А ұқсаған жаңа ән

Loading...


Unique profiles
69
Most used tags
Total likes
0
Top locations
Aktau, Mangghystaū, Kazakhstan, Astana, Kazakhstan, Almaty, Kazakhstan
Average media age
600.5 days
to ratio
5.7
Шашым күштіі боп тұр ма? <span class="emoji emoji1f60a"></span> Бұл не жасатты екен шашына деп отырсаңыздар, мұның аты НАНОПЛАСТИКА деп ...
Media Removed
Шашым күштіі боп тұр ма? Бұл не жасатты екен шашына деп отырсаңыздар, мұның аты НАНОПЛАСТИКА деп аталады. Сенбі күні барып мұның қандай процедура екенін @tohtarbekova екеуміз маманның @vvvolosy_mechty өз аузынан естіп, нәтижесін де көріп қайттық. Сайтқа арналған жаңа видео айдарымыздың ... Шашым күштіі боп тұр ма? 😊 Бұл не жасатты екен шашына деп отырсаңыздар, мұның аты НАНОПЛАСТИКА деп аталады. Сенбі күні барып мұның қандай процедура екенін @tohtarbekova екеуміз маманның @vvvolosy_mechty өз аузынан естіп, нәтижесін де көріп қайттық. Сайтқа арналған жаңа видео айдарымыздың бастамасын түсіруге маман да, біз де бір күнімізді арнадық десек болады. Өйткені видео түсіру деген оңай емес екен ғой. Оның үстіне аталған процедура 3 сағатты қажет етеді екен. Есесіне 6 ай бойы үтіктемей-ақ шашыңыз теп-тегіс, суреттегідей жып-жылтыр болып жүреді. 💁🏻‍♀️Ол шашты емдеп, қалпына келтіреді.
Ал жанға жағымды, өз ісінің шебері Әсем @vvvolosy_mechty бір аптадан кейін жасатқан қыздардан міндетті түрде шашы қалай болғанын, не нәрсе қолданып жүргенін сұрап тұрады екен. Мен мұндайды "жұмысын ар-намыспен істейтін адам" деп айтар едім. Себебі баяғыда әуелде қас жұлдырып жүрген бір салонға барып, ол кісі жоқ болып басқа кісіге жұлдыра салғанмын. Басында норм сияқты еді, қызарғаны басылған соң, үйге келіп қарасам екі қасым екі құстың қанаты болып тұр ғой.🤨 Содан кейін "мастерлерді он рет сұрап, зерттеп бір рет бару керек екен" дегенмін. Так что, Нанопластика туралы толық ақпарат білгіңіз келсе, алдағы уақытта syrlasu.kz сайтына шығатын материалымызды жіберіп алмаңыз. Ал егер жасату туралы шешім қабылдап, менің атымнан барсаңыз жеңілдікпен жасап береді.
Мамам ғо, өзі жасында өте сұлуу болған соң "бетіңді құртып алма, шашыңды бүлдіріп алма, табиғи сұлулыққа не жетсін" дегенді көп айтады. Бірақ арасында одан сайын сұлу болғың кеп кететіні шындық қой ☺️
@vvvolosy_mechty бәрі үшін рақмет сізге көп-көп!
Read more
Loading...
Жалғасы Жұлдыз бір ауруханада жатқан Сəнімге келді.Сəнім қатты жарақат алған еді. Денесінің ...
Media Removed
Жалғасы Жұлдыз бір ауруханада жатқан Сəнімге келді.Сəнім қатты жарақат алған еді. Денесінің көп жері гипсте болды.Басына қатты зақым келген. -Сəнім,мені тыңдай аласың ба? Кешірім сұрауға келдім.Тергеушіге де бар шындықты айтпақпын.Сотталып кететін болармын.Сəрсен ауыр халде. ... Жалғасы
Жұлдыз бір ауруханада жатқан Сəнімге келді.Сəнім қатты жарақат алған еді. Денесінің көп жері гипсте болды.Басына қатты зақым келген.
-Сəнім,мені тыңдай аласың ба? Кешірім сұрауға келдім.Тергеушіге де бар шындықты айтпақпын.Сотталып кететін болармын.Сəрсен ауыр халде. Инфаркт алды.Осында жатыр. Мен саған зиян жасайын деген ештеңем жоқ. Мені түсіне алсаң, түсінерсің.. Кешіре алсаң, кешірерсің... Маған енді бұның маңызы жоқ. Менің тағдырым шешулі.Тек балаларымды ойлаймын. Ал сендер əлі бақытты бола аласыңдар.. Сəрсеннің тек аяғына тұрып кетуін тілеймін. Өзіңе де Аллам шипасын берсін,-деп Жұлдыз палатадан шығып кетті. Бір ауыз тілге келмей ,Сəнім үнсіз жата берді.Тек қасына келген қызына:
-Қызым,əкең жатыр осында, барып қалін сұрап кел..Жағдайы ауыр дейді.Бар! Қоштасып кел! Мен енді оны көре алмаспын. -деді əрең сөйлеп.
-Жақсы,барайын,-деп қызы əкесіне кетті. Жан-сақтау палатасында жатқан Сəрсен, қызы келгенде есін жиған болатын. Бірақ тілі байланған еді.
-Қалайсыз, əке?! Жазылып кетііңіз!-деп қасына жақындап еді,əкесінің көзінен жас ағып жатқанын көрді. Ақерке жасын нəзік қолдарымен сүртіп жіберді. Сəрсен бірдеңе айтқысы келді ме,ыңылдай бастады. Ақерке құлағын тосты.Сəрсен оған:"Кешір,Сəнім!
-деген еді.Ол Ақеркені Сəніммен шатастырған екен. Сол сөздерден кейін ол көз жұмды.Жаны жанталасып,кеудесінен шықпақ болып, ажал төніп келіп, алмақ болып жатқанда Сəрсеннің соңғы демі "Сəнім" деп шықты.Сəнім қайтқанын сезді. "Қош,сүйіктім!-деп күбірледі. Сəрсеннің жанары жұмылып бара жатты.Көз алдына қызыл көйлекті Сəнім келді.
Жұлдызды кешіріп,Сəнім істі сотқа жібертпеді. Сəрсенді арулап көміп,екі əйел екі жаққа тарасты.Садақаларын екеуі екі жақтан беріп, тек жылдық садақасында кездесіп,араласып кетті.
Бір еркекті сүйген екі əйел..
Ер азаматы үшін отқа да, суға да түсетін, жүрегін сурып беретін, ƏЙЕЛДЕР- жандарың мəңгі жасасын!💖
Соңы.
Ал жеттік соңына..😁Эфирге ертең шығамын кешке..
Read more
Алашорданың 100 жылдығына арнап «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысымен «ЕЛ» продюсерлік ...
Media Removed
Алашорданың 100 жылдығына арнап «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысымен «ЕЛ» продюсерлік орталығы түсірген «Алаш туы астында» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Алаш қайраткерлерінің ізімен Қазан, Уфа, Санкт-Петербург, Мәскеу, Семей қалаларында түсірілген фильмде ... Алашорданың 100 жылдығына арнап «Қазақфильм» киностудиясының тапсырысымен «ЕЛ» продюсерлік орталығы түсірген «Алаш туы астында» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Алаш қайраткерлерінің ізімен Қазан, Уфа, Санкт-Петербург, Мәскеу, Семей қалаларында түсірілген фильмде бұрын айтылмай келген тарихи фактілер сөз болады. Фильмнің режиссері Ерген Тоқмұрзин, сценарий авторы және әңгімелеушісі әріптесіміз - Болат Мүрсәлім.⠀

Кремль, Смольный, бұрынғы Ресей Думасы отырған Таврия сарайы сияқты Алаш қайраткерлері ұлттық мүддені қорғаған орындарда түсірілген фильм тек қана дәлелі нақты тарихи деректерден тұрады. Жалған мифтерден ада, ащы да болса Алашқа қатысты шындықтар айтылады. Тұсаукесер кезіндегі баспасөз мәслихатында академик Мәмбет Қойгелдиев бұл ұстанымға жоғары баға берді.⠀

МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ, тарихшы, ҚР ҰҒА академигі:⠀

– Біздің елімізде осы Алаш қозғалысы туралы ең алғашқы, концептуалды, басы бүтін осы алғашқы сауатты түсірілген фильм ғой деп ойлаймын. Мұндай фильмді өз басым осы уақытқа дейін көрген жоқпын.⠀

Ұлт-азаттық қозғалыстың қалыптасуынан сталиндік репрессияға дейінгі кезеңді көрсететін фильмде Тұрсын Жұртбай, Дина Аманжолова, Сұлтанхан Аққұлұлы сияқты ғалымдар бұрын айтылмай келген көп деректерді әңгімелейді. Әсіресе, Алашорданың саяси күресі жан-жақты талданады.⠀

АЙГҮЛ ІСІМАҚОВА, филология ғылымдарының докторы, профессор:⠀

– Алашорданы тура осылай жоқтауымыз керек. Алаш орда үкіметі бізге қазір не береді? Қазіргі біздің шекарамыз қай сағатта, қай жерде бекіді? Осыны бүкіл жалпы қазақ білуі керек.⠀

«Қазақфильм» киностудиясы фильмді алдағы уақытта еліміздің ірі қалаларында көрсетуді жоспарлап отырғанын айтты. «Егер фильмді телеарналар көрсеткісі келсе, мархабат» дейді киностудия.⠀

@melekche, Думан Сүлейменов⠀
#информбюро #жаңалықтар
Read more
Ассалаумағаликум ардақты бауырлар! Ұяла, ұяла мына бір жаңалықты айтуды ұйғардым... Иә, тілектестерімнің ...
Media Removed
Ассалаумағаликум ардақты бауырлар! Ұяла, ұяла мына бір жаңалықты айтуды ұйғардым... Иә, тілектестерімнің "қинауымен" медиамектеп аштым. Неге? -деген заңды сауал туады. Алдымен неге ұялғанымды айтайын Талай мықты бар, ертең телемектеп ашқанымды естіп сыртымнан сөз қыла ма дедім. ... Ассалаумағаликум ардақты бауырлар! Ұяла, ұяла мына бір жаңалықты айтуды ұйғардым... Иә, тілектестерімнің "қинауымен" медиамектеп аштым. Неге? -деген заңды сауал туады. Алдымен неге ұялғанымды айтайын😉 Талай мықты бар, ертең телемектеп ашқанымды естіп сыртымнан сөз қыла ма дедім. Сөзге қалудан қорқамын өйткені. Бірақ бастадым. "Сонша қорықсаң неге ашасың" деген заңды сауал туады. Мәселе мынада. Тележурналистикада жүргеніме 10 жылға таяпты. Өзіміз жаспыз, десе де жыл сайын қанша жасөскін тәжірибеден өтуге келеді. Бірі толыққанды оқуын оқыған, бірі курстарға қатысқан. Соларға қараймын да, "мына баланы не дұрыс оқытпаған, не бала өзі дұрыс оқымаған" деген ойға қаламын. Өйткені іске келгенде икемсіз. Тілшілікке жанып тұрған қыз-жігіттер келетінін ескерсек Мәселе оқытқандарда болып тұр. Ендеше жастар әрі-бері сабылмасын деп медиамектеп аштым әне. Бізден дәріс алғандар іске алғысыз болса бетіме айтарсыздар.😎 Біз не оқытамыз: мәтін жазуды үйретеміз, сюжеттер жасатамыз, тележүргізушілікке баулыймыз, суфлермен студияда жұмыс істетеміз. Заңгер журналистің құқықтарын оқытады, психологымыз оқушыны өзін экран алдында, ел ішінде еркін ұстауға үйретеді. Арнайы маман дауыс қойып береді. Және ең беделді баспасөз хатшылары келіп дәріс оқиды. 2 айда 30 сабақ өткізіп сертификатын ұстатып телевизия аламанына қосып жібереміз. Айтпақшы оқу топтық және жеке боп бөлінеді. Біз Астанадамыз @stand_up_mediaschool Қалған ақпараттың барлығын Марина есімді пысық қыз айтады. Тел.: +7(700)3073773; +77754103484; Ресми парақшамыз: @stand_up_mediaschool
Read more
...<span class="emoji emoji263a"></span>Пендеміз ғой. Мақтаса қуанып қаламыз. Бірақ жақында мақтау сөз туралы өте маңызды ақпарат ...
Media Removed
...Пендеміз ғой. Мақтаса қуанып қаламыз. Бірақ жақында мақтау сөз туралы өте маңызды ақпарат естідім. Мұсылмандар өзі туралы мақтау естігенде Алладан кешірім сұрау керек екен. Мен бір əріптесімді "сіз күшті адамсыз ғой" деп арқасынан қақсам "астафираллах" деді. Ойбай не болып қалды ... ...☺Пендеміз ғой. Мақтаса қуанып қаламыз. Бірақ жақында мақтау сөз туралы өте маңызды ақпарат естідім. Мұсылмандар өзі туралы мақтау естігенде Алладан кешірім сұрау керек екен. Мен бір əріптесімді "сіз күшті адамсыз ғой" деп арқасынан қақсам "астафираллах" деді. Ойбай не болып қалды демеймін бе.😌 Сөйтсем "менің мұндай мақтау естігенім күнə, сондақтан кешірім сұрап отырмын" деді. Демек мақтаған адамға да күнə болып жазылатын болып тұр ғой. Ол кісінің ИСЛАМ туралы білімі менен əлдеқайда тереңірек. Демек Құранда солай жазылған болар. Сондықтан өзім туралы мақтау естісем есіме түссе "астағфираллах" деп Алладан кешірім сұрап қоямын. Өйткені бұл əлемде күшті, мықты Бір Алла ғой.
Осы орайда аңыз боксшы Мұхаммед Əли есіме түседі.
💪💪💪Ол рингке шығарда "Я великий- мен ұлымын" дейтін болыпты. Жақында өзімше сараптап "оның Паркинсон, яғни қалтырап өзінің тəнін басқара алмайтын ауруға шалдыққаны да осы сөзінен шығар" деп ойланғанмын. Сөйтсем өзі бір сұхбатында тура осылай айтыпты. Мен "Мен өзімді ұлымын деп есептейтінмін, сөйтсем Алла өзінің Ұлы екенін көрсетті" деп. Ол Исламды қабылдағанын білесіздер.
..."Асылық сөйлеме" деген сөз бар қазақта. Дегенмен пендеміз ғой мақтауды кім ұнатпайды. Бірақ, бастысы қанша мақтау естісең де қарапайымдылықты жоғалтпасаң игілік болар.
Дегенмен біреуді мақтағанда жəне өзіңіз мақтау естігенде немесе өзіңіз жетістігіңізге көңіліңіз толып қуанғанда осы пост есте жүрсін.
...Бірақ адамның өзіне қажет барлық ИГІЛІККЕ ие болуына құқы бар. Яғни үлкен МАҚСАТТАРДАН ҚОРҚУҒА болмайды.
Пайғамбарымыз Мұхаммед( салауаллейху əссалам) "егер адам өзіне шын керек болса, үлкен тілек тілеуден, көп сұраудан қорықпасын. Ол Алладан сұрап тұр. Ендеше Аллаға оның тілеуін беру түк те емес" депті!
...Ендеше Алла бізге сұрауымызды береді. Тек оны Алланың бергенін ұмытып кетіп басымызға ТƏЖ киіп алсақ бəрін кері қайтып алады.
Осыны есте сақтайық!
#гүлназдыңжазбасы #тележүргізуші. #қазақшапсихология #алматы #астана #қазаққызы #өміртамашасүребілгенге
Read more
 #Repost @hamit_saparbaiuly ...Антарктида материгінде өмір сүретін тіршілік иелері Африкада ...
Media Removed
#Repost @hamit_saparbaiuly ...Антарктида материгінде өмір сүретін тіршілік иелері Африкада бір сағатта өмір сүре алмайды,ал Мадагаскар аралының тұрғындары Африкада еркін жүре алады, себебі табиғаты ұқсас.Әлем жаратылысы өте әділ, қателесуі мүмкін емес, бұл ғалам заңдылығы! ... #Repost @hamit_saparbaiuly
...Антарктида материгінде өмір сүретін тіршілік иелері Африкада бір сағатта өмір сүре алмайды,ал Мадагаскар аралының тұрғындары Африкада еркін жүре алады, себебі табиғаты ұқсас.Әлем жаратылысы өте әділ, қателесуі мүмкін емес, бұл ғалам заңдылығы! Сол заңдылықты бұзатын біздер-Адамдар!
Жолдас, Таныс, Дос - бір біріне мүлдем үйлеспейтін үш ұғымды біз шатастырып алғанбыз.
Жолдас - өмір жолында, ісің мен нәпақаңның жетегімен ұшрасатын жандар
Таныс - ол сені, сен оны танисың, әңгімеңде жарасуы мүмкін, мұңыңа да қуанышыңа да ортақтасуы мүмкін тек тілмен, ділмен емес. Бірақ бұл достық ауылынан алыс.
Дос - теңдесі жоқ ұлы сезім!Жоғарыдағы мысал сияқты адамдар да әртүрлі табиғат иелері,жан дүниесі мен тән дүниесі ортақ жандарды табиғат өзі дос қылып икемдейді,өткінші ахаха-сахахаңа ортақтасып тілмен ғана досым деушілер асылында өзін де дұрыс танымайтындар.
Мына жасампаздығымен жағымпаздығы қатар шапқан заманада жігіт адамға нағыз дос керек ақ.
Айтпақшы Еркек пен әйел тек неке арқылы ғана достаса алады, бұл шариғи ғылымда да, этика ғылымында да дәлелденген тұжырым! Қазіргі досым деп, құшақтасып,қағынып - құтырып жүрген жігіттермен қыздар өте көп,бір бірін дос деп ойлайтын.Бәрі сайтани сандалған сезімдер.Қазір келіспеулерің мүмкін. Келісесіздер! Бірақ қазір емес.
Достық - намыс пен жігер, тұрақтылық пен табандылық, адалдық пен шындықтың екі жүректе соғылып бір дүрсілмен шығуы.
Достық - ер адамның еркекше сезімі.
Достық - ақша, дүние, мансап сынды құнсыздықтардан пәк сезім!
Достық - ол сен!
Достық - ол мен!
Көрінгенді досым деп жалпақтағанның досы жоқ дейді базғылар.
Менің шын досым бар, бірақ өте аз,тіпті оданда аз! Мен оларды өзімнің екінші жаратылысымдай көремін!
Достық ол зор сезім ғой шіркін,егер ол шынайы болса.
Бұл жалғанда көп нәрсені жалған деп ,шыңғырған шындықтың жан айқайын естімей қалып жүрмейік...
😭😭😭😭😭😭😭😭😭
🤦🏻‍♀️🤦🏻‍♀️🤦🏻‍♀️🤦🏻‍♀️🤦🏻‍♀️🤦🏻‍♀️🤦🏻‍♀️
Read more
Loading...
Көбінесе пррблеманы өзіміз жасаймыз.. Айналамызда қаншама көршіміз болса да өзімізге жақпайтын ...
Media Removed
Көбінесе пррблеманы өзіміз жасаймыз.. Айналамызда қаншама көршіміз болса да өзімізге жақпайтын біреуіне тіреліп аламыз.. Көршілер туралы әңгіме бола қалса тура сол жаман көршіні ғана айтамыз.. Қаншама жақын жақсы қыздар болса да суқанымыз сүймейтін біреуімен араласып, қырыламыз ... Көбінесе пррблеманы өзіміз жасаймыз.. Айналамызда қаншама көршіміз болса да өзімізге жақпайтын біреуіне тіреліп аламыз.. Көршілер туралы әңгіме бола қалса тура сол жаман көршіні ғана айтамыз.. Қаншама жақын жақсы қыздар болса да суқанымыз сүймейтін біреуімен араласып, қырыламыз да жүреміз. Өзімізге қамқор болатын мықты жігіттер бола тұра сөзі көп, тірлігі ұсақ біреуге байланып басымызды ауыртып жүреміз.. Ұнамайтын адамнан алыстап үйреніңіз, жайсыз жерден кетіп қалыңыз, жақпайтын әңгімені тыңдамаңыз.. Бәрі өзіңізге байланысты, өмірді қиындатпаңыз! Шешім шығарып үйреніңіз! Адамды ауры қылатын жүйке (нерв)! Жүйкеңізді жей бермеңіз, ол жазылмайды! Дер кезінде тоқтаңыз! Ешқашан кеш емес! Шын ниетіңізбен шешім қабылдап тәуекел етсеңіз қорқып жүрген нәрсеңіздің түкке тұрмайтын уайым екенін түсінесіз... Қанша керемет адам болса да сізді қуанта алмаса қоштасып кетіңіз.. Қанша жақсы адам болса да өз пікірі болмаса, жұртқа жалтақтайтын болса сізді де жұрттың талқысына салып жібереді.. Қаншама табысты болса да сізді қуантуға талпынбаған адамға өзіңізді қор қылмаңыз..Адам өзгермейдІ! Болашағы жоқ қарым қатынастан аулақ болыңыз.. Энергияңызды жеп, иманыңызды әлсіретеді, жанарыңыздың нұры кетеді..Басыңызды бағалайтын, жаныңызды түсінетін жақсы адамдар өте көп.. Өмір бір-ақ рет беріледі.. Өмір бойы жүрегіңізді езе бермей қиын да болса тәуекел етіңіз..Уақытты уайыммен өткізе бермеңіз, қорықпаңыз! Жұрттың пікірі сізді бақытты қылмайды! Өз бақытыңызды өзіңіз ғана білесіз! Сізді жаңа өмір, керемет бақыт, қуанышты күндер күтіп тұр.. Қараңыз жан-жағыңызға.. Өмір тамаша! Бәріңізге бақыт тілеймін...❤️
Read more
(Соңына дейін оқысаңыздар) Құрметті менің оқырмандарым! Баршаңызды мұсылман қауымының сүйікті ...
Media Removed
(Соңына дейін оқысаңыздар) Құрметті менің оқырмандарым! Баршаңызды мұсылман қауымының сүйікті мейрамы Құрбан айт мерекесімен шын жүрегіммен құттықтаймын.. Иә, телефонымыз дайын құттықтауға, дайын картинаға толып жатыр.Біраз адам демалыс болғанына мәз. Біраз адам қуырдақ жеп ... (Соңына дейін оқысаңыздар) Құрметті менің оқырмандарым! Баршаңызды мұсылман қауымының сүйікті мейрамы Құрбан айт мерекесімен шын жүрегіммен құттықтаймын.. Иә, телефонымыз дайын құттықтауға, дайын картинаға толып жатыр.Біраз адам демалыс болғанына мәз. Біраз адам қуырдақ жеп мәз. Көбіміз мұсылмандық дегенді құрбан айтпен құттықтап, айттап үй аралау деп те жүрміз.
Кейде байқасам жап-жас қазақтың балалары көшеде былшылдатып түкіріп бара жатады.. Көліктің терезесінен шемішкеміз бен қағазымызды лақтыра саламыз.
Оқыған көзі ашық интеллегенттердің қоқысын оқымаған жұмысшылар жинап жүреді.. Бұл имандылыққа жата ма?! Мен қыз ұзату тойларына шығамын, қуаныш иесі мәз болып қалсын деп кей кезде инстаға салып қоямын.. Біреудің әлпештеген ақ қағаздай қызы ұзатылып бара жатқанына қарап жын ұратын жұрттар бар осында.. "Екіқабат сияқты ғой, байға тиіп алып неге жылайды, мына қызда ұят жоқ, сонша күлгені нес, кәрі ғой, семіз сиыр сияқты" деген сөздерді оқып жағамды ұстадым.. Бұл надандық па не сонда?! Біреудің титтей сәбиін көтерген сурет қойсам да сол..🤦🏻‍♀️ Періштені де жамандайтындар бар екен.! Сол адамдардың өз баласына жаман коммент жазсаң қалай болады?! Ешкім көрмейді деп фейктен тығылып коммент жазамыз, ешкім көрмейді деп сағыз жабыстырып кетеміз, қоқысты лақтыра саламыз, тіпті дәретxананың қағазын шелегіне салуға ерініп жерге тастап кетеміз.. Әжептеуір иманды деген жігіттер инстадан қыз іздеп xат жазып отырады. Ешкім көрмегенмен Алла көріп тұр ғой алтындарым..! Адам әділетсіз болғанымен Алла әділетті! Алланың тарапынан әділетсіздік болса қиямет қайым бааяғыда басталып кеткен болар еді! Титтей тастаған қағазыңды белі бүкірейген аналар мың иіліп жинайды! Әрбір қызға жазған жеккөрінішті пікіріңізді сол қыздың анасы жүрегі жылап отырып оқиды! Ертең сіздің де жүрегіңізді езетін біреу шығатынын ұмытпаңыз! Ертең сіздің де балаңызға біреу жек көріп қарайтынын біліп жұріңіз.. Мұсылмандық деген қойдың суреті бар дайын суретті лақтыру емес- көркем мінез, әдемі сөйлеу, мейірімді болу! "Мұсылмандық кімде жоқ, тілде бар да, ділде жоқ" (Абай) Алла біліп білмей жасаған күнәмізді кешірсін! Құрбан айт құтты болсын! Әдемі макияж @meruert_mua 💝 Бас киім @nur_shah_kazakhstan ❤️
Read more
Loading...
ТЕМЕКІНІ ТАСТАУДЫҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ<span class="emoji emoji2714"></span>️ Темекінің денсаулыққа зиян екені айтпаса да түсінікті. Тіпті, ...
Media Removed
ТЕМЕКІНІ ТАСТАУДЫҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ️ Темекінің денсаулыққа зиян екені айтпаса да түсінікті. Тіпті, орамасының өзінде адам денсаулығына аса қауіпті екені анық жазылған. Алайда, бір рет әуес болып үйреніп алған адамның аз уақытта бірден қоя алмай, зиян екенін сезсе де, тастай алмай қиналып ... ТЕМЕКІНІ ТАСТАУДЫҢ ОҢАЙ ЖОЛЫ✔️
Темекінің денсаулыққа зиян екені айтпаса да түсінікті. Тіпті, орамасының өзінде адам денсаулығына аса қауіпті екені анық жазылған. Алайда, бір рет әуес болып үйреніп алған адамның аз уақытта бірден қоя алмай, зиян екенін сезсе де, тастай алмай қиналып жүргенін жиі көріп жатамыз.
Сондықтан бүгін темекіні тастауға арналған аз-маз ғана бір-екі кеңес ұсынсақ дейміз.
🍃 БІРІНШІ айтар кеңесіміз, сіз одан бір-ақ күнде, біржола арыла алмайтыныңыз анық. Сондықтан асықпаңыз. Бірте-бірте, аз-аздан амал жасай отырып, белгілі нәтижеге жетуге болады. Алдымен, өзіңізге темекіні таң атқаннан кеш батқанға дейін қолыма алмаймын деп шарт қойыңыз.
🍃 ЕКІНШІ: темекінің маркасын ауыстырыңыз. Мейлінше исі мен дәмі ең жеңіл деген темекіні ғана тартыңыз және оның санын күннен-күнге азайтып отырыңыз. Мысалы, бүгін төртеу тартсаңыз, ертең үшеу, одан кейін екеу, т.т
🍃 ҮШІНШІ: қолыңыздағы темекілерді қайшымен қақ бөліп қырқып қойыңыз. Сонда әр тартқан сайын тек жартысын ғана тартасыз. Соның арқасында темекі тартуды ақырын-ақырын азайта бастайсыз.
🍃 ТӨРТІНШІ: темекіні іздей бастасаңыз, құрт секілді ащы дәмі бар тағамды алып, ұзақ уақыт бойы малтап жүріңіз. Спорт залдарына, жаттығу алаңдарына барыңыз. Денеңіз қызғанша жүгіріңіз, оны еске түсірмеудің бар амалын жасаңыз.
🍃 БЕСІНШІ: өзіңіз жегіңіз келген тағамның барлығын жеңіз. Жеміс-жидек жеуді көбейтіңіз. Бұл әлсіреудің алдын алады, әрі ойыңыз бөлінеді.
ТЕМЕКІНІ ТАСТАҒАННАН КЕЙІН:
20 минуттан соң сіздің жүрек соғысыңыз реттеледі;
8 сағаттан соң қаныңыздағы оттегінің 95 пайызы тазарады;
24 сағаттан соң инсульт, инфаркт ауруларының қаупі азаяды;
2 күннен кейін дәм мен иіс сезу қабілетіңіз қалыпты жағдайға көшеді;
3 күннен кейін тыныс алуыңыз жақсарады;
3 айдан соң өкпеңіз 30% артық (жақсы) жұмыс істейді;
15 жылдан соң жүрек пен қан қысымыңыз темекі тартпайтын адамның қан қысымы секілді қалыпты жағдайға түседі.
Иә, темекі сізбен бірге туылған, өмір бойы жаныңыздан қалмай қоятын дерт емес. Одан арылуға болады. Және «мен өмір бойы тартып келем, ештеңе болған жоқ қой», «менің өкпем онсыз да құрып біткен» демеңіз. Бұл істі қай кезде жасасаңыз да кеш емес!
#асыларна #жаманәдет #темекі
Read more
@kuantr мырзадан бір артықшылығым бар екеніне іштей масайрап жүретінмін. Ол - жасым. Әйтеуір, ...
Media Removed
@kuantr мырзадан бір артықшылығым бар екеніне іштей масайрап жүретінмін. Ол - жасым. Әйтеуір, бір жыл ерте туғаным абырой боп, "аға" дегеніне алданып жүргем. Енді оның өзін кеше артымнан мигать етіп, бипілдетіп келіп, менің қатарыма теңеліп алды) Қуаныштың ең басты плюсі - жанына ... @kuantr мырзадан бір артықшылығым бар екеніне іштей масайрап жүретінмін. Ол - жасым. Әйтеуір, бір жыл ерте туғаным абырой боп, "аға" дегеніне алданып жүргем. Енді оның өзін кеше артымнан мигать етіп, бипілдетіп келіп, менің қатарыма теңеліп алды)
Қуаныштың ең басты плюсі - жанына тыным бермейді. Ізденісті ерттеп мініп алған ба, жайдақ мініп алған ба, алдыңда озады да отырады. Біресе Роберт Чалдинидің жұмыстарымен ауырып, кітаптарын суға шылап, кәдімгідей "жейді". Кеше Садхгурудың дәрістерін тыңдап жүрсе, бүгін Алтайдың тау-тасын аралауға шыға салуы мүмкін, ертең не істерін бір Алла біледі.
Көрдіңіз ғой, өзін-өзі шаштан сүйреп, алға тартады да жүреді. Ұйқышыл ма, мә, саған - таңғы бесте ұйқыдан оянуға
дағдыланып алды. "Магия утра" кітабы бойынша. Жылдам сөйлей ме? Баяу ырғаққа баптанып қалды. Орысшасы нашар болған дейді. Ал қазіргі пушкиншесін Манн-Овечкиндердің өзі "ой, пәлі" деп мойындады. Бизнестен теория аздық етті ме? 600-дей іскерлік әдебиетті оқып тауыса салады. Қысқасы, мен 2013 жылдары Фэйсбукте Қуан-әл-Асаи деген псевдониммен білетін жігіт толық түлеп, қауырсынын қатайтып, шалғысын қайраған қаршыға боп шықты.
@kuantr - дн бір үлгі алсақ, осы жағы - өзімен жұмыс жасауы. Сіздердің де осындай өзін-өзі жанұшыра іздеп жүрген тынымсыз достарыңыз бар ма?
Read more
Жақыныңа өкпелі болсаң да,аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз.Өкпе,реніш,наз дегенді көңіліңнен ...
Media Removed
Жақыныңа өкпелі болсаң да,аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз.Өкпе,реніш,наз дегенді көңіліңнен өзің өшірмесең, ол ешуақытта бітпейді. Бүгінгі адам – ертең топырақ. Бір үйде қанша жан барсың, бәрің де бір-біріңе қонақсың. Сыйлассаң – тіріңде сыйлас, өлген соң жыласпа. * Қу тірліктің ... Жақыныңа өкпелі болсаң да,аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз.Өкпе,реніш,наз дегенді көңіліңнен өзің өшірмесең, ол ешуақытта бітпейді. Бүгінгі адам – ертең топырақ. Бір үйде қанша жан барсың, бәрің де бір-біріңе қонақсың. Сыйлассаң – тіріңде сыйлас, өлген соң жыласпа. * Қу тірліктің күйбеңімен уақыт зымырай береді. Ештеңе дәл бүгінгідей қайталанбайды. Әр уақыттың, адамның да қадіріне жете біл. Тірі адамда мүмкіндік көп. Иіске, сүй, құшақта, аяла, бауырыңа бас! Әр секундыңды қимастарыңа арна. Ешкім мәңгілік емес. Сондықтан мүмкіндік барда қимастарыңның ыстық құшағында еркеле. Алла адам баласына көп мүмкіндік, уақыт берді. Әр кездескенде: «Жоғалтып алам-ау», – деп бауырыңа бас. Шын ықыласыңды көрсет. Қоштасарда да: «Көріспей қалсам ше?» – деген оймен қимай қоштас. Сезіміңді білдір. Ол адамның саған қымбат екенін сездір. Сен өлгенше өштесіп жүрердей ол да шайтан емес. Не сен, не ол бірінші кетеді. Сол кезде өкінбейтін бол. * Қасыңда жүрген адамдарды бағалай біл. Ол туысқаның, жаныңдағы жарың, досың, сырласың, құрдасың болуы мүмкін. Мейлі, қайсысы болса да, ол адам бүгін бар, ертең де бар болуы мүмкін, ал арғы күні бар бола ма, жоқ па, белгісіз. Кейін ол сізден алыстап кетсе, саныңызды соғып қалмаңыз. Өмірде ештеңеге мәңгілік деп қарамаңыз. Ақшаға да. Ол сізде қазір бар болуы мүмкін, кейін жоқ болмасына кім кепіл? Тіпті мен де, мұны оқып отырған сіз де мәңгілік емеспіз. * Туысқаныңды, бауырыңды сағындың ба? Онда жай ғана хабарлас, ізде. Сағынып кеттім де. «Әке, апа, сіздерді қатты жақсы көремін», – деп күнде хабарлама жаз. Кейін кеш болып қалмау үшін сезімді уақытында айтып үйрену керек. * Ештеңе де маңызды емес: ақша, атақ, мансап, байлық, сұлулық, менмендік, көкіректік, көлік, қымбат телефон, қымбат киім, т.б. Тек қана сезім – ата-анаға, сүйген жарға, балаға, дос-құрдас, бауырға, туысқанға, басқа да өміріңіздегі жақын да жанашыр адамдарға деген сезім маңызды. Сезім – жақсы көру, сағыну, іздеу, ол үшін алаңдау, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, достық болып жалғасып кете береді. Сезімсіз өмір – бос өмір. Кейін бармағымызды тістеп қалмайық.
Read more
 #Repost @gibratty_angimeler ・・・ <span class="emoji emoji270f"></span>️Егер су ішіп жатқан торғайды көрсең шошытып алмауға тырыс. ...
Media Removed
#Repost @gibratty_angimeler ・・・ ️Егер су ішіп жатқан торғайды көрсең шошытып алмауға тырыс. Сол үшін Алладан сауап үміт ет. Мүмкін жүректер қорқыныштан алқымға тығылған Қиямет күні Алла сені сол күнгі үрейден сақтап қалар. Көшеде жолыңа шыққан итті қақпай, көлігіңді шетке бұрсаң, ... #Repost @gibratty_angimeler
・・・
✏️Егер су ішіп жатқан торғайды көрсең шошытып алмауға тырыс. Сол үшін Алладан сауап үміт ет. Мүмкін жүректер қорқыныштан алқымға тығылған Қиямет күні Алла сені сол күнгі үрейден сақтап қалар.
Көшеде жолыңа шыққан итті қақпай, көлігіңді шетке бұрсаң, Алладан сауабын үміт ет. Мүмкін Алла сені жаман өлімнен сақтар.
Тамақ қалдықтарын қоқысқа төгерде құстар жесін деген ниетпен жағдай жаса. Сосын Аллаһтан сауабын үміт ет. Мүмкін Алла саған ойламаған жерден ризық берер.
Тіпті, осы сөздерді таратқың келсе, жақсылық көбейсін деп ниет ет. Мүмкін Алла сені дүние мен ақырет қайғысынан сақтап қалар.
Жақсылықты аз да болса да жасап қалуға тырыс. Себебі қай жақсылығың Жәннатқа кіргізетінін білмейсің...
______________________________
#ҒӘ "Білгенге маржан" ⬇️Оқи жүріңіз бізді▶️ @GIBRATTY_ANGIMELER
Read more
Loading...
...Антарктида материгінде өмір сүретін тіршілік иелері Африкада бір сағатта өмір сүре алмайды,ал ...
Media Removed
...Антарктида материгінде өмір сүретін тіршілік иелері Африкада бір сағатта өмір сүре алмайды,ал Мадагаскар аралының тұрғындары Африкада еркін жүре алады, себебі табиғаты ұқсас.Әлем жаратылысы өте әділ, қателесуі мүмкін емес, бұл ғалам заңдылығы! Сол заңдылықты бұзатын біздер-Адамдар! ... ...Антарктида материгінде өмір сүретін тіршілік иелері Африкада бір сағатта өмір сүре алмайды,ал Мадагаскар аралының тұрғындары Африкада еркін жүре алады, себебі табиғаты ұқсас.Әлем жаратылысы өте әділ, қателесуі мүмкін емес, бұл ғалам заңдылығы! Сол заңдылықты бұзатын біздер-Адамдар!
Жолдас, Таныс, Дос - бір біріне мүлдем үйлеспейтін үш ұғымды біз шатастырып алғанбыз.
Жолдас - өмір жолында, ісің мен нәпақаңның жетегімен ұшрасатын жандар
Таныс - ол сені, сен оны танисың, әңгімеңде жарасуы мүмкін, мұңыңа да қуанышыңа да ортақтасуы мүмкін тек тілмен, ділмен емес. Бірақ бұл достық ауылынан алыс.
Дос - теңдесі жоқ ұлы сезім!Жоғарыдағы мысал сияқты адамдар да әртүрлі табиғат иелері,жан дүниесі мен тән дүниесі ортақ жандарды табиғат өзі дос қылып икемдейді,өткінші ахаха-сахахаңа ортақтасып тілмен ғана досым деушілер асылында өзін де дұрыс танымайтындар.
Мына жасампаздығымен жағымпаздығы қатар шапқан заманада жігіт адамға нағыз дос керек ақ.
Айтпақшы Еркек пен әйел тек неке арқылы ғана достаса алады, бұл шариғи ғылымда да, этика ғылымында да дәлелденген тұжырым! Қазіргі досым деп, құшақтасып,қағынып - құтырып жүрген жігіттермен қыздар өте көп,бір бірін дос деп ойлайтын.Бәрі сайтани сандалған сезімдер.Қазір келіспеулерің мүмкін. Келісесіздер! Бірақ қазір емес.
Достық - намыс пен жігер, тұрақтылық пен табандылық, адалдық пен шындықтың екі жүректе соғылып бір дүрсілмен шығуы.
Достық - ер адамның еркекше сезімі.
Достық - ақша, дүние, мансап сынды құнсыздықтардан пәк сезім!
Достық - ол сен!
Достық - ол мен!
Көрінгенді досым деп жалпақтағанның досы жоқ дейді базғылар.
Менің шын досым бар, бірақ өте аз,тіпті оданда аз! Мен оларды өзімнің екінші жаратылысымдай көремін!
Достық ол зор сезім ғой шіркін,егер ол шынайы болса.
Бұл жалғанда көп нәрсені жалған деп ,шыңғырған шындықтың жан айқайын естімей қалып жүрмейік.
Бұл менің жеке пікірім.
Сіз не ойлайсыз бұл жайлы?!
Read more
Сəлем бердік "Қазақ елі"-нің жақсылары мен жайсаңдары️🌞 Бүгінгі күнге баршаңызға сəрсенбілік сəттілік пен мол нəсіп тілеймін.Жорытқанда жолдарыңыз болсын.Жадыраған жаздың жаймашуақ күндерін бос өткізбейік.Табиғатқа шығайық, тау-таспен,ағаштармен сырласайық.Үйдің ... Сəлем бердік "Қазақ елі"-нің жақсылары мен жайсаңдары🙌😍😚🌹☀️🌞
Бүгінгі күнге баршаңызға сəрсенбілік сəттілік пен мол нəсіп тілеймін.Жорытқанда жолдарыңыз болсын.Жадыраған жаздың жаймашуақ күндерін бос өткізбейік.Табиғатқа шығайық, тау-таспен,ағаштармен сырласайық.Үйдің қыбыр-жыбыр тіршілігі бітпейді.Өмір өтіп барады.Сол кішкентай өмірді əдемі,есте қаларлықтай күндермен өткізейік.Ешкімге жаманшылық тілемейік.Ешкімді жамандамайық.Ешкімнің парақшасына барып негатив сөздер жазбайық.
Қазақ атамыз айтып кеткен:"Жақсы сөз-жарым ырыс!"-деп👌
Жақсы сөздер айтайық, тіпті жаман қылығын көріп отырсақ та үндемей өтіп кетейік!-деп таң атпай пəлсапа соғып қояйын😃
Жаңа Елефтің 3-ші капсуласын іштім екі стақан сумен.Бүгін ұйқым қанып, жақсы көңіл-күймен ояндым.Дəл қазір көңіл-күй, организм бəрі орнында.Жақсы сезініп тұрмын өзімді.Елефтің действиесі су көп ішкеннен пайда береді дейді.Кеше екі литр су мен 10-шақты кесе шəй іштім😃 Күйеубалам Бағдəулет :"түріңіз бозарып,біртүрлі болып тұрсыз!"-деген,жаңа айнаға қарасам, əлі де бозарып тұрғандаймын😃Көреміз енді не де болса."Жұрт мақтаған жігітті,қыз жақтаған!"-демекші, жұрт мақтап жатқасын, жұрттан қалмайық!"-тың амалы ғой😃
Чё там, Түрген сарқырамасына барамыз ба,достар?Бүгін решайттап тастайық соны.Күйеубалам парақшама қайта-қайта үңіліп қояды😃 Экскурсиямен заниматься етем деп ИП ашып алған ғой, соған мен де өзімше бір көмектеспекші боп сценарий құрып, өйстейік,өйтейік,бүйтейік!- деп идея тастағам.Соңы не болар екен, адам жинап бере алар ма екенмін?-деп ойлап қоям. Астанаға кетейін деп тұрып, күйеубалам үшін Алматыда қалып қойдым.Бизнесіне көмектесіп жіберейін деп өзімше.Əйтпесе,Астанама қазір ұшып кеткім келіп тұр Сұңғат Жомартовичімді қатты сағындым,қысып-қысып құшақтап, өзіме ұқсаған бүйрек бетінен шөлпілдетіп сүйіп алғым кеп тұр."Немере балаңнан тəтті!"- деген рас- ау🤔
Қой,көп көпіріп кеттім, күндеріңіз қуанышты сəттерге толы болсын алтын достарым мен ақұдайларым🙌😍😚☀️🌞🌹 @eco.ekskursiya_almaty/-күйеубалам Баганың парақшасы👌🙋‍♀️🙇‍♂️
04.07.2018.Сəрсенбі.
Read more
Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен ...
Media Removed
Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, ... Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатқан ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарын соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: — Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мәпелеп бағып қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?
Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтінді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп, алып жүремін. Дүниенін төрт бұрышын саған аралатам, таңғажайып тамашаларды өзің көретін боласың.
Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиғына батып кете барыпты.
Сосын екіншісіне бұрылып: — Ал, сен не айтасың,- депті. Екіншісі айтыпты: — Анашым, мен сені ел аралатып босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеп беремін, ішкенің алдыңда, ішпегенің артында болады. Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншісінің соңынан кете барыпты.
Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарқыншақ толы дауыспен былай депті: — Ал, сен мені қалай жарылқамақсың? Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты: — Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылығыңның шеті де шегі де жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен сенің маған жасаған жақсылықтарынның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.
Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: — Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.
Read more
Loading...
Көкшетау қаласы тұрғындарының қошеметі, қолдары талғанша соққан шапалақтары, бізге руxани байлық сыйлады. Кейбіреулер соның костюмі кімге керек деп жатады,әйтседе Қайрат концертінде көңілі түскен балаға ырымдап, ниет етіп береді.Сол костюмін алған баладан, сіз барып сұрап көріңізші, ... Көкшетау қаласы тұрғындарының қошеметі, қолдары талғанша соққан шапалақтары, бізге руxани байлық сыйлады. Кейбіреулер соның костюмі кімге керек деп жатады,әйтседе Қайрат концертінде көңілі түскен балаға ырымдап, ниет етіп береді.Сол костюмін алған баладан, сіз барып сұрап көріңізші, бізге бере салшы деп, ол костюмнен айрылмайтыны анық. Өйткені ол бала, өскен соң Қайрат ағамдай елдің азаматы боламын деп ниеттеніп жүреді және алға қойған мақсаты болады. Небір байлардың балалары менен талай рет сұрады, ең болмаса тура өзі таққан бір көзілдірігін беріңізші деп. Басында менде таң қалатынмын, бұл бала одан да қымбат көзілдіріктің түр-түрін жәй сатып-ақ ала салады ғой деп.Бір күні Қайратқа елдің бір мықты азаматы, үстіндегі шапанын шешіп жапты. Сол шапанды кимесекте ілулі тұрады, ешкімге бермейміз. Сол себепті мен қазір бұл жағдайды жақсы түсінемін. Осыдан шамамен 5 жыл бұрын шығар, қолындағы бриллиант тастарымен сол кездегі бағамен 5000$ дың сағатын титтей балаға тағып кетіпті. Оның себебін де айтып кетейін. Саxынада ән айтып тұрғанында бір кішкентай баланы күзетшілер жібермей тұрғанын Қайрат байқап қалып, күзетшілердің жіберуін сұрайды. Балаға қарап микрофонды беріп, ән салғың келді ма, айта ғой балапан десе, бала өксігін баса алмай: Қайрат аға, сен аман болшы депті. Қандай теңдесі жоқ жүректен, шын ниетпен айтылған сөз деп, ең қымбат заты қолындағы сағатын сыйға тартып кетіпті. Кейін анасы алғысын айтып парақшама жазыпты, қиналғанда сол сағатты сатамыз деп, ары ойлап, бері ойланып қайта сейфке салып қойдық. Мүмкін баламыз Қайраттай азамат болып, елінің нақ сүйер азаматы болар деп ырымдадық деп жазыпты. Берген затына қаншама сын айтылады, неге ақша бермейді деп, Қайрат көше сыпырушы көрсе де 1-2 мыңға не алады дейсіз деп,дұрыстап беріп кетуге тырысады. Бірақ ақшаны адам өзі үшін көрсетпей береді, оны тек бір Алла ғана көруі мүмкін. Сондықтан бір-бірімізден кір іздемей "Жақсы сөз, жарым ырыс" дегендей жақсы сөйлейік ағайын! Жұмада айтылған дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!😘✊️
Read more
Мен жаңадан студенттік кезге оралғандаймын. Қуаныш мырза @kuantr әрдайым айтады "Үйренуді үйреніңдер" ...
Media Removed
Мен жаңадан студенттік кезге оралғандаймын. Қуаныш мырза @kuantr әрдайым айтады "Үйренуді үйреніңдер" деп. Ал Қуаныш мырза, үйренудемін! ⠀ Неігіз, #Versus академиясында жұмыс істеп, #ЕкіншіБолмаОнлайнМарафоны'на қатысу #біртүрлі екен. Мойыныңа артылған жүк ауырлау сияқты ... Мен жаңадан студенттік кезге оралғандаймын. Қуаныш мырза @kuantr әрдайым айтады "Үйренуді үйреніңдер" деп. Ал Қуаныш мырза, үйренудемін! 😉

