Loading Content...

О а дұға оқылатын

Loading...


Unique profiles
11
Most used tags
Total likes
0
Top locations
Almaty, Kazakhstan, Semey, Astana, Kazakhstan
Average media age
735 days
to ratio
7.5
<span class="emoji emoji1f4aa"></span>47 жасында ана атанған Лера Кудрявцева баласын қарауға қиналып жүр екен. Қолы шығып кеткен ғой.)) Молодец, ...
Media Removed
47 жасында ана атанған Лера Кудрявцева баласын қарауға қиналып жүр екен. Қолы шығып кеткен ғой.)) Молодец, 50-ге жақындағанда бала дүниеге əкелетін денсаулықты сақтау ӨНЕР МЕН ҚАСИЕТ қой. ...Қыздар, осындай əдемі болып жүру үшін тамақты дұрыстаңыздар. Бар бəле тамақтан. Күніне ... 💪47 жасында ана атанған Лера Кудрявцева баласын қарауға қиналып жүр екен. Қолы шығып кеткен ғой.))
Молодец, 50-ге жақындағанда бала дүниеге əкелетін денсаулықты сақтау ӨНЕР МЕН ҚАСИЕТ қой.
...💋💟💅Қыздар, осындай əдемі болып жүру үшін тамақты дұрыстаңыздар. Бар бəле тамақтан. Күніне тамақтың арасын кем дегенде 5 сағатқа ұзартыңыз. Яғни тамақты бірінші астан кейін 5 сағаттан кейін ішуге тырысыңыздар. Негізі 8 сағат екен пайдалы үзіліс. Сонда ағзада шлак пайда болып үлгермейді. Мен сол бес сағатқа шыдаймын əзір.)) 8 ге жеткізем деген жоспар бар. Ал ең жақсысы аптасына бір рет ОРАЗА ұстау. 🍜 Бірақ мен айтты деп үйдегілерді аштан қатырып ұрсысып жүрмеңіздер.😂 Күйеуіңізге, ата-анаңызға пайдасын түсіндіріп келісімге келсеңіз КЕРЕМЕТ əрине. Олардың да денсаулығы нығаяды. Ұзақ ғұмыр сүруге ықпал етесіз. Алланың қалауымен.
...Тек бұқтырылған жеуге тырысыңыз. Ұн тамақты азайтыңыз. Мен өзім макарон дегенді айына бір рет жеймін. Ал БЕЛОК беретін ет көп жеуге болмайтын себебі мынада екен. Белок ағзаға көп түсіп кетсе рак пайда болады дегенді оқыдым. Жеміс көп жеу керек. Бірақ өзім көп жей алмаймын. Күніне бір алма ƏЙЕЛ ДЕНСАУЛЫҒЫНА пайдалы екен. Көкөніс шикілей пайдалы.
...Жəне гимнастика ұмытпаңыз. Таңертең міндетті түрді. Жүйкені жұқартатын уайымнан арылыңыз. Көңілді əуен тыңдаңыз. Əн айтып тұрыңыз ыңылдап. Əн айтқанда өкпе ашылады. Тыныс кеңейеді. Жəне ыңылмен іштегі мазасыз ойдан жиналған жаман энергиялар шығып ағза мен жүйке жүйесі жайланып қалады.
...🌷Ал ЛЕРАНЫҢ СҰЛУЛЫҒЫ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН айтқан себебім жақында тұсауы кесілген Q-Line компаниясына бұйырса қосымша қабылдайтын ТАБИҒИ КОЛЛАГЕНДЕР МЕН ВИТАМИНДЕРІ БАР каспулалар жəне САПАЛЫ КОСМЕТИКА КЕЛЕДІ. ЖҰМЫСТЫ БАСТАЙМЫЗ СОНДА. Адам өзін күтіп баптауы үшін ПАЙДАЛЫ ДƏРУМЕН ІШІП САПАЛЫ КОСМЕТИКАНЫ ҚОЛДАНУЫ КЕРЕК. СОНДА 50 ЖАСТА ДА БАЛАЛЫ БОЛАТЫН ДЕНСАУЛЫҚ БОЛАДЫ. КОРЕЯНЫҢ КЕЛІНШЕКТЕРІ 50 ЖАСЫНДА ДА БАЛАЛЫ БОЛАТЫНДАЙ МЫҚТЫ КЕЛЕДІ ЕКЕН. СЕБЕБІ ӨЗДЕРІН КҮТЕДІ.👪 АЛ БАЛАНЫ КӨРДІК ЕНДІ ӨЗІМІЗДІ ƏДЕМІ ҚЫЛАТЫН ДҮНИЕ КЕРЕК ДЕСЕҢІЗ СҰРАНЫСЫҢЫЗДЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРАТЫН ӨНІМДЕР КӨП БОЛАДЫ. БҰЙЫРСА ЖАҚЫН КҮНДЕРІ СІЗДЕРДІ ТАҒЫ ДА КЕЗДЕСУГЕ ШАҚЫРАМЫН. ЖОСПАР КӨП! СƏЛ КҮТЕ ТҰРЫҢЫЗДАР, АРУЛАР!😘
#КРАСОТА #СТИЛЬ #қазақшапсихология
Read more
Loading...
@muslimdolls_kz @muslimdolls_kz @muslimdolls_kz Үйретуші Қуыршақ ”Фатима” – Қазақстанда ...
Media Removed
@muslimdolls_kz @muslimdolls_kz @muslimdolls_kz Үйретуші Қуыршақ ”Фатима” – Қазақстанда аналогы жоқ қуыршақ. Сапалы,сертификатталған,бала денсаулығына залалсыз өнім. Қуыршақтар Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының пәтуәсін алған Фатима қуыршақтары үйрету бойынша ... @muslimdolls_kz
@muslimdolls_kz
@muslimdolls_kz
Үйретуші Қуыршақ ”Фатима” – Қазақстанда аналогы жоқ қуыршақ. Сапалы,сертификатталған,бала денсаулығына залалсыз өнім.
Қуыршақтар Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының пәтуәсін алған
Фатима қуыршақтары үйрету бойынша 2 түрге бөлінеді

