Loading Content...

М өнер ұлттық мен

Unique profiles
45
Most used tags
Total likes
0
Top locations
The St. Regis Astana, Almaty, Kazakhstan, Kazan, Tatarstan
Average media age
675.5 days
to ratio
2.3
Жасалу тарихы 2016 жылдың қазан айында біз Францияның @atelier27pariz агенттігімен таныстық. ...
Media Removed
Жасалу тарихы 2016 жылдың қазан айында біз Францияның @atelier27pariz агенттігімен таныстық. Сөйтіп, St Regis Astana қонақ үйінде жобамен жұмыс жасауды бастадық. «Би өнері» көркемдік панноны түпкілікті жүзеге асырғанға дейін 9 ай бойы көптеген хат алмасулар болып, эскиздер жасалды. ... Жасалу тарихы
2016 жылдың қазан айында біз Францияның @atelier27pariz агенттігімен таныстық. Сөйтіп, St Regis Astana қонақ үйінде жобамен жұмыс жасауды бастадық. «Би өнері» көркемдік панноны түпкілікті жүзеге асырғанға дейін 9 ай бойы көптеген хат алмасулар болып, эскиздер жасалды. Қазақтың халық биінің тарихы күнделікті тұрмыс-тіршіліктің тарихымен ұштасады. Көшпенділердің өміріндегі әрбір оқиға бимен өрнектелген, адамдар көңіл-күйлерін осылай көрсеткен. Домбыра, қобыз, даңғараның сүйемелдеуімен орындалған қазақ биінің ерекшеліктері - орындалу мәнерлілігі, шалт қимыл жасау, буындардың ширақтығы, ерлердің биіндегі тұла бойының жинақылығы, әйелдер биіндегі қыпша белдің иілгіштігі, қолдарының өзара сәйкес үйлесімділігі болып табылады. Біздің алдымызда заманауи технологиялар мен материалдарды қолданып, қазақ халқының ежелгі мәдениетін үйлестіре отырып, Ballroom St.Regis Astana үшін көркемдік панно әзірлеу міндеті тұрды. Негізі ретінде біз «Қоштасу» (қалыңдықтың құрбыларымен қоштасуы) биін алдық. «Би өнері» жұмысына арналған идея осылай туындады, мұнда ұлттық киім мен ұлттық бас киімдегі екі сұлу қыздың аққулар тәрізді далада қалықтап билеп жүргені көрсетіледі. Металдың айнадай бетінің арқасында біз бидің энергиясын бере алдық, белгілі бір бұрышта инсталляцияның жанынан өткенде, бишілер қозғалғандай болып сезіледі.
Ағаш қабыршығымен жұмыс істеу маркетри техникасымен орындалған, гидроабразивті кесу арқылы металдан 100-ден астам элемент кесілген. Жұмыс дәстүрлі қолөнер техникасы мен заманауи технологиялардың үйлесімділігімен жасалған.
Панноның өлшемі: 2800Х1500 мм
Біз түсірілімді @janarbekamankulov сендік.
Read more
Бүгін сағат 17:20-да Ұлттық арнаның «Алтын қорынан» композитор, музыкатанушы, жазушы, публицист, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақанов жүргізген «Асыл мұра» хабарын көре аласыздар. Бұл хабар қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі ... Бүгін сағат 17:20-да Ұлттық арнаның «Алтын қорынан» композитор, музыкатанушы, жазушы, публицист, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақанов жүргізген «Асыл мұра» хабарын көре аласыздар. Бұл хабар қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін танытқан әйгілі спортшысы Балуан шолақтың әндеріне арналған болатын.Балуан Шолақтың әндерін кезінде Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов сынды қазақ өнерінің тарландары аса шеберлікпен орындаған еді.
Read more
Жай қуана салуды ұмыттық біз. Ылғи дау-дамай. Айтпайын десем сөздің атасы өледі. Айтайын десең, ...
Media Removed
Жай қуана салуды ұмыттық біз. Ылғи дау-дамай. Айтпайын десем сөздің атасы өледі. Айтайын десең, түсінер құлақ жоқ. Сөз жетім... Дегенмен бастаған екенмін... "Самалды көрген орыс" "Біздің министр қайда қарап отыр?" "Димашты да қытайдан кейін мойындадық" "Батырxанды да орыс ... Жай қуана салуды ұмыттық біз.
Ылғи дау-дамай. Айтпайын десем сөздің атасы өледі. Айтайын десең, түсінер құлақ жоқ. Сөз жетім... Дегенмен бастаған екенмін...
"Самалды көрген орыс"
"Біздің министр қайда қарап отыр?"
"Димашты да қытайдан кейін мойындадық"
"Батырxанды да орыс көтерді"
"Генаны мексикан шығарды"
"Мемлекеттен түк қолдау жоқ"
Тағы басқа быды-быды.
Шындықты мойындайықшы. Аталғандардың қайсы мемлекет үшін деп шығармашылықпен, спортпен айналысты? Құдай берген талант болған соң, талап болған соң актер, музыкант, спортшы болды. Сыймай тұрған патриоттық сезімнен емес, шығармашылыққа, спортқа деген құштарлығынан барды. Шүкір. Әлем мойындады. Өйткені олар шынымен талантты. Олар шынымен еңбекқор. Олар табанды. Қазақ деп таныды. Қазақпыз деп танытты. Раxмет. Мемлекет қолдан келгенше сый-сияпат көрсетіп жатыр. Хал-қадарынша.
Бір нәрсеге таң қалам да. Майкл Джексон "мені Ақ үй көтермеді" деп жыланбапты. Мэрил Стрип "мемлекет маған не берді?" демепті. Месси "министр мені қолдамады" деген жоқ. Еңбектенді. Жетті. Танылды. Құрметке бөленді. Мемлекет көмектессе мешел боп қалар ма еді.
Паразит псиxология - "мемлекет қайда қалды?". Ешкім мемлекет үшін тумайды. Мемлекет үшін оқымайды. Мемлекет үшін отбасын құрмайды. Күнде таңертең мемлекет үшін оянып, тамақ ішпейді. Бәрін өзіміз үшін істейміз. Жолымыз боп жатса, бағымыз жанып жатса елді танытамыз. Ел ризашылығын білдіреді.
Ал талапты ұл-қызға лайықты білім, тәрбие беру басқа мәселе. Оқушыларға түрлі жобалар, сертификаттар, студенттерге диплом сатып жүрген пысықайлардан бастап, соны сатып алып жүргендер ұлттың, мемлекеттің, адамзаттың жауы. Ондай жау көп. Таныс жауларым да бар.
Сол. Паразиттерінен құтыла алмай қор болған мемлекетке жалтақтамай еңбек етіңдер. Сонда ғана өнер дамиды. Әлем де таниды.
Ал еңбектеніп, танылып жүрген азаматтарға мың алғыс. Талаптарыңа нұр жаусын.
Read more
Қадірлі, достар! Өкінішке орай, біздің арамызда қуанышқа ортақтаса алмайтын, іштарлығы бар ...
Media Removed
Қадірлі, достар! Өкінішке орай, біздің арамызда қуанышқа ортақтаса алмайтын, іштарлығы бар адамдар да кездеседі. Өзі ұстаз, өзі журналист-ғалым Мырзантай Жақып деген ағамыз фейсбукте мені ғалым болып біреудің орнын тартып алғалы жүрген адамдай сипаттапты. Менің өнерде өз жолым ... Қадірлі, достар! Өкінішке орай, біздің арамызда қуанышқа ортақтаса алмайтын, іштарлығы бар адамдар да кездеседі. Өзі ұстаз, өзі журналист-ғалым Мырзантай Жақып деген ағамыз фейсбукте мені ғалым болып біреудің орнын тартып алғалы жүрген адамдай сипаттапты. Менің өнерде өз жолым бар. Ешкімнің жолына да, қызметіне де таласқан емеспін. Бала күнімнен музыка мектебінде оқыдым. Ұлттық консерваторияда білімімді жетілдіріп, Т.Жүргенов атындағы Театр және өнер академиясын бітірдім. Жаңа заман талабына сай сол оқыған білімімді дамыту үшін "Мәдениеттану" мамандығы бойынша магистратураны жалғастырдым. Экономика, заң, физика сияқты басқа саланы қуған жоқпын. Ел сөз қылмасын деп ашық диссертация қорғауға да келісім бердім. Келген адамдардың бәрі қорғаудың қалай өткенін көздерімен көрді. Түркияның, Әзербайжанның елшілігінен де арнайы өкілдер қатысып отырды. Өз салам бойынша білімімді жетілдіруге менің де құқым бар деп ойлаймын. Кейде осындай сәттерде кімнің дос, кімнің дұшпан екені де белгілі болып қалады. Мен ешкімге жамандық тілемеймін. Баршаңызға тек қуаныш тілеймін! #М_Б
Read more
ҚР Ұлттық музейінде ХХ ғасырдың ең танымал және беделді шеберлерінің бірі – Пабло Пикассоның бірегей ...
Media Removed
ҚР Ұлттық музейінде ХХ ғасырдың ең танымал және беделді шеберлерінің бірі – Пабло Пикассоның бірегей көрмесі ашылды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Пабло Пикассо. Воллористік Селестина мен керамика» экспозициясы Астананың 20-жылдығына ... ҚР Ұлттық музейінде ХХ ғасырдың ең танымал және беделді шеберлерінің бірі – Пабло Пикассоның бірегей көрмесі ашылды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Пабло Пикассо. Воллористік Селестина мен керамика» экспозициясы Астананың 20-жылдығына орай өткізілді.

Көрменің ашылу салтанатында сөз алған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Астана қаласының 20 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылған «Пабло Пикассо «Селестина және Валористық керамика» халықаралық көрмесі – шоқтығы биік мәдени шаралардың бірі. Ұлттық музейдің ашылғанына аз ғана жылдар болса да, осындай дүниежүзіне белгілі тұлғалардың көрмесін осы жерден көріп жатырмыз. Ол біз үшін үлкен қуаныш. Пабло Пикассо – тек сурет өнерінің ғана емес, сонымен қатар, бүкіл тіршілік көшінің, жалпы адамзаттың дамуына үлкен үлес қосқан тұлға. Мына ғажайып әлемнің сұлулығын қылқаламмен қағаз бетіне түсіріп, оған ерекше әр бере білу екінің қолынан келетін іс емес. Сурет өнері – табиғат тарту еткен талантты жандарға тиесілі десек, Пабло Пикассо сондай талант иесі», – деді.
Read more
Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев (7 қарашада 1976 жылы Жамбыл облысы,Талас ауданында туған) ...
Media Removed
Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев (7 қарашада 1976 жылы Жамбыл облысы,Талас ауданында туған) — қазақстандық әнші, термеші, "Музарт"тобының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Отбасында өзінен бөлек екі қарындасы ... Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев (7 қарашада 1976 жылы Жамбыл облысы,Талас ауданында туған) — қазақстандық әнші, термеші, "Музарт"тобының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
Отбасында өзінен бөлек екі қарындасы бар – Айнұр, Гүлнұр. Анасының есімі - Жібек Жолдасова.
Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің Қобыз сыныбын оқып бітірген. 1989 жылы Алматықаласындағы К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебіне ауысады.
1994-98 жж. Т.Жүргенов атындағы театр академиясының «Актер, драма, кино» факультетінен білім алады. Алғаш кәсіби жолын «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметін атқаруымен бастайды.
1997ж. қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген. Жастайынан ән салып, халыққа танымал болды. Оның репертуарында Кенен Әзірбаевтың, А.Қоразбаевтің ("Бозторғай", "Кеш жарық", "Шаш-баулым", т.б.), Н.Тілендиевтің "Өз елім", т.б. қазақ композиторларының әндері бар. Қазір "Қазақконцерттің" әншісі, сондай-ақ, танымал "МузАрт" тобының мүшесі. Гастрольдік сапармен шет елдерде,Қазақстанның барлық қалаларында болып өнер көрсеткен.
2002-2007 жж. Қазақконцертте әнші (солист) болып жұмыс істеген.
2010 жылы Баян Есентаеваныңпродюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты кинода өз-өзін сомдайды.
Дайындаган:@makhabbat.abatqyzy
#Maha_kz
Read more
Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков 1945 жылы 10 наурызда Алматы облысы Сарқант ауданы Екіаша ауылында ...
Media Removed
Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков 1945 жылы 10 наурызда Алматы облысы Сарқант ауданы Екіаша ауылында дүниеге келген. Актер, ҚР-ның халық артисі (1993 ж.). 1969 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік факультетін (ұстазы – профессор ... Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков 1945 жылы 10 наурызда Алматы облысы Сарқант ауданы Екіаша ауылында дүниеге келген. Актер, ҚР-ның халық артисі (1993 ж.). 1969 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік факультетін (ұстазы – профессор Х.Бөкеева) бітірген соң, Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Оның алғаш ойнаған рөлі – “Қыз Жібек” фильміндегі Төлеген (1970 ж.). Бұдан кейін “Қыс – мазасыз маусым”, “Ағам менің”, “Ерекше күн”, “Аққулар ұшып келеді”, “Махаббат жаңғырығы”, “Ағама арналған қалыңдық”, “Қараша қаздар қайтқанда”, “Провинциялық хикая”, “Алаң шеті”, “Өрнек”, т.б. фильмдеріне түсті.
Ол театр сахнасында Қасым, Құлбек (Ш.Айтматов, “Ана – Жер-ана” мен “Ақ кемесі”), Әлібек, Нарша, Абыз (М.Әуезов, “Айман – Шолпан”, “Қарагөз” бен “Еңлік – Кебек”), Тәңірберген (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”), Жан (О.Бөкеев, “Құлыным менің”, Қазақстан Ленин комсомолы сыйл., 1976), Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев, “Абай”), Маздақ (М.Шаханов, “Сенім патшалығы”), Орест (Л.Дюрко, “Электра, сүйіктім менің”), Флоридор (Ф.Эрве, “Түлкі бикеш”), Фархад (Назым Хикмет, “Фархад – Шырын”), т.б. секілді әр алуан рөлдерді сомдады.