Неігіз, #Versus академиясында жұмыс істеп, #ЕкіншіБолмаОнлайнМарафоны'на қатысу #біртүрлі екен. Мойыныңа артылған жүк ауырлау сияқты ма..? 🤔 Әсіресе, әріптестерің саған үміт артқанда, тіпті барлығын беріліп жасауға ұмтыласың.

Бірінші рет өткізіліп жатқан марафонның алғашқы тапсырмасы ЖЕКЕ ТИІМДІЛІКке арналды. Интуитивті түрде жүзеге асырып жүргенімді, бүгін жаңа теxнологияларды қолдану арқылы уақытты үнемдеу тәсілдерімен, мақсаттарың мен негізгі атрақатын жұмыстарыңның тізімін жасауға қажетті қосымшалармен таныстым.

Бастысын ұмытып барамын. Ең біріншіден 50 істің тізімін жазу керек деді. Сөйтіп, бір сағаттың ішінде менде 57 пункт шықты. Ол істер шұғыл, яғни тез аяқталатын, жәй бітетін, масштабты және қайталанатын болды. Сондықтан мен төрт түсті түрлі қалам алып, әр істің орындалуына қарай оларды топқа бөліп шықтым. Мысалы: Nissan Juke көлігін сатып алу-масштабты істерге жатса (қызыл түсті қаламмен), күн сайын кем дегенде 10.000 қадам жасау - ол күнделікті қайталанатын істердің қатарында (көк қаламмен). Енді осы 57 ісімді (мақсатымды) мен сториске салған видоларымда толыққанды ақпарат берген #Evernote бағдарламасына жүктедім. Шұғыл дегендерін, "ыстық картоп" принципі бойынша бүгін жасап тастадым. Мысалы, аулада жүгіру, ағылшынша 5 сөз, түрікше 5 сөз жаттау, кітап оқу және медитация (таңертең).

Енді, “Evernote”қосамшасын пайдалануды әдетке айналдыруды жөн көрдім. 😉 Әйтпесе, күнделікті істерімді жаза берсем, "Меломан" дүкені маған блокнот сатып-ақ товарооборотын шығарып алатын сияқты ғой. 🙈😂
Аталмыш қосымшаны жүктеу, онымен жұмыс жасау туралы #Google'дан мақалалар оқып, #Youtube’тан видео қарап, үйрендім. Барлығы сториларымда бар. Көрмесеңіз, қарап алыңыз, пайдалы! ☝🏻

🔹 #ЕкіншіБолмаМарафон бүгін мені уақытты тиімді пайдалануға, "уақыт жоқ" демей, керек болған соң тапсырма бойынша 13 емес, 24 сторис түсіруге болатынын, істер, мақсаттар тізімін жадыңда сақтамай, қағазға көшіріп, миыңа демалуға мүмкіндік беруге болатынын үйретті.

Бұл бастамасы ғана, мен әлі 9 күн бойы марафон, ЖАЛҒАСЫ ПІКІРДЕ 👇🏻
Read more
Иxууу Менің алғашқы атаулы байқауым ашық деп жариялаймын🤗 @zhanerkeden_keremet_syilyktar Әр байқауымыздан керемет сыйлықтарға ие болған жандардың қуанышы бізге күш-қуат сыйлайды Сол үшін тоқтағымыз келмейді, тек алға ұмтыламыз Менің байқауымның 100% әділдігіне ... Иxууу💐
Менің алғашқы атаулы байқауым ашық деп жариялаймын🎉💣🤗
@zhanerkeden_keremet_syilyktar🎁
Әр байқауымыздан керемет сыйлықтарға ие болған жандардың қуанышы бізге күш-қуат сыйлайды💪
Сол үшін тоқтағымыз келмейді, тек алға ұмтыламыз🙌
Менің байқауымның 100% әділдігіне талай мәрте көз жеткіздіңіздер деп ойлаймын💎
Ал, ендеше, еш ойланбай, бағыңды сынап көр✊
Көп күтпейсіз😇
Ертең түнгі сағат 22.00-де тікелей эфирде алғашқы 5 сыйлық өз иесін табады🎁🎁🎁🎁🎁
Сыйлықтар 4 күн бойы ойнатылады☝️

Бас жүлдемiз - ДУБАЙҒА жолдама 🌴🌴
Бара алмаған жағдайда ақшалай алсаңыз болады 💵

Сонымен катар 😍
🎁10 бьюти бокс;
🎁3 AirPods;
🎁1 Pandora бiлезiгi;
🎁3 Сумочка; 🎁1 сәнді, бағалы пальто;
🎁1 жылы парка;
🎁Күнделікті ақшалай ұтыстар;

Байқауга қатысу шарттары‼️‼️‼️
[email protected]_keremet_syilyktar парақшасына тiркеліңіз;
[email protected]_keremet_syilyktar парақшасындағы барлық демеушiлерге жазылу керек;
3.Сол парақшадағы сiлтемеге кiрiп, анкета толтырыңыз;
4.Осы видео астына «Қатысамын» деген комментарий қалдыру қажет‼️
___
Бар болғаны - осы ғана😱😍🤗
Ал, сәттілік❤️
Қатты қалаған жан ұтатынына сенімдімін🙏🏻
___
@zhanerkeden_keremet_syilyktar
@zhanerkeden_keremet_syilyktar
@zhanerkeden_keremet_syilyktar
@zhanerkeden_keremet_syilyktar
Read more
Loading...
Шәкәрім атамыздан 1. Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез ...
Media Removed
Шәкәрім атамыздан 1. Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған Аллаға мақтау айт. [ШҮКІРЛІК] 2. Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың ... Шәкәрім атамыздан

1. Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған Аллаға мақтау айт. [ШҮКІРЛІК]
2. Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың зияны секілді, сырды сақтай алмайтын адамның пайдасы кем. [АМАНАТШЫЛДЫҚ]
3. Егер əр адам қасындағы кісінің жүрегіндегін көре алса, оған жаны қатты ашитын еді. Ішкі таразының əділдігіне көзі жетер еді. Сыртқы өлшемдердің алдамшы екенін терең түсінер еді. Іштарлық, қызғаныш, көрсеқызарлыққа ұрынбас еді (Мұстафа Махмуд). [ТЕРЕҢ ТҮСІНІК]
4. Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын. [ТЕРЕҢ ТҮСІНІК]
5. Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаң да сені қате түсінетін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңді құр шаршатпағаның дұрыс. Дана ғұламаларымыздың бірі өзін сөккен кісіге былай деген екен: “Егер айтқаның рас болса, Алла мені кешірсін. Ал, өтірікші болсаң, Алла сені кешірсін”. [БАЙСАЛДЫЛЫҚ]
6. “Маған кейде бір адам бір мəселе жайлы айтады. Мен оны ол тумастан бұрын естіп қойсам да оған құлақ саламын. Кейде, бірінші рет естіп тұрғандай күй көрсетемін”. (Имам Шәфиғи) Өзің онсыз да жақсы білетін нəрсе жайлы біреу əңгімелеп жатса, оның сөзін бөлмей, білетініңді білдіріп жүрегін жараламай, көңіл бөліп, құлақ салуың мінез-құлықтың аса көркемдігіне жатады. [КӨРКЕМДІК]
7. Адамдар саған таңқалып жатса, оған масаттанып мақтанба. Себебі, олар сенің Алла жарыққа шығарған жақсы жақтарыңды ғана көріп жатыр. Ал, олар сенің Алла жасырған жаман жақтарыңнан хабарсыз болғанына шүкір де. [АЛЛА КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖАСЫРУШЫ]
8. Егер сөз шынымен жүректен шыққан болса, онда ол міндетті түрде жүрекке кіреді. Ал, ол тек тілден шыққан болса, құлақтан ары аспайды. [ШЫНШЫЛДЫҚ]
9. Дұрыс нəрсені тез танып, жүрекпен түсініп, шынайы жанашырлықпен айтпасаң, ісің бекер. [МЕЙІРБАНДЫҚ]
10. Жалғасы ⤵⤵⤵⤵
Read more
Шәкәрім атамыздан 1. Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез ...
Media Removed
Шәкәрім атамыздан 1. Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған Аллаға мақтау айт. [ШҮКІРЛІК] 2. Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың ... Шәкәрім атамыздан

1. Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған Аллаға мақтау айт. [ШҮКІРЛІК]
2. Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың зияны секілді, сырды сақтай алмайтын адамның пайдасы кем. [АМАНАТШЫЛДЫҚ]
3. Егер əр адам қасындағы кісінің жүрегіндегін көре алса, оған жаны қатты ашитын еді. Ішкі таразының əділдігіне көзі жетер еді. Сыртқы өлшемдердің алдамшы екенін терең түсінер еді. Іштарлық, қызғаныш, көрсеқызарлыққа ұрынбас еді (Мұстафа Махмуд). [ТЕРЕҢ ТҮСІНІК]
4. Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын. [ТЕРЕҢ ТҮСІНІК]

5. Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаң да сені қате түсінетін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңді құр шаршатпағаның дұрыс. Дана ғұламаларымыздың бірі өзін сөккен кісіге былай деген екен: “Егер айтқаның рас болса, Алла мені кешірсін. Ал, өтірікші болсаң, Алла сені кешірсін”. [БАЙСАЛДЫЛЫҚ]
6. “Маған кейде бір адам бір мəселе жайлы айтады. Мен оны ол тумастан бұрын естіп қойсам да оған құлақ саламын. Кейде, бірінші рет естіп тұрғандай күй көрсетемін”. (Имам Шәфиғи) Өзің онсыз да жақсы білетін нəрсе жайлы біреу əңгімелеп жатса, оның сөзін бөлмей, білетініңді білдіріп жүрегін жараламай, көңіл бөліп, құлақ салуың мінез-құлықтың аса көркемдігіне жатады. [КӨРКЕМДІК]
7. Адамдар саған таңқалып жатса, оған масаттанып мақтанба. Себебі, олар сенің Алла жарыққа шығарған жақсы жақтарыңды ғана көріп жатыр. Ал, олар сенің Алла жасырған жаман жақтарыңнан хабарсыз болғанына шүкір де. [АЛЛА КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖАСЫРУШЫ]
8. Егер сөз шынымен жүректен шыққан болса, онда ол міндетті түрде жүрекке кіреді. Ал, ол тек тілден шыққан болса, құлақтан ары аспайды. [ШЫНШЫЛДЫҚ]
9. Дұрыс нəрсені тез танып, жүрекпен түсініп, шынайы жанашырлықпен айтпасаң, ісің бекер. [МЕЙІРБАНДЫҚ]
Read more
Қайырлы күн достар!Қиналған кезде жәй ғана үнсіз, тыныш отырып есеп беріп көрші өзіңе... Не істеп ...
Media Removed
Қайырлы күн достар!Қиналған кезде жәй ғана үнсіз, тыныш отырып есеп беріп көрші өзіңе... Не істеп жүрсің? Не жағдай жаныңа ауырлық әкелді? Қай әркетің шаршадың? Қайсы досыңнан шаршадың! Кінәлі болмай ақталып әлек болып жүрсің бе? Әлде бәрі жақсы екенін ұғына алмай жүрсің бе? Бақыт іздеп ... Қайырлы күн достар!Қиналған кезде жәй ғана үнсіз, тыныш отырып есеп беріп көрші өзіңе... Не істеп жүрсің? Не жағдай жаныңа ауырлық әкелді? Қай әркетің шаршадың? Қайсы досыңнан шаршадың! Кінәлі болмай ақталып әлек болып жүрсің бе? Әлде бәрі жақсы екенін ұғына алмай жүрсің бе? Бақыт іздеп шаршасаң, тұра қал да бір дем ал! Амансың ғой! Тірісің! Көп пенденің бірісің! Жеті мүшеу сау тұр ма! Міне байсың ірісің! Көтер басты, тік қара! Бақытсыз жанның кебін киіп, мынау не көкем жүрісің! Сен бола алмай жүр әне талай жандар күйзеліп! Саған ұқсап бағып жүр, өзінше бір күйге еніп.. Бағаңды білмей жүрмеші, бақытты күнді сезінбей... Дұрыс деп бұны айтпаймын, қателік осы жүрісің! Көтер де басты қадам бас! Сен еліңнің қызысың! Демал да әрі екпінде! Сен қазақтың ұлысың! Шабыт келгенде жазыппын ғой алдында.... Бақытты болуға бәріміздің құқығымыз бар! Бақыт кейде адамның өз қолында секілді... Аллаға шексіз маxаббат бақыттың кілті деп есептеймін! Бәрін беруші Алла! Алладан жақсылық сұраушы пендеміз! Жайған алақанымызды Алла құр қайтармағай! Аумин❤️😍! #Аллажарболсын #айнураскаркызы
Read more
Бір күні мені @mayratolepbergen сұxбатқа шақырды... 1 сағат ерте-ақ шыққанмын, сағат 20.00 де ...
Media Removed
Бір күні мені @mayratolepbergen сұxбатқа шақырды... 1 сағат ерте-ақ шыққанмын, сағат 20.00 де сол жерде отыруым керек.. Шықсам пробка! Көліктер тіреліп тұр енді.. Қаным басыма шапшыды.. Қырсыққанда бір светофор істемей қалған... Содан миыма бір ақылды ой сарт етe қалды.. "Мен ашуланғаннан ... Бір күні мені @mayratolepbergen сұxбатқа шақырды... 1 сағат ерте-ақ шыққанмын, сағат 20.00 де сол жерде отыруым керек.. Шықсам пробка! 😡 Көліктер тіреліп тұр енді.. Қаным басыма шапшыды.. Қырсыққанда бір светофор істемей қалған... Содан миыма бір ақылды ой сарт етe қалды.. "Мен ашуланғаннан не өзгереді?! Неге өз-өзімді жеп отырмын?! Шопырдың кінәсі не?! Бәрібір түк шықпайды, одан да сабыр сақтайын" деп көзімді жұмып (аузымды да жауып 😅) тыныш отыра қалдым... Сөйтіп 20.10 да келдім, ешкім ренжіп отырған жоқ, бәрі дұрыс басталды..! Айтайын дегенім адам баласы ашуланған сайын, ренжіген сайын, өкпелеген сайын, ұрысқан сайын қырсық айналдыра береді.. Тіпті үйде нан біткенде пияз да, қант та, сабын да бәрі де бірден таусылып жүйкеңді жұқартып жіберетіні рас қой..?! Яғни кез келген жағдайда біз үндемеу арқылы, ашуды ішке жұту арқылы, негативті игнорға жіберу арқылы өзімізге сәттілік шақырамыз... Көзім 100% жеткен нәрсе сабыр сақтаған сайын жақсылықтар көбейе береді екен... "Сабырлы жетер мұратқа" дегеніміз сол! Біреу ренжіте ме, үндемеңіз! Біреудің сіз туралы ғайбатын естідіңіз бе, үндемеңіз! Енеңіз жақтырмай ма, үндемеңіз! Барлық негативке жымиып жауап беріп үйреніңізші.. Қатты ашуланып келе жатқанда "маған болмайды" деп іштей қайталай беріңіз... Сонда бәрін жеңесіз! Көп ұзамай бәрі сіздің алдыңызда иіле бастайды..! Миыңызды тыныш ұстап үйренсеңіз қалаған нәрсеңіз өзінен-өзі орындала береді екен...☝🏽Жұмадағы дұғаларыңыз қабыл болсын..! 🙏🏽
Read more
"Өлместі құдай жаратпайды, сынбасты, тозбасты ұста соқпайды" деген қазағымның сөзі бар... Өткен ...
Media Removed
"Өлместі құдай жаратпайды, сынбасты, тозбасты ұста соқпайды" деген қазағымның сөзі бар... Өткен жыл біз үшін, мен үшін ауыр соқты! Сүйікті бауырымыздан айырылдық! Тағдырдың жазғанына қалай көнбейсін, көнбеуге амал бар ма?! Əсіресе ең жақындарына ауыр болды. Қайтесін енді алланың ... "Өлместі құдай жаратпайды, сынбасты, тозбасты ұста соқпайды" деген қазағымның сөзі бар... Өткен жыл біз үшін, мен үшін ауыр соқты! Сүйікті бауырымыздан айырылдық! Тағдырдың жазғанына қалай көнбейсін, көнбеуге амал бар ма?! Əсіресе ең жақындарына ауыр болды. Қайтесін енді алланың жазуы сол... Ал енді бізде қалған амал тек есте сақтау, дұға, құран бағыштау! Бауырым жатқан жерін жарық болсын! Топырағын торқа болсын! Аллам қабыр азабынан сақтап, амал дəптерінді оң жағынан келтірсін! Жаның жəнатта болсын!!! Қайтқан адамның артынан жақсы нəрселер айту керек деген бар, сенің артынан бауырым, бөлем жақсы сөзден басқа түк те айта алмайсын! Тіпті жамандағын келсе де, жамандығын жоқ еді! Ақкөңіл, сыпайы, бауырмал, өмірі еңсенді биік ұстап жүретінсін!!! Оған қоса қылжақбас! Қалжындамай жүретін күндерін болған емес шығар сірə... Студент кезімізде бірге тұрғанда, еркелеп түннің ортасында Сандуғаш шəй ішейікші дейтін едін ғой, мен қойшы түннін ішінде қандай шай деп, ерініп қалатын кезімде "Атынды сат, тонынды сат! Жатар кезде тойып жат!", - деп күлімсіреп, ойнап көндіріп алатынсын!!! Сағындық сені бауырым!!! Бəріміз де сағындық!!! Амал қанша енді тек сен үшін о дүниенің жақсылығын тілеумен қалдық! Бір уағыз тыңдағанымда естуім бойынша, бір жерде жиналып бірнеше кісі марқұмның атына құран бағыштаса, періштелер аллаға соны жеткізеді екен! Біздің де дұғаларымыз періштенің құлағына шалынып, аллаға жеткізілсін!!! Жаның жəнатта болсын бауырым!!! ҚАЙТАРУ?! ҚАЙТАРУ МҮМКІН ЕМЕС! БІРАҚ ЕСТЕ САҚТАУҒА БІЗ МІНДЕТТІМІЗ!!!
Read more
(жалғасы. Басы алдыңғы потода<span class="emoji emoji1f60a"></span>) <span class="emoji emoji1f4cd"></span>САЯСИТО ІЛТИПАТИЗММО. САЯСИ ІЛТИПАТ ДЕГЕН НЕ? Қуанышы бар ...
Media Removed
(жалғасы. Басы алдыңғы потода) САЯСИТО ІЛТИПАТИЗММО. САЯСИ ІЛТИПАТ ДЕГЕН НЕ? Қуанышы бар адамға «ақшалай құтты болсынды» қолына тапсырып жатсыз. Ол болса, «Әйй мұның не?», «Өйй бекер әуре болдың ғо», деп жатса ол енді өзіміздің сол баяғы бала кезден бірге өскен саяси ілтипатымыз ... (жалғасы. Басы алдыңғы потода😊)
📍САЯСИТО ІЛТИПАТИЗММО. САЯСИ ІЛТИПАТ ДЕГЕН НЕ?
Қуанышы бар адамға «ақшалай құтты болсынды» қолына тапсырып жатсыз. Ол болса, «Әйй мұның не?», «Өйй бекер әуре болдың ғо», деп жатса ол енді өзіміздің сол баяғы бала кезден бірге өскен саяси ілтипатымыз ғой.))) Кейде бір дастарханда басқосқан соң, тұрып, тарайтын кезде «Жоға, бұның бекер болды-ей, счетті өзім-ақ төлейтін едім ғо» деп ауының ышқырын жөндеп, аздап абдырап жататын адамдар да болады.)) Бұл да осы саясито ілтипатизм. Сосын счет төлейтін кезде өтірік мас боп қалатындар бар. Олардыкы саяси ілтипат емес, саяси ізет емес, саяси сүмелектік. Қызбен кездескенде қарның ашып тұрса да, қалтаңды ойлайсың. Бойжеткенге бәрін әперіп, өзің жемей «тойып шығып едім» деп, тоба әрекетке баруыңыз да саяси әдемі, тіпті тәтті өтірік. 📍САЯСАТТЫҢ БЕТІҢІЗДЕН БАЙҚАЛАР БЕДЕР-ӨРНЕКТЕРІ
Жалған намыс. Сіздің өтірік күлгеніңізге ұқсайды. Бірақ, оны сіз байқамайсыз, білмейсіз. Жаме вю ғой қысқасы. Білетін адамға сүйкімсіз көрініс екені белгілі. Езудің еріне тартылғаны, жымиыстың жымысқы болуы - саясаттың беттегі байқалар өрнегін дұрыстап келтірмегеннен. Немесе әдейі келтіргеннен. Ашуланған кезде қабақтың түксиіп тұруы да, сізге қонар бақтың сізге сөйлей алмай үркіп кетуіне себепкер бола алады. Өйткені, ашудың ажарға түскен өрнектері нұрыңды қашырып тұрады. Түрің келіспей, түсің қашып тұрса кім саған жақындар. Негізінде, намысыңның найзасын дұрыстап қайрамасаң, найзағайға айналуы мүмкін. Асыра сілтеп алу арқылы «аспанды» екіге бөліп алмаңыз. Намыс пен саясатты бір бүтін басқарайық. Ашуды ақылға жеңдіргенге не жетсін. Салқынқанды болыңыз, саяси шешім қабылдаңыз. Бірақ, шіли енді саясиланып кетпеңіз. Бір нәзіктік болсыншы, бір шын жүректілік екеуі.
#абаданныңайтарыбар #айтқымкелгендіжазғымкелді #жанжағымай #байысақазақбайысын
Read more
Мекке мен Мединадан кейінгі бар әлемнің мұсылмандары үшін қасиетті үш мешіттің бірі болып табылатын ...
Media Removed
Мекке мен Мединадан кейінгі бар әлемнің мұсылмандары үшін қасиетті үш мешіттің бірі болып табылатын Эль-Масджид әл-Ақса мешіті. Миғраж түнінде пайғамбарымыз хазіреті Мұха­ммед (с.ғ.с.) Меккедегі әл-Харам меші­ті­нен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады. ... Мекке мен Мединадан кейінгі бар әлемнің мұсылмандары үшін қасиетті үш мешіттің бірі болып табылатын Эль-Масджид әл-Ақса мешіті.
Миғраж түнінде пайғамбарымыз хазіреті Мұха­ммед (с.ғ.с.) Меккедегі әл-Харам меші­ті­нен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады. (Түнгі сапар арабтарда “исра” деп аталады). Одан Миғражға, яғни жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пай­ғам­барлармен кездесті, үнемі құлшылықта жүре­тін періштелермен жолықты. Құдіретті Жа­ратушымыздың түрлі белгі-аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді.
Аяттағы әл-Харам мешіті деп Мекке қаласы түсініледі. Әл-Ақса мешіті кезінде Мұса (ғ.с.) мен Иса (ғ.с.) және ол екеуінің арасында өткен пайғам­бар­лардың (ғ.с.) құбыласы болған. Пайғамбары­мыз (с.ғ.с.) да Меккедегі әл-Харам мешіті құ­была болғанға дейін Ысқақ пен Яқуб (ғ.с.) екеуі салған әл-Ақса мешітіне қарап намаз оқыған. Бұған қажылық сапарына барған бауырларымыз Мединедегі әл-Қибләтәйн (қос құбылалы) мешітінде болғандарында көздері жетеді. “Ақса” «ұзақ, алыс, бір шеттегі» деген мағынаны біл­діре­ді. Ол мешіт Меккеге қарағанда алыс, шеттегі ғибадатхана болғандықтан, “әл-Ақса” деп аттанып кеткен.
Әл-Ақса мешітін Алла тағала бере­ке­лі мекен еткен. Ол туралы аятта: “төңі­ре­гі тұнған береке-байлық”, – делінді. Расында да, ол мекен мүбәрак етілгендігінен Алла тағала топырағын өте құнарлы, егіндерінің өнімін мол, ауа райын ғажап, суларын мөлдір әрі шипалы еткен. Сондай-ақ осы өлкеден көп пайғам­барлар шыққан. Бұл дәл осы жер! ☝️
Read more
 #наурыз #улысонболсын #акмолболсын #мейрам #мереке #22наурызмейрамы #наурызкуттыболсын<span class="emoji emoji1f337"></span> #азнаурыз #жанакун #улыстынулыкуни ...
Media Removed
#наурыз #улысонболсын #акмолболсын #мейрам #мереке #22наурызмейрамы #наурызкуттыболсын #азнаурыз #жанакун #улыстынулыкуни Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, ... #наурыз #улысонболсын
#акмолболсын #мейрам #мереке #22наурызмейрамы #наурызкуттыболсын🌷 #азнаурыз #жанакун #улыстынулыкуни Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз - Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!
22 наурыз мерекесі құтты болсын! Ата, асқар таудай ақылшым, бұл күні берген ақ батаң қабыл болсын! Немере-шөберелеріңнің қызығын көріп, көпті көрген тағылымыңмен бала-шағаның бағдаршамы болып жүре бер! Төрт түлігің ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын! Әже, тәлім-тәрбиенің көмбесі, өнегең мен тәлімің түгесілмесін!Наурыз мерекесі саған дүниенің бар жақсылығын әкелсін! Әке, Ұлыстың ұлы күні 22 наурызсаған көктем күнінің күшін әкелсін! Шаңырақтың сүйеуі, отбасының тірегі болған сүйікті әкем, саялы бәйтеректей алақаныңнан жылу кетпесін! Ана, 22 наурызда шаңырағымызға береке, ырыс кірсін! Әз Наурыз әлемді тербеткен ақ жүрегіңе қуаныш пен шаттық сыйласын! Бала-шағаңның қызығын көруге жазсын! Бауырым , тай құлындай тебісіп бірге өскен ардақты жан, 22 наурыз күні арманың орындалып, көктем саған бар жақсылығын әкелсін! Отбасының еркесі, жанарымыздың нұры, ата-ананың ақ үмітін ақтап, өмірден өз орныңды тапқайсың! Досым, ыстық-суықты бірге көрген жанымның бөлшегі, саған көктем күнінің шуағын тілеймін! Келесі 22 наурызда да бір-бірімізге ыстық тілектер айтып отыруға жазсын! Әріптесім, 22 наурыз құтты болсын! Жеке өміріңе бақыт, жұмысыңа шығармашылық шарықтау тілеймін! Көк Тәңірі нұрыңды аяма, Жер тәңірі ырысыңды аяма! Әділ жанды тағынан тайдырма, Әз халықты бағынан айырма. Басыма бас қос, Жасыма жас қос, Асыма ас қос! Аяулы халқым, қыстан аман-есен шығып, наурыз мерекесін үлкен қуанышпен тойлап жатқан жалпақ жұрт, 22 наурыз мерекесі баршаңа жаңа бақытты өмір әкелсін! Ақ таңыңыз күлімдеп ата берсін, Қариялар кемсеңдеп бата берсін. Наурыз мерекесі күлімдеп кеп, Ұлыстың ұлы күні бақ әкелсін! Жылыстап жеткен Жаңа Жылымыз - төл мерекеміз 22 наурыз арда халықтың басына бақ құсын қондырсын! Молшылық, бақыт, береке, бірлік, бейбіт өмір тілейміз!
Read more
Қымбаттап жатқан доллар, қымбаттап жатқан азық-түлік, түкке жетпейтін айлық, құрып кеткір кредит, ...
Media Removed
Қымбаттап жатқан доллар, қымбаттап жатқан азық-түлік, түкке жетпейтін айлық, құрып кеткір кредит, бітпейтін ипотекадан шаршаған xалық сетевой бизнеске ағылып келіп жатыр.. Бірақ кіргендерден жұмыс жасай алмай жатқандар көп, себебі наставник әлсіз немесе сауатсыз! Командасын ... Қымбаттап жатқан доллар, қымбаттап жатқан азық-түлік, түкке жетпейтін айлық, құрып кеткір кредит, бітпейтін ипотекадан шаршаған xалық сетевой бизнеске ағылып келіп жатыр.. Бірақ кіргендерден жұмыс жасай алмай жатқандар көп, себебі наставник әлсіз немесе сауатсыз! Командасын жетектей алмайды! Кейбір жалқаулар кіріп алып "маған адам жинап берсеңіз" деп дайын асқа тік қасық болғысы да келеді.. Жоқ! Жұмыс оңай емес! Миллион айлық пен тегін Мерседесті тарата береді десеңіз қателесесіз.. Тынбай еңбек етесіз, сөйлейсіз, оқисыз! Бірақ сетевой маркетингті жасай алмайтын адам жоқ, тек жалқаумыз! Ақтөбеде отырған қарапайым @juldiz_kazichan жасаған жұмысты сіз де жасай аласыз. Сіздің де ол сияқты 1,300,000 айлық алуға қабілетіңіз бар! Қорықпаңыз! Ештеңе жоғалпайсыз! Ақша салмайсыз! Мықты наставник керек болса міне @moldir.mt жаңа команда жасақтап жатыр. Мектеп ашса да, концерт өткізсе де, бизнеспен айналысса да соңына жетпей қоймайтын Мөлдірге қосылсаңыздар өкінбейсіздер! Бүгін Астанада жиналыс! Мен өз аузыммен түсіндіріп беремін! Барлық ақпараттарды номерлерден білесіздер! Ал менің командамда болу үшін #айдыңнұры_нл хэштегінің үстін басып өз қалаңыздағы менеджерге тіркеліңіз! Біз сіздерді ешқашан орта жолда қалдырмаймыз! Салық төлейтін заңды компаниямен адал ақша табуға шақырамын!
АЙНҰР ТҰРСЫНБАЕВАМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ТІЗІМІ:
13 ТАМЫЗ АСТАНА🔴
Тел: 87757122208; АЙГҮЛ;❇️ 87754449041; БОТА❇️
15 ТАМЫЗ КӨКШЕТАУ🔴
"Алатау"ул.Абая142 офис 36 87779532756 СВЕТА❇️
16 ТАМЫЗ ПЕТРОПАВЛ🔴
‭8775634-44-95‬ Шынар❇️
17 ТАМЫЗ АЛМАТЫ🔴
ул. Навои, д. 210/2, ЖК "Сезам", 1-й этаж
‭8775340-79-67‬ КЛАРА❇️
‭8700749-17-18‬ САҒЫНЫШ; ❇️
19 ТАМЫЗ ӨСКЕМЕН сағ 13.00🔴
87753423758 ҚАЙША❇️
19 ТАМЫЗ Сағ 20.00🔴
87025455756 ЛӘЙЛӘ❇️
8771546 4368 Әлия❇️
20 ТАМЫЗ ПАВЛОДАР Сағ 13.00🔴
Астана 160, ТД Старый город
8777 1756194 Нұркамал ✅
20 ТАМЫЗ ЕКІБАСТҰЗ Сағ 17.00
87056060886 Жанерке
24 ТАМЫЗ ШЫМКЕНТ🔴
‭8707302-98-19‬ Айгүл❇️
25 ТАМЫЗ ТҮРКІСТАН🔴
‭8702839-86-88‬ ГҮЛЖАЗ❇️
Read more
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Патрульдеудің жаңа ережесі" негізінде қазақстандық жол сақшылары ...
Media Removed
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Патрульдеудің жаңа ережесі" негізінде қазақстандық жол сақшылары алатаяқты қолданбайды. ҚР "Орталық коммуникациялар қызметі"-де жаңа ережелер негізінде жол қозғалыстарын торуылдауға арналған ҚР ІІМ -нің баспасөз-конференциясы болып өтті. Аталмыш ... 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Патрульдеудің жаңа ережесі" негізінде қазақстандық жол сақшылары алатаяқты қолданбайды.
ҚР "Орталық коммуникациялар қызметі"-де жаңа ережелер негізінде жол қозғалыстарын торуылдауға арналған ҚР ІІМ -нің баспасөз-конференциясы болып өтті.