1. Мұсылманның басты сұрақтарының жауабын үйретеді (Рабың кім? дінің қайсы? кітабың қандай? т.б.) және
АЛЛАның 99 көркем есімдерін жаттатады

2. Намазда оқылатын 6 сүрені үйретеді (1. Әль-Фатиха. 2 Әль-Ықлас.
3.Ән-Наср. 4. Әль-Каусар. 5 Әль-Аср. 6. Әл-Фаляқ) сонымен қатар Калиманы жəне
АЛЛАға мадақ сөздерді және олардың мағынасын түсіндіреді (Биссмилахи рахмани -рахим,ИншАЛЛАХ,Әлхамдулиллах т.б)

ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША 1-2 КҮНДЕ ЖЕТКІЗЕМІЗ

ТӨЛЕМДІ ҚУЫРШАҚТЫ АЛҒАН СОҢ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ

ТЕЛ: 8 700 329 43 91 - WHATSAPP
@muslimdolls_kz
@muslimdolls_kz
@muslimdolls_kz
Read more
9 жыл бұрын. Үлкенімді босанған кез. Ұлым ірі, 4,5 кг болып туылды. Шамамен 9-шы айда ішімнің қандай ...
Media Removed
9 жыл бұрын. Үлкенімді босанған кез. Ұлым ірі, 4,5 кг болып туылды. Шамамен 9-шы айда ішімнің қандай болғанын елестете беріңіз🤰🏻. Рулге сыймай қалдым. Екінші қабатқа шыққанша 6 рет тоқтайтынмын (Енді бойда 25-28 артық кг тошна бар). Аман-есен босанып үйге келген соң өз-өзіме айнаға ... 9 жыл бұрын. Үлкенімді босанған кез. Ұлым ірі, 4,5 кг болып туылды. Шамамен 9-шы айда ішімнің қандай болғанын елестете беріңіз🤰🏻. Рулге сыймай қалдым😱. Екінші қабатқа шыққанша 6 рет тоқтайтынмын (Енді бойда 25-28 артық кг тошна бар).
Аман-есен босанып үйге келген соң өз-өзіме айнаға қарағым келмей қалды. Қыз күнімдей фигураны көрем деп тұрм да енді, қайдағы, армандапсың😁, оның үстіне қарынның терісі біреу осып жібергендей қатты жыртылған екен(. Бірде теледидарды қоссам (о кезде инстаграм жоқ), "Жаңа босанған әйелдің терісін қалпына келдіреді. Бар-жоғы 1 айда созылған тері орнына келіп, жыртылған теріден із де қалмайды",-деп бір кремді күнде жарнамалайды кеп, жарнамалайды кеп. "Мә, мынау раxат екен, проблемам шешілді" деп бірден қоңырау соғып, тапсырыс бердім. Бағасы удай-12 мың теңге (сол кезде ол көп ақша).
Үйге курьер әкелген соң ақшасын алмайынша қорапты аштырмады. Ол кеткен бойда мәз боп бүкіл денеме жақтым. 1 ай өтті, тіпті 2 ай. Қыздай болам деп тұрм ғой). Қой, қайдағы, жыртылған ізден шайтан да кеткен жоқ, ішіндегі детский крем бе, бірдеңе😁. Жынды алдандым.
Айтпағым, қазір инстаграм шыққалы мұндай "лоxотрон жарнамалар" тіптен өршіп тұр. Магнитті кірпік, ерін үлкейткіш далап, беліңізді қылдай қылатын корсет, арықтататын дәрі дейсіз бе, бәрі өтірік. Енді тісіңізді әппақ, түп-түзу етіп көрсететін қаптама шығыпты. Сенбеңіз. Әлемде неше млн адам болса, сонша млн түрлі тіс бар, сонда бір формадағы тіс бәріне қаптала қалады екен дәе?) Сондай жарнамаға алданған қыздардан көөөп xат келеді.
Қазір не көп, зат көп, дүкеннен ұстап көріп алғанға жетері жоқ. Сосын "Үйде дым істемей миллион тапқың келе ме" деген жарнамаға да сенбеймін. Талай танысым "Пирамида, кьюнет дегендерге" миллиондап ақша құйып, тағы артынан бірнеше адамды "қораға кіргізіп", қазір таппай жүрміз, телефон, адресін өшіріп қашып жүр.
Тегін ірімшік тек қақпанда болады, сондықтан кез келген дүниеге сене қалмай, астарын тексеріп, көз жеткізіп, сосын барып қолданайық.
Одан кейін ұтысқа үлкен автосалондардан машина қоямыз деген жарнамалар да өтірік. Танымал адамдар реклама жасағанда абайлағаны жөн, өйткені ол автосалондар аттарын жамылған жалған парақшаларға қатысты қылмыстық іс қозғамақшы...
Read more
Тіршілікке пауза керек. Оянғаннан зырылдатып әкете беретін дөңгелек өмірімде кішігірім пауза ...
Media Removed
Тіршілікке пауза керек. Оянғаннан зырылдатып әкете беретін дөңгелек өмірімде кішігірім пауза ұстадым. Бұл бастағы қоқыстардан арылып, тірлігімді сорттап, сұрыптап алу кезеңі болды. Бәлкім, жан-дүниемнің кемелдене түсуі ме екен... Баяғы толассыз ағылатын хаттар мен қоңырауларға ... Тіршілікке пауза керек.

Оянғаннан зырылдатып әкете беретін дөңгелек өмірімде кішігірім пауза ұстадым. Бұл бастағы қоқыстардан арылып, тірлігімді сорттап, сұрыптап алу кезеңі болды. Бәлкім, жан-дүниемнің кемелдене түсуі ме екен...
Баяғы толассыз ағылатын хаттар мен қоңырауларға үстін-үстін жауап бермей, қала-қалама көз алдыңда көлбеңдейтін интернеттің негатив ақпараттарын қабылдамай, автоматты түрде кете беретін әдеттерімді тоқтатып, тиімді-тиімсіз кездесулерге шабыла бермей, тіршілігіме детокс жасалды.

Ештеңе өзгерген жоқ. Жо-жоқ, "бірдеңе тындырмасам болмайды" деп, жанталасатын күндерімде ештеңе өзгерген жоқ. Тек санамда төңкеріс болды.

