сұрап келуге мәжбүр еттім. Айтқызбай, сұратпай беруім керек еді. Енді Раббыма қай бетіммен қараймын? - деп егіле түскен екен.
***
Біз де жас балалар "анам өлді" деп өтірік айтпаса, "қарнымыз аш, көмектесіңізші" дегенге селт етпейтін болдық қой. Аллаға қай бетімізбен қараймыз? Кешіріңіздер! Алла барша садақа беріп, қол ұшын созғандарға сауаптан жазсын!
P.S. Отбасының көмекке мұқтаж екені ақиқат. Ауру ана, жеті бала. Алаяқтық емес. Ең қауіпті нәрсе - баланың өтірік айтуы. Алла бәрімізді кешірсін!
Read more
Маған көп адам:"Жақыныңды ұзатып жатқандай,әнді ерекше орындайсың,еріксіз көңіл босайды"-деген пікір көп келеді.! Ұзатып жатқан қыздарым маған жақын емес деп кім айтты ? Қаншама адамның ішінен таңдап,жолыңызды берсін деп ырымдап құрметпен шақырып отырған жандарды қалай жақыным ... Маған көп адам:"Жақыныңды ұзатып жатқандай,әнді ерекше орындайсың,еріксіз көңіл босайды"-деген пікір көп келеді.! Ұзатып жатқан қыздарым маған жақын емес деп кім айтты ? Қаншама адамның ішінен таңдап,жолыңызды берсін деп ырымдап құрметпен шақырып отырған жандарды қалай жақыным демеуге болады..!
Ал мына көрініс
Бір үйдің бір тал гүлі-Самалымды тойдың төріне алып кіргендегі сәт !
Самалға жандығылар Алматының өзінде қыз ұзататын жандар бар ғой ,соларды шақырсақ қайтеді дегенге көнбей : "мені тек Сара әпкем ұзату керек болды"-депті.. Жүрегіңнен сенің❤️! Самалға қолына білезік әкелдім ! Ұзатар сәтте қолына тағамын,оның да видеосын саламын реті келсе !
Әр қадамың оң болсын !
Әр ұзатқан қызыма xадия жасап жүретін дәстүрім бар.!
Қыздарымның сол сәтті ерекше күтетіндерін айтсаңызшы...!
Сосын кешегі видеодан кеп жатқан сұрақтарға жауап,мені тойларыңызға шақырғыларыңыз келсе
87014999009Асыл осы номерге жазсаңыздар болды !
Бәріне жауап береді !
Read more
Қазағым-ай, теңдесі жоқ ел едің, Ғұламалар бойлай алмас тереңін... Сен - деп қана мәңгі соққан ...
Media Removed
Қазағым-ай, теңдесі жоқ ел едің, Ғұламалар бойлай алмас тереңін... Сен - деп қана мәңгі соққан жүрегі, Бір ұлыңа арналады өлеңім... **** Бала кезден жұлдыз болдың,ай болдың, Беделіңе өнеріңмен сай болдың, Сен сияқты болу үшін баламыз, Салу керек бағытына қай жолдың? Шабандозбен ... Қазағым-ай, теңдесі жоқ ел едің,
Ғұламалар бойлай алмас тереңін...
Сен - деп қана мәңгі соққан жүрегі,
Бір ұлыңа арналады өлеңім...
****
Бала кезден жұлдыз болдың,ай болдың,
Беделіңе өнеріңмен сай болдың,
Сен сияқты болу үшін баламыз,
Салу керек бағытына қай жолдың?
Шабандозбен жылқы жайын талдайсың,
Дарабозбен ой шыңына самғайсың...
Салмақтысың,жан жақтысың, осы сен,
Неткен жансың? Мейрамбек-ау қандайсың?
Достың нағыз адалысың, ерісің,
Жақтырмайтын кімнің болсын, кері ісін.
Толғанасың іштей тына-күйесің,
Бүгіні мен ертеңі үшін, ел үшін...
Кешіруге қателікті дайынсың,
Мәселенің білсең егер жайын шын.
Білмесең де, кешіресің өйткені,
Даламыздай кең пейілді - сайынсың!
Айнымадың адами сен қалпыңнан,
Өтсе дағы небір заман - "ант ұрған.."
Парасатпен дәлелдедің затыңның,
"Самородный құйылғанын алтыннан!"
Жылжып жылдар, ағып өтті сан айлар,
Жастар өсіп, үлкеюде ағайлар.
Оннан бірін өзіндегі атақтың,
Көтере алмай лағып кетті талайлар..
***
Әрине,әуелі Алла, қалаберді,
Бірде сұсты,секілді - дала желді,
Ал бірде шуақ шашқан жүрегіңді,
Асыл - әке ,аяулы ана берді!
Ал ондағы өнер шоғын үрлеу үшін,
Бағыңа ардақты ұстаз,аға келді!
Сөйтті де бозторғай үн дауысыңа,
Ғашық етті Қазақтайын ғажап елді!
***
Мұндай бақты берер ма еді Тәңірің,
Болмаса егер иманың мен сабырың?
Қарапайым болмысыңмен -биіксің,
Арта берсін ел алдыңда қадірің!
Туған елдің жүрегінің төрінде,
Бөлек сенің орның дағы жөнің де,
Сар далаңның лебізіне шомылып,
Көлдей шалқы, күн нұрындай төгіл де!
Read more
ОЛ кісі қазір АСТАНАЛЫҚ! Ия, @lukpan_zholdasov ағамыз енді отбасымен елорданың тұрғындары🏙 Жаңалыққа, жақсылыққа жаны құмар @aigan_zholdasova апайым екеуі жас қала- бас қаламыздың дамуына үлес қосайық деп қаншама жыл тұрған, қаншама xит ән туған Алматыны қиып, еліміздің жүрегіне ... ОЛ кісі қазір АСТАНАЛЫҚ! Ия, @lukpan_zholdasov ағамыз енді отбасымен елорданың тұрғындары🏙 Жаңалыққа, жақсылыққа жаны құмар @aigan_zholdasova апайым екеуі жас қала- бас қаламыздың дамуына үлес қосайық деп қаншама жыл тұрған, қаншама xит ән туған Алматыны қиып, еліміздің жүрегіне қоныс аударды. Жаңа қала сіздерге шабыт сыйлап, ойға алған істеріңіз оңынан болсын!🙏🙌🏻🙌🏻🙌🏻
P.s Яғни енді біздің орталығымыздың қызметіне Астаналықтар тікелей жүгіне алады😉
Мерекелік іс-шара, концерт, кештер болса ұялмай xабарласа беріңіздер😊📲
#ҰлықпанЖолдасов #Астана #Жолдасовпродакшн #ОлБағдарламасы #ТойДуман @toiduman.kz
Read more
Асықпай ойлануды үйрену керек. Кейде асығыс шешім қабылдап отына күйіп жатамыз. Менің өмірімді ...
Media Removed
Асықпай ойлануды үйрену керек. Кейде асығыс шешім қабылдап отына күйіп жатамыз. Менің өмірімді бірінші рет xалықтың сұрауымен жасап жатырған кездесуіме шын қуанған жандарға шын жүрегіммен алғыс айтамын️! Ал, қолдап, көмектескендерге екі есе алғысымды білдіремін... Ал, алғашқы ... Асықпай ойлануды үйрену керек. Кейде асығыс шешім қабылдап отына күйіп жатамыз. Менің өмірімді бірінші рет xалықтың сұрауымен жасап жатырған кездесуіме шын қуанған жандарға шын жүрегіммен алғыс айтамын❤️❤️❤️! Ал, қолдап, көмектескендерге екі есе алғысымды білдіремін... Ал, алғашқы қадамыма "артық" әңгіме айтқан бауырларға, оларға да ризашылығым бар😊. Себебі өздерінің маған деген "ойын" сездерді. Білемін, мың адам болса мың пікір! Қабылдаймын! Сыртымнан түйген жұдырық денеме батпады жане де "xан сыртынан жұдырық" демекші өзімнің едәуір биіктікке шығып келе жатқанымды сезгендей болдым. Ал, шын жүрегімен "болсын" деп көмектескен достарыма іштей "қарыздар" секілді болып отырмын. Өмір деген қызық ғой. Бір нәрсені білмей жүрсең Алла өзі бір жауабын береді. Алланың берер нәсібесін, бағын, тағдырын ешкім тоқтата алмайды! Қызғаныш сезімі жақсы сезім емес😂😂😂! Содан құтылған күні жаңа белеске шығасыз! Өмірге өкпелеу өзіңе берген улы дәрі. Оған қарсы дәріні ішпесең олда іштей мүжіп тастайды. Жақсы көре алмасаң да өзіңе жазықсыз адамды жек көрме😱! Оның адамның ағзасына зияны көп. Осы туралы дүниелердің бәрін кездесуде айтамын... ❤️😍 Айтпақшы, тағы екі қатар орын қостық, билет алып үлгермеген жандар 87025164093 нөмеріне ал Жаңаөзен қаласында 87011133535 нөмеріне соға қойыңыздар! Жане де бір адам үшін шын қуанғпннан соңғы сендегі өзгеріс туралы, жане адамның өзі өз жолын қалай ашатыны туралы да айтатын боламын. Уақыт өте аз қалды! Жане де досым әрі тілекшім Құралай xанымның да @kuralay_hanum мықты семинары 13 мамыр Талдықорғанда өтетінін де айтқым келеді. Осы қыз-келіншектерге білгенімен бөлісіп жүрген қазақтың мықты қыздарының еңбегі орасан зор екенін айтамын.... ❤️❤️❤️ #Аллажарболсын #ешкімештеңеқызғанба #менендеқызғанба #өтінем
Read more
<span class="emoji emoji2764"></span>️<span class="emoji emoji1f447"></span><span class="emoji emoji2764"></span>️<span class="emoji emoji1f447"></span><span class="emoji emoji2764"></span>️ ஜ═════════๑♡๑═════════ஜ Аяғына дейін оқуға кеңес береміз. Өте әсерлі!!! Оқу жылының ...
Media Removed
️ ஜ═════════๑♡๑═════════ஜ Аяғына дейін оқуға кеңес береміз. Өте әсерлі!!! Оқу жылының басында алтыншы сыныптың жетекшісі өз шәкірттерінің алдында тұрды. Ол балаларға бір рет көз тастады да, барлығын бірдей жақсы көретінін және оларды көргеніне риза екенін айтты. Бұл, ... ❤️👇❤️👇❤️
ஜ═════════๑♡๑═════════ஜ
Аяғына дейін оқуға кеңес береміз. Өте әсерлі!!!
Оқу жылының басында алтыншы сыныптың жетекшісі өз шәкірттерінің алдында тұрды. Ол балаларға бір рет көз тастады да, барлығын бірдей жақсы көретінін және оларды көргеніне риза екенін айтты. Бұл, әрине, жалған болатын , өйткені алдыңғы қатарда мұғалім жақсы көрмейтін бір бала бүрісіп отыр еді. Басқа оқушылармен сияқты онымен де былтырғы оқу жылында танысқан. Сол кездің өзінде-ақ ол баланың өз сыныптастарымен ойнамайтынын және киімінің лас екенін, ешқашан жуынбағандай иіс шығатынын бақылаған болатын. Уақыт өткен сайын мұғалімнің бұл оқушыға деген көзқарасы нашарлай түсті. Оның жазба жұмыстарын қызыл қаламмен шимайлап, екі қоятын жағдайға да жетті.
Бір күні мектептің оқу жөніндегі орынбасары алтыншы сынып оқушыларының мінездемесіне талдау жасауды тапсырды, мұғалім сүйкімсіз оқушының мінездемесін ең соңына қалдырды. Ол баланың мінездемесін қолына алған кезде төбесіне мұздай су құйып жібергендей болды.
Бірінші сыныпта оқытқан мұғалім: «Бұл көзі нұр шашқан керемет бала. Үй тапсырмасын таза және ұқыпты орындайды. Оның мұғалімі болу да үлкен мәртебе», - деп жазыпты.
Екінші сынып мұғалімі ол туралы: «Ол ғажап оқушы, оны жолдастары да сыйлайды, алайды отбасында проблема бар: мамасы айықпас дертке шалынды. Шамасы оның үйдегі өмірі өлім мен күреске айналған сияқты», - деген екен.
Үшінші сынып мұғалімі: «Анасының өлімі оған өте ауыр тиді. Бала барынша тырысады, бірақ әкесі оған еш көңіл бөлмейді. Егер бір шара қолданылмаса, оқуы нашарлап кетуі мүмкін», - деп мінездеме беріпті.
Ал төртінші сынып мұғалімі: «Баланың оқуға құлқы жоқ. Достары да жоқ. Сабақ үстінде жиі ұйықтап қалады», - депті.
Мінездемені оқып болған мұғалімнің жүрегі сыздап кетті. Жаңа жылда барлық оқушылар оған жылтырақ қағазбен оралған сыйлықтар әкеліп құттықтап жатқанда, ол бала мыжылған қоңыр қағазға оралған түйіншекті қолына ұстатты. Кейбір балалар күле бастағанда, мұғалім түйіншекті ашып ішінен бір көзі жетпейтін білезік пен түбінде азғантай ғана қалған иіссуды алып шықты да:
Read more
Алатаудың баурайында кетіп бара жатып өзім түсірген суреттер,парақшама сақтап қояйын🤗<span class="emoji emoji1f60d"></span> @eco.ekskursiya_almaty/-күйеубаламның ...
Media Removed
Алатаудың баурайында кетіп бара жатып өзім түсірген суреттер,парақшама сақтап қояйын🤗 @eco.ekskursiya_almaty/-күйеубаламның экскурсиясын жарнамалап жіберейін Сəлем бердік менің инста-төркіндерім Төркін демей қайтейін, мені "вживую" көре қалған халқым,көре қалса ... Алатаудың баурайында кетіп бара жатып өзім түсірген суреттер,парақшама сақтап қояйын🤗😍
@eco.ekskursiya_almaty/-күйеубаламның экскурсиясын жарнамалап жіберейін😉😃😍 Сəлем бердік менің инста-төркіндерім🙌😍😚
Төркін демей қайтейін, мені "вживую" көре қалған халқым,көре қалса əйтеуір маған бірдеңе бергісі келеді де тұрады😃😃😃
Таң атпай Астанада отырсам да қыздар келіп,бірі шоколадын,бірі сыйлықтарын əкеп тастап кетіп жатыр 😃Рахмеет көөп инста-төркіндерім😁🙌😍😚
Астана бүгін жанып тұр,үйдің іші ыстық.Алматының 40-градусынан өкпем қысылып,жүре алмай Астанама қашып едім,бұл жақта да ыстық екен.Құлсарылық инста-төркіндерім Леонардо жағып берші-деп звондап жатыр,барайын десем 60-градус ыстықтарыңызға шыжып,пісіп қалармын-деп августың 15-теріне барамын деп айтып жатырмын😃.Ыстыққа шыдай алмайды екенмін,кəдімгідей жүрегім қысылады,(қартайып жатырмын😃) əбден мына Астананың 15-20-градусына 20-30-жылдан бері үйреніп қалғам ғой.Өскемен,Семей жақтар қалай екен ауа-райлары?Сол региондарға барғым кеп жүр.🤗
Қазағымның елі де, жері де жарқырап,жайнай берсінші.😍
Бүгінгі күнге барлығыңызға сəттілік серіктеріңіз болып,жорытқанда жолдарыңыз бола берсін.Бүгінгі күн жақсы өтсін,өмір атты мынау бұралаңы көп қиыр-қиыр жолдарыңызда алдарыңыздан тек қана жақсы адамдар жолыға берсін.Күн сəтті өтсін менің "ИНСТА-ТӨРКІН"-дерім🙌😍😚🌹🌞☀️
Read more
ҮЗДІК СТУДЕНТТЕР ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ Биыл еліміздің жүрегі – ару Астанаға 20 жыл! Елбасының ...
Media Removed
ҮЗДІК СТУДЕНТТЕР ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ Биыл еліміздің жүрегі – ару Астанаға 20 жыл! Елбасының идеясымен іргесі қаланған Елорда саяси ерік-жігердің айқын көрінісі. Астана өзінің 20 жылдық тарихында әлемнің озық елдерінің саясаткерлері бас қосатын ірі саяси орталыққа айналды. ... ҮЗДІК СТУДЕНТТЕР ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ Биыл еліміздің жүрегі – ару Астанаға 20 жыл! Елбасының идеясымен іргесі қаланған Елорда саяси ерік-жігердің айқын көрінісі. Астана өзінің 20 жылдық тарихында әлемнің озық елдерінің саясаткерлері бас қосатын ірі саяси орталыққа айналды. Еліміздің келешегін жарқын ететін бүгінгі жастар. Сондықтан, мемлекеттің жетістіктерін жастарға насихаттап, оларды жігерлендіру игілікті іс екені анық. Астана қаласының 20 жылдығына орай «Ауыл» партиясының Жамбыл облыстық филиалы Тараз инновациялық – гуманитарлық университетінің үздік студенттері үшін Елордаға арнайы экскурсия ұйымдастырды. Оқу озаттары, спортшылар, қоғамдық жұмыс белсенділерінен жасақталған 20 студент ару шаһардың көрікті жерлерін тамашалауға мүмкіндік алды. Экскурсия аясында олар Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде болып, «Ауыл» партиясының Төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаевпен кездесті. Партия Төрағасы еліміздің саяси-экономикалық дамуы жайлы баяндап, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа келбетіне айналған Астана – Елбасының саяси жетістігі екенін атап өтті. - «Астана жас мемлекетімізбен қоса жасасып, күн өткен сайын көркейіп, өркендеп келеді. Осы 20 жылдың ішінде Астанада тек елдік деңгейдегі ғана емес, әлемдік масштабтағы тарихи іс-шаралар өткізілді. Бүгінде елордамыз миллионнан астам тұрғыны бар мегаполистік сипаттағы шахарға айналды. Қазір дүние жүзі елімізді Астана арқылы таниды», - деді партия Төрағасы. Кездесу барысында Әли Бектаев «Ауыл» партиясының қызметіне тоқталып, саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы айтты. Жастар өздерін толғандыратын сауалдарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Экскурсияға келген студенттердің бірі Шұға Шамбыл, еліміздің қол жеткізген табыстары мен бүгінгі жетістіктерін мақтан тұтатынын жеткізді. - «Болашақта еліміз бағындыратын талай асулар бар. Міне, осындай биік мақсаттар бізді тек алға жетелеуде. Бүгінгі жетістігіміз халқымыздың сан ғасырлар аңсаған арманының орындалғаны деп білемін. Әсем қаламыз Астана – осының айқын дәлелі. Айбынды Елордамыздың тұғыры әрқашан биік болсын», - деді ол.
Read more
....2004 жылдың 17-ші қаңтары. Сенбі күнгі түстен кейінгі уақыт. 8-ші сыныпта оқитын балаға , сыныбына апайы келіп, үйіне шақырып жатқанын айтты. Анасының қалаға кеткені де міне, толық екі аптаның жүзі болған.Сырқаттанып қалдым,емделіп келейін деген анасының сөзі жадында.  Қалада ... ....2004 жылдың 17-ші қаңтары. Сенбі күнгі түстен кейінгі уақыт. 8-ші сыныпта оқитын балаға , сыныбына апайы келіп, үйіне шақырып жатқанын айтты. Анасының қалаға кеткені де міне, толық екі аптаның жүзі болған.Сырқаттанып қалдым,емделіп келейін деген анасының сөзі жадында.  Қалада анасының қасында 1-ші курс оқитын студент ағасы болғасын, жайлы жүрген бала көңіл,еш уайымдамастан  жиналып, сыныптан шығып кетті.
.....Неге шақырды екен деп үйге қарай келе жатырған баланың жүрегі аласұрса да, жаман ойға жол беріліп келе жатырған жоқ. Үйінің шарбағына кірген бетте топырлаған адамдар мен жылаған ащы дауыстарды естіді.
.... Не бала емес, не ержетіп ес жинаған ересекте емес жасқа келген баланың...қалаға кеткен анасын есі кетіп,күтіп сағынып жүргенде, енді жүзін,құшағын,жылуын аңсап мәңгі сағынатынын білгендей жүрегі қарс айрылған күйі езіліп кеткен болатын .........
Міне содан бері 14 жыл зу етті. Көз алдымда кешегідей. Бүгін анамның туған  күні. ❤❤❤
Достар біреулеріңіз ішінен мырс күлерсіздер,біреулеріңіз мені түсінерсіздер. Əн шығарып əнші, клип шығарып жұлдыз болып кетейін деп жатқаным жоқ. Анама деген сағынышымды сіздермен бөлісейін дедім жəне анамның жүзін көрсеткім келді. Көргеннен кейін бәлкім еркеліктеріңзді (тентек)қойып, Аналарыңызды бұрынғыданда қатты жақсы көріп кетсеңіздер деймін.
АНАШЫМ ƏТТЕҢ ТУҒАН КҮНІҢДЕ МЕНЕН ЖОҚТАУ ЕМЕС, МАҚТАУ ƏН ЕСТИТІН ЕДІҢ, ЖАНЫҢ ЖƏННƏТТА БОЛСЫН АСЫЛ АНАМ😢❤ Қолда бардың қадірін біліңіздерші❤❤❤ Менің осы куйімді түсініп, əнін берген @kuat_abilov, сөзін жазып ойымдағыны ұйқастыра білген  @askarrako, əуенін əдемілеп əрлеген @anetgizatolla, осылай айтшы деп қасымда үйреткен @_kosay_, бейнеге түсіріп,монтаждап өзінің ісіндей жаны ашыған @bakozhan мен @igaliev.a
Осы жандармен таныстырып көмегін аямаған @kuanysh_kenes @erkinamanjol @serizhigit @bekbolzh
Бəрі біткеннен кейін жарыққа шығаруға еңбегі зор @nurzhan_tazhikenov
Тілекші болған аға-бауырларыма Алла разы болсын ❤❤❤❤
#құтты_болсын_айтатын_клип_емес
@zhuldyz.tv ужымына рахмет . Осы каналдан Немесе YouTube каналынан коруге болады
Read more
Шаршаңқы күй<span class="emoji emoji1f602"></span>🤣Бұрынғы салт кезіңдегідей қалағанша ұйықтап, қалағанша тыныға алмайсың. Балалы ...
Media Removed
Шаршаңқы күй🤣Бұрынғы салт кезіңдегідей қалағанша ұйықтап, қалағанша тыныға алмайсың. Балалы болудың алғы қиындықтарын бастан кешіріп жатырмыз. Сөйте тұра жанұяңды ұстап тұру да үлкен күш, ерлік, қайсарлықты талап етеді. Темболье, арасында ақыл берер анаңның жоғы тағы бар. Мен ... Шаршаңқы күй😂🤣Бұрынғы салт кезіңдегідей қалағанша ұйықтап, қалағанша тыныға алмайсың. Балалы болудың алғы қиындықтарын бастан кешіріп жатырмыз. Сөйте тұра жанұяңды ұстап тұру да үлкен күш, ерлік, қайсарлықты талап етеді. Темболье, арасында ақыл берер анаңның жоғы тағы бар. Мен өзі қиындық тосыннан келсе паника ұстап қаламын. Бұл орайда мені сөзсіз түсінетін жолдасым жылы сөйлеп, тыныштандырады. Егер миыма еш сөз жетіспей жатса: "анам болса ғой, сұрар едім",-деп отыра кетемін. Сосын анамның сырлас сіңлісі, нағашы апам, боевой @bibigulzhurgali Биби апама хабарласамын. Анама ұқсас дауысы, көзі, бəрі. Кəдімгі тынышталамын. Ол кісі дұрыс, бұрыс деп бəрін айтып отырады. Өзі мінсіз, ақылды, көрікті үш қыз өсірген. Менің жаныма қазір ең жақыны жолдасым мен осы апам болып отыр. Ал ұсақ-түйектерді аз да болса опыты бар деп, келінімнен сұрап аламын. Сегіз жылда бір қарсы келген жоқ келінім. Өйткені, мен оған қарсы болған жоқпын. Мен оған түртпектеп, жеке ісіне араласа берсем, момын келінімнің тілін шығаруыма болады. Бірақ маған інімнің бақыты жүз есе артық. Маған келінім ұнайды. Өйткені, інімнің сүйген жары ол. Мен келініме қырын қараған емеспін. Сосын да өзімді қолдайтын енені заслуживала. Енем ешқашан мені сөккен емес. Ақылын жаймен, қатемді ұялтпай айтып, түсіндіреді. Сосын мен:-"ааа, рас екен. Неге бірден айтпадыңыз? Қап...",-деп жатамын. Жаға жыртыса кетуге дайын кісілер де жоқ емес өмірде. Отыз жылда небір мінезділерді, небір оқыраңдаған, кісінеген өркөкіректерді көрдік. Көре де береміз. Мен өзі өтірік майысатын адам емеспін. Сол себепті көп адам ұнатпайды мені. Өмірден өщіме керегімді алғым келеді. Жеңілсем, ұялсам, қателессем - мойындаймын. Өзгенің намысыма тигенін тағы айтып тастаймын. Ашықпын. Тікемін. Ішімде бүгілген арам ой жоқ. Кешірем. Бірақ көп кешіріп кетсем, ауыр ренжісем - өмірімнен өшірем. Ондай жандар бар да. Солардың біразы үнсіз посттарымды бақылап та жүрген болар. Олар мені прекрасно білетіндер. Сондықтан, күлбілтелікке салынбай, лап-лап етіп, не сөнеріңді, не жанарыңды білмей тұрсаң, мені меңземей -ақ қой дегім келеді. Четкий адамдарды сүйемін. Сөзі анық, жүрегі таза дегендей. Бұл қыз не деп кетті деп отқан шығар, менің жақындарым. Кешкі ой ғой.
Read more
Өзгенің пікіріне жалтақтап, бəріне бірдей жағуға тырысып, өкпе, реніш, жеккөрушіліктің бəрін ...
Media Removed
Өзгенің пікіріне жалтақтап, бəріне бірдей жағуға тырысып, өкпе, реніш, жеккөрушіліктің бəрін жай ғана жұта салудан жалықпадыңыз ба? Менің көзім бір нәрсеге анық жетті. Өмір - таңдаудан тұрады. Бақытты болу һәм өзгеге бақыт сыйлау да, көреалмаушылық, өсек, іштарлық сынды қаситерге ... Өзгенің пікіріне жалтақтап, бəріне бірдей жағуға тырысып, өкпе, реніш, жеккөрушіліктің бəрін жай ғана жұта салудан жалықпадыңыз ба? Менің көзім бір нәрсеге анық жетті. Өмір - таңдаудан тұрады. Бақытты болу һәм өзгеге бақыт сыйлау да, көреалмаушылық, өсек, іштарлық сынды қаситерге бой алдырып бейбақ күн кешу де тек сенің таңдауыңа байланысты. Өзім үшін баяғыда -ақ алғашқы жолды таңдап қойғанмын! Сондықтан да, жүрегімде қажетсіз "быламыққа, пайдасынан зияны басым адамдарға орын жоқ. "Ер мойнында қыл арқан шірімес"... Бірақ, сол түрлі жайт мені шыдамның да шегі боларына үйретті. Мен жаманшылыққа неге төзуім керек деп өзіме жиі сауал қоятын болдым. Доссымақтардың жəне жанымдағы жандардың өтірігіне, сынына, екіжүзділігіне бұрын да төзбегем, қазір де төзбек емеспін. Уақытымды кетіріп, жүйкемді тоздырып қайтем? ! Тек бұл менің өркөкректігімнің белгісі емес, сірə. Бұл есейгенімнің белгісі болар. Табиғаты таза жандар ғана менің өмірімнен орын бар. Біреуге ұнап, өзгенің нұсқауымен жүруден баяғыда бас тартқанмын. Шалқая жатып алып, өзгенің мінін теретіндерге баяғыда "қол қойғанмын ". Күйзеліс пен жаманшылыққа жұмсайтын артық уақытым жоқ. Келісесіз бе? Тағы бір сұрағым: " Бүгін өміріңіздің соңғы күні екенін білсеңіз, оны қалай өткізер едіңіз? Мен дəл бүгінгі күндегі ойым, таным-түйсігімде қалар ем. #AL
Read more
 #қыздарарасында айдары. Өткенде бір қыз дайректке хат жазды. Күйеуімен ажырасқан екен. Не болғанын ...
Media Removed
#қыздарарасында айдары. Өткенде бір қыз дайректке хат жазды. Күйеуімен ажырасқан екен. Не болғанын айтпай-ақ қояйын. Бірақ мына пост ол қызға да өзгелерге де мүмкін ой салар. ... Бір əйелді ұнатып қалған бір жігіт оған гүл жіберіпті. Гүл онша қымбат емес болса керек. Əйел "мынау не ... #қыздарарасында айдары.
Өткенде бір қыз дайректке хат жазды. Күйеуімен ажырасқан екен. Не болғанын айтпай-ақ қояйын. Бірақ мына пост ол қызға да өзгелерге де мүмкін ой салар.⚫
... Бір əйелді ұнатып қалған бір жігіт оған гүл жіберіпті. Гүл онша қымбат емес болса керек. Əйел "мынау не дұрыс гүл ұсынбай ма" деп гүлге де жігітке де көңілі толмай бұрқылдайды. Келесі жолы тағы гүл. Əйелдің гүлде де жігітте де шаруасы жоқ. Оған олар ұнамайды. Үшінші жолы əйел гүлді алып иісін иіскейді. Төртінші жолы көріп жымияды. Бесінші рет қуанып гүлді бөлмесіне қояды. Алтыншы рет оның жүрегінде жылы сезім туып кездесуге барады. Мораль:- əйелдің көңілі біртіндеп жауланады. ... ⚫Егер ер адам шын қаласа мысалдағыдай табандылық танытады. Ал қазір "қыз көп жігіт аз" деген стереотип екі жақты да бұзды. Қыздар өзіне ұнаған жігіт бетіне күле қараса одан айырылып қалмау үшін өздері гүл беруге дайын тұрады.
Сөйтіп шанс туса күйеуге тие салуға дайын тұрады! Ал қыздың жүрегін жаулау үшін тер төкпеген, бір жылы сөз айтып қалағанын алған жігіт отбасын құрғанда ол қызды қайдан аялайды?!
Ал жүріп жүрген жігіт бір аптадан соң басқа қызға кетіп қалмасына кепілдік қайда?!
Ендеше бұл жердегі басты проблема неде? Нəзік жанда. Жалғыз қалып қоямын деп жігіттің күле қарағанына мəз болып оның аяғын сүюге дайын тұратындығында.
...Ал өзін сыйлайтын адам жалғыз қаламын деп қорықпайды. Ондай қыз, ондай əйел өзін бағалайтын, өзінің көңіліне ұнайтын жігітті ғана ТАҢДАЙДЫ. Егер сізге "өлдім, сүйдім" деген сөзден басқа ештеңе жасамайтын, ештеңе дəлелдегісі келмейтін жігіт болса БҰРЫЛЫП КЕТІП қалыңыз. Қорықпаңыз! Сөзі мен ісі сай келмейтін ƏЛСІЗ жігітті қайтесіз?! Өзіңізді бағаласаңыз СІЗДІ бағалайтын СІЗГЕ ЛАЙЫҚ МЫҚТЫ АЗАМАТ табылады. Бұл ТƏККАПАРЛЫҚ емес! Жігіт те өзін бағалаған жанды қалайды. Алла сізді МАХАББАТПЕН жаратты. Егер махаббатпен жаратқан адамы өзінің құнын білмесе Алланы ренжітесіз! Ендеше ЖАЛҒЫЗ қаламын деген қорқыныштан арылып өзіңіздің жан-дүниеңізді байытып өсіңіз! Мен əлгі қызға "торт пісіріп" бизнес бастаңыз дедім. Өйткені торт пісіргенді ұнатады екен. Егер жан-тəнімен торт пісіріп бастаса бір күні оған клиент те табылады! Жаны жайнаған мұндай жанға өз адамды да келеді!
#гүлназдыңжазбасы
Read more
Өз басым өсек айтпайтын адамды көмеген сияқтымын... Үндемейтін адамның өзі біреулер айтып жатса ...
Media Removed
Өз басым өсек айтпайтын адамды көмеген сияқтымын... Үндемейтін адамның өзі біреулер айтып жатса қосылып отыратыны рас қой.. Тек бiреулер көп айтады, бiреулер аз... "Ғайбаттағаным емес" деп бастап алып тоқтай алмай қалып жатамыз... Өзiмiз жайлы әңгiменi естiсек iшiмiз өртене жаздап, ... Өз басым өсек айтпайтын адамды көмеген сияқтымын... Үндемейтін адамның өзі біреулер айтып жатса қосылып отыратыны рас қой.. Тек бiреулер көп айтады, бiреулер аз... "Ғайбаттағаным емес" деп бастап алып тоқтай алмай қалып жатамыз... Өзiмiз жайлы әңгiменi естiсек iшiмiз өртене жаздап, сол адамды жек көрiп, дұшпан санап тұрамыз да, өзiмiз өсек қылған адамның да бәрiбiр еститiнiн және оған да ауыр тиетiнiн мүлде ескермеймiз... Бiр әңгiменiң анығына жетпей жатып тағы бiреуге жай ғана әңгiме айтқандай жеткiзе саламыз... Ал таудай үлкен күнәлар туймедей өсектерден таралатынын ұқпайтынымыз қандай қасiрет едi... 😭Өсек- қаншама отбасының шырқын бұзды...😰 Өсек-қаншама достың арасына от салды..😪. Өсек- қаншама құрбылардың татулығына балта шапты.😖.. Өсек-қаншама мұсылманды күнаhар еттi... 👹Өсек-қаншама әйелдi тозаққа отын қылды...🔥 Менiң 1000% көзiм жеткен нәрсе әр адам бiреуге тiптi тырнақтың ұшындай-ақ зияндық жасаса да мiндеттi түрде оның зардабын тартады... ☝🏽️Ал ғайбат үлкен күнә...! Бес күндiк жалған дүние зу ете қалып, ертең-ақ Раббымның алдында тұрамыз... Сол кезде сол жамандаған адамдар көз алдымызда тұрып сауабымызды арқалап, күнәләрын бiзге "сыйға тартып" кете бередi екен...😡 Бiрге туған бауырыңыздың етiн жеп жатқаныңызды елестетiп көрiңiзшi ... 😱😭 Ғайбаттың жазасы тура осындай екен... Сұмдық қой... 😪 "Пәленiң бәрi-тiлден..!" "Жамандықтың анасы-өсек.." ☝🏽️Көп жағдайда қиындыққа тап болсақ, ауырып қалсақ "Құдай-ай, не үшін қинап жатырсың" деп зар жылаймыз.. Өсекті жәй ғана әңгіме деп қабылдап алданып жатамыз.. "Бәленбай арақ ішіп жүр, түгенбей алаяқтық жасап жүр, ал менің жүрегім таза" деп ақталамыз тағы..🤦🏻‍♀️ Iсiмiз алға бассын десек, жұмысымыз жүрсiн десек, ұл-қызымыз бiздiң жамандығымыз үшiн зардап тартпасын десек, ешкiмге зиянымыз тимесiн десек тiлiмiзге ие болайық... Айтқыныз келiп тiлiнiз қышып тұрса да "дәл осы әңгiменi Аллаh разылығы үшiн айтпай-ақ қояйыншы" деп аузыңызды тия қойыңыз.. Әлбетте сол үшiн Сiздi үлкен бiр жақсылық күтедi... "Бiреудiң күнәсiн жасырған адамның күнәларын жасырып қоямын деген уәдесi бар Алланың... 👍🏽 Бәрiмiздi абыройсыздықтан сақтасын ... 🙏🏽Қайырлы күн..! 😘
Read more
Сағынам сені, мама!!! Амал қанша, көнеміз ғой жазмышқа?! Анамның қасымнан кеткенін енді қатты ...
Media Removed
Сағынам сені, мама!!! Амал қанша, көнеміз ғой жазмышқа?! Анамның қасымнан кеткенін енді қатты сезініп жүрмін. Сұм аурумен ұзаққа (3 жыл) созылған шайқастың нəтижесі "күшті күштілігін көрсетіп" анамыздың арғы дүниеге кеткеніне 60 күннен кетіп барады. Өмір құм сағаты зымырап ағуда. ... Сағынам сені, мама!!! Амал қанша, көнеміз ғой жазмышқа?! Анамның қасымнан кеткенін енді қатты сезініп жүрмін. Сұм аурумен ұзаққа (3 жыл) созылған шайқастың нəтижесі "күшті күштілігін көрсетіп" анамыздың арғы дүниеге кеткеніне 60 күннен кетіп барады. Өмір құм сағаты зымырап ағуда. Кішкене болсын бой жазамыз деп Алматыға кеттік. Бірақ...Бірақ онда да əр таныс жеріңді көрсең болды, осы жерде кезінде анаммен қыдырып жүргенің есіңе түсе кетіп, жүрегің тілініп қалады екен..."Қайда барсаң да, Қорқыттың көрі" деген сөздің мағынасын енді ұғындым. "Бəрін уақыт емдейді" дейді... Қайдам... Уақыт өткен сайын ішің өкінішке пен мұңға толады. Адамның кеткеніне емес, дер кезінде осы қу дүниенің қызығына толықтай кенелте алмағыныңа өкінесің дə... Ақ сүтіңді кешірші...
Қайтесің енді?! Өмір солай дейді. Көнесің! Көш кетіп барады алға! Күлтегін бабамыздың басында "Өд Теңрі йасар, кісі оғлы өлгелі төріміс" (Уақытты Тəңір жасар, адам баласы өлгелі туады) деп жазылған екен. Қайран, бабаларым! Бəрін біліп, көргеннен айтқан ғой! Ұстау керек өзіңді! Сөйтіп, енді өзіңе келе бастағанда жақындарыңның да басына қайғы келгенде "двойной" соққы болады екен. Анамнан соң əкемдей көкем Тұмаш кетті. Одан барып бауырым Алмастың əкесі. Əріптесім Инаяттың анасы, Зира апамның əкесі, енді міне туған жеңгем де бақилыққа атанды. Осы бір "Тауық" жылы шынымен, тауықтай шұқыды-ау, жақындарымды. Бірақ... Жазмыштан озмыш жоқ. Алмас, Инаят, Гүлназ, Зира апа жақын жандарыңның арты қайырлы болсын! Бекем болыңдар!
Ата-анамыздың аруақтары əрдайым разы болып жүрсін! "Бізде сіздей болғансыз, сізде біздей боларсыз" демекші, ендігі осы "бес күн" жалғанда тек бір-бірімізге қамқор болайық! Бағалай білейік бір-бірімізді! Тəңір тек екі дүниенің абыройын берсін! Бүгін бейсенбі йіс күн. Дəметіп жатқан аруақтардың рухына арнаған дұғаларыңыз қабыл болсын! Тəңір жарылқасын!!! Бар болайық!
P/S: Қиын сəтте қолдау білдіріп, жалғызсыратпаған барша ағайын-тума, дос-жорандарым мен таныстарыма алғысым шексіз! Тек аман жүріңіздер!!!
@ialmasaltay
@gulnazaudanbaeva
Read more
Оның аты-Шынар. Екі көзі мөп-мөлдір. Тұнық аспан сияқты. Шашы қоп-қою, қап-қара. Өткен жылы мектеп ...
Media Removed
Оның аты-Шынар. Екі көзі мөп-мөлдір. Тұнық аспан сияқты. Шашы қоп-қою, қап-қара. Өткен жылы мектеп бітірген. Ауылда кітапханашы. Танысқанымызға онша көп болған жоқ. Бар-жоғы бір ай. Каникулға келгенде таныстым. Шынымды айтсам оны бір көргеннен ұнаттым. Бірақ жүрек сырымды оған ... Оның аты-Шынар. Екі көзі мөп-мөлдір. Тұнық аспан сияқты. Шашы қоп-қою, қап-қара. Өткен жылы мектеп бітірген. Ауылда кітапханашы. Танысқанымызға онша көп болған жоқ. Бар-жоғы бір ай. Каникулға келгенде таныстым. Шынымды айтсам оны бір көргеннен ұнаттым. Бірақ жүрек сырымды оған айта алар емеспін. Кездескенде жүрегім атша тулап қоя береді. Кеудемді діріл басады.
Соңғы кезде оны жиі іздейтін болдым. Сыралғы достардай көп әңгімелесеміз. Өмір, бақыт жайлы ой толғаймыз. Кітаптар туралы сырласамыз.
Жайдары жаз қандай тамаша еді. Кітапханаға келдім. Шынарға жолықтым. Шығарып салдым. Киноға шақырдым. "Ертең барайық", - деді ол. Бүгін қолы тимейді екен.
Үйге келдім. Бірақ сыя алмадым. Көңілім алып ұшады. Шынарды көргім келеді. Оның сөйлегені, күлгені көз алдымнан кетер емес. Ертең оған жүрек сырымды айтуға бекіндім. Қанат деген досым келді. Киноға билет алып келген екен. Бардық. Бірақ мен көріп жарымадым. Барлық ойым Шынарда. Қайда екен ол? Не жасап жатыр екен? Кинодан соң Қанат үйіне кетті. Мен орталық бақ арқылы үйге бет алдым. Міне, Шынардың үйінің терезесі. Шамы жанып тұр. Кенет дәл жанымдағы қарағайдың түбінен сыбырласқан үн шықты. Біртүрлі қыз даусы таныс сияқты. "Құдай-ау, мынау Шынардың даусы ғой". Тыңдап тұра қалдым. Құшақтасқан екеу жақындап келеді. Анық сол. Көңілді.
- Арман, бүгінгі түн қандай сұлу? Саған ұнай ма?
- Ұнайды, жаным, өйткені қасымда сен барсың ғой, Шынарым! Біз алғаш кездескенде де осындай сұлу, аппақ түн емес пе еді?!
Олар ұзап барады. Мелшиіп мен тұрмын. Тас төбемде найзағай ойнағандай. Жүрегім қан жылап қоя берді. Көзім қарауытып кетті. "Қош, менің алғашкы махаббатым!" Осылай деп күбірлеймін. Жан дүнием астан-кестен. Мең-зеңмін. Ілбіп басып жүріп келемін. Өкініш өрті өзегімді өртеп барады. "Кеш қалыппын-ау!" Жұлдыздардың менде шаруасы жоқ. Жымың-жымың етеді. Ағаштар шулайды. Баяу жел еседі.
Содан кейін Шынарды көпке дейін көргенім жоқ. Кітапханаға бармадым. Көрсем сырымды білдіріп алармын деп қорықтым. Оқуға кетер күн де жақын қалды.
Бір күні өзі іздеп келді. Қалың ойда, жабырқау отырғам. Жүрегім дір ете түсті. Бұрынғыдан да сұлуланып кетіпті. Толқып кеттім. Ол да толқып тұрған сияқты. Мен оған ұзақ қарадым. Ол да маған ұзақ қарады.
СОҢЫ⤵️
Read more
 #Repost @komek_kausar (@get_repost) ・・・ Халқым ау өздеріңе айтарым бар Жағдайы қиын боп тұр ...
Media Removed
#Repost @komek_kausar (@get_repost) ・・・ Халқым ау өздеріңе айтарым бар Жағдайы қиын боп тұр Кәусарымның Бір көз көрмей қалды енді қайтем Сау көзінен айырылып қалса бір күн. Өмірге жеті бала алып келдім Бақытым балаларым анық менің Пәтер жалдап тұрамыз бір қыстақта Жан күйімді ... #Repost @komek_kausar (@get_repost)
・・・
Халқым ау өздеріңе айтарым бар
Жағдайы қиын боп тұр Кәусарымның
Бір көз көрмей қалды енді қайтем
Сау көзінен айырылып қалса бір күн.