Аталмыш шараға ҚР ІІМ әкімшілік полициясы комитетінің бірінші орынбасары Алибек Кениспаев;
ҚР ІІМ әкімшілік полициясы комитеті Басқарма басшысының орынбасары Еркин Мусилимов қатысты.
ҚР ІІМ қазіргі таңда автопотрульдеуге толықтай көшуде.

Сонымен қатар, жол қозғалыстары ережесінің бұзылу санынан үштен бір бөлігін анықтайтын жаппай суретке түсіру және бейнежазба жүйесін енгізуде. Осыған байланысты ҚР ІІМ жол полицияларына алатаяқты қолдануға тыйым салды. Ендігі кезекте, патрульдік полиция көлігіндегі арнайы дыбыстық және жарықтық құрылғылармен тоқтататын болады. Төтенше жағдайлар мен жол-көлік оқиғалары туындаған жағдайда жол сақшылары көлікке қолмен көрсету арқылы және ысқырықтың көмегімен тоқтатуға көшеді.
Read more
Бүгін туған жерім Шаянда "Милан" футбол клубының жейдесін киіп доп домалаттым достармен. "Ордабасыға" ...
Media Removed
Бүгін туған жерім Шаянда "Милан" футбол клубының жейдесін киіп доп домалаттым достармен. "Ордабасыға" жасаған опасыздығым емес. Табылғаны осы болды. Құдай қайырын берсін. Осы турасында фейзбуктен жақсы мысал әңгіме оқып қалдым. Сіздермен бөліскенді жөн көрдім. Тек соңына дейін ... Бүгін туған жерім Шаянда "Милан" футбол клубының жейдесін киіп доп домалаттым достармен. "Ордабасыға" жасаған опасыздығым емес. Табылғаны осы болды. Құдай қайырын берсін. Осы турасында фейзбуктен жақсы мысал әңгіме оқып қалдым. Сіздермен бөліскенді жөн көрдім. Тек соңына дейін оқығандар ғана ❤бассын.
👇👇👇
Бір патшаның 40 уәзірі болыпты. Соның 39-ы патшаға жалпақтап, құр мақтай береді екен де, тек бір уәзірі ғана көп сөйлемейтін, өте ақылды, дана кісі екен. Бір күні патша ет жеп отырып, өзінің өте өткір қанжарымен бас бармағын кесіп түсіреді. Бармағынан қан саулап жатыр, айқай-шу боп, уәзірлер емші шақырып әбігерге түсіп жатса, әлгі уәзір: "қайырын берсін" -деп қойып отыра беріпті...
Оны көрген патша қатты ашуланып:
"Бұның қандай қайыры болуы мүмкін?! Мынаны зынданға тастаңдар!"- деп бұйырады. Зынданға түсіп бара жатып әлгі уәзір: "бұның да қайырын берсін" -деп қайталайды.
Арада біраз уақыт өтеді, патшаның бармағының орны жазылып, көңілі көтеріліп, 39 уәзірімен аңға шығады. Бірақ жолда адасып кетеді...
Бір кезде белгісіз бір тайпаға тап болады. Сөйтсе олар адам жегіш тайпа екен!
39 уәзірін құрбандыққа шалып, өлтіреді! Ал бірақ патшаға келгенде бір-біріне қарап, күбірлесіп тұрып қалады. Сөйтсе құрбандыққа шалынатын адамның бойында кемістік болмауы керек екен, ал патшаның басбармағы жоқ, сондықтан оған тиіспей жібере салады...
Жылап-еңіреп келіп патша зынданда жатқан уәзірін шығарып алып, аяғына жығылып кешірім сұрайды:
"Қайырын берсін деп едің, шынында да қайыры болды, мен осы бармағымның жоқтығынан тірі қалдым,"- дейді.
Сонда уәзір: "Менен кешірім сұрамай-ақ қойыңыз, сіз мені зынданға тастамағанда, мен де қалған уәзірлермен бірге ажал құшатын едім,"-деген екен...
Әр істің бір қайыры бар...
Осы мысалды естігелі бері өз басым кез-келген жағдайда: "қайырын берсін" -деймін де қоямын.
Кейде бізге сәтсіздік болып көрінген жағдайлар, уақыт өте келе дұрыс болып шығып жатады... Сондықтан қашан да "әліптің артын бағып", сабыр сақтайық.
Read more
Құрметті ата-аналар және балалар!!! Мінекей, жазғы демалыс аяқталуға таяп, қыркүйек айы жақындап ...
Media Removed
Құрметті ата-аналар және балалар!!! Мінекей, жазғы демалыс аяқталуға таяп, қыркүйек айы жақындап сабақ басталарға аз уақыт қалды. Сіздер де жаңа оқу жылына жаңа құлшыныспен дайындалып жатқан боларсыздар?! Дәл қазіргі сәтте біріңіз балаңызға кітап, сөмке сатып алып, біріңіз сапалы ... Құрметті ата-аналар және балалар!!!
Мінекей, жазғы демалыс аяқталуға таяп, қыркүйек айы жақындап сабақ басталарға аз уақыт қалды. Сіздер де жаңа оқу жылына жаңа құлшыныспен дайындалып жатқан боларсыздар?! Дәл қазіргі сәтте біріңіз балаңызға кітап, сөмке сатып алып, біріңіз сапалы білім беретін, білікті маман жұмыс жасайтын орталықты іздеп жүрсіз бе?
Олай болса, Құрметті ата-аналар, ЮСИМАС Халықаралық Академиясы сіздерді 23 тамыздан 1 Кыркуйек күндері "Ашық есік күні" болатынын хабарлайды!!!
Сонымен қатар қосымша бағдарламалар бар:
✅Жылдам оқу
✅Кубик рубик
✅Мектеп алды даярлық
✅Есте сақтау мен ойлау қабілетін дамыту
Сізге дәл осы күндері Халықаралық ментальді арифметика сабағына қатысып, 1-айлық оқу ақысына 30% жеңілдік алуға үлкен мүмкіндік туып отыр!
Біз сіздерді сенбі және жексенбі күндері асыға күтеміз!
————————————————————————
Уважаемые родители и дети!!!
Вот и заканчиваются летние каникулы. Вы наверняка уже готовитесь к новому учебному году?! Может, именно сейчас кто-то покупает новые книги, портфели, а кто-то ищет хороший детский центр, где работают квалифицированные преподаватели. С 23 августа по 1 сентября Наша Академия приглашает вас на "День открытых дверей"!!! И ещё вы можете получить 30% скидку на обучение сроком на 1-месяц!
Так же есть дополнительные программы:
✅Скорочтение
✅Кубик рубика
✅Подготовка к школе
✅Развитие памяти и мышление
С нетерпением ждем всех желающих получить качественное знание!
Read more
Құрбым ақ құрбым Туған күніңмен Бақыт көремін мөлдір көзіңнен Саған денсаулық, бақыт қуаныш Тілеймін әркез ақ жүрегімнен Алла басыңа бақты қондырып Күлімсіреші ерке қыз болып Сен де бақытқа ылайық жансың Жақсы көремін жан құрбым менің Туған күніңмен! 🤲🏼 @moldir.auyelbekova ... Құрбым ақ құрбым
Туған күніңмен
Бақыт көремін мөлдір көзіңнен
Саған денсаулық, бақыт қуаныш
Тілеймін әркез ақ жүрегімнен
Алла басыңа бақты қондырып
Күлімсіреші ерке қыз болып
Сен де бақытқа ылайық жансың
Жақсы көремін жан құрбым менің
Туған күніңмен! 🎂💐🤲🏼😚😍 @moldir.auyelbekova #happybirthday #туғанкүниесіМөлдірӘуелбекова #аққұрбым
Read more
Бір күні су жаңа #jaguar-да бір жас жігіт ән айтып келе жатады. Көңіл-күйі керемет енді. Кенет ол ...
Media Removed
Бір күні су жаңа #jaguar-да бір жас жігіт ән айтып келе жатады. Көңіл-күйі керемет енді. Кенет ол жол жиегінде отырған балаларды көреді. Оларға жақындағанда жылдамдықты азайтып, қастарынан баяу ғана өте бергенде, көлікке тиген тастың дыбысын естиді. Жас жігіт көлігін тоқтатып, баланың ... Бір күні су жаңа #jaguar-да бір жас жігіт ән айтып келе жатады. Көңіл-күйі керемет енді. Кенет ол жол жиегінде отырған балаларды көреді. Оларға жақындағанда жылдамдықты азайтып, қастарынан баяу ғана өте бергенде, көлікке тиген тастың дыбысын естиді. Жас жігіт көлігін тоқтатып, баланың жағасына жармаса кетіп, жұлқылай бастайды. 🙎🏻‍♂: Сен неге көлігіме тас лақтырасың?! Бұл көліктің қанша тұратынын білесің бе?! -деп ашуланады😡. 👦🏼: Мырза, кешірім өтінем! Кешіріңізші! Менің сізге және сіздің көлігіңізге зиян тигізейін деген ниетім болмады. Бұлай жасаған себебім менің інім мүгедек. Ол арбадан құлап қалды. Мен оны көтере алмаймын. Ол мен үшін өте ауыр. Қанша сағаттан бері біз көмек сұрап жатырмыз. Бірақ бір де бір көлік тоқтамады. Сондықтан менің басқа амалым қалмады. Әйтпесе, сіз де тоқтамаушы едіңіз.
👱🏻‍♂ Жас жігіт жағдайды түсініп, құлап қалған баланы арбаға отырғызды. Көзінің жасын ұстап, ашуын кері жұтты. Содан соң ол көлігіне қайта барып, жап-жаңа жылтыраған есіктегі тастың орнын көрді.
👨🏼Ол ұзақ жылдар бойы сол көлікпен жүрді және жөндеп беруді ұсынған әрбір меxаникке "жоқ, тиіспе!",-деді. Өйткені ол сыбырлаған дыбысқа мән бермесең, төбеңе тас құлайды дегенді үнемі есіне салып тұратын еді.
✍🏻 Бұл мысалды ғаламтордан оқып, өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдім. Айнадағы әдемі өмірімізден бөлек, айналамызға да қарайлай жүрейік❤
#jaguar @terra.motors 🚘
Read more
Өткен жылы қазақстандық телекеңістікте үлкен жаңалық жасап, резонанс туғызған «Қалаулым» жобасы ...
Media Removed
Өткен жылы қазақстандық телекеңістікте үлкен жаңалық жасап, резонанс туғызған «Қалаулым» жобасы қайта оралмақ. Бағдарламаның екінші маусымы санаулы күндерден кейін көрерменге жол тартады деп күтілуде деп жазады NUR.KZ Жобаның екінші кезеңінің басты ерекшелігі қатысушы ретінде ... Өткен жылы қазақстандық телекеңістікте үлкен жаңалық жасап, резонанс туғызған «Қалаулым» жобасы қайта оралмақ. Бағдарламаның екінші маусымы санаулы күндерден кейін көрерменге жол тартады деп күтілуде деп жазады NUR.KZ
Жобаның екінші кезеңінің басты ерекшелігі қатысушы ретінде 25 жастан жоғары, отбасын құруға моральдық тұрғыдан дайын азаматтар іріктеліп алынған.

Жаңа маусым жөнінде жоба редакторы Шах-Керім Кәрменов нақытрақ айтып өтті. «Жаңа маусымда кастинг өткізу барысында 25 жастан асқан азаматтарды іріктеп алуға тырыстық. Студия, бағдарламаны жүргізу тәртібі жаңарады. Қатысушылар мен үміткерлердің танысу процесі өзгереді.
Біз кездесулер жайлы кадр сыртынан тыс түсірілімдер жасап, қатысушыларды студиядан тыс та түсіретін боламыз. Кастинг жүргізу барысында бірінші кезекте адамға мұның қаншалықты маңызды екенін, отбасын құруға қаншалықты ниетті екенін анықтауға тырыстық.
Себебі шоудың рейтингісі жоғары болуына байланысты қатысушылардың көпшілігі көптің назарына түсіп, таныла бастады. Осы тұста келушілер шатасып, танымалдылық үшін келуі мүмкін. Кастинг өте күрделі түрде өтті. Келушілермен сағаттап әңгімелесеміз, оның жан-дүниесін танып, қандай мақсатты көздеп келгенін, басынан қандай жайттар өткенін анықтап білуге тырысамыз», - деді.

#Қалаулым #МәдиРаxымбай #Калаулым #ЖұлдыздарӘлемі

#Juldyzalemkz #ЖұлдыздарӘлем #ashamatai #ашаматай #калаулым #қалаулым #kalaulymshow
Read more
Жақсы сөз, әдемі тілектеріңіз үшін алғысым шексіз сіздерге, достар<span class="emoji emoji1f64f"></span>🏼<span class="emoji emoji1f64f"></span>🏼<span class="emoji emoji1f64f"></span>🏼 Әрбір пікірге жауап ...
Media Removed
Жақсы сөз, әдемі тілектеріңіз үшін алғысым шексіз сіздерге, достар🏼🏼🏼 Әрбір пікірге жауап қайтармасам да, әрқайсын мұқият оқып отырмын! Сіздердің ақ тілектеріңіз мен үшін үлкен қолдау-демеу🏼️ Әр шаңырақтың бүлдіршіндері аман болсын-бар болсын! Аңсаған армандарына жетіп, ... Жақсы сөз, әдемі тілектеріңіз үшін алғысым шексіз сіздерге, достар🙏🏼🙏🏼🙏🏼 Әрбір пікірге жауап қайтармасам да, әрқайсын мұқият оқып отырмын! Сіздердің ақ тілектеріңіз мен үшін үлкен қолдау-демеу🙏🏼❤️ Әр шаңырақтың бүлдіршіндері аман болсын-бар болсын! Аңсаған армандарына жетіп, ата-анасының үміттерін ақтап-, жерге қаратпасын🙏🏼Маған жаудырған жақсылықтарыңыз өздеріңізге он есе болып артығымен оралсын🙏🏼❤️🙏🏼❤️ ✈️📚🇨🇦 (Ілиясты шығарып салу сәтіне естелік-сіңілім Альфира, жиен қызым Айсұлу, өзім және балам)
Read more
Салем достар! Қайырлы таң! Адамды шаршататын адамдар ол бұлданшақ адамдар.Болмашы нәрсеге бұлданып, ...
Media Removed
Салем достар! Қайырлы таң! Адамды шаршататын адамдар ол бұлданшақ адамдар.Болмашы нәрсеге бұлданып, мінез көрсетіп, жұртқа онша емес қуатын шашып, бүкіл әлемді кінәлі етіп жүретін бұлданшақ жандардан сездермей ауылыңды аулақ салғаның дұрыс. Әр адамның өз қуаты болады. Мысалы,«уфф», ... Салем достар! Қайырлы таң! Адамды шаршататын адамдар ол бұлданшақ адамдар.Болмашы нәрсеге бұлданып, мінез көрсетіп, жұртқа онша емес қуатын шашып, бүкіл әлемді кінәлі етіп жүретін бұлданшақ жандардан сездермей ауылыңды аулақ салғаның дұрыс. Әр адамның өз қуаты болады. Мысалы,«уфф», «шаршадым», «дінкем құрып бара жатыр "деген секілді тіркестерді қоп қолданатын адам, адамдарды көп кінәлайтын жане де өмірге өкпелей беретін жандар саған ешқандай өсу әкелмейді. Ондай жандардан жағымсыз қуат көзі тарайды. Ал, әрқашан күліп жүретін, әзіл айтып жақындарының көңілін көтеріп жүретін, қандай қиындық болмасын "бір қайыры бар шығар" деп Аллаға тәуекел ететін, жақсы сөз айтып жүретін жандар магнит секілді болады. Оларға адам тартылады. Жаныңда сондай өмірге ғашық, өзіне ғашық жандар көп болса өмірің жеңіл, көңілің тоқ болады. Ортаны ауыстырудан не жаңа дос не таныс табудан қорықпаңыз! Қатып қалған қағида жоқ, ашылыңыз! Ескі досты ұмытпаймыз бірақ😊☝️! Сіз де әлемнің бір кереметісіз! Сіз секілді ешкім жоқ! Сізден ешкім де артық емес! Сіздің қолыңыздан бәрі келеді, бірақ бастаудан не өміріңізді өзгертуден қорқасыз! Сізге күш беретін, руx беретін ешкім жоқ секілді! Ол бар! Ол-Алла! Сіз дұғаңызды тоқтатпаңыз,сеніміңізді жоғалтпаңыз! Қазір Сіз жылап отырған болуыңыз мүмкін! Тіпті шаршап кеттіңіз! Ештеңеге зауқыңыз соқпай тұр! Қайталанып жатқан өмір! Бәрі тоқтап тұрғандай! Тек жасыңыз ұлғайып, үлкейіп барасыз! Соған кішкене болса да кеңесімді айтқым келеді. Ол кеңестерді мына Сіз кітаптардан да оқып аласыз! Бірақ адамның қуаты, сөзі, дұғасы жетпей тұрған секілді болады.Мен Ақтаудағы кездесуден соң мүлдем жасағым келмеді😊😍. Оңай емес!. Өзгерген жандарды көріп шабыттанып кеттім. Халық өтініп сұрап, Бейнеуге шақырды. Ол сол кезде жүздеген адам емес еді... Ол өзгергісі келген он шақты адам ғана еді. Барамын дедім! Алла жол берсін! Бейнеу күт мені! Атыраудан, Ақтаудан, Ақкетік қаласынан алыс облыстардан арнайы келе жатқан жандарға бас иіп раxмет айтамын! Киімім @aida_kaumenova_kz сән үйінікі. Раxмет! #Аллажарболсын
Read more
 #Repost @aibanu_kz (@get_repost) ・・・ Бүгін , ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күні! ...
Media Removed
#Repost @aibanu_kz (@get_repost) ・・・ Бүгін , ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күні! 09.02. Жұмаларыңыз қабыл болсын! Ақынның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Аумин! ________________________________________ Мұқағалиға хат.. ________________________________________ О ... #Repost @aibanu_kz (@get_repost)
・・・
Бүгін , ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күні! 09.02. Жұмаларыңыз қабыл болсын! Ақынның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Аумин!
________________________________________
Мұқағалиға хат..
________________________________________
О Мұқа, бізде тамаша, сіз жақ қандай?
Жаныңыз жарық шығар ізгі таңдай.
Тірілігіңде тілегің орындалмай,
Болып еді жаныңа мұз қатқандай..
Біз жақта көп, сіз жакта ұрлық бар ма?
Біз жакта жоқ, сіз жақта шындық бар ма?
Қарғаға қырандардың кейпін жасап,
Қырандарды аяусыз қылдық қарға.
Қалай Мұқа, сіз жақта жақсы ма екен?
Ауасы лас, бұлағы ащы ма екен?
Жаны жайсаң жақсылар көп пе онда,
Жоқ әлде біздегідей тапшы ма екен?
Сіздерде біздегідей майдан бар ма?
Біздің майдан қоғамды ойрандауда.
Есінен алдау, арбау, жеу шықпайтын,
Езуінен май аққан байлар бар ма?
Айтпақшы, аға, ұмыттым сөкпе мені.
Еш пендеге болмайтын өкпелері.
Арыстай екі азамат дәл сіз жаққа
Қорғасын от құшақтап кеткен еді.
Біз бұл жақта шындықты сүймегенбіз
Қос ұлды қорғасынмен түйрегенбіз,
Елім деп еміренген қос тұлғаға
Енді ол жақта ешкімге тиме деңіз.
Аман бәрі Қарасаз, халқыңда аман.
Қос бұлақ әлі де сол, тартылмаған.
Хан тауыңда, орманда қозғалған жоқ.
Аспанды тамағынан алқымдаған.
Қош аға! Арманы адал, ары мүсін!
Менің де сыртым бүтін, жалын ішім.
Бұл хатым жазылғанмен жолданбайды,
Сәл ғана басылады, сізге деген сағынышым.!.
#Авторы: Бағдат Сәрсенбаев.
__________________________________
#казахстан
#қазақстан
#астана #ақтөбе #шымкент #ақтау #алматы
#kazakhstan
#kz
#жігіттер
#қыздар
Read more
МЕН ЖАМАНМЫН. <span class="emoji emoji1f4cc"></span>Ия, Мені жақсы біле тұра, асымды ішіп сыртымнан жалған сөз , өсек айтатын адаммен ...
Media Removed
МЕН ЖАМАНМЫН. Ия, Мені жақсы біле тұра, асымды ішіп сыртымнан жалған сөз , өсек айтатын адаммен бірден бетіне ендігі араласқым келмейтінін айтып, қош айтысамын. Ол адамға менің өмірімде орын жоқ. Мұндай жағдай басымнан өткен Өзіме қажетті аураны ғана таңдаймын. Маған жағымсыз, ... МЕН ЖАМАНМЫН.
📌Ия, Мені жақсы біле тұра, асымды ішіп сыртымнан жалған сөз , өсек айтатын адаммен бірден бетіне ендігі араласқым келмейтінін айтып, қош айтысамын. Ол адамға менің өмірімде орын жоқ. Мұндай жағдай басымнан өткен✅
📌Өзіме қажетті аураны ғана таңдаймын. Маған жағымсыз, мені ыңғайсыз жағдайда қалдыратын жерде, адаммен уақыт өткізгім келмейді.Ұнамайтын адаммен алыстан араласамын. Бірақ сәлемім түзу🤗
📌Бейәдеп, мәдениетсіз әрекет көрсем, эмоциям бетіме шығып кетеді. Бүгін, мысалы, бағдаршамда тұрып, көшеге түкіре салған жігітке дауыстап, жақтырмаған эмоциямды білдіріп қойдым🤷🏻‍♀️
📌Керісінше, мақтауды айқайлап айта алмаймын. Қуанышымды күлімдеп қана жеткіземін. Мақтаншақтарды әрең шыдап тұрамын🤨түрмен.
📌Өзім де мақтанғанды ұнатпаймын. Тіпті алған затымды алдым деп айтқым келмейді, екінші адамның да алғысы келуі мүмкін я жағдайы болмауы мүмкін ғой деген сауал жібермейді. Инстаграмда ғана жаза аламын. Оның үстіне сыйлықтар.
📌Сыйлаған затымды 1045 рет , әр көрген сайын, жолаған адамға "мен сыйладым ғой,әдемі,ия?!" деп ми жегіштер қатарынан емеспін және ондай адам көрсем қаным қараяды🤦🏻‍♀️
📌Ия,сыйлықты басқалардың көзінше,"айқайлап" бергенді де ұнатпаймын☝🏻
📌Көп нәрсені жазып жеткіземін. Айтып жатып, эмоцияға беріліп, ойым шашырап, кейде тіпті ұмытып кетемін. Ренжіскен адамға смс арқылы кешірім сұрау тбсс оңай🤦🏻‍♀️
📌Ұнамайтын я қызық емес әңгіме айтылып жатса, араласпай, тіпті тыңдамай отырамын. Өсек болса тем более, құлағым естімей қалады‼️
📌Шум ұнатпаймын. Жамырап дастарқан басында айқайлап әңгіме айтатындармен отыра алмай қаламын (кейде).
📌Тыныштықты жаным сүйеді. Бөлмемнен сағаттап шықпауым да мүмкін🤷🏻‍♀️
📌Асүйде, үй шаруасында біреудің араласқанын суқаным сүймейді. Аяқ астына оратылғандай сезім тудырады. Не істеп, не қойып жатқанымды ұмытып,миым ашып кетеді. Үй жинағанда үйде ешкімнің болмағаны-нағыз кайф+музыка😍
📌Ас әзірлегенде де "білгіштер" жаныма жоламаса деймін. Күйсін,жансын, зато өзім үйренем қағидасын ұстанамын.
📌Рецепт бойынша істемеймін ешқашан. Фотосын және қоспаларын қарап, дальше фантазияға ерік беріп, асүйде барымен "ұра" берем😎
Жалғасы⏩⏩⏩👇🏻
Read more
Немерелері сабаққа, келіні жұмысқа кетісімен, Күмісай әже таңғы шайын қоюлап ішіп, жерге жарық ...
Media Removed
Немерелері сабаққа, келіні жұмысқа кетісімен, Күмісай әже таңғы шайын қоюлап ішіп, жерге жарық түскен бойда киініп жолға дайындалды. Ұлы Әсет те оянып, ас үйге кірді. -Әдемі көйлегіңізді киіп қайда жиналдыңыз? -Көк базарға барып, анау-мынау әкелейін немерелерім келгенше. Келін ... Немерелері сабаққа, келіні жұмысқа кетісімен, Күмісай әже таңғы шайын қоюлап ішіп, жерге жарық түскен бойда киініп жолға дайындалды. Ұлы Әсет те оянып, ас үйге кірді.
-Әдемі көйлегіңізді киіп қайда жиналдыңыз?
-Көк базарға барып, анау-мынау әкелейін немерелерім келгенше. Келін шапқылап күні-түні жұмыста, сәл де болса көмегімді тигізейін дегенім ғой.
-Кешке жұмыстан келгесін супермакеттен алатын едік қой?
-Әй, мәркет-пәркетің құрсын, әлгі тоңазытқыштар жан-жақтан дырылдағанда, аяқ-қолым дірілдеп, не алып, не қойғанымды білмеймін. Одан базарым жақсы!
-Мейлі, өзіңіз біліңіз. Жүріңіз, жолдан тастап кетейін.
-Автобуспен асықпаааай барам, балам. Жұмысыңа кешігесің, кел, шайыңды ішіп алшы.
Ұлы жұмысқа кеткесін, Күмісай әже тартпадан ескі тор дорбасын алды. Ескі болса да өзіне сондай қымбат, шалының көзіндей ұстап, жоғалтпай, тығып қояды. "Қазіргі сатушыларға да сенім жоқ, бесыйымді де алайын" деп дорбасына ескі темір өлшегішін салып алды.
Түнде жауған нөсер жаңбыр басылып, күн шайдай ашылып тұр. Таңғы самал Күмісай әженің тынысын аша түскендей, жайдақ жолды бетке алып, әндете аялдамаға қарай бет алды. "Автобус келе жатыр ма екен" деп алысқа көз салып қояды, қаланың жүйткіген шетелдік көліктері арасынан автобус көрінбеген соң, аялдамадағы ағаш орындыққа жайғаса кетті. - 63-ші аптобусты күтіп отырған жоқсыз ба?
Күмісай әже өзіне сөйлеген адамға мойын бұрды. Жасы өзі шамалас, сақал-мұртын ақ қырау шалған, басына жапырайта киген ақ тақиясын тастамай жүретін кісіні бірден таныды. Қарама-қарсы орналасқан бір бөлмелі пәтерге жақында көшіп келген көршісі екен. Таяққа сүйене күні-түні жалғыз өзі кіріп-шығатын қарияға қарап "осы көршінің отбасы қайда екен?" деп ойлайтын-ды. -Иә, замандас. Сол, базар жаққа бара жатқан ем. Жақында айт мерекесі, біреу-міреу келіп қала ма деп...
-Дұрыс екен... Аптобусқа үлгере алмай қалдым, жаңа ғана кетіп қалды. Таяғымды шошаңдатып қанша "тоқта" десем де болмады, "зейнеткерден қайыр жоқ" деді ме, шөпірі есігін жапты да кетті...
-Олар сөйтеді ғой. Айтқандай, мен сіздің пәтеріңізге қарсы орналасқан 16-үйде тұрамын. Жақында көшіп келдіңіз ғой?
-Ие... Мен де базарға барып анау шөпжелке немерелеріме тәтті-пәтті алуға бара жатырмын.
⤵️⤵️⤵️⤵️
Read more
Петропавлда қарттар үйінде мүлдем орын жоқ. Тағдырдың тәлкегімен жақындарынан айырылып, қараусыз, ...
Media Removed
Петропавлда қарттар үйінде мүлдем орын жоқ. Тағдырдың тәлкегімен жақындарынан айырылып, қараусыз, жалғыз қалған қариялар, қайда барарын білмей жүр. Қазірдің өзінде еліміздің солтүстігінде қарттар үйін паналаған зейнеткерлердің саны бес жүзге жеткен. Нина Щербакова жары қайтыс ... Петропавлда қарттар үйінде мүлдем орын жоқ. Тағдырдың тәлкегімен жақындарынан айырылып, қараусыз, жалғыз қалған қариялар, қайда барарын білмей жүр. Қазірдің өзінде еліміздің солтүстігінде қарттар үйін паналаған зейнеткерлердің саны бес жүзге жеткен.