Құндылықтарым өзгерді. Пайда іздеу емес, өзім пайдалы болсам деген мақсат ұлғайды.

Бір қызығы, тәнімнің жарақатын сылтауратып, өзімді шамалы кембағал санайтын көзқарасым өзгерді.

Ойламаған жерден, велосипед тебуді үйреніп алдым. Мен үшін өте үлкен жетістік.
Кеше кешкісін отырып, таңда жүгіруге шешім қабылдадым. Бұрыннан ойда жүретін, тек еріншектігім мен ішкі қорқынышым жар бермейтін.
Марат Жыланбаевтың (әлемнің шөл далаларын жүгіріп өткен ең мықты қазақ) жаңа группасы бүгін стартта тұр екен. Таңда оянып, жүгіруді бастадым. "Омыртқам сынық, аяғым сынық, анауым былай, мынауым олай" деген сылтаулар өмірімізге, өзімізге жауапкершілік алғымыз келмегеннен екен.
Қорқынышымның күл-паршасы шығып, алғашқы қадамым тым жақсы болды. Өзім екен көп нәрсені ойдан құрастырып алатын.
Енді қыркүйекте болатын Астана марафонына қатысуды көздеп отырмын 😎

Бұл - басы ғана. Сияқты. Өйткені, осы ұстаған паузамда ақпарат шығаруға емес, жаңа нәрсеге қомағайландым. Оқығым, көргім келген нәрсе өте көп болды. Енді сол алғандарымды қорытып, сіздерге пайдалы болатын біраз нәрсе ұйымдастырғым келеді.

Құндылықтарым өзгерді. Бетім жылтырап, құр мақтауға ұмтылғым келмейді. Бұрынғы "мақталсам" екен дейтін "синдром отличника" күйреді)) Өмір сүруді енді үйреніп жатқандаймын. Трансформация дерсің. Қызық.

Сондықтан, менің Инстада үнсіз қалғаным - айтатын нәрсем қалмағаннан емес, керісінше, өте көп болғаннан. Өзім бәрін миымда реттеп алайын, бөлісермін 😊
_______
Сізде осындай трансформация кезеңі боп тұра ма? Паузамен ішкі әлеміңізге өзгеріс келе ме?
Read more
ҚАТТЫ ЖЕЛ СОҚҚАНДА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА... Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайраһә, уә ә’узу бикә мин шәрриһә! Мағынасы: "Я, Алла! Мен Сенен бұл желдің жақсылығын сұраймын, әрі оның жамандығынан Өзіңе сиынамын!" Бүгінгі табиғаттың тосын мінезі талай Астаналықтарды тәубесіне келтіргендей... ... ҚАТТЫ ЖЕЛ СОҚҚАНДА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА...
Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайраһә, уә ә’узу бикә мин шәрриһә!
Мағынасы: "Я, Алла! Мен Сенен бұл желдің жақсылығын сұраймын, әрі оның жамандығынан Өзіңе сиынамын!"
Бүгінгі табиғаттың тосын мінезі талай Астаналықтарды тәубесіне келтіргендей... Алла амандығын бергей!
Read more
ҚАТТЫ ЖЕЛ СОҚҚАНДА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА... Астанада дүлей дауыл... Ауырмаған бастың Құдаймен ісі жоқ! Аллаһуммә, ...
Media Removed
ҚАТТЫ ЖЕЛ СОҚҚАНДА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА... Астанада дүлей дауыл... Ауырмаған бастың Құдаймен ісі жоқ! Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайраһә, уә ә’узу бикә мин шәрриһә! Мағынасы: "Я, Алла! Мен Сенен бұл желдің жақсылығын сұраймын, әрі оның жамандығынан Өзіңе сиынамын!" Бүгінгі табиғаттың ... ҚАТТЫ ЖЕЛ СОҚҚАНДА ОҚЫЛАТЫН ДҰҒА...
Астанада дүлей дауыл... Ауырмаған бастың Құдаймен ісі жоқ!
Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайраһә, уә ә’узу бикә мин шәрриһә!
Мағынасы: "Я, Алла! Мен Сенен бұл желдің жақсылығын сұраймын, әрі оның жамандығынан Өзіңе сиынамын!"
Бүгінгі табиғаттың тосын мінезі талайды тәубесіне келтіргендей... Алла амандығын бергей!
Read more
Loading...
ФОТОНЫ ТАЛҒАММЕН ӨҢДЕП, КӨП ЛАЙК ЖИНАҒЫҢ КЕЛЕ МЕ? . Онда менің Инстаграмды сауатты жүргізу марафоныма ...
Media Removed
ФОТОНЫ ТАЛҒАММЕН ӨҢДЕП, КӨП ЛАЙК ЖИНАҒЫҢ КЕЛЕ МЕ? . Онда менің Инстаграмды сауатты жүргізу марафоныма қатыс! . Инстадағы 6 жылдық тәжірибем, арнайы алған білімім бәрін-бәрін қосып, пайдалы іс бастағалы отырмын. ________________ 10 күндік марафоннан не аласың? 1. Аккаунтыңның ... ФОТОНЫ ТАЛҒАММЕН ӨҢДЕП, КӨП ЛАЙК ЖИНАҒЫҢ КЕЛЕ МЕ?
.
Онда менің Инстаграмды сауатты жүргізу марафоныма қатыс!
.
Инстадағы 6 жылдық тәжірибем, арнайы алған білімім бәрін-бәрін қосып, пайдалы іс бастағалы отырмын.
________________
10 күндік марафоннан не аласың?