Өмірге жеті бала алып келдім
Бақытым балаларым анық менің
Пәтер жалдап тұрамыз бір қыстақта
Жан күйімді біле ме халық менің.

Күйеуім екінші топ мүгедегі
Тұрмысты айтсам тілім көп күрмеледі
Өкпеден өзімде ота жасатқанмын
Жүрегім жақсы сөзбен емделеді.

Кәусарымның көзіне алаңдаймын
Қаражат жоқ ешқайда бара алмаймын
Көмегіңді аяма халқым менен
Сенен басқа қамқоршы таба алмаймын.

Апарамын қызымды Москваға
Қаражат жоқ тосқауыл алдым бөгет
Жақсы адамдар үн түнсіз қалмаңыздар
Береді деп сенемін халқым көмек

Көмек қолын созамын, сауап жинаимын деген және көмек беріп жатқан ниетті достарға және бауырларға Аллаһ разы болсын.🙏 Каспи Голд:51 69 49 31 22 26 56 33
ИИН:891 118 402 348
Шамсиева Лаура Бакыткалиевна
Народный:53 54 51 00 62 50 39 73
Киви Кошелёк:8 747 334 45 64
#репост #репост #репост
Read more
Бүгін сондай ашулымын. Кінәлі емеспін демеймін, түбінде кінә өзімнен ыстық күнде баламен шыққан... ...
Media Removed
Бүгін сондай ашулымын. Кінәлі емеспін демеймін, түбінде кінә өзімнен ыстық күнде баламен шыққан... Бірақ қазақ десең, өзіңе келеді. Көшеде коляскамен жүргенде бір қазақтың қызы мен ұлы көмек бермейді, білесіз бе?! Ал Алматының бүкіл көшесінде жаяу жүргіншілерге ,әсіресе баспалдаққа ... Бүгін сондай ашулымын.
Кінәлі емеспін демеймін, түбінде кінә өзімнен ыстық күнде баламен шыққан... Бірақ қазақ десең, өзіңе келеді. Көшеде коляскамен жүргенде бір қазақтың қызы мен ұлы көмек бермейді, білесіз бе?! Ал Алматының бүкіл көшесінде жаяу жүргіншілерге ,әсіресе баспалдаққа келгенде коляскаға арналған жері бар дей алмаймын. Хотя, велосипед әр аттам жерде тұр😑 Сосын,баспалдақтарға келгенде коляска бір қолда, қызың бір қолда қалады. Ұлтқа бөлінуім емес, бірақ орыстың ұл-қызы, тіпті баласымен жүрген келіншегі көмектеседі үнемі. Баласы бар адам ғана түсінер біздің жағдайды.
Негізгі ашуды да, жазбаны да тудырған инцидент мынау...
Жиналмалы коляскаға қуанасың-ау, бірақ бүгін оны ауыстырамын деп шештім. Өйткені жаңа мен банкоматта тұрғанда жанымда коляскада отырған қызым коляскасымен бірге құлап қалды. А потому что #еппашамайтbamakahdjdunfj, коляска жиналып қалды өзімен өзі. Сенесіз бе?! Жүрегімнің ұшқаны😥 Туғалы еш жерін соқтырмай ,құлатпай сақтап, аялап жүрген маған бұл үлкен псиxологиялық соққы🙁
Ең сорақысы, үп-үлкен аға жанындағы жас қызбен қарап тұр. Прям тесіліп. Менің баламды жиналған коляскадан шығара алмай жатқанымды концерт қып тамашалап тұр. Ашумен ұрсып бердім, "не тұрыс, көмектессеңдерші xотя бы" деп😪
Сонда ғана қимылдады ағам😬
Баланың жан ұшырып жылағанына қалай қарап тұра алады? Білем, біреудің баласы. Сонда да😬 Бұл бүгін. Бірақ мен босанғанғалы көшеде коляскамен жүремін. Өзім сұрамасам өздігінен баспалдақтан түсіп-көтерілуге бір жігіт көмектескен емес. Неге сонша жабайымыз деген ой маза бермейді осындайда. Күнде болатын жағдай бұл.
Тен өлгенде шықты "типо патриоттар" ұлтқа бөліп, өзге ұлт үшін зарладыңдар деп. Бірақ мейірімді кейде сол өз қазағыңнан емес, өзгеден көресің.
Так что, бөліне бермей, жан-жағымызға кейде назар аударып (кемпір-шалға жолдан өтуге көмектесіп, аналарға жолда көмектесіп тбсс) ,айналамызға мейіріммен қарайықшы!
Пы: Еркенің жағдайы жақсы, тек шошып қалды. Ұмытып кетті уже🙏🏻
Read more
Салем достар... Алдыңғы күні телефонымды екі рет жерге түсіріп алдым... Адам деген пенде ғой... "Тууу, жасамай қалмаса болар еді"-деп едім. Жүрегім сезген екен... Жасамай қалды! Маңызды шаруаларым бар еді. Өздеріңіз білесіз 12/13 мамыр кездесулерім бар... Жане достарымның ойын-сауық ... Салем достар... Алдыңғы күні телефонымды екі рет жерге түсіріп алдым... Адам деген пенде ғой... "Тууу, жасамай қалмаса болар еді"-деп едім. Жүрегім сезген екен... Жасамай қалды! Маңызды шаруаларым бар еді. Өздеріңіз білесіз 12/13 мамыр кездесулерім бар... Жане достарымның ойын-сауық орталығын ашу керекпін... Әттеген-ай... Содан, ол телефонда ақ жүрек Дана досымның @dana_abil сыйлығы еді (оңдап алып әлі ұстаймын, айфон 7😊🙏❤️).... Содан жаңасын алуға уақыт жоқ жанталасып достарым Ерболат @erbolat_aitzhanov пен Эльмираның @elmira_padishax орталығын ашуға бардым... Сіңілім телефонына инста парақшамды қосып алдым да Басқұдық ауылы қайдасың деп жүгірдім. Алыс емес екен... Өте керемет өтті. Сөз соңында досым:"Бізден сыйлық болсын",-деп телефон сыйлады... Қатты қуандық. Мәселе сыйлықта емес, мәселе көңілде. Сасқаннан:"Кеттік қалаға, атап өтейік",-деп өзіміз болып тойлап жібердік! Көңіл көңілден су ішеді деген қазағымның дана сөзі ойыма орала берді. Алған-бергенде тұрған ештеңе жоқ, жәй ғана мені қуантқысы келген достық көңіл ғана... Бір инста достарым:"Сізге үй не қымбат көлік сыйласа да лайықтысыз! Сіздің ерен еңбеніңіздің жемесі",-деп қуантып қойды. Боқ дүние қалады. Ешкім ештеңе арқалап кетпейді. Ақ пейілге ештеңе жетпейді! Адамның бергені мақтануға, Алланың бергені қолдануға! Раxмет алтындарым! Армандарың орындалсын! Шын қуана алған жүрегімді Алла жарылқап отыр! Айтпақшы кездесуіме билет алған, барамын деп ниет етіп отырған қыз-келіншектерге шын алғыс айтамын! Раxмет!💕💕💕❤️❤️❤️ #Аллажарболсын
Read more
Марқұм Мақсұт Нәрікбаев (ҚазГЮА ның ректоры) ағамыздың сұлу келіншегі, Қасиет Қадырқызы апаммен ...
Media Removed
Марқұм Мақсұт Нәрікбаев (ҚазГЮА ның ректоры) ағамыздың сұлу келіншегі, Қасиет Қадырқызы апаммен 🏻 Қасиет апам отбасы құндылықтарын кейінгі ұрпаққа дәріптеу мақсатында, аяулы жары Мақсұт ағамызбен бірге өткізген күндерінің қызығы мен шышығы туралы "Маxаббатым жүрегімде" ... Марқұм Мақсұт Нәрікбаев (ҚазГЮА ның ректоры) ағамыздың сұлу келіншегі, Қасиет Қадырқызы апаммен 😍🙌🏻🌷🌷🌷 Қасиет апам отбасы құндылықтарын кейінгі ұрпаққа дәріптеу мақсатында, аяулы жары Мақсұт ағамызбен бірге өткізген күндерінің қызығы мен шышығы туралы "Маxаббатым жүрегімде" атты естелік кітап жазыпты, оқып отырып, біраз толқыдым... Осылай да өз жарына ғашық болады екен ау деп таң қалуыңыз мүмкін.... Мен таң қалмадым... Себебі өзім де өмір бойы ғашықпын жарыма... 🙈🤗 Айнұр құрбым @aidyn_nury әлі күнге қалжыңдап айтып отырады, Бұл фәниде өзінің күйеуіне "вечно" ғашық екі ақ әйелді білем, олар, Гүлбаршын мен @makpalkaratai Мақпал, - деп)))) 😀🙈 Қасиет апам қазір алпыстың жетеуін алқымдапты, бірақ жүрісі менен ширақ, энергиясы ұрып тұр әлі, тек...... шалымды сағынамын..... дейді..... 😔 #сүйемсүйгенді #маxаббатымжүрегімде #қасиетқадырқызы #асылана #аяулыжар Менің мұндай үлгі тұтар апаларым көп айналамда, жақында суреттері мен өмірлік тәжірибелерінен үзінді жариялайтын боламын, әзірге, жаңа бизнес түріне алданып, қолым тимей жүргені...))) #жақында #жаңатірлік #жаңабизнес 🙌🏻😘🙏🏻🌟 #қайырлыкешжақсылар
Read more
Салем достар! Кешегі өткен "Асыл ана Ақтау" форумындағы @asylanaaktau естелік суреттерді ұсынамын. ...
Media Removed
Салем достар! Кешегі өткен "Асыл ана Ақтау" форумындағы @asylanaaktau естелік суреттерді ұсынамын. Сонау Корея елінен демалысымды бөліп арнайы осы форумға келдім. Даму журналы @damu_magazine мен бірігіп "Батыр ана" марапатын ұсынды. Көп балалы ана деген емес, ана бола тұра елге ... Салем достар! Кешегі өткен "Асыл ана Ақтау" форумындағы @asylanaaktau естелік суреттерді ұсынамын. Сонау Корея елінен демалысымды бөліп арнайы осы форумға келдім. Даму журналы @damu_magazine мен бірігіп "Батыр ана" марапатын ұсынды. Көп балалы ана деген емес, ана бола тұра елге ерінбей еткен қызметіңіз үшін,-деп түсіндірді. Мен ойлаймын, әр бір ана "батыр" деп. Себебі ананың жауапкершілігінен артық дауапкершілік, ананың тілегінен артық тілек жоқ деп❤️🌹🤲. Құшақ-құшақ гүл сыйлаған тілекші жандарға раxмет❤️! Сөзімді тыңдау үшін келген қыз-келіншектерге раxмет! Бір оқырманым жазыпты:"Кореядан келерсіз-ау толтырып қалтаңызға ақша салған болар,"-деп❤️😂😍. Кешірерсіз, мен аналарымыз үшін тегін келдім, тіпті ондай ақша төңірегінде ой да, сұрақ та болған жоқ😍. Бұл менің жеке кездесуім емес ғой, ол алда болады😍😊. Бұл аналарға арналған мереке деп есептеңіздер. Туған жерімде тұңғыш рет өткізіліп отырған соң қателіктер болуы мүмкін, алда бәрі де өте жақсы болады деп есептеймін. Гүлбаршын досымның @gulbarshynzairova сілтемесімен осындай әдемі шараға қатысып отырмын. Раxмет күнім❤️🌹. Жане де Ақтөбеден келген Райгүл ханыммен @raigulmukasheva танысқаныма өте қуаныштымын. Америкаға мені қонаққа шақырды, Алла қаласа жоспарыма сай келіп тұрғаннан кейін ойланбастан баратындығымды айтып, қуанттым❤️🤲💃👌. Асыл ана Ақтау -2018 Айдана @n.aidana8526 есімді әдемі келіншекке бұйырды, шын жүректен құттықтаймын. Ол: "Ай апа сіздің Бейнеудегі кездесуге қатысып, ақ тілегіңізді тыңдап едім... Бәрінің де септігі тиіп, қуанып отырмын,"-деді... Алланың бергені ғой, құтты болсын! Бәріне ұнаған ақ көйлек @matlyuba_atelier сән үйінікі болатын. Бәріңізге раxмет! Достарыма раxмет❤️❤️❤️! Құттықтай берсеңіз болады❤️!Аллажарболсын #Ақтау
Read more
Ұрпақ тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз. Осыны @olensoz_kz жас та болса жақсы түйсініпті. *** Қызым саған айтам *** Қызым... Енді толса да үшке жасың, Сені ойласам батпайды ішкен асым. Адам түгіл айуан да ұрпағы үшін, Жан қиярлық тігеді іске басын. *** Қараймын да мен сенің заманыңа, Алаңдаймын ... Ұрпақ тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз. Осыны @olensoz_kz жас та болса жақсы түйсініпті.
***
Қызым саған айтам
***
Қызым... Енді толса да үшке жасың,
Сені ойласам батпайды ішкен асым.
Адам түгіл айуан да ұрпағы үшін,
Жан қиярлық тігеді іске басын.
***
Қараймын да мен сенің заманыңа,
Алаңдаймын кіршіксіз ақ арыңа.
Өмір дейтін қардай ақ парағыңа,
Түспесе екен деп жүрмін қара күнə.
***
Балабақшаң үйретіпв бар ісіңді,
Мерекеде билетіп "вальсыңды".
Ер балаға кетсін деп еті үйреніп,
Ерте бастан өлтірмек намысыңды.
***
Мектебің де жанашыр емес менше,
Елеңдеймін ертеңің елес берсе.
Бірте-бірте қысқарған юбкалардың,
Не боларын кім білсін сен өскенше?!
***
Тура жолдан көбейді ауған жандар,
Некен-саяқ тұлғалар таудан заңғар.
Саған ертең қамқорлық танытар ма,
Жаулығымен анаңның жау болғандар?
***
Арсыз қыздың кек кернеп көкірегін,
Əлсіз қыздың көгертті бет, реңін.
Қай қолымен бесікті тербетеді,
Қанға малып жүргендер екі қолын?
***
Қызым... Ұят келтірме сен тегіңе,
Еріп кетпе ессіздің селтеңіне.
Тəрбиеңе мен сенің жауаптымын,
Жауаптысың сен елдің ертеңіне!
***
Ал Сіз ше, құрметті оқырман?
Ұлыңызға не деп тәлім айтасыз?
Қызыңызға қалай тәрбие бересіз?
Read more
 #Repost @gulshat_akbaeva (@get_repost) ・・・ Өмірдің соққылары жаныңызды мұңайтпасын,қайта ...
Media Removed
#Repost @gulshat_akbaeva (@get_repost) ・・・ Өмірдің соққылары жаныңызды мұңайтпасын,қайта тұрып алға жылжыңыз?!!! Алға жылжу арқылы ғана келеңсіз кедерглер мен орынсыз талапты жеңе аласыз, бір проблема туындай қойса эмоцияға берілмей қабылдап, тез шешуге тырысуыңыз керек. ... #Repost @gulshat_akbaeva (@get_repost)
・・・
Өмірдің соққылары жаныңызды мұңайтпасын,қайта тұрып алға жылжыңыз?!!! Алға жылжу арқылы ғана келеңсіз кедерглер мен орынсыз талапты жеңе аласыз, бір проблема туындай қойса эмоцияға берілмей қабылдап, тез шешуге тырысуыңыз керек. Ол мәселе Алланың сынағы мен өмірдің сабақтары екенін ұмытпаңыз. Айналаңызға күле қарап, қуаныш сыйлаңыз. Көңілде қанша реніш тұрсада нұрыңызды шаша біліңіз. Кейде күтпеген жерден ту сыртыңыздан пышақ ұрсада адам қарым-қатынас пен адамгершілікті сақтай біліңіз, одан қайта СІЗ ұтылмайсыз, ұтасыз?!!! Себебі сіз руxани биіксіз..., адамдардың руxани деңгейінің қаншалықты орында екенін біле түсесіз.СІЗ, бірқалыпты өзіңізді ұстай білсеңіз, мүмкін ол адам сізден сабақ алар, бәлкім... Көбінесе, ондай адамдар тез сөзге ергіш, өзіндік ой-өрісі мен пайымы және дүниетанымы төмен деңгейде болғандығының белгісін анық көрсетіп отырады. Мүмкін ол адамдар өзінің кері іс-әрекетін дұрыс деп, қайта СІЗГЕ ренжуі де әбден мүмкін. Ондай жағдайда, достар қазекем айтып кеткендей " ит үреді, керуен көшеді" деп..., бұл теманы жаба қою керек. Ал, жақыныңызға айтар болсаңыз, Сіз үшін жаны жабырқап, жүрегі ауырады. Ал, сырлас досыңызға айтар болсаңыз сіз үшін жаны ауыра ма, әлде уақытын аласыз ба,... өмірде ешкімге ренжудің қажеті жоқ, ешкім ешкімге міндетті емес
#психология
#псиxологияөмір
#өмірсоққылары
Read more
<span class="emoji emoji1f4cc"></span> "Өмір бізге бір-ақ рет беріледі, сондықтан ойнап-күліп алайық" дейсіз бе? Ал, өмірдің сізге ...
Media Removed
"Өмір бізге бір-ақ рет беріледі, сондықтан ойнап-күліп алайық" дейсіз бе? Ал, өмірдің сізге бір-ақ рет берілгеніне сегімдісіз бе? Жоооқ, өмір сізге бірнеше рет берілді. Бірнеше рет түзу жолды нұсқады. Көкірек көзіңізді ашсын деп жақсы адамдарды жіберді. Түйсігі ашылсын деп түсінігі ... 📌 "Өмір бізге бір-ақ рет беріледі, сондықтан ойнап-күліп алайық" дейсіз бе? Ал, өмірдің сізге бір-ақ рет берілгеніне сегімдісіз бе?
Жоооқ, өмір сізге бірнеше рет берілді. Бірнеше рет түзу жолды нұсқады. Көкірек көзіңізді ашсын деп жақсы адамдарды жіберді. Түйсігі ашылсын деп түсінігі мол достарды жіберді. Алайда сіз əлі сайран салып жүрсіз? Ойланарсыз бəлкім.
📌"Адам бұ дүнияға келген қонақ" дегенді жиі айтасыз. Ал қонаққа барған адам қалай жүреді? Əуелі үсті-басын ретке келтіріп, бар жақсысын киіп сəнденіп жүреді. Жан-жағындағыларға күле қарап, ілтипатты болады. Дəмді тамақ жейді. Жүрегінен шыққан жақсы тілегін айтады. Ал сіз ше? Қалай болса, солай жүресіз. Жан-жағыңыздағыларды жайпап, аузыңыздан ақ ит кіріп, көк ит шығып жатады. Ішкеніңіз арақ, жегеніңіз харам тамақ. Айтатыныңыз боқтық. Қонаққа келіп ап солай жүруге ұялмайсыз ба?
📌Біреуді жамандап, оның кір киімін өзіңіз кимеңіз. Жамандау деген сөз өз-өзіңізді сол айтып отырған сөздермен үсті-басыңызды былғау деген сөз. Былғаныш, лас адамға жақсылық жуыспайды. Өзгелер сізден жиіркенетін болады. 📌Əр іс-əрекетіңіз бен сөзіңіз - тағдырыңыз. Жақсы ойлап, жақсы жүрсеңіз - жақсы өмір сүресіз. Ұрпағыңызға да осы үрдісті мұраға қалдырасыз. Ойы жаман, сөзі қисық, əрекетінің берекеті жоқ адамдардың тағдыры да ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Ойланыңыз.
АСЫЛЗАТ
Read more
Кешегі постымда ақшаны жақсы көретінімді айтып ем, жерден алып, жерге салғандар шықты. Бірден ...
Media Removed
Кешегі постымда ақшаны жақсы көретінімді айтып ем, жерден алып, жерге салғандар шықты. Бірден Алланы тануға шақырып, "көзі ашық, көкірегі ояу деп жүрсем" деген реніштерін білдіріп жатыр. ⠀ Неге? Себебі, "ақша - лас дүние. Ақшаны жақсы көретін адам оңбаған Кешегі постымда ақшаны жақсы көретінімді айтып ем, жерден алып, жерге салғандар шықты. Бірден Алланы тануға шақырып, "көзі ашық, көкірегі ояу деп жүрсем" деген реніштерін білдіріп жатыр. ⠀ Неге? Себебі, "ақша - лас дүние. Ақшаны жақсы көретін адам оңбаған
Теледидар көп көре бермеймін, бірақ бүгін таңғы ас ішіп отырып әуезді ән тыңдағым кеп музыкалық ...
Media Removed
Теледидар көп көре бермеймін, бірақ бүгін таңғы ас ішіп отырып әуезді ән тыңдағым кеп музыкалық арналарды қостым. Қазақша клиптерді көріп отырып бірінші айтқан сөзім: "Иё, во время күйеуге шығып кетіппіз ғой". Қазіргі қыздарға обал екен... Шалбары мен көлік тізгінін алғанымызға ... Теледидар көп көре бермеймін, бірақ бүгін таңғы ас ішіп отырып әуезді ән тыңдағым кеп музыкалық арналарды қостым.
Қазақша клиптерді көріп отырып бірінші айтқан сөзім: "Иё, во время күйеуге шығып кетіппіз ғой". Қазіргі қыздарға обал екен... Шалбары мен көлік тізгінін алғанымызға өкпелі сияқты жігіттер, біз сияқты "каштан, баклажан" деп мәймөңкелемей, шашты бірден көкпеңбек, жап-жасыл, қып-қызылға бояп, гамаж киіп алады екен. "Мә, сендерге!" деп ашуланған жігіттер косметикамызды да тартып алыпты, сырғаны құлақпен бірге мұрынға да тағатын болыпты. 70-60-70 ілмиген фигураларына қарап, қызғана қарадым әуелі.
7-ші клип көрсетіп жатыр, бәрі бірдей -қызыл-жасыл бас, бұтқа гамаж жабыстырған жігіттер. Мүмкін қазіргі қыздардың бкусы бөлек шығар, кім білсін🤷🏻‍♀️. Бірақ мен көріп "көз банкі, басқа жақ танкі болды" дегендей болдым.
Обшым байқағаным, қазір көп жігіттің балағы қысқа, сол қысқа балақтың өзі 2-ге бөлінеді: 1.Қызыл-жасыл бас, манағы құлағына сырға таққан қумалар. 2.Сақалы көкірегіне түскен, бойы агрессияға тұнып тұрған жат ағымды насиxаттайтындар.
Абай айтпақшы, "Білімсіздік белгісі бұл баяғы". Бала тәрбиесіне үйде де, мектепте де атүсті қарауымыздың жемісі. Өзінің ойы, арман-мақсаты жоқ адам өзгенің жетегіне еріп, басқаның мақсатын іске асыруына жол береді.
Read more
<span class="emoji emoji1f380"></span>Кейде адам өзін ешқашан жолы болмайтын, мүсəпір сезініп кетеді иə... Шын мəнінде біз өз жолымызды ...
Media Removed
Кейде адам өзін ешқашан жолы болмайтын, мүсəпір сезініп кетеді иə... Шын мəнінде біз өз жолымызды өзіміз жабамыз. Біз ашу керек есіктерді қымтап, іші-сыртынан бекітіп тастаймыз да, "менің-ақ жолым болмайды" деп зар илейміз. Ең бірінші ашу керек есініңіз - ЖҮРЕГІҢІЗ! Жүрек ашық ... 🎀Кейде адам өзін ешқашан жолы болмайтын, мүсəпір сезініп кетеді иə...
Шын мəнінде біз өз жолымызды өзіміз жабамыз. Біз ашу керек есіктерді қымтап, іші-сыртынан бекітіп тастаймыз да, "менің-ақ жолым болмайды" деп зар илейміз.
🎀Ең бірінші ашу керек есініңіз - ЖҮРЕГІҢІЗ!
Жүрек ашық болған кезде, барлық жолдар өз-өзінен даңғыл жолға айналады.
🎀Қарапайым ғана мысал: Сізді біреу шын көңілмен мақтаса "жоға, мен оған лайық емеспін", "бұныңыз артық" деп шыж-быж боласыз. 🎀Біреу риясыз сыйлық жасаса: "Несіне əуре болдың?", "Босқа шығындалғаның не?", "Мен сенен сыйлық дəметпеймін" деп азар да безер боп қаласыз.
🎀Жас та болсаңыз, құрметтеп төрге шығарса, сіз керісінше "маған осы жер болады" деп есік жаққа отыра кетесіз.
Осының бəрі ұсақ-түйек болса да, сізге Құдайдың жіберген құрметтері мен нвғметтері еді. Сіз оны қабылдаған жоқсыз. Ондай құрметке өзіңізді лайық көрмедіңіз. Бірақ, əлдекім сізді сыйламай қағып өтіп кеткенде, азарланасыз. Несіне азарланасыз? О баста өзіңіз емес пе, сыйлауға лайық адам емес екеніңізді сан мəрте көрсеткен. 🎀Жолыңызды ашу үшін барлық нəрсені қабылдап үйреніңіз.
🎀Жүректің көзі мен есігін айқара ашып қойыңыз.
🎀Сый-сияпатты қабылдаңыз, өзіңіз де жиі сыйлық жасаңыз.
🎀Ел төрін ұсынса, кері тартпаңыз. 🎀Ел ат мінгізсе, қуана мініңіз.
🎀Ел ет асатса, қарпып жеңіз.
🎀Артық боп жатса, елдің өзіне таратып беріңіз. Қанағат етіңіз.
🎀Құдайдың əрбір адамдар арқылы жіберген жақсылығын шын көңілмен қабылдап, рақмет айтыңыз!
#Асылзаттан_азкем_ақыл
Read more
...<span class="emoji emoji1f4da"></span>Негізі барлық психологиялық кітаптардағы кеңестер ҚҰРАНДА бар. ...Құранда əсіресе көп ...
Media Removed
...Негізі барлық психологиялық кітаптардағы кеңестер ҚҰРАНДА бар. ...Құранда əсіресе көп білім алу, мидың жұмысын жақсарту үшін дүниетанымды кеңейту туралы көп айтылады екен. Мысалы РАББИ, ЗИДНИИ 'ИЛЬМА деген сүрені оқыса АЛЛА ол адамның көкірегін оятады. Ол "менің басымда болып ... ...📚Негізі барлық психологиялық кітаптардағы кеңестер ҚҰРАНДА бар. ...Құранда əсіресе көп білім алу, мидың жұмысын жақсарту үшін дүниетанымды кеңейту туралы көп айтылады екен. Мысалы РАББИ, ЗИДНИИ 'ИЛЬМА деген сүрені оқыса АЛЛА ол адамның көкірегін оятады. Ол "менің басымда болып жатқан оқиғаларды түсінуіме білім берші жəне оны өмірде қолдануыма мүмкіндік берші" деген ойды білдіреді екен. "Біз сіздерді бір-бірінен үйренсін деп түрлі халықты жараттық" деген де Құранда бар. Яғни тілдер үйренсін, жаңа мəдениетті танысын деген.
🕯 Ал енді бəріміз ұзақ ғұмыр сүріп ақылымыздан адаспай қартайғымыз келеді. Негіз көп оқыған адамды көрсе "алжып кеткен" дейміз. Ия егер ол сол білімді өмірде қолданбай тек дəм болсын (маңғыстауский диалект 😊) оқи берсе расымен алжып кетуі мүмкін. Ал негізі көп оқу МИДЫ ШЫНЫҚТЫРАДЫ. Оны жасартады. Адам кітапты түсініп оқып, оны миымен анализ жасап өмірінде қолданса миындағы НЕЙРОН жасушалары көбейіп, адамның ақпарат алуына көмектесетін ДЕНДРИТ деген зат ҰЗАРЫП мида жаңа ҚҰРЫЛЫС жүріп отырады екен. "ЕРКЕ ЕСМАХАННЫҢ көйлегі қанша тұрады, ТƏУЕКЕЛДІҢ қызының аты кім" деген "білімнен" емес кəдімгі миға азық болатын кітаптар, жаңа тілдер үйрену жаңа мəдениетпен танысу секілді ІЛІМДЕР МИДЫ ЖАСАРТАДЫ.
...💡ТЕК МИДЫ ҚОРЕКТЕНДІРІП ТҰРУ КЕРЕК.
В витамині, Омега 3, нан, жұмыртқа, какао, 15 минут сайын суды ұрттап ішу, йога, жаяу жүру, физикалық жаттығулар АДАМНЫҢ ТЕЗ ОЙЛАУ, ЛОГИКАСЫН ЖАҚСАРТУ, ЕСТЕ САҚТАУ қабілеттерін күшейтеді.
НЕЙРОБИОЛОГТАР(МИДЫ ЗЕРТТЕЙТІН ҒАЛЫМДАР) 40 ЖАСТАН КЕЙІН АДАМ МИЫ ҚҰРҒАП БАСТАЙТЫНЫН ДƏЛЕЛДЕГЕН. Бірақ миды қартайтпау үшін Австралия ғалымдары ДЕСЕРТ, ТƏТТІЛЕР жеуді азайтуға кеңес беріпті.
Таңертең КАКАО ішу миға керемет ВИТАМИН дейді.
...🤕Тіс ауруы туралы. Ғалымдар тануға, білуге ұмтылысы азайған адамдардың ТІСІ жиі ауыратынын зерттеген. Сондықтан МИДЫҢ ТАНУҒА ҰМТЫЛЫСЫН КҮШЕЙТУ ҮШІН ТІСТІҢ АРАСЫН ЖІППЕН тазалап тұру керек екен.
...Куркума АСТЕРОСКЛЕРОЗДЫҢ алдын алады екен.
...Қысқасы, ӨТЕ ТАБЫСТЫ МИЛЛИОНЕРЛЕР өте көп оқиды. Неге? Өйткені ОЛАРДЫ ТАБЫСҚА ЖЕТКІЗГЕН МИЫНДАҒЫ БІЛІМ!!! Олар жаңа идеялармен, ерекше шешімдерімен табысқа жеткен. Сол үшін миға жиі біліммен азық беріп тұру керек!
#ми #қазақшапсихология
Read more
Қайырлы күн мұсылман жамағат! Мен есімім Жадыра. Шырылдап, жанын шүберекке түйіп, баласы үшін ...
Media Removed
Қайырлы күн мұсылман жамағат! Мен есімім Жадыра. Шырылдап, жанын шүберекке түйіп, баласы үшін ем іздеп жүрген анамын. Балам 9 жаста есімі Ақназар. Ақназарым өмірге сап сау бала болып келген. Қатарластарымен бірге бала-бақшаға барып, мектеп табалдырығын аттап, 2-сынып оқушысы ... Қайырлы күн мұсылман жамағат!
Мен есімім Жадыра. Шырылдап, жанын шүберекке түйіп, баласы үшін ем іздеп жүрген анамын. Балам 9 жаста есімі Ақназар.
Ақназарым өмірге сап сау бала болып келген. Қатарластарымен бірге бала-бақшаға барып, мектеп табалдырығын аттап, 2-сынып оқушысы еді.
2017 жылдың 8 ақпан күні аяқ асты əлсіреп, тəбеті болмай, сол қолын көтере алмай, басын ұстай алмай, жан-сақтау бөліміне түстік. Балапанымның жағдайы тез арада қиындап кетті. Өзі дем ала алмай аппаратқа алды. 1 аптадай комада болды. Ағайын-туыспен бірге жансақтау бөлімін күзеттік. Ол күндері басымыздан өткенді Алла ешкімге бермесін
Менингиттің өте ауыр түрі деді дəрігерлер, Менингоэнцефалит деп диагноз қойды.
4 ай аппаратта болдық. Басында аппаратты мұрнына түтікше қою арқылы жалғаған еді. Кейін трахеостомаға келісуге тура келді. Тамағын тесіп, түтікше қойды.
4 айдан соң түтікшемен дем алып үйрендік. Біз 9 маусымда портативный отсос сатып алған соң үйге шықтық.
Қаншама қиындықтармен 9 жасар балам күресіп келе жатыр. 9 жасар өмірінде өлімнің дəмін татқан балапаным қатты қорқады. Клинический смертте бірнеше рет болды.
Қолдарын көтере алмайды, өздігінен дем ала алмайды. Балапанымның толық дем алуы үшін бізге ИВЛ (искуственная вентиляция легких) аппараты мен механический откашливатель керек. Ал ол аппараттардың құны 5 187 000 теңгені құрайды. Ондай ақшаға біздің шамамыз келмейді. Баламның көз алдымда əр қиналғанын көргенде жүрегім жылайды..... Аналық жүрегіммен жалбарынып сұраймын, қол ұштарыңызды созыңыздаршы. Қанша тенге болсын 50 тенге 100 тенге болсын біз ризамыз. Ұлым екеуміз үлкен үмітпен сіздерден көмек күтеміз. Алла разы болсын барлықтарыңызға. Балаларымыз ауырмасын.
Анасы Абдилдаева Жадыра Сарсеналиевна, моб. +7 747 665 4807,
ИИН 860725402459.
Карта Каспи голд: 5169 4931 0061 9306.
Карта Халық Банк: 5354 5100 8239 1110.
Карта Казком: 4003 0327 7766 9583.
Әкесі Орманбеков Акылбек Абзелбекович, моб. +7 707 268 8695,
ИИН 821219301885
Карта Сбербанк: 4263 4472 9124 1708.
Read more
Отбасылық концертімізбен, ел аралаған кезімізде бірде xалықтың ықыласына қуансам, бірде жүрегім ауырған кездерімде көп болды. Неге екенін сіздермен бөлісе кетейін: Менің түсінгенім, немерелерімнің ойынша, кім жақсы орындайды соған xалық гүл, сыйлықтар беруі керек сияқты. Алғашқы ... Отбасылық концертімізбен, ел аралаған кезімізде бірде xалықтың ықыласына қуансам, бірде жүрегім ауырған кездерімде көп болды. Неге екенін сіздермен бөлісе кетейін:👌 Менің түсінгенім, немерелерімнің ойынша, кім жақсы орындайды соған xалық гүл, сыйлықтар беруі керек сияқты. Алғашқы күндері 3 немереме сыйлық беріп, біреуіне берілмей қалса: "Әкешім кешірші, мен дұрыс орындай алмай қалдым"деп өксігін баса алмай жылағандары да болды.Алауым ширақ, пысығырақ қой😊 мен бір-екі мәрте сыйлық берілмей қалған кездерінде, өзіме берілген гүлді тығып қойып, солар шыққан кездерінде , саған беремін деп үлгере алмай қалыпты, менен бір апа беріп жіберді деп ұсынсам, мамасына келіп, мама, апам алдап тұр я, неге бәрі үлгере алмай қала береді депті.Оған әбден Жұлдыз екеуіміз күліп алдық, соларды алдаймыз деп жүрген біз ақымақпыз деп. Бірде мен өзіме берілген мамық қонжықты бергенмін Алауға, саған беруге тағы үлгермей қалыпты бір апа деп" Ммм"-деп Алауым, алдап тұрғанымды білгендей қуанбай жәй ала салған,кейін қарасам, Ханға сыйлық берілмей қалды, апа менде, мынау саған деп алдап Ханға бере салсам болады ма қонжықты дейді😊сөйтіп Ханға бермесі бар ма😁 Әйтеуір бір-біріміздің көңілімізді табамыз деп, актриса болып кеттік. Кейін бәрін түсініп, концерттің соңында бір-біріне бөлісетін болды, саxынаға өте еркін шығып, қозғалатын болды. Сондай бір-біріне деген мейірімділігі үшін жүрегім жылып сала берді. Бұларда ойыншық жоқ емес, дұрыс түсінбей қалмаңыздар, дұрыс орындай алмай қалсақ гүл берілмейді деген бала жүрегі болмаса. Әкелерінің абыройын ойлап, уайымдап, біреуінің көзінен жас шықса, бірі саxнаға шығарда қолы дірілдеп, кішкентай дейміз-ау, бірақ мен осы жолы, осы кішкентай жүректерімнен көптеген сабақ алдым. Әкелері саxынаның адамы болғандықтан болар, немерелерімнің де қанында бар болғаны ғой, осы кештерді өздері қатты күтті, бір жағы әкелерінің еңбегін жақсы түсінді. Ия, баршаңызға алғысым шексіз, сіз бақытты анасыз, сіздің жолыңызды бізгем берсін деп жатасыздар🙏 Армансыз адам бола ма? Менің арманым: осы менің періштелеріме тіл-көзден аман болсын, өмірлері ұзақ болсын деп, дұға етіп қойыңыздаршы. Мен үшін ең үлкен тілек, сіздерден күтетінім де осы жылы сөз ғана😘✊️
Read more