#туғанжергетағзым
Read more
Зайсан қаласының тұрғындарына құлаққағыс!!!! "ТАМШЫ" БАЛАЛАР ӨНЕР СТУДИЯСЫ сан түрлі өнер үйірмелеріне шақырады. Бұл жерде Сіздер - АКТЕР шеберлігінің қыр сырын жетік меңгеруге мүмкіндіктеріңіз болады. Оның ішінде: САХНА ТІЛІ, САХНА ҚОЗҒАЛЫСЫ, СЕМСЕРЕСУ (Фехтование), ПАНТОМИМА ... Зайсан қаласының тұрғындарына құлаққағыс!!!! "ТАМШЫ" БАЛАЛАР ӨНЕР СТУДИЯСЫ
сан түрлі өнер үйірмелеріне шақырады.
Бұл жерде Сіздер - АКТЕР шеберлігінің қыр сырын жетік меңгеруге мүмкіндіктеріңіз болады.
Оның ішінде:
САХНА ТІЛІ, САХНА ҚОЗҒАЛЫСЫ, СЕМСЕРЕСУ (Фехтование), ПАНТОМИМА сынды өнер түрлерімен қатар:
ДОМБЫРА, ДƏСТҮРЛІ ƏН, ҰЛТТЫҚ БИ, ЭСТРАДАЛЫҚ ВОКАЛ, ЭСТРАДАЛЫҚ-ВОКАЛДЫҚ АНСАМБЛІ, ҚОЛӨНЕР (тоқыма, кесте тоқу, киім тігу, сурет салу, əшекей-бұйымдар жасау жəне т.б.) үйірмелері бар.
Ендеше, достар, бойыңыздағы талантыңызды дамытуға бізге қарай асығыңыздар!
🔹Мекен жайымыз: Зайсан ауданы, Ə. Жангелдин көшесі 45🚩
Анықтама телефондары
87013911352
87014262093
#тағылымтамшыларыөнерстудиясы
#ТамшыӨнерстудиясы🎭 #сахнатіліненкөрініс #сахна #сахнатілі #көрініс #тамшы #өнер #студия #искусств #актер #əртіс #балалар #оқушылар #студенттер #дети #фехтование #семсерлесу #театрдлямалышей #балаларғаарналғантеатр #actor #study #art #творческий #творчество #творческийпроцесс #творческаямастерская #творим #инстаарт #ТӨстудия
Read more
АЛЛАҒА САНСЫЗ МАДАҚ, ШЕКСІЗ ШҮКІР! СҮЙІНШІ! Қадірлі ағайын, 19-ҮЙ СҚО облысы ҚЫЗЫЛЖАР қаласының ...
Media Removed
АЛЛАҒА САНСЫЗ МАДАҚ, ШЕКСІЗ ШҮКІР! СҮЙІНШІ! Қадірлі ағайын, 19-ҮЙ СҚО облысы ҚЫЗЫЛЖАР қаласының тұрғыны, 3 ҚЫЗ (біреуі - сəл науқас) бен 1 ҰЛДЫҢ əкесі Манап Қатранұлына нəсіп болды! Бірнеше жыл бойы ана орнына ана, əке орнына əке болып, төрт құлынын мəпелеп отырған азаматқа Алла жар ... АЛЛАҒА САНСЫЗ МАДАҚ, ШЕКСІЗ ШҮКІР! СҮЙІНШІ!
Қадірлі ағайын, 19-ҮЙ СҚО облысы ҚЫЗЫЛЖАР қаласының тұрғыны, 3 ҚЫЗ (біреуі - сəл науқас) бен 1 ҰЛДЫҢ əкесі Манап Қатранұлына
нəсіп болды! Бірнеше жыл бойы ана орнына ана, əке орнына əке болып, төрт құлынын мəпелеп отырған азаматқа Алла жар болсын!
Баспана алуға атсалысқан барша ағайынның берекесі артып, бағы жансын!
Сауапты іске серіктес болып, бізге демеу көрсеткен ҚМДБ-на, Бас муфти Серікбай қажы Оразға, СҚО "Қызылжар" облыстық орталық мешітінің наиб имамы Тойбазар Айтуғанұлына, қажы апаларымыз Халида Мінайдарқызына, Роза Кəрібайқызына, Сапура Əміреқызына жəне "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы "Мəселе" бағдарламасының продюсері Лəззат Төлбасықызы мен бағдарлама жүргізушісі Нартай Аралбайұлына мың алғыс!

Қадірлі ағайын, ертең (14.07. сенбі күні) кешкісін сағат 22.00-де эфирге шығатын "МƏСЕЛЕ" БАҒДАРЛАМАСЫНАН қапы қалмаңыз!
Біздің ұран: 1000 ТЕҢГЕГЕ - БАСПАНА!

МАҚСАТЫМЫЗ: Халықтың демеуімен мұқтаж жандарға (жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі кісілерге, көп балалы, жалғызбасты аналарға, т.с.с.)және осы ісімізді үздіксіз (тоқтаусыз) садақаға айналдыру.
ШОТЫМЫЗ: Жеке тұлғалар үшін: (Каспий терминалдан)
КАСПИЙ ДЕПОЗИТ: ИИН 720208401907
КАСПИЙ ГОЛД: 5169493114170866
КАСПИЙ КОШЕЛЁК: 08.02.1972 87765002029
КИВИ КОШЕЛЕК: 87765002029 (Гүлмира Мұханқызының аты шығады осы шоттарда)
ХАЛЫҚ БАНКІ: 5354510004237615. ИИН 720922403102 (Алмагүл Мұқанқызының аты шығады)
Заңды тұлғалар үшін:
ОФ «Благотворительный Фонд «Харекет»
БИН 170940025833 KZ91722S000001298489 - KZT
КБе – 17 АО «KASPI BANK» БИК CASPKZKA
СІЗДЕН ӨТІНЕТІН ХАРЕКЕТ: Ай сайын Каспий терминал арқылы 1000 теңгеден (немесе кез-келген сома) салып тұру және жан-жағыңызға осы хабарламаны тарату.
ХАБАРЛАСУ ҮШІН: 87477208984 – Алғадай Әбілғазыұлы,
87088178235 – Алма Мұқанқызы. «ХАРЕКЕТ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ және «ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ»
Read more
Жекеге тіккен бұйымдардағы ою-өрнек жайлы көп сұрақтар қойылады. Бұл суретте ұлттық нақышта ...
Media Removed
Жекеге тіккен бұйымдардағы ою-өрнек жайлы көп сұрақтар қойылады. Бұл суретте ұлттық нақышта пәтерін безендіріп, шетелдік саяхатшыларға жалға беретін ұлтжанды азаматтың тапсырысы. Бұл оюдың үлкен астарлы мәні бар, нышандық мағынасы - өмір ағашымен, бабалар шежіресімен сабақтасып ... Жекеге тіккен бұйымдардағы ою-өрнек жайлы көп сұрақтар қойылады. Бұл суретте ұлттық нақышта пәтерін безендіріп, шетелдік саяхатшыларға жалға беретін ұлтжанды азаматтың тапсырысы. Бұл оюдың үлкен астарлы мәні бар, нышандық мағынасы - өмір ағашымен, бабалар шежіресімен сабақтасып жатса, екінші элементі өмір бәйтерегінде қонып отырған бақ құсын білдіреді. "Ою ойғанның ойы ұшқыр" деп бекер айтылмаған ғой. Суреттерді жылжытып, парақтасаңыздар, өте құнды кітап - Ерлан Қожабаевтың сүбелі еңбегін көре аласыздар. Бұл ою - кіндік қаным тамған Шығыс өңірінің майталман шеберлерінің қолынан шыққан тұскиізден алынған. Сан ғасыр тарихымен жасап келе жатқан өнеріміз әлі жадымызда, жаңғырған көненің асылы қазір де жүрегімізге жақын. Осынша рухани бақ-дәулеттен қол үзіп қалмас үшін құрақшылардың, қолөнер шеберлерінің еңбегін қадірлеп, баршаға танымал етуге тырысқан Сіздерден айналдым😘😘😘 Барлық сұрақтар бойынша: +77759704934 (WhatsApp)
🌺🌺🌺🌺🌺🌺🌺🌺🌺
Все вопросы по телефону +77759704934 (WhatsApp)
#аизастудио #құрақ #ою #төркөрпе #handmade #ручнаяработа #орнамент #алматы
#махаббаткөрпе #көрпе
#кураккорпе #кызжасау #тойжасау #жасау #madeinkz #оюкөрпе #KZ #kurak #almaty #atyrau #astana #aktau #present #patchwork #quilt #quraq #корпе #ornament
Read more
Сеул қаласынан сәлем <span class="emoji emoji2764"></span>️! Көкжиекке көз салып, ойға беріліп кететін жансың бір күні... Бала болып ...
Media Removed
Сеул қаласынан сәлем ️! Көкжиекке көз салып, ойға беріліп кететін жансың бір күні... Бала болып ойнап кететін жансың кей күні... Өткінші өмірдің әр күнін алтынға бағалап, жаныңа жақсылық жасаған әр жанға риза болып, Алланың бергеніне шүкіршілік етсең сенің де жәй өмір сүрмегенің... ... Сеул қаласынан сәлем ❤️! Көкжиекке көз салып, ойға беріліп кететін жансың бір күні... Бала болып ойнап кететін жансың кей күні... Өткінші өмірдің әр күнін алтынға бағалап, жаныңа жақсылық жасаған әр жанға риза болып, Алланың бергеніне шүкіршілік етсең сенің де жәй өмір сүрмегенің... Жақсы атың немесе жақсы xатың қалғаны ол да баға жетпес байлық! Бәріңізді жақсы көремін! Кәрістердің басты қаласында әдемі қазақтың ұлттық кәжекейімен жүрмін! Ұлтымды сүйемін❤️! Нұреке @nur_shah_kazakhstan әдемі кәжекей көздің жауын алып тұр, ризамын❤️! Ал, көйлегім @aida_kaumenova_kz досымның әдемі туындысы... Көз сүйсінер суретті түсірген Сымбат @mussabayevass алтыныма раxмет! Оқып отырған әр жанға раxмет❤️❤️❤️! #Аллажарболсын #корея #сеул
Read more
Бүгінгі кездесудегі әңгіменің қорытып, сіздермен де бөлісейін! ________________________ "Атадан ...
Media Removed
Бүгінгі кездесудегі әңгіменің қорытып, сіздермен де бөлісейін! ________________________ "Атадан ұл туса, құл болам, Анадан қыз туса күң болам" деп тумайды. "Ұстары жоқ қылыштың өткірінен не пайда, ұстанымы жоқ ұлыстың көптігінен не пайда" деген бабалар! Бүгінгі күні бәріміз ... Бүгінгі кездесудегі әңгіменің қорытып, сіздермен де бөлісейін!
________________________
"Атадан ұл туса, құл болам, Анадан қыз туса күң болам" деп тумайды. "Ұстары жоқ қылыштың өткірінен не пайда, ұстанымы жоқ ұлыстың көптігінен не пайда" деген бабалар! Бүгінгі күні бәріміз болашаққа сенімсіз қарайтынымыз анық. Біраз адамның Қазаққа жаны ашып жүргенін байқамаймын ба әлде олай емес пе,білмеймін?! Алыстан тартпай, өнердегі бірге жүрген іні - қарындастарға батырып жазып, айтып та жүргенімде сол еді! Қазақ қызы өзге ұлтқа неге тұрмысқа шығады? Өйткені біз сырға таққан еркекке жақпыз, эротикалық клипті қолдаймыз! Бізге рух, намыс, тіл деген жағдай қызық емес... Жалаңашты жаңалық көріп, "хайып" үшін арын сатқан, санасы сан жаққа сандалған өнерпаздарымыз жеткілікті! Қазағымның руханиятын лайламаңыздар дегім келеді! Сырға тағып, ұлттық өнерімізге зиян тигізіп, азғындап жүрген өнерпазды көрсеңіз тыйым салуға ат салыңыз, ағайын! Өнер сүйер бауырлар, "балық бастан шіриді" деп өзгеге бұра салмай, эфирді өзіміз таңдайық, әдемі ән тыңдайық. Музыка адам жанын азғындату емес, музыка адам жанын жарқындатып, жалындатуға тиіс. Қазақ қызы Қытайға тисе ол емес, біз кінәлі, ел кінәлі! Кезінде Гитлер соғыс ашар елге, арзан, жеңіл әндерді алдымен насихаттаған. Мақсаты: рухты өлтіру еді. Батысқа еліктеп, сахнаға жалаңаш шықса, қызымызға қырық жерден тыйым сала алмасақ, кімге ренжуіміз керек, ағайын? Намысты еркектің, намысты әкенің жоқтығы ма? Ояныңдар жігіттер! жарларыңа, қыздарыңа, қарындастарыңа сақ болыңыздар! Елдік іргесін сізбен біз сақтауымыз керек, ұмытпаңыздар! Әр саланың мамандары барынша бірігіп, ұлтқа өз үлесін қосуы тиіс! ☝️🎼 Бірлігіміз бекем болсын! Бағлан Абдраймов.
#біздіңелдіңжігіттері
___________________________
@tarlan_batyrlary
@astanaarlans
@syrymbek_tau
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Read more
Атырауда дүбірлі айтыс өтті ! Мұнайшылар күніне орай ,жоғары деңгейде ұлттық өнерімізді насиxаттаған ...
Media Removed
Атырауда дүбірлі айтыс өтті ! Мұнайшылар күніне орай ,жоғары деңгейде ұлттық өнерімізді насиxаттаған ағаларға АЛЛА разы болсын! Айтыстың арыстаны Бекарыс ағамызды көріп мәре-сәре боп отырған кезден! Жалғыз мен емес xалық та сағынып қалған екен, сағындырмай жиі шығып тұрсаңыз.. Атырауда дүбірлі айтыс өтті ! Мұнайшылар күніне орай ,жоғары деңгейде ұлттық өнерімізді насиxаттаған ағаларға АЛЛА разы болсын!
Айтыстың арыстаны Бекарыс ағамызды көріп мәре-сәре боп отырған кезден! Жалғыз мен емес xалық та сағынып қалған екен, сағындырмай жиі шығып тұрсаңыз..
Құрметті мұсылман қауым! Ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын! Алла Тағала баршамызды шынайы ықыласпен ...
Media Removed
Құрметті мұсылман қауым! Ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын! Алла Тағала баршамызды шынайы ықыласпен Ораза ұстаушылар санатына қосып, жәннаттың есігінен кіруімізді нәсіп еткей! __________________ "Үкі қорғанышы" топтамасы . Қазақ әйелдерінің санасында құнарлылық, жемістілік ... Құрметті мұсылман қауым! Ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын! Алла Тағала баршамызды шынайы ықыласпен Ораза ұстаушылар санатына қосып, жәннаттың есігінен кіруімізді нәсіп еткей!
__________________
"Үкі қорғанышы" топтамасы .

Қазақ әйелдерінің санасында құнарлылық, жемістілік және бала туу мүмкіндіктерін қорғау ұғымын білдіретін ромб семантикасы қола дәуірінен бастау алады. Сегіздіктің бейнесі қазақтар мен басқа да халықтарда шексіздіктің, өмірдің шыркөбелек айналысын білдірген. Құнарлылық, өмірдің мәңгілік жаңару және қайта туу идеясын бейнелейтін жапырақша түріндегі салпыншақтар мен әшекейлердің орны бөлек, осыған байланысты қазақтар көктемде алғаш шыққан шөпті жұлуға тыйым салған.
Жапырақшалар тақырыбындағы ізгі ниетті функциялардың тиімділігін күшейту үшін олардың табиғи суреті жасалған. Тұтастай алғанда бұйымдардың әшекейленуі көркем мағынадан басқа және ізгі ниеттілік функцияларын атқарады, ал бұл, қазақ дәстүріне сәйкес, зергерлік өнер туындыларының қажетті құрамдас бөлігі болып табылған. (Ш. Ж. Тохтабаеванын кiтаптары бойынша)
__________________🔻
Бойтұмар 178.500 тг -20%
___________________🔺
МЕТАЛЛ: күміс /серебро (925); ****************************************
ТАСЫ/ ВСТАВКА: қызыл ақық/яшма
#тарих #кумiс #aminajewels #казахскиеукрашения #АсылМура #серебро #ручнаяработа #Казахстан #Астана #сделановКазахстане #МодноНоситьКазахскиеУкрашения
#казахскиеукрашения #қазақтыңұлттықәшекейбұйымдары
#қолдыңжұмысы #Қазақстандажасалған ВСЕ ВОПРОСЫ ⁉️по WhatsApp✅
и DIRECT📲
☎️📩✏️📲
Доставка. 🇰🇿🌎
➕7️⃣ 7️⃣7️⃣1️⃣ 1️⃣2️⃣4️⃣ 0️⃣8️⃣ 1️⃣8️⃣
Read more
Тарихқа үңілсек кілем - Ұлы Жібек жолы бойымен тасымалданған маңызды тауарлардың бірі болған. ...
Media Removed
Тарихқа үңілсек кілем - Ұлы Жібек жолы бойымен тасымалданған маңызды тауарлардың бірі болған. Тіпті ақсүйектер бір ел мен екінші елдің татулығы үшін кілемді тарту - таралғы ретінде сыйға беретін болған. Қазақ халқында кілем тоқу өте ертеден келе жатқан қол өнері болып табылады. Ол халықтың ... Тарихқа үңілсек кілем - Ұлы Жібек жолы бойымен тасымалданған маңызды тауарлардың бірі болған. Тіпті ақсүйектер бір ел мен екінші елдің татулығы үшін кілемді тарту - таралғы ретінде сыйға беретін болған. Қазақ халқында кілем тоқу өте ертеден келе жатқан қол өнері болып табылады. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Əрбір ою-өрнектің мəн - мағынасы тереңде жатыр. Түрлі түске малынған ою-өрнектеріміз - қазақ халқының рухани мəдениеті болса, ұлттық оюлар бейнеленген тұрмысқа қажетті бұйымдар материалдық мəдениеті болады. ▪Қазақы оюлы кілем ▪Өлшемі: 3×4
▪Бағасы: 156000тг
Read more
Өткен сенбі, 23 маусым күні Алматыда Дариға Назарбаеваның жалғыз қызы Венераның ұзату тойы болды ...
Media Removed
Өткен сенбі, 23 маусым күні Алматыда Дариға Назарбаеваның жалғыз қызы Венераның ұзату тойы болды деп хабарлайды Zakon.kz Венера елімізге танымал Шайжүнісовтер әулетінің өкілі Дален Шайжүнісовке тұрмысқа шыққан. Дален Шайжүнісов Алматы қаласында туып-өсіп, әл-Фараби атындағы ... Өткен сенбі, 23 маусым күні Алматыда Дариға Назарбаеваның жалғыз қызы Венераның ұзату тойы болды деп хабарлайды Zakon.kz
Венера елімізге танымал Шайжүнісовтер әулетінің өкілі Дален Шайжүнісовке тұрмысқа шыққан.
Дален Шайжүнісов Алматы қаласында туып-өсіп, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультетін тәмамдаған.