1. Аккаунтыңның интерфейсін дұрыстайсың. Анализ жасаймын, кем-кетігін түзейсің.
2. Мәтін жазудың (оқылатын, қызық мәтін жазудың) қыр-сырын үйренесің.
3. Қаралым саны артады, мұның да сырларын білесің.
4. Фоторедакторларды қолдануды, фото өңдеуді үйренесің.
5. Видео түсіруді және телефон арқылы монтаждауды үйренесің.
6. Тікелей эфир мен сторис мүмкіндіктерін меңгересің.
7. Жеке бренд болу және оның фишкаларымен танысасың.
8. Сауатты контент және контент-план жасауды үйренесің.
9. Аудитория жинаудың құралдарымен танысасың.
10. Әр аккаунтпен жеке-жеке жұмыс істеймін. Инстааккаунтыңды жаңа деңгейге шығарасың👍
_________
Марафонда сені не күтеді?
.
✔ Сабақ 10 күн бойы жүреді.
✔ Марафон қатысушыларына арнайы чат құрылады.
✔ Теориялық ақпараттарға қосымша практикалық сабақ жүреді. Аудио және видео нұсқаулықтар болады.
✔ Қызық аккаунттармен танысасың.
✔ Статистика өседі.
✔ Креатив ойлар мен ерекше идеялар аласың.
✔ Марафон соңында үш үздікке арнайы сыйлығым бар.
.
21.06 күні басталып, 30.06 күні аяқталады.
.
Марафонға қатысу құны 10 000 теңге.
Келесіде баға көтеріледі.
.
Тіркелу үшін WhatsAppқа хат жаз: +7702 777 9994
.
Қатысушылар саны шектеулі.
Read more
Инстаграмды сауатты жүргізуді үйрететін 4 марафоным басталғалы жатыр. Тіркелу ашық. . 10 ...
Media Removed
Инстаграмды сауатты жүргізуді үйрететін 4 марафоным басталғалы жатыр. Тіркелу ашық. . 10 күндік марафоннан не аласың? 1. Аккаунтыңның интерфейсін дұрыстайсың. Анализ жасаймын, кем-кетігін түзейсің. 2. Мәтін жазудың (оқылатын, қызық мәтін жазудың), ниша таңдаудың қыр-сырын ... Инстаграмды сауатты жүргізуді үйрететін 4 марафоным басталғалы жатыр.
Тіркелу ашық.
.
10 күндік марафоннан не аласың?

1. Аккаунтыңның интерфейсін дұрыстайсың. Анализ жасаймын, кем-кетігін түзейсің.
2. Мәтін жазудың (оқылатын, қызық мәтін жазудың), ниша таңдаудың қыр-сырын үйренесің.
3. Қаралым саны артады, мұның да сырларын білесің.
4. Фоторедакторларды қолдануды, фото өңдеуді үйренесің.
5. Видео түсіруді және телефон арқылы монтаждауды үйренесің.
6. Тікелей эфир мен сторис мүмкіндіктерін меңгересің, машықтанасың.
7. Жеке бренд болу және оның фишкаларымен танысасың.
8. Сауатты контент және контент-план жасауды үйренесің.
9. Аудитория жинау құралдарымен, инстаграм алгоритмімен танысасың.
10. Әр аккаунтпен жеке-жеке жұмыс істеймін. Инстааккаунтыңды жаңа деңгейге шығарасың👍
_________
Марафонда сені не күтеді?
.
✔ Сабақ 10 күн бойы онлайн жүреді. Географияң маңызды емес.
✔ Марафон қатысушыларына арнайы чат құрылады.
✔ Теорияны бірден практикада қолданасың. Аудио және видео нұсқаулықтар болады.
✔ Комфорт аймағынан шығасың, түрлі эмоция аласың.
✔ Қызық аккаунттармен танысасың.
✔ Статистика өседі.
✔ Креатив ойлар мен ерекше идеялар жинайсың.
✔ Марафон соңында үш үздікке:
1 орынға - 10000 тг,
2 орынға - 5000 тг,
3 орынға - 3000 тг сыйлығым бар.
.
07.07 күні басталып, 16.07 күні аяқталады.
.
Марафонға қатысу құны:
▪алғашқы үш күнде (2,3,4 шілде) - 10 000 теңге;
▪ соңғы екі күнде (5,6 шілде) - 15 000 тг.
.
Орын саны шектеулі.
__________
Марафонға тіркелу үшін WtapsAppқа жаз: +7702 777 9994
#Эмарафон
Read more
Loading...
Құранға қатысы болған кез-келген заттың дәрежесі жоғары да мәртебелі: Жебірейіл - ең ұлы періште, ...
Media Removed
Құранға қатысы болған кез-келген заттың дәрежесі жоғары да мәртебелі: Жебірейіл - ең ұлы періште, Құранды жер бетіне уаһи етіп жеткізген! Мұxаммед (с.ғ.у.) - пайғамбарлардың сұлтаны, Құран түскен Елші! Мұсылмандар - ең xайырлы үммет, Құран түскен үммет! Рамазан - он екі айдың сұлтаны, ... Құранға қатысы болған кез-келген заттың дәрежесі жоғары да мәртебелі: Жебірейіл - ең ұлы періште, Құранды жер бетіне уаһи етіп жеткізген!
Мұxаммед (с.ғ.у.) - пайғамбарлардың сұлтаны, Құран түскен Елші! Мұсылмандар - ең xайырлы үммет, Құран түскен үммет!
Рамазан - он екі айдың сұлтаны, Құран түскен ай!
Қадір түні - мың айдан xайырлы, берекелі түн, Құран түскен түн!
Қари, xафиз - адамдардың арасындағы ең жақсылары, Құранды жаттаған жандар!
Мынау Жаңарқадағы мешітте құран жарысына қатысуға дайындалып жатқан шәкірттер. Ең жақсы балалармен, ең жақсы мекен (Аллаға сәжде жасап, Құран оқылатын) мешітте кездесіп қалған мен де онша жаман жігіт емеспін-ау деп мақтансам рия боп кете ме?
Алла баршамызға Құран жаттап, Қияметте ата-анасына асылдан тәж кигізетін салиxалы ұрпақтар нәсіп етсін!
Read more
Сәресіде және ауызашарда оқылатын дұғалар Сәресіде және ауызашарда оқылатын дұғалар Сәресіде ...
Media Removed
Сәресіде және ауызашарда оқылатын дұғалар Сәресіде және ауызашарда оқылатын дұғалар Сәресіде және ауызашарда оқылатын дұғалар Ауыз бекітердегі дұға وَبِصَوْمِ غَدٍ نَّوَيْتَ مِنْ شَهْرِ رَمَضَانَ «Уа би сауми ғадин науайту мин шахри рамадан» Аудармасы: Рамазан айының ... Сәресіде және ауызашарда оқылатын дұғалар

Сәресіде және ауызашарда оқылатын дұғалар Сәресіде және ауызашарда оқылатын дұғалар