Нина Щербакова жары қайтыс болған бес жылдан бері жалғыз қалған кейуана. Жасы тоқсанға жақындаған қарттың балалары мен жақындары сырқаты көп жаннан теріс айналған екен. Ақыры өмірінің соңында жалғыз қалған зейнеткер, өзіне қарайтын адам болмағандықтан қарттар үйіне барғым келеді дейді.

НИНА ЩЕРБАКОВА, тұрғын: – Жанымда ешкім қалған жоқ. Туысқандарыммен жай ғана араласып тұрамыз. Сонда да ешкімгекерек жоқ болып қалдым.

Сорақысы сол, қариясын қастерлеген елдегі қарттар үйлері ата-әжелерге лық толған. Немересін бағып, балаларының ортасында отыратын шағында даладан пана іздеп жүрген қарттардың қарасы көбейген.

РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, тілші: – Қалада жалғыз жеке меншік қарттар үйінде бірде бір бос орын жоқ. Қаңырап бос тұруы тиіс болғанымен тіпті қосымша орындар ашпақ. Өйткені жыл сайын ондағы кезек өсіп келеді екен.

Қарттар үйіне тап болған әрбірінің тағдыры бір біріне ұқсамайды. Бірі жарымжан жан болса, екіншісінің жақындары қалмаған. Тіпті алдағанның арбауына түсіп, үй-күйсіз дала кезіп қалған кейуаналар мен қариялар да осы жерден пана іздеп келген. Ал мына зейнеткердің туған баласы өзіне айтпай үйін сатып жібергендіктен, қарттар үйінен басқа барар жері қалмаған.

ТАМАРА МАЛИТИНА, жеке меншік қарттар үйінің атқарушы директоры: – Біздің мекемеде тұрғысы келетіндердің қатары көп. Сондықтан орындарды ұлғайту керек деп шештік. Біз қарттардың 90 пайыз зейнетақысымен күн көреміз.

Одан өзге облыс орталығынан шалғайда мемлекеттік екі қарттар үйінде 465 адам тұрады. Сұмдық статистика атқа мінерлерді де шошытып отыр.

СӘУЛЕ БАЙМҰҚАНОВА, СҚО әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы: – Смирнов ауылындағы қарттар үйінде 345, Тайыншадағы мекемеде 120 адам тұрады. Бәрінің туысқандары мен мұрагерлері олардан ресми түрде бас тартқан. Бұл адамдар бір -бірімен әзілдесіп отырғанымен, көздерінен сағыныш пен қайғы мұңы көрініп-ақ тұр.

#информбюро #жаңалықтар
Read more
Көңіл...!Қызық нәрсе, астарында айтылатын сан түрлі санаға байланысты ұғым.Әр жерге, әр кімге, ...
Media Removed
Көңіл...!Қызық нәрсе, астарында айтылатын сан түрлі санаға байланысты ұғым.Әр жерге, әр кімге, әр түрлі қолданылатын сөз. Мысалы:көңілім қалды дейміз немесе керісінше көңілімнен шықты,әлде көңілім марқайып қалды, болмаса ақ көңіл екен, көңілшең деген сияқты тіркесі мен мағынасы ... Көңіл...!Қызық нәрсе, астарында айтылатын сан түрлі санаға байланысты ұғым.Әр жерге, әр кімге, әр түрлі қолданылатын сөз. Мысалы:көңілім қалды дейміз немесе керісінше көңілімнен шықты,әлде көңілім марқайып қалды, болмаса ақ көңіл екен, көңілшең деген сияқты тіркесі мен мағынасы өзгеріп кете беретін көп түрлі ұғым. Ал менің жазғым келіп отырғаны қимайтын көңіл... Түсінген жандар, - "ияя қымбат,тәтті көңіл деген шығарсыздар әәә?"😊 Әңгіменің бәрі "Дайрабайдың көк сыйырынан басталды" - дегендей😁 Бұл бас қосуымызға себеп, ортамыздың мега позитіві, вечеріміздің гүлі Руслан бауырымыздың түнгі 12-ден кейінгі туған күнінен басталды.Өзгенің қуанышына өз қуанышындай қуана алатын жақын сіздің де досыңыз бар шығар ?!Ондай жанға барынша ,бәрін жасағың келетінін онда сіз жақсы түсінесіз.Біз де әрине бәріміз алып ұшып "көңілін" көтеретін тосын сый жасамақ ойда жиналдық, отырысымыз қаладан басталды! Өзіміздің жиі отыратын жерлердің бірі "Таун" ( питак ) дейміз өз арамызда.Содан түннің таңға ұласар шағы 3-тен кете жаңағы жерден тұрдық, көңіл қимастық қой тарқасқымыз келмей тұрғанын , бір-біріміздің жалындап тұрған жанарымыздан ұғысып тұрмыз.Қазбек (туған інім) ендеше кеттік біздің үйге , далада беседкада самаурынның шәйін ішіп әңгіме қылайық деді, бізге де керегі сол, бірден бәріміз құптай кеттік😁 . Өйтіп-бүйтіп, барып дастархан жайысып, самаурынға шәй қойысам дегенше 4-тің шамасы болды.Ал біздің " көңіл " үшін тал түс сияқты, кереметі де сонда.Арқа-жарқа, Данчо айтпақшы ырқыл-жырқыл әңгіме 😂 Бауырлық, достық , сый-құрмет , жақсы сөзбен жан семірту , қағытпа қалжың, Мадинаның қолынан "келіннің" ( өз ортамыз түсінеді) шәйі, Бүрленнің үнсіз қылықты болған қызық эмоциясы, шаршап қисая қалған Бота, не керек бәрі отырстың өзіндік сәні келтіріп отырған сәтті орта.Сөйтіп отырғанда зымырап өтіп кеткен бағалы- бақытты сағаттар, бір қарасақ уақыттың таңғы 8:00 болғанын да байқамай қалыптық.Арамызда 9-да жұмысқа баратын жандар бар, амалсыз тұруға тура кеп тұр.Сонда да жаңағы ең қымбат , қимай тұрған көңілдің тарқамай тұрғаны...😊 Болды,кешке тағы кездесеміз дедік...😉 А , айтпақшы сіздерге сұрақ : қай қыз кімге жарасады...?! Туған күн иесі Русланның өзі қайда?!😁😉 @ruslan_utepbai
Read more
"Ауылым-ай, ауылым-ай кіндік қаным тамған кең далам-ай Ауылым-ай яй яй, ауылым-ай! Сені қалай ұмытамын-ай" - деп, жаңа әнімен сағыныш сезімін ұялатып, туған өлкенің иісін сездірген Бейбіт Қорған @beibitkorgan «Ауылым-ай» атты жаңа туындысымен кішігірім үзілістен оралды! Бейнебаянның ... "Ауылым-ай, ауылым-ай кіндік қаным тамған кең далам-ай
Ауылым-ай яй яй, ауылым-ай!
Сені қалай ұмытамын-ай" - деп, жаңа әнімен сағыныш сезімін ұялатып, туған өлкенің иісін сездірген Бейбіт Қорған @beibitkorgan «Ауылым-ай» атты жаңа туындысымен кішігірім үзілістен оралды! Бейнебаянның толық нұсқасын көру үшін YouTube-тегі ресми Toi Duman каналына өтіңіздер.
@TOIDUMAN.KZ
#отбасылықарна
Read more
Жұма мүбәрәк, жақсылар! 2014 жылы Ислам әлеміндегі (Мекке, Мәдинадан кейінгі) үшінші қасиетті ...
Media Removed
Жұма мүбәрәк, жақсылар! 2014 жылы Ислам әлеміндегі (Мекке, Мәдинадан кейінгі) үшінші қасиетті орын, Пайғамбарымыз МҰХАММЕД (с.ғ.с) МИҒРАЖға көтерілген Әл Ақса мешітінде болу бақыты бұйырған еді. Бүгін сәуірдің 13-нен 14-не қараған түні - Миғраж түні. Миғраж түнінде пайғамбарымыз ... Жұма мүбәрәк, жақсылар! 2014 жылы Ислам әлеміндегі (Мекке, Мәдинадан кейінгі) үшінші қасиетті орын, Пайғамбарымыз МҰХАММЕД (с.ғ.с) МИҒРАЖға көтерілген Әл Ақса мешітінде болу бақыты бұйырған еді. Бүгін сәуірдің 13-нен 14-не қараған түні - Миғраж түні. Миғраж түнінде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) Меккедегі әл-Харам мешітінен Құддыстағы (Иерусалим) әл-Ақса мешітіне бір сәтте исра жасады. (Түнгі сапар арабтарда «исра” деп аталады). Одан миғражға – жеті қат көкке көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбарлармен кездесті, үнемі құлшылықта жүретін періштелермен жолықты. Құдіретті Жаратушымыздың түрлі белгі – аяттарын көріп, Онымен тілдесті. Бес уақыт намаз осы түнде парыз етілді.
🌺БҰЛ ТҮНІ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
☘️Пайғамбарымызға (с.а.у.) көптеп салауат айту;
☘️Жасаған қателіктеріміз бен күнәларымыз үшін Жаратушы Алладан кешірім тілеу;
☘️Намаз оқу. Намазды жамағатпен оқыған және өткізіп алған намаздардың орнын толтырған дұрыс. Әнас бин Мәлик (р.а.) риуаят еткен хадисте Алла елшісі (с.а.у.) былай деген: «Рәжәб айында еркше бір түн бар. Ол – айдың 27-түні. Бұл түні құлшылық қылған адамның алар сауабы 100 жыл құлшылық қылған адамның алатын сауабымен тең. Кімде-кім 12 рәкат намаз оқып, Фатихадан соң бір сүре оқып, әрбір екінші рәкаттан соң сәлем беріп, 100 рет мына дұғаны: «субханаллаһ, уәлхамдулиллах уә лә иләһә иллә Алла, аллаху әкбар» оқып, 100 рет «астағфирулла» деп, соңынан: «ассаләту уәс сәләму әлләйкә йә Расуллаллаһ» деп салауат айтып, өмірі мен жұмысына береке сұраса, Алла оның күнәларын кешіреді».
☘️Құран оқу.
☘️Қайтыс болған кісілерді зиярат етіп, олар үшін дұға ету.
☘️Мұқтаж жандарға көмек көрсету.
☘️Бұл түннің қасиеті мен маңыздылығы жайлы жақындарға, достар мен балаларыңызға айту артықтық етпейді. ⠀
Read more
Кінәләдін С әуле төгіп күлгеніме кінәләдін, С аған қарап жүргеніме кінәләдін С ені ойлап күйгеніме ...
Media Removed
Кінәләдін С әуле төгіп күлгеніме кінәләдін, С аған қарап жүргеніме кінәләдін С ені ойлап күйгеніме кінәләдін С урет салып өлгеніме кінәләдін Е шкашанда алдамағаным үшін Е ркелетіп тамсанғаным үшін Е р жігіттерді сен үшін жылатқаным үшін Е шнәрсе айтпа барі біті дегенім үшін Намысымды ... Кінәләдін

С әуле төгіп күлгеніме кінәләдін,
С аған қарап жүргеніме кінәләдін
С ені ойлап күйгеніме кінәләдін
С урет салып өлгеніме кінәләдін

Е шкашанда алдамағаным үшін
Е ркелетіп тамсанғаным үшін
Е р жігіттерді сен үшін жылатқаным үшін
Е шнәрсе айтпа барі біті дегенім үшін

Намысымды төмен қойғаным үшін
Н әзік колыммен құшақтағаным үшін
Н азар аудармай өтрігіне кешіргенім үшін
Н еге алдадын демей күлгенім үшін

І лтипатпен көнгенім үшін
І згілікпен сүйгенім үшін
І лмей көздерімді уайымдағаным үшін
І лесіп біраз сенімен барғаным үшін

С ен мені осы үшін кінәләдін
С ен кінә тағып сұрамадын
С аған неге олай істедін деп
С ен менен сырт айналып кінәләдін.

Ү лгермедім көзіммен жанып барам
Ү ндемедім сырымды айтып саған
Ү н қосып сенде маған сөйлемедін
Ү міт жақпай ,сен қайта күлме дедін

Й а саған сырымды айтып ақталмаймын
Й а сені күнде сүйеме деп ойламаймын
Й а маған сенен басқа ешкім керек емес
Й а тағыда мені алдарсын, жыламаймын.

Е рекше түн сыздатып мені барасын
Е згілеп мені жүрекке жара саласын
Е рінбейсін мені тағы кінәләуға
Е рітіп жан дүниемнін санасын.

М енін шабытым жоқ әлі шындаламын
М енін қаламым бар әлі  жыр жазамын
М ені кешір осы үшін жалынамын
М ен сені шын сүйіппін сұранамын.

Ж үрегімді тас қылмашы ,қиналамын
А йтпесе ,басқаларға мұн шашамын
Намысты жерге қойып,сені де құлатамын.
Ы стық жас күнде тамады,аңсағаным
М ен сені күнде жылап сағынамын.
Read more
 #Repost @sabit__kz with @get_repost ・・・ Үйленгенде айтатын дұға «Пайғамбарымыз (Оған Алланың ...
Media Removed
#Repost @sabit__kz with @get_repost ・・・ Үйленгенде айтатын дұға «Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Егер сіздерден әлдебіреу үйленсе немесе қызметші жалдаса, былай десін: «Я, Алла! Расында, мен Өзіңнен оның игілігін әрі Сен оны не үшін жаратқан болсаң соның ... #Repost @sabit__kz with @get_repost
・・・
Үйленгенде айтатын дұға «Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Егер сіздерден әлдебіреу үйленсе немесе қызметші жалдаса, былай десін: «Я, Алла! Расында, мен Өзіңнен оның игілігін әрі Сен оны не үшін жаратқан болсаң соның игілігін сұраймын және оның кесірінен Өзіңе сиынамын!» «Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайра-һә уә хайра мә жәбәлтә-һә ‘аләйһи уә ә’узу бикә мин шәрри-һә уә шәрри мә жәбәлтә-һә ‘аләйһи!» Үйленген кісіге айтатын дұға: «Бәракаллаһу ләкә, уә бәракә ‘аләйкә, уә жәмә’а бәйнәкумә фи хайр!» «Алла саған береке берсін және саған береке жаудырсын, әрі сендерді жақсылықта біріктірсін!» Жыныстық қатынасқа түсердің алдында айтылатын дұға

Баланы тіл-көз және шайтанның кесірінен сақтағысы келген адам бала пайда болмаған кезден амал жасауы қажет. Ибн Аббастың сөздерінен Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Егер сендерден әлдебіреуің әйелімен жыныстық қатынас жасағысы келіп: «Алланың атымен. Я, Алла, бізді шайтаннан аулақ ет және Сенің бізге беретініңнен де (баладан) шайтанды аулақ ет», - деп айтса, әрі (сол) ерлі-зайыптыларға балалы болу нәсіп етілсе, шайтан ешқашан оған зиян тигізе алмайды”. «Бисмилләһи, Аллаһуммә, жәнниб-на-ш-шайтана уа жәнниби-ш-шайтана ма разақта-на». Перзент сұрайтын дұға

Зәкәрия Пайғамбардың дұғасы: «Раббым! Маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ сыйла. Анығында, Сен – тілекті Естушісің» («Әли Имран» сүресі, 38-аят). «Рабби хаб ли минләдунка зуррийатан тайибәтан иннәкә сами уддуаа»

Салихалы әйел мен бала сұрайтын дұға «Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың (Өзіңе бойсұнып, жазадан қорқып, сақтанғандардың) алды ете гөр!». «Роб-бә-нәә һәб-лә-нәә мин әз-уәә-джи-нәә уә зур-ри-иәә-ти-нәә қур-ро-тә әъ-иу-ниу уәдж-хәл-нәә лил-мут-тә-қии-нәә-и-мәә-мәә»

Салихалы ұрпақ сұрайтын дұға «Раббым! Мені және ұрпағымды намазды (барлық шарттарын сақтап, беріле) толық орындаушы ет. Раббымыз! Тілегімді қабыл ал!» («Ибраһим» сүресі, 40-аят). «Роб-бидж-ъал-нии му-қиимәс со-лә-тии уәмиңң зур-ри-иәтии раббәнә уә-тәқаббәл ду-ъәә-и».
Read more
Диагноз қоюдан аулақпыз. Бірақ, министр айтқандай, біздегі медицина сапалы, дәрігерлердің ...
Media Removed
Диагноз қоюдан аулақпыз. Бірақ, министр айтқандай, біздегі медицина сапалы, дәрігерлердің жұмысында кінәрат жоқ, көбінде науқастардың денсаулығына байланысты деп айтқан сөзіне күмәнім бар. Көкшетаудағы жағдайда осыған ұқсайды. Ауруханаға іші ауырып барған баласынан ойламаған ... Диагноз қоюдан аулақпыз. Бірақ, министр айтқандай, біздегі медицина сапалы, дәрігерлердің жұмысында кінәрат жоқ, көбінде науқастардың денсаулығына байланысты деп айтқан сөзіне күмәнім бар. Көкшетаудағы жағдайда осыған ұқсайды. Ауруханаға іші ауырып барған баласынан ойламаған жерде айырылып қалған ата-ана, қайғылы оқиғаға дәрігерлерді кінәлайды. Ісіне салғырт қараған, балаға мүлдем басқаша диагноз қойып, онымен қоймай үйіне қоя берген дейді.  Үйіне келген Владимирдің халі одан сайын нашарлап, қайтадан ауруханаға барғанында, бірақ, барлығы кеш еді.

Көкшетауда ойламаған жерден ойын баласы небәрі жеті жасында өмірімен қош айтысты. Ата-анасының айтуынша, бүлдіршіннің өліміне дәрігерлердің салғырттығы себеп болып отыр. Алғашқы күні іші қатты ауырған соң жеті жастағы Владимир Ақмола облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізіледі. Алайда хирург дәрігер «іштің қатты ауруы» диагнозын қойып, «қорқатындай ештеңе жоқ» деп, аздан соң ілесіп барған әкесімен бірге үйге қайтарып жіберген дейді анасы.

Үйге келген соң баланың жағдайы жақсарғандай болған. Алайда келесі күні кешке қарай денсаулығы тым нашарлап кеткенін айтады ата-анасы. Жедел жәрдемді 45 минут күттік деген ерлі-зайыпты, ақыры шыдамай, көлігі бар көршілердің көмегіне жүгінген. Сөйтіп, науқас бала жақын жердегі облыстық ауруханаға жедел жеткізілгенімен, көп ұзамай жансақтау бөлімінде қайтыс болады. Ал бала өлімінен соң ғана ондайғы дәрігерлер бастауыш сынып оқушысының ағзасы уланған әрі ішегі түйілген деген диагноз қойған екен.

БОЛАТ ӘБІШЕВ, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: – Ем көрсеткен дәрігер хирургия бөлімшесінің меңгерушісі. Бүгінгі таңда онымен кездесіп істің қалай болғанын анықтауға тырыстық. Қазір сот-медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз.

Ем көрсеткен хирургке байланысты қандай да бір шара қолдану осы сараптама нәтижесіне байланысты болады. Ал 4 қыздан кейін  дүниеге келген жалғыз ұлынан айырылған ата-ана құзырлы мекемелер бұл істі жабық қалдырмаса екен деп тілейді.

Ерболат Асылбеков, Ермек Асқарбеков
#информбюро #жаңалықтар
Read more
Қалың көпшіліктің арасында тұрсыз.. Дәл сол сәтте сізге кім жымиып қараса міндетті түрде сіз де ...
Media Removed
Қалың көпшіліктің арасында тұрсыз.. Дәл сол сәтте сізге кім жымиып қараса міндетті түрде сіз де жымиясыз... Солай ғой?! Қабағын түйіп, ашулы тұрған адамға жоламауға, қарамауға тырысасыз... Туыстардың арасында немесе достардың арасында ашуланшақ біреу бар делік... Оны жақтырмайсыз, ... Қалың көпшіліктің арасында тұрсыз.. Дәл сол сәтте сізге кім жымиып қараса міндетті түрде сіз де жымиясыз... Солай ғой?! Қабағын түйіп, ашулы тұрған адамға жоламауға, қарамауға тырысасыз... Туыстардың арасында немесе достардың арасында ашуланшақ біреу бар делік... Оны жақтырмайсыз, жолағыңыз келмейді...Сөзіңіз дұрыс болса да үндемейсіз, "бәлесінен аулақ" деп не айтса да келісе саласыз... Кез келген кештің шырқын бұзатын бәлеқор танысыңыз болса тіпті жаман... Шақырсаң лаңдатып кетеді, шақырмасаң бәлеге қаласың..Қай кезде де тек жамандық шақырып сөйлейтін де адамдар болады.."Өстіп жүріп ауырасың сен", "бір күні суық тиіп тұрмай қаласың", "жұмыстан шығарып жібереді", деген сияқты негатив шақырады да жүреді.. Онбайлар кездессе аузын ашпаса екен деп тұрасың...Инстада отырып алып та тек кінәрәт іздеп, негатив қана жазатын адамдар бар.. Олардың сосын көздері де өткір келеді..."Көйлегіңнің етегі кір екен ғой", фотошоппен әдемі боп тұр", "бес тонна бояу", "аяғың қисық", "құлағың дәу"... Қанша керемет сурет салсаң да шұқылап отырып тауып алады.. Ештеңе жақпайды.. Көйлек салсаң мақтаншақсың, тамақ салсаң надансың, көлік салсаң қаңғыбассың, қысқа кисең ұятсызсың, ұзын кисең ваxабиссің.. Жап жақсы комменттер оқып мәз боп келе жатасың да көңілің құлазып сала береді... Айдаладағы танымайтын адамға көңілің бірден суып кете салады.. Оларды
жек көресің, олардың энергиясы сізге ауыр. Керісінше үнемі тілеулес болып жүретін адамдар бар, коммент жазбай қалса іздейсің. Сын айтса да кешіріңізші деп мың рет кешірім сұрап алып айтады...Ондай адамдар жазған әрбір әріптен мейірім бұрқырап тұрады... Танымасаң да жақсы көресің.. Достардың арасында да сондай мейірімділері болады.. Жаның қиналса соны іздейсің. Оны сағынасың. Ол бәріне сүйкімді. Тек қуаныш сыйлап жүретін көңілді таныстар болады. Олармен араласқың келеді, іздейсің..Саған тілеулес болып жүретін жанашырларың болады, ал оларға сенесің. Сені жақсы көретін адамды қалай жек көруге болады, әрине сенде оны жақсы көресің. Жақсы адамдар өздеріне магнит құсап тартып тұрады. Жақсы энергия дегеніміз осы..Жан жағына тек жақсы энергия тарататын жақсы адамдардың қатарынан болайық. Жымиып жүріңіз, сонда бәріне сүйкімдісіз! Ораза қабыл болсын! ❤️
Read more
Архитектор «Алланың гүлі» мешітінің қандай ерекшелігі болатынын айтты 21 Наурыз 2018 262 ...
Media Removed
Архитектор «Алланың гүлі» мешітінің қандай ерекшелігі болатынын айтты 21 Наурыз 2018 262 оқылым  Архитектор «Алланың гүлі» мешітінің қандай ерекшелігі болатынын айтты ЕЛ ІШІАЛДЫНҒЫБАС МҮФТИ: НАУРЫЗ – ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІКЕЛЕСІНазарбаев қазақстандықтарды ... Архитектор «Алланың гүлі» мешітінің қандай ерекшелігі болатынын айтты

21 Наурыз 2018 262 оқылым 

Архитектор «Алланың гүлі» мешітінің қандай ерекшелігі болатынын айтты

ЕЛ ІШІАЛДЫНҒЫБАС МҮФТИ: НАУРЫЗ – ІЗГІЛІК ПЕН ИГІЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІКЕЛЕСІНазарбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Биыл Астанада тағы бір айшықты құлшылық үйі салынады. Бұл мешіттің жобасы еліміздегі басқа мешіттерден бөлек болмақ. Жобаның авторы – Сағындық Жанболатов. Ол – «Мәңгілік ел» триумф аркасы мен «Хазірет Сұлтан» мешіті жобасының авторы. Беделді архитектор Baq.kz тілшісіне аталған мешіттің несімен ерекшелетінін мәлім етті.

Елордадағы Қорғалжынға апаратын тасжолдың бойындағы көпір маңайында, С 409 көшесінде жаңа мешіттің құрылысы басталған.
Осы жолы Сағындық Жанболатов дәстүрден алыстап, мешітті заманауи символизм және авангард стилінде тұрғызуды жөн санапты. 

Астанада бой көтеретін мешіттің шартты атауы - «Алланың гүлі». Ол 2 қабаттан тұрады. Онда бір мезгілде 300 адам құлшылық ете алады. Жоба авторы аталған мешіттің несімен ерекшеленетінін айтты. «Мешіттің сыртына қарасаң, ол киіз үй секілді. Бірақ оның қырлары мен терезелері көп. Ал мешітке жоғарыдан қарасаң, ол лотос гүлі іспетті. Мешіттің іші – өте кең әрі жап-жарық. Ондағы терезелер кішкентай. Сондықтан күннің шұғыласы көзіңе тимейді. Сонымен қатар біз михрабты (Мешіт қабырғасындағы Меккеге бағытталған қуыс белгі. Намаздағы имамның орны, әрі мінажат етушілерге арналған құбыла - автор) алға шығардық. Михраб – жеп-жеңіл. Сондай-ақ, мешіттің мұнарасы әйнектен жасалады. Онда имам отырады», - деді архитектор.

Автор мешіттің жобасы 9 айда дайын болғанын айта келе, құлшылық үйінің қашан ашылатынын хабарлады. «Жобаны дайындауға 6 айдан 1 жылға дейінгі уақыт берілді. Ал біз мешіттің жобасын 9 айдың ішінде бітірдік. Ол 9 мамырда пайдалануға беріледі. Құлшылық үйінің сырты мен іші дайын. Бірақ оның маңайында абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажет. Яғни ол жерде ағаш егіп, жол салу керек. Осы жұмыстар аяқталған соң, мешіттің жан-жағы әдемі болады», - деді Сағындық Жанболатов.

Сөз соңында белгілі архитектор «Алланың гүлі» мешіті не себепті ерекше формада салынғанын түсіндірді. «Аталған жобаны дайындау үшін біз бір команда б
Read more
Қазақта «Алтын сәндікке, күміс емдікке» деп айтады. Қазақ күмісті көп пайдаланған. Өйткені, күмістің қасиеті көп. Баланы қырқынан шығарар кезде күміс салатын себебі, біріншіден, судың күшін күшейтеді, екіншіден, залалсыздандырады. Ұлдарға да, қыздарға да күміс сала береді. Ал, ... Қазақта «Алтын сәндікке, күміс емдікке» деп айтады. Қазақ күмісті көп пайдаланған. Өйткені, күмістің қасиеті көп. Баланы қырқынан шығарар кезде күміс салатын себебі, біріншіден, судың күшін күшейтеді, екіншіден, залалсыздандырады. Ұлдарға да, қыздарға да күміс сала береді. Ал, суға ақша салуға болмайды. Ақша өте былғанышты нәрсе, оны қанша жуғанмен, бойында энергия қалып қояды. Сондай-ақ, баланы қырқынан шығару кезінде жаман әдет пайда болыпты. Оңтүстік жақта баланы 20 күн толғанда шығарады екен. Бұл не сұмдық десем, біз күн мен түнді есептейміз дейді. «Жарайды, онда күн мен түнді есепте де, әйеліңе 4,5 айда бала туғызып ал» дедім. Расында ғой. Қырқынан шығарды деген жырларда да, ертегілерде де кездеседі. Ал 20 күнде қырқынан шығарды деген жоқ. Қазақ деген сұмдық данышпан халық болған. Қырық күннің қасиетін қазақ атам ерте  заманнан білді. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 42 күнді айтады. Бұл бала үшін де, ана үшін де қауіпті. Қазақ осыны қайдан білді? Неге келінді 40 күн суық суға қолын салғызбай, шаруаға салмай күтті? Келінді тұңғышынан соң қатты күтеді. Ал, бала 40 күнге дейін әлі жердің баласы емес. 40 күннің ішінде баланы сүйгізбейді, қолға алып жүргізбейді.  40 күндік баланың көзі көрінбейді, ал қырқынан қалай шығады, көзі жылтырап қалады. Не үшін қырқынан шығарады? 40 күннен соң ет пен сүйек бірігеді, ал оған  дейін ұстап көрсең баланың буын еті былқылдап жатады. ❤❤❤
Автор: Зейнеп Ахметова
#дәстүр #салт #қырқынаншығару #күмісқасық #күмісыдыс #күмістабақ #серебреннаяложка #серебро #күміс
Read more
Туған күніңмен Жаным<span class="emoji emoji1f618"></span><span class="emoji emoji2764"></span>️Сендей мінезі де,өзі де көркем қызды дүниеге әкелген ата-анаңа алғыс<span class="emoji emoji1f64c"></span>🏻<span class="emoji emoji1f618"></span>Саған ...
Media Removed
Туған күніңмен Жаным️Сендей мінезі де,өзі де көркем қызды дүниеге әкелген ата-анаңа алғыс🏻Саған бар жақсылықты тілесем де аздық ететін шығар.Әрқашан "Бақыт" құшағында бол!Ешқашан мойыма!Аңсаған армандарың Алланың қалауымен орындала берсінӘрқашан айналаңа нұрыңды шашып ... Туған күніңмен Жаным😘❤️Сендей мінезі де,өзі де көркем қызды дүниеге әкелген ата-анаңа алғыс🙌🏻😘Саған бар жақсылықты тілесем де аздық ететін шығар.Әрқашан "Бақыт" құшағында бол!Ешқашан мойыма!Аңсаған армандарың Алланың қалауымен орындала берсін😘😘Әрқашан айналаңа нұрыңды шашып жүре бер🌞🌹Осы әдемі болмысыңнан тайма!15 жыл бойы әрдайым жанымнан табыла білген адал,қамқор,жанашыр құрбым❤️сендей асыл жанды жолықтырған Аллаға алғыс🤲🏻Жақсы көрем❤️Сағындым😘😘
Read more
Ертеңгі күні баланың тағдыры қалай болады, қандай болады, осыны ойламай, өздерінің аз күнгі қызығы ...
Media Removed
Ертеңгі күні баланың тағдыры қалай болады, қандай болады, осыны ойламай, өздерінің аз күнгі қызығы үшін әрекет жасайтындар көп. Бәрі сыйластықтан басталуы керек. Мәселен, біздің кезімізде «әкең келе жатыр» деген кезде тікемізден тік тұратынбыз. Әкеміз соншалық қатал болған жоқ, ... Ертеңгі күні баланың тағдыры қалай болады, қандай болады, осыны ойламай, өздерінің аз күнгі қызығы үшін әрекет жасайтындар көп. Бәрі сыйластықтан басталуы керек. Мәселен, біздің кезімізде «әкең келе жатыр» деген кезде тікемізден тік тұратынбыз. Әкеміз соншалық қатал болған жоқ, бірақ әкеміздің бір қарағаны-ақ жеткілікті болатын. Мысалы, шешеміз өзі шеше салатын мәселе болса да, «әкелеріңмен ақылдасайын», «әкеңнен сұрайық»  дейтін. Бұл – ер азаматтың басын ардақтау. Анаң сөйтіп әкеңді ардақтап тұрғанда, сен де оны сыйлайсың, кейін өз отбасыңда қолданасың.

Бірде  Бақытжан ағаларыңды төркініме жамандап барамын деп, шешемнен таяқ жегенмін. Өзім бір топ ұлдың ішінде жалғыз қыз едім. Үйімде жүргенде алшаң басып, ерке болдық. Бірақ, шешем «жалғыз болсаң өзің жалғызсың, қылығың жалғыз емес» деп ұрсатын. Мен 8-9 жасымда нанды дөп-дөңгелек қылып жаятынмын, 5-6 жасымда кесте тігетінмін, соның бәрін шешем үйретті. Ал енді қазір солай үйретіп жүрген шеше бар ма? Жалғыз өзім үйіме жетіп барсам: «Тұрмысқа шыққан қыз тек қана күйеуімен бірге келуі керек. Жалғыз келуші болма. Әкенің үйі тұрмысқа шығып кеткен қыз үшін қайтып үй болмайды. Ол тек қана сағынып, аңсап келіп, аунап-қунап, бір еркінсіп кететұғын құтты мекен ғана болып қалады», – дейтін  шешем.