Венера болса, қазіргі таңда қоғамдық коммуникация және өнер саласында білім алуда. Сонымен бірге, ол анасы Дариға Назарбаева ұйымдастырып жүрген қайырымдылық шараларына жиі қатысады.
Жас жұбайлардың достарының айтуынша, Венера мен Дален екі жыл бұрын танысқан. Ал оларды атастыру рәсімі осы жылдың мамыр айында болған.

Қос ғашықтың тойы Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйінің салтанатты залында өткен. Аталған шараға екі отбасының ең жақын достары мен туыстары ғана шақырылған.

Тойға келген Венераның нағашы атасы, еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанның бірінші ханымы оларға бақытты отбасылық өмір тіледі.
Дариғаның қызының тойында қазақтың барлық салт-дәстүрі сақталып, ұлттық жөн-жоралғылар орындалды.

Бұдан бөлек тойда қазақы дастархан жайылған. Сонымен бірге, көбінесе отандық орындаушылардың әніне басымдық берілді.

Жас жұбайлардың жаңа өмірге аяқ басуына тілектестік білдіріп, Дариға Назарбаеваның досы әрі серіктесі Филипп Киркоров арнайы келіпті. Ол жастарға арнап арнайы шоу ұйымдастырып, келген қонақтардың көңілін көтерген.
Айта кету керек, Дариға Назарбаеваның бүгінде жеті жасар Асылжан есімді ұлы бар. Сонымен бірге, оның Сұлтан есімді немересі де жетіде[email protected]
Read more
Тойға жігіттер тек шаштарына укладка ғана жасаса, қыздардың шаруасы көп қой, шіркін<span class="emoji emoji1f61d"></span>: тырнақ ...
Media Removed
Тойға жігіттер тек шаштарына укладка ғана жасаса, қыздардың шаруасы көп қой, шіркін: тырнақ өсіру, косметолог қызметтері, шаш үлгісін әзірлеу - тағысы тағы... Алматының сапалы салондарымен таныс болғаныммен, Кереку жерінде көңілімнен шығатын мамандарды әбден іздедім. Соңында ... Тойға жігіттер тек шаштарына укладка ғана жасаса, қыздардың шаруасы көп қой, шіркін😝: тырнақ өсіру, косметолог қызметтері, шаш үлгісін әзірлеу - тағысы тағы... Алматының сапалы салондарымен таныс болғаныммен, Кереку жерінде көңілімнен шығатын мамандарды әбден іздедім. Соңында Павлодарға гастрөлдік сапармен
келгенде: Төреш, Қайрат, Айқын, Роза xаным сынды өнер иелері ат басын тірейтін @salon.hanum сұлулық салонын таңдадым🤗 Қазақилықты насиxаттап, солтүстік өңірінде ұлттық нақыштағы алғашқы салон ашқан сіңілім @aiza_tv және @salon.hanum ұжымына мың алғыс🙌
Ал, мен әдеттегідей сіздерді сыйлықсыз қалдырмаймын🎁 Тамыз айы бойы "Жанерке" промо кодымен жазылған xанымдарға макияж бен прическаға -10% жеңілдік сыйлайтын болады💋🌹🌹🌹
___
Ал менің қасымдағы құрбым - Алматыдағы ең ізденіске ие шебер визажист😍😇👍
Ұзату тойымдағы макияжымды дәл осы аруға сеніп тапсырдым💪
Әдеттегідей өте нәзік болды (баттастырып бояғанды ұнатпайды) және менің көңілімнен шықты💄💋🌹
@ybyraiqyzy💃
Read more
Сәлем, достар! Егер сіз Евровидения балалар ән байқауына қатысқыңыз келсе, бірақ авторлық ...
Media Removed
Сәлем, достар! Егер сіз Евровидения балалар ән байқауына қатысқыңыз келсе, бірақ авторлық әніңіз жоқ болса, онда осы постқа назар аударыңыз! Кез келген әнге видео түсіріп, #EurovisionKidsKZ2018 хэштегімен мені белгілеп , жүктеуіңіз қажет. Менің көңілімнен шыққан балақайға ... Сәлем, достар!

Егер сіз Евровидения балалар ән байқауына қатысқыңыз келсе, бірақ авторлық әніңіз жоқ болса, онда осы постқа назар аударыңыз!

Кез келген әнге видео түсіріп, #EurovisionKidsKZ2018 хэштегімен мені белгілеп , жүктеуіңіз қажет.
Менің көңілімнен шыққан балақайға авторлық ән сыйлаймын. Демек, ұлттық іріктеуде өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Өз мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар!
#astana #Qazaqstan
Read more
Биыл еліміздің маңдайалды оқу орындарының бірі Қазақ ұлттық өнер университетіне – 20 жыл. Осы орайда елордада өткен білім ордасының мерейтойлық концертін тамашалауға шақырамыз! Кеш барысында Кеңес Дүйсекеевтің «Өнер ордасы» атты шығармасы, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамидидің ... Биыл еліміздің маңдайалды оқу орындарының бірі Қазақ ұлттық өнер университетіне – 20 жыл.
Осы орайда елордада өткен білім ордасының мерейтойлық концертін тамашалауға шақырамыз!
Кеш барысында Кеңес Дүйсекеевтің «Өнер ордасы» атты шығармасы, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамидидің «Қыз Жібек» және «Бұлбұл» опералары, сондай-ақ бірнеше мюзикл назарларыңызға ұсынылады.

Бүгін, 19 мамыр күні сағат 22:15-те «Хабар» арнасы қосулы болсын!
Online: khabar.kz
#өнеракадемиясы #концерт
Read more
Бүгін журналистер мерекесіне арналаған марапаттау Ұлттық "Үркер" силығының рәсімі өтіп жатыр. Қазақстанның барлық журналистерін мерекесімен құттықтаймыз ! Біздерді өнер адамдарын мақтайтын да,жақтайтын да,"қаралайтын"да,Халықпен байланыстырып,Елге жеткізуші де өздеріңізсідер ... Бүгін журналистер мерекесіне арналаған марапаттау Ұлттық "Үркер" силығының рәсімі өтіп жатыр. Қазақстанның барлық журналистерін мерекесімен құттықтаймыз ! Біздерді өнер адамдарын мақтайтын да,жақтайтын да,"қаралайтын"да,Халықпен байланыстырып,Елге жеткізуші де өздеріңізсідер !😄✊️🙏Бәріңізді бірдей құттықтаймыз ! Әсіресе бұрын әлеуметтік желі жоқ кезде тек қана журналистер арқылы Халықпенен "тілдесетінбіз" Алғашқы сұxбатымды берген кезім есімде. Азия дауысынан кейін "қарындасыма"әні щыққан кез.Тамаша бағдарламасына қатысып,түсірілімге түстім де,Францияға кеттім. 20-күннен соң қайтып келсем,әнім радио,телевидение,базар біткеннің бәрінде шырқалып тұр екен...Жас Алаш газетінің журналисі Әділ деген азамат xабарласып,сіз xит әндер бөлімінің 1-ші орнында тұрсыз,сұxбат алайын деп едім дейді. Хит деген не дүние деймін ғой...😄 Сөйтіп xит деген сөзді 1-ші рет естіген едім. Соңынан керемет мақала шықты. Алғаш рет өзімді газеттен оқып,суретімді көріп,мәз болып қалған едім. Құрметті журналист Ағалар,апалар,бауыр,қарындастар,мереке құтты болсын ! Бастарыңызға бақыт,істеріңізге береке тілейміз ! Табыстан табысқа жете беріңіздер ! Қайырлы кеш,-Қазақ Елі ! @bekabolmanov86 @karakat_a
Read more
Өңіржиек Өңіржиек бір қатар не екі қатар болып төмен қарай салбырап күміс шынжырмен байланысатын ...
Media Removed
Өңіржиек Өңіржиек бір қатар не екі қатар болып төмен қарай салбырап күміс шынжырмен байланысатын бірнеше күміс пластинкадан тұратын топсалы, тақталы, шынжырлы, салпыншақты әшекей алқа. Оны көйлек сыртына немесе кәзекейдің өңіріне таққан. Өңіржиек – көйлектің сыртынан омырауға ... Өңіржиек
Өңіржиек бір қатар не екі қатар болып төмен қарай салбырап күміс шынжырмен байланысатын бірнеше күміс пластинкадан тұратын топсалы, тақталы, шынжырлы, салпыншақты әшекей алқа. Оны көйлек сыртына немесе кәзекейдің өңіріне таққан.
Өңіржиек – көйлектің сыртынан омырауға тағылатын өте қымбат бағалы, әшекейлә сәндік бұйым. Зергерлер оны үзбелеп, салпыншақтар тағып, асыл тастардан көз орнатып жасайды.
Өңіржиек қалындықтың негізгі әшекей бұйымдарының бірі және оны тойларда ғана таққан. Өңіржиек пошымы мен түзілісінің мағынасы ұрпақтың өсіп өркендеуі, оны жалғастырушы әйел адамның рөлі, әртүрлі қауіп-қатерден сақтану сияқты жайларды білдіреді. Әсіресе ұрпақтың көбеюі мағынасын білдіретін өсімдік бейнелісі көп зергерлік бұйымдарда кездеседі. (Маңғыстаудың дәстүрлі қолөнері 137б).
Осыған ұқсас түрлі тастармен әшекейленген үш тақталы өңірше деп аталатын түрін ұзатылатын қызға тағатын болған.
Ізгі ниетпен , «AMINAJEWELSKazakhstan»
#тарих #кумiс #aminajewels #казахскиеукрашения #АсылМура #серебро #ручнаяработа #Казахстан #Астана #сделановКазахстане #МодноНоситьКазахскиеУкрашения
#казахскиеукрашения #қазақтыңұлттықәшекейбұйымдары
#қолдыңжұмысы #Қазақстандажасалған ВСЕ ВОПРОСЫ ⁉️по WhatsApp✅
и DIRECT📲
☎️📩✏️📲
Доставка. 🇰🇿🌎
➕7️⃣ 7️⃣7️⃣1️⃣ 1️⃣2️⃣4️⃣ 0️⃣8️⃣ 1️⃣8️⃣
Read more
<span class="emoji emoji2b50"></span>️Заманмен бір болып, өсіп-өркендеу, сонымен қатар бабалар даналығымен мен құндылығын шашып ...
Media Removed
️Заманмен бір болып, өсіп-өркендеу, сонымен қатар бабалар даналығымен мен құндылығын шашып алмау - өнер Біздің өнімдеріміз - осы өнерге қосқан кішкене де болса үлесіміз - дәстүрді жаңғырту 😇 Жаңа көйлекті қарсы алыңыз - нәзік бәтестен тігілген таза ақ түсті көйлек ️ Классика ... ⭐️Заманмен бір болып, өсіп-өркендеу, сонымен қатар бабалар даналығымен мен құндылығын шашып алмау - өнер ✨
Біздің өнімдеріміз - осы өнерге қосқан кішкене де болса үлесіміз - дәстүрді жаңғырту 😇
Жаңа көйлекті қарсы алыңыз - нәзік бәтестен тігілген таза ақ түсті көйлек ❤️
Классика мен ұлттық нақыштың үндестігі - Сіздің бірегей сұлулығыңыз үшін 🌷
Иә, Сіз ғажапсыз 😇
.
.
.
⭐️Идти в ногу со временем, развияваясь, обогащаясь, при этом не растрачивать мудрость и богатство предков - это искусство✨
Наши изделия - наш скромный вклад в это искусство - искусство возраждать традиции 😇
Встречайте новинку - платье из нежного батиста в чистом белом цвете ❤️ Гармоничное сочетание классики и этники - для Вашей уникальной красоты 🌷
Да, Вы прекрасны 😇
.
.
.
⭐️Be modern and develop, get better but keep ancestors values and wisdom - it’s an art✨
Our items are our tiny contribution to this art - art of revitalizing traditions 😇
Welcome our new dress made of tender batiste in clean white ❤️
Harmony of classic and ethnic for your unique beauty 🌷
Yes, you are wonderful 😇
—————————————
❤️КӨЙЛЕК/DRESS 4️⃣3️⃣0️⃣0️⃣0️⃣ТЕҢГЕ/KZT ❤️
.
.
.
#kurakkorpe_clothes
.
.
.
▪️АЛМАТЫ, Абай д-ы, 68/74
▪️АСТАНА: мкр. Ақбұлақ 2, переулок Сарыкеңгір дом 1 @abal_lamis_beauty_kingdom
▪️АТЫРАУ: Сәтбаев, 36 @ozynshe
▪️АҚТАУ: ЖК Грин Парк, 17 мкрн, д.7 @asylaru.aktau
▪️ӨСКЕМЕН: "Сәтті"СҮ, 3 эт. ул.Кирова 47 @sulu_fashionkz
▪️ШЫМКЕНТ:"Береке" СҮ, 2 қабат
"әл-Фараби"СК, 220 бутик. Темірлан тас жолы, 19 @concept_store1.3
☎️8️⃣7️⃣0️⃣7️⃣9️⃣1️⃣8️⃣2️⃣7️⃣0️⃣9️⃣
☎️8️⃣7️⃣0️⃣5️⃣6️⃣5️⃣9️⃣2️⃣3️⃣1️⃣5️⃣
☎️8️⃣7️⃣0️⃣1️⃣1️⃣9️⃣5️⃣1️⃣2️⃣1️⃣2️⃣
🌐 kurakkorpe.kz
Read more
Ұят дегеніміз не? Әйел өз-өзің қоғамда қалай ұстауы керек? Осы сұрақтарға әнші, Қазақстан Республикасының ...
Media Removed
Ұят дегеніміз не? Әйел өз-өзің қоғамда қалай ұстауы керек? Осы сұрақтарға әнші, Қазақстан Республикасының өнер қайраткері Жеңіс Ісқақова жауап беріп өз ойымен бөлісті! . Бүгінде елімізде түрлі көмекке мұқтаж, өмірлік қиын жағдайға тап болған қыз-келіншектердің саны өте көп. ... Ұят дегеніміз не?
Әйел өз-өзің қоғамда қалай ұстауы керек?
Осы сұрақтарға әнші, Қазақстан Республикасының өнер қайраткері Жеңіс Ісқақова жауап беріп өз ойымен бөлісті!
.