Ауыз бекітердегі дұға

وَبِصَوْمِ غَدٍ نَّوَيْتَ مِنْ شَهْرِ رَمَضَانَ «Уа би сауми ғадин науайту мин шахри рамадан»

Аудармасы: Рамазан айының оразасын Алла ризашылығы үшін ұстауға ниет еттім.
Ауызашардағы дұға

اللَهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَلْت وَ عَلَى رِزْقِكَ

اَفْطَرْتُ فَاغْفِرْلِى يَا غَفَّارُ مَا قَدَّمْتُ وَ مَأ اَخَّرْتُ «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту»

Аудармасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір»
#Кеңес
Read more
КҮН СИЯҚТЫ КҮЛІП ОЯН 🌞 . Әдемі видеоны смартфоныммен түсіріп, смартфоныммен өңдеп алдым Әдемі ма? . Молодецпін, соған лайк басыңыз 🤪 . IG TV-дің шығуы онсыз да YouTUBE тұншықтырған телевизияның жерленуін тездететін сияқты)) Тез арада тігінен көрсететін теледидар шығармаса, ... КҮН СИЯҚТЫ КҮЛІП ОЯН 🌞
.
Әдемі видеоны смартфоныммен түсіріп, смартфоныммен өңдеп алдым 😍
Әдемі ма?
.
Молодецпін, соған лайк басыңыз 🤪
.
IG TV-дің шығуы онсыз да YouTUBE тұншықтырған телевизияның жерленуін тездететін сияқты))
Тез арада тігінен көрсететін теледидар шығармаса, көлденеңді қолданудан мүлде қалып барамыз))
.
Қысқасы, видеоконтенттің дәуірі келді. Анау-мынау емес, мазмұнды видеоны әдемі түсіріп, жақсы монтаждайтындар озады 👍
.
Сондықтан, видеоөңдеуді үйрен. Онлайн марафоныма қатыс!
______
10 күндік марафоннан не аласың?

1. Аккаунтыңның интерфейсін дұрыстайсың. Анализ жасаймын, кем-кетігін түзейсің.
2. Мәтін жазудың (оқылатын, қызық мәтін жазудың), ниша таңдаудың қыр-сырын үйренесің.
3. Қаралым саны артады, мұның да сырларын білесің.
4. Фоторедакторларды қолдануды, фото өңдеуді үйренесің.
5. Видео түсіруді және телефон арқылы монтаждауды үйренесің.
6. Тікелей эфир мен сторис мүмкіндіктерін меңгересің, машықтанасың.
7. Жеке бренд болу және оның фишкаларымен танысасың.
8. Сауатты контент және контент-план жасауды үйренесің.
9. Аудитория жинау құралдарымен, инстаграм алгоритмімен танысасың.
10. Әр аккаунтпен жеке-жеке жұмыс істеймін. Инстааккаунтыңды жаңа деңгейге шығарасың👍
_________
Марафонда сені не күтеді?
.
✔ Сабақ 10 күн бойы онлайн жүреді. Географияң маңызды емес.
✔ Марафон қатысушыларына арнайы чат құрылады.
✔ Теорияны бірден практикада қолданасың. Аудио және видео нұсқаулықтар болады.
✔ Комфорт аймағынан шығасың, түрлі эмоция аласың.
✔ Қызық аккаунттармен танысасың.
✔ Статистика өседі.
✔ Креатив ойлар мен ерекше идеялар жинайсың.
✔ Марафон соңында үш үздікке:
1 орынға - 10000 тг,
2 орынға - 5000 тг,
3 орынға - 3000 тг сыйлығым бар.
.
07.07 күні басталып, 16.07 күні аяқталады.
.
Марафонға қатысу құны:
▪алғашқы үш күнде (2,3,4 шілде) төлесеңіз - 10 000 теңге;
▪ соңғы екі күнде (5,6 шілде) төлесеңіз - 15 000 тг.
.
Орын саны шектеулі.
__________
Марафон - бірнеше сағаттық видео-сабақ емес, ұзақ мәтін емес, тренинг-семинар емес, теорияны бірден практикада қолдану. Тек SMM емес, өмірлік пайдасы көп.
Комфорт аймағынан сүйреп алып шығады 😁
__________
Марафонға тіркелу үшін WtapsAppқа жаз: +7702 777 9994
#Эмарафон
_________
Ән: @kulaim_kairbayeva
Read more
Кезекті бесінші марафоныма тіркелу басталды. Инстаграмды сауатты жүргізіп, онлайн табысыңды ...
Media Removed
Кезекті бесінші марафоныма тіркелу басталды. Инстаграмды сауатты жүргізіп, онлайн табысыңды арттырып, бизнес аккаунтыңды дұрыстап, блогерлік бағытыңды айқындағың келсе, марафонға қатыс. ______ 10 күндік марафоннан не аласың? 1. Аккаунтыңның интерфейсін дұрыстайсың. ... Кезекті бесінші марафоныма тіркелу басталды.

Инстаграмды сауатты жүргізіп, онлайн табысыңды арттырып, бизнес аккаунтыңды дұрыстап, блогерлік бағытыңды айқындағың келсе, марафонға қатыс.
______
10 күндік марафоннан не аласың?

1. Аккаунтыңның интерфейсін дұрыстайсың. Анализ жасаймын, кем-кетігін түзейсің.
2. Мәтін жазудың (оқылатын, қызық мәтін жазудың), ниша таңдаудың қыр-сырын үйренесің.
3. Қаралым саны артады, мұның да сырларын білесің.
4. Фоторедакторларды қолдануды, фото өңдеуді үйренесің.
5. Видео түсіруді және телефон арқылы монтаждауды үйренесің.
6. Тікелей эфир мен сторис мүмкіндіктерін меңгересің, машықтанасың.
7. Жеке бренд болу және оның фишкаларымен танысасың.
8. Сауатты контент және контент-план жасауды үйренесің.
9. Аудитория жинау құралдарымен, инстаграм алгоритмімен танысасың.
10. Әр аккаунтпен жеке-жеке жұмыс істеймін. Инстааккаунтыңды жаңа деңгейге шығарасың👍
_________
Марафонда сені не күтеді?
.
✔ Сабақ 10 күн бойы онлайн жүреді. Географияң маңызды емес.
✔ Марафон қатысушыларына арнайы чат құрылады.
✔ Теорияны бірден практикада қолданасың. Аудио және видео нұсқаулықтар болады.
✔ Комфорт аймағынан шығасың, түрлі эмоция аласың.
✔ Қызық аккаунттармен танысасың.
✔ Статистика өседі.
✔ Креатив ойлар мен ерекше идеялар жинайсың.
✔ Марафон соңында үш үздікке:
1 орынға - 10000 тг,
2 орынға - 5000 тг,
3 орынға - 3000 тг сыйлығым бар.