СОҢЫНА ДЕЙІН ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗДАРШЫ<span class="emoji emoji1f64c"></span><span class="emoji emoji1f64c"></span><span class="emoji emoji1f64c"></span> #Repost @rakhmetsagananashim (@get_repost) ・・・ Бүгін, ...
Media Removed
СОҢЫНА ДЕЙІН ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗДАРШЫ #Repost @rakhmetsagananashim (@get_repost) ・・・ Бүгін, 2.07 2028 міне шатырымызда жабылып , кірпішіміз де қаланып жоспарлаған ісіміз едəуір алға жылжуда .Ниетіміз түзу , ойлаған ойымызға ең əуелі Алла тағаламның қалауымен жақсы жандарды көмекке ... СОҢЫНА ДЕЙІН ОҚЫП ШЫҒЫҢЫЗДАРШЫ🙌🙌🙌 #Repost @rakhmetsagananashim (@get_repost)
・・・
Бүгін, 2.07 2028 міне шатырымызда жабылып , кірпішіміз де қаланып жоспарлаған ісіміз едəуір алға жылжуда .Ниетіміз түзу , ойлаған ойымызға ең əуелі Алла тағаламның қалауымен жақсы жандарды көмекке жіберіп Армандарымыздың орындалуына кедергісіз жылжу үстіндеміз Көз алдымызға , күнделікті елестетіп Арман қанатында əліде қалғып ұшудамыз .Бізге жасап жатқан қайрымдылықтары үшін қаланып жатқан əрбір кірпішіміз , төбемізді жауып тұрған шатырымыз əрине мен ойлаймын нағыз бейкүнə ешкімге зияны жоқ біздің періште пəк сəбилеріміздің БАСПАНАСЫ бұндай жандарға жасалынып жатқан БАСПАНА да болашақта осы жандардың ем алып , өздері сияқты жандармен бір жерде бір мезгіл ойыны мен дендерін сауықтыру үшін ,қуануға арналған НАҒЫЗ ҒИМАРАТ@"Рахмет саған , Анашымның " Ғимараты болмақ .Туылмай жатып бұл өмірдің азабында қалған біздің.балаларымыздай балаларды ешкімнің де басына түспеуін қалаймыз , "Əттең "- дені сау болғанда ғой деген Арман біздің əрбіріміздің жүрегімізді тілгілейді , ал бұл жерде дəл осындай балапандарын Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай жеткізіп , бағып отырған Аналарымыз ше ? Нағыз Аналар емес пе ? Сіздер қалай ойлайсыздар ? Сол себептен барша қауым өздеріңізден əліде көмек күтеміз , Демеушілік жасап жəрдемдессеңіздер екен .Бітуге дейін қаншама күш керек 👐👆💪
ОСЫ ПАРАҚШАДАҒЫ СЧЁТҚА 100-ТЕҢГЕ БОЛСА ДА ПАТЫРЛАТЫП ЖІБЕРЕЙІКШІ ДОСТАР. КҮНСҰЛУ МЕН АЛМАГҮЛ :
-"ЭЛЬМИРА, ӨЗІҢНІҢ КАСПИ ГОЛДЫҢА ЖИНАП БЕРШІ!"-ДЕП ЖАТЫР.🙌МЕН БҰЛ КЕЛІНШЕКТЕРДІ ӨЗ КӨЗІММЕН КӨРІП, ТАНЫСЫП,ТІПТІ ҮЙЛЕРІНЕ БАРЫП ТҰРЫП СӨЙЛЕСКЕНМІН, ҮЙЛЕРІНЕ ҚОНҒАНМЫН.🙌БІРАҚ, КЕШЕГІ ҚОРДАЙЛЫҚ МЕДЕТ ПЕН МЕРУЕРТ БАЛАЛАРЫМЫЗҒА АҚША ЖИНАҒАН КЕЗДЕГІ ЕСТІГЕН НЕГАТИВ СӨЗДЕРДЕН КЕЙІН БЕТІМ ҚАЙТЫП ҚАЛДЫ. 🙇‍♀️СОЛ КҮНДЕРІ ЖАНЫМА ЖАҚЫН ДЕП ЖҮРГЕН 5-ЖЫЛДАН БЕРГІ ИНСТАДОСТАРЫМНАН АЙРЫЛДЫМ.🙇‍♀️ҚАТТЫ КӨҢІЛГЕ ТИІЛЕТІН СӨЗДЕРДІ ӨЗ АДРЕСІМЕ ЕСТІП, ЕНДІ ЕШКІМГЕ АҚША ЖИНАМАЙМЫН ДЕП ШЕШТІМ. 🙇‍♀️ҚАНШАМА ИНСТАДОСТАР БЛОКҚА КЕТТІ.СӨГЕ ЖАМАНДАМАССЫЗДАР!-ДЕП ОЙЛАЙМЫН.🙇‍♀️🙇‍♀️🙇‍♀️🙇‍♀️
"СӨЗ СҮЙЕКТЕН ӨТЕДІ!"-ДЕГЕН.
"Əрі беріден соң сен кімсің, жаман оқымаған,білімсіз құрылысшысың!"-деген сөз🙇‍♀️ СҮЙЕГІМЕ ЖЕТТІ "БІР АУЫЗ СӨЗ"👌
Read more
Сәрсен аудан әкімі қызметінен босатылғаннан кейін біраз уақыт үйінде жатып қалды. Облыс жақтан ...
Media Removed
Сәрсен аудан әкімі қызметінен босатылғаннан кейін біраз уақыт үйінде жатып қалды. Облыс жақтан тырс еткен дыбыс, еш хабар-ошар болмады. Ал негізінде басшы қызметте істегендердің бір жерден босағанымен екінші жерден "жарып шығуы" сонау елді партия басқарған кезден бар саясат. Бұл ... Сәрсен аудан әкімі қызметінен босатылғаннан кейін біраз уақыт үйінде жатып қалды. Облыс жақтан тырс еткен дыбыс, еш хабар-ошар болмады. Ал негізінде басшы қызметте істегендердің бір жерден босағанымен екінші жерден "жарып шығуы" сонау елді партия басқарған кезден бар саясат. Бұл да содан үміттеніп, дәметіп біраз жүрді. Рас, алғашқыда осы ауданның бір совхозының директоры қызметі ұсынылды. Оған бұл келіспеді. Онысы дұрыс та еді. Кеше бүкіл бір ауданды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған әкім енді сорлы болып өзінен әлдеқайда жас жігіттердің алдында жалтақтап қалай отырады?
Содан екі-үш ай өткен соң облыстық әкімшіліктен әбден күдерін үзген Сәрсен ескі таныстарды жағалап, ақыры облыс орталығындағы шағын бір мекемеге қызметке орналасты. Орталыққа жақындау ауылдан үй сатып алып, көп кешікпей көшіп те алған.
Тіршілік бұл қызметтен кетті деп тоқтаған жоқ, жалғаса берді. Бірақ көп жылдан бері жолы болып жүрген бұған тағдыр соққысы үсті-үстіне тие бастады. Алдымен өзіне тете ағасы дүние салды. Caп-caу жүрген жігіттің түбіне қан қысымы жетті. Одан әйелі қатты ауырып, үш операциядан кейін әупіріммен азар тірі қалды.
Қызметі де қожырай бастады. Бұл жұмыс істейтін мекеме жабылуға айналды. Отыз жылдай комсомол, партия қызметтерінде үнемі сатылап өсіп, әмсе жолы болып жүрген Сәрсенге бұл өте ауыр тиді. Әсіресе, кешегі бір жай жүрегіне тікендей қадалды. Ұмытайын десе де ұмыта алмайды. Әлі де көз алдында. Күн сылбырап жауып тұрған. Бұл тротуардың жиегімен келе жатқан. Кенет артынан шыға келген бір машина бұған жақындай бере газды қаттырақ басып қасынан құйғытып өте шықты. Қара лай су үсті-басын былғады да кетті. Машинаға көзі түсіп еді, бұрынғы аудандағы өзінің бірінші орынбасары екен. Кекірейіп отыр. Тіпті түсіп сәлем де бермеді-ау. Сәлемді айтасың үсті-басын былғап кеткені мынау. Ал сол жігітті бұл әкім болған бойда быт-шыт боп тарап кеткен бір мекемеден сүйреп әкеліп, қазіргі тілмен айтсақ өз "командасына" кіргізіп, бірінші орынбасар еткен. Осы "Сәке, Сәке" деп жалбаңдап-ақ тұрушы еді. Ендігісі мынау. Қазір есіне түсті, өткенде де бір кішігірім жиналыста мұны байқамағансып қасынан өте шыққаны бар. Не боп кеткен мына дүние?
СОҢЫ🔽
Read more
 #наурыз #улысонболсын #акмолболсын #мейрам #мереке #22наурызмейрамы #наурызкуттыболсын<span class="emoji emoji1f337"></span> #азнаурыз #жанакун #улыстынулыкуни ...
Media Removed
#наурыз #улысонболсын #акмолболсын #мейрам #мереке #22наурызмейрамы #наурызкуттыболсын #азнаурыз #жанакун #улыстынулыкуни Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, ... #наурыз #улысонболсын
#акмолболсын #мейрам #мереке #22наурызмейрамы #наурызкуттыболсын🌷 #азнаурыз #жанакун #улыстынулыкуни Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!
22 наурыз мерекесі құтты болсын! Ата, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен бала-шағаның бағдаршамы болып жүре бер! Төрт түлігің ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын! Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін!Наурыз мерекесі саған дүниенің бар жақсылығын әкелсін! Әке, Ұлыстың ұлы күні 22 наурызсаған көктем күнінің күшін әкелсін! Шаңырақтың сүйеуі, отбасының тірегі болған сүйікті әкем, саялы бәйтеректей алақаныңнан жылу кетпесін! Ана, 22 наурызда шаңырағымызға береке, ырыс кірсін! Әз Наурыз әлемді тербеткен ақ жүрегіңе қуаныш пен шаттық сыйласын! Бала-шағаңның қызығын көруге жазсын! Бауырым , тай құлындай тебісіп бірге өскен ардақты жан, 22 наурыз күні арманың орындалып, көктем саған бар жақсылығын әкелсін! Отбасының еркесі, жанарымыздың нұры, ата-ананың ақ үмітін ақтап, өмірден өз орныңды тапқайсың! Досым, ыстық-суықты бірге көрген жанымның бөлшегі, саған көктем күнінің шуағын тілеймін! Келесі 22 наурызда да бір-бірімізге ыстық тілектер айтып отыруға жазсын! Әріптесім, 22 наурыз құтты болсын! Жеке өміріңе бақыт, жұмысыңа шығармашылық шарықтау тілеймін! Көк Тәңірі нұрыңды аяма, Жер тәңірі ырысыңды аяма! Әділ жанды тағынан тайдырма, Әз халықты бағынан айырма. Басыма бас қос, Жасыма жас қос, Асыма ас қос! Аяулы халқым, қыстан аман-есен шығып, наурыз мерекесін үлкен қуанышпен тойлап жатқан жалпақ жұрт, 22 наурыз мерекесі баршаңа жаңа бақытты өмір әкелсін! Ақ таңыңыз күлімдеп ата берсін, Қариялар кемсеңдеп бата берсін. Наурыз мерекесі күлімдеп кеп, Ұлыстың ұлы күні бақ әкелсін! Жылыстап жеткен Жаңа Жылымыз - төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына бақ құсын қондырсын! Молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тілейміз!
Read more
Шамамен жасым 8-9 да болу керек, ауылға Роза Рымбаева келетін болды.. Билет бағасы 2 сом.. Ол замандағы ...
Media Removed
Шамамен жасым 8-9 да болу керек, ауылға Роза Рымбаева келетін болды.. Билет бағасы 2 сом.. Ол замандағы 2 сом қазіргі 20 мыңмен шамалас.. Содан концерттен 2 ай бұрын Көкжырадағы клубтың алдына Роза апайдың дәу плакаты ілінді.. Мен ақша жинауға кірістім.. Күніне 5 тиыннан, кейде 10 тиыннан ... Шамамен жасым 8-9 да болу керек, ауылға Роза Рымбаева келетін болды.. Билет бағасы 2 сом.. Ол замандағы 2 сом қазіргі 20 мыңмен шамалас.. Содан концерттен 2 ай бұрын Көкжырадағы клубтың алдына Роза апайдың дәу плакаты ілінді.. Мен ақша жинауға кірістім.. Күніне 5 тиыннан, кейде 10 тиыннан жинаймын.. Дүкенге баруға құмармын, сондағы ойым қалған сдаштарды өзіме алып қалу..😅 Сөйтіп жүргенде концерттің болатын күні де келіп жетті.. Ақшамды санасам 1 сом 70 тиын..😭 Бар арманым Роза Рымбаеваны жақыннан көру, бір көрсем болды деп отырмын.. Сонымен апам аяп кетті ме, 30 тиынды берді-ау.. Барсам концерт басталып кеткен, зал лық толы.. Бойым құрттай, арт жақта тұрмын, түк көрінбейді.. Роза апамның менде шаруасы жоқ, "Балдәуренді" бұрқыратып айтып жатыр..😅 Адамдарды итеруге күшім жетпейді, алға ұмтылу мүмкін емес..🤦🏻‍♀️ Концерттің соңына қарай адамдар саябырсып кішкене алдыға жылжыдым.. Роза апай өте сұлу екен.. Дауысы да ашық, жарқ-жұрқ етіп тұр.. Қатты қызықтым.. Содан үйге келе салып мен де сондай "жұлдыз" боламын деп шештім.. Күн сайын түпкі бөлмеге кіріп алып концерт қоямын.. Бақырып өлең айтамын, алдымда типа шулаған xалық қоймай шапалақ ұрып жатады, "тағы айт" деп өтінеді xалқым.. 🤣Шыбынұрғышты микрофон қылып қолыма ұстап аламын... 🎤Сосын салтанатты түрде басымды иіп екінші өлеңді айтуға кірісемін.. 😛 Құшағым толған гүл, айналам қаумалаған xалық, бақыттан басым айналып қиялға батқан күйі ұйықтап кететінмін..😅Дәл сол концерттен кейін шамамен 10 жылдан аса уақыт өткенде дәл сол клубта, дәл сол Роза апам тұрған саxнада менің шығармашылық кешім болып жатты.. Тура сондағыдай лық толы зал... Тура сондағыдай шулаған xалық, керемет қошеметті xалқым маған көрсетіп жатты.. Кейіннен Роза апаймен талай жүздестік, көрген сайын осы әңгімемді айтқым келеді-ақ.. Қазір бұрынғыдан да жақсы көремін..❤️ Жалпы мен адамдардың бәрін жақсы көремін.. Адам анадан туғанда жаман болып тумайды, сәби кезінде бәрі жақсы.. Тек сәби жүрегі қатыгездік көрмей, мейірім көріп өссе барлығына қол жеткізетін болады..Балаларыңыз неше түрлі қиялға ерік беріп, армандап жатса қолдаңыздар.. Оның бәрі орындалады..! Жексенбі көңілді өтсін достарым! ❤️ @rozarymbaeva 😘 #армандарорындалады💫
Read more
☆Бұл оқиға мен 8 сынып оқып жүргенде болып еді. Көрші келіншек жаманат хабарды сыбырлап жеткізді. ...
Media Removed
☆Бұл оқиға мен 8 сынып оқып жүргенде болып еді. Көрші келіншек жаманат хабарды сыбырлап жеткізді. Сыбыр арқылы жеткен сұмдық оқиға елге дереу тарады. Бірақ, ың-шыңсыз, үн-түнсіз тына қалған-ды. ...Иə, түрмеден оралғанына бір жыл да болмаған əке 9 сыныпта оқып жүрген қызымен жақындасып ... ☆Бұл оқиға мен 8 сынып оқып жүргенде болып еді. Көрші келіншек жаманат хабарды сыбырлап жеткізді. Сыбыр арқылы жеткен сұмдық оқиға елге дереу тарады. Бірақ, ың-шыңсыз, үн-түнсіз тына қалған-ды. ...Иə, түрмеден оралғанына бір жыл да болмаған əке 9 сыныпта оқып жүрген қызымен жақындасып жүріпті. Біздің көрші келіншек жеңгесі. Соған келіп айтыпты ана қыз. Əкесі түрмеге қайта кетті, содан оралмады. Шешесі елдің бетіне қарай алмаған қалпы дүниеден өтті. Қыздың тағдыры белгісіз.
Бұл оқиғаны мен ғана талай жыл өтсе де жүрегім алқынып еске алып отырмын. Айтпағым, бұрында да қаны қарайған, ойы бұзылған адамдар болатын. Бірақ, ел оны сүйіншілеп айтпайтын. Жаманатты айқайлап, жарыса айту - оны көбейтеді, елдің етін өлтіреді деген түсінік болатын.
☆Оба, обыр, шешек, т.б жұқпалы, емі жоқ аурулардың өзін атымен атамай, аты жоқ ауру, аты жаман ауру, емі жоқ ауру деп астарлаған. Аурудың атын атап, əңгімелеу - сол дертті таратумен пара-пар еді.
☆Кісі өлтіруші, қылмыскерлердің өзін қанышер, жауыз деп жазғырмай, істі болды, жазықты болды, қан жүктеді деген.
☆Жезөкшелерді - суық жүрісті, жеңіл жүрісті деп айтса;
☆Ұрыларды - суық қол, сұғанақ деп долбарлаған.
☆Тіпті қойға шапқан қасқырдың өзін атын атаса келеді деп, жыртқыш деп жұмбақтап айтуында да себеп көп.
Мұндай табуларды айта берсек жетерлік. Жақсы хабарды ған сүйіншілеп, айқайлап айтуға рұқсат. Ал жамандық шақыратын хабар түгіл, оның атауын бұрмалап айтудың басты мақсаты - ел арасында оны ушықтырмау, дəріптемеу, құлақ пен етті үйретпеу.
Жақсы сөз - жарым ырыс. Ырысымыз ортаймасын!
Read more
Қайырлы кеш достар. Адамның адамға жақсылығы міндетті түрде қайтады. Адамнан болмаса да Алладан ...
Media Removed
Қайырлы кеш достар. Адамның адамға жақсылығы міндетті түрде қайтады. Адамнан болмаса да Алладан қайтады! Сол адамға жасаған жақсылығыңды бұлдамасаң болғаны. Маған көбіне бергеніңді неге айтпайсың,-деген секілді әңгімелер айтылады. Бергенді айтпау керек, алғанды айту керек! ... Қайырлы кеш достар. Адамның адамға жақсылығы міндетті түрде қайтады. Адамнан болмаса да Алладан қайтады😘! Сол адамға жасаған жақсылығыңды бұлдамасаң болғаны. Маған көбіне бергеніңді неге айтпайсың,-деген секілді әңгімелер айтылады. Бергенді айтпау керек, алғанды айту керек! Жамандар жақсымын деп айқайлайды, жақсылар жақсымын деп айта алмайды,-дегендей ешқашан "мен бердім" деп емес "алдым" деп айту керек. Адамның дәрежесін өсіретін де, түсіретін де бір Алла! Соны ұмытпау керек😘! Сені биіктетеді ме әлде төмендетеді ме өзі біледі. Амалыңа қарай, ниетіңе қарай кейде тіпті алғыс алғаныңа қарай да өсіп отырасың. Сосын кім-кімнің де жеткен жетістігі мен жеңісіне алақан шапалақтан шын қуан😘😊! Сол кезде сен үшін шын қуанар жан табылар🌟🏆! Адам адамнан артық емес! Менмендік сені өшірмесе, өсірмейді... Талай мықтыларды белінен сындырып, қара жер қылып төмендеткен сол баяғы менмендігі мен тәкапарлығы деп білемін! Ешқашан еш нәрсені басынан бастауға кеш емес! Мейірімді күліп тұрған жүзіңмен, ақ көңіл мінезіңмен, саналы әрекетіңмен көптің есінде жақсы адам болып қалуыңа кім кедергі! Жарқыраған жүзімізді тот баспаса екен! Мейірімді жүрегімізді кір баспаса екен! Жәудіреген көзімізді мұң баспаса екен! Уақытша жалған екенін жастарымыз ұмытпаса екен! Ақшаның буы ақылымыздан адастырмаса екен! Алла бәрімізге бақ берсе екен! Аумин! ❤️❤️❤️ Көйлегімді айтайын, жарнама үшін жалпылама жандардың сұрауымен жазамын көбіне. Бұл @kurak_korpe сән үйінікі. Ал, орамал Салтанат сіңілімнің @oramall сыйлығы! ❤️❤️❤️ #Аллажарболсын #Аллағашүкір
Read more
Бүгін өз-өзіме зарплаты төлеп, кәсіппен айналысып жүргеніме тура 2 жыл болыпты. Овенмін ғой, ...
Media Removed
Бүгін өз-өзіме зарплаты төлеп, кәсіппен айналысып жүргеніме тура 2 жыл болыпты. Овенмін ғой, осы артымды түк ойламайм ше, ойыма не келеді, 5 минутта істей саламын. Кейде "Көп ойланған ақылдыдан, ойланбайтын ақымақ озадының" кебін киіп, тәуекелге барғанның арқасында жетістіктерге ... Бүгін өз-өзіме зарплаты төлеп, кәсіппен айналысып жүргеніме тура 2 жыл болыпты.
Овенмін ғой, осы артымды түк ойламайм ше, ойыма не келеді, 5 минутта істей саламын. Кейде "Көп ойланған ақылдыдан, ойланбайтын ақымақ озадының" кебін киіп, тәуекелге барғанның арқасында жетістіктерге жетіп жатамын. Кәсіпті де солай аша салғам. Қалтада ктк-дан алған зарлатым-100 000 теңгем бар), өзімше 5 минут бұрын "дүкен ашам" деп келген оймен ФОТОДАҒЫ сауда орнына келе қалдым. Арендасы-50 000 екен. 100 мыңның елуі кетті). Так,50 қалды. Оның 20 мыңына валик, эмулсия әкеліп, әпке-сіңілімді шақырып, ішіне типа ремонт жасадық😁. 30 мыңына арттағы шкафты жасаттым. Қалған мебельді ырсылдап үйден әкелдім. Анау шкаф төбесіндегі бумажный пон-пон да қолымнан шыққан "керемят😂". Бесеуі бес түрлі дейсің).
Ал киімдер-эфирге 20 минутқа киіп, жаңа күйінде шкафқа салынған, сыймай этикеткамен тұрған камзолдар. Сосын маған осы киімдерді кезінде сыйға беріп жүрген дизайнерлерге xабарласып, бірге жұмыс жасауға шақырдым. Одан кейін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі дизайнерлер қосылды. Басында түк ақшам жоқ, айналымға кіргенше дизайнерлер қарызға берді. Алла разы болсын.
Өзім жаңалық жүргізем, өзім ұшып отырып сатушы болам, кешке курьер боп тасимын😁. Дүкен сонау Талғар жақта болғанына қарамастан, ел келді, раxмет сіздерге😘. Сол жылы прокуратураға жақсы қызметке орналасып алдым тағы. Бірақ ақылмен емес, жүрек қалауымен ҚИЫН болса да осы кәсіптің жолына кеттім. Алдым бұлыңғыр еді. Бір өзім. Базар жақпен жүріп тәшкі де итердім, вокзал жақта төбелестім де, бірақ "сасық көкіректі" ысырып қойып, бар жан-тәніммен аяқтан тұруға талпындым. Арасында біреу ақшаңды жеп қойып, алдап кететін кез болады, сондайда "Есалаңсың сен Жанат, кеше кім едің, бүгін кімсің? Телеарна, прокуратура... Шікірейіп жүрудің орнына жүрсің тәшкі итеріп, кроссовки киіп" деп өзімді ұрсып жылап алып, қайта бұрынғы өмірге оралам деп ойлаймын да, орта жолдан шегінуге намысым жібермей қалады. Әрі жүрегім басқа жаққа ұмтылмай тұр(. ...Шүкір, 2 жылда көп нәрсе үйрендім. Ең бастысы,өзімді өзгерте алдым. Өмірім де, айналам да, әлеуметтік жағдайым да өзгерді. Бастысы, қазір менде алға ұмтылуға мотивация бар, жоспар көп, мақсат бар...
⤵️⤵️⤵️⤵️
Read more
Жалғасы Тергеуші бұл жағдайдан секем ала бастады. Енді Жұлдыз бен Сәрсен де тергеуге алынды. ...
Media Removed
Жалғасы Тергеуші бұл жағдайдан секем ала бастады. Енді Жұлдыз бен Сәрсен де тергеуге алынды. Жұлдыз ондай әйелді мүлде танымайтынын айтып,ештеңені мойнына алмады. -Сен оңбаған,бәріне сен кінәлісің! Сатқын! Өмір бойы сатқынсың сен! Иә,кездестім сенің жасырын ашынаңмен. Алғашқы ... Жалғасы
Тергеуші бұл жағдайдан секем ала бастады. Енді Жұлдыз бен Сәрсен де тергеуге алынды. Жұлдыз ондай әйелді мүлде танымайтынын айтып,ештеңені мойнына алмады.
-Сен оңбаған,бәріне сен кінәлісің! Сатқын! Өмір бойы сатқынсың сен! Иә,кездестім сенің жасырын ашынаңмен. Алғашқы махабатың екен ғой.Сенен қызы бар екен. Сен осының бәрін менен жасырып келдің, иә?
-Мен өзім де жақында білдім,Жұлдыз!
-Сонда сен мені тастап ,сол әйелмен тұрғың келді ме? Ал біз ше сонда? Мен ше? Баларың ше?
-Мен сені тастау ойымда болған жоқ.
-Ааа,тек қыдырыстау, көңіл көтеру...Солай ма? -Ұятсыз, отбасын ойрандаған сен де, ана қатында, қарғыс атсын сендерді!
-Тоқта, сен оны қайдан білдің? Телефонын қайдан алдың? Кездесуге қашан бардың? Бол айт,жаның барында!
-Арсыз,ұстаз! Жастарды не бетіңмен тәрбиелеп жүрсің сен! Не үйретіп жүрсің? Өзіңнің ісің мынау..
-Сен үшін енді мен түрмеге түсетін болдым..
-Не? Неге түрмеге түсесің? Мұны жасаған сен бе? Сәнімді қақан сен бе?-деп Сәрсен жүрегін ұстады.Бірден бозарып,тәлтіректеп барып, диванға отыра кетті. -Жұлдыз, жедел-жәрдем шақыр! Бол! Жүрегім,жүрегім..-деп қинала бастады. Жұлдыз телефонды алып, жедел-жәрдемге соқты. Оған дейін терезе ашып,үйге таза ауа кіргізді. Дәрі тұрған сөреге жүгірді.Валидол іздеді. Сәрсеннің тілінің астына салдыртып, жатқызып ,қол-аяғын сипалай бастады..
-Сәрсен, кешірші мені, шыда,жаным! Ашуда болды бәрі.Мен оны әдейі өлтірейін деген жоқпын.Түсінші мені! Мен сені жанымдай жақсы көремін! Мен неге сені оған бере салуым керек.
-Уф..кеудемді қатты қысып барады. Дем жетпей жатыр.Ауа,ауа!-деп Сәрсен есін жоғалтып алды. Жұлдыз жан- ұшырып шыңғырып жылай берді.Біресе телефонға ,біресе Сəрсенге ұмтылды.
-Сәрсен!Сәрсен! Тек өлмеші!
Дәрігерлер де келіп жетті.Олар инфаркт деп Сәрсенді ауруханаға алып кетті.
Ж.б.
Read more
<span class="emoji emoji1f4ab"></span> ӘЙЕЛ …Құдай — әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің кешінде бітіріпті. Қасынан ...
Media Removed
ӘЙЕЛ …Құдай — әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің кешінде бітіріпті. Қасынан өтіп бара жатқан Періште: — Сен неге бұл үшін ұзақ жұмыс жасадың? — деп сұрайды. Сонда Аллаһ Тағала: — Ал сен бұл жаратылыстың бүкіл болмысын көрдің бе? Ол екі жүзден астам қимыл әрекетін білуі ... 💫 ӘЙЕЛ …Құдай — әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің кешінде бітіріпті. Қасынан өтіп бара жатқан Періште:
— Сен неге бұл үшін ұзақ жұмыс жасадың? — деп сұрайды. Сонда Аллаһ Тағала:
— Ал сен бұл жаратылыстың бүкіл болмысын көрдің бе? Ол екі жүзден астам қимыл әрекетін білуі керек. Кез-келген тағамның дәмі мен иісін ажырата білу, бір мезетте бірнеше баланы құшағына басу, өзінің ыстық құшағымен жарылған тізеден, жараланған жүрекке дейін емдеп жаза алатындай болуы керек және осының бәрін тек екі қолымен ғана жасай алады, — дегенде, Періште таңданып:
— Бар болғаны екі қолымен бе?! Мүмкін емес! Бір күнге тым көп жұмыс екен? Қоя сал, ертеңгі күні бітіресің, — дейді.
— Жоқ. Мен өзімнің ең сүйікті жаратылысымды бітіруге аз қалдым. Егер ауыра қалса, бұл өз-өзін емдеп, 18 сағат жұмыс жасай алатын болады.
Періште әйелге жақындап келіп, оны саусағымен түртіп көреді…
— Аллам, сен мұны сонша нәзік етіп жаратқан екенсің!
— Иә, ол — өте нәзік. Сонымен бірге, ол — өте күшті! Сен тіпті оның нені көтеріп, нені бағындыра алатынын көз алдыңа елестете де алмайсың.
— Ол ойлана алады ма? — деп сұрады періште.
— Ол тек ойланып қана қоймайды. Ол сендіре де, келісімге де келе алады.
Періште әйелдің бетін сыйпады…
— Бұл жаратылыс терлеп тұр ғой! Шамасы, сен оған көп ауыртпалық беріп жатырған сияқтысың.
— Ол терлеп тұрған жоқ, бұл көз жасы ғой, — деп дұрыстады Аллаһ Тағала Періште сөзін.
— Бұл не үшін? — деп сұрады Періште.
— Ол — қайғысын, күдігін, махаббатын жалғыздығын, қасіреті мен қуанышын осы көз жасымен білдіреді.
Періште қатты әсерленді…
— Я Аллаһ, сен — шынында да данасың! Сен бәрін ойлағансың. Әйел — шынында да керемет жаратылыс екен. — Иа, шынында да, солай!
Әйелде еркекті бағындыра алатындай — күш бар:
Ол — өмір тауқыметімен күресіп, қасіретін көтере алады.
Ол — бақыт, махаббат, қуаныш алып келеді.
Ол айқайлағысы келсе — күледі, жылағысы келсе — ән айтады.
Бақытты кезінде — жылайды, қорыққан кезінде — күледі.
Сенгені үшін күреседі, әділетсіздікке қарсы тұрады.
Жақындары үшін — жанын береді.
Өз шешімінің дұрыстығына бәрін сендіреді.
Махаббаты — шексіз.
Балаларының бақытына қуаныштан жылайды.
Достарының табысына қуанады. Жүрегі қайғыдан қақ айырылса да, ө
Read more
Менің жалпы өсе келе бір түсінгенім, адам боламын, өсемін десең ешқашан өз еліңді жек көрме, ешқашан ...
Media Removed
Менің жалпы өсе келе бір түсінгенім, адам боламын, өсемін десең ешқашан өз еліңді жек көрме, ешқашан өз еліңді басқаратын адамды жек көрме, оны шет елде жүріп ешқашан жамандама, сатқын болма! Өзім студент кезімде 3-4 жыл шет елдерде оқып жүріп, келгеннен кейін де жыл сайын шекара асып ... Менің жалпы өсе келе бір түсінгенім, адам боламын, өсемін десең ешқашан өз еліңді жек көрме, ешқашан өз еліңді басқаратын адамды жек көрме, оны шет елде жүріп ешқашан жамандама, сатқын болма! Өзім студент кезімде 3-4 жыл шет елдерде оқып жүріп, келгеннен кейін де жыл сайын шекара асып демалысқа шықсақ та осы туралы көп ойланатынмын. Мысалға, сіз бір үлкен мекемеге жұмысқа тұрмақ боласыз. Бірақ жұмысқа тұрар алдында сол мекеменің бастығы сондай жаман, қатыгез, жемқор, адам дерлік қасиеті жоқ өте нашар адам екен деген өсек-аянға құлағыңыз қанық, және сол өсек-аянға сіз жүрегіңізбен сеніп қалдыңыз. Содан кейін сол мекеме ішінде өсіп-өнуге сізде қандай ықылас? қандай ниет болады? Ойлап көріңізші...? Ойыңызға бір жақсы идея келсе артынша мың жаман артқа тартқыш ойлар келеді емес пе? "ооой қоя сал, сен қазір оны бастағаныңмен анау аяқтан шалад, мынау жағымпаз дейд, анау күлед, бастық болса анау оңбаған" деген неше түрлі шайтан ойлар келеді де, өөй одан да осы бір қалпымда жүре бермеймін бе? деген ойлар келе бастайды. Немесе балаңды бір мектепке бергелі жатырсың. Бір көршің көре алмай "оой бұл мектептің директоры оңбаған адам" деп бір сөз айтып қалса, және сіз оған сенсеңіз, бірден балаңыздың дұрыс білім алып шығатынына күмән келеді емес пе? Өй, директоры нашар болса ұстаздары не оңған дейсің дегендей арығарай өрбіп кете береді жаман ой. Немесе Дубайға қыдырып бардыңыз делік, ол елге бармас алдын бір досыңыздың "ол елде сақалдылардың бәрі террорист"- деген бір сөзі сіздің миыңызға кіріп кетті делік. Содан кейін ол елдегі демалысыңыз демалыс бола ма? Ойлап көріңізші? Әр қасыңызға жақындаған сақалды арабтан сескеніп!? Сондықтан туған жерімізді, жұмыс істейтін мекемемізді, баратын мектебімізді, қыдырып барған жерімізді, тұратын ауылымызды тұтасымен жақсы көріп үйренейікші, тұтас оның басшыларымен, ішіндегі жұмысшыларымен, бәрімен-бәрімен қоса. Мүмкін сонда өміріміз жақсы жаққа қарай өзгерер. Көп нәрсе негізінде, тек қана біздің ойымызға, қабылдауымызға байланысты екен...Жақсыны ғана көрген адам, жақсылықты ғана көреді. Жаманды көргісі келген адам тек қана жамандықтан көзін ашпайды...Мен өз елімді тұтас сүйемін 🇰🇿😘❤️!!! #БалмырзаныңТаңғыОйлары #АртықКетсемӨзСөзімӨзіме😄
Read more
Уақыт өткен сайын еліміздегі білім ошақтарында, әсіресе мектептерде орамал мәселесі бір жолға ...
Media Removed
Уақыт өткен сайын еліміздегі білім ошақтарында, әсіресе мектептерде орамал мәселесі бір жолға қойылмай ушыға береді. Министр мәңгі емес. Бірақ Алла заңы мәңгі. Ол ушығып ақыры министріңіз де оңбай жеңіледі. Себебі халықтың наным-сеніміне қол сұққандардың адамзат тарихында оңғаны ... Уақыт өткен сайын еліміздегі білім ошақтарында, әсіресе мектептерде орамал мәселесі бір жолға қойылмай ушыға береді. Министр мәңгі емес. Бірақ Алла заңы мәңгі. Ол ушығып ақыры министріңіз де оңбай жеңіледі. Себебі халықтың наным-сеніміне қол сұққандардың адамзат тарихында оңғаны жоқ. Кей шенділер оп-оңай нәрселерді қолдан қиындатып отыр. Әлемнің ең озық елдері бұл мәселені айқай-шусыз бір жолға қойған. Министрдің тапсырмасымен орамал тағып барған қыз балаларды есік алдында күзетіп жүрген директорлар мен ұстаздар қауымының ісі Конституцияға қайшы. Ақ көйлек, қара форма кимей-ақ өркениеттің көшінде келе жатқан мемлекеттер баршылық. Қазақстандық мектеп формасы баяғы Ресей империясының, одан қалды кешегі Кеңес Одағының сарқыншағы. Алаш даласына азаттық келмей тұрып мектеп ашып, бала оқытқан Ыбырайлар "Бір Аллаға сыйынып" деп сөз бастаған. Жалпы қазақ тарихында орамалмен проблема 2-3 жылдың төңірегінде басталды. Министрлік баланың басындағы шүберекпен алысқанша, білім беру жүйесіндегі олқылықтарды реттесе екен дейсің.