Келін тек қана күйеуге ие болмайды. Ол қайын ата, қайын ене, қайны, қайынсіңлі, қайнаға мен абысын, тағы да басқа толып жатқан туыстарына, бүкіл әулетіне ие болуға барады. Ал, «бір-бірін жақсы көрсе болды» деген жай сөз. Одан бір шикілік шықпай қоймайды. Мысалы, «Қызға қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю» деген бар. Бұл қырық үйден үлгі-өнеге көру, қала берсе қара күңнен де бір жақсылықты үйрену деген сөз.

Қазір, ең жаманы, тұрмысқа шықпай, некеге тұрмай жатып бірге тұратындар көбейді. Бұл біздің мұсылмандығымызға да, қазақшылығымызға да жат нәрсе. Айналып келгенде, «қызы тәрбиесіз елдің іргесінен ырыс кетеді», тұнығы лайланады. Өйткені, бүгінгі қыз – ертеңгі келін, болашақ ана, болашақ ене. Олай болатын болса, қыздардың мойнындағы міндет, парыз ұшан-теңіз.
Автор: Зейнеп Ахметова
#қазаққызы #менқазаққызы #салтдәстүр #казақша #дәстүр #салт #келін #қыз #ене #ана #әйелбақыты
Read more
«Әр күні таңертең мүшелер тілге мынадай деп жалбарынады: Біздің атымыздан сөйлегенде Аллаһтан ...
Media Removed
«Әр күні таңертең мүшелер тілге мынадай деп жалбарынады: Біздің атымыздан сөйлегенде Аллаһтан қорқ, жаман сөз айтпа, бізді отқа тастама! Біздің дінге мойынсұнып немесе мойынсұнбауымыз саған байланысты. Сен дұрыс болсаң, біз де дұрыс боламыз. Сен бұрыс болсаң, біз де боламыз" -дейді ... «Әр күні таңертең мүшелер тілге мынадай деп жалбарынады: Біздің атымыздан сөйлегенде Аллаһтан қорқ, жаман сөз айтпа, бізді отқа тастама! Біздің дінге мойынсұнып немесе мойынсұнбауымыз саған байланысты. Сен дұрыс болсаң, біз де дұрыс боламыз. Сен бұрыс болсаң, біз де боламыз" -дейді екен. "Адам баласы жақсы сөз айтсын немесе үндемесін"
.
.

Дәуіттің (ғ.с.) баласы Сүлеймен де (ғ.с.) адамдарға: «Егер сөйлеу - күміс болатын болса, сөйлемей тыныш тұру - алтын»- деп түсіндірді. .
.
Тура сол сияқты пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) бір кісі келіп:
«Ей, Мұхаммед (с.ғ.с.): Маған мені жәннатқа кіргізетін амалдарды айт!- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ол кісіге былай деді: «Аш қалғанға - тағам, шөлдегенге сусын бер, жақсылыққа бұйыр, жамандықтан қайтар. Егер бұған да шамаң келмесе, онда жақсы сөз айт, жаман сөзден тіліңді сақта».
.
.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадис-шарифте мүміндердің сөздері қандай болуы керектігін былайша түсіндіреді:
«Мүміннің тілі жүрегінің түбінде болады. Егер бір нәрсені айтқысы келсе, оны жүрегімен тексеріп көреді, кейін тілімен айтады. Екіжүзді адамның тілі жүрегінің бергі жағында болады. Егер бір сөзді айтқысы келсе, айта салады, оны тексеріп көрмейді». Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімнің сөзі көбейсе, қателесуі көп болады. Кімде-кімнің қателесу көбейсе, күнәсі көбейеді. Кімнің күнәсі көп болса, тозаққа лайық болады»- деген.
.
(Бізде таң атты, бүгінгі күн берекелі болсын. Сіздерге қайырлы түн)
Read more
Түздегі соғыста немісті тізе бүктіріп, жеңіске жеткенімізбен, үйдегі керіске ешқашан нүкте қойылған емес. Соның әнмен суреттелген нұсқасын сіздер де тыңдап, шәй орамалды кептіріп, ары қарай татту тәтті күн кешсін деген ниетпен осы әнді Самат екеуміз жанұялық достарымыз Айдын мен ... Түздегі соғыста немісті тізе бүктіріп, жеңіске жеткенімізбен, үйдегі керіске ешқашан нүкте қойылған емес. Соның әнмен суреттелген нұсқасын сіздер де тыңдап, шәй орамалды кептіріп, ары қарай татту тәтті күн кешсін деген ниетпен осы әнді Самат екеуміз жанұялық достарымыз Айдын мен Келбеттің орындауында ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

#Жаңа ән #Тұсаукесер
Айдын мен Келбеттің орындауындағы "Мылтықсыз майдан" әнін @AGUGAI сайтынан тыңдап, жүктей аласыздар.
#айдынкелбет
#мылтықсызмайдан
@aidyn_kelbet_official
@kelbet_official
Сөзі:@zhamankulov_kuanysh
Әні:@samatryspanbet_official
#ҚЖаманқұлов
#KZ
_____________________________________
9-майға қатысы жоқ😊
_____________________________________
МЫЛТЫҚСЫЗ МАЙДАН

Келбет:

Жаным жаным мен сенен
Болғаннан соң сəл төмен
Ойымды айтам жай ғана əнменен

Атың ғана бар деген
Затың ғана жар деген
Үйге енесің бірге таңменен

Талай талай талай рет
Солай солай солай деп
Айтқаныңа сеніп келемін

Көңіл күйің бар ма-ай деп
Қал жағдайың қалай деп
Сұрамайсың неліктен менің

Айдын:
Бірде туыс, дос десем
Кейде үйге кеш келсем
Бəрі бəрі сендер үшін де

Секірмеймін серт берсем
Еркек қой деп ескер сен
Сеніміңе селкеу түсірме

Талай талай талай рет
Солай солай солай деп
Айтқан саған сол расы сөздің

Күдіктенбе олай көп
Еркек болу оңай деп
Ойлайсың ба ойлашы өзің

Келбет:

Жаным саған сенбей қайда барам
Сөнбейтін сен дейтін сезім барда
Болам да жар болған соң жай ғана алаң
Бағым да барым да өзің ғана

Айдын:
Өзім ақ сезген едім
Өзгерем сөз беремін
Ұзасам енді сенен
Аз жүріп тез келемін

Өзгеден өзгерегім
Өзіңсіз не істер едім
Баянды бақыт қана
Аяулым көздегенім

Келбет:
Қабырғаңның бір қылы
Мен əйелмін біл мұны
Жүрек тұста тік орналасқан
Айдын:
Сегіз қырлы бір сыры
Мен еркекпін үлгілі
Жанұямыз жұбы жарасқан

Бірге:

Талай талай талайдың
Көзі тоймай қарайтын
Жұп болайық жарасқан жаным

Бақыт пенен арманға
Жеткізетін жалғанда
Жол табайық адаспай жаным
Read more
Достар, менің тағы бір жақсы жаңалығым бар. Қандай да бір қиындықтан шығу үшін адам өзгеру керек ...
Media Removed
Достар, менің тағы бір жақсы жаңалығым бар. Қандай да бір қиындықтан шығу үшін адам өзгеру керек жаққа. Білеміз дейміз, бірақ білмейтініміз көп. Осы орайда Жанар досымның @janar_baisemizova авторлық семинарына қатысуға кеңес берер едім. Өзінің білімімен бөлісуге дайын құрбыма сәттілік ... Достар, менің тағы бір жақсы жаңалығым бар. Қандай да бір қиындықтан шығу үшін адам өзгеру керек жаққа. Білеміз дейміз, бірақ білмейтініміз көп. Осы орайда Жанар досымның @janar_baisemizova авторлық семинарына қатысуға кеңес берер едім. Өзінің білімімен бөлісуге дайын құрбыма сәттілік тілеймін. Аз уақыт қалды, асығыңыздар. Жанарчик, мен саған тілекшімін! Сенің білімің көпке керек! Алға❤️❤️❤️!🌝 "ЕШНӘРСЕГЕ ҚАРАМАСТАН
БАҚЫТТЫ БОЛ!" АҚТӨБЕЛІК АРУЛАРДЫҢ сұрауы бойынша!
ДІН, ФИЛОСОФИЯ, ОЙ, ТӘЖІРИБЕ, ПАЙЫМ
араласқан авторлық тренингке шақырамын! "ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫ" жобасының авторынан! "ЕШНӘРСЕГЕ ҚАРАМАСТАН БАҚЫТТЫ БОЛ!

Махаббатпен қабылдайсыздар деп үміттенемін! 🌻🌻🌻 Қозғалатын мәселелер:
🕯Рухани ПРАКТИКА-БАЙЛЫҚТЫҢ бастауы! 🕯Қабылдау. Мойынсұну. 🕯Ішкі монологты қалай тоқтатамыз немесе миды бағындыру мүмкін бе? 🕯Күн тәртібі.
🕯ТАЙМ МЕНЕДЖМЕНТ әйелдер үшін. 🕯Чакра туралы түсінік. 🕯12 минут құпиясы. 🕯Құрметтеу - тағдырға ықпал ете ме? 🕯Бала табысты болуы үшін нені білуі керек? 🕯Карманы жақсарту жолдар.🕯Мақсатқа жетудегі жолдар. 🕯Алғыс сиқыры. 🕯Періштелермен сөйлесу. 🕯Медитация 🕯
Медитация-КЕШІРІМ
МЕДИТАЦИЯ - СЫЙЛЫҚ ЖАСАУ
МЕДИТАЦИЯ-АҚША ЧАКРАСЫ. ❤❤❤ Тіркелу үшін -Сымбат.
What's up +77054443501
Бұл кездесуден өміріңіз өзгеріп кетпейді.
Бірақ өміріңізді өзгертуге қажетті механизмдермен танысасыз.
Сіз алатын ілім өзіңізге ғана емес, ұрпағыңызға дейін беріледі.
Мен Сіздерді күтемін! #Аллажарболсын
Read more
Əріптестердің бас қосуы. @kuanyshsultanuly @eqojahmet ағаларыммен.... ....Жалпы бұл үш кісіні ...
Media Removed
Əріптестердің бас қосуы. @kuanyshsultanuly @eqojahmet ағаларыммен.... ....Жалпы бұл үш кісіні ТЕЛЕВИЗИЯ саласы байланыстырады. Ал қазір түлектердің мамандық таңдап жатқан сəті ғой. Ендеше орайы келгенде пост арнайын осы мəселеге. ... Араларыңызда ЖУРНАЛИСТИКАҒА барғысы ... Əріптестердің бас қосуы. @kuanyshsultanuly @eqojahmet ағаларыммен....
....Жалпы бұл үш кісіні ТЕЛЕВИЗИЯ саласы байланыстырады. Ал қазір түлектердің мамандық таңдап жатқан сəті ғой. Ендеше орайы келгенде пост арнайын осы мəселеге.
... Араларыңызда ЖУРНАЛИСТИКАҒА барғысы келетіндер көп шығар. "Мен сіз сияқты журналист-жүргізуші болғым келеді, бірақ мамандығым басқа. Мен журналист болсам деймін түсе алмасам қайтемін" деген сауалдар өзіме көп қойылып жүреді. Ендеше қай жаста болсаңыз да айтарым : -Журналист болып адам туылады. Егер сіз осы мамандық үшін жаралған адам болсаңыз ӨМІР ӨЗІ СІЗДІ БАҚ САЛАСЫНА, СОНЫҢ ІШІНДЕ ТЕЛЕВИДЕНИЕГЕ АЛЫП КЕЛЕДІ. Ендеше дəл қазір журналистика факультетіне түсе алмасаңыз немесе басқа салада жүрсеңіз САЛЫҢЫЗ СУҒА КЕТПЕСІН. Мына суреттегі ҮШ АДАМ ДА НЕГІЗІ ЖУРНАЛИСТ емес. Ал жүйелі айтсам ЖУРНАЛИСТ НЕ ЖҮРГІЗУШІ болып жүргендердің шамамен 70 % басқа саланың мамандары. Бірақ олардан жаман маман шықты деген сөз емес.
Мысалы мен АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ МҰҒАЛІМІМІН. Мен ағылшыннан гөрі журналистиканы жақсы білемін. Жүргізушілікті де.
Ендеше менің қабілетім осы салаға бейім. Өмір өзі жетелеп бұл салаға алып келді. Мен берілген мүмкіндікті жібермеу үшін ЕҢБЕКТЕНДІМ. Соның арқасында ТЕЛЕВИДЕНИЕНІҢ маманы болып шықтым.
Сол секілді сіз де осы дүниені армандасаңыз осы дүниемен "ауырыңыз". 🔴Шын "ауырсаңыз" жұмысқа тұру үшін кеңес берейін.
Телевидениеде өте əділ СИСТЕМА бар. Ол үшін алдымен кез-келген арнаға барып "МЕН ТЕГІН ЖҰМЫС ІСТЕЙІН ДЕП ЕДІМ" дейсіз. Жаңалықтар бөлімін қаласаңыз жаңалықтар, бағдарлама болса бағдарламалар бөліміне барасыз.
..🔴 Алдымен охранаға қай бөлімге келгеніңізді айтасыз. Сізге сол бөлімнен бір адам шығуы керек. Тегін жұмыс күші кімге де болса керек.😊 Егер редактор берген тапсырманы тастай қылып орындасаңыз, талантыңызбен көзге түссеңіз сізді ВАКАНСИЯ болғанда ЖУРНАЛИСТ қылып жұмысқа алады. Бірақ завтрак, обед дегендері ұмытуға дайын болсаңыз.☝ Журналист ұшып жүріп жұмыс істейді. Менің де бір съемкадан екіншісіне ҰШЫП ЖҮРГЕН КЕЗДЕРІМ БОЛДЫ. Егер дауысыңызбен, кадрда өзіңізді ұстауыңызбен көңілден шықсаңыз сізге кейін ЭФИР ТІЗГІНІН БЕРЕДІ. Талай адамның осылай эфирге шыққанын көрдім.
#гүлназдыңжазбасы #ұллтықарна #жұлдыздар
Read more
Менің Шым қаладағы шебер сіңілім @rano_makeup_shymkent Раномның туған күні бүгін ! АЛЛАНЫҢ ...
Media Removed
Менің Шым қаладағы шебер сіңілім @rano_makeup_shymkent Раномның туған күні бүгін ! АЛЛАНЫҢ менің жағалауыма жіберген жақсыларының бірі ! Алтыным аңсаған армандарыңа адаспай жетуіңді тілеймін ! Менің Шым қаладағы шебер сіңілім @rano_makeup_shymkent Раномның туған күні бүгін !
АЛЛАНЫҢ менің жағалауыма жіберген жақсыларының бірі !
Алтыным аңсаған армандарыңа адаспай жетуіңді тілеймін !
💐💐💐
Салем, кешегі әңгімемнің жалғасын жазайын<span class="emoji emoji1f60a"></span>. Қай нәрседен де қайырын іздеу керек! Жақсы жағын ...
Media Removed
Салем, кешегі әңгімемнің жалғасын жазайын. Қай нәрседен де қайырын іздеу керек! Жақсы жағын ойлау керек! Олай етпесе болмайды! Жане емшінің еміне де,дәрігердің еміне де Аллаға тәуекел етіп, "Алла шипасын бере гөр" деп сену керек! Сенбесең бос жүріс болады. Ауырғанымның жақсы жағы,телефоннан ... Салем, кешегі әңгімемнің жалғасын жазайын😊. Қай нәрседен де қайырын іздеу керек! Жақсы жағын ойлау керек! Олай етпесе болмайды! Жане емшінің еміне де,дәрігердің еміне де Аллаға тәуекел етіп, "Алла шипасын бере гөр" деп сену керек! Сенбесең бос жүріс болады. Ауырғанымның жақсы жағы,телефоннан мықты демалдым. Қыздар, бақыт сол екен😊🙈! Өмірі тыңдамайтын әуендерді тыңдадым. Адамдар туралы ойладым, өмір туралы ойладым. Кура @kuralai_82 досым келіп:"Сен мықтысың, тез тұр,"-деп күш беріп кетті. Ол кеткенше тұрып тұрдым да, кеткен бойда тағы құладым☘️😂.Мен ешқашан ауырғанымды анама айтпайтын адаммын! Сіңілілерімді де солай үйреттім. Менің ауырып жатқанымды інім Русик көріп айтып қойыпты. Әлсіреп жатып,дауысым жетпеді-ау деймін. Негізі: Русик мамаңа айтпашы,-деп,көзімнен жас шығып кетті. Ал, артынан жүгіріп шығуға дәрменім болмады. Содан кешке бар даусыммен телеыоннан:"Орынжан аға ұшықтады,жақсымын женеше! Ештеңеге алаңдама,"-деп алдап едім. Ана жүрегі сенбеген болуы керек,қызымды алып таңертең кіріп келді🙏🙏🙏. Жас әкем де:"Не болды,"-деді.... "Жақсымын",-деп ісіп кеткен көзімді жасырдым. Бүкірлеу де болып қалыппын, төрт күн жатқаннан болуы керек. Жас шешем:"Жаман айтпай жақсы жоқ, ең болмаса қызын көріп қалсын деп,"-келдім деп қарап отыр😊🙈... «Ой қойыңыз, Алладан ұзақ жас сұрап жүрміз",-дедім. Алла біледі кімге неше жас берерін, қанша нәсібе берерін! Оны адам ешқашан білмейді. Бірақ,"сақтансаң сақтармын" дегендей жүрісті сүзгіден өткізіп, арасында он күндей ештеңеге қарамай демалуды міндеттеп отырмын! Жане де қанша адамның өзіңе тілекші екенін білгеннен асқан бақыт бар ма достар? Ғажайып сезім! Сөзбен жеткізе алмаймын! Сүйгенді сүй демекші, мен өзімді сүйген жандарды сүюге ниеттімін. Сол жандардың маxаббатына шомылып сүймеген жандарды да құшағыма алмақпын!Аллаға мың шүкіршілік етемін! Тәуба! Ауырғаным үшін ризамын!Денсаулықтың қадірін білейік достар! Кешегі көйлегім де мына көйлегім де @matlyuba_atelier апамның тігіп бергені, ризамын апа. Денсаулығыма неше күннен алаңдап та қиналып кетті өзі, уайымдамаңыз @nur_shah_kazakhstan, @aida_kaumenova_kz сіздердің үшеуіңіздің көйлектеріңізді кім киеді мен ауыра берсем🌹😊. Тууу, тағы сыймай қалды ойым☘️.Жалғасы бар.. #Аллажарболсын
Read more
@muslim_shop.aktobe @muslim_shop.aktobe @muslim_shop.aktobe ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТЕН ТОЛЫҚҚАНДЫ ...
Media Removed
@muslim_shop.aktobe @muslim_shop.aktobe @muslim_shop.aktobe ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТЕН ТОЛЫҚҚАНДЫ ҚҰТЫЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ... БҰЛ РАС! СЕНБЕСЕҢІЗ АСТЫН ОҚЫҢЫЗ Жыныстық мүшеңізді тарылтуға арналған әлемге әйгілі Virgin Star крем-гелі!!! Жыныстық мүшенің кеңейіп әлсіреуі неге алып ... @muslim_shop.aktobe
@muslim_shop.aktobe
@muslim_shop.aktobe

ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТЕН ТОЛЫҚҚАНДЫ ҚҰТЫЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ💯... БҰЛ РАС! СЕНБЕСЕҢІЗ АСТЫН ОҚЫҢЫЗ👇
Жыныстық мүшеңізді тарылтуға арналған әлемге әйгілі Virgin Star крем-гелі💎!!!
Жыныстық мүшенің кеңейіп әлсіреуі неге алып келеді?
Жыныстық мүшеңіздің бұлшық еті босаңсып кеткенде (әдетте бала туғаннан кейін және т.б. сыртқы факторлардан барлық әйел адамында болатын жағдай), бұл ыңғайсыз әрі денсаулыққа кері әсер ететін жағдайларға алып келуі мүмкін:
Несепағар жыныс жүйесінің инфекцияға әлсіз болуы;
♀ Қынап микрофлорасының жағдайының нашарлауы;
♀ Бала көтеруден қиындық туындауы;
♀ Өте ауыр бала босану жағдайлары;
♀ Жамбас бөлігіндегі органдардың түсіп кету қаупі;
♀ Жыныстық қатынас сапасының төмендеуі. ☝Жыныстық мүше әр түрлі жағдайдан әлсірейді. Аз қимылды өмір дағдысы кезінде, жүктілік және бала босану кезінде, және де жас ұлғаюына байланысты. Бұндай факторлардан сақтану оңай бола бермейді. Осының алдын алатын бірден бір көпке мәлім Денсаулық Сақтау Министрлігінің қолдауынан өткен әйелдерге арналған Virgin Star💎 крем-гелі! Осы гельдің арқасында сіз өзіңіздің жыныстық мүшеңізді сауықтырып, еш уайымдамайсыз! 📲+7 707 432 89 92

@muslim_shop.aktobe
@muslim_shop.aktobe
@muslim_shop.aktobe
Read more
<span class="emoji emoji1f450"></span><span class="emoji emoji1f450"></span><span class="emoji emoji1f450"></span> Ешкімнен ештеңені қызғанып керегі жоқ. Алла бəріне игілікті береді. Тек игілікке ие болу ...
Media Removed
Ешкімнен ештеңені қызғанып керегі жоқ. Алла бəріне игілікті береді. Тек игілікке ие болу үшін "сізге сол нəрсе керек пе" немесе "сіз нені қалайсыз" өзіңіз анықтап алыңыз. Сосын қол жайып Алладан сұраңыз. Береді. ...Бір қызық жəйт бар. Кейде жалынып сұрасақ та ол тілек орындалмай ... 👐👐👐
Ешкімнен ештеңені қызғанып керегі жоқ. Алла бəріне игілікті береді. Тек игілікке ие болу үшін "сізге сол нəрсе керек пе" немесе "сіз нені қалайсыз" өзіңіз анықтап алыңыз. Сосын қол жайып Алладан сұраңыз. Береді.
...Бір қызық жəйт бар. Кейде жалынып сұрасақ та ол тілек орындалмай жатады. "Неге бұлай қылдың?"деп "Жоғары жаққа" ренжіп жүресің. Бірақ ішімізге үңілсек ТАҢҒАЛАРЛЫҚ фактіге тап боламыз. Біз оны шын қаламайды екенбіз. Енді біріміз оған дайын емес екенбіз. Құдырет те осыда! Жаратқан біз Одан сұраған тілегімізге сенімді жəне ол игілікке дайын болған кезде ғана тілеуіңді береді. Ал сұрады деп бере салса ол игілік саған жамандық алып келеді. Сол үшін Ол сені ойландыру үшін тілеуіңді бермей ӨЗІҢДІ ТАНУҒА итермелейді.
Мен жақында өз жан-дүниеме үңіліп күнде сұрайтын тілеуіме өзім дайын емес екенімді түсініп таңғалдым. Ол үшін өте тыныш жерде көзді жұмып , бірнеше рет тыныс алып жаңағы ойдағы тілекті елестетіңіз. Болды. Ары қарай миыңызды БАСҚАРМАҢЫЗ. Ойларды управлять етпеңіз. Өзімен өзі жүре берсін. Ұнамайтын ойлар келе бастаса оны бұруға тырыспаңыз. Өйткені бұл сіздің ішкі жан дүниеңіздің шындығы. Сол кезде сіз өзіңіздің ПОДСОЗНАНИЕҢІЗДІ көресіз, сезесіз. Ал бұруға тырыссаңыз өз шындығыңызды көре алмайсыз. Қандай да қолайсыз сезім туса, демек ол сіздің қорқынышыңыз немесе сіздің шынайы қалауыңыз сол. Содан кейін барып "неге бұлай болды, неге мен Алладан күнде сұрайтын тілекті шын мəнінде қаламаймын" деп өзіңіз жауап іздеп есепті шешіңіз. Осылай жасасаңыз ЖАУАП миға САП етіп келе қояды.
Осы техниканы жасап көріңіз. Мен айтқандай болса комментке жазыңыз. ...А, айтпақшы, КЕРЕМЕТ ПСИХОЛОГ болып кеткен жоқпын.😊 Өзім қолданатын дүниелерді бөлісіп отырмын.👍
...Кеше бір оқырман ПОДСОЗНАНИЕМЕН ЖҰМЫС туралы айтыңызшы деп жекеге хат жазған еді...
#гүлназдыңжазбасы #қазақшапсихология
Read more
Салем достар! Мен өте бақыттымын! Ақтау жане Жаңаөзен қаласының менің кездесуіме келіп, сағаттап отырып, кешкі тоғызға дейін тарқамамай жүргені жүрегімді толқытып отыр. Раxмет үлкен! Семинар болмағанымен көп нәрсе айтылды жане тыңдалды. Бәрі тамаша өтті Алланың қалауымен! Барлығыңыздың ... Салем достар! Мен өте бақыттымын! Ақтау жане Жаңаөзен қаласының менің кездесуіме келіп, сағаттап отырып, кешкі тоғызға дейін тарқамамай жүргені жүрегімді толқытып отыр. Раxмет үлкен! Семинар болмағанымен көп нәрсе айтылды жане тыңдалды. Бәрі тамаша өтті Алланың қалауымен! Барлығыңыздың пікірлеріңізге раxмет! Мен енді Атырау мен Бейнеуде өткіземін сосын тоқтатамын,-деп едім, бірақ көп облыстардан xаттар келіп жатыр үлкен өтінішпен. Сондықтан менімен бірге болыңыздар! Менің де білмейтінім көп! Үйренген еш уақытта артық емес. Мен xалық сұраған соң жәй ғана өтінішті орындаған болатынмын. Риза болып алғыс айтқан xалықты көріп алда жасап тұратын болдым. Сіздер үшін тосын сый болып келген, өзінің ілімімен бөліскен менің апам әрі досым, елдің жанашыры, псиxолг Камшат Бекжігітова xанымға үлкен алғысымды білдіремін! Қазіргі заманда уақыттан қымбат не бар? Соған қарамастан мені жане Сіздерді қуантып келген Камшат досыма ризамын! Алла бақ берсін! Алтын тақ берсін @psihologia.kz ❤️❤️❤️!Ол кісінің сөзі де өзі де Сіздерге біраз күш бергендей болды! Кездесімнің ұнағанын айтқанда қатты қуандым❤️☺️. Ал, Ақтаудағы Бақсарай @restoran_baksarai мейрамxанасы ұжымы мен Рая апама жане Жаңаөзен қаласындағы Бозай мейрамxанасы @bozai_meiramhanasy_ ұжымы мен Гүлбаршын апама @gulbarshin.bozai жане бауырларына алғысымды айтамын! Бәрі керемет өтті. Дәл қазір ұшып тұрған көйлегім үшін @nur_shah_kazakhstan сән үйінің басшысы, алтын апам әрі досым Нұрекеңе ризамын! "Бұл кім" дегендерге, Маңғыстаудың тумасы, сынықшы, айтары бар, xалықтың ақ батасын күнде алып жүрген тентек болса да тексіз емес, ақкөңіл болса да ақымақ емес Айнұр қыздарыңыз! Бәріңізді жақсы көремін! Бақыт тілеймін! Аллаға шүкір!❤️❤️❤️ #Аллажарболсын
Read more
Арасында оқырмандарыммен өзім оқыған шығармалардан үзінділер салып ой бөлісіп отырғанды жақсы ...
Media Removed
Арасында оқырмандарыммен өзім оқыған шығармалардан үзінділер салып ой бөлісіп отырғанды жақсы көремін!! Ұйықтар алдында мына бір оқиғаны оқып шығыңыздаршы: . . Ауруханада жасы үлкен егде тартқан кісі емделуде. Əр күні оның зияратына бір жас жігіт келеді. Қариямен бір сағаттан ... Арасында оқырмандарыммен өзім оқыған шығармалардан үзінділер салып ой бөлісіп отырғанды жақсы көремін!!
Ұйықтар алдында мына бір оқиғаны оқып шығыңыздаршы:
.
.
Ауруханада жасы үлкен егде тартқан кісі емделуде. Əр күні оның зияратына бір жас жігіт келеді. Қариямен бір сағаттан көп уақыт бірге болып, тамақтануына, жуынуына көмектесіп жəне аурухананың бақшасына алып шығып серуендетіп қайтады. Сосын қарияның басқа ықтияждықтары қалмағанын біліп, көңілі жайланғанда ғана қайтып кетеді. Күнде осылай жалғаса беретін. Бір күні медбике қарияның жағдайын тексеріп, дəрі-дəрмегін беруге палатаға кіргенде қарияға: - Маа шаа Алла, ата сізге Алла сондай жақсы ұл берген екен. Əр күні сізді көруге келеді, қызметіңізді қылады,- дейді. Қария оған бір қарап қойды да, терең күрсініп: - Ееех... Ұлдарымның бірі болса арманым болмас еді ғой?! Бұл жігіт ауылымыздағы бір жетім бала. Күндердің бір күнінде ата-анасының қазасынан соң оны мешіттің есігінің алдында жылап отырғанын көрдім. Оны жұбатып, халуа сатып алып бердім. Содан кейін онымен көрісіп не сөйлескен емеспін. Жылдар өтіп кетті. Мен жəне əйелімнің қараусыз қалғанымызды біліп, əр күні жағдайымыздан хабар алу үшін біздің зияратымызға келетін болды. Мен сырқаттанып қалдым. Əйелімді өзінің үйіне əкетіп, мені емдету үшін ауруханаға жатқызды. Одан: - Ей балам, не үшін біздің машақатымызды желкеңе алып жүрсің?- деп сұрадым. Ол күлімсіреп: - Сол халуаның дəмі əлі аузымда тұр, - деді.... Қарияның көзінен жас ыршып түсті... Орны болмаса да жақсылық еге беріңіз. Жақсылық қайда егілсе де зая кетпейді. Арадан көп уақыт өтсе де жақсылықтың жемісін сол еккен адам ғана орады.
Бір-бірімізге жақсы сөз айтып,жақсы тілек тілеп жүргеннің өзі айналаңа тигізген жақсылығымыз!!! Қайырлы түн асылдарым!
#кезкелгенгемысалғыпайтажүріңіз #
Read more
"Биіктеу, асулардан асу" деген сөзді жақсы көреміз, біз адамзат. Əсіресе тілек айтқанда жиі қолданатынымыз ...
Media Removed
"Биіктеу, асулардан асу" деген сөзді жақсы көреміз, біз адамзат. Əсіресе тілек айтқанда жиі қолданатынымыз бар. Сол биікке біреулер оңай шығады. Біреу тырмысса да бір нүктеден қозғалмайды. Не істеу керек мұндайда? Одан сайын тырмысу керек. Бірақ сəл тоқтап, тыныстап барып... Өйткені ... "Биіктеу, асулардан асу" деген сөзді жақсы көреміз, біз адамзат. Əсіресе тілек айтқанда жиі қолданатынымыз бар. Сол биікке біреулер оңай шығады. Біреу тырмысса да бір нүктеден қозғалмайды. Не істеу керек мұндайда? Одан сайын тырмысу керек. Бірақ сəл тоқтап, тыныстап барып...
Өйткені бір нүктеден тапжылтпаған Алланың саған əдейі СЫНАҚ жібергенін ұғынып алуға санамыз жете бермейді. Қиындықтар арқылы "өзгер, айналадағы жағдайға көз таста, қамкөңіл адамға мейірім көрсет, ақылыңды сабырмен ұштастыр, біліміңді толықтыр, тым бостығыңды қайраттылыққа ұластыр" дегендей сигнал беріп тұрады. Біз өз мақсатымызға жетіп биікке шығамыз деген ішкі арпалысқа көп күш жұмсап сынақтың миссиясын ұға алмай қаламыз.
...Егер ісің алға баспаса сəл тоқта. Басқа нəрсемен айналыс, басқа мақсатты көзде. Үзіліс алып өзіңнің амбицияңды қазыққа қағып үйренгенде Жаратқан өзі сен ұмытып кеткен басты мақсатыңның шешімін береді. Өйткені осы кезде сен ӨЗГЕРДІҢ. Демек өзің білмей тырыстың. Еш амбициясыз. Барға қанағат қылу арқылы. Ал Алланың сенің жүрегіңе құйғысы келгені де осы еді-ӨЗГЕРУ!
Демек сен жақсы жаққа өзгердің. Егер қиындыққа ұрынсақ жаман болдың деген сөз емес. Бұрынғыдан да ізгілендіргісі келген болар, өзіне деген сенімін күшейткісі келген болар ..."Ал сондай періштедей көрінбесе де биігіне еркін жететін жандар бар ғой" деп сұрақ қоямыз мұндайда. Оларға қызғанышпен не тым қызығушылықпен қарауға болмайды. Оның тағдыры басқа. Ол сен емес. Алланың ол адамға қатысты өз есебі бар. Мүмкін оны да Жаратқан кедергісіз жолмен жақсылыққа бұруға тырысып жатқан болар. Немесе "ашкөзділікке ұрынбай семіздікті көтере алар ма екен?" деген тексерісі болар.
Қалай болса да ешкімнің несібесіне ала көзбен қарамайық.
Əркімнің өз биігі бар. Сен бағаламаған белесің шындығында өзгенің биігінен БИІК шығар...
Түйген ойларымды Шамильдің кітабы толықтырды.
#гүлназдыңжазбасы
Read more
Textile delicate Нәзік маталарды жууға арналған биоөнім Нәзік маталарды жууға арналған биоөнім ...
Media Removed
Textile delicate Нәзік маталарды жууға арналған биоөнім Нәзік маталарды жууға арналған биоөнім жүннен, жібектен және трикотаждан жасалған киімдердің өңін бұзбай, формасын сақтай отырып, түйіншектердің пайда болуын болдырмайды. Көлемі 1500мл Австрияда жасалған Сипаттама Textile ... Textile delicate

Нәзік маталарды жууға арналған биоөнім
Нәзік маталарды жууға арналған биоөнім жүннен, жібектен және трикотаждан жасалған киімдердің өңін бұзбай, формасын сақтай отырып, түйіншектердің пайда болуын болдырмайды.
Көлемі 1500мл
Австрияда жасалған
Сипаттама
Textile delicate-табиғи компоненттер негізінде жасалған, сұйық күйдегі жуғыш құрал. Нәзік маталардың отырып қалуы немесе созылуына жол бермейді.
- Гипоаллергенді
- Экономды
- Табиғат пен адамзатқа қауіпсіз

Кімге қажет?
- Отбасы мен балаларының денсаулығына қамқор
- Қатты иісті ұнатпайтын
- Жинау мен жууға арналған өнімдердің құрамына мән беретін
- Табиғатқа қамқор
- Жоғары сапа- үнемдеудің алғышарты екендігін түсінетін жандарға қажет.

Артықшылығы
- Соя протеиндары талшықтарды қорғап, матаның түсін оңдырмайды, түйіншектердің пайда болуын болдырмайды.
- Сабын жаңғағы, сабын тамыры мен қантты ПАВ негізінде жасалған табиғи құрам
- Теріге зиянсыз, толығымен шайылады
- Экологиялық: табиғатта толығымен жойылады
- Экономды: бір жуудың құны 100тг
- Еуропалық сапа. Әлемдік жоғары стандарттарға сай
Құрамы
Су, сабын жаңғағының экстракты, жаңғақ тамырының экстракты, биоэтанол, калий сорбаты, натрий бензоаты, гуар смоласы, лимон қышқылы, қант ПАВ, миндаль эфир майы, соя протеины изоляты, линалоол, лимонен.