Сабақтың бәрі онлайн жүреді, география маңызды емес.

27.07 күні басталып, 05.08 күні аяқталады.

Марафонға қатысу құны:
▪алғашқы үш күнде (19,20,21 шілде) төлесең - 10 000 теңге;
▪ортаңғы үш күнде (22,23,24 шілде) төлесең - 15 000 тг;
▪соңғы екі күнде (25,26 шілде) - 20 000 тг.

Орын саны шектеулі.
__________
Марафон - бірнеше сағаттық видео-сабақ емес, ұзақ мәтін емес, тренинг-семинар емес, теорияны бірден практикада қолдану. Тек SMM емес, өмірлік пайдасы көп.
Комфорт аймағынан сүйреп алып шығады 😁

#Эмарафон хэштегі бойынша алдың марафон қатысушыларының отзывын оқуға болады.
__________
Марафонға тіркелу үшін
WtapsAppқа жаз: +7702 777 9994
Read more
Loading...
​​Ауғанстанда болған оқиға бәрімізді тебірентпей қоймады. Ауғанстанның солтүстігіндегі «Дафтани» ...
Media Removed
​​Ауғанстанда болған оқиға бәрімізді тебірентпей қоймады. Ауғанстанның солтүстігіндегі «Дафтани» ауылында орналасқан «Құран жаттау мектебін» жергілікті екі әскери тікұшақ атқылап, соның салдарынан жазықсыз 101 саби Құран қарилары (Құранды бастан аяқ жаттап алғандар) қыршын ... ​​Ауғанстанда болған оқиға бәрімізді тебірентпей қоймады. Ауғанстанның солтүстігіндегі «Дафтани» ауылында орналасқан «Құран жаттау мектебін» жергілікті екі әскери тікұшақ атқылап, соның салдарынан жазықсыз 101 саби Құран қарилары (Құранды бастан аяқ жаттап алғандар) қыршын кетті. Ал, 150 бала – жаралы... Олардың бұл жағдайлары - Пайғамбарымыздың заманындағы мүшриктердің қолынан қаза тапқан 70 бірдей жас Құран қариларын еске түсірді маған.
Хижри жыл санауы бойынша, 4 жылында Амир ибн Мәлик есімді бір адам Пайғамбарымызға келіп, әлі пұтперестіктен қайтпаған, қыздарын тірідей көметін Нәжд халқына дінді үйрету үшін бір топ сахабаны жіберуін сұрайды. Пайғамбарымыз алғашқыда олар үшін Нәжд халқынан қауіптенетінін айтқанымен, Амир өз қорғауына алатындығын уәде еткеннен соң, 70 таңдаулы сахабаны қосып жібереді.

Ол сахабаларды жұрт «Қурра» деп атайтын. «Қарилар» деген мағынада. Құранды жатқа білетін, көп оқып, өзгелерге үйрететін кісілер еді. Бұнымен қоймай олар күндіз ағаш шауып әкеліп, соны кәсіп қылатын да, тапқан табыстарынан пақырларды тамақтандыратын болған екен. Мешітке мұсылмандар үшін су таситын. Күндіздерін осындай игі іспен өткізсе, түндерін тахажжут намазын оқумен, Құран оқып, қайталаумен өткізетін болған. Міне, осындай пәк рухты, игі жандар еді олар. Құдды күні кеше өлім құшқан жас қарилар іспетті тұғын.. Пайғамбарымыз оларды Исламды үйретсін деп Нәжд халқына жібереді. Алайда жол-жөнекей «Маъуна» құдығының түбіне аялдаған тұста, жан-жақтан мүшрик әскерлері қоршап, бәрін қылыштан өткізеді. Осылайша, қиянатқа ұшырап, 70 қари дін жолында шейіт болады. Мұны естіген Пайғамбарымыз қатты қайғырып, отыз күн бойы өлтірген жауыздарға дұға еткен екен. Көп ұзамай қанды қол қарақшылар Құдай Тағаланың жазасына ұшырап, жоқ болады... Бақилық болған балалардың Алла ата-аналарына, жақындарына сабыр берсін! Абдусамат Қасым.
Read more
QR-КОДЫ БАР ҚҰРАН ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ Жер бетінде ең көп оқылатын кітаптың Құран кәрім екенін білесіз ...
Media Removed
QR-КОДЫ БАР ҚҰРАН ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ Жер бетінде ең көп оқылатын кітаптың Құран кәрім екенін білесіз бе? Ол дүниежүзінде үш миллиардтан астам данамен таралған. Күн сайын миллиондаған адам тарапынан оқылып тұратын теңдессіз кітап. Міне, осындай қасиетті Құран кітабы Рамазан айының қарсаңында ... QR-КОДЫ БАР ҚҰРАН ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Жер бетінде ең көп оқылатын кітаптың Құран кәрім екенін білесіз бе? Ол дүниежүзінде үш миллиардтан астам данамен таралған. Күн сайын миллиондаған адам тарапынан оқылып тұратын теңдессіз кітап. Міне, осындай қасиетті Құран кітабы Рамазан айының қарсаңында елімізде тұңғыш рет жарыққа шықты. Оның бұған дейін басылған Құран кітаптарынан біршама ерекшеліктері бар:

Біріншіден, бұл Құран кітабы Мәдина басылымына негізделіп дайындалған әрі оқуға анағұрлым ыңғайлы. Оқырманның көзі сүрінбейтіндей ең оңтайлы арабша шрифт таңдалған. Құранды жаңадан үйренушілерге өте жеңіл.