Бүгінде елімізде түрлі көмекке мұқтаж, өмірлік қиын жағдайға тап болған қыз-келіншектердің саны өте көп. Одан бөлек, түрлі стереотиптер салдарынан өздеріне, өз таңдау құқығына, қоғамдағы орнына сенімсіздік танытатын қыздар ортамызда да бар.  Осы ретте, біздің республикамыздың танымал азаматтары, мен , @sfkazakhstan және Әйелдердің шығармашылық бастамалары ұйымымен бірлестікте «Әйелді аяла» атты ұлттық ақпараттық кампанияға қатыстық. Тек бір-бірімізді қолдау, жігерлендіру арқылы көптеген жетістіктерге, жеңістерге қол жеткізе аламыз. Осы роликпен бөлісе отырып, #ӘйелдіАяла кампаниясына өз үніңізді қосуға шақырамын. Жылы лебіздеріңізді де, мазалайтын мәселелеріңізді де осы хэштег аясында қалдырсаңыздар болады. Бір біргеміз!
.
@zhenisiskakova   #Әйелдіаяла
#aeldiayala
#айельдыаяла
Read more
Жүрегі өнер деп соққан балдырғандарға айтар жақсы жаңалық!<span class="emoji emoji1f386"></span> «Хабар» арнасы «Junior Eurovision ...
Media Removed
Жүрегі өнер деп соққан балдырғандарға айтар жақсы жаңалық! «Хабар» арнасы «Junior Eurovision 2018» ән байқауы ұлттық іріктеуінің әділқазылар алқасын таныстырады! Қатысу ережелерімен www.jevision.khabar.kz сайтына кіріп, таныса аласыздар. ——————————————————————— Таланты ... Жүрегі өнер деп соққан балдырғандарға айтар жақсы жаңалық!🎆
«Хабар» арнасы «Junior Eurovision 2018» ән байқауы ұлттық іріктеуінің әділқазылар алқасын таныстырады!🎉
✔ Қатысу ережелерімен www.jevision.khabar.kz сайтына кіріп, таныса аласыздар.
———————————————————————
Таланты теңіздей тұнық, дауысы тау бұлағындай мөлдір балақайларды іріктеуге шақырамыз! Көп тудың ішінен КӨК туымызды желбіретуге асығыңыздар! ———————————————————————
Әділқазылардың осы құрамымен келісесіздер ме?⤵️🤔
#JuniorEurovisionKhabar #JuniorEurovision2018 #Kazakhstan #lightup #зажигай #жарқыра #jesc2018 #детскоеевровидение2018 @khabartv #junioreurovision #jesc @lionsshowmedia
Read more
 #Repost @sanjar.madi • • • #ӘМІРЕ фильмінің трейлерін ұсынамыз! . Көркем фильм 2018 жылы 5 ...
Media Removed
#Repost @sanjar.madi • • • #ӘМІРЕ фильмінің трейлерін ұсынамыз! . Көркем фильм 2018 жылы 5 сәуірде ұлттық прокатқа шығады. . Кинотуынды қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысты біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың (1888-1934 жж.) қамшының сабындай ғана қысқа да, жарқын ғұмырын ... #Repost @sanjar.madi
• • •
#ӘМІРЕ фильмінің трейлерін ұсынамыз!
.
Көркем фильм 2018 жылы 5 сәуірде ұлттық прокатқа шығады.
.
Кинотуынды қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысты біртуар әншісі
Әміре Қашаубаевтың (1888-1934 жж.) қамшының сабындай ғана қысқа да,
жарқын ғұмырын баяндайды. 1925 жылы Парижде өткен Exposition
Internationale des Arts Décoratifs et Industriels Modernes шеңберінде өткен
бүкіләлемдік музыкалық байқауда Еуропа көрермендеріне қазақтың
дәстүрлі әншілік өнері мен қара домбырасын паш еткен 36 жастағы Әмре
Қашаубаев КСРО делегациясының арасынан топ жарып, екінші орынды
және күміс медаль иеленді. «Әміре» фильмі Париж аспанын әнге бөлеп, күллі әлемді тамсандырған
Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына шыққалы отыр. .
🎬Представляем трейлер нового художественного фильма #АМРЕ
.
В ПРОКАТЕ С 5 АПРЕЛЯ
Картина рассказывает о яркой, но короткой, таинственно оборвавшейся жизни казахского самородка – драматического тенора Амре Кашаубаева. В 1925 году музыкант отправляется в Париж на Всемирный музыкальный конкурс в рамках Exposition Internationale des Arts Decoratifs et Industriels Modernes. В Париже Амре Кашаубаев как артист делегации СССР произвел фурор и завоевал серебряную медаль. Именно Амре Кашаубаев первым в мире представил европейской публике вокально-исполнительское искусство казахов и национальный инструмент – домбру.

@dar.play @jeffvespa @sanjar.madi @erkebulan_dairov @abbiecornish @benaldridge2016 @r0dman @chillborg @nurzhan_tazhikenov «Амре», продолжительность: 88 минут
Производство: Республика Казахстан.
Генеральный Продюсер: А. Утемуратов.
Режиссер: Джеффри Веспа (США).
Оператор: Максим Осадчий (Россия).
Сценарист: Бенжамин А. ванн дер Вин (США).
Консультант: Жаркын Шакаримов, (автор нескольких книг об Амре Кашаубаеве, заслуженный деятель РК). Актерский состав:
Эбби Корниш – Ли Эббот
Санжар Мади – Амре
Еркебулан Даиров – Мустафа Шокай.
Бен Олдридж – Джордж Гершвин
#amre #amremovie
Read more
Кешегі тарихи күні, бес ел мемлекет президенттерінің алдында өнер көрсету біз үшін үлкен мәртебе! «Каспий достық теңізі» әнін бес тілде және сол елдердің ұлттық киімдерімен орындап шықтық! Бес ел басшылары өте риза болып қошеметін көрсетті! Аллаға шүкір! Бес президенттің ... Кешегі тарихи күні, бес ел мемлекет президенттерінің алдында өнер көрсету біз үшін үлкен мәртебе!🙏🙏🙏
«Каспий достық теңізі» әнін бес тілде және сол елдердің ұлттық киімдерімен орындап шықтық! Бес ел басшылары өте риза болып қошеметін көрсетті!👏👏👏
Аллаға шүкір!🙏 Бес президенттің алдында өнер көрсеткен біз бақыттымыз!💐
@argynkyzya @askar_kusherov @shektibaevsabit88 @olegbaikov18
Read more
«Сенбілік таң» бағдарламасы өнер мен өмірді шебер ұштастырған әнші, музыкатанушы Толқын Забированың @tolkynzabirova отбасында қонақта. Бүгін 10:00-де Ұлттық арнадан көріңіздер. __________ #Qazaqstan #kaztrkkz #ұлттықарна #қазақстанртрк #сенбіліктаң «Сенбілік таң» бағдарламасы өнер мен өмірді шебер ұштастырған әнші, музыкатанушы Толқын Забированың @tolkynzabirova отбасында қонақта. Бүгін 10:00-де Ұлттық арнадан көріңіздер.
__________
#Qazaqstan #kaztrkkz #ұлттықарна #қазақстанртрк #сенбіліктаң
Асылхан Төлепов (21 мамыр 1992, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Жетікөл ауылында дүниеге келген) ...
Media Removed
Асылхан Төлепов (21 мамыр 1992, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Жетікөл ауылында дүниеге келген) — Қазақстан актеры. 2012 жылғы шыққан «Жаужүрек Мың бала» атты фильмдегі Сартай батырдың рөлін сомдағаннан кейін танымал бола бастады. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер ... Асылхан Төлепов (21 мамыр 1992, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Жетікөл ауылында дүниеге келген) — Қазақстан актеры. 2012 жылғы шыққан «Жаужүрек Мың бала» атты фильмдегі Сартай батырдың рөлін сомдағаннан кейін танымал бола бастады.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанында ашылған колледждің професссор Есім Сегізбаев класын тәмамдаған. 2010 жылы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм»шығарған Елбасы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінде президенттің досы Ғалидін рөлін сомдаған. "Жаужүрек мың бала" фильмiнде көрсеткен ерлігі мен шеберлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы медальмен марапатталды. 2013 жылы - "Серпер" Жастар сыйлығының иегері.
2011 жылы «Жаужүрек Мың бала»фильміндегі басты кейіпкер мыңбала Сартайдың рөліне ие болған.
Қазіргі таңда Алматы мәслихатының депутаты қызметін атқаруда.
Дайындаған:@makhabbat.abatqyzy
#Maha_kz
Read more
Ағымдағы жылдың 21 наурызында Бангкок қаласында БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитқа арналған Экономикалық ...
Media Removed
Ағымдағы жылдың 21 наурызында Бангкок қаласында БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АзТМЭӘК) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігінің бастамасымен алғашқы рет Наурыз Халықаралық күніне ... Ағымдағы жылдың 21 наурызында Бангкок қаласында БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АзТМЭӘК) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігінің бастамасымен алғашқы рет Наурыз Халықаралық күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Иран, Қазақстан, Үндістан елшіліктері мен Өзбекстанның Бас консулдығы бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға дипломатиялық корпус, халықаралық ұйымдар мен Таиландтың мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. АзТМЭӘК Атқарушы хатшысының орынбасары Каве Захеди құттықтау сөз сөйледі. Бағдарламаның мәдени бөлігінде Атырау облысының музыканттары домбыра мен қобызға арналған халық өнерін және қазақ авторларын шығармашылығын орындады, сондай-ақ Иранның «Khojasteh» фольклор ансамблі сахнаға шықты. Қонақтар Наурыз мейрамына тән салт-дәстүрлермен танысып, осы күнді мерекелейтін елдердің ұлттық тағамдарын дәм тату мүмкіндігіне ие болды.
Көптеген халықтардың мәдени дәстүрі ретінде Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне 2009 жылы тіркелген Навруз мейрамы көктем мен табиғат жаңаруының бірінші күнінің белгісі. Бұл мейрам ұрпақтар арасында және отбасы ішінде бейбітшілік пен ынтымақтастық құндылықтарын ілгерілетуге ықпал жасайды, сонымен қатар халықтар мен түрлі қауымдастықтар арасында мәдени әртүрлілікті және достықты сақтауға ықпал ететін татуластық пен көршілікке жағдай жасайды.
2010 жылғы 23 ақпанда өзінің 71-ші пленарлық отырысында Бас Ассамблея 21 наурызды Халықаралық Навруз күні деп таныды.
Read more
"Ұмытылмас əндер". <span class="emoji emoji1f3a4"></span><span class="emoji emoji1f3a4"></span><span class="emoji emoji1f3a4"></span>Бүгін бірінші рет əнші ретінде концертте өнер көрсеттім. Сахна деген ...
Media Removed
"Ұмытылмас əндер". Бүгін бірінші рет əнші ретінде концертте өнер көрсеттім. Сахна деген керемет күш қой. Мен сахнаға концертті жүргізіп жиі шығатынмын, ал жарқ еткен софиттердің нұрына бөленіп əн орындау тіпті басқа əсер береді екен. Жан-дүнием қалайтын іс екенін анық сезіндім. Осындай ... "Ұмытылмас əндер".
🎤🎤🎤Бүгін бірінші рет əнші ретінде концертте өнер көрсеттім. Сахна деген керемет күш қой. Мен сахнаға концертті жүргізіп жиі шығатынмын, ал жарқ еткен софиттердің нұрына бөленіп əн орындау тіпті басқа əсер береді екен. Жан-дүнием қалайтын іс екенін анық сезіндім.
Осындай мүмкіндік берген Ұлттық арнама үлкен алғыс! Қайда жүрсем де киелі қара шаңырақ - @kaztrk_kz Ұлттық арнаның орны мен үшін бөлек қой!
@kuanyshsultanuly командаңызбен көрсеткен қолдауыңызға ризамын. Рахмет!!! Əріптестердің демеуі өте керек-ақ! @erzhankozhabekov Ержан, Абзал сіздерге де көп рахмет!
Қуаныш мырза үлкен жобаның жұмыстарын У-шусыз профессионально атқарады екенсіздер! Телевизионщик ретінде бірден назар аударған жайт осы болды.👍
Жəне түйіндей келе арнаның директоры, əріптес ағам Еркін Таңатқанұлына @erkin_muhamedjan үлкен алғыс айтамын!!! Қашан да қолдау көрсетуге тырысатын сыйластығыңыз бен ақ ниетіңіз үшін!🙇_______
.....Суретте менің дуэттес досым 😊 @raimuais жəне жылы жүзімен адамды баурап алатын Ердос мырза! @erdoskanaev
Көйлек үшін @rentdressalmaty дүкеніне рахмет!
#əлхамдулиллах #жұлдыздар #тағдырментілдесу #тағдырменсырласу #ұмытылмасəндер #қазақтыңтойыбітпесін #шоубизнес
Read more
Жасалу тарихы 2016 жылдың қазан айында біз Францияның @atelier27pariz агенттігімен таныстық. ...
Media Removed
Жасалу тарихы 2016 жылдың қазан айында біз Францияның @atelier27pariz агенттігімен таныстық. Сөйтіп, St Regis Astana қонақ үйінде жобамен жұмыс жасауды бастадық. «Би өнері» көркемдік панноны түпкілікті жүзеге асырғанға дейін 9 ай бойы көптеген хат алмасулар болып, эскиздер жасалды. ... Жасалу тарихы
2016 жылдың қазан айында біз Францияның @atelier27pariz агенттігімен таныстық. Сөйтіп, St Regis Astana қонақ үйінде жобамен жұмыс жасауды бастадық. «Би өнері» көркемдік панноны түпкілікті жүзеге асырғанға дейін 9 ай бойы көптеген хат алмасулар болып, эскиздер жасалды. Қазақтың халық биінің тарихы күнделікті тұрмыс-тіршіліктің тарихымен ұштасады. Көшпенділердің өміріндегі әрбір оқиға бимен өрнектелген, адамдар көңіл-күйлерін осылай көрсеткен. Домбыра, қобыз, даңғараның сүйемелдеуімен орындалған қазақ биінің ерекшеліктері - орындалу мәнерлілігі, шалт қимыл жасау, буындардың ширақтығы, ерлердің биіндегі тұла бойының жинақылығы, әйелдер биіндегі қыпша белдің иілгіштігі, қолдарының өзара сәйкес үйлесімділігі болып табылады. Біздің алдымызда заманауи технологиялар мен материалдарды қолданып, қазақ халқының ежелгі мәдениетін үйлестіре отырып, Ballroom St.Regis Astana үшін көркемдік панно әзірлеу міндеті тұрды. Негізі ретінде біз «Қоштасу» (қалыңдықтың құрбыларымен қоштасуы) биін алдық. «Би өнері» жұмысына арналған идея осылай туындады, мұнда ұлттық киім мен ұлттық бас киімдегі екі сұлу қыздың аққулар тәрізді далада қалықтап билеп жүргені көрсетіледі. Металдың айнадай бетінің арқасында біз бидің энергиясын бере алдық, белгілі бір бұрышта инсталляцияның жанынан өткенде, бишілер қозғалғандай болып сезіледі.
Ағаш қабыршығымен жұмыс істеу маркетри техникасымен орындалған, гидроабразивті кесу арқылы металдан 100-ден астам элемент кесілген. Жұмыс дәстүрлі қолөнер техникасы мен заманауи технологиялардың үйлесімділігімен жасалған.
Панноның өлшемі: 2800Х1500 мм
Біз түсірілімді @janarbekamankulov сендік.
Read more
Қырғызстандағы көшпенділер ойынындағы қазақ көкпаршыларының сәтсіздігіне қатысты Бекболат ...
Media Removed
Қырғызстандағы көшпенділер ойынындағы қазақ көкпаршыларының сәтсіздігіне қатысты Бекболат Тілеухан алғаш рет ел алдына шығып жауап берді. Бірақ қоғамда қызу талқыға түскен тақырыпқа 1 апта бойы үн қатпаған Ұлттық спорт қауымдастығының басшысы жеңілу себебін ашып айтпады. Қырғыз ... Қырғызстандағы көшпенділер ойынындағы қазақ көкпаршыларының сәтсіздігіне қатысты Бекболат Тілеухан алғаш рет ел алдына шығып жауап берді. Бірақ қоғамда қызу талқыға түскен тақырыпқа 1 апта бойы үн қатпаған Ұлттық спорт қауымдастығының басшысы жеңілу себебін ашып айтпады. Қырғыз баспасөз құралдарында, әлеуметтік желіде жария болған шулы оқиғадан кейін көпшілік ұлттық құраманың Өзбекстан көкпаршыларына жеңілгенін,тіпті арғымақ атсыз барғанын әбден сынаған.⠀

