М атты мейірім ана

Loading...


Unique profiles
24
Most used tags
Total likes
0
Top locations
Almaty, Kazakhstan, Aktau, Mangghystaū, Kazakhstan, Qazaq Gourmet
Average media age
631.4 days
to ratio
7.7
— Алло, бұл жоғалған заттар бюросы ма? – деді баланың дауысы. — Иә, балақай. Не жоғалттың? — Мен ...
Media Removed
— Алло, бұл жоғалған заттар бюросы ма? – деді баланың дауысы. — Иә, балақай. Не жоғалттың? — Мен анамды жоғалттым. Ол сіздерде емес пе? — Анаң қандай еді?
— Ол әдемі әрі мейірімді. Ол мысықтарды жақсы көреді. — Солай ма? Кеше ғана дәл сондай ананы тапқан едік. Мүмкін ол сенің анаң шығар. Сен ... — Алло, бұл жоғалған заттар бюросы ма? – деді баланың дауысы.
— Иә, балақай. Не жоғалттың? — Мен анамды жоғалттым. Ол сіздерде емес пе? — Анаң қандай еді?
— Ол әдемі әрі мейірімді. Ол мысықтарды жақсы көреді. — Солай ма? Кеше ғана дәл сондай ананы тапқан едік. Мүмкін ол сенің анаң шығар. Сен қай жерден хабарласып тұрсың? — №3 балалар үйінен. — Жақсы. Анаңды саған жібереміз. Күт. 
Анасы бөлмеге кіріп келді. Әдемі әрі мейірімді. Қолына тірі мысық ұстап алыпты.
— Анашым! – балақай бар дауысымен айғайлап жіберді. Оны бас салды. Қатты құшақтағаны сонша, саусақтары қарысып қалды. – Анашым менің!!!
…Айбар өз дауысынан өзі шошып оянды. Мұндай түстерді ол күнара көретін. Жастығының астына қолын салып, әдемі қыздың суретін алды. Бұл суретті былтыр серуенде жүргенде даладан тауып алған. Енді оны ешкімге көрсетпей сақтап жүр. Осы суреттегі қыз оның анасы екеніне сенімді. Суретті үнемі жастығының астына тығып қояды. Түн қараңғысында да суретті алып, телміре ұзақ қарайтын оған. Өстіп жатып ұйықтап кетіпті… 
Таңертең балалар үйінің меңгерушісі Перизат апай бөлмелерді аралап, қайырлы таңымен әрбір баланы оятып жүрген еді. Айбардың төсегінің тұсында жатқан суретті алып мұқият қарады.
⤵️⤵️⤵️⤵️
Read more
Loading...
Назымнын #lovelly кыздарына Рахмет! .... #Repost @nosyaabildina.fan Алтыннанда қымбат Носямның анасы ең ақылды, ең керемет, ең тамаша, ең мейірімді, ең ақкөңіл, мен үшін алтын құрсақты ана, ең үлгілі ана - Ғалия апай Бүгін сіздің туған күніңіз болмасада сізге тілек білдіргім келіп ... Назымнын #lovelly кыздарына Рахмет! ....
#Repost @nosyaabildina.fan
Алтыннанда қымбат Носямның анасы ең ақылды, ең керемет, ең тамаша, ең мейірімді, ең ақкөңіл, мен үшін алтын құрсақты ана, ең үлгілі ана - Ғалия апай❤ Бүгін сіздің туған күніңіз болмасада сізге тілек білдіргім келіп отыр😘 Ең мейірімді, ең жанашыр Ғалия апай, өмір жасыңыз ұзааааааааааақ болсын, ешқашан ауырмаңыз, сырқамаңыз! Өмірде қызықты сəттеріңіз көп болсын😘 Əрқашан көктемдей жайнап, гүлдей құлпырып, жаздай жадырап жүріңіз😌 Балаларыңыздың жанында күліп, ойнап жүре беріңіз❤ Ең бастысы денсаулыққой, денсаулығыңыз мықты болсын💪 Бақытты болыңыз❤ Қуанатын сəттеріңіз көп, мұңаятын сəттеріңіз жоқ болсын! Алланың сүйікті пендесі болыңыз😘 Сізді өте өте қатты жақсы көремін❤
@galiya_baibossynova 😘❤
P.S. анасы мен баласының махаббаты ешқашанда өшпесін дей келе, музыканың да аты "Өшпес Махаббат"
-
@nazym_abildina #НазымАбильдина
#💗lovelly💗
#взаимныелайки #взаимныеподписки #взаимныепросмотры_и_лайки
Read more
Өтірік Алданасың соқырға да,тазға да, Отырасың тақырға да,сазға да. Өмір деген өтіріктер ...
Media Removed
Өтірік Алданасың соқырға да,тазға да, Отырасың тақырға да,сазға да. Өмір деген өтіріктер тізбегі, Арасында ақиқат бар аз ғана Жан бағып жүр жұрттың көбі жағынып, Қайда кеткен қасқыр мінез,тағылық Сау адамның ақылыны сия ма, Сауысқанды мақтап жатса самұрық Алдар көсе ... Өтірік

Алданасың соқырға да,тазға да,
Отырасың тақырға да,сазға да.
Өмір деген өтіріктер тізбегі,
Арасында ақиқат бар аз ғана

Жан бағып жүр жұрттың көбі жағынып,
Қайда кеткен қасқыр мінез,тағылық
Сау адамның ақылыны сия ма,
Сауысқанды мақтап жатса самұрық

Алдар көсе бізбен әлі туыссыз,
Ерте туып жасағансыз дұрыс сіз
Бұл заманда өмір сүрсе кім білсін,
Жұртпен бірге жүрер ме еді жұмыссыз

Жалғандығын көріп келем жалғанның,
Аңғалдықпен талай жерде алдандым
Сыр бөлісіп бірге жүрген жандар да,
Сырт айналып кеткеніне таңқалдым