Екіншіден, араб әріптері бір-бірінің үстіне мінгестірілмей, анық әрі айқын жазылған.
Үшіншіден, Құранға тиісті тәжуид ережелері қамтылған. Атап айтар болсақ, мәдтің барлық түрлері, сукунды нун мен тәнуинге қатысты ережелер, сәжде аяттары, пара, уақф және хизбті білдіретін белгілер т.б. анық көрсетілген.
Төртіншіден, бұл Құранда QR-код технологиясы іске қосылған. Бұл осы Құран кәрімнің ең басты ерекшелігі деуге болады. Құранның әр бетінде (жоғарғы және төменгі жағында) QR-код берілген. Смартфон не планшетке Play Market және Apple Store-дан QR-код reader бағдарламасын жүктеп алып, Құранның әрбір бетіндегі QR-кодты сканерлеу арқылы ашып, аяттардың арабша-қазақша аудио нұсқасын тыңдай аласыз. Құранның арабшасын оқыған – Ислам әлемінде «тәжуидтің атасы» деген атпен танылған, әйгілі хафыз Махмуд Халил әл-Хусари. Аяттың арабшасын тыңдау арқылы тәжуидіңізді пысықтап, тіл сүрінетін қиын сөздердің дұрыс оқылуын үйренуге болады. Ал аяттардың қазақша мағынасын тыңдау Құранды түсініп оқуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қазақ оқырмандарына жеңіл болуы үшін бет саны мен сүрелердің атауы арабша-қазақша жазылған.
Әрбір мұсылман Құранды өзі ғана үйреніп қоймай, оны өзгелерге де үйретуге көңіл бөлуі тиіс. Себебі, хадис-шәріпте: «Сіздердің ең жақсыларыңыз – Құранды үйреніп әрі басқаларға үйреткендеріңіз», – делінген.
Қандайда бір үйде Құран оқылса, аспаннан періштелер еніп, шайтандар жанұшыра қашады. Жанұяға жақсылық пен тыныштық орнап, жамандықтың ауылы алыстайды... Жалғасы👇
Read more
Бір ауылда "ет дәмділігін қоймаса, мен ұрлығымды қоймаймын" деген ниеттегі қанды қол, баукеспе ...
Media Removed
Бір ауылда "ет дәмділігін қоймаса, мен ұрлығымды қоймаймын" деген ниеттегі қанды қол, баукеспе ұры болыпты. Ғұмырында қылар кәсібі ұрлық-қарлық екен. Бірде сол баукеспе: "Ертең ана дүниеге барғанда есепке тартылғанда осы ісімнің өтеуін беремін ғой. Сонда қатты азап шегіп жүрермін. ... Бір ауылда "ет дәмділігін қоймаса, мен ұрлығымды қоймаймын" деген ниеттегі қанды қол, баукеспе ұры болыпты. Ғұмырында қылар кәсібі ұрлық-қарлық екен. Бірде сол баукеспе: "Ертең ана дүниеге барғанда есепке тартылғанда осы ісімнің өтеуін беремін ғой. Сонда қатты азап шегіп жүрермін. Жасаған әбестігім үшін Алладан бір кешірім сұрап қояйын" деп түн жарымда ауылдың мешітіне бет түзепті.
Мешіттің ауласына енсе, сол ауылда тұратын ғұмырында бірде-бір рет бес уақыт намазы түгілі тахажжуд (түннің бір бөлігінде тұрып оқылатын нәфиле намаз) намазын қаза қылмаған, жұрт әулие санаған бір қарт хауыздың бір шетінде дәретін жаңартып жатыр екен. Хауыздың екінші басына келген әлгі ұры: "Мына ауылда қаныпезер ұры мен ғанамын ба десем, дүйім жұртшылық әулие санайтын мына қарт та мен сияқты ұрлық жасап, жеті түннің ортасында мен сияқты жұрттан жасырынып, мешітке келіп тәубе жасайды екен ғой" деген ойға беріліпті. Сөйтсе, әлгі қарт та: "Мына ауылда түн ұйқысын бөліп, мешітке келіп, құлшылық қылатын мен ғанамын ба десем, жұрт күнәһар ұрыға балаған мына кісі де истиһфарын ұмытпаған ерекше құлшылық иесі екен ғой. Уа Жасаған саған мың да бір тәуба! Біздің ауылға осындай әулие нәсіп еткеніңе" деп ізгі ойға беріліпті.
Мұсылман баласы әрқашан жақсы ойлауға тиісті. Құранда: "сыртқы күнәларыңызбен бірге ішкі күнәларыңызды да жойыңыздар "деп бұйырады. Демек, біз жоғарыдағы баукеспе ұры тәрізді күмәнді ойға берілмей, әулие қарттай әрнешіктен хикмет іздеуіміз керек...
Жұмадағы тілек-дұғаларыңыз қабыл болсын!
Read more
Loading...
Ызыңдаған шыбыннан бал дəметкен заман -ай Бай болса да кедейден мал дəметкен заман -ай Жиырмадағы ...
Media Removed
Ызыңдаған шыбыннан бал дəметкен заман -ай Бай болса да кедейден мал дəметкен заман -ай Жиырмадағы сылқымды шал дəметкен заман -ай Шабан озып жүйріктен алға кеткен заман -ай Атағы асып кейбірдің айға жеткен заман -ай Бұрыңғының тəртібі қайда кеткен заман -ай Елудегі ағаны бойдақ ... Ызыңдаған шыбыннан бал дəметкен заман -ай
Бай болса да кедейден мал дəметкен заман -ай
Жиырмадағы сылқымды шал дəметкен заман -ай
Шабан озып жүйріктен алға кеткен заман -ай

Атағы асып кейбірдің айға жеткен заман -ай
Бұрыңғының тəртібі қайда кеткен заман -ай
Елудегі ағаны бойдақ еткен заман -ай
Ер тұрманды жүйрікті жайдақ еткен заман -ай

Енесінен келіні шай дəметкен заман -ай
Қырыққа кеп қыз əрең байға кеткен заман -ай
Көп адамдар тек байлық ойлап өткен заман-ай
Тойымсыздар екі ұртын майлап өткен заман-ай

Мөлдір қайнар бастауға қақ тұратын заман -ай
Жақынынан сескеніп сақ тұратын заман -ай
Шарананы қоқысқа лақтыратын заман -ай
Жас жеткіншек кəріні жаққа ұратын заман-ай.