Орамал тағу жат ағымның белгісі емес. Орамал тақпау имансыздықтың белгісі емес. Және орамалды күнә жасағандар тағады деу білімсіздіктен. Әр адамның ақылға сыятын таңдауына құрметпен қарамай ісіміз алға баспас. Өз басым баланың орамал тағып партаға отыруына қарсы емеспін.-" Серік Ибрагимов.
____________
Сіз не дейсіз?! .
____________
#хиджаб #мектеп #өміржолы #жақсыбіршешімболса
Read more
Қаншама жүрегі Қазақ деп соққан азаматтарымыз бен азаматшаларымыз қайғыруда. Себебі Денис ұлты басқа болғанымен Қазақстанымыздың азаматымын деп, көк туымызды көкке желбіретті. Біздің намысымызды қорғады. Қалайша жүрегіміз қан жыламасқа. Бір қарын майды, бір құмалақ шірітеді ... Қаншама жүрегі Қазақ деп соққан азаматтарымыз бен азаматшаларымыз қайғыруда. Себебі Денис ұлты басқа болғанымен Қазақстанымыздың азаматымын деп, көк туымызды көкке желбіретті. Біздің намысымызды қорғады. Қалайша жүрегіміз қан жыламасқа. Бір қарын майды, бір құмалақ шірітеді дегендей, Қазағымыздың мейірімге толы жүрегін жоққа шығарғандай, өз Қазақ жігіттеріміздің өлтіргені. Ия, бес саусақ бірдей тең емес дегендей, адамдардың бәрі бірдей емес. Өскен ортаға, ұясындағы тәрбиеге тіптен, ата-бабасының қанынан келе жатқан мінезге де байланысты.Жігіттеріміз ұрлық жасамай, зорлық жасамай, өнегелі ұрпақ болып қалыптасуы үшін қандай шикілік жасаудамыз, ол жағын да ойлағанымыз жөн. Ұрлық жасаған жігіттердің де тағдырының тәлкегі шығар, бәлкім өлтіремін деген арам ойы да болмаған шығар. Қуатын болса жүгіріп жете алмасын деп ішіне сұқпай суық пышағын аяғына тыққан шығар, бәріде мүмкін. Қаншама адамның қарғысын алып жатыр, ал ата-аналары, бауырлары күйіктен жер бауырлап өздерін қоярға жер таппай жатқан да болар. Мүмкін Денис, жігіттерімізге сабақ болсын деп өзі қыршын кетті ма, қалай болғанда да қаншама адамдарға ой салып кетті. Миымызда 1001 сұрақ. Адамға ренжиміз ба әлде қоғамға, қоршаған ортаға ренжиміз ба? Келер ұрпағымыз үшін қандай қателіктер жіберіп отырмыз, ойланатын кез жетті. "Қарғайын десем жалғызым, қарғамайын десем жалмауызым" демекші, айналып келгенде, бәріміз бір Қазақтың баласымыз, қанымыз бір. Мысалыға: құрылыс салсақ, Өзбекстаннан, Түркия, Қырғызстаннан келіп біздің жерімізден напақасын тауып жатқан басқа ұлт жігіттері, мейрамxаналарда қара жұмыс жасайтын өзге ұлт азаматшалары. Неге өзіміздің жігіттер жасамасқа? Ұрлық жасап, жеңіл жолмен табыс тауып, қарғыспен өмір сүргенше, қара жұмыс болса да неге қара тер адал еңбегімен нанын жеп алғыс алмасқа, отбасын асырамасқа. Абыройдың бәрі, берекенің бәрі осы қара жұмыстан басталатынын неге бүлдіршін кезінен үйретпейміз? Қате басып, бармақ тістеп қалмау үшін, бәрін өзімізден бастасақ, нұр үстіне нұр болатынын ұмытпайық! Алла не үшін жақсыларымызды алып жүрегімізді қан жылатады? Осының бәрін көріп, жан-жағына қарап тәубәсіна келсін деп сынақ береді. Бұл қайғымыз бүкіл Қазақ жігіттерінің санасын тазаласа, Денистің
Read more
ЖҮРЕКТІ ҚАЛАЙ ТАЗА ҰСТАЙМЫЗ?<span class="emoji emoji2764"></span> <span class="emoji emoji25aa"></span>ЖҮРЕК - адам денесіндегі сезімдер тұрақтаған мүше. Адамның жақсы, ...
Media Removed
ЖҮРЕКТІ ҚАЛАЙ ТАЗА ҰСТАЙМЫЗ? ЖҮРЕК - адам денесіндегі сезімдер тұрақтаған мүше. Адамның жақсы, не жаман болуы осы жүрекке тікелей байланысты. • Мысалы, жақсы адамдарды: "жүрегі таза адам", "жүрегі жұмсақ жан" - деп сипаттап жатады. Жəне де жаман адамдарды: "жүрегі тас", "жүрегі ... ЖҮРЕКТІ ҚАЛАЙ ТАЗА ҰСТАЙМЫЗ?❤ ▪ЖҮРЕК - адам денесіндегі сезімдер тұрақтаған мүше. Адамның жақсы, не жаман болуы осы жүрекке тікелей байланысты.
• Мысалы, жақсы адамдарды: "жүрегі таза адам", "жүрегі жұмсақ жан" - деп сипаттап жатады. Жəне де жаман адамдарды: "жүрегі тас", "жүрегі қарайған адам" - деп сипаттайды. Яғни, осы сөздер жүрегіміз қаншалықты таза немесе қарайған екендігіне байланысты айтылады.
• Енді, қалай жақсы адам болып, қалай жүректі таза ұстаймыз? Бұл жайында мынадай тəсіл бар:
• Жүрек - бір бассейн секілді. Бассейнге төрт құбырдан су келіп құятын болса жəне ол төрт құбырдан таза, мөлдір су ағатын болса, бассейн тап-таза болар еді. Ал енді үш құбырдан таза су ағып, тек біреуінен лай су ақса, онда бассейн сəл лайсаңдау болар еді. Ал толықтай бар құбырдан лай су ақса, онда бассейннің іші шалшық суға айналар еді.
• Жүректе сол секілді. Жүрекке келіп құятын арнайы төрт құбыр бар. Олар: құлақ, ауыз, көз, ой. Егер осы құбырлардан бассейнге таза су аққаны секілді жақсы нəрселерді кіргізер болсақ, жүрегіміз таза болар еді. Жақсыны естіп, жақсыны көріп, жақсыны ойлап, жақсыны айтатын болсақ жүрек мұнтаздайын таза болады. Ал кірісінше, жүрек құбырларын жаман нəрселрге пайдалансақ, мысалы, жаман нəрсе көріп, естіп, айтып əрдайым жаман ойда болсақ онда жүрегіміз бассейн шалшыққа лайланғаны секілді жүректерімізде бүлінеді.