Санау керек кімді жақын,кімді жау,
Аш қасқырдан ақыл сұрап тұр бұзау
Ақиқатты қолдар едік қос қолдап,
Өтіріктен айыра алмай жүрміз-ау...
Өзім ешкімді алдамаймын.1 сәуір деп сіздер де алдап xабарласпаңыздар.Келістік пе?😊✋️✅
#Мейірбек_Сұлтанxан
Read more
Бұл видео менде ғана бар шығар(тойға барғандардан бөлек) Естеріңізде ме, бұл жігіт? Ия,хабарымызға келген Абзал ғой. Бір бүйрегін танымайтын мұқтаж жанға беріп,өміріне араша болған ...Шілденің 8-не Абзал үйленді. Кеш те болса, екі жасты құттықтаймын!!! Абзал азаматсың! ... Бұл видео менде ғана бар шығар(тойға барғандардан бөлек)😊👍 Естеріңізде ме, бұл жігіт? Ия,хабарымызға келген Абзал ғой. Бір бүйрегін танымайтын мұқтаж жанға беріп,өміріне араша болған👏👏👏
...Шілденің 8-не Абзал үйленді. Кеш те болса, екі жасты құттықтаймын!!! Абзал азаматсың! Әр ісіміз бумеранг деген. Сол ерлігіңді естіп Шымқаланың Әйгерім атты аруы өзіңді Оралға іздеп келді... Міне ерекше той өтті. Ерекшелігі сол: видеооператор, тамада, жүргізуші, фотограф тегін қызмет етіпті🙏🏻 көтерген шаңырақтарың биік әрі мықты болсын! Баянды бақыт тілеймін!
#жаныңдажүржақсыадам
#мейірім #мықтыадам
Read more
Жалғыздық ҚҰДАЙға ғана жарасқан. Абекем мейірімді, алтын адам. Фариза иманды, инабатты қыз. ...
Media Removed
Жалғыздық ҚҰДАЙға ғана жарасқан. Абекем мейірімді, алтын адам. Фариза иманды, инабатты қыз. Бәріңіз білесіздер, Әбекем адал жарынан 3 жыл бұрын айырылды. Қиналды. Қайғырды. Қажыды. Әбекемнің балапандарына Фаризаның аналық махаббатын сыйлай алғандығын, балапандарының оған бауыр ... Жалғыздық ҚҰДАЙға ғана жарасқан. Абекем мейірімді, алтын адам. Фариза иманды, инабатты қыз. Бәріңіз білесіздер, Әбекем адал жарынан 3 жыл бұрын айырылды. Қиналды. Қайғырды. Қажыды. Әбекемнің балапандарына Фаризаның аналық махаббатын сыйлай алғандығын, балапандарының оған бауыр басып, жақсы көріп қалғанын айтқанда көзіме жас келіп, қуандым. Қатты сынап, сөкпеңіздер. Той дейсіз бе? Абай досым да отыз ойланып, қырық толғанды. Фаризаның да ата-анасы, туған-туыстары бар. Ол да ақ койлек киіп, ақ бата алуды армандайды. Бақытты болғысы, бақытқа бөлегісі келеді. Баянды болғай. Құдіреті күшті АЛЛА тағала Ләухул Мағфузда кім қашан туылатынын, есімі кім болатынын, кімге үйленіп, қанша баласы болатынын, қанша жас жасап, қашан жан тапсыратынын жазып қояды. Сондықтан, ТӘҢІР берген тағдырды талқыға салудан сақ болайық. Келер күніне ешкім кепілдік бере алмайды. Дана ҚАЗАҚ "Өзгеге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле" дейді. Жарасымды жұпқа жақсылық тілеп, жүректерімізді таза ұстайық. АЛЛА баянды бақ берсін, @abai_begei алтын адам. 😊🇰🇿😊🇰🇿🕌🕋🍼👼🏻👨‍👩‍👦‍👦💞🏘📚🌎🍞🥛🍯🤝🏇🕊☀️
Read more
Биботай туылғанда наркоздан енді оянып "Түрі қандай?" деп сұрағанмын ғой дәрігерлерден<span class="emoji emoji1f602"></span> Мен ...
Media Removed
Биботай туылғанда наркоздан енді оянып "Түрі қандай?" деп сұрағанмын ғой дәрігерлерден Мен үшін сұлулығы өте маңызды. Басынан бармағына дейін Кейін үйдегілер "өзі қап-қара, ауызын қатты ашып жылағанын көріп, папасының копиясы дедік" дейді) Одан кейін аман-есен үйге келдік. Шомылдырып ... Биботай туылғанда наркоздан енді оянып "Түрі қандай?" деп сұрағанмын ғой дәрігерлерден😂 Мен үшін сұлулығы өте маңызды. Басынан бармағына дейін😂 Кейін үйдегілер "өзі қап-қара, ауызын қатты ашып жылағанын көріп, папасының копиясы дедік" дейді) Одан кейін аман-есен үйге келдік. Шомылдырып анау-мынауын жасап жүргенде саусақтарына қарай беретінмін. Мүлде менің саусақтарыма ұқсамайды. Қолы сондай әдемі. Әр саусағы, білегі, қолының икемі жарасымды. Содан бір күні күйеуіме "менің ұлым дәрігер болады" дедім. Ол күлді де қойды. Мен сол сөзімді әлі ұмытпадым. Биботай тілі шығып балабақшаға барып жүргенде апайына "дәрігер боламын болашақта" депті. Оны ешкім үйретпеген де оған. Таңқалғанымды жасыра алмадым. Апайға көрсетпей жасымды сүртіп жібердім. Болашақта ұлым шетелде білім алып келіп, туған елінің медицинасын жаңа белеске көтеретін мықты xирург болса екен деп тілеймін . (Берк или Шепард сияқты) #анатомиястрасти Мейірімді болса екен. Көптеген мұқтаж жандарға көмектессе екен. Кез келген ана осылай армандайтын шығар, иә? Армандарымыз орындалсын, аналар! Әмин🙏🏻
#балалараманболсын
Read more
Loading...
 #Repost @mukhamedzhan_tazabek with @get_repost ・・・ Әйгілі орнитологтардың айтуынша әлемде, ...
Media Removed
#Repost @mukhamedzhan_tazabek with @get_repost ・・・ Әйгілі орнитологтардың айтуынша әлемде, бір мезгілде 100 миллиардқа жуық құс өмір сүреді екен. Әрі олардың 9000 ға тарта түрі бар екенін ескерсек, қаншама қанатты жаратылыс жер бетін жайлап жүргеніне көз жеткізесің. Мені таңғалдыратыны, ... #Repost @mukhamedzhan_tazabek with @get_repost
・・・
Әйгілі орнитологтардың айтуынша әлемде, бір мезгілде 100 миллиардқа жуық құс өмір сүреді екен. Әрі олардың 9000 ға тарта түрі бар екенін ескерсек, қаншама қанатты жаратылыс жер бетін жайлап жүргеніне көз жеткізесің.
Мені таңғалдыратыны, соншама құс таң алагеуімде ұясынан ұшып шығып, қас қарая қайта оралғанша қаншама ризыққа кенеледі?! Күтіп тұрған жұмысы, белгіленген айлығы жоқ. Аптаға сақтаған қоры, айға жинаған азығы жоқ. Бірақ, күнде тоқ, күнде сол сабылу, қорек іздеп, бармаған жер, барламаған сай қалмайды. Өзі де тоқ, балапанына да жем тасып, өсіп-өніп жатады...
Адамзаттан он есе көп, әйтседе, бізге қарағанда әжептеуір әлсіз, құс атаулының тіршілігіне қарап, қатты ойланасың...
Недеген тәуекел..! Неткен көп ризық..! Миллиондаған жылдарға созылған недеген жүйелі өмір, жігерлі тірлік...
Ал, адамзат ше? Құстан құдіретті... Құстан қабілетті...
Ақыл мен сана, ғылым мен білімді игерген... Жетпіс жеті ұрпағы жеп тауыса алмайтын дүние жинаса да, қалт-құлт етіп, қабағы қатайған, қанағатсыздықтан жүрегі қарайып, пейілі тарылған біреулер жүр...
Берекесі қашқанын күнасынан көрмей, несібесі тарылғанын жалқаулықтан екенін сезбей, керексіздігін кесір мінезінен екенін түсінбей қаншама пенде таршылықта жүр...
Бір-бірімізге мейірім қылсақ, жақынымызға қайырым қылсақ, қаншама олқылықтың орыны толар еді...?
Жаратушыға жалбарынсақ, жанымызды аямай шаруа қылсақ, сенім артқанды лақтырып кетпесек, аманат жүктегенді алдап соқпасақ, қолдағы барға шүкірлік етіп, ойдағы мақсатқа xарекет етсек, қаншама тасымыз өрге домалап, қаншама басымыз береке көрер еді..?! Құс құрлым тәуекел ете алмай, тағдырына ренжіп, Құдайына күпір айтқан, қай пенденің бір ісі екеу болсын? Жетім болса да жетіліп, жесір болса да жерде қалмай, иманына сүйеніп, еңбегіне қол артып, адалдан ас ішкен кімнің өмірі нұрдан жұрдай, берекеден алыс қалыпты?
Алла баршамызды жарылқап, несібемізді тарылтпағай!
Read more
Қатты сырқаттанып жатқан әйелдің жанына бір күні періште келеді. Сонда әйел күлімсіреп "Дайынмын!" ...
Media Removed
Қатты сырқаттанып жатқан әйелдің жанына бір күні періште келеді. Сонда әйел күлімсіреп "Дайынмын!" дейді. -Иә, қандай қадамға дайынсың?-деп сұрайды періште. -Мені Құдай Жұмаққа жіберсін, мына өмірде бәрінен шаршадым. Әкетші мені тез! -Сені алып кетеді деп кім айтты? Сосын Жұмаққа ... Қатты сырқаттанып жатқан әйелдің жанына бір күні періште келеді. Сонда әйел күлімсіреп "Дайынмын!" дейді.
-Иә, қандай қадамға дайынсың?-деп сұрайды періште.
-Мені Құдай Жұмаққа жіберсін, мына өмірде бәрінен шаршадым. Әкетші мені тез!
-Сені алып кетеді деп кім айтты? Сосын Жұмаққа баратыныңды қайдан білдің?
-Қайдан білдің дейді ғой! Мына өмірде қаншама азап шектім, тым болмаса ана өмірде раxат, тыныш өмір сүретін шығармын?
-Сонда не үшін азап шектіңіз?
-Кішкентай күнімде ата-анам себепсіз көп ұрсатын, бұрышқа тұрғызатын. Ал өскенде кластастарым мазақтап, көп ренжітті. Ал күйеуге шыққан соң күйеуім ылғи ішіп, басқа әйелдерге барды.
Балаларым да маған тіл қайтаратын.
Ал бастығым болса бір тиын төлемей жұмыстан шығарып жіберді. Көршілерім мені ылғи көре алмай өсектейтін. Бірде бір ұры мені ұрып, тонап кетті Айналамның бәрі ренжітті...
-Түсіндім. Ал өзіңіз қандай игі іс жасадыңыз?
-Мен бәріне көмектесіп, мейірімімді аямадым. Мешітке жиі баратынмын... Бірақ ешкім бағаламады. Қысқасы, мен жұмаққа кеткенше асықпын! Әкет!
-Жақсы! Бірақ сені Жұмаққа әкетпес бұрын шартым бар, мына қағазға қол қоюыңыз керек,-деп әйелге қағаз ұсынады.
Қағазда: "Мен барлық мені ренжіткен пенделерді кешірдім және олар үшін кешірім сұраймын" деп жазылған еді.