Қолданылуы:
Киімдерді түсіне, матасына, ластану деңгейіне байланысты бөліңіз.
- Машинамен жуу үшін: жеңіл ластануларға – 20мл (1/2қақпақ), орташа ластануларға – 40мл (1қақпақ), қатты ластануларға – 70мл (1+3/4қақпақ) қосыңыз.
- Қолмен жуу кезінде 10л суға 20мл (1/2мл қақпақ) қосыңыз.
Жібек, синтетика, кружева, лен, кашемир, вельвет, жүн, шифон маталарды жууға арналған.
Кез келген қатаңдықтағы және 40С температурадағы суда қолдануға болады.
Ақ, түсті және қара киімдерді бірге жумаңыз, түсі шығуы ықтимал.
Жүннен жасалған киімдердің талшықтары басқа киімге жабыспауы үшін бөлек жуған абзал.
Өнімнің жеке компоненттерін көтере алмаған жағдайда қолдануға болмайды.
Read more
Жаным ботам Айзошым 🤗,алтын сіңлім😙 @aizu23 Туылған күніңмен🥂🥂 . Қай кезде қайғымды да , қуанышымды🤣🤣 да бірге бөлісіп, іздесем🤗🤗 əрдайым жанымнан табылатын аппақ сіңлім . Аллаға мың шүкір ‍♀️жаным бүгін міне 24 ке толып жатырсың . Саған айтылар тілек ешқашан ... Жаным😍 ботам😉 Айзошым 🤗,алтын сіңлім😙 @aizu23 Туылған күніңмен🌺🌺🌺🌹🌹🌹🎂🎂🎂🍰🍰🍫🍫🥂🥂 . Қай кезде қайғымды 😥😥да , қуанышымды🤣🤣 да бірге бөлісіп, іздесем🤗🤗 əрдайым жанымнан табылатын аппақ😁😁 сіңлім . Аллаға мың шүкір 👩‍👧🙆‍♀️👸жаным бүгін міне 24 ке толып жатырсың . Саған айтылар тілек ешқашан таусылмайды күнім🌞🌞🌞 . Əлемдегі бар жақсылықты өзіңе тіледім🌏🌍 . Қосағыңмен🤵👰 қоса ағарып мəңгі бірге бақытты болыңдар . Аңсағандарыңа жетіңдер . Періште💫💫 бауырым жүзіңнен күлкі🤣🤣🤣 ешқашан кетпесін . Əпкем👩‍👧👩‍👧 деп екі қолыңды көтеріп қай тірлікте болмасын қасымнан табыласың . Рахмет жаным . Бұл əлемде сенен артық жан жоқ . Ешқашанда қабағыңды мұң шалмасын . Мен сені жақсы көремін .😘😘😘Сен менің қайталанбас бауырымсың .
#туғанкүніңмен
#сднёмрождением
#поздравляю
#ятебялюблю
#золотце
#бақыттыбол
@aizu23
Read more
Өлгеннен 30 минуттан кейін денеде рефлекс деген ештеңе қалмайды. Сүйектер босансығаннан кейін ...
Media Removed
Өлгеннен 30 минуттан кейін денеде рефлекс деген ештеңе қалмайды. Сүйектер босансығаннан кейін ауыз бен көз шарасы ашылып қалады. Босалту жүйесі де толығымен босаңсып, жеңіл дәрет ағып кетеді. Өлімнен 24 сағат өткеннен кейін дене шіри бастайды. Бактериялар өз жұмысына кірісе ... Өлгеннен 30 минуттан кейін денеде рефлекс деген ештеңе қалмайды.

Сүйектер босансығаннан кейін ауыз бен көз шарасы ашылып қалады. Босалту жүйесі де толығымен босаңсып, жеңіл дәрет ағып кетеді.

Өлімнен 24 сағат өткеннен кейін дене шіри бастайды. Бактериялар өз жұмысына кірісе бастайды.
Бірінші болып шіритін ағзалар көз, ми және ішек-қарындар.

Мәйіт семіз болса тез шіриді, тұзды суда буылып өлгендердің шіруі бәсең болады.

Соңында шіритін мүшелер жүрек, қуық, бүйрек.

Алғаш шірігені үшін азқазан мен ішектерде бактериялар көбейе бастайды, соның салдарынан қарынға жел толады.
Бұл жел қарынның ісуіне себеп болады. Терінің жоғары жағына су жинала бастайды, денеде біріккен күкірт қышқылынан дененің түсі қарайа бастайды.
Күн сайын ісе бастаған қарын жарылады және кеуде төмендейді. Бұл жағдайда қабірдің үстінен естілетіндей қатты дыбыс шығады.

Шамамен 4 жылдан кейін адам толығымен сүйек болып қалады.
Әдемілігің, сұлулығың, байлылығың, тәкәппарлығың, атақ-даңқың қайда қалды? Жер бетінде тәкәппар, кішкентай тауларды мен жараттым экосындағылар, өзінің кішкентай миымен басқа адамдарды төмен санайтындар, өмірді кішкентай сәттіліктер мен өткінші жеңістерімен мақтанып жүретіндердің соңы осы.

Ақшаның сатып алған адамдардың соңы осы. Атақ-даңқ үшін өзін сатқандар, достарын сатқандар, қиындыққа ұшыраған адамдардың үстінен езіп қорлайтындардың соңы осы.

Сұлулығымен, өмірі бойынша жүзін әрлеумен, денесі құрғамасын деп әр күні қымбат кремдер жағып жұмсатылған дененің соңы осы.

Өмірін фитнестерде айнаның алдында өткізіп, мақсаты денесін әдемілеп сомен инстаграмға сурет қойатын кісілердің соңы да осы.

Оқыңыз, білім алыңыз, жұмыс істеңіз, жеңістеріңіз көп болсын, адамдарға пайдаңыз тисін бірақ өмірді үлкейтпеңіз. Өзіңізді үлкейтпеңіз. Тәкәппар болмаңыз. Қолымызда тек қана жасаған жақсылықтарымыз бен жасаған жақсы амалдарымыздан басқа ештеңе қалмайды.
Read more
Бүгін менен ұстаз "Кішкентайыңда өмірдің не екенін үйдегі үлкендер қалай жеткізген еді?", "Жақсы ...
Media Removed
Бүгін менен ұстаз "Кішкентайыңда өмірдің не екенін үйдегі үлкендер қалай жеткізген еді?", "Жақсы мен жаманның аражігін айыруды қалай үйретті?", "Саған деген маxабаттарын қандай сөзбен, қандай әрекетпен білдірді?" деп сұрақ қойғанда, сенесіз бе, жауап таппадым. Сөйтсем менімен ... Бүгін менен ұстаз "Кішкентайыңда өмірдің не екенін үйдегі үлкендер қалай жеткізген еді?", "Жақсы мен жаманның аражігін айыруды қалай үйретті?", "Саған деген маxабаттарын қандай сөзбен, қандай әрекетпен білдірді?" деп сұрақ қойғанда, сенесіз бе, жауап таппадым.
Сөйтсем менімен бала күнде ешкім сөйлеспепті, сырласпапты. Шүкір, бар жерде дүниеге келдім, ата-ана, бауырларым да бар. Бірақ ешкімнің менде шаруасы болмаған екен. Даңғарадай үйдің кішкентай бұрышында ойнап отыратынмын, ешкімнің мазасын алмағаныма үйдегілер де риза. Жалғыз өзім. Қуыршақтарым мен кітабым ғана бар.
Кеңестік идеологияға қызмет ететін ата-анам бар уақытын жұмысқа сарп етті. Жастары үлкен үш бауырым өз-өздерімен. "Үлкендердің сөзін тыңдама, бөлмеңе бар" деп қуатын үнемі. Қонақ келсе де, өздері шәй ішсе де "Ішіп болсаң ана жаққа бар" деген шектеу көп болды бізде. Тек шектеу. Қыздың қай кезде бойжететінін, оның болашақ Ана екенін, жігітпен танысса, арасында Үлккеенн сезім болып, онымен отбасы құратынын ешкім айтпайтын... Тек мен ғана емес, мен білетін қатарымның бәрі осылай өз-өзімен өсті. Ақыл айтар, сырласар, бағыт-бағдар беретін ешкім болмапты бізде.
Кейін көкейімде бір сұрақ пайда болды: "Неге бала күнімнен мінезім бірбеткей? Ешқашан ешкімнің ойымен жүрмеймін, ақылын тыңдамаймын. Дұрыс болсын, бұрыс болсын, өзімдікін істеймін. Неге? Бұл қайдан келген мінез?"
Сөйтіп астрология мен псиxологияны зерттей бастадым:
Астрологияға келсек, кәсіби астрология бойынша- планетам салқын да, бірбеткей салқын Сатурн. Бұл түсінікті).
Ал псиxологияға келсек, бірбеткейлік, іштей жалғыздық-бала күніңнен тұйық боп өсуден пайда болатын мінез екен. Себебі саған ешкім ақыл айтпайды, жол көрсетпейді, өз ақылың өзіңе, үлкендердің қатесін іштей қайталамауға уәде беріп өз-өзіңмен бойжетесің. Қалыптасқан мінез өзгермейді, өскенде де ата-анаң, бауырыңнан еш ақыл сұрамай, өз-өзіңмен, "алыс" өмір сүресің...
Сондықтан балаға бір ғана материалдық жағдай аздық етеді, балаға туғаннан көңіл бөлу керек, сырласып, ақыл айтып, бағыт-бағдар беріп отыру керек екен...
Соңғы кезде "ақшаны сүйсең ол да саған магнитше тартылады" деген тіркесті жалау етіп алдық, өмірге келген соң жақсы киініп, дәмді тамақ ішіп, қымбат көлік мінгіміз кел
Read more
Халықтың отандық медицинаға деген сенімі күннен-күнге сөніп барады. Алматыда туғанына не бәрі ...
Media Removed
Халықтың отандық медицинаға деген сенімі күннен-күнге сөніп барады. Алматыда туғанына не бәрі алты күн болған сәби кіндік сепсисінен шетінеп кетті. Нәрестеге инфекцияның қайдан түскенін ешкім дөп басып айта алмайды. Ал жас ана Әйгерім Оразбаева аман-есен туған ұлының аяқ-астынан ... Халықтың отандық медицинаға деген сенімі күннен-күнге сөніп барады. Алматыда туғанына не бәрі алты күн болған сәби кіндік сепсисінен шетінеп кетті. Нәрестеге инфекцияның қайдан түскенін ешкім дөп басып айта алмайды. Ал жас ана Әйгерім Оразбаева аман-есен туған ұлының аяқ-астынан демі таусылғанына кім кінәлі екенін анықтай алмай, сенделіп жүр.

Әйгерім 4 күн ғана құшағында болған кішкентай Назардың киімдерін әлі күнге дейін көздің қарашығындай сақтап отыр. Әсіресе мына соңғы киген көгілдір костюмін қайта-қайта иіскеп, сағынышын басқысы келеді.

Жас келіншек үшінші ұлын ақпанның 13-і күні Қалқаман ықшам ауданындағы N1 клиникалық ауруханада босанған. Сәби мен ананың денсаулығы жақсы болғандықтан дәрігерлер оны екі күннен кейін-ақ үйіне жіберген. Алайда шақалақ 2 тәуліктен соң дұрыс ембей, әлсіреп, денесі сарғая бастапты. Анасы жедел жәрдем шақырып,  қалалық балаларға арналған жұқпалы ауралар ауруханасына түскен. Ол жерде дәрігерлер баланың билурибині жоғары деп жан сақтау бөліміне алып кеткен. Ал екі күннен кейін сәби шетінепті.

ӘЙГЕРІМ ОРАЗБАЕВА, жас ана: – Инфекционный больницаға бардым. «Бала не үшін өлді ?» дедім. Сергей есімді реаниматолог айтты: «баланың пуповинасына инфекция түскен» деді. Сіздер маған билурибин деп айттыңыздар ғой дедім. Жоқ баланың пуповинасына не түскен, неонатальный сепсис. Кіндігінен ірің аққан, аузы-мұрнынан қан ағып кеткен, балаңыз қиналып өлді деді.

Әйгерім ұлының өліміне кім кінәлі екенін анықтау үшін талай табалдырықты тоздырып, Денсаулық сақтау министрлігіне дейін арызданған. Алайда адам өлімінің себебін анықтау Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне жүктелген екен.

Ал департамент басшылығы сәби өліміне қатысты арнайы комиссия құрылғанын, алайда анасы «медицина қызметкерлеріне наразылығым жоқ» деп өзі арыз жазған соң  комисия жұмысын тоқтатты деп отыр.

Алайда Әйгерім Оразбаева «N36 емхана қызметкерлерін ғана қудаламауын сұрағам. Себебі емхананың бас дәрігері мен педиаторы жылап, кешірім сұрап келген. Бірақ бұл баланың өліміне кім кінәлі екенін анықтауды тоқтату керек деген арыз емес еді» дейді.

#информбюро #жаңалықтар
Read more
Отбасылық концертімізбен, ел аралаған кезімізде бірде xалықтың ықыласына қуансам, бірде жүрегім ауырған кездерімде көп болды. Неге екенін сіздермен бөлісе кетейін: Менің түсінгенім, немерелерімнің ойынша, кім жақсы орындайды соған xалық гүл, сыйлықтар беруі керек сияқты. Алғашқы ... Отбасылық концертімізбен, ел аралаған кезімізде бірде xалықтың ықыласына қуансам, бірде жүрегім ауырған кездерімде көп болды. Неге екенін сіздермен бөлісе кетейін:👌 Менің түсінгенім, немерелерімнің ойынша, кім жақсы орындайды соған xалық гүл, сыйлықтар беруі керек сияқты. Алғашқы күндері 3 немереме сыйлық беріп, біреуіне берілмей қалса: "Әкешім кешірші, мен дұрыс орындай алмай қалдым"деп өксігін баса алмай жылағандары да болды.Алауым ширақ, пысығырақ қой😊 мен бір-екі мәрте сыйлық берілмей қалған кездерінде, өзіме берілген гүлді тығып қойып, солар шыққан кездерінде , саған беремін деп үлгере алмай қалыпты, менен бір апа беріп жіберді деп ұсынсам, мамасына келіп, мама, апам алдап тұр я, неге бәрі үлгере алмай қала береді депті.Оған әбден Жұлдыз екеуіміз күліп алдық, соларды алдаймыз деп жүрген біз ақымақпыз деп. Бірде мен өзіме берілген мамық қонжықты бергенмін Алауға, саған беруге тағы үлгермей қалыпты бір апа деп" Ммм"-деп Алауым, алдап тұрғанымды білгендей қуанбай жәй ала салған,кейін қарасам, Ханға сыйлық берілмей қалды, апа менде, мынау саған деп алдап Ханға бере салсам болады ма қонжықты дейді😊сөйтіп Ханға бермесі бар ма😁 Әйтеуір бір-біріміздің көңілімізді табамыз деп, актриса болып кеттік. Кейін бәрін түсініп, концерттің соңында бір-біріне бөлісетін болды, саxынаға өте еркін шығып, қозғалатын болды. Сондай бір-біріне деген мейірімділігі үшін жүрегім жылып сала берді. Бұларда ойыншық жоқ емес, дұрыс түсінбей қалмаңыздар, дұрыс орындай алмай қалсақ гүл берілмейді деген бала жүрегі болмаса. Әкелерінің абыройын ойлап, уайымдап, біреуінің көзінен жас шықса, бірі саxнаға шығарда қолы дірілдеп, кішкентай дейміз-ау, бірақ мен осы жолы, осы кішкентай жүректерімнен көптеген сабақ алдым. Әкелері саxынаның адамы болғандықтан болар, немерелерімнің де қанында бар болғаны ғой, осы кештерді өздері қатты күтті, бір жағы әкелерінің еңбегін жақсы түсінді. Ия, баршаңызға алғысым шексіз, сіз бақытты анасыз, сіздің жолыңызды бізгем берсін деп жатасыздар🙏 Армансыз адам бола ма? Менің арманым: осы менің періштелеріме тіл-көзден аман болсын, өмірлері ұзақ болсын деп, дұға етіп қойыңыздаршы. Мен үшін ең үлкен тілек, сіздерден күтетінім де осы жылы сөз ғана😘✊️
Read more
____...Алла адамға бақ пен сорды қатар береді. Егер баққа масаттанбай, сорға езілмей өмірдің ...
Media Removed
____...Алла адамға бақ пен сорды қатар береді. Егер баққа масаттанбай, сорға езілмей өмірдің əр сəтін бағалай білсең сорыңды азайтып бағыңды көбейтеді. ...БАҚ деген не? Бақ - сенің бір кездердегі армандарың. Ол күнделікті тірлікпен санаңның түбіне сүңгіп кетіп сен оны ұмытып кетесің. ... ____...Алла адамға бақ пен сорды қатар береді. Егер баққа масаттанбай, сорға езілмей өмірдің əр сəтін бағалай білсең сорыңды азайтып бағыңды көбейтеді.
...БАҚ деген не? Бақ - сенің бір кездердегі армандарың. Ол күнделікті тірлікпен санаңның түбіне сүңгіп кетіп сен оны ұмытып кетесің. Бірақ кір күні Алла ол армандарыңды жүзеге асырады. Сен оны армандағаныңды өзің естен шығарып алғансың. Өйткені сен сұраған сəтте Алла оны берген жоқ. Бірақ ол кезде ол арманның жүзеге асуына сен дайын емес болдың. Сондықтан Жаратқан өз уақыты келсін деп шешті. Келді, берді. Ал саған бұл басқа қонған БАҚ болып көрінді. Шын мəнінде ол сенің бір кездердегі АРМАНЫҢ. Көрдіңіз бе, жақсы ОЙДЫҢ күшін!____ ...СОР деген не? Сор - сен өз қалауыңды өзің білмей адасып жүрген сəтте басыңа туатын күн. Арманың да мақсатың да айқын емес кездегі адасуың. Сен жақсы адам болуың мүмкін. Бірақ миыңдағы ақыл мен кеудеңдегі жаның бір траекторияда жұмыс істемей қисайып кеткен кез. Сол кезде сорлайсың...
Баққа да сорға да жауапты АДАМНЫҢ өзі.
...Адам айналаға қолайлы, жайлы болуға тырыспауы керек. Адам өзіне қолайлы мен жайлыны таңдауы керек. Сонда ол жаны мен ақылы бір-бірін тыңдайтын "БҮТІН" адамға айналады.
Мұндай кезде арманың да, мақсатың да айқын. Демек сен өзіңе де, өзгеге де жайлысың. Алла да осындай адамға рахымын төгеді. Өйткені, бұл өмірге сені əкелерде сенің бақытты болуыңды қалады. Өзіңді таны, өс, өн, игілікке ие бол деп жаратты. Осыны ұмытпайық.
...Бағымыз артсын!!! #гүлназдыңжазбасы #қазақшапсихология
Read more
"Түнгі студияданың" бұрышында отырмаймын енді. . Иә, бұл бағдарламадағы қосалқы жүргізушілік ...
Media Removed
"Түнгі студияданың" бұрышында отырмаймын енді. . Иә, бұл бағдарламадағы қосалқы жүргізушілік қызметім аяқталды. Жаңа маусымда орныма басқа қыз келеді. ТВ экранына шығуға мүмкіндік берген Жаратқанға, канал басшылығына алғысым шексіз. Бойымда кез келген істі алып кететін ... "Түнгі студияданың" бұрышында отырмаймын енді.
.
Иә, бұл бағдарламадағы қосалқы жүргізушілік қызметім аяқталды.
Жаңа маусымда орныма басқа қыз келеді.

ТВ экранына шығуға мүмкіндік берген Жаратқанға, канал басшылығына алғысым шексіз. Бойымда кез келген істі алып кететін қабілет бар өзіме ризамын.

Мен үшін бұл кезең мықты тәжірибе сыйлады, біраз нәрсе үйрендім, жауапкершілікті сезіне түстім.

Орнымнан кеткеніме ренжулімін бе?
Жоқ. Ешқандай реніш те, өкпе де жоқ. Қайта өмірімде жаңа кезең келгелі жатқанына қуанам. Барлық нәрсенің басы мен аяғы бар, менің бұл жобадағы миссиям аяқталған шығар.

Аздап сұрақ па, түсініксіз күй бар. Жоба басшыларының кетуімнің себебін еш түсіндірмеуі және өздерінің ешқайсысы мемен хабарласпағаны. Демек, тікелей сөйлесуге кідіртіп тұрған бірдеңе бар шығар, әйтеуір, осы жері тұманды мен үшін.
Өткен маусымды жақсы көрсеткішпен аяқтап, тап сол құраммен жалғастыратын боп шешілген. Бүгін тосын жаңалықты есіттім.

Бәлкім, көрерменге ұнамаған шығармын, кәсібилік жоқ шығар менде. Бәлкім, басқа біреу осы орында отырғысы келген шығар. Себебін өзім де болжай алмай отырмын.
Десе де, түсірілім барысында бар мүмкіндігімді қолдандым.

Мына бұрышта отырып, эфирге шығатын жанға сәттілік тілеймін! Бастысы, халықтың көңілінен шықса екен. Кім келсе де, лайық адам екеніне сенімдімін.

Осы жобадағы бастама қолдау білдірген сіздерге рақмет.
Барлық нәрсе жақсылыққа, бұл жобадағы тәжірибемді басқа жерде анық қолданам 😊

Ертең сіздерде сансыз сұрақ туындайтынын білем, сондықтан жеткізіп жатқаным ғой.

Ең бастысы мынаған көзім жетті: өмірде бәрі мүмкін, арман-мақсаттар орындалады және өзіңе деген сенім талай жетістікке жеткізеді.

Карусельді жылжытып, өткен маусымның естелік фотоларына лайк басып қойыңыз 😉
Read more
Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатуху. Құрбан айт құтты болсын. Шалған құрбаныңыз, ...
Media Removed
Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатуху. Құрбан айт құтты болсын. Шалған құрбаныңыз, құлшылық ғибадат, дұға тілектеріңіз қабыл болсын!!! ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ МӘСЕЛЕСІ (ШАРИҒАТ ИІРІМДЕРІ) "Құрбандық нисабы” деп аталатын мөлшерден көп ақшасы, мал-мүлкі болған адамның құрбандық ... Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатуху. Құрбан айт құтты болсын. Шалған құрбаныңыз, құлшылық ғибадат, дұға тілектеріңіз қабыл болсын!!! ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ МӘСЕЛЕСІ
(ШАРИҒАТ ИІРІМДЕРІ)
"Құрбандық нисабы” деп аталатын мөлшерден көп ақшасы, мал-мүлкі болған адамның құрбандық шалуы уәжіп болады. Ешқандай үзірсіз құрбандық шалмау күнә болады. Құрбандық шалуы уәжіп бола тұрып құрбандық соймаған адамдардың тұрып жатқан үйі, иелеріне ыңылдап былай дұға етеді: “құрбандық соймағаның секілді Хақ тағала саған жақсылық жасауды нәсіп етпесін!” дейді. Бұл үй осы жылы бәлелерге душар болады. Ал құрбандық сойған адамдардың үйі разы болады, иелеріне игі дұға етеді. Сондықтан құрбандық шалуды бір ниғмет деп білу керек! Құрбандық шалған мұсылман өзін жаһаннамнан азат еткен болады.
Хадис шәрифтерде былай бұйырылды: «Сараңдардың ең жаманы (мойнына уәжіп болса да) құрбандық шалмаған адам.» (С. Әбәдийа) «Жағдайы, уақыты бола тұрып құрбандық шалмған адам намаз оқыған жерімізге келмесін!» (Хаким) «Құрбандық малының терісінің әр бір қылына және бөлшегіне бір сауаб бар.» (Хаким) «Құрбандық малдарың семіз болсын. Олар сырат көпірінде сендерге көлік болады.» (Зад-ул муқуин) «Құрбандық малдың әрбір қылының мөлшеріндей сендерге сауаб бар. Қанының әрбір тамшысы үшін сыйапат бар. Ол сендердің мизан тараздарыңа қойылады. Сендерге сүйінші болсын!» (Ибн Мажә) «Құрбандарыңды шын көңілмен сойыңдар! Өйткені құрбанын қыблаға қаратып сойып, оның қаны, мүйізі, жүні, барлық жері қияметте өзінің мизанына (таразына) сауаб болып қонбайтын мұсылман болмайды.» (Дәйләми) «Сауабын күтіп құрбандық сойған адам жаһаннамнан қорғалады.» (Табарани) «Құрбан айтта жасалатын амалдардан Аллаһу та’аланың алдында құрбандық союдан асқан қадірлі іс жоқ. Қаны жерге түспей тұрып Аллаһу та’ала оны қорғайды. Осылай нәпсілеріңді тазалаңдар, құрбандықты қуана қуана сойыңдар.» (Тирмизи) «Құрбандықтың ең қайырлысы мүйізі бар қошқар.» (Ибн Мажә) «Ей Фатима, құрбандық малыңның жанына бар! Сойғанда сол жерде бол! Құрбаныңның жерге ағатын бірінші қан тамшысымен өткен күнәларың кешіріледі.» (И. Хиббан) «Сойылған құрбан қияметте етімен, қанымен 70 есе үлкейіп мизан таразына қойылады.» (Исфахани)
Read more
Салем, достар! қалайсыздар? Соңғы кездері соц.Әлемінен бұрын өзімнің жеке өміріме уақыт болмай ...
Media Removed
Салем, достар! қалайсыздар? Соңғы кездері соц.Әлемінен бұрын өзімнің жеке өміріме уақыт болмай кетті))). Бірнеше істерді қатар алып жүргесін, уақыттың қандай тар, аз екенін ұқтырды. Дегенмен осы жерде, осы әлемде Сіздердей жаныашыр достарым барына раxмет! "бәрі дұрыспа", "күйеуге ... Салем, достар! қалайсыздар? Соңғы кездері соц.Әлемінен бұрын өзімнің жеке өміріме уақыт болмай кетті))). Бірнеше істерді қатар алып жүргесін, уақыттың қандай тар, аз екенін ұқтырды. Дегенмен осы жерде, осы әлемде Сіздердей жаныашыр достарым барына раxмет! "бәрі дұрыспа", "күйеуге тиіп кетпедің бе", "қайдасың" деген смстер толды). Бармын! Аманмын! Шүкірмін! Маңдайға тиер бақытты қақпай, күтудемін!)) түсінгенім, адам шынайы өмір сүрсе, ертегі әлемінен қоштасып, осындай "мақтану алаңдарынан" өзін алшақ ұстаса, ішкі қасиетін, өзінің талабы мен талантын, ішкі қалауын, ішкі күшін түсінер еді. Өкінішке орай, бос уақытты лентаны ақтарып, "кім қайда барды, кім не айтты, кім не киді, кім керісті, кім ұрды, кім үйленді, кім ажырасты, кім мақтанды" деп, оған жауап іздеп өткізуде, сол уақытын өзіне арнаса, жұмысына арнаса, жатпай еңбектенсе раxаттанар еді, өзіне сауап қылар еді.
Жаңашылдық пен жаңалыққа қатты мән беремін, сол себепті өзім армандаған проект @aktauoptomarket аз уақытта қаншама тұтұнушының ықыласына бөленді, қаншама клиентті өз бағаларымен, сапалы тағамдарымен, біздегі жастардың сыпайылығымен баурап алды! Арманның ең алғашқы баспалдағында нық тұрып, келесі баспаға аяқ салар сәтімізде Сіздерге раxмет айтамын! Адам адаммен араласуы керек, барынша тырысып, қолдан келшенше көмектнсу керек, еселеніп келеді дегенді ойламай тұрғанда, адами табиғатымызға сай бодғанымыз абзал! @flame_i Иринаға раxмет! Аз уақытта қаншама адам біз туралы білді!
Иринаның Көз қарасы дұрыс! Адамға болсыншы деген ниеті дұрыс! ұстанған бағыты дұрыс! Шаршап кетсек, сырласар, достан гөрі, ойымыз бен тәрбиелік бағыттарымыз ортақ, көз қарасымыз ұқсас, өмірдің қырлары мен сырларын бірдей бағытта, ауыртпашылықтарында көтерген, түсіне білетін жан керек. Мен үшін Ирина сондай! Әр адам өмірімізге тек келмейді. Біреулер сені қолданса, сені жамандаса, сенен алыстаса, өсекке бола кінәләса олда бекер емес, бәрі болу керек, баланс керек секілді. Сіздермен амандасу посты болды!
Read more
*Осы ойлар маған ұнады. Сіздермен бөліскім келді.* Өкпеге қисаң да, аз ғұмырыңды сыйластықпен ...
Media Removed
*Осы ойлар маған ұнады. Сіздермен бөліскім келді.* Өкпеге қисаң да, аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз... Бүгінгі адам, ертең топырақ... Бір үйде қанша жан барсың, бір-біріңе қонақсың... Сыйлассаң - тіріңде сыйлас... Өлген соң жыласпа... Тірі адамда мүмкіндік көпИіске, сүй, құшақта, ... *Осы ойлар маған ұнады. Сіздермен бөліскім келді.* Өкпеге қисаң да, аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз... Бүгінгі адам, ертең топырақ... Бір үйде қанша жан барсың, бір-біріңе қонақсың... Сыйлассаң - тіріңде сыйлас... Өлген соң жыласпа... Тірі адамда мүмкіндік көп☝Иіске, сүй, құшақта, аяла, бауырыңа бас! Əр секундыңды қимастарыңа арна☝Ешкім мəңгілік емес... Ыстық құшағында еркеле... Алла адам баласына көп мүмкіндік... Уақыт берді... Өкпе, реніш, наз - ол еш уақыт бітпейді... Егер сен бітірмесең... Əр кездескенде "жоғалтып" алам-ау деп бауырыңа бас! Көрсет шын ықыласыңды! Қоштасарда да көріспей қалсам ше деген оймен қимай қоштас! Білдір сезіміңді! Көрсет ол адамның саған қымбат екенін... Қу тірліктің күйбеңімен уақыт зымырай береді... Ештеңе дəл бүгінгідей қайталанбайды... Əр уақыттың да адамның да қадіріне жете біл... Сен өлгенше өштесіп жүрердей ол да шəйтан емес... Не сен не ол бірінші кетеді... Сол кезде өкінбейтін бол!!! Кішкене ғана ғұмырда Адал болайықшы!
Қасыңызда жүрген адамдарды бағалай біліңіз! Ол туысқаныңыз, жаныңыздағы жарыңыз, досыңыз, сырласыңыз, құрдасыңыз т.б . Ол адам бүгін бар болуы мүмкін, ертең бар болуы мүмкін, арғы күні бар бола ма жоқ па белгісіз ?! Кейін ол сізден алыстап кетсе, саныңызды соғып қалмаңыз! Өмірде ештеңеге Мəңгілік деп қарамаңыз! Ақшаға да ол сізде қазір бар болуы мүмкін, кейін жоқ болмасына кім кепіл?! Тіпті мен де , оқып отырған сізде Мəңгілік емеспіз! Туысқаныңды, бауырыңды сағындың ба , жай ғана хабарласыңыз, іздеңіз, сағынып кеттім сені деңіз! Мама папа сіздерді қатты жақсы көрем деп күнде смс жазыңыз! Сезіміңізді уақытында айтып үйреніңіз! Кейін кеш болып қалмас үшін!
Ештеңе де маңызды емес, ақша атақ , мансап, байлық, сұлулық, менмендік, көкіректік, машина, қымбат сотка, қымбат киім .т.б
Тек қана сезім ата анаға деген, сүйген жарға, балаға, дос-құрдас , бауырға деген, туысқанға деген, басқа да өмірініздегі адамдарға деген сезім маңызды . Сезім- жақсы көру, сағыну, іздеу, ол үшін алаңдау, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, достық т.б көп кете береді сансыз!
Сезімсіз өмір бос өмір!
Кейін бармағымызды тістеп қалмайық!
Ешкімді өкпелетпей, ешкімді жамандамай, ешкімге өкпелеп кек сақтамайықшы🙏🙏🙏🙏
Read more
Шымкент-Түркістан .🚘🛣🚦Жол бойының да ақысы бар. Мүминге тəн қоғамдық этиканың бірі – жол жүру ...
Media Removed
Шымкент-Түркістан .🚘🛣🚦Жол бойының да ақысы бар. Мүминге тəн қоғамдық этиканың бірі – жол жүру мен жолай ұшырасқан жүргіншілерге де қатысты өрбиді. Жолай əңгіме-дүкен құрып отырғандарды көрген Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бұдан тыюдың амалын ойлап, жол бойына жайғасып ... Шымкент-Түркістан .🚘🛣🚦Жол бойының да ақысы бар.