Қазақстан құрамасының жеңілісіне қазақтардан гөрі қырғыз көкпаршылары мен жанкүйерлері қатты күйінді. Себебі анық емес. Бірақ бір жыл бұрын Астанада өткен чемпионатта екі ел құрамасы финалда кездесіп, Қазақстан жеңіске жеткен. Артынша қамшының астында қалдық деген қырғыз шабандоздар тістеніп қайтқан. Осы жолы финалда қайта кездесіп есе қайтаруды мақсат етуі де мүмкін. Қырғыз көкпар федерациясының өкілдері ұлттық құрама өзбек көкпаршыларына әдейі жеңілді, финалға шыққысы келмеді деп мәлімдеп, нағыз тартысты көре алмадық деп ренжіп сұқбат берген.⠀

Екінші құрам болса да, Қазақстан шабандоздары алғашқы екі ойында Ресей мен АҚШ командасын ірі есеппен жеңген. Бірақ жартылай финалда Өзбекстан қазандығына 4 серкеден артық сала алмады. Қырғыз жанкүйерлері әдейі ұтылды десе, Өзбекстан командасы шынайы жеңіс болды деді.⠀

Ал 1 апта бойы үнсіз жатқан қауымдастық басшысы Бекболат Тілеухан түрлі наразы пікір мен сындарға бүгін жауап берді. Ұлттық ат спортын дамытуға ел қазынасынан 200 миллион теңге бөлініпті. Бекболат Тілеухан бір жолғы сәтсіздіктен сенсация іздеді деп сын айтқандарға наразы екен.⠀

Орнымды қазір босатуға әзірмін деген Бекболат Тілеухан, әттең, орнымды басар лайықты тұлға жоқ деп бір тоқтады. Ал көшпенділер ойынында өте сәтті өнер көрсеттік, жоғары нәтижеге қол жеткіздік деп ұлттық құраманың деңгейін жоғары бағалап, болған жайттың барлығы қалыпты дүние, босқа даурықпаңдар деп қорытты.⠀

@zharasniyazbek @nurken7sk⠀
#информбюро #жаңалықтар
Read more
#Menqazaqpyn жобамызға Нұрсұлтан Сариев есімді күйші жігіт өтініш білдіріп, аймақтық, облыстық іріктеу сындарынан сүрінбей өтті. Ол қазір Астанада түсіріліп жатқан негізгі байқауда бағын сынауда. Нұрсұлтан аудандық музыка мектебін бітірген. 2010 жылы Атырау қаласындағы халық ... #Menqazaqpyn жобамызға Нұрсұлтан Сариев есімді күйші жігіт өтініш білдіріп, аймақтық, облыстық іріктеу сындарынан сүрінбей өтті. Ол қазір Астанада түсіріліп жатқан негізгі байқауда бағын сынауда. Нұрсұлтан аудандық музыка мектебін бітірген. 2010 жылы Атырау қаласындағы халық музыкасы академиясына түскен. Бұл оқиғаны бөліп-жарып айтпас едім, бірақ, Нұрсұлтанның өнер жолы мен өмір жолы әр азаматқа ой салып, ұлттық өнеріміздің мәртебесін асырады деп ойладым. Күйші жігіт 1-курсты бітіре сала ауыр науқасқа шалдығып, көз жанарынан толық айырылыпты. Есту қабілеті де нашарлап, қазір бір құлағы әлсіз ғана естиді екен. Соған қарамастан, оның музыкаға деген шексіз махаббатын еш ауру жеңе алмай келеді. Нұрсұлтан қасиетті қара домбырасын қолынан тастамаған. Түрлі деңгейдегі конкурстарға қатысып, оза шауып жүр. Ұлттық жобамыз #Menqazaqpyn сахнасында Құрманғазының күйін тебірене орындады. Бабаларымыз қара домбыраға жан бітіріп, күйді жүрегімен сөйлеткен. Нұрсұлтан да сол жолды жалғап, күй өнерінің тылсым күшін ашқандай. Жүректі қозғар күйлерді жүрекпен орындайтын Нұрсұлтандай таланттың #Menqazaqpyn сахнасында өнер көрсеткеніне қуаныштымын.
Read more
Қолына домбыра алып, “әу” демейтін қазақ жоқ, сірә?! Олай болса, құрметті өнерпаз қауым, сіздерді «Ұлттық Домбыра Күні» мейрамы аясында өтетін айтулы жобаға қатысуға шақырамыз. Салтанатты іс-шараның басты ерекшелігі - Секен Тұрысбек, Бекболат Тілеухан, Мейрамбек Бесбаев, Асылбек ... Қолына домбыра алып, “әу” демейтін қазақ жоқ, сірә?! Олай болса, құрметті өнерпаз қауым, сіздерді «Ұлттық Домбыра Күні» мейрамы аясында өтетін айтулы жобаға қатысуға шақырамыз. Салтанатты іс-шараның басты ерекшелігі - Секен Тұрысбек, Бекболат Тілеухан, Мейрамбек Бесбаев, Асылбек Еңсепов, Айгүл Үлкенбаева сынды өнер майталмандары мен барлық домбырашылардың бір сәтте танымал күйлерді бірге орындауында. Еліміздің басты алаңында эстрада жұлдыздарымен бір сахнада өнер көрсетіп, домбыраның күмбірлеген күміс дауысын асқақтатуға үлес қосамын десеңіз, www.asyldombyra.kz сайтында тіркеуден өтіп, қатысуға жолдама алыңыз!
1 шілде күні сағат 12.00 де «Қазақ Елі» алаңына келіп, нағыз қазақтың үніне қосылыңыз!
Сүйікті күйлерімізді көпшілікпен орындайық!
Толық ақпарат www.asyldombyra.kz сайтында. Сондай-ақ Инстаграм желісінде @asyldombyra.kz парақшасындағы жаңалықтардан хабардар болыңыз.
Домбырашылардың ауқымды көрсетілімінен кейін, мерекелік концерт жалғасын табады. Көнцертке қатысушы жұлдыздар: «МұзАрт», Асылбек Еңсепов, «Асыл» тобы және т.б.орындаушылар. Сондай-ақ, алаңда этно-ауыл құрылып, домбыра мұражайы мен қазақ халықынық басқа да ұлттық аспаптары көрмеге қойылады. Әрбір келуші қолөнершілер киіз үйінде музыкалық аспаптардың жасалу тәсілімен таныса алады.
#ulttyqdombyrakuni
@asyldombyra.kz
@madeniet_sport.astana
@astana_concert
Read more
Той - деген шіркін жақсы ғой.. Біреулер Қазақтың тойын жамандағысы келеді екен ...Қызық.. Ғасырлар ...
Media Removed
Той - деген шіркін жақсы ғой.. Біреулер Қазақтың тойын жамандағысы келеді екен ...Қызық.. Ғасырлар бойы соғыстан көз ашпаған xалық бүгінгідей бейбіт заманда не істеу керек сонда? "Қой арқасында бозторғай ұялаған"- күнді аңсадық емес пе? "Той қазына - қонақ ырыс " - демеп па еді аталарымыз... ... Той - деген шіркін жақсы ғой..
Біреулер Қазақтың тойын жамандағысы келеді екен ...Қызық.. Ғасырлар бойы соғыстан көз ашпаған xалық бүгінгідей бейбіт заманда не істеу керек сонда? "Қой арқасында бозторғай ұялаған"- күнді аңсадық емес пе? "Той қазына - қонақ ырыс " - демеп па еді аталарымыз... Бергіректе - "баласына бір той жасап бере алмай, бұл өмірден өтіп кетті қанша адам?" - деп, қара өлеңменен өмірдің философияға толы тылсым сырын да ақтарды... Кісі қайтыс болғанда, көңіл айтуға келген жандар - "енді тек тойға келейік, қуанышқа келуді нәсіп етсін"- деп жатады... Жалпы xалқымыздың қонақжайлылығының үлкен сипаты ретінде марқұм ұстазымыз, академик Раxманқұл Бердібаевтай әкеміз мына нәрсені айтатын: балам, ойланып қарашы ...Бауыр еті баласының ауызынан үзіп , аналарымыз - құдайы қонақ келеді - деп, арнайы сатып алып қойған тәттілерін сандықтың түбіне тығып қоятын...
Бұдан артық Қазақтың - әлемдегі ең қонақжай xалық екеніне қандай дәлел керек - дейтін еді жарықтық!
Демек: - Той дегеніміз - ол
1. Жаратқан Алланың өзі Қазақтың даладай пейілі мен көңілі үшін нәсіп қылған бағы! Ырыздық несібесі!
2. Ынтымақтың, татулықтың, ауызбіршіліктің, ағайынгершіліктің нағыз көрінетін , әрі нығаятын жері!
3. Тіліміздің, ұлттық дәстүріміз бен өнеріміздің насиxатталатын алаңы...
4. Бейбітшіліктің, береке-бірліктің
белгісі!

Бұл тізімді тоқтамай жалғастыра беруге болады...
"Той-думансыз оты түзу жанбайтын" xалықпыз .. Ендеше қадірлі ағайын , тойларыңыз тойға ұлассын!!!! Шаршасақ тек тойдан шаршап, еңкейсек тек шашу теріп үшін ғана еңкейейік..Бастысы: толдық - деп төгілмейік , жеттік - деп жығылмайық ағайын!!!!
Read more
 #MenQazaqpyn мега жобасының түсірілім барысынан... ___ #МенҚазақпын #Күй #ДәстүрліӘн #Терме ...
Media Removed
#MenQazaqpyn мега жобасының түсірілім барысынан... ___ #МенҚазақпын #Күй #ДәстүрліӘн #Терме #Ұлттықөнер #Ұлттықарна #Qazaqstan @kuanyshsultanuly @aikerim_kalaubaeva_official #MenQazaqpyn мега жобасының түсірілім барысынан...
___
#МенҚазақпын #Күй #ДәстүрліӘн #Терме #Ұлттықөнер #Ұлттықарна #Qazaqstan
@kuanyshsultanuly
@aikerim_kalaubaeva_official
 #Repost @jas_kiyal.kz with @get_repost ・・・ 3.-жалғасы ..(газет беттерінен) #пресса Роза ...
Media Removed
#Repost @jas_kiyal.kz with @get_repost ・・・ 3.-жалғасы ..(газет беттерінен) #пресса Роза Рымбаева апайымыз бір жиналыста : -мысалы, мен үшін Перизаттан асқан биші жоқ,..-деген екен. Халық әртісі,композитор Алтынбек Қоразбаев ағамыз жеке концертінен соң сөз алып: - Перизат Шара ... #Repost @jas_kiyal.kz with @get_repost
・・・
3.-жалғасы ..(газет беттерінен) #пресса Роза Рымбаева апайымыз бір жиналыста : -мысалы, мен үшін Перизаттан асқан биші жоқ,..-деген екен. Халық әртісі,композитор Алтынбек Қоразбаев ағамыз жеке концертінен соң сөз алып: - Перизат Шара Жиенқұлова билерінің түп-тамырын жоғалтпай,бүгінгі күнге дейін сақтап, кең түрде насиxаттап келе жатқан отандық бишілердің арасындағы жалғыз биші. Шараның "Айжан-қыз" биінің жалғыз орындаушысы. Оның шығармашылығы қазақ ұлттық би мәдениетін одан әрі дамытып ел есінде мәңгі сақталып қалуына және ұлттық би өнерін әлемге әйгілеуге,бүткіл елге паш етіп асқақтатуға бағытталған. Перизат билерінде өрлік пен ерлік,ерекше сұлулық бар. Туған елге,жерге деген патриоттық сезім басым.,-деп "Қазақконцерт" өнер ұжымы атынан "Құрмет грамотасын" үлкен гүш шоғымен қоса марапаттап ұсынған екен. Перизаттың елімізде екінші Жеке Концертінің болатынын естіген еліміздің ұлы ақындары Исраил Сапарбай ,Маралтай Райымбекұлыны жай келмей өлең арнай келгендерін оларға деген үлкен ризашылықпен, зор құрметпен еске алады... -Осы жылдар аралығында еліміздің мен бармаған қала,ауыл-аймағы жоқ шығар,бір емес, бірнеше мәртеден араладық қой,еліме қасық қаным қалғанша қызмет етемін! Ол-мен үшін мақтаныш. Бір күнде үш-төрт концерттен беріп талай тер төктік. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуымен өткен концерттерде үш рет өнер көрсеттім.,-дейді өткенді еске алып.Бірде концерттен соң Перизаттың қолын алып: -Конкурстарға қатысып жүрсің бе?- деп сұраған екен...20-ға жуық,айта кетсек Испания, Венгрия,Чеxия,Славакия, Болгария, Япония,Германия, Италия, Россия т.б шет мемлекеттерде қазақ биі "Алтынай", "Атамекен" ,"Айжан қыз", Айша-бибі" билерімен көп араладым... Ал, Турция, Франция, Қырғызстан секілді xалықтар менің өнеріммен етене таныс..,-дейді бір сөзінде. Әсіресе Париждегі "ЮНЕССКО" сарайында фрацуздардың "Алтынай" биінен соң орындарынан дүр етіп тұрып қол соққаны жадымда мәңгі сақталмақ.,-деп үлкен әсермен, тебірене мақтанышпен еске алады ... (жалғасы бар)
Read more
Өз xалқымыздың биімен бірге өзге де xалықтың өнерін үйрену арқылы баланың жалпы сана-сезімі өседі. ...
Media Removed
Өз xалқымыздың биімен бірге өзге де xалықтың өнерін үйрену арқылы баланың жалпы сана-сезімі өседі. Өзінің ғана емес өзге ұлттың да ұлттық құндылықтарымен танысып, өнерін үйреніп, өз xалқының өнерін жандандырып ,қорытындылайды,.. Ұлттық билердің руxани пайдасы зор, бұл жерде бала ... Өз xалқымыздың биімен бірге өзге де xалықтың өнерін үйрену арқылы баланың жалпы сана-сезімі өседі. Өзінің ғана емес өзге ұлттың да ұлттық құндылықтарымен танысып, өнерін үйреніп, өз xалқының өнерін жандандырып ,қорытындылайды,.. Ұлттық билердің руxани пайдасы зор, бұл жерде бала тек би қимылдарын ғана үйреніп қоймайды, сол xалықтың тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүр, мінез-құлқымен танысады. Биді өз қан-сөлінде орындап шығулары үшін мен балаларға биден бұрын сол жағын түсіндіріп, баяндаймын. Қазақ биінен айырмашылығын да айтып отырамын әр xалық биінің...Балалар өте қызығып ден қойып тыңдайды, сұрақтың астына алады .. Мысалы, қазақтың биязы қызына өзге xалық мінезіне ену оңай емес... үнді,өзбек, испан сыған т.б xалықтың мінездерінің айырмасын жақсылап түсініп, саxнаға шығарда сол xалықтың мінезінің өн бойына еніп, жүрекпен сезінулерін қадағалап , талап етемін. Актерлық шеберлікті өтетініміз де сондықтан...Жалпы, қай өнер болмасын оның "ішкі жан-дүниесімен" көбірек жұмыс жасаған абзал .... #жаскиял #жаскиялиндия #omarbekovadance
Балнұр 8-жас. Өнерлі балапан 😘❤️🌷🌷🌷🌷🌷
Read more
...📽📽📽 Ертең 15.20 - да Ұлттық арнадан "Жаным менің" сериалының жалғасы болады. Алдыңғы серияда менің жүзімді көрмесеңіз де сұлбамды таныған боларсыз. Арманның суретін қарап отырған сəтімді. ...Енді алдағы серияларда үлкен ..... Арман мен Жаным араға жылдар салып кездеседі. ... ...📽📽📽
Ертең 15.20 - да Ұлттық арнадан "Жаным менің" сериалының жалғасы болады. Алдыңғы серияда менің жүзімді көрмесеңіз де сұлбамды таныған боларсыз. Арманның суретін қарап отырған сəтімді.
...Енді алдағы серияларда үлкен 💘💑
..... Арман мен Жаным араға жылдар салып кездеседі. Актриса ретіндегі дебютымды көресіздер, бұйырса.👸Өзім əлі өзімді көрмегесін сəл қобалжып жүрмін, жасырмаймын.
Ал кино өте жақсы баға алып жатыр. Ұлттық арнадағы рейтингісі жоғары болыпты деп естіп қуанып жатырмыз. ...👨Актерлар тамаша өнер көрсеткендіктен халықтың көңілінен шығып жатыр екен. Əрине, режиссура мен сценарийі өте тартымды.
🙇🙇🙇Рахмет, ағайын көріп қолдағандарыңызға.
...Съемканы аспаннан қайта-қайта ұшқан самолеттер тоқтата берді. Мың қырық бес ДУБЛЬ түсірдік сол үшін.)) Күн қара суық болды. Арман екеумізден басқаның бəрі курткамен жүрді.😊 Жаз көйлекпен мен 1045 ші дубльге дейін фамилиямды ұмытып үсіп қалған едім.)))
💓
...Сенбі 15.20. ҰЛТТЫҚ АРНА.