Әйел қағазды оқыған соң бірден сазарып қалады. -Мен мына қағазға қол қоймаймын!-дейді әйел.
-Неге?
-Мен неге оларды кешіруім керек екен? Олар істегенінен солай оңай құтыла сала ма? Жоооқ, мен олардың азап шеккенін қалаймын! Тағы олар үшін кешірім сұрауым керек екен ғой? Ешқашан!
-Сенімдісіз бе?
-Әрине!
-Оларға деген сезіміңіз? -Өкпе! Ашу! Реніш! Нала! Жек көру! -Оларды кешіріп, ұмытып кетсеңіз не болар еді?
Әйел ойланып тұрып иығын қиқаң еткізді.
-ӨМІР ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ! Сізді ешкім де ренжіткен жоқ, өзіңізді ренжіткен-өзіңіз. Жаныңызды қинаған-өзіңіз.
Өзіңді кешіру деген-өз қатеңді мойындау. Өзіңді кешіру-ол өзіңді алдамау.
Пенденің басты кемшілігі- өзін ылғи ақтап, өзгені даттап, өзін "құрбан" еткенді жақсы көреді. Қылмыскер "қорғандым" деп, ұры "жағдайым жоқ болғаннан" деп ақталады, сіз де сондай сылтау айтудасыз.
Сіз сияқты "Құрбандарды" Жұмаққа қабылдай беретін Алла Тағала ақымақ дейсіз бе? Жоқ, сіз Құдайды олай алдай алмайсыз!
Read more
Loading...
Мен бөпеме құрсақта жатқан кезден бастап әуезді ән,құран сүрелерін көп айтып,көп тыңдаттым. Қазір қызық️сол әуендерді естігенде елітіп тұрады.Жылап жатса тоқтай қалып тыңдайды,арасында ыңылдап қосылып жіберетінді шығарды😀Тәрбие құрсақтан басталады дегенге үлкен мән беруіміз ... Мен бөпеме құрсақта жатқан кезден бастап әуезді ән,құран сүрелерін көп айтып,көп тыңдаттым.
Қазір қызық☺️сол әуендерді естігенде елітіп тұрады.Жылап жатса тоқтай қалып тыңдайды,арасында ыңылдап қосылып жіберетінді шығарды😀Тәрбие құрсақтан басталады дегенге үлкен мән беруіміз керек!/негізі/
Қазіргі медицина құрсақтағы балаға сыртқы дыбыстың әр алуан әсері барын әлдеқашан дәлелдеп қойған.Құрсақта жаңа қалыптасып келе жатқан шарананың қандай мінезді болып туарына сырттағы әуез айтарлықтай ықпал етеді екен. Атам қазақ аттың жалында, түйенің қомында көшіп жүріп ән айтқан, күмбірлете күй тартқан. Аналарымыз келін-кепшікті жинап ән салдырған, бой жаздырған. Мұның ар жағында — ұрпақ қамы, дәстүрлі тәрбие мәйегі жатқан жоқ па?! Ән шырқаған көңілден ауру қашарын әлмисақтан білген үлкендеріміз,шадыман көңіл жас анадан шаттық кернеген, мінезді ұрпақ туады деп сенген☝️ Сондықтан жүкті аналардың құлағына алтын сырға😍Жамандық атаулыдан бойларыңызды аулақ ұстап,тек қана өмірдің жақсы жағын көруге тырысыңыз!Тек қана жақсы ойда,жақсы көңіл-күйде жүріңіз себебі бойыңызға біткен кішкентай тіршілік иесі сіз қуансаңыз қуанып,сіз ренжісеңіз ренжиді.Әдемі,ақылды,мейірімді,парасатты ұрпақ сүйгіңіз келсе,бала бойыңызға біткеннен бастап жаман әдеттерден арылып өзіңізді қолға алыңыз! Күйбең тіршіліктің мәселелері бітпейді бірақ ол өз балаңыздан маңыздырақ емес деп ойлаймын!☺️ Ақыл айтты дей көрмеңіз 🙏өз ақылым өзіме әрең жетеді😃жәй реті келгенде ойыммен бөлісейін дедім☺️ #құлыншағым #бесікжыры #балатәрбиесі #Анаменбала #
Read more
Бүгін @salahas0 екеуміз Болашақ корпоративтік қоры ұйымдастырған баспасөз кездесуінде болдық. ...
Media Removed
Бүгін @salahas0 екеуміз Болашақ корпоративтік қоры ұйымдастырған баспасөз кездесуінде болдық. Қор жұмысына қарап, тамсанасың. Шынында да нағыз қайырымдылық пен мейірімділікке жетелейтін іс-шаралар легінің себепкерлері осы кісілер. "Әр бала мектепке лайықты" жобасы жайлы ... Бүгін @salahas0 екеуміз Болашақ корпоративтік қоры ұйымдастырған баспасөз кездесуінде болдық. Қор жұмысына қарап, тамсанасың. Шынында да нағыз қайырымдылық пен мейірімділікке жетелейтін іс-шаралар легінің себепкерлері осы кісілер.
"Әр бала мектепке лайықты" жобасы жайлы көп адам біле бермейді. Еліміздегі аутизм атты дертпен өмір сүріп жатқан балалар жайлы білетіндер де аз болар. Олар үшін қоғамға бейімделіп, қатарластарымен бірге білім алып, жарқын келешекке ұмтылуға жағдай жасау - жобаның басты мақсаттарының бірі. Бүгінде Астана мен Алматы қалаларының мектептерінде арнайы инклюзивті білім беру кабинеттері ашылып, жүздеген бала енді үйде емес, білім ошағына барып оқуда. Арнайы мамандардың арқасында балалар аз ғана уақыт ішінде әріп тану мен есеп шығаруды үйренуден бөлек, өз қызығушылықтарына қарай алуан түрлі үйірмелерге қатысады.
Осындай ауқымды, ең бастысы шынымен де қажетті, пайдалы іс жасап жатқан адамдар барда, сырқатына қарамастан күш жинап, білім алуға талпынған талантты бүлдіршіндер барда ел болашағынан күдер үзілмес.
Біздің жұмыс сол - ақпаратты сіздерге жеткізу. Менің жазғаным тек жүзден бір бөлігі ғана. Толығырақ танысуға кеңес беремін.
Айтпақшы, 1,2 сәуір күндері Керуен ойын-сауық орталығында ерекше балалар үшін естен кетпес мереке ұйымдастырылады. Келем деушілерге есік ашық!
P.S. Соңғы суретте Болашақ қорының директоры Динара Чайжунусова
#каждыйребенокдостоиншколы #әрбаламектепкелайықты #болашақкорпаративтікқоры #корпоративныйфондболашак #кфболашак
Read more
Соңғы кезде айналама, өмірге айна секілді қарап жүрмін. Өзі бір ойын сияқты, азартына кіріп кетуге ...
Media Removed
Соңғы кезде айналама, өмірге айна секілді қарап жүрмін. Өзі бір ойын сияқты, азартына кіріп кетуге де болады. Бір-екі рет әр түрлі тәсілмен сынап көргем)) . Мейірім алғым келсе - алдымен, өзім айналама мейірім беру керекпін. Тек қана позитив іздесем - оны әуелі өз бойымнан шығаруым ... Соңғы кезде айналама, өмірге айна секілді қарап жүрмін. Өзі бір ойын сияқты, азартына кіріп кетуге де болады. Бір-екі рет әр түрлі тәсілмен сынап көргем))
.
🌟Мейірім алғым келсе - алдымен, өзім айналама мейірім беру керекпін.
🌟Тек қана позитив іздесем - оны әуелі өз бойымнан шығаруым тиіс.
🌟Біреудің жымиғанын қаласам - бірінші өзім езуіме күлкі үйірем.
🌟Агрессия көрсетсем - әрине, агрессия аламын.
🌟Ұрысқым кеп, тілім қышып тұрса - міндетті түрде қырылып қалатын адам кездеседі)))
.
Қайтарымсыз, пайда іздемей, жай ғана айнаға қарағандай әсермен жасаймын. Бәрі ойымдағыдай шығады.
Тіпті, қатты ашуға булығып тұрған адамның өзіне жымиып, әрекетіңнің "отражениесін" алуға болады екен.
.
Осы тәсілді қолданып көргелі қандай жағдай болмасын эмоциямды, өзімді басқару өте оңай боп кетті 😊
.
Бір қызығы, адамдарға дәл өзінің күйінде жауап берсем, ашуланып шыға келеді. Олар, өз "отражениесінің" қандай күйде тұрғанын байқамағаннан ренжиді ғой.
.
Тіпті, дөрекілігіне дөрекі жауап бергенім үшін теріс айналғандар болды))
.
Болды, ендігісі айна сияқты әрекет етем және айнаға қарағандай жүрем деп шештім 😊
Бұл ойын маған ұнап қалды 😍
.
#ЧтоИзлучаюТоИПолучаю
Read more
Бір топ бақа қорек іздеп орман ішінде тарбаңдап келе жатады. Кенет, қапталдас келе жатқан екі бақа ...
Media Removed
Бір топ бақа қорек іздеп орман ішінде тарбаңдап келе жатады. Кенет, қапталдас келе жатқан екі бақа терең шұңқырға байқаусызда құлап кетеді. Мұны байқаған қалың бақа шуласқан күйі шұңқырдың ернеуін жағалап, жиыла қалады. Шұңқыр тереңдігін көрген олар бірден жолдастарының аман шығуынан ... Бір топ бақа қорек іздеп орман ішінде тарбаңдап келе жатады. Кенет, қапталдас келе жатқан екі бақа терең шұңқырға байқаусызда құлап кетеді. Мұны байқаған қалың бақа шуласқан күйі шұңқырдың ернеуін жағалап, жиыла қалады. Шұңқыр тереңдігін көрген олар бірден жолдастарының аман шығуынан күдер үзіп, екеуіне басу айта бастайды.Төмендегі қос бақа қатты қорыққаннан қаптаған шуылға құлақ салмай, бар күштерін салып шұңқырдан шығуға тырбанып бағып жатыр. Жоғарыдағы көпшілік екеуінің бос арамтер болып жатқанына жандары ашып «ақылдарын» жамыраса айтып, тоқтар емес.
Бір кезде екеудің бірі секіруін доғарып, көптің сөзіне құлақ қойды. Сол-ақ екен бірден бойын үмітсіздік билеп, салы суға кетті де тарбаң етіп төрт аяғын жоғары көтерген күйі өлді де қалды. Ал екінші бақа оған мән берген жоқ. Секіруін де тоқтатқан жоқ.
Ал ернеудегі бақалардың бақылдаған айқайы одан ары үдеп кетті. «Жаныңды қинама!», «Өлімге мойынсұнсаңшы!», «Болды ғой, енді!», - деген «жанашыр» сөздер әр жерден естіліп жатыр.
Тереңдегі бақа секіруін арттыра түсті. Бойындағы бар күшін жиып, соңғы рет ышқынып еді шұңқыр аузына келіп ілікті. Одан ары бір ақ секіріп сыртқа шығып кетті.
Мына ерлікке қатты таңқалған қалың бақа мұны қаумалап қоршап алды. «Сен біздің айқайымызды естімедің бе?», - деп жатыр. Ол болса: «Менің құлағымның мүкістігі бар еді. Тар жерде мүлде естімей қаламын. Бағана, шұңқыр ішінде болғанда ұзақ уақыт бойы сендер мені өмір үшін күресуге жігерлендіріп шулаған боларсыңдар деп ойладым», - деген екен.