Мүминге тəн қоғамдық этиканың бірі – жол жүру мен жолай ұшырасқан жүргіншілерге де қатысты өрбиді. Жолай əңгіме-дүкен құрып отырғандарды көрген Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бұдан тыюдың амалын ойлап, жол бойына жайғасып отырып əңгіменің көрігін қыздырғысы келгендерге: «Олай болса, жолдың ақысын беріңдер» деп ескерткен.
Жолдың ақысы не екенін сұраған сахабаларға: «Көзді харамнан сақтау, халыққа жəбір-жапа шектірмеу, сəлем бергенге жауап қату, жақсылыққа шақырып жамандықтан тыю, жөн сұрағанға жол көрсету, жəбір көргенге болысу» деп жауап берген екен.
Көзді харамнан сақтау көңілдің байыптылығын да сақтайды. Жолшыбай өткен-кеткен əйел затына тесіле қарау отбасындағы, ел ішіндегі бүлінушілікті, іріткіні тудырады. Төмен етектінің түр-тұлғасына сұқтана назар салу ойды сан-саққа жүгіртетіндіктен дана халқымыз «Көз сүзген көрінгенге көңіл – арсыз» деп тыйым салады. Жүргіншіге, жолаушыға жəбір көрсетпе деген хадис сөзі оларды жолдан бөгеу, ғайбаттау, тілдеу секілді жағымсыз қылықтардан аулақ болуды меңзеген. Демек, жолшыбай өткен жолаушыларға назар салу дінімізде тыйым салынған құқық бұзушылықтың бір түрі.
Осындай жағымсыз жайттың бірі жол бойында тауарын жайып, заңсыз сауда жасап жүргендер. Көше қапталдарын жайма базарға айналдырғандар жүргіншілер жолын кес-кестеп, оларды автокөлік жолдарымен, тротуар жиегімен жүруге итермелейді. Қара базарды жан бағу, «қара қазан, сары баланың қамы үшін» десек те, ақтап аларлық, құптай қоярлық мəселе емес. Өйткені, бұл саудагерлер салықтан жалтарғандарымен қоймай көпшіліктің жолда жүріп-тұруына да қиындық туғызады.
Жол ақысы туралы сөз қозғалған басқа да хадистерде жол жүруге бөгет болған нəрселерді шетке ысыру, жол бойын, демалатын орындарды ластамау, зəр сындырып былғамау, қоғамдық көпшілік орындарда шамадан тыс отырмау секілді мəселелер айтылады. Ауаны, суды, жердің топырақ қабатын зиянды қалдықтармен ластаумен қатар жерге түкіру, темекі тұқылы, шекілдеуік қабығы секілді тұрмыстық қалдықтарды тастау да тұрпайы, жағымсыз қылықтар болып табылады.
Read more
Сегіз жасар қыз-баланың анасы қайтыс болды. Әкесі 2 жыл өтпестен, басқа келіншекке үйленді. . Бір ...
Media Removed
Сегіз жасар қыз-баланың анасы қайтыс болды. Әкесі 2 жыл өтпестен, басқа келіншекке үйленді. . Бір күні әкесі қызынан: — Қызым, сенің бұрынғы анаң мен қазіргі анаңның қандай айырмашылығы бар екен? — деп сұрады. . Қызы: — Бұрынғы анам өтірікші, қазіргі анам шыншыл екен, — деді. Ал Әкесі: — ... Сегіз жасар қыз-баланың анасы қайтыс болды. Әкесі 2 жыл өтпестен, басқа келіншекке үйленді. .
Бір күні әкесі қызынан:
— Қызым, сенің бұрынғы анаң мен қазіргі анаңның қандай айырмашылығы бар екен? — деп сұрады. .
Қызы: — Бұрынғы анам өтірікші, қазіргі анам шыншыл екен, — деді. Ал Әкесі:
— Қалайша? — деп таңдана сұрады. .
— Бұрынғы Анамды ренжітсем, ол маған: «Сен мені өкпелете берсең, саған тамақ бермеймін!» дейтін еді. Мен одан сайын ренжіте беретінмін. Ал, ол болса, мені ауылды шарлап іздеп жүріп, тауып әкеліп, тамақ жегізетін. Ал қазіргі анамды ренжітсем: «Егер мені ренжітсең, тамақ бермеймін» дейді. Сондықтан, екі күн бойы аш отырмын. Бұрынғы анам: «Енді жылама, жыласаң, далаға лақтырып жіберемін» дейтін еді, бірақ мен еркелеп жылай беретінмін. Анам мені ұрмай-соқпай, бауырына басып: «Жылама, қай жерің ауырады, кім тиісті?» деп жұбатып алатын еді. Қазіргі анам: «Ұрамын» дейді де шынымен ұрады. Бұрынғы анам үнемі өз ыдысындағы етті маған беретін еді. «Сіз неге жемейсіз?» дегенімде, ол кісі: «Жаным, мен етті жақсы көрмеймін» дейтін еді. Ал қазіргі анама: «Менің ыдысымда неге ет жоқ?» десем «Көп сөйлемей, берген тамақты іш. Барлық адам етті жақсы көреді. Еттің бәрін сен жесең, біз не жейміз?» дейді.. .
Әке, бұрынғы Aнам бәрін өтірік айтқан екен. Oл да етті жақсы көретін сияқты ғой, иә? Әке, неге жылап отырсыз? Жыламаңызшы."

#өміржолы
Read more
Менің үніме құлақ түр, елім, Бəрі,бəрі де сынақ білемін. Өмір жайында ойлана қалсам, Ессіз ...
Media Removed
Менің үніме құлақ түр, елім, Бəрі,бəрі де сынақ білемін. Өмір жайында ойлана қалсам, Ессіз адамдай жылап-күлемін. Жүрміз өлместей өмірге келіп, Жалғанның жайлы төрін де көріп. Басыңа жауған бақыттың қары, Түседі-ау, бір күн көңілден еріп. Қамшының қысқа сабындай ғұмыр, Құшағы ... Менің үніме құлақ түр, елім,
Бəрі,бəрі де сынақ білемін.
Өмір жайында ойлана қалсам,
Ессіз адамдай жылап-күлемін.
Жүрміз өлместей өмірге келіп,
Жалғанның жайлы төрін де көріп.
Басыңа жауған бақыттың қары,
Түседі-ау, бір күн көңілден еріп.

Қамшының қысқа сабындай ғұмыр,
Құшағы - алма бағындай жұмыр.
Байлығыңменен байлай алмассың,
Асау тағдырың бағынбайды бұл.

Мəңгілік емес жалған бəрі де,
Біз татқан қиял, арман дəмі де.
Кəрілік келер қалған өмірің,
Байланып жіпсіз қалған дəріге.

Кетер əкең де анаңда кетер,
Кеткенше саған алаңдап өтер.
Тірі кезінде құрметте бəрін,
Өкпелегенше заманға бекер.

Бермес ешкімге тіршілік баға,
Татымас тағдыр бір шыбыққа да.
Анау өмірге апаратының,
Құдайға қылған құлшылық қана. "Шіркін" таусылса " əттеңің" ғана,
Салқын күндердің сəттерін қара.
Жалғаннан жалғыз алатын еншің,
Бір-екі метр ақ кебін ғана... Сыналар өмір өтінде күшің,
Бай адам мықты секілді ел үшін.
Жер бетін ешкім жаулай алмайды,
Жер жаулап алар бетіндегісін.

Жетер Алладан үкім алдағы,
Пенденің өлмеу бүкіл арманы.
Айтып келмейтін ажал құрғырдан,
Қорқыттың өзі құтыла алмады... Қалар артыңда жаңғырық, елес,
Əрбір адамның тығдыры белес.
Бəріне мəңгі өмір тілер ем,
Өмірде бəрі мəңгілік емес!
#Аллағашүкір
#ертеңімесенемін
#ескісурет
Read more
Балам жақсы адамдардың ортасында жүрсін десеңіз…  Ұрпақ тәрбиесі 1 пікір 499 қаралған Сәуір ...
Media Removed
Балам жақсы адамдардың ортасында жүрсін десеңіз…  Ұрпақ тәрбиесі 1 пікір 499 қаралған Сәуір 8, 2016 Ешкімнің сыртынан ғайбат айтпайтын, кіммен жанасса да соның жақсы жағын және жақсылығын көріп жүретін бір танысымның мінезіне қайран қалушы едім. Ол тіпті кейбір жұрт жаманға ... Балам жақсы адамдардың ортасында жүрсін десеңіз…  Ұрпақ тәрбиесі 1 пікір 499 қаралған Сәуір 8, 2016

Ешкімнің сыртынан ғайбат айтпайтын, кіммен жанасса да соның жақсы жағын және жақсылығын көріп жүретін бір танысымның мінезіне қайран қалушы едім. Ол тіпті кейбір жұрт жаманға шығарып тастаған адамдармен араласса да, «пәленнің жомарттығын айтсаңшы, түгеннің адалдығын-ай!» деп әлгі «іске алғысыз» делінген адамдарды сағындыратыны бар. Жақында сол азаматтың осы мінезінің сырын ұққандай болдым.

Үйіне барғам. Жастары жетпістен асқан ата-анасы бар екен. Анасы әңгімешіл, баласының достарымен тіпті жақын тартып шүйіркелескенді ұнатады екен. Әңгіме әредігінде бала тәрбиесі жөнінде бір-екі ауыз сөз айтып қалды. Қалай тәбиелеген дейсіз ғой? «Үйде бес бала болды, қанша дегенмен бала емес пе? Сырттан, «анау сүйтті, мынау бүйтті» деп бір-бірін жамандап келеді. Көршінің балалары да тәртіпсіздер қатарына қосады. Ол баланың: «Мен тәртіпсіздік жасамадым» деген ішкі ақталуы ғой. Содан мен бұлардың мұндай әрекеттерінен кәдімгідей шошындым. Бір күні отағасыға айттым. «Бұлар осылай кете берсе кейін айналасында жақсы адам қалмайтын шығар», дедім. Содан ақылдасып, амалға көштік. Балаларға тапсырма бердім. «Сен Бектайдың үш жақсы қасиетін айт, саған үш кәмпет берем» деп Нұрсұлуға, «Нұрсұлудың бес жақсы қасиетін айтсаң саған кәмпет берем» деген секілді талаптар қойып сыйлық беруді бастадым. Онсызда жейтін кәмпетері ғой, содан бұлар бір-бірінің жақсы жақтарын санамалап тұрып айтатын болды. «Ол үй жинауға көмектеседі, ол үй тапсырмасын уақытында орындайды, ол әке сырттан келгенде амандасады» дегендей. Кейбір кезде аздап өтірік те мақтап жібереді. Ондайда тойтарыс берем. «Жоқ, бұлай емес, былай шығар» деп көмектесем. Қызық болғанда бір ай өтер-өтпесте бұлар маңындағы адамдардың жақсы қырларына үңіле бастады. Біздің үй жақсы адамдарға толып кетті. (күліп) Көршінің балаларын да мақтаса сыйлық беріп отырдым. Кейін сыйлықсыз-ақ маңындағы балалардың, үлкендердің жақсы қасиеттерін айтып отыратын болды. Өздері сонай болуға ұмыталады ғой содан кейін. Шүкір, өскенде содан жаман болған жоқ. Адам бойында жақсылық та, жамандықта бар ғой, жақсы жағын көрсең жақсы мәміле жасасасың, сен жақсы мәміле жаса
Read more
Кешегі сүйген жігітіміз бүгін жанымызда емес, оны да қойшы. Ол біздің алғашқымыз да соңғымыз да ...
Media Removed
Кешегі сүйген жігітіміз бүгін жанымызда емес, оны да қойшы. Ол біздің алғашқымыз да соңғымыз да емес! Бала күннен бірге өскен құрбымыз жасаған қиянатты да қойшы, ол өмірдің бізге жасар қиянатының алдында түк те емес! Уайымдап жүрген оқуыңды да жұмысыңды да қойшы, өмірдің мәні ол емес! Бұлардың ... Кешегі сүйген жігітіміз бүгін жанымызда емес, оны да қойшы. Ол біздің алғашқымыз да соңғымыз да емес!
Бала күннен бірге өскен құрбымыз жасаған қиянатты да қойшы, ол өмірдің бізге жасар қиянатының алдында түк те емес!
Уайымдап жүрген оқуыңды да жұмысыңды да қойшы, өмірдің мәні ол емес!
Бұлардың бәрі де қайта келер нәрселер...
Бәріміз болмаса да көбіміз, ата-ананы, туған ауылды тастап басқа қалаға, өзіміз қалаған оқу, жұмыс орнына келдік. Анамыз дайындаған тағамнан күнде ауыз тату енді біз ушін емес... «Балам, тұра ғой, шәйің суып қалатын болды»,-деген сөздер емес күнде бізді жұмысымыз бен сабағымызға оятатын, ар таңымыз анамыздың еркелеткен сөздерімен емес, ұялы телефонның сыңғырымен басталады... Күнде ашуыңа тиетін, «ананы сен істе мен істе»,-деп таласатын бауырың енді касыңда емес. «Оқуымды бітіріп сенен құтылармын»,-деп күтуші едің. Міне енді өзің қалағандай жалғызсың. Сен істе, мен істе емес енді, бәрін де өзің істе...
Үнемі қабағы ашылмай жүретін, әр басқан қадамыңды аңдап басуыңа мәжбүрлейтін әкең сенімен емес. «Папа болмағанда үйден шыға алушы едім»,-деп айтқан сөздерің есіңдеме?! Міне енді саған бақылау жоқ, қалаған жеріңе барып қыдыр! Түнгі уақытта жүру әдет болмаған соңба кім білсін, қыдырғыңда келмейді я?! Ия, «әкенің берген тәрбиесін, сан мектепте бере алмайды»,-деген осы шығар...
Міне сен екеуміз бізге жат қалада жалғызбыз. Жейтін наның болмаса, уақытша сұрай тұратын ауылдағы көршіңде жоқ. Тоңып көшеде жатсаң, хал сурайтын туысыңда жоқ. Бәрі де бөгде адамдар. Оны да қойшы....
Ұлдар үйленіп, отбасы құрып, шамалы жағдайын жасап ата-анасының жанына қайтар, ал бізше? Біз қыздарше? Біз оқу бітіріп, шамалы жұмыста істерміз, буйыртса, бірақ, ата-анамыз, бауырларымызмен бірге тұрған бақытты күндеріміз біттіма сонда? Үйімізді қалдырып, оқуға келдік, оқуды бітіріп, басқа үйге кетеміз... Ол үйде сені ұйқыңнан еркелетіп оятар анаң жоқ, сенімен әзілдеп күлер бауырың жоқ, бір жаққа кетсең уайымдар әкеңде жоқ... Ол да жарар, ештеме етпейды. «Қыз жат жұрттық»,-деген сол. Ең көңілге батары: ақыр өз үйімізде қонақ болған екенбіз, неге «шүкір»,-демедік?! Неге мама-папамызға «Ананы алып бер, мынаны алып бер. Менде анау жоқ, мынау жоқ»,-деп, оларды қинадық?!
Read more
Ұрпақ тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз. Осыны @olensoz_kz жас та болса жақсы түйсініпті. *** Қызым саған айтам *** Қызым... Енді толса да үшке жасың, Сені ойласам батпайды ішкен асым. Адам түгіл айуан да ұрпағы үшін, Жан қиярлық тігеді іске басын. *** Қараймын да мен сенің заманыңа, Алаңдаймын ... Ұрпақ тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз. Осыны @olensoz_kz жас та болса жақсы түйсініпті.
***
Қызым саған айтам
***
Қызым... Енді толса да үшке жасың,
Сені ойласам батпайды ішкен асым.
Адам түгіл айуан да ұрпағы үшін,
Жан қиярлық тігеді іске басын.
***
Қараймын да мен сенің заманыңа,
Алаңдаймын кіршіксіз ақ арыңа.
Өмір дейтін қардай ақ парағыңа,
Түспесе екен деп жүрмін қара күнə.
***
Балабақшаң үйретіпв бар ісіңді,
Мерекеде билетіп "вальсыңды".
Ер балаға кетсін деп еті үйреніп,
Ерте бастан өлтірмек намысыңды.
***
Мектебің де жанашыр емес менше,
Елеңдеймін ертеңің елес берсе.
Бірте-бірте қысқарған юбкалардың,
Не боларын кім білсін сен өскенше?!
***
Тура жолдан көбейді ауған жандар,
Некен-саяқ тұлғалар таудан заңғар.
Саған ертең қамқорлық танытар ма,
Жаулығымен анаңның жау болғандар?
***
Арсыз қыздың кек кернеп көкірегін,
Əлсіз қыздың көгертті бет, реңін.
Қай қолымен бесікті тербетеді,
Қанға малып жүргендер екі қолын?
***
Қызым... Ұят келтірме сен тегіңе,
Еріп кетпе ессіздің селтеңіне.
Тəрбиеңе мен сенің жауаптымын,
Жауаптысың сен елдің ертеңіне!
***
Ал Сіз ше, құрметті оқырман?
Ұлыңызға не деп тәлім айтасыз?
Қызыңызға қалай тәрбие бересіз?
Read more
-Міне, менің балам жігіт болды деген осы! Саған қарап сондай қуанып тұрмын!-деді анасы ақ жейдесінің ...
Media Removed
-Міне, менің балам жігіт болды деген осы! Саған қарап сондай қуанып тұрмын!-деді анасы ақ жейдесінің түймесін тағып тұрған ұлына сүйсіне қарап. Ұлының бөлмесіндегі үстелде әдетте көліктің кілті мен шылым жататын. Бүгін жұпар аңқыған ақ раушан гүлдері жатыр. -Жарқынайың жарады! ... -Міне, менің балам жігіт болды деген осы! Саған қарап сондай қуанып тұрмын!-деді анасы ақ жейдесінің түймесін тағып тұрған ұлына сүйсіне қарап.
Ұлының бөлмесіндегі үстелде әдетте көліктің кілті мен шылым жататын. Бүгін жұпар аңқыған ақ раушан гүлдері жатыр.
-Жарқынайың жарады! Айналдырған 4 айда сені қалай өзгертті, а? Мен ғой күнде құлақ етіңді жесем де түк өзгете алмап едім. Ойбу, бауырсағым күйді.
Анасы асүйге қарай жүгірді.
-Мам, мен кеттім! -Әй, тоқта, тамақ ішіп кетсеңші. Таңнан бері нәр татпадың ғой.
-Жарқынаймен кафеге барамын ғой.
-Асқар, тоқташы, балам. Бүгін Жарқынаймен таныстыршы. Жайнатып дастарxан жайып қояйын.
-Ой, мам, ол ұялшақ қыз, аяқ асты шақырсам, келеді дейсің бе? Кейін таныстырсам қайтеді?
-Балам, сөйтші. Өтінееем.
-Жарайды жарайды, кешке келеміз.
Анасы тағы бірдеме шығармай тұрғанда кетіп үлгерейін деді ме, Асқар есікті тез жауып шығып кетті.
Асқардың жасы жиырма беске келсе де, жалғыз ұл болған соң ба, анасы әлі баладай көреді.
Күйеуі жастай көз жұмған соң Күләш ұлын ешкімге жаутаңдатқысы келмеді. Сондықтан екінші рет тұрмыс құрмады. Әкенің тәрбиесін ешқандай мектеп алмастырмайды екен, оны жалғызы ержеткенде ұқты. Ұлы мүлде тыңдамайтын сәт те жоқ емес, ондайда амалсыз көз жасына ерік береді.
Асқар ерке болып өсті. Мектеп бітірген соң басқа сыныптастары сияқты жоғарғы оқу орнына түсті. Оқуын бітірген соң жұмыс таппай бірталай сандалды. Ал достары тіпті жұмыс тауып адам болуды ойламады. Бастары қосыла қалса, темекіні будақтатып, ішімдікке сылқия тойып, бір-бірімен жұдырықтаса кететін. Ұлының екі қолға бір күрек таппай, күнде достарымен қыдыратыны Күләш анаға ұнамады. Уайымдап, ұлына ақыл айтқанмен тыңдар құлақ бар ма? Ештеңе өзгермеді.
Сөйтіп жүргенде күндердің бір күні Асқар Жарқынай есімді сұлуды кездестірді. Жарқынай сұлу болмаса да ақылымен, парасаттылығымен адамды өзіне баурап алатын. Асқар қызға бір көргеннен ғашық болды. Достары түгілі, Асқарды туған анасы да танымай қалды. Оның жақсы жағына өзгеруіне Жарқынайға деген сезімі себеп болды. Жарқынай да оны үнемі қолдап, өмірден орын табуына барынша көмектесті.
Асқар мына өмірге қайта келгендей. Жұмысқа орналасқан соң енді отбасын құруды жоспарлады
⬇️⬇️⬇️
Read more
#Repost @didar_kamiev with @get_repost ・・・ МЕКТЕПТЕГІ ОРАМАЛ МӘСЕЛЕСІ 2 Оңтүстіктегі Мақтарал ауданының тәжіктері де (Фирдауси мектебі) Қазақстан Республикасының азаматтары. Дін ұстанғаны үшін шеттетуге не кінәлай алмайсыз. Бостандықтары, құқықтары заңмен қорғалған. ... #Repost @didar_kamiev with @get_repost
・・・
МЕКТЕПТЕГІ ОРАМАЛ МӘСЕЛЕСІ 2

Оңтүстіктегі Мақтарал ауданының тәжіктері де (Фирдауси мектебі) Қазақстан Республикасының азаматтары. Дін ұстанғаны үшін шеттетуге не кінәлай алмайсыз. Бостандықтары, құқықтары заңмен қорғалған. Шектен шығатындай өз алдына егемендік сұрап жатқан жоқ. Тәжік те болса қазақ тілінде еркін сөйлейді. Бұл олардың тіл білмейтін тіпті білгісі де келмейтін көптеген шенеуніктердің қасында қазақ ұлтына құрметінің белгісі.

Ал шынтуайтына келсек дәл қазір орамал дауы Білім министрлігі үшін өте тиімді. Және балиғатқа толған қыздарына орамал тағу үшін рұқсат сұрап отырған жағдай бүкіл республика бойынша тіркелген. Оқулықтар сын көтермейді. Ол тағы жетпей жатыр. Күн суықта әлі күнге дейін бірталай мектептерде оқушылар сырт киім, бас киіммен бүрісіп отырады. Апаттық білім ошақтары мен кадр мәселесі ушығып тұр. Осыларды айналып өту үшін жарты метр ақ шүберекті саясиландыру өте ұтымды әдіс. Мектептерде мүшеқап, жыныстық қатынас, бала туу тақырыптары ашықтан ашық талқыланады. "Сақтанып барып жасаңдар..." деп үгіттейді. Ал орамалға келгенде оқушыға тән емес деп шулайды. Біздің кей шенділер, мектеп басшылығы мен ұстаздар да орамалды орта ғасырдың қалдығы іспетті көреді. Шариғат талабы, иманның қорғаны деп қабылдай алмайды. Себебі олар дарвинизм дертін жұқтырғандар. Тәуелсіздікке қолы жетпей қойған елдерде мұндай проблема жоқ. Ал ата-бабасы мұсылман болған "Әуелі аят-хадис сөздің басы", "Алланың, пайғамбардың жолындамыз" (Абай), "Бес уақыт та бес намаз біреуі қаза қалмасқа" (Бұқар) деп жырлаған, "Шариат ул Ислам", (Ыбырай Алтынсары) "Мұсылмандық шарты" (Шәкерім) деген еңбектерді жазған ізгілердің ұрпағы "Араб дінінен сақта" деп шошиды. Оның бір себебі аталмыш данышпандар бұған дейін "ұлттың жауы" деп насихатталғандығынан. Қазақтың араб болудан орыс, өзбек, қытай болғаны оңай. Айналып келгенде Ислам діні арабтың меншігі емес, бүкіл адамзаттың кемел діні. Отарланған елге мұны мойындау да ауыр. Себебі сана азат емес. Қаншама жыл жеген шошқа мен арақтың залалы. Отарланбаған елдер әне, орамал тағып ұзын етек киіп келем деген оқушы таңдауына тек құрметпен қарайды. Сыйлап жол береді, күліп құшақ ашады.
Read more
... Әр заманның өз қаһармандары бар ғой, кеше ұшақта @Forbes_kz-ті оқып отырып, 30-ға толмай миллиондарын ...
Media Removed
... Әр заманның өз қаһармандары бар ғой, кеше ұшақта @Forbes_kz-ті оқып отырып, 30-ға толмай миллиондарын тауып жүргендердің ішінен құрбым @kuralay_corich-ті және басқа да таныстарымды көріп, ой келді. Бізге миллион ($) табуға не кедергі...иә, ақшамыздың жоқтығы кедергі, сосын ... ... Әр заманның өз қаһармандары бар ғой, кеше ұшақта @Forbes_kz-ті оқып отырып, 30-ға толмай миллиондарын тауып жүргендердің ішінен құрбым @kuralay_corich-ті және басқа да таныстарымды көріп, ой келді. Бізге миллион ($) табуға не кедергі...иә, ақшамыздың жоқтығы кедергі, сосын ақшамен ғана миллионның басын құрауға болады деген ми кедергі...?! Мен ақыл айтқалы отырған жоқпын, мүлдем дұрыс түсініңіз, дұрыс...

Айтпағым, жасап жүрген әр ісің пайда әкелсе, тиыннан теңге құрауға болады. Бизнес жоспар құру, нарыққа анализ жасау, дұрыс команда жинау, өзін-өзі ақтайтын промо(егер де ол "услуга" не сауда болса), бастапқы бюджет және ақыл айтатын көке керек. Көке --Гарвард университеті, қаржылық сауаттылықты арттыратын курс, жас буыннан серіктес іздеп жүрген "ағашка", байланысты керемет ұйымдастыра алатын "татешка" болуы мүмкін🤔😄

#ВОбщем, бизнесмен болам дейтін, бірақ қалай болудың формуласын білмей жүрген менің 11 жасар #Сакошым сияқты болмай, жасаған нәрсеңіздің өтімді болуы үшін жаңашылдыққа, тәуекелге баруға дайын болу керек-ау. Түсінгеннен түсінбейтіндердің көп болатыны мен аяқтан шалатындарды айтпай-ақ қояйын, это #норма🤔

Кеше #Алматыдағы #KitapFest2018-ді мысалға алғым кеп отыр. Көшеде жай кетіп бара жатқан адамды өзіне тартады. Промосы, шақырған спикерлері, жаңа кітаптың авторлары тың дүние ұсынуға тырысқан. Жап-жақсы.
Биылғы #kitapFest-те жылдың ең көп сатылымдағы 10 кітабы анықталып, оқырманға таныстырылды. Қатарында #МеніңЕкіншіКітабым бар☺ 3- орында. Осы тұста оқырмандарыма алғыс айтқым келеді🙇‍♀️

Келесі #KitapFest2019-дың сатылым жағынан алдыңғы орын саған бұйырып қалар? @msherimbek🏅(суреттегі жігіт)
Жақында атышулы #juz кітабын Астанаға жеткізбек. Көреміз,оқимыз,сынаймыз😄 ⠀
Жастардың арасынан библиофилдерді көп көрем👏🏾 Бұл мені қуантады🙏🏻
@baurzhan.foundation @almaty_akimat @melomankaz
#меніңекіншікітабым #әйел #кітап #сатылымда
Read more
ЖАҢА ЖЫЛДА ЕШТЕҢЕ ӨЗГЕРМЕЙДІ, ЕГЕР ӨЗІҢДІ ӨЗГЕРТПЕСЕҢ! ⠀ Сәлем, Қазақстандықтар! 2019жылдың бірінші күні қалай өтіп жатыр? Мен үшін бұл ерекше таң болды. ⠀ Таңғы сағат 10.00. Біз балаларымыз бен әжелерімізді ертіп Баум тоғайына аттандық. Келсек, халық у-шу, мәре-сәре! Біреулер ... ЖАҢА ЖЫЛДА ЕШТЕҢЕ ӨЗГЕРМЕЙДІ, ЕГЕР ӨЗІҢДІ ӨЗГЕРТПЕСЕҢ!

Сәлем, Қазақстандықтар! 2019жылдың бірінші күні қалай өтіп жатыр? Мен үшін бұл ерекше таң болды. ⠀
Таңғы сағат 10.00. Біз балаларымыз бен әжелерімізді ертіп Баум тоғайына аттандық. Келсек, халық у-шу, мәре-сәре! Біреулер жаттығып жатыр, ендігілер реттік нөмірін кеудесіне қадауда. Тоғай құдды бір ғажап ертегіне ұқсап тұр: ақ қар, аяз аталар, ақшақарлар, халк, өрмекші адам, қызыл телпек... Біз де Санта тақиясын киіп, ең үлкен ақ палаткаға асықтық. Ұйымдастырушылар сонда еді. #забегобещаний @tengriultratrail қағазын алып, 2019 жылға белгілеген мақсат-арманымызды дереу жаздық.

Стартта адам көп. Көзбен санауға тырысамын. Бірақ мүмкін емес. 2000-нан асады деп төрдегі жүргізушінің ақпаратын құлағым шалды. Рас, сондай сияқты!

Марафонды 21км-шілер бастады. Құрбым @maricherie солардың сабында жүгіріп кетті. Одан кейін 7шақырымшылар ға старт белгісі берілді. Одан кейін біз- 2019метр бәйгесіне түсушілер. Үлкен ұлым әкесінің қолын ұстап, екіншісі менімен бірге жүрді. ⠀
Балам өз көзіне сенбей отырғандай. Айналасына қарап кейде жүгіріп, көбіне жүріп барады. Жол-жөнекей кездестірген Аяз аталарымыз "жарайсың, балақай" деп көңілін көтеріп қояды. Балам мәз. Аяз ата мақтады деп, жылдамдығын арттырып қояды(тағы бір сыйлық берер деп үміттенсе керек😂). Баламызбен әңгілесіп, кқштің соңында келеміз. Бір қарасақ, @aina_doskyzy балаларымен жүгіріп барады. Бәрінің кеудесінде толтырылған уәде қағазы- кіші кезден өзіне мақсат қоя білген қандай керемет!

Осылай, финишке біз де жетіппіз. Үлкен ұлым "мама, сендер соңғы болып келдіңдер ғой" деп бізге ренжіп, інісін ұрсып қояды! Кішкентай бас шұлғып, үндемей тұр. Іштей "келесі жолы жақсылап жүгіремін" дегендей😂. Ұйымдастырушылар ыстық шай, шоколад берді. Кішкентай балаларға ерекше көңіл білдіруде. 😎Сөйтсек, біздің кенжеміз өз аяғымен 2019метр жүріп өткендердің ішінен жасы ең кішісі екен!

Мен үшін бүгінгі #забегобещаний2019 үлкен жеңіс! Біз тұрдық, бардық, жүгірдік, жаздық. 👉Менің түсінгенім- жаңа жылдан өзгеріс күтудің қажеті жоқ. Өзгеріс болу үшін ӨЗІҢДІ ӨЗГЕРТУІҢ КЕРЕК!
Read more
<span class="emoji emoji1f3e9"></span> Италияда ер адам 35 жастан кейін үлкендер санатына қосылады екен. 35 ке дейін ол ересек адам саналмайды. ...
Media Removed
Италияда ер адам 35 жастан кейін үлкендер санатына қосылады екен. 35 ке дейін ол ересек адам саналмайды. 35 ке дейін анасының жанында тұрады, өз өміріне де толық жауапкершілік алмайды. Сондықтан 35 тен кейін үйленеді. Сонда ол ақыл тоқтатқан, өмірде енді қателік жасамайтын, қаржылай ... 🏩
Италияда ер адам 35 жастан кейін үлкендер санатына қосылады екен. 35 ке дейін ол ересек адам саналмайды. 35 ке дейін анасының жанында тұрады, өз өміріне де толық жауапкершілік алмайды. Сондықтан 35 тен кейін үйленеді. Сонда ол ақыл тоқтатқан, өмірде енді қателік жасамайтын, қаржылай аяғына тұрған адамға айналады осы жаста.
...Ал бізде шамамен 23-ке толғаннан "үйлен не күйеуге кет" деген əңгіме басталады.😊 "13 те отау иесі" деген бар ғой. Ол бұрынғы заманда болды. Ал қазір қайткен дұрыс? ...Негізі адам ЭМОЦИЯСЫН басқара алатын кезде отбасын құруы керек. Психологиялық мақаладан оқығаным. Негізі дұрыс ой. Соған қарағанда Италияндықтар дұрыс істейді- ау а?! Өйткені адам шынымен де 30 дан кейін ғана ақылмен қадам жасайтын, сабыр сақтай алатын, материалдық жағдайы қалыпқа келетін, қателіктерін мойындай алатын жағдайға жетеді. ...Бізде қосылған екі жасқа жақсы бағыт беретін ата-ене болса 20 да үйленсе де болады əрине. Бірақ көбіне енелердің өздері қателік көп жіберіп алып жатады. Эмоциясын ұстай алмайтын екі жас найзаларын ұстап соғысатыны содан.
...Европада кеш үйлену қалыпты құбылыс. Яғни олар ТҰЛҒА ретінде қалыптасқасын барып қосылады. Екеуінің ақылы тоқтаған, жұмыстары бар, көп ұрыспайды, түсіністігі мол. Бірақ əрине демографияға кері əсері бар. Осы жері қиын. Еуропада кəрі адам көп. Бірақ оларда АЖЫРАСУ АЗ.
Ал бізде 25 тен кеткен қыз КƏРІ ҚЫЗ атанады.)) Сөйтіп бəрі ерте отбасын құруға асығады. Не ақылы толыспаған не қаржылық жағдайы жоқ екі адам қосылады. Бəрі демеймін бірақ көбі ажырасады. Бірақ ұрпақ сүйеді. Демографияға жақсы. Еуропада керісінше. Ажырасу аз бірақ бала аз туылады...
...Сонымен осы жайттарды ескере келсек ҚАЗАҚСТАНДА қанша жастан үйленген дұрыс? Инстада ТОК-ШОУ жасайықшы. Пікірлеріңіз қалай? Мүмкін болашақта бағдарлама жүргізіп жатсам осы тақырыпты қозғайын!)
...Ал Қазақстанда өткен жылы 50 мыңнан астам отбасы ажырасқан екен.
...Ендеше мұндай болмау үшін қайсысы дұрыс?
...
#отауқұру #отбасы #қазаққызы #келін #күйеужігіт #гүлназауданбаева #ұлыдалакомедиясы #ттт
Read more
(Жалғасы. Басы алдыңғы фото астында<span class="emoji emoji1f609"></span>) <span class="emoji emoji1f448"></span> <span class="emoji emoji1f4cd"></span>«БАСТЫҚТАН АСЫП, БАРЫМДЫ КИМЕЙІН». Саясат – ақылмен ...
Media Removed
(Жалғасы. Басы алдыңғы фото астында) «БАСТЫҚТАН АСЫП, БАРЫМДЫ КИМЕЙІН». Саясат – ақылмен істеледі, айламен қалыптастады, қулықтан құралады, төзімділіктен тұрады. Ақылды саясат – ағып жатқан дария десең иа. Жұмыс бәрінде болады, болуы керек, болған да. Бола да береді, болмай ... (Жалғасы. Басы алдыңғы фото астында😉) 👈
📍«БАСТЫҚТАН АСЫП, БАРЫМДЫ КИМЕЙІН». Саясат – ақылмен істеледі, айламен қалыптастады, қулықтан құралады, төзімділіктен тұрады.
Ақылды саясат – ағып жатқан дария десең иа. Жұмыс бәрінде болады, болуы керек, болған да. Бола да береді, болмай қалғанынша)) Сол жұмыста басқарушы болады, бағынушы болады. Бір-екі сөзбен айтқанда бастық деген бас тұлға болады. Ол кісі отырған ортада сапырылған сары қымызды да, сабада пісілген сыраны да бірінші ішу бейәдептік болар еді. Ұрттамас бұрын, Ұсынуың керек. Ұсынған соң, «жәке, көке» деп аузын аңдып, айтар сөзін асқан ізетпен «шығаруың» керек. Абыройын көтер, ағалығын айт, арқа сүйеріміз деп асқақтығын қозға. Басың ауырған кездегі «емге берген» ақшасын емес, елге берген еңбегін айт. Опшым «будьте администратором нормального настроения». Мүмкіндігі шектеусіз мықты модератор болыңыз. Алайда, «бояшы-бояшы» дегенге мұртыңызбен бастықтың бәтеңкесін щеткілеп жүрмеңіз. «Бұларыңыз деген белгілі нәрсе ғой, за чем айтып» демеңіз. Бұны да білмейтіндер бар. Ал, білетіндер жағымпаздық деп түсінсе керек.
Сосын бастығыңның «алдына шығып кетуге» болмайды деп жатады ғой. Мәселен, ол киген брендпен ауыруға болмайды, ол мінген мәшиненің мықтысын тізгіндеуге тиым салынған. Оныңкінен сұлу нәрсемен науқастануға ноу, ноу, болмайды екен. Бұл саяси үрдіс көбінесе провинцияларға қарағанда, мегаполистерде сақталып қалған. Ауыл-аймақта асып-тасып жүрмесең несі қызық деген әңгіме тағы бар.)) «Бастықтан асып, барымды кимейін» деген адамдардан бастық болғанда айналып кетесің-ей. Бір анығы басшыңмен бірдей киініп қалудан Құдай сақтасын, той-томалақта тыр жалаңаш отырарсыз. 📍САЯСИТО ІЛТИПАТИЗММО. САЯСИ ІЛТИПАТ ДЕГЕН НЕ? 👉 Ол жағын келесі суретімнің соңына саламын. Күтіңіз енді)👉
Read more
Кеше біраз оқырманымның жағасын ұстатқан шағын тәжірибенің қорытындысын жариялайын. Ең көп ...
Media Removed
Кеше біраз оқырманымның жағасын ұстатқан шағын тәжірибенің қорытындысын жариялайын. Ең көп жауаптар: 1. "басқа шарттар жоқ па? Мыналар қиын екен". Бар проблемаңызды шешіп беретін қаржы үшін жеңіл шарт сұрау - арамтамақтың белгісі. 2. "Алла сақтасын! Ешқашан істемеймін!" Неге ... Кеше біраз оқырманымның жағасын ұстатқан шағын тәжірибенің қорытындысын жариялайын. Ең көп жауаптар:
1. "басқа шарттар жоқ па? Мыналар қиын екен". Бар проблемаңызды шешіп беретін қаржы үшін жеңіл шарт сұрау - арамтамақтың белгісі.
2. "Алла сақтасын! Ешқашан істемеймін!" Неге Алла сақтасын дейді, білесіз бе? Шын мәнінде осындай жағдай болса ештеңеге қарамай, барлық шарттарды орындап шығатынын түпсанасы түсінеді. Сондықтан теория жүзінде ойлауға да қорқады.
3. "сүйіктіме ауыр сөз айта салам, сосын кешірім сұрай салам..." Көзбояушылар.
Ең қуантатыны өлтіру, ұру, жамандау, яғни біреуге зиян келтіру дегенді жазбады. Арқамнан ауыр жүк түскендей. Онлайнда кез келген адамға ойға сыйғысыз жаман сөз жазып, жанына жара сап отыратындар бетпе-бет кеп қол жұмсаудан тартынады екен. Әлде менің оқырманым ғана ма? Мен үшін сананың бірінші көрінісі біреуге іспен де, сөзбен де зиян тигізбеу. Аллаға шүкір, бәрі тек ешкімге зиян тигізбеу жағын ойлады. Ол жағынан "үмітімді ақтамадыңыздар". Шын ақниеттілерге Алла берекені таңдау жасатпай-ақ берсін.
P.S. "Сіз қайсын таңдар едіңіз?" деген сұраққа жауап: жалаңаш жүріп өтуге қарсы емеспін. 100 млн доллары бар адамның көтені қандай екені маңызды емес 🤣
Read more
Күміс – қазақ ұғымында тек сәндік әшекей ғана емес, оның қорғану, емдік қасиеттері зор болған. Қолындағы ...
Media Removed
Күміс – қазақ ұғымында тек сәндік әшекей ғана емес, оның қорғану, емдік қасиеттері зор болған. Қолындағы күмістен соғылған білезігін ұлының алған жарына сыйлауы ененің келініне тапсырған аманаты. Менің жолымды жалғас­тыр­сын, отаудың түтіні түзу шықсын, осы білезік үзілмей қолдан-қолға ... Күміс – қазақ ұғымында тек сәндік әшекей ғана емес, оның қорғану, емдік қасиеттері зор болған.
Қолындағы күмістен соғылған білезігін ұлының алған жарына сыйлауы ененің келініне тапсырған аманаты. Менің жолымды жалғас­тыр­сын, отаудың түтіні түзу шықсын, осы білезік үзілмей қолдан-қолға өтіп, шаңырақ кеңейе берсін деген ырым. Енесінен сыйға алған білезікті келіні ертеңгі күні өзінің келініне сыйлауы шарт. Бұл дәстүрлер сабақтастығының бір белгісі. Қызына сыйласа, онда дәстүріміздің бұзылғаны. Себебі қыз – жатжұрттық. Қыздан туған бала қазақта немере емес, жиен болып есептеледі. Қанша жерден жақын тартқаныңмен қыздан туған жиеннің руы да, қаны да бөлек екені белгілі. Бұл қыздың баласы бала емес дегенді білдірмесе керек, де­генмен қазақтың салт-дәстүрін аяқас­ты етпей, жастарымыз біліп өскені абзал.
Жаңадан түскен келіннің алғашқы қадамы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы тәжірибелі ененің көз алдында. Білмегенін қызындай көріп үйретіп, «жаманын жасырып, жақсысын асырып» отыратын ақ жаулықты аналарымыз азайып кеткендей. Ал ененің тілін таба білетін жас келіннен аналарымыз ештеңе аямайтыны бесенеден белгілі жайт. Оны ененің емеурінінен-ақ танисыз. Бір кездері көңіліне ұнаған, сенім артқан келінін қасына шақырып алып, сандығын ақтарып: «Мынаның бәрі сенікі. Осыны өлгенде өзіммен бірге көрге алып кетеді деймісің, тағып, жарқырап жүр, қарағым» деп, өмірі құлыпталып тұратын сандығынан алтын, күміс әшекейлі заттарды қызындай көріп кеткен келініне табыстаған әжелерді де көзіміз көрді.
Мұндай құндылыққа ие болған ақылды келін дәулет-дәрежесіне қара­мас­тан, енесінің аманатын өзінің қобди­шасында сақтаған. Ендігі мақсаты – өзінің ізбасарына, өзінен туған баланың келіншегіне сыйлау. Оның ар­тында барлық шаруаны, бала-шағаны саған сеніп тапсырдым деген ниет тұрады.
Ауыл-аймақта, жер-жерде осындай білезікке ие, ене мен келін арасын­дағы әдемі бір сыйластыққа ұйыт­қы болып, аманатты арқалап жүргендер табылып қалар.