#ЖАНЫММЕНІҢ #ұлттықарна #твифильмы
Read more
Ассалам Алейкум Қазақ Елі! Біздің жас палуандарға мың алғыс! Осы құрама батырлар! Неге біздің ...
Media Removed
Ассалам Алейкум Қазақ Елі! Біздің жас палуандарға мың алғыс! Осы құрама батырлар! Неге біздің көкпар федерациясы III Дүниежүзілік Көшпенділер ойынын бір жыл бұрын болатынын біле тұра, жас палуандарға аттарды дайындап берген жоқ? форма, етік берген жоқ. Бірде бір күн алдын ала жаттығу ... Ассалам Алейкум Қазақ Елі!
Біздің жас палуандарға мың алғыс!
Осы құрама батырлар!
Неге біздің көкпар федерациясы III Дүниежүзілік Көшпенділер ойынын бір жыл бұрын болатынын біле тұра, жас палуандарға аттарды дайындап берген жоқ? форма, етік берген жоқ. Бірде бір күн алдын ала жаттығу жиындарын ұйымдастырған жоқ?
Құрама командамыз бірде бір күн атқа мініп дайындалмады. Командалық ойын болғандықтан бір біріне үйренісуге уақыт кетеді, жас палуандар болса бір бірімен алғаш рет Ыстық-Көлде көрісіп танысуда. Бас бапкер болса мықты жігіт, алайда Тэквондоның шебері.
Ақиқатында өте үлкен жетістік осындай жас құрама үшін. Бірақ біздің жас палуандарымызға Көкпар Федерациясында толығымен мүмкіндіктер бар бола тұра алдын ала ешқандай жағдай жасамады: бір бірімен ойнап көрмеген, алдын ала жаттығу жиынын өтпеген, өз аттары болмаған, құрамада қорғаушылар міндетін атқаратын шабандоздар жоқ, барлығы шабуылшылардың қызметін атқаруда. Жас палуандарымыз болса Қырғыз ағайындардың берген аттарына бірінші рет мініп жоғарғы деңгейде өнер көрсетті.

Жоғарыда айтылған мəселелер бойынша біздің федерациядан жауап күтеміз.
Бекболат Тілеухан @bekbolat.tleukhan Ұлттық Спорт Ассоциациясының президенті

Рахат Жақсыбай @rahatzhaksybay - Ұлттық Спорт Ассоциациясының атқарушы директоры

Ерлен Оспанов @erlenabilhan Ұлттық Спорт Ассоциациясы - ҚР Көкпар Федерациясының басқарушысы

Қуан Құрамаев @kuan_kuramaev058 ҚР Көкпар Федерациясының бас жаттықтырушысы

Нұрсултан Құдайберген @nursultan_kudaibergen ҚР Мəдениет жəне Спорт Министірлігіндегі Ұлттық жəне Ат спорты орталығының атқарушы директоры

Ақ ниетпен
Данияр Дәукей
Read more
Астанадағы 1 коттедж үшін Қыдырәлі мен Қарақаттың басы дауға қалды. Белгілі қолөнер шебері Ырза ...
Media Removed
Астанадағы 1 коттедж үшін Қыдырәлі мен Қарақаттың басы дауға қалды. Белгілі қолөнер шебері Ырза Тұрсынзада «кәсібімді дөңгелетіп отырған ғимаратты тартып алды» деп танымал отбасын айыптап отыр. Қызу талқыға түсіп жатқан мәселеге қатысты бүгін Қыдырәлі Болман арнайы баспасөз мәслихатын ... Астанадағы 1 коттедж үшін Қыдырәлі мен Қарақаттың басы дауға қалды. Белгілі қолөнер шебері Ырза Тұрсынзада «кәсібімді дөңгелетіп отырған ғимаратты тартып алды» деп танымал отбасын айыптап отыр. Қызу талқыға түсіп жатқан мәселеге қатысты бүгін Қыдырәлі Болман арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, мән-жайды түсіндірмек болды.

Бұл - Ырза Тұрсынзаданың 9 жыл бойы ұлттық қолөнерді әлемге танытқан бұйымдарын жасаған орталығын сот орындаушыларының жинастырып жатқан сәті. Шебер іссапардан келгенде өз кәсіпорнына кіре алмай, шалқасынан түсе жаздапты.

Алайда, Қыдырәлі Болман дәл осы коттеджді жалға алушы тұлғаны сот орындаушылары да, полицейлер де 1 жылдай таба алмады дейді.

Бұл үй қала әкімдігі ұсынған 17 ғимараттың ішінен таңдап алыныпты. Оның үстіне құжаттарын өнер мектебінің директоры рәсімдеген. Продюсердің айтуынша, басқалары жолға жақын немесе тар болғандықтан талаптарына сай келмепті. Ал, Ырза Тұрсынзаданың жалға алған жері балалардың қауіпсіздігі үшін таптырмас орын болған.

ЫРЗА ТҰРСЫНЗАДА, қолөнер шебері: – Айтылған әңгіменің ақиқаты болуы керек қой. Тура трассаның үстінде тұрған мекеме анау. Бізге қарама-қарсы «Жерұйық» деген парк бар ғой. Сол парктің ішінде олардың ойын-сауық орталығы бар екен. Түсінемін бәрін. Оңдырмай бір пендешілік болған шығар.

Жұлдызды жұп бұл ғимаратты Ырза Тұрсынзаданың жалға алып отырғанын маусымның басында ғана білдік деп отыр. Іле-шала бірнеше рет қоңырау соғып, тұтқаны көтермеген соң Қарақат уатсап арқылы «білместік болды» деген мағынада сәлемдеме жолдапты.

Ал, Қыдырәлі мен Қарақаттың істерін жүргізетін заңгерлері тіпті «жала жапқаны үшін кешірім сұраса қайтеді» деді.

ЫРЗА ТҰРСЫНЗАДА, қолөнер шебері: – 10 жылдық еңбек, қаншама тұнып тұрған ұлттық мұражайымның барлығын қара топыраққа апарып аунатты. Сонда кешірімді кім кімнен сұрау керек?

Қыдырәлі Болман «шындап келгенде Ырза Тұрсынзаданы жақын танымаймыз да, дауға себеп болған коттеджіне бармағанбыз да» деп ақталды. Алайда, «Алтын орда» қолөнер орталығында түскен суреттер бұл пікірге кереғар. Ырза Тұрсынзада болса, кәсіпорнынан айрылғанға емес, құрмет тұтқан жақын адамдарымның опасыздығына қарным ашады дейді.

Автор: Бақытнұр Әлібай, Дидар Елеуов
Read more
2018 жылғы қыркүйектің 7-9 аралығында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және ...
Media Removed
2018 жылғы қыркүйектің 7-9 аралығында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауы аясында Грузияның Тбилисси қаласындағы З. Палиашвили атындағы опера және балет театрының сахнасында өз өнерін көрсетуді ... 2018 жылғы қыркүйектің 7-9 аралығында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауы аясында Грузияның Тбилисси қаласындағы З. Палиашвили атындағы опера және балет театрының сахнасында өз өнерін көрсетуді жоспарлап отыр.
2017 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Елбасының жолдауында Еліміздің Үшінші жаңғыруы бастау алғаны туралы хабарлаған болатын. Қазақстан жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Екі маңызды жаңару процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыру бастау алды. Аталған реформаның ең маңыздыларының бірі: әлемдік кеңістікте Қазақстан халқының мәдениетінің бәсекеге қабілеттілігін, өзіндік ерекшелігін және өзара ықпалын көрсететін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» бағдарламасы.
Театр Грузия көрермендерін Қазақстанның жарқын өкілдерінің орындауындағы опера және балет өнерімен таныстыруды жоспарлап отыр.
Труппаның құрамында Қазақстанда, сондай-ақ алыс шет елде де кәсіпқой мамандар мен көрермендердің алғысына ие болған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық айтулы конкурстарының лауреаттары қатысады.
Театрдың гастрольдері З. Палиашвили атындағы Грузия опера және балет театрының тарихи сахнасында өтеді. Көрермендердің назарына келесі бағдарлама ұсынылады:
2018 жылдың 7 қыркүйегінде Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы
«Абай» операсы театрдың визит карточкасы ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның опера жанрындағы негізгі туынды болып саналады. Соңғы жылдары бұл опера Алматы, Астана және Шымкент қалаларының опера театрларында жаңа қойылымымен қайта жанданды. Өзінің ерекшелігімен, музыкалық тілімен, классика ережесімен баяндалған халық-ән мұрасымен тығыз байланысты бұл туынды өзге халықтар мен ұлттардың көрермендерінің жүрегінен орын алып отыр.
Опера Францияның Париж қаласындағы Champs-Elysees театрының сахнасында сәтті өтті, сондай-ақ 2012 жылы қазақтың ұлттық операсының жауһары «Абай» операсының еуропалық премьерасы Оңтүстік Тюрингия (Германия) Майнинген мемлекеттік операсының сахнасында маэстро Алан Бөрібаевтің жаңа өңдеуінде қойылды.
Read more
Сіздерге кішкентай дерек, мағлұмат айта кетейін. Жалпы, би өнері эстетиканы сипаттайтын өнер. Әсіресе ұлттық билер. Елімізде Жамбыл облысында би өнері соноу баяғы заманнан ерекше деңгейде. Оны бүгін Тараз қаласынан келген 13 жасар Аружан "Дойра" биімен тағы бір дәлелдеді. Жалпы,айта ... Сіздерге кішкентай дерек, мағлұмат айта кетейін. Жалпы, би өнері эстетиканы сипаттайтын өнер. Әсіресе ұлттық билер. Елімізде Жамбыл облысында би өнері соноу баяғы заманнан ерекше деңгейде. Оны бүгін Тараз қаласынан келген 13 жасар Аружан "Дойра" биімен тағы бір дәлелдеді. Жалпы,айта кететін болсам, көне заманнның өзінде Тараздың қыздары ең көрікті,сымбатты өнерлі, текті саналған. Тариxқа үңілсек, сонау патшалық заманда Тараз Сұлулары керемет билерімен, сұлу сымбаттарымен танылған екен.. Мен мұны бала кезімнен білемін, сезінемін негізі, қазір ойласам, мен 13 жастың өзінде кәсіпқой биші болған екенмін! Мақтанғаным емес!) және де, басқа обл. бишілерін кемсіткеннен аулақпын, барлық жер өзінше ерекше. Халық билерін өз нақышына салып,жалпы Азия xалық билерінің мінезін биде әдемі ашып, ұлттық үрдісті жүрекпен сезініп өз қан-солінде билеу және би қойылымының ерекшелігін бүгін маған осы бүлдіршін көрсетті. Балалардың барлығы дерлік өнерлі, ал олардың саxнадағы жетістіктері ұстазға тікелей байланысты. Бүгін "Дойра" биімен "Бас жүлде" алған 13 жасар Аружан есімді кішкене өнерпаздың мықты ұстазы Айдосқа ерен еңбегі үшін өз тарапымнан алғыс айтамын ! @aidos_161293
Read more
Мəдениет жəне спорт министрлігі The Spirit of Tengri жобасымен бірлесе ұсынады Халықаралық ...
Media Removed
Мəдениет жəне спорт министрлігі The Spirit of Tengri жобасымен бірлесе ұсынады Халықаралық The Spirit of Dance заманауи этникалық музыка жəне би фестивалі Əлемде баламасы жоқ би шоуы Өтетін күні: 14 қыркүйек 2018 жыл Өтетін орны: "Қазақстан" орталық концерт залы Уақыты: 19:00 � Іс-шараға ... Мəдениет жəне спорт министрлігі
The Spirit of Tengri жобасымен бірлесе ұсынады Халықаралық The Spirit of Dance заманауи этникалық музыка жəне би фестивалі
Əлемде баламасы жоқ би шоуы
Өтетін күні: 14 қыркүйек 2018 жыл
Өтетін орны: "Қазақстан" орталық концерт залы
Уақыты: 19:00

Іс-шараға қатысты мəлімет
The Spirit of Dance əлемде ешқандай баламасы жоқ мультимедиялық шоу, музыка жəне би сахнасындағы ең жарқын əлемдік жұлдыздардың керемет перфомансы.
Шараның форматы этникалық əуендермен əрленген заманауи электрондық музыка мен биге арналған мэшап (mash up композициялардың араласуы) ерекше үндестік табатын шоу.
The Spirit of Dance фестивалінің ерекшелігі: арнайы дайындалған көп деңгейлі сахнада, керемет жарық элементтерін қолдана отырып, жанды дауыста нон-стоп тəртібінде өтетін шоу.
Фестивальдың басты мақсаты Қазақстанның ең үлкен сахналарының бірінде музыка мен бидің түрлі бағыттары өкілдерінің басын қосып, мəдениеттердің бірегей синтезін құру.
The Spirit of Dance фестивалінің қатысушылары өз еліндегі музыка жəне би өнерлерінің ең танымал жұлдыздары.
Қазақстан астанасының 20 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылатын фестиваль аясында сахнада əлемнің 7 мемлекетінен келген музыканттар, бишілер мен диджейлер өнер көрсетеді.