Ғибратты мысалдың үш түрлі сабағы бар:

1. Өлім мен өмірдің күші тілде жасырынған. Қуаттандырып, жігерлендіруші сөз төмендегіні жоғарыға көтереді. Мақсатқа жетуге жол ашып, үмітті оятады.
2. Тұқыртып, үміт сәулесін өшіретін сөз төмендегіні өлтіріп тынады. Сол үшін ауыздан шыққан сөзге абай бол!
3. Ақылыңмен шешіп, дұрыс деп тапқан ісіңді жүзеге асыра аласың. Өзгелердің ой-пікірі үмітсіздікке ұрындырмасын.
Read more
Loading...
Барлық адамда қателік бар. Барлық адам қателеседі. Сол қателіктерін жұрттың көзінше бетіне айту, ...
Media Removed
Барлық адамда қателік бар. Барлық адам қателеседі. Сол қателіктерін жұрттың көзінше бетіне айту, айыптау дұрыс ойлаған ақымақ күндерім-ай. Ол дұрыс емес екен ғой. Жаның ашып бара жатса жаныма барып жәйлеп айтсаң да болады екен ғой. Ол да өзің секілді адам. Ол адамда да жүрек бар, сезім ... Барлық адамда қателік бар. Барлық адам қателеседі. Сол қателіктерін жұрттың көзінше бетіне айту, айыптау дұрыс ойлаған ақымақ күндерім-ай. Ол дұрыс емес екен ғой. Жаның ашып бара жатса жаныма барып жәйлеп айтсаң да болады екен ғой. Ол да өзің секілді адам. Ол адамда да жүрек бар, сезім бар. Тағдыры қиындыққа толы бір емес екі рет отау құрып онысынан ештеңе шықпай жалғыз қалған ана не болмаса қателікке бой алдырып жақынымен араздасқан бауыр... Ішімдікке әуестеніп бала шағасын тастап кеткен әке! Жеңіл жүріске түсіп, арын ластаған бойжеткен. Иә, дұрыс емес🙏! Бірақ ешкімнің оны ел алдында әшкерелеп, оған ауыр сөздер арнауы мейірімділікке жатпайды. Жеке айтып көріңіз.Хат жазыңыз! Дұға етіңіз! Ол сол тағдырды Алладан сұрап алған жоқ! Ажырассам екен күйеуге шыққан бойда,-деп Жаратушыдан сұраған жоқ! Немесе арақ ішіп азғындайын, тозып кетейінші,-деп армандаған жоқ! Иә, әлсіздік танытқан болар! Не тағдырының жазмышы болар! Ұл-қыз өсіріп отырып, ауыр сөз айтудан біреудің жүрегін жаралаудан абай болайықшы. Сөздің құдреті қатты ғой! Көңіл сынған кеседей шытынап кетеді. Мықты адам жамап, жапсырып алар. Әлсіздер ше?! Олар сол жыртық көңілмен баз кешіп, өзін ортадан кем санай бастамасына кім кепіл?! Тәрбиелеу керек адамды, бірақ елдің көзінше емес жәй ғана өзіне айтып... Немесе, сұрамаған ақыл айтудан да қашқан дұрыс! Ол құмға төккен сумен тең. Мысалмен түсіндіруге болады. Біз Кеңес одағында өмір сүріп жатқан жоқпыз, жиналысқа салатын не билетті стөлге қоятын... Біздің заман басқа. Мейірім мен маxаббатпен сездіріп көрші ойыңды! Айқайлап ешкімге ештеңе түсіндіре алмайсыз ғой☺️! Жүрекке тиер ауыр сөзді жақының түгіл алыстағы адамға арнама! Алдыңда не күтіп тұрғанын білмейсің! Рамазан айында игі істерге ғана уақыт бөлейікші! Жеңіл де әдемі көйлегім үшін @nur_shah_kazakhstan сән үйіне алғысымды білдіремін! Мына әдемі суретті түсірген @chingizmark ініме раxмет айтамын, парақшасынан телефонын алып кездесудегі суреттеріңізді алуға болады❤️❤️❤️ #Аллажарболсын #Аллағашүкір
Read more
Жақыныңа өкпелі болсаң да,аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз.Өкпе,реніш,наз дегенді көңіліңнен ...
Media Removed
Жақыныңа өкпелі болсаң да,аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз.Өкпе,реніш,наз дегенді көңіліңнен өзің өшірмесең, ол ешуақытта бітпейді. Бүгінгі адам – ертең топырақ. Бір үйде қанша жан барсың, бәрің де бір-біріңе қонақсың. Сыйлассаң – тіріңде сыйлас, өлген соң жыласпа. * Қу тірліктің ... Жақыныңа өкпелі болсаң да,аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз.Өкпе,реніш,наз дегенді көңіліңнен өзің өшірмесең, ол ешуақытта бітпейді. Бүгінгі адам – ертең топырақ. Бір үйде қанша жан барсың, бәрің де бір-біріңе қонақсың. Сыйлассаң – тіріңде сыйлас, өлген соң жыласпа. * Қу тірліктің күйбеңімен уақыт зымырай береді. Ештеңе дәл бүгінгідей қайталанбайды. Әр уақыттың, адамның да қадіріне жете біл. Тірі адамда мүмкіндік көп. Иіске, сүй, құшақта, аяла, бауырыңа бас! Әр секундыңды қимастарыңа арна. Ешкім мәңгілік емес. Сондықтан мүмкіндік барда қимастарыңның ыстық құшағында еркеле. Алла адам баласына көп мүмкіндік, уақыт берді. Әр кездескенде: «Жоғалтып алам-ау», – деп бауырыңа бас. Шын ықыласыңды көрсет. Қоштасарда да: «Көріспей қалсам ше?» – деген оймен қимай қоштас. Сезіміңді білдір. Ол адамның саған қымбат екенін сездір. Сен өлгенше өштесіп жүрердей ол да шайтан емес. Не сен, не ол бірінші кетеді. Сол кезде өкінбейтін бол. * Қасыңда жүрген адамдарды бағалай біл. Ол туысқаның, жаныңдағы жарың, досың, сырласың, құрдасың болуы мүмкін. Мейлі, қайсысы болса да, ол адам бүгін бар, ертең де бар болуы мүмкін, ал арғы күні бар бола ма, жоқ па, белгісіз. Кейін ол сізден алыстап кетсе, саныңызды соғып қалмаңыз. Өмірде ештеңеге мәңгілік деп қарамаңыз. Ақшаға да. Ол сізде қазір бар болуы мүмкін, кейін жоқ болмасына кім кепіл? Тіпті мен де, мұны оқып отырған сіз де мәңгілік емеспіз. * Туысқаныңды, бауырыңды сағындың ба? Онда жай ғана хабарлас, ізде. Сағынып кеттім де. «Әке, апа, сіздерді қатты жақсы көремін», – деп күнде хабарлама жаз. Кейін кеш болып қалмау үшін сезімді уақытында айтып үйрену керек. * Ештеңе де маңызды емес: ақша, атақ, мансап, байлық, сұлулық, менмендік, көкіректік, көлік, қымбат телефон, қымбат киім, т.б. Тек қана сезім – ата-анаға, сүйген жарға, балаға, дос-құрдас, бауырға, туысқанға, басқа да өміріңіздегі жақын да жанашыр адамдарға деген сезім маңызды. Сезім – жақсы көру, сағыну, іздеу, ол үшін алаңдау, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, достық болып жалғасып кете береді. Сезімсіз өмір – бос өмір. Кейін бармағымызды тістеп қалмайық.
Read more
Өмірдегі ең ұлы сезім ол- махаббат! Ең ұлы, шынайы, шексіз махаббат- ол анасынның баласына, баласының ...
Media Removed
Өмірдегі ең ұлы сезім ол- махаббат! Ең ұлы, шынайы, шексіз махаббат- ол анасынның баласына, баласының анасына деген махаббаты деп ойлаймын! Ананы қаншама ақын өз жырына қосып, қанша жазушы өз туындыларына арқау еткеен! Ана- əлемді тербететін ұлы тұлға! Анашым, сіз мен үшін Аллахтың ... Өмірдегі ең ұлы сезім ол- махаббат! Ең ұлы, шынайы, шексіз махаббат- ол анасынның баласына, баласының анасына деген махаббаты деп ойлаймын! Ананы қаншама ақын өз жырына қосып, қанша жазушы өз туындыларына арқау еткеен! Ана- əлемді тербететін ұлы тұлға!
Анашым, сіз мен үшін Аллахтың берген үлкен сыйысыз, ең мейірімді, ең сұлу жансыз! Кейде адамдар " анаңа ұқсайды екенсің" дегенде қалай қатты қуанатынымды білсеңіз ғой! Менің сізге қатты ұқсағым келеді! Сіздей болуға тырысамын..! Бізді осы жарық дүниеге əкеліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай, біз кішкене ауырсақ жаныңыз шығып шырылдап, бəр тəттіні алдымызға қойғаныңыз үшін, бойымызға өміріміздің соңына дейін жететін тəлім мен тəрбиені дарытқаныңыз үшін үлкен Рахмет! Əкеміз жұмыстан келмейінше тамақ ішпей күтіп отыратынымыз, əкеміз дастархан басына отырмайынша біреуімізге дастарханнан бірдене алып жеуге рұқсат етпейтініңіз əлі есімде! Бұл сіздің өз өмірлік тірегіңізге, біздің əкемізге деген сыйластығыңыз, құрметіңізден бөлек, бізді тəрбиелеудің бір түрі болғандығын өсе келе түсіндік! Ал үйде бір алма тұрса соны бесеумізге теңдей етіп бөліп беретініңіз, біздің əрқайсысымыз өз басымызды ғана ойламай, бір бірімізге қамқор , бауырмал болып өсуімізді көздеген мақсатыңыз екен! Кейде өз балаларыма сіздер сияқты тəрбие бере аламын ба, сіз сияқты ана болу қолымнан келеді ма деп қатты уайымдаймын!
Мам, ал осы күні сіз біздің жан құрбымызсыз! Жұмыстан, сабақтан келіп алып сол күнгі қызықтарды артыңыздан қуып жүріп айтатынымды білесіз ғой😊! Əрдайым сізге арқа сүйей алатынымды сезіндіргеніңізге, сырласым болғаныңызға, не істесемде түсіністікпен қарайтыныңызға рахмет! Осы уақытқа дейін қандай жетістікке жетсем де ол сіздің арқаңыз! Мен "қаншама рет қолымнан келмейді десем, сіз соншама рет қолыңнан келеді деп сенім артатынсыз". Кішкентай кезімізде "біздің үйдің жылуы анамыздан тарайды" деп əн айтушы едік, бір күн үйде болмасаңыз үй деген қап- қараңғы, мұздай болып көрінеді!Сіз біздің күніміз секілдісіз, жан жағыңызға сəулеңізді шашып жылытып, жарық сыйлап тұрасыз! Мам, бүгінгі туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Өмір жасыңыз ұзақ, деніңіз сау болсын! #анашымтуылғанкүніңізбен
Read more
Loading...
Қытайға кетіп жатқан қыздарды бірі даттап бірі жақтап жатыр. Ия,, өте қиын мəселе. Мен əр қазақ ...
Media Removed
Қытайға кетіп жатқан қыздарды бірі даттап бірі жақтап жатыр. Ия,, өте қиын мəселе. Мен əр қазақ қызының қазаққа шыққанын қалар едім. Алайда қыздарға бар кінəні артып қою дұрыс па? Олар да отбасы құрып ана атанғысы келеді. Ал олардың қазақ жігітіне ғашық болып қазақпен отау құрғысы келгеніне ... Қытайға кетіп жатқан қыздарды бірі даттап бірі жақтап жатыр. Ия,, өте қиын мəселе. Мен əр қазақ қызының қазаққа шыққанын қалар едім.
Алайда қыздарға бар кінəні артып қою дұрыс па?
Олар да отбасы құрып ана атанғысы келеді. Ал олардың қазақ жігітіне ғашық болып қазақпен отау құрғысы келгеніне күмəнім жоқ. Алайда ол бақыт бұйырмады. Мүмкін ол ұнатқан жігіт ол қызға қарамаған болар. Ол ұнатқан жігіт ол қызды алдап кеткен болар. Ол ұнатқан жігіт ол қыздан білімсіз, ол қыздан еріншек, жұмсақ болған шығар. Осы жайтты да ойланайықшы.
Жақында мен əріптес жігіттерге сұрақ қойдым. "Неге нақты бір қызбен жүрмейсің немесе неге үйленбейсіңдер" деп. Олар "қыз өте көп таңдап жүрміз" деп шындарын айтты.
Ендеше ол қыздарды азаматтықтан айырып жазалау қаншалықты адамдыққа жатады??? Жігіттер таңдап жүргенде жастары жетіп ƏЖЕ болып қартайсын ба? Эмоцияға салмай ойлансаңыздар айтыңыздаршы, əсіресе қатты кінəлаған азаматтар, ҚАНДАЙ НАҚТЫ ШЕШІМ ҰСЫНАСЫЗ?
ҚЫЗДАР ДА тұрмыс құрып бақытты болуы үшін, МЕМЛЕКЕТКЕ ДЕ ЗИЯН келтірмейтін. Қандай жол? Сол жолды ұсынып қыздар келіспей жатса пожалуйста АЗАМАТТЫҚТАН айырыңыздар. Онда қосыламын.☝
"Тоқал болсын" сонда шешіледі деген бос сөз. Зайырлы мемлекетте ол заң қабылданбайды. Жəне жігіттер бұл мəселеге іс жүзінде дайын да емес.
Ал қыз таңдаған жігіттерді де таңдады деп кінəлай алмаймын. Таңдау болғасын таңдайтын шығар. Бірақ əр қазақ қызына "пайдаланып кетейін" деп емес "зияным тимесін", "сүрінсе басып өтейін" деп емес "демеп жіберейін" деп қарауды үйренуі керек. Сонда қыздар да сол сыйластыққа сай болады.
...
Мен бұрын өзге ұлтқа шығатын қыздарды өзім де кінəлайтынмын. Қазір кінəлай алмаймын. Өйткені тағдыр деген жол сенің бақытыңды Америкадан бір-ақ таптыртуы мүмкін.
Менің құрбыларым өз бақытын шетелден жолықтырды. Олар "шетелдікке өмірімді арнаймын" деп жоспарлаған жоқ. Мен олардың жай-күйін жақсы білемін. Олар да қазаққа шыққысы келді. Бірақ жан-дүниесін түсініп аялайтын жігіт елден жолықпады.Ендеше "сен сатқынсың" деп айта алмаймын құрбыларыма. Олардың күлімдеп жүрген жүзіне қарап тек қуанғым келеді. Бірақ шариатпен бұған рұхсат жоқ дейді. Дегенмен Алла сүйікті болғаны үшін жазалайтын мейірімсіз деп ойламаймын.
#қазаққызы
Read more
Шәкәрім атамыздан 1. Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез ...
Media Removed
Шәкәрім атамыздан 1. Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған Аллаға мақтау айт. [ШҮКІРЛІК] 2. Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың ... Шәкәрім атамыздан

1. Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған Аллаға мақтау айт. [ШҮКІРЛІК]
2. Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың зияны секілді, сырды сақтай алмайтын адамның пайдасы кем. [АМАНАТШЫЛДЫҚ]
3. Егер əр адам қасындағы кісінің жүрегіндегін көре алса, оған жаны қатты ашитын еді. Ішкі таразының əділдігіне көзі жетер еді. Сыртқы өлшемдердің алдамшы екенін терең түсінер еді. Іштарлық, қызғаныш, көрсеқызарлыққа ұрынбас еді (Мұстафа Махмуд). [ТЕРЕҢ ТҮСІНІК]
4. Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын. [ТЕРЕҢ ТҮСІНІК]

5. Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаң да сені қате түсінетін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңді құр шаршатпағаның дұрыс. Дана ғұламаларымыздың бірі өзін сөккен кісіге былай деген екен: “Егер айтқаның рас болса, Алла мені кешірсін. Ал, өтірікші болсаң, Алла сені кешірсін”. [БАЙСАЛДЫЛЫҚ]
6. “Маған кейде бір адам бір мəселе жайлы айтады. Мен оны ол тумастан бұрын естіп қойсам да оған құлақ саламын. Кейде, бірінші рет естіп тұрғандай күй көрсетемін”. (Имам Шәфиғи) Өзің онсыз да жақсы білетін нəрсе жайлы біреу əңгімелеп жатса, оның сөзін бөлмей, білетініңді білдіріп жүрегін жараламай, көңіл бөліп, құлақ салуың мінез-құлықтың аса көркемдігіне жатады. [КӨРКЕМДІК]
7. Адамдар саған таңқалып жатса, оған масаттанып мақтанба. Себебі, олар сенің Алла жарыққа шығарған жақсы жақтарыңды ғана көріп жатыр. Ал, олар сенің Алла жасырған жаман жақтарыңнан хабарсыз болғанына шүкір де. [АЛЛА КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖАСЫРУШЫ]
8. Егер сөз шынымен жүректен шыққан болса, онда ол міндетті түрде жүрекке кіреді. Ал, ол тек тілден шыққан болса, құлақтан ары аспайды. [ШЫНШЫЛДЫҚ]
9. Дұрыс нəрсені тез танып, жүрекпен түсініп, шынайы жанашырлықпен айтпасаң, ісің бекер. [МЕЙІРБАНДЫҚ]
Read more
Шәкәрім атамыздан 1. Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез ...
Media Removed
Шәкәрім атамыздан 1. Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған Аллаға мақтау айт. [ШҮКІРЛІК] 2. Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың ... Шәкәрім атамыздан

1. Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған Аллаға мақтау айт. [ШҮКІРЛІК]
2. Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың зияны секілді, сырды сақтай алмайтын адамның пайдасы кем. [АМАНАТШЫЛДЫҚ]
3. Егер əр адам қасындағы кісінің жүрегіндегін көре алса, оған жаны қатты ашитын еді. Ішкі таразының əділдігіне көзі жетер еді. Сыртқы өлшемдердің алдамшы екенін терең түсінер еді. Іштарлық, қызғаныш, көрсеқызарлыққа ұрынбас еді (Мұстафа Махмуд). [ТЕРЕҢ ТҮСІНІК]
4. Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын. [ТЕРЕҢ ТҮСІНІК]
5. Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаң да сені қате түсінетін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңді құр шаршатпағаның дұрыс. Дана ғұламаларымыздың бірі өзін сөккен кісіге былай деген екен: “Егер айтқаның рас болса, Алла мені кешірсін. Ал, өтірікші болсаң, Алла сені кешірсін”. [БАЙСАЛДЫЛЫҚ]
6. “Маған кейде бір адам бір мəселе жайлы айтады. Мен оны ол тумастан бұрын естіп қойсам да оған құлақ саламын. Кейде, бірінші рет естіп тұрғандай күй көрсетемін”. (Имам Шәфиғи) Өзің онсыз да жақсы білетін нəрсе жайлы біреу əңгімелеп жатса, оның сөзін бөлмей, білетініңді білдіріп жүрегін жараламай, көңіл бөліп, құлақ салуың мінез-құлықтың аса көркемдігіне жатады. [КӨРКЕМДІК]
7. Адамдар саған таңқалып жатса, оған масаттанып мақтанба. Себебі, олар сенің Алла жарыққа шығарған жақсы жақтарыңды ғана көріп жатыр. Ал, олар сенің Алла жасырған жаман жақтарыңнан хабарсыз болғанына шүкір де. [АЛЛА КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖАСЫРУШЫ]
8. Егер сөз шынымен жүректен шыққан болса, онда ол міндетті түрде жүрекке кіреді. Ал, ол тек тілден шыққан болса, құлақтан ары аспайды. [ШЫНШЫЛДЫҚ]
9. Дұрыс нəрсені тез танып, жүрекпен түсініп, шынайы жанашырлықпен айтпасаң, ісің бекер. [МЕЙІРБАНДЫҚ]
10. Жалғасы ⤵⤵⤵⤵
Read more
Loading...
 #әссәләмуәлейкум_ағайын *«Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың»* Абай атамыз да өз ...
Media Removed
#әссәләмуәлейкум_ағайын *«Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың»* Абай атамыз да өз өлеңінде «Сағаттың шықылдағы емес ермек, Үнемі өмір өтпек - ол білдірмек. Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек. Сағаттың өзі ұры шықылдаған, Өмірді ... #әссәләмуәлейкум_ағайын *«Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың»* Абай атамыз да өз өлеңінде «Сағаттың шықылдағы емес ермек,

Үнемі өмір өтпек - ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас

Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек.

Сағаттың өзі ұры шықылдаған,

Өмірді білдірмеген күнде ұрлаған.

Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді кетті,

Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман». Бүгінгі күні уақытты өлтіретін жаулар көбейген. Соның бірі теледидар деуге болады. Бүгінгі күні теледидары жоқ үйді елестету қиын. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді. *Орташа есеппен күніне 3 сағат теледидар тамашалайтын адамның бір жылда осыған жұмсалатын уақыты 1095 сағатты құрайды екен. Бұл дегеніңіз күндіз-түні 45 күн деген сөз. Яғни тоқтамай көрген 45 түн мен 45 күнге тең. Өте көп уақыт! Ал теледидарға босқа кеткен осы 1095 сағат ішінде қандай істер бітіруге болады, соны бір көрейік. Бұл уақыт оқушының бір жылғы орташа оқу жылынан да көп екен. Яғни 1 жыл оқымай қалдыңыз деген сөз. 1095 сағат ішінде шет тілін өте жақсы меңгеруге болады. Яғни теледидардың кесірінен біз бір шет тілін үйрене алмай қалудамыз. Ал кітап оқығыңыз келсе, өте баяу оқитын адамның өзі осыншама уақытта 25 мың беттік кітапты оқып тауысады екен. Ал әрбір әрпі сауапқа батыратын Құран Кәрімді оқимын десеңіз, 1095 сағат ішінде сіз оны 10 рет хатым, яғни Құранды бастан-аяқ оқи алады екенбіз. Осы уақыттың үштен бірін ғана қаза намаздарыңызға бөлетін болсаңыз, онда 3 жылдық борышыңыздан еркін құтылады екенбіз. Бұны осылай көбейте беруге болады.* Міне, теледидар көрудің адамды қаншама игілікті істерден, қаншама сауаптардан құр қалдыратынын осыдан-ақ байқауға болады. *«Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың»* деп пайдалы іске асығады екен. *Алла тағала баршамызды өз мейіріміне бөлеп, уақытын пайдалы да сауапты істерге жұмсайтын салиқалы құлдарының қатарына қосқай!*
Əмин
Read more
Бала айтқанды емес, көргенді істейді деген рас қой) Суретті көріп, бір шек-сілем қатып күлмесім ...
Media Removed
Бала айтқанды емес, көргенді істейді деген рас қой) Суретті көріп, бір шек-сілем қатып күлмесім бар ма?! Суретке түсіп жатқанымда байқаманған болатынмын. Сөйтсем, мені қайталап тұр екен Бала тәрбиесі, өзіңді тәрбиелеуден басталады. Өсіп, өніп шыққан ұрпағыңның қайбір ісі болсын, ... Бала айтқанды емес, көргенді істейді деген рас қой) Суретті көріп, бір шек-сілем қатып күлмесім бар ма?! Суретке түсіп жатқанымда байқаманған болатынмын. Сөйтсем, мені қайталап тұр екен😅 Бала тәрбиесі, өзіңді тәрбиелеуден басталады. Өсіп, өніп шыққан ұрпағыңның қайбір ісі болсын, мына біздің жас болып, не мас болып жасаған іс-әрекетімізден. Маxаббаттан құралған және соны сақтап қалған отбасыдан ғана толыққанды мейірленген, бақыттың бал дәмін татқан балалар өсіп шығады. Себебі, оп-оңай. Ол материалдық жағдайға дым қатысы жоқ. Тек әкенің бабы дұрыс, ананың көңілі дұрыс болса болғаны. Тікелей әсер ететін эмоцианалды дәрежеміз баладан көрініс табады. Әр сөзіміз тілек іспетті шығуы керек. Ниетімізді тазалап отыру да өте қажет. Ішкі жан дүниеміз мына сырт бейнемізден байқалады. Өмірі (недовольная) көңілі толмайтын әйелдер мен еркектер айналамызда көп. Ол қанағаттың аздығынан немесе ата-ананың тәрбиесіндегі эмоцианалды тұсының ақсауынан дер едім. Қазір бәріміздің көзіміз ашық, біліміміз бірімізден артып жатыр ғой. Соны дұрысынан пайдалана білмесек, балаларымызға қиындық пен ауырлықты өзіміз-ақ қолдарына ұстатып бергенімізді білмей де қаламыз. Шын аясаң, аяма деген. Расында, өзімізді қамшыламасақ, қазіргі руxани мүгедекке айналған шағымызда ешкімге, не өзіңнің өздігіңе әсерінді оң жағынан бере алмайды екенсің. Қай тұрғыдан қарасаң да, ата-ана рөлі балаға әсер етпей қоймайды. Сондықтан, бала тәрбиесі өзіміздің ішкі жан дүниеміздегі тыныштық пен үйлесімділіктен құралуы керек деп ойлаймын. Ертең болашақ ұрпақ үшін жауап беретінімді білейікші. Кейде балама қарап өзімді көремін депті ғой. Ал, сіз қалай ойлайсыз?
Read more
*Осы ойлар маған ұнады. Сіздермен бөліскім келді.* Өкпеге қисаң да, аз ғұмырыңды сыйластықпен ...
Media Removed
*Осы ойлар маған ұнады. Сіздермен бөліскім келді.* Өкпеге қисаң да, аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз... Бүгінгі адам, ертең топырақ... Бір үйде қанша жан барсың, бір-біріңе қонақсың... Сыйлассаң - тіріңде сыйлас... Өлген соң жыласпа... Тірі адамда мүмкіндік көпИіске, сүй, құшақта, ... *Осы ойлар маған ұнады. Сіздермен бөліскім келді.* Өкпеге қисаң да, аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз... Бүгінгі адам, ертең топырақ... Бір үйде қанша жан барсың, бір-біріңе қонақсың... Сыйлассаң - тіріңде сыйлас... Өлген соң жыласпа... Тірі адамда мүмкіндік көп☝Иіске, сүй, құшақта, аяла, бауырыңа бас! Əр секундыңды қимастарыңа арна☝Ешкім мəңгілік емес... Ыстық құшағында еркеле... Алла адам баласына көп мүмкіндік... Уақыт берді... Өкпе, реніш, наз - ол еш уақыт бітпейді... Егер сен бітірмесең... Əр кездескенде "жоғалтып" алам-ау деп бауырыңа бас! Көрсет шын ықыласыңды! Қоштасарда да көріспей қалсам ше деген оймен қимай қоштас! Білдір сезіміңді! Көрсет ол адамның саған қымбат екенін... Қу тірліктің күйбеңімен уақыт зымырай береді... Ештеңе дəл бүгінгідей қайталанбайды... Əр уақыттың да адамның да қадіріне жете біл... Сен өлгенше өштесіп жүрердей ол да шəйтан емес... Не сен не ол бірінші кетеді... Сол кезде өкінбейтін бол!!! Кішкене ғана ғұмырда Адал болайықшы!
Қасыңызда жүрген адамдарды бағалай біліңіз! Ол туысқаныңыз, жаныңыздағы жарыңыз, досыңыз, сырласыңыз, құрдасыңыз т.б . Ол адам бүгін бар болуы мүмкін, ертең бар болуы мүмкін, арғы күні бар бола ма жоқ па белгісіз ?! Кейін ол сізден алыстап кетсе, саныңызды соғып қалмаңыз! Өмірде ештеңеге Мəңгілік деп қарамаңыз! Ақшаға да ол сізде қазір бар болуы мүмкін, кейін жоқ болмасына кім кепіл?! Тіпті мен де , оқып отырған сізде Мəңгілік емеспіз! Туысқаныңды, бауырыңды сағындың ба , жай ғана хабарласыңыз, іздеңіз, сағынып кеттім сені деңіз! Мама папа сіздерді қатты жақсы көрем деп күнде смс жазыңыз! Сезіміңізді уақытында айтып үйреніңіз! Кейін кеш болып қалмас үшін!
Ештеңе де маңызды емес, ақша атақ , мансап, байлық, сұлулық, менмендік, көкіректік, машина, қымбат сотка, қымбат киім .т.б
Тек қана сезім ата анаға деген, сүйген жарға, балаға, дос-құрдас , бауырға деген, туысқанға деген, басқа да өмірініздегі адамдарға деген сезім маңызды . Сезім- жақсы көру, сағыну, іздеу, ол үшін алаңдау, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, достық т.б көп кете береді сансыз!