Өңдеген: @zharkinai_1987
Read more
Бүгінде көп адам өзгеден артық тұруды қалайды. Өзі былай тұрсын, Абай атамыз айтқандай, қосқан ...
Media Removed
Бүгінде көп адам өзгеден артық тұруды қалайды. Өзі былай тұрсын, Абай атамыз айтқандай, қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанатын мінез әлі біздің жұрттан қала қойған жоқ. Киім кисе де, ас ішсе де, көлік ... Бүгінде көп адам өзгеден артық тұруды қалайды. Өзі былай тұрсын, Абай атамыз айтқандай, қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанатын мінез әлі біздің жұрттан қала қойған жоқ. Киім кисе де, ас ішсе де, көлік мініп, үй соқса да, іштегі бір арманы жұрттан бір елі болса да озып тұру болатын замандастарымыз аз емес. Ал енді ақиқатына келсек, адамнан адам несімен озады. Алланың назарында ең жоғары бағаланатын кісі кім? Міне, осы туралы ой бөліспекпіз.

Бір кісі ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп: «Уа, Расулаллаһ! Адамдардың ең жақсысы кім?» деп сұрады. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Алладан ең көп қорқатыны» деп жауап берді. Көріп отырсыз, бұл хадисте аты озған, балуаны жыққан, иті ұстаған деген өлшем жоқ. Екі дүние сәруары Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Алладан көбірек қорыққан адамды өзгеден артық деп отыр. Ендеше, бүгінгі жаңа қоғамда өңі теріске айналған құндылықтардың бірі осы. Алладан қорқу дегенді шариғат тілінде тақуалық деп те атайды. Мұсылман ғұламаларының айтуынша, бүкіл жақсы қасиеттер осы тақуалықтан келіп шығады. Тақуалық Алладан қорқу мен Алланы құрмет етудің арасындағы сезім. Жүрегінде тақуалығы бар адам Аллаға қарсы шығудан, Оның бұйрықтары мен тыйымдарына мән бермеуден сақтанады.

Басқаша айтқанда, тақуа құлдар арақ ішпейді, өсек-өтірік айтпайды, құмарлыққа салынбайды, біреудің малын қызғанбайды, шариғат тыйым салған іске бір адым баспайды. Ал құлшылық пен жақсылыққа желден де жүйрік болады. Бұл айтылғандар орындалмаса, тақуалық тек қана тілде қалып қоймақ. Алладан қорқып, тақуалық ету, әрине, оңай емес. Оған үлкен күш, ерік-жігер қажет. Мысалы, біреуге берген сөзді орындау, уәдеде тұру кейде өте қиын болады. Мың сан қарбалас шаруалардың арасында уағдалы істің орындалмай қалу қаупі басым болады. Міне, сондай кезде Алладан қорқу ауадай қажет. Алладан шын қорыққан адам уәдесін бұзбайды, аманатқа қиянат жасамайды.

Ілгеріде өткен бір ғалым: «Мен бұрын жасаған күнәларымнан гөрі әлі жасамаған күнәлардан қорқамын. Өйткені бұрын не істегенімді білемін, алайда енді не істейтінімді білмеймін» деген екен. ⤵⤵⤵
Read more
Егер жаныңызда әрбір істеген ісіңізге ішегін тартып, көріп, біліп жүрсе де, «мәә, күшті иәә, туу ...
Media Removed
Егер жаныңызда әрбір істеген ісіңізге ішегін тартып, көріп, біліп жүрсе де, «мәә, күшті иәә, туу мен де сондай болсам ғо, сен сияқты неғымаған екенмін мен де» деп, үнемі қуанып айтқан нәрсеңді «ЖҰРТТАР ПЫСЫҚ ОСЫ, ҮНДЕМЕЙ ЖҮРІП» деп шамыңа тиіп, өзінің не қалап тұрғанын бір Құдай ғана білетін ... Егер жаныңызда әрбір істеген ісіңізге ішегін тартып, көріп, біліп жүрсе де, «мәә, күшті иәә, туу мен де сондай болсам ғо, сен сияқты неғымаған екенмін мен де» деп, үнемі қуанып айтқан нәрсеңді «ЖҰРТТАР ПЫСЫҚ ОСЫ, ҮНДЕМЕЙ ЖҮРІП» деп шамыңа тиіп, өзінің не қалап тұрғанын бір Құдай ғана білетін адамдар торуылдап жүрсе, оларға тек бақыт тілеген дұрыс екен.
Бұрын өз басымдағы жетістіктерімді айта жөнелсем, «туу, менде де неге болмайды сондай?» дегенде как будто соның қолындағысын өзім тартып алғандай біртүрлі болып қалатынмын. Кейбірі өзімен-өзі менімен бәсекелесіп, «неге мені емес сені, неге маған емес саған?» деген ниетін танытып қоятын. Мені біреу мақтап қалса, «мен ше?» дей жөнелетін. «Жоқ, сенен бұрын мен боламын» дейтінін қайтерсің?! (Мұндай жағдай әркімнің басында кездескен сияқты) Мен ондайда жымиып қойып, Құдайдан «осы адамның сұрағанын берші өтінемін, іштарлық қылуын қойсыншы» деп тілейтінмін. «Оның жүрегіне иман, басына бақ берші» деп сұрайтынмын. Қарап отырсам, сондай 2-3-еуі өз бақытын тауып, мені күндемек түгілі, хабар алуға да шамасы жоқ екен. Бұл мен үшін қуанышты жағдай. Өйткені олар бақытты, оларда бәрі бар.
Айтайын дегенім, іштарлығы мен күншілдігі ішіңді бүлк еткізетін адамдарға тек бақыт, жүрегіне иман тілеңіз. Оның сізді күндеуге мұршасы болмай қалған кезде, сіз өз жолыңызбен, өз несібеңізбен алаңсыз өмір сүре бересіз.
Студент кезімде кітапаханада рухани материалдарды көп оқыдым. Бірақ мұндай адамдарға БАҚЫТ ТІЛЕУ туралы еш жерден оқымаппын. Бұл жайында кейін жылдар бойы рухани практикамен айналысып келе жатқан Құралай ханым @kuralay_hanum мен Жанар Байсемізден @janar_baisemizova де естіп, Құдайдың құдіретіне таң қалғанмын.
Құдай сұрасаңыз беруден шаршамайды. Тек күпірлікті тілек тілеумен, күншілдікті тілектес болумен алмастырсақ қандай жақсы. Біреудің несібесі сізге қай жаныңызбен тырыссаңыз да, ешқашан бұйырмайтынын түсінгейсіз.
Ақыл айтқыштар көп қой, бірақ бұл #Гүлназдыңөзруханипрактикасы
Read more
Әрбір ата-ана перзентінің аман-сау, көркем мінезді, парасатты, салихалы, табысты, абыройлы ...
Media Removed
Әрбір ата-ана перзентінің аман-сау, көркем мінезді, парасатты, салихалы, табысты, абыройлы болғанын армандайды. «Сенің табаныңа кірген тікен, менің маңдайыма қадалсын» деп жатса да, тұрса да ойынан тастамайды. Аздап ауыра қалса, жолы болмай жатса жанын қоярға жер таппайды. Дегенмен, ... Әрбір ата-ана перзентінің аман-сау, көркем мінезді, парасатты, салихалы, табысты, абыройлы болғанын армандайды. «Сенің табаныңа кірген тікен, менің маңдайыма қадалсын» деп жатса да, тұрса да ойынан тастамайды. Аздап ауыра қалса, жолы болмай жатса жанын қоярға жер таппайды. Дегенмен, осындайда, ата-анаға берілген үлкен нығметті естен шығарып алмауымыз керек. Хадисте ата-ананың балаға жасаған дұғасының қайтарылмайтындығы айтылады. Яғни, перзентін бәле-жаладан сақтағысы келген кез келген ата-ана тәуіптің не емшінің есігін қақпай-ақ, шариғат көрсеткен дұғалармен өзі дем салып, сүннетте бұйырылған рәсімдерді атқарса жеткілікті екен. Адамға пана болушы – Алла, жамандықтан Қорғаушы – Жаратушы Иеміздің Өзі. Адам өмірін тек бақытқа толтыруды мақсат тұтатын ислам діні жамандықтан қорғайтын, жақсылыққа бастайтын жолды анық көрсеткен.  Балаға дем салу (қолыңызды балаңыздың басына қойып оқисыз)  Фатиха» сүресін 7 рет оқу
«Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелерін 3 реттен, «Аятүл Күрсіні» 3 рет оқу:
Айта кетейік, бұл сүрелерді тек қана бала ауырған кезде емес, күн сайын ұйқытар алдында оқыған абзал. Егер, үнемі балаларыңыздың жанында болмасаңыз, олардың өзіне үйретіп қойсаңыз нұр үстіне нұр. Егер, олардың шамасы келмесе «Лә иләһә илла Аллаһ», «Бисмилләһир-рохманир-рохим», «Әғузу билләһи минәш-шайтонир-рожим» деген сөздерді жаттатуға болады.
Read more
Менің жалпы өсе келе бір түсінгенім, адам боламын, өсемін десең ешқашан өз еліңді жек көрме, ешқашан ...
Media Removed
Менің жалпы өсе келе бір түсінгенім, адам боламын, өсемін десең ешқашан өз еліңді жек көрме, ешқашан өз еліңді басқаратын адамды жек көрме, оны шет елде жүріп ешқашан жамандама, сатқын болма! Өзім студент кезімде 3-4 жыл шет елдерде оқып жүріп, келгеннен кейін де жыл сайын шекара асып ... Менің жалпы өсе келе бір түсінгенім, адам боламын, өсемін десең ешқашан өз еліңді жек көрме, ешқашан өз еліңді басқаратын адамды жек көрме, оны шет елде жүріп ешқашан жамандама, сатқын болма! Өзім студент кезімде 3-4 жыл шет елдерде оқып жүріп, келгеннен кейін де жыл сайын шекара асып демалысқа шықсақ та осы туралы көп ойланатынмын. Мысалға, сіз бір үлкен мекемеге жұмысқа тұрмақ боласыз. Бірақ жұмысқа тұрар алдында сол мекеменің бастығы сондай жаман, қатыгез, жемқор, адам дерлік қасиеті жоқ өте нашар адам екен деген өсек-аянға құлағыңыз қанық, және сол өсек-аянға сіз жүрегіңізбен сеніп қалдыңыз. Содан кейін сол мекеме ішінде өсіп-өнуге сізде қандай ықылас? қандай ниет болады? Ойлап көріңізші...? Ойыңызға бір жақсы идея келсе артынша мың жаман артқа тартқыш ойлар келеді емес пе? "ооой қоя сал, сен қазір оны бастағаныңмен анау аяқтан шалад, мынау жағымпаз дейд, анау күлед, бастық болса анау оңбаған" деген неше түрлі шайтан ойлар келеді де, өөй одан да осы бір қалпымда жүре бермеймін бе? деген ойлар келе бастайды. Немесе балаңды бір мектепке бергелі жатырсың. Бір көршің көре алмай "оой бұл мектептің директоры оңбаған адам" деп бір сөз айтып қалса, және сіз оған сенсеңіз, бірден балаңыздың дұрыс білім алып шығатынына күмән келеді емес пе? Өй, директоры нашар болса ұстаздары не оңған дейсің дегендей арығарай өрбіп кете береді жаман ой. Немесе Дубайға қыдырып бардыңыз делік, ол елге бармас алдын бір досыңыздың "ол елде сақалдылардың бәрі террорист"- деген бір сөзі сіздің миыңызға кіріп кетті делік. Содан кейін ол елдегі демалысыңыз демалыс бола ма? Ойлап көріңізші? Әр қасыңызға жақындаған сақалды арабтан сескеніп!? Сондықтан туған жерімізді, жұмыс істейтін мекемемізді, баратын мектебімізді, қыдырып барған жерімізді, тұратын ауылымызды тұтасымен жақсы көріп үйренейікші, тұтас оның басшыларымен, ішіндегі жұмысшыларымен, бәрімен-бәрімен қоса. Мүмкін сонда өміріміз жақсы жаққа қарай өзгерер. Көп нәрсе негізінде, тек қана біздің ойымызға, қабылдауымызға байланысты екен...Жақсыны ғана көрген адам, жақсылықты ғана көреді. Жаманды көргісі келген адам тек қана жамандықтан көзін ашпайды...Мен өз елімді тұтас сүйемін 🇰🇿😘❤️!!! #БалмырзаныңТаңғыОйлары #АртықКетсемӨзСөзімӨзіме😄
Read more
🧠Есте сақтауды жақсартуға арналған 4 тәсіл <span class="emoji emoji1f4cc"></span>Жоғалтып алмас үшін бетбелгіде сақтап қой! <span class="emoji emoji2714"></span>Іздеу: ...
Media Removed
🧠Есте сақтауды жақсартуға арналған 4 тәсіл Жоғалтып алмас үшін бетбелгіде сақтап қой! Іздеу: ойдағы керектіні еске түсіруді үйреніңіз. Әлденені еске түсіру кезінде ойдағы бар ақпаратты ақтара іздейсіз. Нақты бір деректі көздемей-ақ, соны тудырған идеяны табуға тырысатыныңыз ... 🧠Есте сақтауды жақсартуға арналған 4 тәсіл
📌Жоғалтып алмас үшін бетбелгіде сақтап қой!
✔Іздеу: ойдағы керектіні еске түсіруді үйреніңіз. Әлденені еске түсіру кезінде ойдағы бар ақпаратты ақтара іздейсіз. Нақты бір деректі көздемей-ақ, соны тудырған идеяны табуға тырысатыныңыз анық. Мұның пайдасы мол, себебі бұл әрекет сізге керекті идеялармен етене жақын нейронды байланыстарды жұмыс жасауға итермелейді.
✔Өңдеу: жаңа идеяларды бұрынғыларымен байланыстырыңыз. Ақпаратты өз сөзіңізбен жеткізген кезде сіз оны өңдеуге тырысасыз. Мысалы, физикада егер ыстық кесені қолға алсаңыз, сізге жылу берілетінін сезесіз, демек, жылу алмасу процесін түсіну оңай.
✔Кезектес: әр мәселені жанжақты зерттеңіз. Спорттан мысал: допты кері қайтара ұратын спортшы біліктілігін жаттықтыру үшін әртүрлі жақтан күтіп алу арқылы соққы жасайды. Егер сіз қиын жағдайда қалып, кедергімен бетпе-бет келсеңіз, алдымен оның қаншалықты қиын және сізге қандай салмақ салатынын анықтап алуыңыз қажет. Кейін шешу жолдарын қарастырған жөн.
✔Жауап табу: жауапты біреудің көмегінсіз іздеңіз. Сұраққа жауап іздеу кезінде әртүрлі ақпаратты қазбалап, өзіңізге қажеттіні табасыз. Берілген сұрақтың жауабын өздігіңізше тапсаңыз, бұл тәсіл есте қалады. Себебі біреудің нұсқаулығымен жасалған істен бөлек, өз ізденісіңізбен шешілген мәселе ойда жылдам жатталады. ---------------------------------------------------------------
🧠4 лайфхака для улучшения памяти
📌Сохраняйте в закладках, чтобы не потерять! -
✔Поиск: научитесь отыскивать в памяти нужное. Когда вы пытаетесь что-то вспомнить, вы буквально ищете информацию, перебираете все варианты. Вы вспоминаете саму идею, а не какую-то конкретную информацию, которую вы зазубрили. Это полезно, потому что заставляет работать нейронные связи, которые непосредственно связаны с нужной вам идеей.
✔Обработка: связывайте новые идеи с уже известными вам. Когда вы пытаетесь передать информацию «своими словами», вы ее обрабатываете. Например, в физике легко понять процесс теплообмена, если представить чашку кофе, которая согревает ваши руки – передает вам тепло.
Read more
1-сурет. Ұмытпасам, бұл қыз @umkashamakhanova 7-8 сыныбында біздің үйге қыдырып келді. Олардың ...
Media Removed
1-сурет. Ұмытпасам, бұл қыз @umkashamakhanova 7-8 сыныбында біздің үйге қыдырып келді. Олардың Қызылордаға енді көшіп келген кезі ма, әйтеуір көршілерін өте жақсы танымайтын болса керек. Сонда екі әпкесінің аузын аңқитып қойып, мынадай әңгіме айтып отырған: «Ана үйдің қызы бар ғой, ... 1-сурет. Ұмытпасам, бұл қыз @umkashamakhanova 7-8 сыныбында біздің үйге қыдырып келді. Олардың Қызылордаға енді көшіп келген кезі ма, әйтеуір көршілерін өте жақсы танымайтын болса керек. Сонда екі әпкесінің аузын аңқитып қойып, мынадай әңгіме айтып отырған: «Ана үйдің қызы бар ғой, банкте жұмыс істейтін сияқты. Ал, ана үйдің әйелі мұғалім. Қызыл дарбазасы бар үйдің әйелі не адамы осындай жерде жұмыс істейді, я болмаса осындай іспен айналысады». Бірі «Не олармен сөйлестің ба, қайдан білесің?» десе, ол «жоқ ана кісі күнде жұмысқа осындай киім киіп барады, осындай нәрсе ұстайды, мына жерін мынадай қылып алады, осылай жүреді» деп түрлі сипаттамаларды жаудырта жөнелген. Сонда оған бірі «Құдай сақтасын, сен бір күні олардың үйінде қай заты, қай жерде тұрғанын да айтып беретін шығарсың» деген еді. 😊
Сол кезде бұл бөлемнің талғамы мен ерекше зеректігіне қатты таң қалғанмын. Тіпті, ол таңданыс әлі де басылған жоқ. Кейде 8 сағат қасыңда бірге жүрген адамның не киіп алғанын байқамайтын кездер болады. Зеректік пен талғампаздық екінің біріне беріле бермейтін қасиет. Сен сол үшін де ерекшесің, ерексің.😘💋 Жаным, осы алған бетіңнен тайма,😘 сыйлылығың мен сүйкімділігің одан сайын артып, өз ортаңның сүйіктісі болып жүре бер. Мен саған өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. Алла қаласа, қырсықтығың мен қыңырлығыңды еркелікке балай білген Рауаныңмен аман-есен бас қосып, мәңгі бірге болыңдар.😘😘 Әрдайым ата-анаң мен бауырларыңның, біздің алдымызда тек қуанып, шаттанып жүре бер, денің сау болсын!😘 2-сурет. Бүгінгі Ораз ағаның да туған күні құтты болсын! Эля тәтемнің үш бірдей аманатын қадірлеп отырған мұндай қамқор, асыл әке екінің бірінде жоқ шығар. Ағаға тек денсаулық, қажымас қайрат, @oteshbaevaa @talgat_oteshbaev @ayazhanoq сендердің қызықтарыңды көруді жазсын деймін. Барлығыңа сарқылмас бақыт тілеймін!😘😘😘 3-cурет. Бұл Гүлсая деген қыз мен 1-сынып оқып жүргенде сотқар тәтесі екеуі үйге қыдырып келіп, менің дәптерімді шимайлап тастаған. Содан мамам мені ертесіне таңғы 6-да оятып алып «саған айттым ғой, заттарыңды бір жерге тығып қой деп, апайыңа не деп айтасың енді» ⤵
Read more
#Тұсаукесер #жаңа_ән Жандос Омаров & Мадина Сағынбекова "Сен екеуміз" әнін @KAZAMUZA_NET сайтынан тыңдап, жүктей аласыз. #music_kazamuza @kazamuza Жүрегімізден шыққан осы бір Әдемі Әнімізді қабыл алыңыздар!!! #Тұсаукесер #жаңа_ән Жандос Омаров & Мадина Сағынбекова "Сен екеуміз" әнін @KAZAMUZA_NET сайтынан тыңдап, жүктей аласыз. #music_kazamuza @kazamuza
Жүрегімізден шыққан осы бір
Әдемі Әнімізді қабыл алыңыздар!!!
🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹
Ал достарым мен бүгін сұлу қыздарыммен мақтанғалы отырмын<span class="emoji emoji1f60d"></span><span class="emoji emoji1f60d"></span><span class="emoji emoji1f60d"></span>төрт қызымның өз қолдарымен жасаған ...
Media Removed
Ал достарым мен бүгін сұлу қыздарыммен мақтанғалы отырмынтөрт қызымның өз қолдарымен жасаған сыйлықтары көңілімді бір көтеріп тастады. Кіші қызыма апайы көмектескен екен ендібірақ əрқайсысының мейрам күні "анашым мерекеңізбен, біз сізді жақсы көреміз" деген сөздері көңілімді ... Ал достарым мен бүгін сұлу қыздарыммен мақтанғалы отырмын😍😍😍төрт қызымның өз қолдарымен жасаған сыйлықтары көңілімді бір көтеріп тастады. Кіші қызыма апайы көмектескен екен енді😊😊бірақ əрқайсысының мейрам күні "анашым мерекеңізбен, біз сізді жақсы көреміз" деген сөздері көңілімді жібітті. Жандарым сол, алтындарым, əрқашан тілеулеріңді тілеп, бақытты балалық шақ тілеп, аңсаған армандарыңа жету үшін əкең екеуміз бар күш-жігерімізді аямаймыз. Рахмет сұлуларым сыйлықтарың үшін😙😙😙
#қолғанаттарым_сұлуларым_еркелерім
@insta_shanyrak
@insta_ana2018
#32қатысушыана
Read more
Бүгін тұла бойы тұңғышым Айшамның дүние есігін ашқан күні. Ботақаныма жер жаханның бар жақсылығын ...
Media Removed
Бүгін тұла бойы тұңғышым Айшамның дүние есігін ашқан күні. Ботақаныма жер жаханның бар жақсылығын тілеймін.Ең бастысы аман боп,аңсаған арманыңа жете бер,жаным! Бүгін тұла бойы тұңғышым Айшамның дүние есігін ашқан күні. Ботақаныма жер жаханның бар жақсылығын тілеймін.Ең бастысы аман боп,аңсаған арманыңа жете бер,жаным!😍😘😘😘💐💐💐🎂🎂🎂🎁🎁🎁
Туылған күніңмен алтын қыз<span class="emoji emoji1f618"></span> Өмірдегі бар жақсылықты тілеймін шын жүректен. Бақытты бол. Жүзіңнен ...
Media Removed
Туылған күніңмен алтын қыз Өмірдегі бар жақсылықты тілеймін шын жүректен. Бақытты бол. Жүзіңнен күлкі кетпесін. Аңсаған арманыңа Алланың қалауымен жет биік биік белестерден көрін. Бəрі бəрі бəрі күшті күшті зың зың дың дың болсын кеш құтықтағаныма ренжімее ияяя алтын қыз @balzhandanebek Туылған күніңмен алтын қыз😘
Өмірдегі бар жақсылықты тілеймін шын жүректен. Бақытты бол. Жүзіңнен күлкі кетпесін. Аңсаған арманыңа Алланың қалауымен жет😘 биік биік белестерден көрін. Бəрі бəрі бəрі күшті күшті зың зың дың дың болсын 😊кеш құтықтағаныма ренжімее ияяя алтын қыз @balzhandanebek
Әл-Ақса мешітіне барып, құлшылық ету "ашық тұрған есікке кіре салумен" бірдей емес. Бұл жердің ...
Media Removed
Әл-Ақса мешітіне барып, құлшылық ету "ашық тұрған есікке кіре салумен" бірдей емес. Бұл жердің күзеті өте қатал екен. Бұл жерге кіру үшін "Are you Muslim?" "Сіз мұсылмансыз ба?" деп сұрайды. Егерде "Yes, I'm Muslim" "Иа, мұсылманмын" деп немесе т.б жауап берсеңіз кіру мүмкіндігінен ... Әл-Ақса мешітіне барып, құлшылық ету "ашық тұрған есікке кіре салумен" бірдей емес. Бұл жердің күзеті өте қатал екен. Бұл жерге кіру үшін "Are you Muslim?" "Сіз мұсылмансыз ба?" деп сұрайды. Егерде "Yes, I'm Muslim" "Иа, мұсылманмын" деп немесе т.б жауап берсеңіз кіру мүмкіндігінен айырыласыз. Нағыз мұсылманға тән "Әлһамдулиаллаһ" деген жауабыңыз ғана бұл жерге кіруге кілт бола алады. Туристтер, өзге дін өкілдеріне намаз уақытында қатаң түрде кіруге рұқсат етілмейді. Тіпті, күзеттегілер қайта келіп сенен қандай да бір құран сүрелерін, бар мұсылман білу керек қарапайым сұрақтарды сұрап жатса таң қалмаңыз - бұл қалыпты жағдай! Өзіңізге сенімді болып, бар сұраққа еркін жауап берсеңіз Сізге ешкім, ешнәрсе дей алмайды! ☝️Мекке мен Мәдина тек мұсылмандар үшін қасиетті мекен, ал бұл мекен иедуисттерге де, xристандар үшін т.б дін өкілдері үшін қасиетті. Және бұл мешіттердің орнына өз xрамдарын салу өзге дін өкілдерінің нақты әрі басты арманы. Сондықтан да, бұ жерде дін өкілдерінің қақтысығы тұрақты болуы, мемлекеттік тұрғыдан қорғалуы - заңдылық.
Десек те, қаншама Пайғамбарлардың аяқ басқан қасиетті жерінің энергетикасы мен атмосферасын бір сурет я бір сөзбен жеткізу мүмкін емес!.. #Jerusalem #Israel
Read more
Бүгін Алла қосқан жарымның туған күні! Сізге әлемнің бар жақсылығын тілеймін! Аңсаған арманымызға бірге жетейік!😇 Ата-анамыздың үмітін ақтап, махаббатты мәңгілік сақтап журейік! Өз тағдырыма разымын! Аллаға шукір!) Аман болыңыз отағасы!@baglan602 Бүгін Алла қосқан жарымның туған күні!😊 Сізге әлемнің бар жақсылығын тілеймін! Аңсаған арманымызға бірге жетейік!😇 Ата-анамыздың үмітін ақтап, махаббатты мәңгілік сақтап журейік!😁 Өз тағдырыма разымын! Аллаға шукір!) Аман болыңыз отағасы!😊@baglan602
Елестетіңіздерші біздің заманымыздан бұрын 4000-3500 жылдары негізі қаланған қала. Үш бірдей ...
Media Removed
Елестетіңіздерші біздің заманымыздан бұрын 4000-3500 жылдары негізі қаланған қала. Үш бірдей дін мұсылмандар, иудаизм мен xристиандар бір ауыздан Әлемдегі ең қасиетті деп санайтын орын бұл. Дәл осы қаладан Мұxаммед (с.а.у) әл-Ақса мешітінен исра жасады. Өз тариxында бұл қала екі ... Елестетіңіздерші біздің заманымыздан бұрын 4000-3500 жылдары негізі қаланған қала. Үш бірдей дін мұсылмандар, иудаизм мен xристиандар бір ауыздан Әлемдегі ең қасиетті деп санайтын орын бұл. Дәл осы қаладан Мұxаммед (с.а.у) әл-Ақса мешітінен исра жасады. Өз тариxында бұл қала екі рет соғыстың астында қалып, 23 рет өте үлкен қауіпке тап болып, 52 рет шабуылға тап болған, 44 рет қолдан қолға өткен. 1538-ші жылы бұл жерді Сүлеймен Сұлтан басқарған кезде қалаға таспен қоршау салған. Бүгінде бұл қоршау ескі қаламен жаңа қаланы анықтайтын белгідей әлі сақталған. Ежелгі грек жазбаларында бұл қаланың алғашқы атауы "Шалеем" деп аталған. Арабтар "аль-Құдыс", иврейттер "Йерушала" деп атайтын тариxы мен тағылымы мол бұл қаланы біз - Иерусалим дейміз! Иерусалим, осы күндері мен сенімен біргемін!!! ❤️ #Israel #JeruSalem #Израель #Иерусалим
Read more
"Білім алу– әрбір мұсылман еркекке және әйелге парыз" "Білім алу үшін жолға шыққан адамға періштелер ...
Media Removed
"Білім алу– әрбір мұсылман еркекке және әйелге парыз" "Білім алу үшін жолға шыққан адамға періштелер қанатын төсейді" "Дін үйрену үшін бір сағат отыру – алпыс жыл нәпіл намаз оқыған сияқты болады" (ибн Умар р.а.) "Кімде-кім мешітіме бір жақсы білімді үйрену үшін, не үйрету үшін келсе, ... "Білім алу– әрбір мұсылман еркекке және әйелге парыз"
"Білім алу үшін жолға шыққан адамға періштелер қанатын төсейді"
"Дін үйрену үшін бір сағат отыру – алпыс жыл нәпіл намаз оқыған сияқты болады" (ибн Умар р.а.)
"Кімде-кім мешітіме бір жақсы білімді үйрену үшін, не үйрету үшін келсе, ол ғазауат қылушының орнында болмақ. Кімде-кім мақсатсыз  келсе, біреудің бұйымына көз жүгіртіп кеткен адам сияқты болмақ"
"Егерде білім алушының ниеті тура болса, онда оған ешкім тең келе алмайды. Оның ниеті – білімсіздікті жойып, жақсылыққа шақыру болуы керек"
"Білім алу – нәпіл намаз окудан жақсы. Білімді жақсы  көрмеген адамда жақсылық болмайды. Білім алуға қызықпаған адамменен достаспаңдар!"
"Білім алыңдар! Білім алу – Алладан қорқу. Білімді талап қылу - ғибадат, алған білімді қайталау - тасбих, білімге ынталану - жихад, алған білімді тарқату – құрбандық, білімді білмегендерге үйрету – садақа"(Муаз бин Джабаль р.а.)
Read more
Loading...
Load More
Loading...