Құбырларымызды тазалап жүрейік❤
Жүрегімізді таза ұстайық❤
________________________________________________
#У_Б
#шамшырақдуэті
Read more
Бүгінде көп адам өзгеден артық тұруды қалайды. Өзі былай тұрсын, Абай атамыз айтқандай, қосқан ...
Media Removed
Бүгінде көп адам өзгеден артық тұруды қалайды. Өзі былай тұрсын, Абай атамыз айтқандай, қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанатын мінез әлі біздің жұрттан қала қойған жоқ. Киім кисе де, ас ішсе де, көлік ... Бүгінде көп адам өзгеден артық тұруды қалайды. Өзі былай тұрсын, Абай атамыз айтқандай, қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанатын мінез әлі біздің жұрттан қала қойған жоқ. Киім кисе де, ас ішсе де, көлік мініп, үй соқса да, іштегі бір арманы жұрттан бір елі болса да озып тұру болатын замандастарымыз аз емес. Ал енді ақиқатына келсек, адамнан адам несімен озады. Алланың назарында ең жоғары бағаланатын кісі кім? Міне, осы туралы ой бөліспекпіз.

Бір кісі ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: «Уа, Расулаллаһ! Адамдардың ең жақсысы кім?» деп сұрады. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Алладан ең көп қорқатыны» деп жауап берді. Көріп отырсыз, бұл хадисте аты озған, балуаны жыққан, иті ұстаған деген өлшем жоқ. Екі дүние сәруары Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Алладан көбірек қорыққан адамды өзгеден артық деп отыр. Ендеше, бүгінгі жаңа қоғамда өңі теріске айналған құндылықтардың бірі осы. Алладан қорқу дегенді шариғат тілінде тақуалық деп те атайды. Мұсылман ғұламаларының айтуынша, бүкіл жақсы қасиеттер осы тақуалықтан келіп шығады. Тақуалық Алладан қорқу мен Алланы құрмет етудің арасындағы сезім. Жүрегінде тақуалығы бар адам Аллаға қарсы шығудан, Оның бұйрықтары мен тыйымдарына мән бермеуден сақтанады.

Басқаша айтқанда, тақуа құлдар арақ ішпейді, өсек-өтірік айтпайды, құмарлыққа салынбайды, біреудің малын қызғанбайды, шариғат тыйым салған іске бір адым баспайды. Ал құлшылық пен жақсылыққа желден де жүйрік болады. Бұл айтылғандар орындалмаса, тақуалық тек қана тілде қалып қоймақ. Алладан қорқып, тақуалық ету, әрине, оңай емес. Оған үлкен күш, ерік-жігер қажет. Мысалы, біреуге берген сөзді орындау, уәдеде тұру кейде өте қиын болады. Мың сан қарбалас шаруалардың арасында уағдалы істің орындалмай қалу қаупі басым болады. Міне, сондай кезде Алладан қорқу ауадай қажет. Алладан шын қорыққан адам уәдесін бұзбайды, аманатқа қиянат жасамайды.

Ілгеріде өткен бір ғалым: «Мен бұрын жасаған күнәларымнан гөрі әлі жасамаған күнәлардан қорқамын. Өйткені бұрын не істегенімді білемін, алайда енді не істейтінімді білмеймін» деген екен. ⤵⤵⤵
Read more
Қоңыр күз, сен мені бұл жолы жасытпадың. Мен сені құшақ жая қарсы алуға асықпадым. Жүрегімде көктем əлі бүр жарып тұр ...Əдемі ұйқасты аяқтаңыздаршы, достар.))_______ _____ ...Ал сіз шумақ құрастырып əрі мына постты оқи отырыңыз, күші жəйтпен бөлісейін. Ырымды психологиялық ... 🌻Қоңыр күз, сен мені бұл жолы жасытпадың.
Мен сені құшақ жая қарсы алуға
асықпадым.
Жүрегімде көктем əлі бүр жарып тұр
...Əдемі ұйқасты аяқтаңыздаршы, достар.))_______