Сезімсіз өмір бос өмір!
Кейін бармағымызды тістеп қалмайық!
Ешкімді өкпелетпей, ешкімді жамандамай, ешкімге өкпелеп кек сақтамайықшы🙏🙏🙏🙏
Read more
Апа бугін сізді түсімде көрдім. Сутпен шай беріп жатыр екенсіз...Міне бүгін сіз кеткелі сырғыған ...
Media Removed
Апа бугін сізді түсімде көрдім. Сутпен шай беріп жатыр екенсіз...Міне бүгін сіз кеткелі сырғыған судай 65 кунде өте шықты. Қатты сағындым! Кун өткен сайын сіздің мейіріміңізге ашығып барамын. "Анасы бар адамдар ешкашан қартаймайды"- деген рас екен! " Бір кісі ұлынан сұраған екен Кім ... Апа бугін сізді түсімде көрдім. Сутпен шай беріп жатыр екенсіз...Міне бүгін сіз кеткелі сырғыған судай 65 кунде өте шықты. Қатты сағындым! Кун өткен сайын сіздің мейіріміңізге ашығып барамын. "Анасы бар адамдар ешкашан қартаймайды"- деген рас екен! " Бір кісі ұлынан сұраған екен Кім кушті?-деп. Сонда ұлы мен куштімін!-деп жауап береді, аз уақыттан соң әкесі тағыда кім кушті -деп сұрайды? Ұлы тағыда мен куштімін! -деп жауап қатқан. Баласы есіктен сыртқа қарай шығып бара жатқанда, әкесі әлгі сұрақты қайталайды. Сонда ұлы сіз куштісіз!-деп жауап береді. Сонда тұрып әкесі жаңа ғана мен куштімін!- деп жауап беріп едің, неге сөзіңнен айныдың? -дегенде, баласы айтқан екен! - Әке, жана сіздің касыңызда өзімнің кушті екенімді сезіндім, ал алыстап едім, өзімнің әлсіз екенімді тусіндім!-деп мұңайған екен баласы" . Сол айткандай мен сіздің касынызда ғана өзімнің ештенеге уайымдамай, кушті екенімді сезіндім. Сіз кеткелі өзімнің бірден есейгенімді, жетім қалғанымды қатты түсіндім. (Өтірік жымиып жургенім болмаса) Айдалада қалғандаймын Анашым😭 Өмірге деген құлшынысымда жоғалды.😢 АЛЛА сабыр берсін. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа Алла мейіріміне алып Жаннаттан орын берсін Апа! Ата -аналарыңыз аман болсын! ( Тунгі сыр)
Read more
 #Repost @balgynbek_imash (@get_repost) ・・・ Ардақты ағайын! Екі түрлі жаңалығым бар. Біріншісі ...
Media Removed
#Repost @balgynbek_imash (@get_repost) ・・・ Ардақты ағайын! Екі түрлі жаңалығым бар. Біріншісі - 7 баланың анасы тірі екен! Әлxәмдулилләһ!🤲🤲🤲 Екіншісі - жап-жас баланың "анам қайтыс болды" деп өтірік айтқаны. Ия, тағдыр тауқыметі, әбден қиналғандықтан, елден мейірім ... #Repost @balgynbek_imash (@get_repost)
・・・
Ардақты ағайын!
Екі түрлі жаңалығым бар.
Біріншісі - 7 баланың анасы тірі екен!
Әлxәмдулилләһ!🤲🤲🤲
Екіншісі - жап-жас баланың "анам қайтыс болды" деп өтірік айтқаны.😔😔😔
Ия, тағдыр тауқыметі, әбден қиналғандықтан, елден мейірім болмағандықтан өтірік айтқан болар. Бірақ, анасын өлімге қию... Менің ақылым жетер емес.😱😱😱
Екі-үш сағатта сіздердің арқаларыңызда 130 мыңдай қаржы жиналды. Көп түкірсе көл деген осы.
@elmira_eshniyazova әпкемізге мың алғыс, жетім қалды дегенге жүрегі ауырып, бірден байланысқа шыққан! 🙏🙏🙏
Ол аманатты анасына апарып тапсырамын.
***
Баяғыда бір кісіге көршісі қатты мұқтаждыққа ұшырағанын, неше күн нәр татпағанын айтып көмек сұрап келген екен. Қолында бар қаржысын көршісіне беріп, қуантып, шығарып салған соң, үйіне кіре салып, өкіріп жылаған екен. Сонда әлгі адамның әйелі таңғалып: Отағасы, сіз керемет сауапты іс жасадыңыз! Алла мұның бәрін көріп тұр, сөзсіз сауаптан жазады. Неге жылайсыз? - деп сұрапты.
Сонда ол адам: - Мен көршімнің жағдайын сұрамай, назардан тыс қалдырып, оның алдыма көмек сұрап келуге мәжбүр еттім. Айтқызбай, сұратпай беруім керек еді. Енді Раббыма қай бетіммен қараймын? - деп егіле түскен екен.
***
Біз де жас балалар "анам өлді" деп өтірік айтпаса, "қарнымыз аш, көмектесіңізші" дегенге селт етпейтін болдық қой. Аллаға қай бетімізбен қараймыз? Кешіріңіздер! Алла барша садақа беріп, қол ұшын созғандарға сауаптан жазсын!
P.S. Отбасының көмекке мұқтаж екені ақиқат. Ауру ана, жеті бала. Алаяқтық емес. Ең қауіпті нәрсе - баланың өтірік айтуы. Алла бәрімізді кешірсін!
Read more
Ардақты ағайын! Екі түрлі жаңалығым бар. Біріншісі - 7 баланың анасы тірі екен! Әлxәмдулилләһ!🤲🤲🤲 Екіншісі ...
Media Removed
Ардақты ағайын! Екі түрлі жаңалығым бар. Біріншісі - 7 баланың анасы тірі екен! Әлxәмдулилләһ!🤲🤲🤲 Екіншісі - жап-жас баланың "анам қайтыс болды" деп өтірік айтқаны. Ия, тағдыр тауқыметі, әбден қиналғандықтан, елден мейірім болмағандықтан өтірік айтқан болар. Бірақ, анасын ... Ардақты ағайын!
Екі түрлі жаңалығым бар.
Біріншісі - 7 баланың анасы тірі екен!
Әлxәмдулилләһ!🤲🤲🤲
Екіншісі - жап-жас баланың "анам қайтыс болды" деп өтірік айтқаны.😔😔😔
Ия, тағдыр тауқыметі, әбден қиналғандықтан, елден мейірім болмағандықтан өтірік айтқан болар. Бірақ, анасын өлімге қию... Менің ақылым жетер емес.😱😱😱
Екі-үш сағатта сіздердің арқаларыңызда 130 мыңдай қаржы жиналды. Көп түкірсе көл деген осы.
@elmira_eshniyazova әпкемізге мың алғыс, жетім қалды дегенге жүрегі ауырып, бірден байланысқа шыққан! 🙏🙏🙏
Ол аманатты анасына апарып тапсырамын.
***
Баяғыда бір кісіге көршісі қатты мұқтаждыққа ұшырағанын, неше күн нәр татпағанын айтып көмек сұрап келген екен. Қолында бар қаржысын көршісіне беріп, қуантып, шығарып салған соң, үйіне кіре салып, өкіріп жылаған екен. Сонда әлгі адамның әйелі таңғалып: Отағасы, сіз керемет сауапты іс жасадыңыз! Алла мұның бәрін көріп тұр, сөзсіз сауаптан жазады. Неге жылайсыз? - деп сұрапты.
Сонда ол адам: - Мен көршімнің жағдайын сұрамай, назардан тыс қалдырып, оның алдыма көмек сұрап келуге мәжбүр еттім. Айтқызбай, сұратпай беруім керек еді. Енді Раббыма қай бетіммен қараймын? - деп егіле түскен екен.
***
Біз де жас балалар "анам өлді" деп өтірік айтпаса, "қарнымыз аш, көмектесіңізші" дегенге селт етпейтін болдық қой. Аллаға қай бетімізбен қараймыз? Кешіріңіздер! Алла барша садақа беріп, қол ұшын созғандарға сауаптан жазсын!
P.S. Отбасының көмекке мұқтаж екені ақиқат. Ауру ана, жеті бала. Алаяқтық емес. Ең қауіпті нәрсе - баланың өтірік айтуы. Алла бәрімізді кешірсін!
Read more
Көңілсіздік Көңілсіздеу неге бүгін тағы түн? Үнсіздікпен қайта келді шабытым. Жалғыздықты ...
Media Removed
Көңілсіздік Көңілсіздеу неге бүгін тағы түн? Үнсіздікпен қайта келді шабытым. Жалғыздықты ұната да бастадым, Бұл жалғыздық бəлкім менің бақытым. Жүріп келем бұл заманнан безініп, Амалсыз боп надандыққа кезігіп. Шарасыз боп күрсінемін жай ғана, Заманымның өзгергенін ... Көңілсіздік