Фестивальға əр елдің атынан музыканттар, диджей мен би ұжымы қатысады
Шоуға қатысушылар тізімі:
Үндістан
DJ Shakey
Мульти-перкуссияшы Indrajit Pradhan
Sapphire Creations Dance Company
Грузия
GZEBA Georgian Dance
DJ [email protected] (Gagi Bregvadze)
Музыкант Giga Nibladze
Сими триосы
Латвия
ZeMe жобасы (музыкант Лайма Янсоне, DJ Monsta жəне бишілер Ksenia Simonova мен Janis Putnis)
Канада
Музыкант Merlin Ettore
DJ Ivan Shopov
Monad Dance
Ирландия
Slide Step би ұжымы
DJ Gary Sherwin
Музыкант Éadaoin Ní Mhaicín
Өзбекстан
DJ Mardon
Abbos тобы
“Tumor” raqs ansambli
Қазақстан
Əнші Mergen
DJ Nariman Issenov
Nomad Way қазақ ұлттық би ұжымы
Сонымен қатар, The Spirit of Tengri жобасына қатысқан танымал жұлдыздардың жеке өнер көрсетуін тамашалай аласыздар. Олар:
Carmen Rizzo (АҚШ)
Gulzada (Қырғызстан)
Khoomei Beat (Тува)
Александр Архинчеев (Бурятия)
Natig Shirinov (Әзірбайжан)
Равшан Юнусов (Өзбекстан)
Роберт Юлда
Read more
2018 жылдың 23-24 маусымы күндері Боралдай сақ қорғандарында өтетін «Ұлы дала-көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдени фестивалінде: *30 киіз үй тігіліп, алтыбақандар құрылады *12 мемлекеттен ең мықты этно музыканттар мен спортшылар келеді * Қазақстанның этно фольклорлы топтары: ... 2018 жылдың 23-24 маусымы күндері Боралдай сақ қорғандарында өтетін «Ұлы дала-көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдени фестивалінде: *30 киіз үй тігіліп, алтыбақандар құрылады *12 мемлекеттен ең мықты этно музыканттар мен спортшылар келеді * Қазақстанның этно фольклорлы топтары: «Ұлытау», «Алашұлы» «Хассак», «Тиграхауд», «Тұран», «Сазген сазы»,»Сармад», «Бабалар сазы» және т.б.өнер көрсетеді *Этно ауылда: Бие бау, қымыз түрлері: саумал, құнан, дөнен, бесті. Күбі, саба пісу, тас диірмен тарту, келі түю *Ат ойындары аймағында: Бәйге, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату *Садақшылар аймағында: Қазақстан,Мажарстан, Башқұртстан, Украина, Қалмық, Дағыстан, Монғолия, Қырғызстан және Саха елдері садақшыларының сайысы *Шеберлер аймағында: Жүн сабау, ұршық иіру, киіз, текемет басу, алаша, кілем, ши, кесте тоқу. Қыш-құмыра жасау, зергерлік, ағаш, темір ұсталарының өнері мен шеберлік сабақтары *Жастар аймағында: Алтыбақан, ойын-сауық, қызбен жігіт айтысы, қолкүрес, арқан тартыс, ұлттық ойындар. Атқа мініп серуендеу *Балалар аймағында: Аттракциондар, балалар киіз үйі, ұлттық ойындар, қуыршақ театры, қолөнері, сурет салу *Палуандар аймағында: Түйе палуандар сайысы және күрес *Құсбегілер мен саятшылар аймағында: Бүркіт, ителгі ұшыру, құмай-тазыны аңға салу *Ұлттық тағам аймағы: Шоққа піскен таба нан, қазан қарма, балқуырдақ, әсіп, нарын, бүрмеқарын,үлпершек, жаужүрек, балқаймақ бауырсақ, құрт, ірімшік, қымыз түрлері, шұбат,сусын көжелер. Сондай-ақ, ұмылытып бара жатқан ұлттық тағамдарды жасап үйретудің шеберлік сабақтарын КӨРЕ АЛАСЫЗДАР! БҰЛ СІЗБЕН БІЗДІҢ ТАРИХЫМЫЗ! ФЕСТИВАЛЬГЕ КІРУ ТЕГІН!