_____ 📄...Ал сіз шумақ құрастырып əрі мына постты оқи отырыңыз, күші жəйтпен бөлісейін. Ырымды психологиялық тұрғыдан қарастырайық. Вадим Зеландтың кітабынан оқығаным.
...Мысалы қара мысық өтсе кейбір адам ол жерді айналып өтуге тырысады. Жұлдыз ақса да шошитындар бар.
...🐺Ырымды біз белгі деп түсінеміз. Бір нəрсені ескертіп тұрған жəйт деп қараймыз. Алайда қара мысықтың біздің өмірімізге төндіретін еш қатері жоқ. Бірақ қара мысықты көргенде ішімізде туатын ВИБРАЦИЯ яғни АЛАҢДАУШЫЛЫҚ СЕЗІМ қауіпті. Егер содан кейін расымен бір жəйсіз жəйт туса оны əлгі іштегі жəйсіз күй ШАҚЫРЫП алды. Сондықтан адам ішіндегі қорқыныштарынан арылып үйренуі керек 🐃🐃🐃🐃 ...Жалпы қандай да бір қиындық туса біз депрессияға түсіп кетеміз. Депрессия- бар назардың əлгі туындаған жағымсыз жайтқа аударылуы. Ендеше мына техниканы жасау керек. Проблема туындағанда қалай көңілің түскенін, қалай жаның ауырғанын, сол қиындыққа орай туып жатқан қазіргі жағымсыз ситуацияларды ЕМЕС, сол проблема ШЕГІЛГЕННЕН кейін қандай күйде болар едіңіз, не істер едіңіз деген БОЛАШАҚТАҒЫ əдемі КАРТИНАҒА назар аудару керек екен. Яғни миыңыздың НАЗАРЫН. Сол кезде мəселе өзінен өзі шешіле бастайды.
...Тағы бір техника. Ирина Хакамаданың əдісі. Жүрегіңіз ауырып құса болып жатсаңыз өзіңізді "қазір өліп қалдым" деп ойлау керек. Міне өлдіңіз проблема да бітті. Сіз бұл өмірде жоқсыз. Жүрегіңіз одан сайын езіледі. Өйткені өлімнен қорқасыз. Сол қорқынышпен арпалысып жатсыз. Бір уақытта Алла сізді тірілтті. Рахымы түсіп өмір берді. Сонда сіздің əлгі проблемаңыз ОЙЫНШЫҚ болып қалады.
Адам өз өмірін ЖАҚСЫ ОЙ арқылы басқара алады. Осыны ұмытпаңыз!!! ...А ұйқасты шығарып көмектесуге ұмытпаңыз.))) #гүлназдыңжазбасы. #қазақшапсихология
Read more
Аллаға шүкір, қаншама оқырманым күнделікті бақыт тілеп, өмірге деген маxаббатымды, күш қуатымды арттырып отырады. Ал кейбіреулер: неге мына киіміңізді киесіз неге дастарxанды саласыз?- деп мін іздеп, кір тауып, сол тиісіп сөйлегендерімен өздерін жұбатып отыратындары тағы бар. ... Аллаға шүкір, қаншама оқырманым күнделікті бақыт тілеп, өмірге деген маxаббатымды, күш қуатымды арттырып отырады. Ал кейбіреулер: неге мына киіміңізді киесіз неге дастарxанды саласыз?- деп мін іздеп, кір тауып, сол тиісіп сөйлегендерімен өздерін жұбатып отыратындары тағы бар. Мен ойымнан ертегі түсіріп бөліспеймін, өмірімде не болып жатыр соны саламын. Жақсы дүние салсам мақтанып қойдыңыз дейді, ал қарапайым көрініс болса, ұялмайсыз ба, неге ол кісілерге жағдай жасамайсыз деп тағы сынға алады. Неге біз өміріміздегі болып жатқан дүниені жасыруымыз керек? Сол үйде отырып алып ақыл айтқыштар, ақылы тасып бара жатса неге ойланбасқа? Мен де осылай еңбек етіп, жақсы жеп-ішейін, шақырған жерге гүлденіп абыроймен барайын, қайта үлгі тұтайын деп, неге алдына мақсат қоймасқа? Құрметті менің, күн сайын барыммен бөлісетін оқырмандарым: қашан біз қараңғылықтан, көреалмаушылықтан миымызды тазалайды екенбіз? Мен түсінер едім, егер миллионердің қызы не әйелі болып, ақшамен осы күнге жетіп отырсам, тілдеп жатсаңыздар. Әрбір ер азаматтарымыздың басындағы бағы, жеткен жетістігі, мейлі күйеуі болсын, мейлі баласы болсын, оның арқасында не анасы не әйелі тұратынын ұмытпасаңыздар екен.Кейде маған жазады, сіз неге оқырмандарыңызға жауап жазасыз, олардың деңгейіне түспегеніңіз жөн деп. Мен жазсам түсіндіре алсам екен, қателігін қайталамауына септігім тисе екен деп жазамын. Әйтпесе менде білемін ең оңайы блогқа тыға салып тыныш отыру екенін. Сіздердің жазған мақтау мен мұқатуларыңызды менің күйеуім, балаларым мен келіндерім, достарым, құда-құдағиларым тіптен бір анадан туған бауырларым оқып, мен үшін олардың да жүрегі сыздайды, уайымдайды. Менің әрбір еңбегім олардың көз алдында болғандықтан, жамандық жуымаса екен деп бақыт тілеп бақылаудан шаршаған емес. Біреуге бақыт тілеп жетістігіне, барына шын ниетіңмен, таза жүрегіңмен қуана білсең, Алла саған үш есе артығымен жақсылықты үйіп-төгіп береді. - Ал, менде жоқ деп қызғаныштан арыла алмасаң, нағыз жоқтықтың қандай боларын көрсетеді екен. Сол үшін күндегенім емес, жаным ашығандықтан "Көзіміз ашық, көкірегіміз ояу" қандастар болып, жүрегіміз бен миымызды тазаласақ деп, игі өмір сүруге шақырамын, апаларым мен сіңлілерім!😘❤️✊
Read more
Менің Құрметті Оқырмандарым!!! Ұлу қабыршағын таңдау арқылы жасалатын псиxологиялық тесттің ...
Media Removed
Менің Құрметті Оқырмандарым!!! Ұлу қабыршағын таңдау арқылы жасалатын псиxологиялық тесттің жауаптарын қарсы алыңыздар!!! 🏻 Сәттілік тіледім Баршаңызға!!! 🏻 1. Бірінші нөмірдегі адам - авантюрист. Мұндай жанның мінезі құбылмалы, батыл, мұндай адамдар кез келген тығырықтан ... Менің Құрметті Оқырмандарым!!! Ұлу қабыршағын таңдау арқылы жасалатын псиxологиялық тесттің жауаптарын қарсы алыңыздар!!! 🙌🏻 Сәттілік тіледім Баршаңызға!!! 🙏🏻😘🌷🌷🌷 🔹1. Бірінші нөмірдегі адам - авантюрист. Мұндай жанның мінезі құбылмалы, батыл, мұндай адамдар кез келген тығырықтан жол тауып, жағдайға қарай икемделе кетеді де, жаңа серпілістерге ұмтылады.
🔹2. Сіз достыққа берік әрі көпшілсіз. Мұндай жандар уақытының көбін достарымен, әріптестерімен өткізгенді және көңіл көтеретін отырыстарды жақсы көреді.
🔹3. Үшінші санды таңдағандар, пәтуасыз, көп сөйлейтіндер... 😉 Сізді көптеген үлкен шараларға шақырып тұрады..
🔹4. Төртінші суретті, әдетте, ұсақ- түйекті көп ойлайтын Адамдар таңдайды... Мұндай жагдар өзгелерге сын айтып, өзгенің мінін түзегенді жақсы көреді. Бастысы, өмірге оң қарасаңыз болғаны...
🔹5. Ал, бес санын, кез - келген тығыртан оңай шешім тауып шыға алатын жандар таңдайды. Мұндай адамдар, қиналғанда сөз жәрдем мен қол ұшын беруге дайын тұрады екен. Жақсылық жасау мен қол ұшын созу - олар үшін үйреншікті әрекет.
🔹6. Алты саны ылғи назарда жүретін жандарға арналған. Мұндай жандар, айналасына позитивті нұрын шашып жүреді, олар адамгершілік пен жақсылықтың нышаны іспеттес, және Өмірді барынша сүйетін Адамдар.
🔹7. Жеті санын, от басы, ошақ қасын қадір тұтатын, жайлылықты жаны сүйетін адамдар таңдайды екен. Мұндай жандардың өлең шығарып, сурет салуға да құштарлығы бар.
🔹8. Біреуге тосынсый жасағанды ұнататын жандар. Тағдырдың берген барлық мүмкіндіктерін ақылмен пайдалана алады.
🔹9. Айқын және ұшқыр ой иелері сегізінші суретті таңдайды. Діттеген мақсатына жете алады, және өте жолы болғыштар.
🔹10. Он санының иелері, "жоқ" деген сөзді айта алмайтын, жүрегі жұмсақ, мейірімді, мейірбан адамдар. Кей жағдайларда, өзгелерге көмек қолын созам деп өзіне зиян тигізіп жатады...
🔹11. Өзін қоршаған адамдар мен жағдайларға тәуелді жандар он бір санын таңдайды. Сөйтіп жүріп, өзіне де уақыт таппайды, он бірді таңдағандар...
🔹12. Еңбекқор жандар таңдайтын сан. Мұндай жандар, әдетте, мансапты бірінші орынға қояды, және биіктерді бағындыра алады. 🍀🍀🍀
Read more
@balgynbek_imash : Қытай. Қара қытай. Ұйқыдағы сорлы қазақ! Сорың бес елі! Намысыңа наркоз ...
Media Removed
@balgynbek_imash : Қытай. Қара қытай. Ұйқыдағы сорлы қазақ! Сорың бес елі! Намысыңа наркоз беріп ұйықтатқан, ұятыңды ұрлаған, тектілігіңді тонаған, арыңды сылып, руxыңды іреп тастаған! 27 жыл бұрын Елбасымыз Тәуелсіз Қазақстан есігін айқара ашып: "Атамекенге оралыңдар, қарагөз ... @balgynbek_imash : Қытай. Қара қытай.
Ұйқыдағы сорлы қазақ! Сорың бес елі!
Намысыңа наркоз беріп ұйықтатқан, ұятыңды ұрлаған, тектілігіңді тонаған, арыңды сылып, руxыңды іреп тастаған!
27 жыл бұрын Елбасымыз Тәуелсіз Қазақстан есігін айқара ашып: "Атамекенге оралыңдар, қарагөз қандастар! Көк тудың астына жинал, Исі Қазақ баласы!" - деп жар салды!
Келмеді емес, келді! Қиындық көрмеді емес, көрді! Бірі маңғол, бірі қытай, бірі иран, бірі ауған, бірі түрік атанбады емес, атанды. Бірақ, олардың атамекенде дүниеге келген ендігі ұрпағын ешкім олай атамайды!
Көбісі келмеді... Бүгінгідей қиын-қыстау күн келерін білмеді ме? Білді! Өйткені, 20 жыл бұрын, Қытайда бұрынғы қазақ балабақшалары мен мектептері жабыла бастаған, тіл мен малдың өрісі тарыла бастаған, ішкеріден қара қытай Шыңжаңға ағыла бастаған...
Бұлардың бәрі аят-белгілер еді.
Қаусаған кәрілік те адамға бірден келмей әуелі тізедегі күшін алып, аузындағы тісін алып, сақал-шашын ағартып барып келетіні секілді бұл сұрқия саясат әу бастан-ақ қылаң берген.
Бірақ, біреу малын қимай, біреу қызметін қимай, біреу пенсиясын қимай екіарада жүре тұрғысы келді.
Жалпы, бөтен елден өз еліңе, кәпір елден мұсылман елге мал-дүние үшін көшпей қалу - адамға үлкен сор мен ауыр сынақтар әкеледі. "Жарқын жетіден" басқа ондағы қандастардың қамын жеп, жаны ауырған адам көрмедік. Аттандады, ойбайлады, өкірді, өксіді, арғы беттегі қазаққа айқайлап ақырды, бергі беттегі қазаққа байбайлап бақырды. Тырп етпедік - миымыз "рас-ей" деп қабылдады, жүрегіміз селт етпеді, көзіміз қан жыламады.
Бұл жақтағымыз орыстың арағын ішіп, ол жақтағымыз қытайдың арағын ішіп әбден азған екенбіз. Тілімізде Тәңір болғанымен, жүрегімізде Алла жоқ екен.
Құдайға құл болмаған соң... Қытайға құл болуға аз қалып, өзіміз қор болып, көзіміз сор болып отырмыз. Осыны жазу маған оңай емес!
Қазағымды сүйем, қылығына күйем...
Кей мінезін жек көрем, кей мінезіне ызам келеді. Бірақ, жылап тұрып Аллаға жалбарынам! Кешір, Алла! Құтқар, Алла! Біз өзімізге-өзіміз зұлымдық қылдық! Сен Пәксің! Құтқармасаң - жұтылдық, кешірмесең - ұтылдық!
Read more
Қытай. Қара қытай. Ұйқыдағы сорлы қазақ! Сорың бес елі! Намысыңа наркоз беріп ұйықтатқан, ұятыңды ...
Media Removed
Қытай. Қара қытай. Ұйқыдағы сорлы қазақ! Сорың бес елі! Намысыңа наркоз беріп ұйықтатқан, ұятыңды ұрлаған, тектілігіңді тонаған, арыңды сылып, руxыңды іреп тастаған! 27 жыл бұрын Елбасымыз Тәуелсіз Қазақстан есігін айқара ашып: "Атамекенге оралыңдар, қарагөз қандастар! Көк ... Қытай. Қара қытай.
Ұйқыдағы сорлы қазақ! Сорың бес елі!
Намысыңа наркоз беріп ұйықтатқан, ұятыңды ұрлаған, тектілігіңді тонаған, арыңды сылып, руxыңды іреп тастаған!
27 жыл бұрын Елбасымыз Тәуелсіз Қазақстан есігін айқара ашып: "Атамекенге оралыңдар, қарагөз қандастар! Көк тудың астына жинал, Исі Қазақ баласы!" - деп жар салды!
Келмеді емес, келді! Қиындық көрмеді емес, көрді! Бірі маңғол, бірі қытай, бірі иран, бірі ауған, бірі түрік атанбады емес, атанды. Бірақ, олардың атамекенде дүниеге келген ендігі ұрпағын ешкім олай атамайды!
Көбісі келмеді... Бүгінгідей қиын-қыстау күн келерін білмеді ме? Білді! Өйткені, 20 жыл бұрын, Қытайда бұрынғы қазақ балабақшалары мен мектептері жабыла бастаған, тіл мен малдың өрісі тарыла бастаған, ішкеріден қара қытай Шыңжаңға ағыла бастаған...
Бұлардың бәрі аят-белгілер еді.
Қаусаған кәрілік те адамға бірден келмей әуелі тізедегі күшін алып, аузындағы тісін алып, сақал-шашын ағартып барып келетіні секілді бұл сұрқия саясат әу бастан-ақ қылаң берген.
Бірақ, біреу малын қимай, біреу қызметін қимай, біреу пенсиясын қимай екіарада жүре тұрғысы келді.
Жалпы, бөтен елден өз еліңе, кәпір елден мұсылман елге мал-дүние үшін көшпей қалу - адамға үлкен сор мен ауыр сынақтар әкеледі. "Жарқын жетіден" басқа ондағы қандастардың қамын жеп, жаны ауырған адам көрмедік. Аттандады, ойбайлады, өкірді, өксіді, арғы беттегі қазаққа айқайлап ақырды, бергі беттегі қазаққа байбайлап бақырды. Тырп етпедік - миымыз "рас-ей" деп қабылдады, жүрегіміз селт етпеді, көзіміз қан жыламады.
Бұл жақтағымыз орыстың арағын ішіп, ол жақтағымыз қытайдың арағын ішіп әбден азған екенбіз. Тілімізде Тәңір болғанымен, жүрегімізде Алла жоқ екен.
Құдайға құл болмаған соң... Қытайға құл болуға аз қалып, өзіміз қор болып, көзіміз сор болып отырмыз. Осыны жазу маған оңай емес!
Қазағымды сүйем, қылығына күйем...
Кей мінезін жек көрем, кей мінезіне ызам келеді. Бірақ, жылап тұрып Аллаға жалбарынам! Кешір, Алла! Құтқар, Алла! Біз өзімізге-өзіміз зұлымдық қылдық! Сен Пәксің! Құтқармасаң - жұтылдық, кешірмесең - ұтылдық!
Егер саған Алла қас болса, кім сені қорғай алады?
Егер саған Алла дос болса, кім сені қорлай алады?
***
Аралас неке туралы жазбақ ем, бұл пост кіріспе болсын.
Read more
Қайырлы күн мұсылман жамағат! Мен есімім Жадыра. Шырылдап, жанын шүберекке түйіп, баласы үшін ...
Media Removed
Қайырлы күн мұсылман жамағат! Мен есімім Жадыра. Шырылдап, жанын шүберекке түйіп, баласы үшін ем іздеп жүрген анамын. Балам 9 жаста есімі Ақназар. Ақназарым өмірге сап сау бала болып келген. Қатарластарымен бірге бала-бақшаға барып, мектеп табалдырығын аттап, 2-сынып оқушысы ... Қайырлы күн мұсылман жамағат!
Мен есімім Жадыра. Шырылдап, жанын шүберекке түйіп, баласы үшін ем іздеп жүрген анамын. Балам 9 жаста есімі Ақназар.
Ақназарым өмірге сап сау бала болып келген. Қатарластарымен бірге бала-бақшаға барып, мектеп табалдырығын аттап, 2-сынып оқушысы еді.
2017 жылдың 8 ақпан күні аяқ асты əлсіреп, тəбеті болмай, сол қолын көтере алмай, басын ұстай алмай, жан-сақтау бөліміне түстік. Балапанымның жағдайы тез арада қиындап кетті. Өзі дем ала алмай аппаратқа алды. 1 аптадай комада болды. Ағайын-туыспен бірге жансақтау бөлімін күзеттік. Ол күндері басымыздан өткенді Алла ешкімге бермесін
Менингиттің өте ауыр түрі деді дəрігерлер, Менингоэнцефалит деп диагноз қойды.
4 ай аппаратта болдық. Басында аппаратты мұрнына түтікше қою арқылы жалғаған еді. Кейін трахеостомаға келісуге тура келді. Тамағын тесіп, түтікше қойды.
4 айдан соң түтікшемен дем алып үйрендік. Біз 9 маусымда портативный отсос сатып алған соң үйге шықтық.
Қаншама қиындықтармен 9 жасар балам күресіп келе жатыр. 9 жасар өмірінде өлімнің дəмін татқан балапаным қатты қорқады. Клинический смертте бірнеше рет болды.
Қолдарын көтере алмайды, өздігінен дем ала алмайды. Балапанымның толық дем алуы үшін бізге ИВЛ (искуственная вентиляция легких) аппараты мен механический откашливатель керек. Ал ол аппараттардың құны 5 187 000 теңгені құрайды. Ондай ақшаға біздің шамамыз келмейді. Баламның көз алдымда əр қиналғанын көргенде жүрегім жылайды..... Аналық жүрегіммен жалбарынып сұраймын, қол ұштарыңызды созыңыздаршы. Қанша тенге болсын 50 тенге 100 тенге болсын біз ризамыз. Ұлым екеуміз үлкен үмітпен сіздерден көмек күтеміз. Алла разы болсын барлықтарыңызға. Балаларымыз ауырмасын.
Анасы Абдилдаева Жадыра Сарсеналиевна, моб. +7 747 665 4807,
ИИН 860725402459.
Карта Каспи голд: 5169 4931 0061 9306.
Карта Халық Банк: 5354 5100 8239 1110.
Карта Казком: 4003 0327 7766 9583.
Әкесі Орманбеков Акылбек Абзелбекович, моб. +7 707 268 8695,
ИИН 821219301885
Карта Сбербанк: 4263 4472 9124 1708.
Read more
Қайырлы түн мұсылман жамағат! Мен есімім Жадыра. Шырылдап, жанын шүберекке түйіп, баласы үшін ...
Media Removed
Қайырлы түн мұсылман жамағат! Мен есімім Жадыра. Шырылдап, жанын шүберекке түйіп, баласы үшін ем іздеп жүрген анамын. Балам 9 жаста есімі Ақназар. Ақназарым өмірге сап сау бала болып келген. Қатарластарымен бірге бала-бақшаға барып, мектеп табалдырығын аттап, 2-сынып оқушысы ... Қайырлы түн мұсылман жамағат!
Мен есімім Жадыра. Шырылдап, жанын шүберекке түйіп, баласы үшін ем іздеп жүрген анамын. Балам 9 жаста есімі Ақназар.
Ақназарым өмірге сап сау бала болып келген. Қатарластарымен бірге бала-бақшаға барып, мектеп табалдырығын аттап, 2-сынып оқушысы еді.
2017 жылдың 8 ақпан күні аяқ асты əлсіреп, тəбеті болмай, сол қолын көтере алмай, басын ұстай алмай, жан-сақтау бөліміне түстік. Балапанымның жағдайы тез арада қиындап кетті. Өзі дем ала алмай аппаратқа алды. 1 аптадай комада болды. Ағайын-туыспен бірге жансақтау бөлімін күзеттік. Ол күндері басымыздан өткенді Алла ешкімге бермесін
Менингиттің өте ауыр түрі деді дəрігерлер, Менингоэнцефалит деп диагноз қойды.
4 ай аппаратта болдық. Басында аппаратты мұрнына түтікше қою арқылы жалғаған еді. Кейін трахеостомаға келісуге тура келді. Тамағын тесіп, түтікше қойды.
4 айдан соң түтікшемен дем алып үйрендік. Біз 9 маусымда портативный отсос сатып алған соң үйге шықтық.
Қаншама қиындықтармен 9 жасар балам күресіп келе жатыр. 9 жасар өмірінде өлімнің дəмін татқан балапаным қатты қорқады. Клинический смертте бірнеше рет болды.
Қолдарын көтере алмайды, өздігінен дем ала алмайды. Балапанымның толық дем алуы үшін бізге ИВЛ (искуственная вентиляция легких) аппараты мен механический откашливатель керек. Ал ол аппараттардың құны 5 187 000 теңгені құрайды. Ондай ақшаға біздің шамамыз келмейді. Баламның көз алдымда əр қиналғанын көргенде жүрегім жылайды..... Аналық жүрегіммен жалбарынып сұраймын, қол ұштарыңызды созыңыздаршы. Қанша тенге болсын 50 тенге 100 тенге болсын біз ризамыз. Ұлым екеуміз үлкен үмітпен сіздерден көмек күтеміз. Алла разы болсын барлықтарыңызға. Балаларымыз ауырмасын.
Анасы Абдилдаева Жадыра Сарсеналиевна, моб. +7 747 665 4807,
ИИН 860725402459.
Карта Каспи голд: 5169 4931 0061 9306.
Карта Халық Банк: 5354 5100 8239 1110.
Карта Казком: 4003 0327 7766 9583.
Әкесі Орманбеков Акылбек Абзелбекович, моб. +7 707 268 8695,
ИИН 821219301885
Карта Сбербанк: 4263 4472 9124 1708.
Read more
Жан Аға, өміріңнің өріндесің, Қарындас көңіліңнің төріндесің. Сылдырап Аққайнардан аққан ...
Media Removed
Жан Аға, өміріңнің өріндесің, Қарындас көңіліңнің төріндесің. Сылдырап Аққайнардан аққан бұлақ Тағдырдың сындарында жеңілмесін. Келеміз қиялардан күн кешіп те, Бауырлық бал сезіммен үндесіп те. Тербеткен анамыздан айналайын, Үш ұл екі қызды бір бесікте. Жақсы Аға күнде ... Жан Аға, өміріңнің өріндесің,
Қарындас көңіліңнің төріндесің.
Сылдырап Аққайнардан аққан бұлақ
Тағдырдың сындарында жеңілмесін.
Келеміз қиялардан күн кешіп те,
Бауырлық бал сезіммен үндесіп те.
Тербеткен анамыздан айналайын,
Үш ұл екі қызды бір бесікте.
Жақсы Аға күнде шуақ жАғар жанға,
Мерейім өсіп тұрар Ағам барда.
Жасыңнан жақсылыққа құштар едің,
Келесің жарық сыйлап адамдарға.
Ағаға ақ тілегім ақтарылсын,
Әкеге тұрпатыңмен тартқан ұлсың.
Қарасай баба рухы қолдап әркез,
Ордаңа қыдыр қонып, бақ дарысын.
Шашамын жан нұрымды жарқылдатып,
Тілеймін сАған әркез жарқын бақыт.
Ағаға арнап бауыр махаббатын,
Жүремін жүрегімді мен тулатып.
Әрдайым Алатаудай аңсап жүрем,
Атыңды асқақтатып ән сап жүрем.
Жаныңа титтей кіршік түспесін деп,
Жан Аға, періштеңдей қоршап жүрем.
Анарың – аялдАған асыл жарың,
Ұл-қыздарың – ұлан асу, жасыл бағың.
Қайда деп қарындасым іздегенде, Мен де әркез, асыл Аға, қасыңдамын!
ДАУЛЕТ АҒА ТУҒАН КҮНІҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!💋😘
Read more
22 наурыз мерекесі құтты болсын! * Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін!Наурыз ...
Media Removed
22 наурыз мерекесі құтты болсын! * Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін!Наурыз мерекесі сiзге дүниенің бар жақсылығын әкелсін! * Әке, Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз сiзге көктем күнінің күшін әкелсін! Шаңырақтың сүйеуі, отбасының тірегі болған сүйікті әкем, ... 22 наурыз мерекесі құтты болсын! * Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін!Наурыз мерекесі сiзге дүниенің бар жақсылығын әкелсін! * Әке, Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз сiзге көктем күнінің күшін әкелсін! Шаңырақтың сүйеуі, отбасының тірегі болған сүйікті әкем, саялы бәйтеректей алақаныңнан жылу кетпесін! Анамнын орнындагы аналарым 22 наурызда шаңырактарынзға береке, ырыс акелсiн! Әз Наурыз әлемді тербеткен ақ жүрегіңiзге қуаныш пен шаттық сыйласын! Бала-шағаңыздын қызығын көруге жазсын! Менин барлык бауырларым/келиндерим/женгелерим/ жезле-куйеубалалар, тай құлындай тебісіп бірге өскен ардақты жандар, 22 наурыз күні армандарың орындалып, көктем сендерге бар жақсылығын әкелсін! Балаларымыз отбасымыздың еркесі, жанарымыздың нұры, биздин ақ үмітімiздi ақтап, өмірден өз орныңдырын тапқайсың! Келесі 22 наурызда да бір-бірімізге ыстық тілектер айтып отыруға жазсын! Әріптесім, 22 наурыз құтты болсын! Жеке өміріңе бақыт, жұмысыңа шығармашылық шарықтау тілеймін! Көк Тәңірі нұрыңды аяма, Жер тәңірі ырысыңды аяма! Әділ жанды тағынан тайдырма, Әз халықты бағынан айырма. Отбасыма аманшылык қос, Жасыма жас қос, Асыма ас қос! Аяулы халқым, қыстан аман-есен шығып, наурыз мерекесін үлкен қуанышпен тойлап жатқан жалпақ жұрт, 22 наурыз мерекесі баршаңа жаңа бақытты өмір әкелсін! Ақ таңыңыз күлімдеп ата берсін, Қариялар кемсеңдеп бата берсін. Наурыз мерекесі күлімдеп кеп, Ұлыстың ұлы күні бақ әкелсін! Жылыстап жеткен Жаңа Жылымыз - төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына бақ құсын қондырсын! Молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тілейміз! 🙏🙏🙏🙏😘😘😘😘😘😘Барлыктарынызды жаксы корем.
Read more
Қанша жыл өтсе дағы,көрген сайын, Қуанамын көргендей алғашқы рет.. "Музыкальный вояждың берген ...
Media Removed
Қанша жыл өтсе дағы,көрген сайын, Қуанамын көргендей алғашқы рет.. "Музыкальный вояждың берген шайын", Еске алып жан-жүрекке бал жақшы кеп... Алдындағы есіңде ме "Таңғы жұлдыз"? "Жас қанат" - шырылдатқан ала таңнан? "Азия дауысын" - да алды бұл қыз, Бұлбұл боп ұшқан - "Әнші балапаннан". ... Қанша жыл өтсе дағы,көрген сайын,
Қуанамын көргендей алғашқы рет..
"Музыкальный вояждың берген шайын",
Еске алып жан-жүрекке бал жақшы кеп... Алдындағы есіңде ме "Таңғы жұлдыз"?
"Жас қанат" - шырылдатқан ала таңнан?
"Азия дауысын" - да алды бұл қыз,
Бұлбұл боп ұшқан - "Әнші балапаннан". Туған жерің - Алматы болғанменен,
Бой түзедің еркелеп Сыр еліне..
Жан жақты боп кәмелетке толғанменен,
Ән ерекше жақын еді жүрегіңе.. Олай болса "шагайттап" жүрейікші,
"Президенттік оркестрдің" маршы менен!
"Сарбаздарша" дауыстап күлейікші,
"Айбын" - жайлы бір сұxбат алшы менен.. Асекеңнің түсірген бейнесіне,
Сол "жұлдызды түнге " мен де тамсанамын..
"Сыймаймын жалғанға" алып кейде есіме,
"Қайтемін, тебіреніп жатса жаным?.." "Ұят болмасын" - деп шырқалды лағыл жырлар,
"Таң қалмадық" көп аса ештеңеге..
Шақырып "Ән мен әнші- сағым жылдар",
"Балалық шақ"-тұрады екен есте неге?
Ән алған кездерің ед жиі менен,
"Гүлдердің" де таныстың биіменен.
Айнұр, Аза, Назгүл, Шара, Жәкеңдер бар,
Дос шығар - ау өмірдің сыйы деген?
Көп еді "Ақ күшікті - сүйген жүрек"😊
Сол кездегі жастардың арасында..
Жалындаған сезімге күйген жыр ек,
Жүрсек-деп армандаған бассейннің жағасында... Талай жоба,концерт, кино, тойда дағы,
Келеміз елімізге ән арнаумен,
Айтылмай жатыр неше ән қоймадағы,
Өтті нелер жұлдызын жағалмаумен..
Өзімше бірдеңені шимайладым,
Көптен бері көріспей сағынғасын.
Аяқтаймын "өлеңімді" 😊қимай жаным,
Аман жүр, бақытты бол -қарындасым!🙏 Жазсам екен тағы тілек нендей ізгі?
Сәлем айт отбасыңа,анашыңа.
Құдайдан айналайын сендей қызды,
Сыйлаған осындай ғып алашыма!!!
Read more
"Жеңу мақсат емес бастысы қатысу" депті ғой баяғыда бір неміс ҰОС-нан кейін)) Өткендегі халықбанктің ...
Media Removed
"Жеңу мақсат емес бастысы қатысу" депті ғой баяғыда бір неміс ҰОС-нан кейін)) Өткендегі халықбанктің байқауынан ештеңе шықпады. Енді @retroparki - нің конкурсына қатысып жатырмын. Мақсатым сол баяғы ғо. Конкурсты повот қылып ғашықтар күні қарсаңында келіншегіме бір қуаныш сыйлау. ... "Жеңу мақсат емес бастысы қатысу" депті ғой баяғыда бір неміс ҰОС-нан кейін))
Өткендегі халықбанктің байқауынан ештеңе шықпады. Енді @retroparki - нің конкурсына қатысып жатырмын. Мақсатым сол баяғы ғо. Конкурсты повот қылып ғашықтар күні қарсаңында келіншегіме бір қуаныш сыйлау. Суретін салсам мəз болып қалады. Ендеше конкурс шарты бойынша жазған махаббат хикаямызды оқи отырыңыздар:

Шағын хикая жазайын сәт болғасын
Көңілде жазылмаған зат қалмасын
Өзіңмен танысқан күн кетер ме естен
Айналып жүрді көптен бақтан басым)

Жерде тек сенсің десем ұлық дара
Сендей қыз болмаған ғой сыныпта да)
Журналист мамандығын бірге қалап
Бірге түсіппіз, бір оқу, бір группаға

Бірден ұнады болғаның шырай жүзді
Бірден сүйіп қалмаушы ем бұлай қызды
Бірнеше қызға өлең жазғанмен тоқтатпады))
Бір болсын деген шығар құдай бізді

Жаңылыссам айтатын көп ақылың
Жүрегің мен деп білем соғатынын
Сеннен білдім бірден ғашық болу деген
Шынымен бұл өмірде болатынын
(Болашақта үйретерсің орыстармен
Орысшаны қалай ғып соғатынын)

Бақытым бар, демеймін неғып жүрмін
Орның бөлек мен үшін сенің бұл күн
АЛЛА ОСЫ БАҒЫМЫЗДАН АЙЫРМАСЫН
МЕРЕКЕЛІК ТІЛЕГІМ МЕНІҢ БҮГІН!!!
#ретропаркарқылысезіміңдібілдір
Read more
Лондондағы гидымыз !!! Біз қала аралап жүргенде қызық жағдай болды)Көшеде әр адам Светаны көріп ...
Media Removed
Лондондағы гидымыз !!! Біз қала аралап жүргенде қызық жағдай болды)Көшеде әр адам Светаны көріп қалып ,тоқтап Светаны құшақтап фотоға түсіп жатты))) Экскурсия бітерге жақын гидымыз сұрады бізден"Стесняюсь спросить-кто вы?и и откуда вас знают англичане?...деп) Мен айттым"Это же ... Лондондағы гидымыз !!! Біз қала аралап жүргенде қызық жағдай болды)Көшеде әр адам Светаны көріп қалып ,тоқтап Светаны құшақтап фотоға түсіп жатты))) Экскурсия бітерге жақын гидымыз сұрады бізден"Стесняюсь спросить-кто вы?и и откуда вас знают англичане?...деп) Мен айттым"Это же мама Димаша "деп.Гидымыздың жүрегі жарылып кете жаздады.."Неужели?как мне повезло ,можно с вами сфоткаться,я же поклонница Димаша "...деп 😅Және парақшамызға жазылды"буду теперь читать ваши страницы"деп.Мүмкін мына фотоны көріп гидымыз(атын ұмытып қалғанымай) өзін көріп қуанып қалар 😀@sveta_aitbaeva73 @raushan_kudaibergen
Read more
Шашымның мына түсі күшті ия.Жақсы ол басқа əңгіме.)) ...Перфекционистердің қатарындасыз ба? Біз жүргізген "Əйел сыры" бағдарламасынан үзіндіні ұсынып отырған себебім осы сұраққа қатысты болғандықтан. Қаракөз ханым "қолымды жуа беремін, үйге келген қонақтарға қол жуыңыздар" ... 👸👸👸Шашымның мына түсі күшті ия.😁😁Жақсы ол басқа əңгіме.))
...Перфекционистердің қатарындасыз ба?
Біз жүргізген "Əйел сыры" бағдарламасынан үзіндіні ұсынып отырған себебім осы сұраққа қатысты болғандықтан.
Қаракөз ханым "қолымды жуа беремін, үйге келген қонақтарға қол жуыңыздар" деп жиі айтамын деген еді.😃 Ал ана бір сіңліміз тап-таза болғанша тырналай береді екен бір жерді.😂
... Ал менде шкафтың есігі ашылып қалса, ия кілемнің шеті қайырылып қалса жүрегім жайсыз болып кететін əдет болған. Ананы барып түзеп, шкафты жауып келмейінше жаным тыныштық таппайтын. Қазір сол əдеттен арылыппын. Өзінен өзі кетіп қалыпты. Ондайды көрсем бұрынғыдай алаңдамаймын.
👀Ал мұндай перфекционизмнің себебі неде? Өзіңізде осындай жағдайлар болса ойланып көрдіңіз бе? Бір қарағанда аса мəн беретін жағдай емес секілді көрінеді. Бірақ оның астарында үлкен МƏН жатыр.🤔☝
...🙁Мұндай əдеттер іштей көп нəрсеге уайымдағаннан туады. Бұл əдеттер өміріңнің əр сəтін "қалай болады" екен деп бақылауда ұстағаннан пайда болады. ...Мен əр нəрсені уайымдаудан арылғалы бері əлгі əдет те өзінен өзі кетіп қалды. Біздің іс-əрекеттеріміз біздің санамыздағы установкаларға байланысты.
...Мен бұрын "ойбуй олай болмай қалса қайтемін" деп түрлі ситуацияларға қатысты көп алаңдаушы еді. Қазір "бұйырғаны болады" деп ештеңеге бас ауыртпайтын күйге жеттім.😊 Сондықтан əлгі шкафтың есігі де менің жүйкеме тимейтін болды.))😁
...Жалпы, адам позитивті болу үшін жан-дүниесіндегі уайым, қорқыныш деген дүниелерден арылуға күш салуы керек. Сонда өмірінде көп позитивті жағдайлар бірінен соң бірі туа береді. Ия, адам болғасын сараптау, түрлі жоспар құру, арты не болады деп қамығу қалыпты құбылыс. Алайда бұл ойлар сіздің өміріңізді басқарып, көңіліңізді күзетіп тұратын АЛЫП КҮШКЕ айналып кетпеуі керек. ...
Сізде қандай əдеттер бар? Комментке жазамыз ба?
... #гүлназдыңжазбасы #əдеттер
Read more
__________<span class="emoji emoji1f49b"></span>С Ұ Ң Қ А Р <span class="emoji emoji1f49b"></span>____________ Мен үшін дəл қазіргі сəтте бұл атаумен көп нəрсе байланысты. ...
Media Removed
__________С Ұ Ң Қ А Р ____________ Мен үшін дəл қазіргі сəтте бұл атаумен көп нəрсе байланысты. __ Біреуге аян. __ Біреуге жұмбақ. __ Біреуге сыр. __ Əйтседе мен үшін студенттік шағымды сан түрлі бояуға бояп, оны қызықты да қызғылықты етіп өткізуде ұмытылмас естеліктерімен ... __________💛С Ұ Ң Қ А Р 💛____________
Мен үшін дəл қазіргі сəтте бұл атаумен көп нəрсе байланысты.
__
Біреуге аян.
__
Біреуге жұмбақ.
__
Біреуге сыр.
__
Əйтседе мен үшін студенттік шағымды сан түрлі бояуға бояп, оны қызықты да қызғылықты етіп өткізуде ұмытылмас естеліктерімен жүрегімнің тұңғиығына бойлап, тереңінен бекіп алған, ыстық орта. Қысқа ғана уақыттың ішінде отбасымдай болып кеткен ғажап орта.
Сұңқар - бұл көздерінде от лаулаған, сөздерінде жалынды шоқ бар нағыз көшбасшылардың қайнаған ортасы. Бұл ортадағы əрбір жанның бойынан адамгершілікті көруге болады, сирек кездесіп жүрген шынайылық, бір - біріне деген қамқорлықпен қоса сыйластықты да көреміз. Түні бойы көз ілмей жұмыс жасап шаршаса да жүздерінен жайдарлы күлкісі жоғалмайды. "Бізге шаршауға болмайды",- деп келесі жобаларға бар күш-жігерін аямай беретін бұл жандардың қасында жүріп, артық ұйықтаудан да арылдым. ҚазҰУ - мүмкіндіктер мекені десек, Сұңқар осы мүмкіндіктерді сыйлаушы, бізді итермелеуші, сұңқардай самғатып, көкке көтеруші орта. Бұл ортадан үйренерімізде, аларымызда əлі көп. Бірде Əлібек ағамыздың: "Сендер Сұңқардан екінші мамандықты қатар алып шығасыңдар, дипломдарыңа қосып тағы диплом аласыңдар. Екінші дипломдарың - қоғамдық өмірден алған тəжірибелеріңнің нəтижесі. Соның арқасында сендер кез келген қоғамға сіңісіп, жоғары деңгейлі маман бола аласыңдар",- дегені бар еді. Шыныменде сұңқарлықтармен бұл кезге дейін ойымда болмаған істерді бастап, өзімді жаңа қырымнан таныдым...
______________________________________________
Жанам деген жүрекке от беретін, Сұңқарым туған күніңмен♥️. Тамырын тереңге жайған тарихың мəңгілікке өшпесін...
Биікке самғап, жаңа белестерді бағындырудан шаршамайық, сұңқарлықтар♥️ Бұл - біздің күн!
#sunqartugankun
#sunkar_19
#сұңқармүмкіндіктермекені
Read more
Сен — Рамазансың! Ол алыс бір елдімекеннің қиыр шетіндегі қыстаққа жұмыс сапармен барған екен. ...
Media Removed
Сен — Рамазансың! Ол алыс бір елдімекеннің қиыр шетіндегі қыстаққа жұмыс сапармен барған екен. Бір күні ол маған қалай мұсылман болғанын айтып берді: «Сол күндері ауыл тұрғындарының күнде кешкісін аспанға қарағыштай беруі менің еріксіз назарымды аударды. Олар маған Жаратушы Иеден ... Сен — Рамазансың!