Ағайынға ағайын қас қылатын заман -ай,
Дұшпан болып табалап басқа ұратын заман-ай
Жақсыдан көп жамандар сап құратын заман-ай
Жала жауып нақақтан жаптыратын заман-ай

Күре жолды тар етіп тайғақ қылған заман -ай
Алаяқты шақырып айғақ қылған заман-ай
Жомарт қолын жоқшылық байлап тұрған заман-ай
Бұлбұл үнсіз қораздар сайрап тұрған заман-ай.

Сұмыраймен сұмдарға атақ ерген заман-ай
Мансап қорлар қауымға бата берген заман-ай
Жалқау жандар сылтау қып жата берген заман -ай
Адалдардың артынан шатақ ерген заман-ай.
#шығысқазақстан #ұржар #семей
#кеңбайтақелім #мақтантұтаржерім
#табиғатымыздыаялайық #ВКО #ШҚО
#естеліксәттер #ұмытылмаскүндер
#бірбіріңдібағалайбіліңіздер
#бірбіріңдіаялайбіліңіздер
#ащыболсадашындықмаңызды
#уақыттыңозғаныма #адамгершілігімізсарқылмасын
#будьсильнымбудьсобой
#ксильнымприходитуспех
#движемсядальше #тольковперед
Read more
😇Құрметті меңің оқырман қыз-келіншектерім, өткен жолы Кореядан оралғаннан кейін жаңа кəсіп ...
Media Removed
😇Құрметті меңің оқырман қыз-келіншектерім, өткен жолы Кореядан оралғаннан кейін жаңа кəсіп туралы айтамын деп едім ғой. Ол біздерді əдемі қылатын əрі үлкен пайда əкелетін ЖАҢА БИЗНЕС КӨЗІ. @kor_al_cosmetology_center басшысы ЖАЙНАР ханымның керемет бастамасы. Қазір ... 😇Құрметті меңің оқырман қыз-келіншектерім, өткен жолы Кореядан оралғаннан кейін жаңа кəсіп туралы айтамын деп едім ғой. 💐💐💐
Ол біздерді əдемі қылатын əрі үлкен пайда əкелетін ЖАҢА БИЗНЕС КӨЗІ.💰💰💰 @kor_al_cosmetology_center басшысы ЖАЙНАР ханымның керемет бастамасы.
🎎🎎🎎Қазір құжаттары дайындалып жатыр. Алдағы айларда жұмысқа кірісеміз деген жоспар бар.
ЕНДЕШЕ ХАБАРЛАНДЫРУ ЖАСАСАМ!
Осы ЖАҢА БИЗНЕС КӨЗІН ТАНЫСТЫРУ ҮШІН ӨҢІРЛЕРГЕ БАРМАҚПЫН. Ол да алдағы айларда болады. Сіздерге КОРЕЯМЕН тікелей байланысты керемет кəсіпті таныстырмақпыз.💄💄🛍👝💎💸💸💸 Жəне СЫЙ РЕТІНДЕ ДАУЫС ҚОЮ МЕН ƏЙЕЛ НƏЗІКТІГІ туралы ТЕГІН МАСТЕР - КЛАСС ұсынбақпын. 🎁🎁🎁
Пайдалы əрі рухани кездесу болмақ. 💖
Олай болса осы посттың астына өзіңіздің құрбыларыңыз бен туыстарыңызды белгілеп ЖАҢА КƏСІП туралы хабар жеткізіңіздер. Міндетті түрде АККАУНТТАРЫН белгілеңіздер, достар. Жəне осы постты РЕПОССТАП ТАРАТУДЫ ДА сұраймын.😘 Осынау қаржылай да, сұлулық тұрғысынан КЕРЕМЕТ МҮМКІНДІК беретін БИЗНЕС туралы тезірек ақпарат алмассаңыз СІЗДІҢ ӨҢІРГЕ жақын арада БАРЫП кездесу өткіземін.
Ендеше кеттік.
Ал мен КОРЕЯҒА барып бар жағдайды ӨЗ КӨЗІММЕН КӨРІП КЕЛГЕСІН сіздерге ТЕК ПАЙДАЛЫ КОСМЕТИКАЛЫҚ ӨНІМДІ ұсынатынымызға кепілдік беремін. Біз таныстыратын өнімдер ТМД аумағында сатылмайды. 👌👍
🙄Ал бір Қ Ұ П И Я айтайын. Шын мəнінде Қазақстан дүкендерінде ҚЫМБАТ БАҒАҒА сатылып жүрген КОСМЕТИКАЛАР СЕУЛДЫҢ БАЗАРЫНДА сатылып тұр. Құны ол жақта екі есе аз.
АТТАРЫН ЭТИКАҒА БАЙЛАНЫСТЫ АТАМАЙ-АҚ қояйын. Бірақ бəрін көріп көз жеткізіп келдім.
Ал біз сіздерге САПАЛЫ дүние ұсынамыз.😍😍😍 Сонымен қыз-келіншектер, сіздің өңірге барып бұл БИЗНЕС ТУРАЛЫ тезірек таныстырсын десеңіз өз командаларыңызды жинап менің командама енуге дайындала беріңіз.
Өз командаңызды жасақтасаңыз ДАЙРЕКТКЕ ЖАЗЫП маған АҚПАРАТ БЕРСЕҢІЗ БОЛАДЫ. Тек шынымен жұмыс істеймін дегендеріңіз. СІЗ ДАЙЫН БОЛСАҢЫЗ мен сіздер жаққа БІРІНШІ БОЛЫП БАРАМЫН.
ЖƏНЕ МЕНЕН ƏДЕМІ ДАУЫС ПЕН ƏЙЕЛ НƏЗІКТІГІ МЕН ЭНЕРГЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ ТЕГІН МАСТЕР-КЛАСС АЛА АЛАСЫЗДАР.
ГҮЛНАЗБЕН БІРГЕ ƏДЕМІ БОЛАЙЫҚ.
#гүлназбенбіргеəдеміболайық
Осы хештегтіде жазып жүрсеңіздер.😘
Read more
Loading...