Көңілсіздеу неге бүгін тағы түн?
Үнсіздікпен қайта келді шабытым.
Жалғыздықты ұната да бастадым,
Бұл жалғыздық бəлкім менің бақытым.

Жүріп келем бұл заманнан безініп,
Амалсыз боп надандыққа кезігіп.
Шарасыз боп күрсінемін жай ғана,
Заманымның өзгергенін сезініп.

Қара аспан,сұс көрсетіп шың-құздар,
Салқын деммен тоңдырады түнгі ызғар.
Тау ішінде жалғыз кетіп барамын,
Нақ үстімнен үңіледі жұлдыздар

Алыс кетіп адамдардан барамын,
Қапалымын,қатулы боп қабағым.
Асығамын жету үшін бақытқа,
Басқан сайын жылдам болып қадамым.

Кезегімен заман солай ауыспақ,
Есітпесең айтайын бір дауыстап.
Бұл уақытта шын сезім мен мейірім,
Кеткен білем,адамдардан алыстап.

Шаршасам да жүріп келем тағы да,
Сенемін мен бір бақыттың барына.
Жеттім бекен жылытады күн нұры,
Шуақ шашып табиғаттың таңы да.

Ия,осылай жол үстінде ояндым,
Бұл түсімнен басқа біраз ой алдым.
Түні бойы көз ілмедім тағы да,
Көз алдымда мұнартады баяу күн. (с)Алмас Бағдатов

#АлмасБағдатов
Read more
Тарыдан жасалған тағамдар адам ағзасына күш-қуат беріп, иммунитетті көтереді. Бір кесе сүтке ...
Media Removed
Тарыдан жасалған тағамдар адам ағзасына күш-қуат беріп, иммунитетті көтереді. Бір кесе сүтке тары бөктіріп жеген адам күні бойы тоқ жүреді. Отыз күн ораза кезінде халықтың тары-талқан жейтіні де сондықтан. Оның құрамы микроэлементтерге бай. Сүйекті, тырнақты, шашты қатайтып, жарақаттың ... Тарыдан жасалған тағамдар адам ағзасына күш-қуат беріп, иммунитетті көтереді. Бір кесе сүтке тары бөктіріп жеген адам күні бойы тоқ жүреді. Отыз күн ораза кезінде халықтың тары-талқан жейтіні де сондықтан. Оның құрамы микроэлементтерге бай. Сүйекті, тырнақты, шашты қатайтып, жарақаттың тез жазылуына, терінің жақсаруына алып келетіні белгілі. Сондай-ақ тары асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартып, ағзадан шлактардың шығуына әсер етеді. Құндылығы, дәмділігі жағынан арпа мен сұлы жармасынан асып түседі. Тағамдық қасиеті мен түрлі ауруларға пайдасы мол. Құрамында темір мен С дәрумені көп болғандықтан тарыдан жасалған тағамдарды жиі жейтін болсаңыз, қан айналым жақсарады, нәтижесінде қан қысымын реттейді. Сонымен қатар, тары ағзаға қажетті фтор, магний, марганец секілді элементтердің орнын толықтырады. Тарыға май, қант және мейіз, кепкен өрік қосатын болса, пайдасы да күшейе түседі. Жас ана сүтті шәйға тары салып ішсе, сүті молайып қоюланады, баланың да тамағы тоқ болады.
Талқан-қуырылған бидайдан, арпадан, жүгеріден ұнтақтап дайындалатын тағам. Күріш талқаны көмірсу мен микроэлементтерге бай. Сонымен қатар талқан ағзадан зиянды заттардың шығуына ықпал етеді.
Read more
Loading...