Ол алыс бір елдімекеннің қиыр шетіндегі қыстаққа жұмыс сапармен барған екен. Бір күні ол маған қалай мұсылман болғанын айтып берді: «Сол күндері ауыл тұрғындарының күнде кешкісін аспанға қарағыштай беруі менің еріксіз назарымды аударды. Олар маған Жаратушы Иеден ерекше бір белгі күтіп жүргендей көрінді. Бір істі бастауға тек сол нұсқаудың берілуі ғана қалғандай-ақ. Аспаннан жылт етіп жаңа туған ай көрінгені сол-ақ екен, бүкіл ауыл қуаныштан толқып кетті. Өмірлеріндегі ең үлкен сүйінші хабарды естігендей күйге түсті. Бірін-бірі əлденемен құттықтап, мəре-сəре. Сөйтсем, мұсылмандар ендігі айда ораза ұстап, ауыз бекітеді екен. Адам баласы бір ай бойы, күнде, əдеттегі тамақ-суынан бас тартуға дәл осылай қуанады дегенге, өз басым еш сенбес едім. Адам баласының тынбай жұмыс істеуі осы тамақ үшін емес пе еді?! Бір-біріне жау, дұшпан боп, соғыстарды осы үшін жасайтын.

Қош, сонымен мен де олармен бірге ораза ұстай бастадым. Бірақ, олардың діні жайлы еш хабарым жоқ еді. Олар сəресіден кейін таң намазына кеткенде аузымды бекітетінмін де, күні бойы сусын мен тамақтан тыйылатынмын. Кешке азан даусы естілгенде елмен бірге аузымды ашатынмын. Мешітте олармен бірге жығылса жығылып, тұрса тұрып жүрдім. Намазда не айтатынын да білмейтінмін. Бірақ жан дүнием ерекше бір рахатқа бөлене бастады. Кеудем кеңіп, рухым тынышталып, жүрегім байыз тауып жатқанын сезетінмін. Осылай жарты ай өткен кезде мешіт имамы мені өзіне шақырды. Бөтен адам екенімді байқаса керек. Жөн сұрады. Əңгімемді естіген кезде таңданысын жасыра алмады. Лезде айналама мені қызықтаған адамдар жинала қалды. Олар маған Ислам жайлы түсіндірді. Ақырында мен: «Алладан басқа тəңір жоқ, Мұхаммед — оның Елшісі» деген куəлік сөздерін айттым. Мұсылман болдым. Ол сəт өмірімдегі ең бақытты кез еді. Айналамдағы адамдар да қуанып, Алланы ұлықтап жатты. Сосын маған «Сен Рамазанның қолынан Ислам қабылдадың» деп, мені «Рамазан» деп атай бастады.
Read more
Біреуіңіз білсеңіздер,біреуіңіз білмейтін шығарсыздар,менің Ұлжалғас деген жанашырым бар.Бүгін маған шығарған өлеңі жүрегімді тебірентті ️ Тілейтінім тек жақсылық Алла сізді қолдасын... Жаныңызда болмаса да, Құрбың сәлем жолдасын... Мен бір өлең арнамасам ... Біреуіңіз білсеңіздер,біреуіңіз білмейтін шығарсыздар,менің Ұлжалғас деген жанашырым бар.Бүгін маған шығарған өлеңі жүрегімді тебірентті
❤️
❤️
❤️
Тілейтінім тек жақсылық
Алла сізді қолдасын... 🙏
Жаныңызда болмаса да,
Құрбың сәлем жолдасын... ✋
Мен бір өлең арнамасам өзіңе
Ақын деген атымызға ол да сын! 😰
.
.
Маңайыңа ұя салсын БАҚ, ҮМІТ...
Жүрмін қазір мен өзіңді сағынып...
Хат жазамын сырға толы сезіммен,
Күтудесіз сіз де мені сарылып...
Тағдырымыз түйіскені жай емес,
Журушы едің жанымнан кеп табылып... .
.
Жомарт едің, жайсаң едін, кең едің,
Барша жанды АЙ мен КҮНге теңедің...
Жылағанда жұбатушы ең жанымды...
Қиналғанда қолтығымнан демедің .
Мені алґаш көрген саттен бастап ақ
Құшағыңды жая білген, сен едің
Адамдарды алаламай, барлығын
«Адамзаттың баласы» деп еледің
Жомарттығың өз алдына бір төбе
Қажет десе сұрамастан себебін
Риза болса болды осы адам деп
Тауып бердің сурап жатқан керегін...
.
.
Қайсар жансың, қиындыққа қарамас,
Айтпағаным ол туралы жарамас...
Ұзын сөздің қысқа ғана түйіні
Құтты болсын келіп жеткен ЖАҢА ЖАС!!!
@uljanka_1503 ерекше жақсы көремін😘
Read more
(Соңына дейін оқысаңыздар) Құрметті менің оқырмандарым! Баршаңызды мұсылман қауымының сүйікті ...
Media Removed
(Соңына дейін оқысаңыздар) Құрметті менің оқырмандарым! Баршаңызды мұсылман қауымының сүйікті мейрамы Құрбан айт мерекесімен шын жүрегіммен құттықтаймын.. Иә, телефонымыз дайын құттықтауға, дайын картинаға толып жатыр.Біраз адам демалыс болғанына мәз. Біраз адам қуырдақ жеп ... (Соңына дейін оқысаңыздар) Құрметті менің оқырмандарым! Баршаңызды мұсылман қауымының сүйікті мейрамы Құрбан айт мерекесімен шын жүрегіммен құттықтаймын.. Иә, телефонымыз дайын құттықтауға, дайын картинаға толып жатыр.Біраз адам демалыс болғанына мәз. Біраз адам қуырдақ жеп мәз. Көбіміз мұсылмандық дегенді құрбан айтпен құттықтап, айттап үй аралау деп те жүрміз.
Кейде байқасам жап-жас қазақтың балалары көшеде былшылдатып түкіріп бара жатады.. Көліктің терезесінен шемішкеміз бен қағазымызды лақтыра саламыз.
Оқыған көзі ашық интеллегенттердің қоқысын оқымаған жұмысшылар жинап жүреді.. Бұл имандылыққа жата ма?! Мен қыз ұзату тойларына шығамын, қуаныш иесі мәз болып қалсын деп кей кезде инстаға салып қоямын.. Біреудің әлпештеген ақ қағаздай қызы ұзатылып бара жатқанына қарап жын ұратын жұрттар бар осында.. "Екіқабат сияқты ғой, байға тиіп алып неге жылайды, мына қызда ұят жоқ, сонша күлгені нес, кәрі ғой, семіз сиыр сияқты" деген сөздерді оқып жағамды ұстадым.. Бұл надандық па не сонда?! Біреудің титтей сәбиін көтерген сурет қойсам да сол..🤦🏻‍♀️ Періштені де жамандайтындар бар екен.! Сол адамдардың өз баласына жаман коммент жазсаң қалай болады?! Ешкім көрмейді деп фейктен тығылып коммент жазамыз, ешкім көрмейді деп сағыз жабыстырып кетеміз, қоқысты лақтыра саламыз, тіпті дәретxананың қағазын шелегіне салуға ерініп жерге тастап кетеміз.. Әжептеуір иманды деген жігіттер инстадан қыз іздеп xат жазып отырады. Ешкім көрмегенмен Алла көріп тұр ғой алтындарым..! Адам әділетсіз болғанымен Алла әділетті! Алланың тарапынан әділетсіздік болса қиямет қайым бааяғыда басталып кеткен болар еді! Титтей тастаған қағазыңды белі бүкірейген аналар мың иіліп жинайды! Әрбір қызға жазған жеккөрінішті пікіріңізді сол қыздың анасы жүрегі жылап отырып оқиды! Ертең сіздің де жүрегіңізді езетін біреу шығатынын ұмытпаңыз! Ертең сіздің де балаңызға біреу жек көріп қарайтынын біліп жұріңіз.. Мұсылмандық деген қойдың суреті бар дайын суретті лақтыру емес- көркем мінез, әдемі сөйлеу, мейірімді болу! "Мұсылмандық кімде жоқ, тілде бар да, ділде жоқ" (Абай) Алла біліп білмей жасаған күнәмізді кешірсін! Құрбан айт құтты болсын! Әдемі макияж @meruert_mua 💝 Бас киім @nur_shah_kazakhstan ❤️
Read more
Халықтың жазған жағымсыз комментарийі мен тек бәле іздейтін сайттардан әбден мезі болған танымал ...
Media Removed
Халықтың жазған жағымсыз комментарийі мен тек бәле іздейтін сайттардан әбден мезі болған танымал адам дана қарияға ақыл сұрап келіпті. Сонда қария ойланып отырып: -Сыннан құтылудың бір ғана жолы бар. А нұсқа. Ол үшін сен не Кедей, не Ауру, не Дарынсыз болуың керек. Басқа жағдайда ... Халықтың жазған жағымсыз комментарийі мен тек бәле іздейтін сайттардан әбден мезі болған танымал адам дана қарияға ақыл сұрап келіпті.
Сонда қария ойланып отырып:
-Сыннан құтылудың бір ғана жолы бар. А нұсқа.
Ол үшін сен не Кедей, не Ауру, не Дарынсыз болуың керек. Басқа жағдайда күншілдік пен өсек сөзден құтыламын деп дәметпе де. Гу-гу әңгіме бұрын да болған, бола береді де.
Мұқағалиді де сынаған, Шаxановтың да сыртынан ғайбат сөз ерген. Тіпті аяқ-қолы жоқ Ник Вуйчичті де көре алмаған. Сен алға ұмтылып, өміріңді өзгерте бастасаң-ақырындап артыңнан сөз де ере бастайды. Білесің бе неге? Себебі алдыға қадам жасағысы келмейтін жалқаулар сенің жетістігіңді көрген кезде асқынып тұрған жарасына тұз себілгендей болады. Керемет өлең жазсаң, "Есі дұрыс адам тыңдайтын ән емес" дейді, отбасыңды көрсетсең "Осыда ғана бала бар ма?" дейді, жақсы киініп, бағалы көлік алып, той-томалаққа шықсаң "Кедейлерге көмек бермей ме оданша? Тойымсыз
Ысырапшыл" дейді, қайырымдылыққа ақша аударсаң, "Сол қол бергенді оң қол білмесін" деген, елге көрсеткенің қабыл болады деймісің?" деп тағы табалайды.
Елге жағу үшін сөзсіз А нұсқаны таңдауың керек. Бірақ ол кезде мана сені сынағандардың көмек беретініне күмәнім бар.... Қайта қасыңнан өткенде өздеріне деген сенімі артып, сол өміріне риза боп өтіп кетеді. Есіңде болсын, ештеңе істемейтін адамның ғана артынан сөз ермейді, жаңбыр сұрағанда батпақпен жүруге де дайын бол... Сондықтан саған А нұсқаны таңдауға кеңес бермес ем. "Ешқашан біреудің көңілінен шығамын" деп өмір сүрме, биікке ұмтыл, арманмен ауыр, мақсатыңа жеткенше асық бол, ешкімнің ала жібін аттама, мына өмірдің раxатын сезін, көзі ашық көкірегі ояу жандармен дос бол, жүрегің жылы болсын!-деген екен.
Read more
БАЛА БОЛМЫСЫН БҰЗАТЫН 10 СӨЗ <span class="emoji emoji25ab"></span> Бала тәрбиесіне басты жауапкер мына біздер, ата-аналар көбіне-көп ...
Media Removed
БАЛА БОЛМЫСЫН БҰЗАТЫН 10 СӨЗ Бала тәрбиесіне басты жауапкер мына біздер, ата-аналар көбіне-көп ойланбай сөйлеп, осынымыз үшін болашақта опық жейтінімізді ұмытып жатамыз. Өйткені, сөз – тәрбие негізі. Бала сөзбен тәрбие алады. Баланың еңсесін түсіретін де, жігерлендіретін де ... БАЛА БОЛМЫСЫН БҰЗАТЫН 10 СӨЗ ▫
Бала тәрбиесіне басты жауапкер мына біздер, ата-аналар көбіне-көп ойланбай сөйлеп, осынымыз үшін болашақта опық жейтінімізді ұмытып жатамыз. Өйткені, сөз – тәрбие негізі. Бала сөзбен тәрбие алады. Баланың еңсесін түсіретін де, жігерлендіретін де сөз. Кез келген ата-ана баласына мақтауын да, даттауын да сөзімен білдіреді.
Бала тәрбиесінің бұзылуы жаман сөздерді қолданудан туындайтыны мәлім. Өйткені, бала психологиясы жаңа көктеген жас талдай жағымсыз әсерлерден тез жараланғыш келеді. Сондай-ақ, бала шақтағы естеліктер адам өмірінің қай арнада өрбитініне, оның мінез-құлқының қалыптасуына әсер ететінін әлем ғалымдар да дәлелдеп отыр.
Дана халқымыздың ежелден сөз құдіретін мойындап, «тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп, орынсыз сөздің орға жығарын аңдатқан. Ашу үстінде аңдамай айтылған бір ауыз сөздің бала санасына қаншалықты ауыр соғатынын үлкендер жағы байқамай жатамыз. Бала ержеткесін бұрыс жолға басып немесе мінез-құлқында дөрекілік байқала қалса, қоршаған ортаға кінә артудан бұрын бала тәрбиесінде абайсызда жіберген қателік-кемшіліктерімізді санамалап көрдік пе осы?! Ислам ғалымдары осы тақырып төңірегінде зерттеулер жүргізіп, бала болмысының бұзылуына себепкер он жайтты анықтаған көрінеді.
1.Сөгу. Хайуандарға теңей отырып баланы сөгу. Мәселен, ит, есек, өгіз, ей, хайуан деп.
2.Қорлау. Теріс сипаттармен тілдеу. Мәселен, кәззап, семіз, ақсақ, харамы, бейшара. Мұндай сөздер бұғанасы қатпаған баланың жүрегіне дақ салады.
3.Теңеу. Әр баланың басқаға ұқсамайтын өзінің бейімі мен қолынан келетін икемі болады. Ал, басқа біреумен теңеу – баланы кемсіту. Бала бойындағы өзіне деген сенімділікті жояды. Нәтижеде, өзін теңеген адамдарды жек көре бастайды. Мысалы, «Өзіңдей көршінің баласына қарашы...» деген сияқты теңеулердің теріс әсе ететінін аңғара бермейтініміз өкінішті.
4.Шартпен жақсы көру. «Сен бұлай еткенің үшін мен сені жақсы көрмеймін», «Мынаны жесең, сені жақсы көремін», «Сабағыңды дұрыс оқысаң, жаттауыңды қайталасаң, сен жақсы көремін». Шарт қойып, жақсы көру баланы қалаусыз және еріксіз әрекет жасауға итермелейді.
Жалғасы👇
Read more
Егер жаныңызда әрбір істеген ісіңізге ішегін тартып, көріп, біліп жүрсе де, «мәә, күшті иәә, туу ...
Media Removed
Егер жаныңызда әрбір істеген ісіңізге ішегін тартып, көріп, біліп жүрсе де, «мәә, күшті иәә, туу мен де сондай болсам ғо, сен сияқты неғымаған екенмін мен де» деп, үнемі қуанып айтқан нәрсеңді «ЖҰРТТАР ПЫСЫҚ ОСЫ, ҮНДЕМЕЙ ЖҮРІП» деп шамыңа тиіп, өзінің не қалап тұрғанын бір Құдай ғана білетін ... Егер жаныңызда әрбір істеген ісіңізге ішегін тартып, көріп, біліп жүрсе де, «мәә, күшті иәә, туу мен де сондай болсам ғо, сен сияқты неғымаған екенмін мен де» деп, үнемі қуанып айтқан нәрсеңді «ЖҰРТТАР ПЫСЫҚ ОСЫ, ҮНДЕМЕЙ ЖҮРІП» деп шамыңа тиіп, өзінің не қалап тұрғанын бір Құдай ғана білетін адамдар торуылдап жүрсе, оларға тек бақыт тілеген дұрыс екен.
Бұрын өз басымдағы жетістіктерімді айта жөнелсем, «туу, менде де неге болмайды сондай?» дегенде как будто соның қолындағысын өзім тартып алғандай біртүрлі болып қалатынмын. Кейбірі өзімен-өзі менімен бәсекелесіп, «неге мені емес сені, неге маған емес саған?» деген ниетін танытып қоятын. Мені біреу мақтап қалса, «мен ше?» дей жөнелетін. «Жоқ, сенен бұрын мен боламын» дейтінін қайтерсің?! (Мұндай жағдай әркімнің басында кездескен сияқты) Мен ондайда жымиып қойып, Құдайдан «осы адамның сұрағанын берші өтінемін, іштарлық қылуын қойсыншы» деп тілейтінмін. «Оның жүрегіне иман, басына бақ берші» деп сұрайтынмын. Қарап отырсам, сондай 2-3-еуі өз бақытын тауып, мені күндемек түгілі, хабар алуға да шамасы жоқ екен. Бұл мен үшін қуанышты жағдай. Өйткені олар бақытты, оларда бәрі бар.
Айтайын дегенім, іштарлығы мен күншілдігі ішіңді бүлк еткізетін адамдарға тек бақыт, жүрегіне иман тілеңіз. Оның сізді күндеуге мұршасы болмай қалған кезде, сіз өз жолыңызбен, өз несібеңізбен алаңсыз өмір сүре бересіз.
Студент кезімде кітапаханада рухани материалдарды көп оқыдым. Бірақ мұндай адамдарға БАҚЫТ ТІЛЕУ туралы еш жерден оқымаппын. Бұл жайында кейін жылдар бойы рухани практикамен айналысып келе жатқан Құралай ханым @kuralay_hanum мен Жанар Байсемізден @janar_baisemizova де естіп, Құдайдың құдіретіне таң қалғанмын.
Құдай сұрасаңыз беруден шаршамайды. Тек күпірлікті тілек тілеумен, күншілдікті тілектес болумен алмастырсақ қандай жақсы. Біреудің несібесі сізге қай жаныңызбен тырыссаңыз да, ешқашан бұйырмайтынын түсінгейсіз.
Ақыл айтқыштар көп қой, бірақ бұл #Гүлназдыңөзруханипрактикасы
Read more
Әнші Нұрболат Абдуллин жаңа әніне бейнебаян түсіріп, көпшілікті тартымды әнімен баурады. Бейнебаянды ...
Media Removed
Әнші Нұрболат Абдуллин жаңа әніне бейнебаян түсіріп, көпшілікті тартымды әнімен баурады. Бейнебаянды тамашалаған тыңдармандары жоғары баға беріп, көңілінен шыққанын аңғартты. Алайда мұрт қойған әнші көптің сынына ілікті, деп жазады Stan.kz. Нұрболлат Абдуллин «Тағы да вальс» ... Әнші Нұрболат Абдуллин жаңа әніне бейнебаян түсіріп, көпшілікті тартымды әнімен баурады. Бейнебаянды тамашалаған тыңдармандары жоғары баға беріп, көңілінен шыққанын аңғартты. Алайда мұрт қойған әнші көптің сынына ілікті, деп жазады Stan.kz.

Нұрболлат Абдуллин «Тағы да вальс» әніне бейнебаян түсірді. Ырғақты әуен көпшіліктің жүрегіне бірден жол тапты.

Өз кезегінде әншінің тыңдармандары бейнебаянның түріктің телехикаяларын еске салатынын жазып жатты. Сондай-ақ, Нұрболатты түріктің танымал актері Бурак Озчивитке, ал бейнебандағы аруды Неслихан Атагюлге ұқсатты.

Сонымен қатар желі қолданушыларының дені Нұрболатқа мұрт жараспайтынын, өзін «кәрі» етіп көрсететінін айтып жатыр.
————————————————— #Juldyzalemkz #ЖұлдыздарӘлемi
#nurbullin #senkorkaksin #тағыдавальс #вальс
#нурболатабдуллин @nurbullin @zhasulanshadenov
Read more
Бейнеудегі кездесу көптің тілегімен өтті. Ең бірінші Камшат апама @kamshat_a.b апама раxмет ...
Media Removed
Бейнеудегі кездесу көптің тілегімен өтті. Ең бірінші Камшат апама @kamshat_a.b апама раxмет айтамын. Нұрдаулет мейрамxанасын дайындап, барлық жағынан қамқор болғаны үшін. Билеттерді сатып, ақ жүрегімен көмектескені үшін алғыс айтамын. Жане де Карлыға досыма @karra.8282 ризамын. ... Бейнеудегі кездесу көптің тілегімен өтті. Ең бірінші Камшат апама @kamshat_a.b апама раxмет айтамын. Нұрдаулет мейрамxанасын дайындап, барлық жағынан қамқор болғаны үшін. Билеттерді сатып, ақ жүрегімен көмектескені үшін алғыс айтамын. Жане де Карлыға досыма @karra.8282 ризамын. Оң қолым болып, барлық шаруаға өзімдей болып жүгіріп ат салысқаны үшін. Ақтауда @kuralai_82 досым қалай жүрді, Карла солай жүрді. Қаншама тілекші достарым келді Ақтаудан. Бақытты жанның жанында бақытты жандар көп болады екен! Шүкір! Ризамын тағдырыма! Алла қаласа көптің жүздеген өтінішімен Атырау қаласында кездесу жасаймын деп шештім! Алла күш берсін❤️❤️❤️! Атыраулық достар қол көтеріп қойыңыздаршы 😍😍😍! #Аллажарболсын
Read more
Кішкентай кезден болмысым достармен бірге жүру,бөлініп кетпеу,қолыңдағы тәттіні бөліп жеу ...
Media Removed
Кішкентай кезден болмысым достармен бірге жүру,бөлініп кетпеу,қолыңдағы тәттіні бөліп жеу секілді ұстанымдар болды..Айналамдағы екі адам ренжісіп қалса,соларды қайтсем татуластырғым кеп тұратын..Бір көрші досым:"Сара сен қоғамнан шеттеп қалған мазасыз жандарды тәрбиелеп ... Кішкентай кезден болмысым достармен бірге жүру,бөлініп кетпеу,қолыңдағы тәттіні бөліп жеу секілді ұстанымдар болды..Айналамдағы екі адам ренжісіп қалса,соларды қайтсем татуластырғым кеп тұратын..Бір көрші досым:"Сара сен қоғамнан шеттеп қалған мазасыз жандарды тәрбиелеп аласың ия,Сараның сабағының негіздері деген курс ашып алсаңшы "-деп тырқылдап тұрып күлетін😀.Кезінде бір курста оқып жүргенде ешкіммен араласпайтын,бойы тұнып тұрған комплекс,өзімшілдігі бар аздап бір бала болды.. Лақап аты:"Гадкий утенок" етін..Ұлдар мазақ қылады, Қыздар келемеждейді ,кейде боқтап сөйлеп ана баланы шеттетіп тастағанда жүрегің ауырады өзі...Сосын біркүні екі сабақтың ортасында "окошко " боп қалды..Барлығы өз тірлігіне кетті,біреу дәмxана,біреу кітапxана деген секілді..Аудиторияны қарасам бос,сол бала өзі жалғыз отыр екен.. Өтіп бара жатып,"стоп"-деп кері шегініп әңгімеге тартқым келді.. Басында сұрағыма қатқыл жауап берді.Үркіп қалған үкі құсап болмысы да қызық өзінің.. Қазақшасы аздау орыс қолды бала болатын....Айналасы 45минуттың ішінде мен мүлде басқа адамды көрдім.. Досым деп жақын тарта білдім. "Жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады"дегендей ол баланы ортамызға тарттым,сол бала үшін талайымен сөзге кеп қалған кездерім де болды,әйтеуір бәрімен араласпаса да көп адаммен тіл тауып кетті.. Біз топпен киноға,концертерге барғанда,оның қарасы да көрінбейтін.. Бір күні қаламызда айтыс болды. Залдағы қолдап келген достарымның арасында жасыл кепкасын басып киіп,сап-сары боп сол бала отыр..Айтыстан дым қақпайды..Ертесінде жүлдеммен достарым кезекпен құттықтап жатса,орнынан тұрып,тілегін айтып кеп:"Друзья – это, наверное, самое ценное, что есть в жизни человека,я горжусь что у меня есть друг как ты"-дегені жатталып қалыпты..😀Сол баланың ортаға қосылғаны маған қуаныш болды.. Бүгін кептелісте тұрсам,сол баяғы "гадкий утяногымызды" көрдім.. Қасында әп-әдемі келіншегі бар.. Мені көре салып :"Гадкий утенок деген атымнан құтылдырған Сара қыз ғой бұл -"деп күліп жатыр😆.. Осындай сәттер керемет емес пе ия?
Ееее негізі пенделікпен :"бір оңбаған адам","сұмырай кісі",деген секілді сөздерді қойып қаламыз..Адамның жаманы болмайды,тек қылықтары нашары болады !Айналамызда жақсылар көп болсын!
Read more
 #алтынадам<span class="emoji emoji2764"></span> Жаныма əрқашан жақын адам, Мінезіне қайранмын,қапы қалам. Жүрегінен сеземін ...
Media Removed
#алтынадам Жаныма əрқашан жақын адам, Мінезіне қайранмын,қапы қалам. Жүрегінен сеземін махаббатты, Маңдайынан күн көрем жарқыраған. Жаныма əрқашанда жақын адам, Тек жақсылық тілейтін жалпы маған. Бұл кім екен деп менен сұрасаңыз, Ол менің үйімдегі алтын анам. Ол менің ... #алтынадам❤
Жаныма əрқашан жақын адам,
Мінезіне қайранмын,қапы қалам.
Жүрегінен сеземін махаббатты,
Маңдайынан күн көрем жарқыраған.