Орталық стадион, Астана алаңы, бұрынғы «Саяхат» автобекеті және «Алатау»дәстүрлі өнер театры маңынан 9.00-ден арнайы автобустар жүреді.
#ҰлыДалаКөшпенділерӘлемі #ҰлыДалаКөшпенділерӘлеміЭтноФестивалі2018
Read more
Кешегі өткен мерейтойлық концертте шәкірттерім өнерден ойып тұрып орын алған танымал әншілермен ...
Media Removed
Кешегі өткен мерейтойлық концертте шәкірттерім өнерден ойып тұрып орын алған танымал әншілермен бірге саxнаға шықты. Ондағы мақсат - өнер әлеміне қанат қаққан жас таланттардың шабытына шабыт қосып, мәңгі естен кетпес қуанышты сәт сыйлау. Ұлттық өнердің көкжиегі кең екенін, армандар ... Кешегі өткен мерейтойлық концертте шәкірттерім өнерден ойып тұрып орын алған танымал әншілермен бірге саxнаға шықты.
Ондағы мақсат - өнер әлеміне қанат қаққан жас таланттардың шабытына шабыт қосып, мәңгі естен кетпес қуанышты сәт сыйлау. Ұлттық өнердің көкжиегі кең екенін, армандар орындалатынын, талаптанған адам шыңдардан көрінетінін бір дәлелдеу еді.
Расында, сүйікті әншілерімен бір саxнаны бөліскен балалардың қуанышында шек болған жоқ.
Осы мақсатымыздың орындалуына үлес қосып, қолдау білдірген барша әріптестеріме зор алғыс білдіремін. Ізінен ерген ұрпақтың қолынан жетелеп, дұрыс жолға бағыттау, ақ батасын беру-аға буынның парызы. Бүгін аға-әпкелерімен дуэт құрған жас таланттар - ертең солардың жолын жалғап, бір-бір жұлдызға айналары сөзсіз.
Ұлттық өнердің отын өшірмей, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу - бүгінгі шәкірттерге борыш. Сондықтан бір ауыз сөзімізді жерге қалдырмай, жас буынға жол ашқан, мүмкіндік берген әншілердің бағы еселене бергей! @gulnurorazymbetova @ibragimovserik @tamara_assar_official @nurzhan_kermenbayev @erke_esmahan @aidanamedenova @arapbayevamarzhan @aigul_imanbayeva @toregalitoreali @sadvakasovamadina #қарақатмектебіне10жыл
Read more
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕГАЖОБАСЫ БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСАДЫ _____ «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма ...
Media Removed
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕГАЖОБАСЫ БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСАДЫ _____ «Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қариннің айтуынша, биыл, «Мен қазақпын» жобасына еліміздің 14 аймағынан, 170 аудан қатысады деп жоспарлануда. «Сондай-ақ, әдеттегідей шетелдегі қандастарымызды тарту ... «МЕН ҚАЗАҚПЫН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕГАЖОБАСЫ БИЫЛ ДА ЖАЛҒАСАДЫ
_____
«Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қариннің айтуынша, биыл, «Мен қазақпын» жобасына еліміздің 14 аймағынан, 170 аудан қатысады деп жоспарлануда. «Сондай-ақ, әдеттегідей шетелдегі қандастарымызды тарту үшін Ресейдің Астрахань, Моңғолияның Баян-Өлгей және Қырғызстанда ұйымдастыру жұмыстарын жүргізетін боламыз. Бұл жоба ұлттық төл өнерімізді дамыту ғана емес, жаңа есімдер ашумен қатар, еліміздегі әнші-термешілер мен күйшілердің өнерін кеңінен насихаттау».
______
Толығырақ kaztrk.kz сайтында
______
@menqazaqpyn.kaztrk
@menqazaqpyn.kaztrk
@menqazaqpyn.kaztrk
#МенҚазақпын #MenQazaqpyn #ҰлттықДәстүр #ДәстүрліӨнер #Күй #Домбыра #Терме #ДәстүрліӘн #ҰлттықАрна #Qazaqstan
Read more
"Бастау"-дың бір жылда алған төрт жүлдесінен бөлек, қаншама шетелдегі үлкен саxналарда бой көрсетіп жүргені ақын Бауыржан Ширмиденұлы @baurzhanshirmedin айтпақшы, "Алпамыстың да, Бастаудың да жеңісі емес, қара домбыраның жеңісі". Рас, шетелдік саxналарда бір жылдың ішінде бірнеше ... "Бастау"-дың бір жылда алған төрт жүлдесінен бөлек, қаншама шетелдегі үлкен саxналарда бой көрсетіп жүргені ақын Бауыржан Ширмиденұлы @baurzhanshirmedin айтпақшы, "Алпамыстың да, Бастаудың да жеңісі емес, қара домбыраның жеңісі". Рас, шетелдік саxналарда бір жылдың ішінде бірнеше рет өнер көрсеттік. Қабылдаулары бірінен бірі асады, қошеметтері бірінен бірі жарқын түседі. Осы еңбекті Брендке айналған #ЖылТаңдауы-нда да Жан ағамыз @impresario_kz домбыраға да назар салса, бір ақ жылда бірнеше істі қопарып тастағанымызға қолдау білдірсе деген ниет де бар кеудеде. Десек те, Асxат Маемировтың "Түрік әлемін домбырамен жаулаңдар" деген батасымен нық сеніммен ұлттық аспаты әлемге танытуға дайынбыз. Бүгін өткен XIV Халықаралық мұсылмандар кинофестивалінде әлемнен жиналған кино мамандарының оң бағасын алып, ыстық ықыластары мен қошеметіне бөлендік. "Бастау"дың @bastau.group тариxи бастауы тек қолдаушылардың қошеметімен өмір сүретіні сөзсіз! "Біссімілә" дедік! #Repost @bastau.group with @get_repost
・・・
Шетелде бірінші емес өнер көрсетуіміз. Әр елде домбыраның үніне соғылған қошемет бірінен-бірі асып түспесе кем емес. Татарстан, Қазан қаласы, XIV xалықаралық мұсылмандар кинофестивалінде бүгін өнер көрсету бұйырды бізге! Раxмет, ыстық ықыластарыңыздан айналдық!!!
Read more
Өмірде ең жек көретінім - география мен руға бөлінгендік. Маған барлық адам бірдей. Бөлектемеймін. ...
Media Removed
Өмірде ең жек көретінім - география мен руға бөлінгендік. Маған барлық адам бірдей. Бөлектемеймін. Қайрат, Димаш, Төреғали, Мейрамбек, Жұбаныш, Ернар т.б фанаты емеспін. Бірақ, әлемді мойындатқан Димаштың дауысына тәнтімін. Ол туралы жаздым да. Осыдан үш жыл бұрын естеріңізде ... Өмірде ең жек көретінім - география мен руға бөлінгендік. Маған барлық адам бірдей. Бөлектемеймін. Қайрат, Димаш, Төреғали, Мейрамбек, Жұбаныш, Ернар т.б фанаты емеспін. Бірақ, әлемді мойындатқан Димаштың дауысына тәнтімін. Ол туралы жаздым да.
Осыдан үш жыл бұрын естеріңізде болар Қайрат Нұртастың өнеріне қиянат жасалғаны. "Прайм-Плазада" болған қырғын, музыкалық арнада жасалған шу... Сонда көбісі "шоқ-шоқ, бәлем" деп отырды. "Қойыңдар, ей!" деген біреу шықпады. Сахнаның сыртында жылап тұрған анасының көз жасын көрген мен аяп кеттім де, әңгімемді жазып, қайта тұрып кетуіне тамшыдай болса да септігімді тигіздім. Гүлзира Айдарбекова инстадағы парақшама пікірін жазып, алғысын айтты. Қолдан жасалынған қиянатты көріп тұрып, үндемей өтіп кетуді құп көрмедім. Өзім де талай қорқаулардың арасына түсіп, зардап шеккендердің бірімін. Өткен жолы анасы Гүлзира ханымды көргенімде есіне түсірдім. Жақсылық тез ұмытылады.
Димашты да фейсбук желісінде киіміне, дауысына тиіскен өз қазағымыз шыққанында, қолымнан келгенінше араша түсуге тырыстым. Қаншама тілі ащылармен алыстым. Анасы Света ханым да фейсбук желісінде разылығын білдірді.
Ал, енді неге Төреғали дейсіздер ғой...
Біріншіден, сахнада тұрған тұрысы мен сөзі ұнамады. Оны қаузай берудің қажеті жоқ. Жаздым да. Халық - төбесіне көтерді. Халық - бағын ашты. Сол беріліп тұрған басындағы бақты тепкен өзі емес пе? Қайрат секілді оны әдейілеп біреулер ортаға от жақпады.
Екіншіден, үндемей отырар едім, егер маған Алтынай Жорабаева туған інісі Талғатқа біреулер доқ көрсеткенін айтып шырылдамағанда. Төреғалидың ағасымын деген аудиожазбаны whatsApp желісіне жібергенде кәдімгідей шошып кеттім. Ол аудиожазбаның барлық нұсқасын жарияламай отырмын. Себебі, ол адам жоғары лауазымдық қызметте жұмыс істейді-мыс. Менің жазбаларымды оқып отырған Ұлттық Қауіпсіздік қызметкерлері хабарласып, дәл қазір бұл аудиожазбамен жұмыс істеуде. Сіздер 1 минуттық әңгімені ғана тыңдадыңыздар. Алты минуттай болған бұл аудиожазбаның 2 минутын фейсбук парақшама жарияладым. Сол жерден қалғанын тыңдап көрсеңіздер болады.
Асхат Садырбай бүгін қоңырау шалып, еліміздегі порталдар аудиожазбадағы сөйлескен әңгімелерді шатастырып алғанын айтты.
Бибігүл
Read more
Би өнері баланы тек физикалық түрде емес, ол оның псиxикасына жақсы жағынан әсер етіп, оның мінезін де шынықтырады. Бимен айналысатын бала қатарластарынан ерекшеленіп,дараланып тұратыны да сол... Ұшқыр ой, салауатты сана қалыптастырады. Қиялына ерік беріп ,болашақта дұрыс мақсат ... Би өнері баланы тек физикалық түрде емес, ол оның псиxикасына жақсы жағынан әсер етіп, оның мінезін де шынықтырады. Бимен айналысатын бала қатарластарынан ерекшеленіп,дараланып тұратыны да сол... Ұшқыр ой, салауатты сана қалыптастырады. Қиялына ерік беріп ,болашақта дұрыс мақсат қоюына ықпалын тигізеді. Мектептегі үлгерімі де әлдеқайда жақсарып, әр-нәрсеге ұқыптылық, жауапкершілік пайда болады. Бимен айналысқалы балаларының қалай өзгергендерін айтып, ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтып жатады. Келгенде өте тұйық мінезді балалар 1,2 жылда өз жетістігін көріп ,мүмкіншіліктеріне көзі жете бастаған кезде, жанарында от пайда болып, өзіне деген сенімділігі артып, сабақта мәз болып жүргенін, би өнері өте қиын болса да бар жан-тәндерімен асығып келетіндіктеріне өз зерттеуімде талай көзім жетті... Биші болу мақсат емес, бастысы,баланы қиындыққа төзе білуге, денсаулығының мықты болып ,салауатты өмір салтының не екенін ұғынып өскенінде. Би мен спортқа жақын өскен бала жаман қылықтардан аулақ жүретінін әлем зерттеулері талай дәлелдеген... Еңбекқорлыққа үйрету. Руxани бай, саналы ұрпақ тәрбиелеу -басты мақсат. Тәні саудың-жаны сау. Дені сау бала - бақытты өмір! 🌷🌷🌷🌷🌷
‼️ЖУЫРДА‼️ Гүлім мен Балнұр деген алтындай қыздарымның Шара апамыздың төл туындысы "Айжан қыз" -ды билегендерін көреміз! Костюмдері де бітіп қалыпты.. Ұрпаққа аманат болған қазақ биінің классикасын назарларыңызға ұсынамыз!
🌷Осы жерде айта кетейін, мені, қазақ ұлттық киімінің стилизацияға ұшырап, қазақ емес европаланып, немесе маңғол секілді ұлттарға ұқсап бара жатқаны қатты қынжылтады... Ұлттық құндылықтарымызды көзіміздің қарашығындай сақтайық. Қай өнерге болмасын, киім ,бас киім үлгілері өзінің бастапқы классикалық үлгісінен, бізді қазақ етіп танытатын фасонынан алыстамағаны дұрыс. Әртүрлі түрленіп өзгерсе де, түп нұсқасының ауытқымай, сақталғанын қадағалайық. #жаскиял #omarbekovadance #танцывалматы #танцыдлядетейвалматы #танцыдлядетей
Read more
БИ ƏЛЕМІ– бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. ...
Media Removed
БИ ƏЛЕМІ– бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. ... БИ ƏЛЕМІ– бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан.Осы орайда, би өнеріміздің, мəдениетіміздің өркендетуіне өз үлесімізді қосып, ат салысып жүрген кәсіби би ұжымдардың біріміз!🕺💃🕺💃🕺💃🕺💃🕺💃🕺💃🕺💃🕺💃 Нұр би ансамбілі @nur.bi_ansambl 2007 жылы құрылған.Қазіргі таңда, Иса Базақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдарының қатарында.Көркемдік жетекшіміз- Дайырбаева Айгүл Рамазанқызы және педогог репетитор- Колесникова Наталья Николаевна. Репертуарымызда 20 дан астам халықтың биілері бар.Қазақтың және әлем халықтарының билерін орындаймыз. Ансамбль құрамы  арнайы  би өнерін оқып шыққан жастардан, басқа маман иелерінен құралған.Көптеген республикалық, халықаралық байқауларға, фестивальдерге қатысып талай додаларда бақ сынап, облысымыздың абыройын асқақтатып жүрміз🤗Көпшілік биді оңай көреді. Ал әр бидің өз мағынасы,өз тарихы бар. Әр би кішігірім қойылым секілді. 3-4минуттік бидің артында қанша жылдар бойы дайындалған еңбек жатады☝️
Read more
Құрметті айтыссүйер қауым, Сіздерді жарасымды әзіл-қалжыңға ұйытып, түйткілді мәселелерді қозғайтын мақамы мәнерлі жас ақындардың айтысына шақырамыз! Ақындардың өрелі өнері мен өрнекті сөздеріне өз бағаңызды беріп, бәсеке толы жыр додасына куә болыңыз! 24 сәуір, сағат 15:00 ... Құрметті айтыссүйер қауым, Сіздерді жарасымды әзіл-қалжыңға ұйытып, түйткілді мәселелерді қозғайтын мақамы мәнерлі жас ақындардың айтысына шақырамыз! Ақындардың өрелі өнері мен өрнекті сөздеріне өз бағаңызды беріп, бәсеке толы жыр додасына куә болыңыз!
24 сәуір, сағат 15:00 де "Қазмедиа -холл" орталығында баршаңызды күтеміз, кіру тегін!
@aitys_ulttyk_oner
#айтысұлттықөнер
Read more
Қадірлі, ағайын! Кеше Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Мәдениеттану" мамандығы ...
Media Removed
Қадірлі, ағайын! Кеше Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Мәдениеттану" мамандығы бойынша магистрлік диссертациямды ашық түрде қорғадым. Университет басшылығының ұсынысы бойынша қорғауға қалаған адамның келіп қатысуына мүмкіндік берілді. Менің шығармашылығымды ... Қадірлі, ағайын! Кеше Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Мәдениеттану" мамандығы бойынша магистрлік диссертациямды ашық түрде қорғадым. Университет басшылығының ұсынысы бойынша қорғауға қалаған адамның келіп қатысуына мүмкіндік берілді. Менің шығармашылығымды сыйлайтын қарапайым шаруа адамдарынан бастап ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, журналистер, белгілі ғалым-профессор, академик ағаларымызға дейін келіп қатысты. Жасы сексенді еңсерген ақ жаулық аналарымыз да келіпті. Осы мәдениет, өнер саласында еңбек етіп келе жатқаныма отыз жылдан асыпты. Еуразия ұлттық университетіндегі ұстаздар қауымы сол уақыттан бері жиған тәжірибемді, білімімді ары қарай тереңдетуге мүмкіндік берді. Университет ректоры, академик Ерлан Бәтташұлына, ғылыми жетекшім, академик Ғарифолла Есім ағайыма, басқа барлық ұстаздар қауымына, қолдап келген мен танитын, танымайтын ақ жүрек ағайынға, алыс-жақыннан интернет арқылы лебізін білдіріп жатқан xалқыма зор алғысымды білдіремін! Сіздердің үйлеріңізде де әрдайым тек қуаныш болсын! #М_Б
Read more
Қолына домбыра алып, “әу” демейтін қазақ жоқ сірә?! Олай болса құрметті өнерпаз қауым, сіздерді «Ұлттық Домбыра Күні» мейрамы аясында өткізілетін аламан жобаға шақырамыз. Салтанатты іс-шара көпшілік домбырашылардың Секен Тұрысбек, Бекболат Тілеухан, Мейрамбек Бесбаев, Асылбек ... Қолына домбыра алып, “әу” демейтін қазақ жоқ сірә?! Олай болса құрметті өнерпаз қауым, сіздерді «Ұлттық Домбыра Күні» мейрамы аясында өткізілетін аламан жобаға шақырамыз. Салтанатты іс-шара көпшілік домбырашылардың Секен Тұрысбек, Бекболат Тілеухан, Мейрамбек Бесбаев, Асылбек Еңсепов, Айгүл Үлкенбаева сынды өнер майталмандарымен бірге қазақ даласының танымал куйлерін орындауымен ерекшеленеді. Еліміздің басты алаңында эстрада жұлдыздарымен бір сахнада өнер көрсетіп, домбыраның күмбірлеген күміс дауысын асқақтатуға ниет білдірсеңіз www.asyldombyra.kz сайтында тіркелуден өтіп, қатысуға жолдама алыңыз!
1 шілде күні сағат 12.00 де «Қазақ Елі» алаңына келіп, нағыз қазақтың үніне қосылыңыз!
Сүйікті күйлерімізді көпшілікпен орындайық!
Толық ақпарат www.asyldombyra.kz сайтында. Сондай-ақ Инстаграм желісінде @asyldombyra.kz парақшасындағы жаңалықтардан хабардар болыңыз.
Домбырашылардың ауқымды көрсетілімінен кейін, мерекелік концерт жалғасын табады. Көнцертке қатысушы жұлдыздар: «МұзАрт», Асылбек Еңсепов, «Асыл» тобы және т.б.орындаушылар. Сондай-ақ алаңда этно-ауыл ұйымдастырылып, домбыра мұражайы мен қазақ халықынық басқа да ұлттық аспаптары көрсетілетін болады. Әрбір келуші музыкалық аспаптардың жасалу тәсілімен таныса алатындай қолөнершілер киіз үйі тігіледі.
#ulttyqdombyrakuni
@asyldombyra.kz
Read more
Сәлем достар🏻 Қазақ өнерін бағалай білген xалқыма жақсы жаңалығым бар Дәстүрлі ән мамандығы бойынша 8 жыл бойы xалық ән, жыр-термелерімен сусындап Қазақ ұлттық өнер университетінде тәлім алып қызыл дипломға тәмамдаған менің жарым Айжан Жүгінісова көптің сұрауымен Астана қаласында ... Сәлем достар👋🏻 Қазақ өнерін бағалай білген xалқыма жақсы жаңалығым бар😊
Дәстүрлі ән мамандығы бойынша 8 жыл бойы xалық ән, жыр-термелерімен сусындап Қазақ ұлттық өнер университетінде тәлім алып қызыл дипломға тәмамдаған менің жарым Айжан Жүгінісова көптің сұрауымен Астана қаласында үйірме мектебін ашқалы жатыр.
Ынталанып тәлім алам деушілер болса “direct” арқылы байланысқа шықсаңыз болады: @aizhan.zhugunussova_official
Read more
 #Repost from @mels_ok. Ассалаумағалейкум, құрметті достар! Көптен күткен Наурыз мерекесіне ...
Media Removed
#Repost from @mels_ok. Ассалаумағалейкум, құрметті достар! Көптен күткен Наурыз мерекесіне арналған әзіл кешімізді қуанышпен ұсынамыз 🇰🇿! Бұл кештің ерекшелігі қазақы салтымызды жаңғырту, ұлттық мүддемізді асқақтату мақсатында ұйымдастырылып жатқан ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ театрының ... #Repost from @mels_ok. Ассалаумағалейкум, құрметті достар!
Көптен күткен Наурыз мерекесіне арналған әзіл кешімізді қуанышпен ұсынамыз 🇰🇿! Бұл кештің ерекшелігі қазақы салтымызды жаңғырту, ұлттық мүддемізді асқақтату мақсатында ұйымдастырылып жатқан ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ театрының "НАУРЫЗ КӨШЕ" атты дәстүрлі әзіл кеші 16 наурыз күні, сағат: 20:00-де Республика сарайында өтеді.
.
Дәстүрлі кеште эстрада өнер жұлдыздары қатысады:
.
•Нұрлан Албан @nurlanalban
•Жанар Айжанова @zhanar_aizhanova
•Мақсат Базарбаев @maksat_bazarbay
•Сержанали Әлібек @serzhanali
•Гүлнұр Оразымбетова @gulnurorazymbetova
•Азия тобы @aziyatobiofficial
•Меломен тобы @melomen_official
•Төреғали Төреәлі @toregalitoreali
•Серік Ибрагимов @ibragimovserik
•Қуандық Раxым @kuandykrakhym_official
•Ринат пен Гүлім @rinat_tore @gulim.sarsenbay
•Қанатбек Полатбек @kanatbek_polatbekov
•Алиxан Байсұлтанов @alikhan.baisultanov
•Нұржан Тәжікенов @nurzhan_tazhikenov
•Айтыс: Дидар Қамиев @didar_kamiev - Муxтар Ниязов @mukhtar_niyaz
•”Топжарған” @gabittanatov
•”Салтанат” би ансамблі @saltanat_dance_group_official @tamenov_adlet
•”Күй тартыс”
.
Бізді әрқашан ісімен, сөзімен қолдайтын ағаларымыз:
#1 отбасылық арна @31arna
#1 тур оператор @hickmet_travel
.
ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ @oner_kyrandary_official :
@anuarshymyrkulov @mels_ok @kudret1986 @akter_syrym @cocojanbo88 @dana_turarbek @madiyar_serikbayev @aabdusaid @azamat_tyumebayev @kazvfx @zhanarys131 @ilyasadai @bauyrzhanbakirov
.
Билет сатып алуға асығыңыздар: 87714666278 / 87082987218; www.kassir.kz / РС - кассасы
Read more
Құрметті достар! Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде біздер арнайы брифинг өткізіп, Ұлттық ...
Media Removed
Құрметті достар! Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде біздер арнайы брифинг өткізіп, Ұлттық арнаның халықаралық «Мен қазақпын» мегажобасын биыл да жалғасын табатынын жарияладық. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Әскербекұлы Абаевтың қолдауымен, өткен жылы ... Құрметті достар! Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде біздер арнайы брифинг өткізіп, Ұлттық арнаның халықаралық «Мен қазақпын» мегажобасын биыл да жалғасын табатынын жарияладық. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Әскербекұлы Абаевтың қолдауымен, өткен жылы басталған бұл жоба ұлттық өнерді насихаттауға өзіндік үлкен үлесін қосуда. Былтыр еліміздің түкпір-түкпірінен байқауға қатысуға 3000-дай өтініш түсіп, оның арасынан 700-дей адам қатысып, соның ішінен 57 адам іріктеліп Ұлттық арнамыздың жобасына қатысқан болатын. Қыркүйек айынан басталған бұл жоба бірнеше ай бойы эфирде жүріп, ұлттық өнердің түрлі бағыттарын: күй, терме, дәстүрлі ән бойынша ең дарынды өнерпаздарды анықтауға мүмкіндік берген еді. Енді биыл да бұл жоба жалғасатын болады. Өткен жылдағыдай да ауқымды болмақ. Былтыр Монғолия, Ресей, Қытай елдерінде да іріктелу кезеңдері өткізіліп, биыл Қырғызстанда да өткізу шаралары ұйымдастырылатын болады. Бүгінгі баспасөз мәслихатында жариялағанымыздай келесі аптадан бастап, облыс аудандарында, ауылдарда іріктеу басталады. Ал, маусым айында облыстық деңгейде өтетін болады. Осыған байланысты ұлттық өнер жолында жүрген біздің әріптестеріміз, біздің өңірлік филиалдармен хабарласып, байқауға қалай қатысатуға болатындығы жайында толық мағлумат алып, өздерінің бақтарын сынау мүмкіндігіне ие болады. Ұлттық арна өзінің негізгі мақсатын осы ұлттық өнерді насихаттауды мақсат етеді, сондықтан еліміздегі ең үлкен телевизиялық жобаны баршаңыз бізбен бірге тамашалап, белсене атсалысуға шақырамыз.
Read more
Қадірлі айтыс сүйер ағайын! Баршаңызды қаламыздың 55 жылдық мерейтойына арналған «Ақтау - арман қала» атты қалалық жас ақын­дар айтысын тамашала­уға шақырамыз! Айтыстың мақсаты: дарынды ақындарды қолдап, ұлттық өнерді насихаттау. Мерекелік шарада 14 пен 29 жас аралығ­ындағы ... Қадірлі айтыс сүйер ағайын!
Баршаңызды қаламыздың 55 жылдық мерейтойына арналған «Ақтау - арман қала» атты қалалық жас ақын­дар айтысын тамашала­уға шақырамыз! Айтыстың мақсаты: дарынды ақындарды қолдап, ұлттық өнерді насихаттау. Мерекелік шарада 14 пен 29 жас аралығ­ындағы өнерпаздар бақ сынайды. Олар өз ойларын сиқы­рлы сөзбен айтып,тап­қыр ойды өрнекті тіл­мен жеткізбек.
Ол­ай болса, ұлттық өнерімізді ұлықтайтын ұлы мерекеге келіңіздер!
Қаламыздың мерейтойын бірге тойлайық!
Айтыс 20 қы­ркүйек, сағ.18.00де Абай атындағы мәдени - демалыс кешені залында өтеді. Билеттер кешен кассасында. Байланыс нөміріміз: 30 56 70.
@assel__dyussenova
@kdk_imeni_abaya #aktau_insta
Read more
Айбек ҚАЛИЕВ: Жағдайың болып жатса сонша мұңлы, Келешегің болмайды онша нұрлы. Ағайын білесіздер ...
Media Removed
Айбек ҚАЛИЕВ: Жағдайың болып жатса сонша мұңлы, Келешегің болмайды онша нұрлы. Ағайын білесіздер бес жыл бұрын, Елбасының аузымен жар салынды. Арқалық пен Шұбаркөл арасына, Екі жүз километр жол салынды. Темір жол салынуы сол ақ екен, Шұбаркөл көміріне қол салынды. Ресейге ... Айбек ҚАЛИЕВ:
Жағдайың болып жатса сонша мұңлы,
Келешегің болмайды онша нұрлы.
Ағайын білесіздер бес жыл бұрын,
Елбасының аузымен жар салынды.
Арқалық пен Шұбаркөл арасына,
Екі жүз километр жол салынды.
Темір жол салынуы сол ақ екен,
Шұбаркөл көміріне қол салынды.
Ресейге күндіз түні тасып жатыр.
Қолдары салынғанда мол салынды.
Ресей топтан торай ілгізбейді,
Не болып жатқанында білгізбейді.
Шұбаркөлді басы бүтін иемденіп,
Қазақты кариерге кіргізбейді.
Қазақтар салып берген темір жолда,
Қазақтың пойыздарын жүргізбейді.
Жатқанда дәл осындай ойран қажап,
Болашағың болады қайдан ғажап?.
Қытай мен Ресейге жалтақтаудан
Әрі аса алмай тұр бүгін айлаң қазақ.
Елбасы осы жайлы ойланбаса,
Ешқашан сала алмайды сайран қазақ.
Сыбағаңды ит жеумен өтесің-ау,
Сорпаң сорға төгіліп қайран қазақ.
______________
©"Тәуелсіздікке тарту" Алматы қаласында өткен айтыс. 2017жыл.
@aitys_ulttyk_oner
#Айбек_Қалиев
#айтысұлттықөнер
Read more
Оңтүстікте тек қана xалал тойлар мен руxани іс-шараларды ұйымдастыратын "ШАМШЫРАҚ" дәстүрлі өнер орталығы жұмысын бастады. Егер тойыңызды арақ-шарапсыз, ұлттық салт-дәстүрімізге сай қылып өткізгіңіз келсе осы орталыққа xабарласыңыздар. Той ұйымдастыратын орталықтар көп, ... Оңтүстікте тек қана xалал тойлар мен руxани іс-шараларды ұйымдастыратын "ШАМШЫРАҚ" дәстүрлі өнер орталығы жұмысын бастады. Егер тойыңызды арақ-шарапсыз, ұлттық салт-дәстүрімізге сай қылып өткізгіңіз келсе осы орталыққа xабарласыңыздар. Той ұйымдастыратын орталықтар көп, ал xалал тойларды ұйымдастыратын орталық тек 👉"ШАМШЫРАҚ" қана. Байланыс: 8 775 813 92 92, 8 776 357 73 92 @birzhan_baituov @birzhan_baituov @birzhan_baituov
Read more