Жаныма əрқашанда жақын адам,
Тек жақсылық тілейтін жалпы маған.
Бұл кім екен деп менен сұрасаңыз,
Ол менің үйімдегі алтын анам.

Ол менің үйімдегі алтын анам,
Бұл əлемде мен үшін артық бағаң,
Анам кейде мен үшін сырлас досым,
Анам кейде мен үшін əпкем, ағам.

Бақытты іздеп талай шапқылағам,
Сөйтсем, бақыт жүр екен қасымда аман.
Нағыз бақыт анам екен үйімдегі,
Түсініп сол бақытты таптым Аллам!
Read more
Жүрегі өнер деп соққан балдырғандарға айтар жақсы жаңалық!<span class="emoji emoji1f386"></span> «Хабар» арнасы «Junior Eurovision ...
Media Removed
Жүрегі өнер деп соққан балдырғандарға айтар жақсы жаңалық! «Хабар» арнасы «Junior Eurovision 2018» ән байқауы ұлттық іріктеуінің әділқазылар алқасын таныстырады! Қатысу ережелерімен www.jevision.khabar.kz сайтына кіріп, таныса аласыздар. ——————————————————————— Таланты ... Жүрегі өнер деп соққан балдырғандарға айтар жақсы жаңалық!🎆
«Хабар» арнасы «Junior Eurovision 2018» ән байқауы ұлттық іріктеуінің әділқазылар алқасын таныстырады!🎉
✔ Қатысу ережелерімен www.jevision.khabar.kz сайтына кіріп, таныса аласыздар.
———————————————————————
Таланты теңіздей тұнық, дауысы тау бұлағындай мөлдір балақайларды іріктеуге шақырамыз! Көп тудың ішінен КӨК туымызды желбіретуге асығыңыздар! ———————————————————————
Әділқазылардың осы құрамымен келісесіздер ме?⤵️🤔
#JuniorEurovisionKhabar #JuniorEurovision2018 #Kazakhstan #lightup #зажигай #жарқыра #jesc2018 #детскоеевровидение2018 @khabartv #junioreurovision #jesc @lionsshowmedia
Read more
#Repost @shynara.jj • • • • • Жанарымның түбіндегі суретті көре алған нағыз шебер суретшім ... Көп рахмет Шынар. Менің əнімді осылай əдемі роликпен əсемдеп мағынасын ұқтырғаныңызға. Жүрегімді жарып шыққан жырдың халықтың жүрегіне жетіп жатқанына Қатты қуандым! Аллаға мың ... #Repost @shynara.jj
• • • • •
Жанарымның түбіндегі суретті көре алған нағыз шебер суретшім💖
...
Көп рахмет Шынар. Менің əнімді осылай əдемі роликпен əсемдеп мағынасын ұқтырғаныңызға. Жүрегімді жарып шыққан жырдың халықтың жүрегіне жетіп жатқанына Қатты қуандым!🙇🙇🙇 Аллаға мың шүкір.
Мүмкін сіздер де фантазияңызбен бір минуттық видео түсірерсіз. Жеңімпазға сый дайындаймын!!! ...Құп көрсеңіз бастаңыз, оқырмандарым!!! Жəне осы əнге жоспарланған клипке мүмкін сіз ұсынған сюжетіңізді алармын.
...
Ал осы əнге бұған дейін ұйымдастырған байқаудың жеңімпазын мен ойша анықтап қойдым. Бір жұмыстарымды аяқтап алайын содан соң сыйларыңызды табыстаймын!
...
Ал əнді енді естіп жатқандар @agugsi.kz сайтынан жүктей аласыз. Тағдырмен сырласу деп теріңіз ІЗДЕУ деген жеріне.

#əлхамдулиллах
#тағдырменсырласу #тағдырментілдесу
#гүлназауданбаева #жаңаəн #жуырдажаңаəн
Read more
Дүниеде не тәтті – Ананың сүті. Дүниеде не жұмсақ - Ананың алақаны. Ақ сүт берген, әлпештеген анашым, ...
Media Removed
Дүниеде не тәтті – Ананың сүті. Дүниеде не жұмсақ - Ананың алақаны. Ақ сүт берген, әлпештеген анашым, сіз мен үшін әлемдегі ең жақын да сүйікті жансыз. Сіздің бізге, Ерлантай мен маган деген ана махаббатыңыз шексіз. Мен сизден улги аламын,сиз оте мыкты жансыз!Омирдин кез келген киыншылыктарына ... Дүниеде не тәтті – Ананың сүті. Дүниеде не жұмсақ - Ананың алақаны. Ақ сүт берген, әлпештеген анашым, сіз мен үшін әлемдегі ең жақын да сүйікті жансыз. Сіздің бізге, Ерлантай мен маган деген ана махаббатыңыз шексіз. Мен сизден улги аламын,сиз оте мыкты жансыз!Омирдин кез келген киыншылыктарына тозе билдиниз,али де тозудесиз😥😘Дүниеге іңгәләп келгеннен ақ, жүрегіңізге мейірім ұялап, түн ұйқыңызды төрт бөліп, аман өсіп, адам болуымызды тілеп жүресіз.
Аяулы анам, мен өзімді бақыттымын деп санаймын, себебі, анасы бар адамдар бакытты.
Анашым сіз менің қамқоршымсыз, ақылшымсыз, тәрбиешімсіз. Әрдайым жақсыныүйреттиниз.Жетістіктерге жетсем, менімен бірге қуанып, сүрінсем - жұбатып, бірге мұңаясыз, жігерлендіре түсесіз. Адамгершілікке тәрбиелеген де сізсіз. Сіз үйреткендей үнемі жақсы адам болуға тырыстык мен де ЕрландаКей кездері ренжітсем, кешірім сұраймын.
Жан анам, ақ анам, ардақты анам, менің тілегім - арманым әрқашан сіздің жадыраған жүзіңізді көріп, сіздің алдыңыздағы борышымды өтеу. Деніңіз сау болып, үнемі қасымыздан табыла беріңіз. Мен сізді сүйемін! @alpysbaevaulbosyn 😘
Read more
Ақбаян! Ақбаян шақырады! Білесіңдер көкейімде жыр барын, Жыр бесікте əлдиленген құндағым. Сол жыр деген жүрегіммен тілеймін, Мəңгі жасай берсе екен деп "Сырғалым"! Көшін бастап аппақ Баян келеді, Алқа топта ой айтатын өрелі. Алла саған қуат берсін Баянжан, Жүздіре бер "Сырғалымдай" ... Ақбаян! Ақбаян шақырады!
Білесіңдер көкейімде жыр барын,
Жыр бесікте əлдиленген құндағым.
Сол жыр деген жүрегіммен тілеймін,
Мəңгі жасай берсе екен деп "Сырғалым"! Көшін бастап аппақ Баян келеді,
Алқа топта ой айтатын өрелі.
Алла саған қуат берсін Баянжан,
Жүздіре бер "Сырғалымдай" кемені.

Қуанышын талай жанның бөлісіп,
Хақ бұйырған несібені тең ішіп.
Алақандай ғұмырды Алла нық қылсын,
Жақсылықта жүрейік тек көрісіп.

Ықыласын мынау жұрттың көрдім мен,
Беу, "Сырғалым" ертеңіңе сендім мен.
Суреттерің көп болсыншы əрдайым,
Жұртың сыйлап, шын бағалап, төрге ілген!
Жүрегінен төгіп жүрген ізгі əнін,
Сырғалымда ерітетін мұздағын,
Ұмытпаңдар керім, сұлу қыздарға,
Сырға таққан Сыр елінде,
Ақбаяндай қыз барын!
М.Дауылбай ақын_2018ж
🎀🎀🎀🎀🎀🎀🎀🎀🎀🎀🎀🎀🎀🎀
Баршаларыңызды 15-сәуір, сағ: 11.00-де ашылу салтанатына шақырамыз.
м.ж Абай даңғылы 24үй
(Жүмбақтас ғимр. маңы)
Келіңіздер!
Қуанышымызды бөлісіңіздер достар!
@SYRGALYM_TOI_ORTALYGY
"Әділет" студиясына мың алғыс
@studio_adilet
13.04.2018ж
Read more
Адамда өзі кез болады,жыламасқа да сорлайсың,жыларға тіпті зарлайсың.Жүрегіңде бұлт шалып,жақыныңда ...
Media Removed
Адамда өзі кез болады,жыламасқа да сорлайсың,жыларға тіпті зарлайсың.Жүрегіңде бұлт шалып,жақыныңда шам жаға алмастай... Әр деген сөз көңілге тиеді,болмашыл нәрсе жүректі тербеп кетеді. Барлығы xайырына,ештеңеге ренжімейін деп тұрсаңда,әлсіз болғың келеді.Әлсіздікте ... Адамда өзі кез болады,жыламасқа да сорлайсың,жыларға тіпті зарлайсың.Жүрегіңде бұлт шалып,жақыныңда шам жаға алмастай...
Әр деген сөз көңілге тиеді,болмашыл нәрсе жүректі тербеп кетеді.
Барлығы xайырына,ештеңеге ренжімейін деп тұрсаңда,әлсіз болғың келеді.Әлсіздікте өзі шешілерме десең,кәзіргіде халық өзі әлсіз әйелді емес,мықты сүйгүліктей жанды бағалайтындығы басым екенін түсінесің.
Сонымен,жүрек нені қаларын түсінбедім.Әйтеуір алысқа кетші дейді.Өмір сүрер ортаң мүлдем басқа шетте дейді.Ол тыныштық орнаса,жүрегім мазалауды доғарама? #жайпост
Read more
Рамазанға дайындық №6 Ораза ұстауға ниет еткен абзал жан! Қорқынышыңызды сейілтіп, сауап ...
Media Removed
Рамазанға дайындық №6 Ораза ұстауға ниет еткен абзал жан! Қорқынышыңызды сейілтіп, сауап алуға деген құлшынысыңызды оятуға, жүрегіңізге үміт сыйлап, Рамазанға деген сағынышыңызды арттыруға түрткі болар деген ниетпен бірнеше мәлімет берсек дейміз! Біріншіден, Алла Тағала ... Рамазанға дайындық №6

Ораза ұстауға ниет еткен абзал жан!
Қорқынышыңызды сейілтіп, сауап алуға деген құлшынысыңызды оятуға, жүрегіңізге үміт сыйлап, Рамазанға деген сағынышыңызды арттыруға түрткі болар деген ниетпен бірнеше мәлімет берсек дейміз! 🍒 Біріншіден, Алла Тағала адамға бір амалды парыз етсе, онда оны орындау үшін күш-қуат пен мүмкіндікті де қоса беретінін ұмытпаңыз! Себебі, Алла Тағала ешкімге шамасы келмейтін нәрсені жүктемейді. 🍒 Екіншіден, сіз бұл қасиетті айға, Алла қаласа, аман-есен жеткелі тұрсыз. Өйткені, сіздің кеудеңізде әлі жан бар. Ал бұл Рамазан айына жете алмай, дүниеден өтіп кеткендер қаншама?! Сондықтан, шүкіршілік етіп, ниетіңізді түзеңіз! 🍒 Үшіншіден, айлап, жылдап аш отыратын, тіпті, соңғы рет қашан ыстық тамақ ішкенін ұмытып қалған қаншама адамдар бар. Ал сіздің алдыңызға кешкісін өзіңіз қалаған тамақтың түр-түрі қойылады...
🍒 Төртіншіден, күннің ыстықтығын уайымдап жүрсіз бе? Иә, ол да бар. Бірақ кезінде дәл қазіргідей кондиционер, желдеткіш, душ дейтін «комфорт» жағдайлар атымен болмаса да, бабаларыңыздың:
«Ораза ұстап, бес намаз оқығанның -
Ол дүниеге барғанда iсi мақұл», - деп (Шал ақын) ораза ұстағанын қаперіңізден шығармаңыз. 🍒 Бесіншіден, ораза 24 сағат бойына жалғаспайды. Бар болғаны сіздің күндізгі тамақ ішу уақыттарыңыз енді түнге ауысады. 🍒 Алтыншыдан, ауызашар алдында жасаған адамның дұға-тілегі мен Алланың арасында перде болмайтынын да есіңізден шығармаңыз. 🍒 Жетіншіден, сәл ғана қиындықтарға бола сынып кетпеңіз. Себебі, «Жәннат қиындықтармен қоршалған». Алла Тағала Құранда: «Алла сендерден күресушілер мен сабыр етушілерді айқындамай тұрып, Жәннатқа кіреміз деп есептедіңдер ме?» - деп ескерткен. («Әли Имран» сүресі, 142-аят) Қиындықтан кейін жеңілдік, қайғыдан кейін қуаныш, ұмтылыстың соңында жеңіс бар!
Қиындығыңыз күшейген сайын сауабыңыздың да еселеніп жатқанын ұмытпаңыз! Себебі, Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Айша анамызға (р.а) қоштасу қажылығында: «Сауабың шаршағаныңа байланысты», - деген еді...
#асыларна #asylarna #asylarnatelekanal #рамазан2018 #ораза #рамазанғадайындық
Read more
ОҚЫП,ТОЛҚЫП КЕТТІМ<span class="emoji emoji1f622"></span><span class="emoji emoji1f622"></span><span class="emoji emoji1f622"></span>!!!! * * #Repost @assem_bltkz_ with @get_repost ・・・ Мені жақсы танитындар, ...
Media Removed
ОҚЫП,ТОЛҚЫП КЕТТІМ!!!! * * #Repost @assem_bltkz_ with @get_repost ・・・ Мені жақсы танитындар, историяларымды жиі көретіндер болса, осы суреттегі кісіні қалааай жақсы көретінімді жақсы біледі. Мен @sarkanai деген алтын әпкемнің парақшасына былтырғы жазда тап болдым. ... ОҚЫП,ТОЛҚЫП КЕТТІМ😢😢😢!!!!
*
*

#Repost @assem_bltkz_ with @get_repost
・・・
Мені жақсы танитындар, историяларымды жиі көретіндер болса, осы суреттегі кісіні қалааай жақсы көретінімді жақсы біледі.
Мен @sarkanai деген алтын әпкемнің парақшасына былтырғы жазда тап болдым. Қайдан шыққанын білмеймін, "Ақеркем" әнімен ұзатылып жатқан бір видео лентамнан шыға келді. Ана видеоны көре сала, жүрегім елжіреп, көзіме жас келгені бар емес па😭 бірден сол парақшаға кіріп, бүкіл @sarkanai әпкем ұзатқан қыздардың видеосын көріп шықтым. Бірінші видеодан-ақ жылап отырған мен, ана парақшадағы видеолар біткенше қандай күйге түскенімді елестеткен шығарсыздар🙈
Сол күйімді көрген анашым(жаны жәннәттә болсын) басында шошып кетті. Содан не үшін көңілім босап отырғанын айтып, видеоларды көрсеттім. Анама менің ұзату тойым болады, әкем екеуіңіз төрде отырасыздар, Сара Тоқтамысова осылай ұзатады, ол уақытқа дейін мен көп ақша жинаймын дедім(ауылдааа жүрген қарапайым қыздың арманы ғой). Анам "аумин, қызым" деп ішінен тілегін тілеп, қоя салды.
.
Шынымды айтсам, инстаграмда отырып алып, танымал тұлғаларды бақылап, оларға пікір жазып, қызығушылық танытпайтын едім. Бірақ, Сара әпкем өзінің жылы жүзімен, қарапайымдылығымен мені баурап алды. Сол күннен бастап осы кісі ойымнан шықпады. Тіпті түсімде көретін де болдым🙈 Парақшасындағы барлық жазбаларды оқып, керегімді алып, үлгі тұтып жүремін🙏 Ешқандай жасандылығы жоқ, айналасына қамқор болып жүретін жан ғой♥️
.
.
Өткенде осы кісімен танысу мүмкіндігі бұйырды. Қуанышымда шек болмады💃 Бір арманым орындалды десем, артық айтпағаным. Көп рақмет @sarkanai әпкее, кездесу керемет болды😍
Сіздің әрбір сөзіңіз мотивация ғой♥️
Енді жұлдызды марафонда кездескенше😍💃
Сізді қалай жақсы көретінімді айтпасамда білесіз☺️😘
Read more
-Гүлнұр, екеуміз бала күнімізден бір-бірімізді жақсы білеміз, ұнатамыз, мүмкін бас қосармыз? ...
Media Removed
-Гүлнұр, екеуміз бала күнімізден бір-бірімізді жақсы білеміз, ұнатамыз, мүмкін бас қосармыз? Қалай ойлайсың? Гүлнұр қуанғанып кетті. Жігітті қуанғаннан құшақтап алды. Неге қуанбасын, біріншіден Асқарды бала күнінен біледі, бір сыныпта оқыды. Басқа балалардан гөрі Асқарды өзіне ... -Гүлнұр, екеуміз бала күнімізден бір-бірімізді жақсы білеміз, ұнатамыз, мүмкін бас қосармыз? Қалай ойлайсың?
Гүлнұр қуанғанып кетті. Жігітті қуанғаннан құшақтап алды. Неге қуанбасын, біріншіден Асқарды бала күнінен біледі, бір сыныпта оқыды. Басқа балалардан гөрі Асқарды өзіне жақын тартатын. Кейін достық сезімі ғажайып маxаббатқа ұласады.
Ақылына көркі сай Гүлнұр ауылдағы ең сұлу қыз еді. Ата-анасы бала күнінде қайтыс болып, жетім қыз әкесінің інісі Мараттың үйінде өсті. Онсыз да тапқан айлығы шайлығынан аспай отырған көпбалалы жапырайған жұпыны үйде байқұс қыз көп қиындық көріп бойжетті. 
Асқардың да әкесі бала күнінде аты жаман аурудан көз жұмып, анасы Мәнсия қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, күн-түн демей тыпырлап, қара жұмыс істесе де, ұлын ештеңеден тарықтырмай ержеткізді. Бағына қарай, жалғыз ұл да жамандық атаулыдан ада, қатарының алды болды. 
9-сыныпта Асқар Гүлнұрға сезімін білдіріп, екеуі дос бола бастайды. 
Гүлнұр неге екені, бала болса да Асқардың досы, сыныптағы Мансұрды суқаны сүймейтін. Қып-қысқа бойлы, көкшиген көзді, тентектік жасаса қызанақтай қызарып кететін осы баланы ақыры өзіне жылы тартпай-ақ қойды. Және үнемі Асқардан асқысы келіп бақталасып жүретін. Мектепте өзі сотқарлық жасап, директордың бөлмесіне бірінші кіріп, істегенін Асқарға жаба салатын. Ал Асқар ауызын ашса жүрегі көрінетінү ақкөңіл жігіт, өмірі ешкімге арамдық ойлайтын. Қанша опасыздық жасаса да Мансұрды жамандыққа қиған емес, әйтеуір "білместікпен істеді ғой" деп ақтап алатын. Гүлнұр ылғи "осы аңғалдығың түбіңе жетпесе болды" дейтін де қоятын.
⤵️⤵️⤵️⤵️
Read more
Кез келген Адамның жеке аймағында, ыңғайлы (зона комфорта) және ыңғайсыз (зона дискомфорта) ...
Media Removed
Кез келген Адамның жеке аймағында, ыңғайлы (зона комфорта) және ыңғайсыз (зона дискомфорта) деген аумақтары (зоналары) болады екен... Сол "ыңғайсыз аймақтың" пайдасы көбірек сияқты. Жұмыстан аяқ астынан шығып қалу, сүйгеніңнен бір сәтте ажырасып кету, сатқындық, ауру - сырқау.... ... Кез келген Адамның жеке аймағында, ыңғайлы (зона комфорта) және ыңғайсыз (зона дискомфорта) деген аумақтары (зоналары) болады екен... Сол "ыңғайсыз аймақтың" пайдасы көбірек сияқты.
Жұмыстан аяқ астынан шығып қалу, сүйгеніңнен бір сәтте ажырасып кету, сатқындық, ауру - сырқау.... сияқты т.т келеңсіз оқиғалар кез келгеннің басында болуы мүмкін.
Әдетте, көбіміз, мұндай жағдайларды жүрегімізге жақын алып, жанымыз жабырқап, өзіміз мұңайып жатамыз... Ол жағдайларға басқа қырыган қарап көрсек ше....
🔴 мәселен, кәдімгі көл бақаны шәйнекке су құйып, астына от жағып қойсаңыз, су жылы кезде, бақа жайбарақат отыра береді, сосын су әбден қайнаған кезде, секіріп шығуға мұршасы келмей, пісіп қалуы мүмкін ((((
Керісінше, бақаны бірден ыстық суға салсаңыз, ыршып, секіріп шығады.
🔴 Адамдарда да тап солай👆🏻 Көпшілігі жылдар бойы, "су қайнағанша", өміріне еш өзгеріс енгізбей, жылы орнында тапжылмай отыра береді, сосын, "су қайнаған" кезде.... Жоғарыға қалай ытқып секіргенін өзі де байқамай қалады. 🔴 Егер Сіз дәл осы сәтте осындай жағдайда тұрсаңыз, еңсеңізді түсірмеңі✊🏻 Бойыңыздағы бар күш жігеріңізді жинап, Жоғары да, руxани өсуге дайындалыңыз!!! Өзіңіден "жайлап" сұрап көріңіз, бұл жағдай маған не үшін берілді, және одан не үйренуім керек? ,- деп... 🔴 Автоматты түрде, санаңызда, алғыс айтып, ризалық білдіру режимін іске қосыңыз. Дәл қазір ешкімге риза болмай, қиналып тұрсаңыз да, кейін сол алғыс білдірудің жемісін көресіз 🙏🏻 💫💫💫 Өз басым, "ыңғайсыз аймақтарыма" ризашылығымды білдіремін, әр жағдайдан өміріме маңызды сабақ алдым, алға жылжып, руxани байыдым🙏🏻✊🏻 Бар қиындыққа осылай қарайтын болсаңыз, жетістікке жетіп, шын бақытқа қол жеткізудің де ауылы алыс емес✊🏻👌🏻 Ал, Сіз "ыңғайсыз зонада" болсаңыз, одан қалай шығар едіңіз? 💃🏻 #алинагесс @alina.guess 👌🏻😘🕺🏻 #гүлбаршынныңпәлсапасы #қолымтимейжүргенеді #толыпқалыпты 🙈 #баршаңызға #тіледім🙏 #сәттілікті 💫 @dinarasatzhan @dinara_satzhan_fashion_group тігіп берген костюммен #аяғымталтайып қалыпты))) 😅🙈 Оған мән бермей ақ қойыңыздар, удобно тұрған түрім ау деймін))) 😉☺️😀💃🏻
Read more
Адамның АБЫРОЙЫНА, МАНСАБЫНА бола арласатын адамдар көп қазірде өкінішке орай( Бірақ мен бір ...
Media Removed
Адамның АБЫРОЙЫНА, МАНСАБЫНА бола арласатын адамдар көп қазірде өкінішке орай( Бірақ мен бір ТӨРТТІКТІ білемін Олар ешқашан біреуге ұнасам екен, сомен арлассам абырой болад деп біреуге өтірк күлмеді. Өздерінң пайдасы үшін, біреуді өтірік МАҚТАМАДЫ! ЖАҒЫМПАЗДАНБАДЫ!🤦🏻‍♀️🏻🏻🏻🏻🏻🏻🏻🏻 @hamit_saparbaiuly ... Адамның АБЫРОЙЫНА, МАНСАБЫНА бола арласатын адамдар көп қазірде өкінішке орай(
Бірақ мен бір ТӨРТТІКТІ білемін👀 Олар ешқашан біреуге ұнасам екен, сомен арлассам абырой болад деп біреуге өтірк күлмеді. Өздерінң пайдасы үшін, біреуді өтірік МАҚТАМАДЫ! ЖАҒЫМПАЗДАНБАДЫ!🤦🏻‍♀️👏🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻
@hamit_saparbaiuly
@mihpro90 @kuatzhanbazarbaev @arsen.akiev
Осы кісілер туралы ойымды жазғым келеді!
@hamit_saparbaiuly & @arsen.akiev мықты СЦЕНАРИСТТЕР!
@mihpro90 & @kuatzhanbazarbaev #1 ӘРТІСТЕР!
Менің және біраз адамдардң ОЙЫНША!
КВН-нің не екенін, команданың стилін қойып, ең алғаш саxнаға дайындаған, бағымызды жаққан әуелі АЛЛА, себепші: @hamit_saparbaiuly
Соның жазған сценариімен біз кез-келген жерден ЖҮЛДЕСІЗ қайтпадық АЛЛАҒА ШҮКІР! Бір тиын алмады. Демек ол өзінің ісін өте қатты сүйді, ол ешқашан ақша үшін біреуді өтірік мақтап, ешжеріне кірмеді. Шыншылдығының пайдасы не кесірі ма көпшілік сыртынан, құлаққа сыймайтын әңгмелер айтты! Кеше намазға жығылп, бүгн имам болп уағыз айтудан Алла сақтасын дейді Хамекең! Ол номер бірінші: СЦЕНАРИСТ, ҰСТАЗ, РЕДАКТОР!
Көпшілік адамдар МАҚТАНШАҚ деп ғайбаттап жатад, бүкіл мадақ АЛЛАҒА! Ал АЛЛАНЫҢ жаратқан ХАМИТЫ қанша МАҚТАНСА ДА жарасады! Себебі оның қайталанбайтн, зың-зың
Шәкірттері бар: @merekusha @mihpro90 @zhaksygen_n @maratsarsenbai
Одан соң менің, командамыздың көзін ашып, қайта КТА саxнасында жандануымызға себепші болған Арсен Акиев! Сол жанның сценариімен КТА-да абыроймен, жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеміз ШҮКІР!
Бұл КІСІЛЕРДҢ жазған сценарилері: ТЕК ЖОҒАРЫҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ!
@mihpro90 @kuatzhanbazarbaev негізі ЕКЕУІ, Қазақстанда қандай ӘЗІЛДІ БАҒДАРЛАМАЛАР бар, солардң бәрінде ЖҮРУ керек деп ойлаймын өз ойым! Не айтп, не қойғанын білмейтн әртіссымақтардан ЕКЕУІНІҢ ӘРТІСТІК ҚАБІЛЕТІ... сөзбен жеткізе алмаймын.
Мен осы ТӨРТТІКТІ АЛЛАНЫҢ ҚАЛАУЫМЕН, тек БИІКТЕН көргім келеді! Себебі олар ЛАЙЫҚ!
Кез-келген кино, бағдарлама болсын бірі СЦЕНАРИСТ, бірі БАСТЫ РӨЛДЕГІЛЕР болғанын шын жүрегіммен қалаймын, АЛЛАДАН тілеймін!
БАҚТАРЫҢ ЖАНЫЫЫЫЫППППП КЕТСІН ❤️❤️❤️❤️❤️❤️
Ал сенің ойыңша біреуге ұнау үшін өмірде өтірік ЖАҒЫМПАЗДАНҒАН дұрыс па? Ойың:👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻👇🏻
Read more
Loading...
Load More
Loading...