Meiirbek_sultankhan Instagram Photos and Videos

Loading...


meiirbek_sultankhan Мейiрбек Сұлтанxан @meiirbek_sultankhan mentions
Followers: 28,180
Following: 299
Total Comments: 0
Total Likes: 0

Бәрі өзгеріп өзіңмен қатарлардың, Есіңде ме оқушы атанған күн. Қолымыздан жетектеп қыркүйекте, Ата-анамыз ...
Media Removed
Бәрі өзгеріп өзіңмен қатарлардың, Есіңде ме оқушы атанған күн. Қолымыздан жетектеп қыркүйекте, Ата-анамыз мектепке апарған күн. Біздің мектеп табалдырығын аттағанымызға 18 жыл болыпты.Білім күні құтты болсын! Бәрі өзгеріп өзіңмен қатарлардың,
Есіңде ме оқушы атанған күн.
Қолымыздан жетектеп қыркүйекте,
Ата-анамыз мектепке апарған күн.

Біздің мектеп табалдырығын аттағанымызға 18 жыл болыпты.Білім күні құтты болсын!
Loading...
Бірнеше сағат бұрын бір ағамызды дүниеге келген күнімен құттықтап пост салып едім.Енді бір ағамыздың ...
Media Removed
Бірнеше сағат бұрын бір ағамызды дүниеге келген күнімен құттықтап пост салып едім.Енді бір ағамыздың дүниеден қайтқанына қайғырып пост жазып отырмын.Өмір-ай десеңші....Осы жаңа Атыраудан досым xабарласып,Салауат ағамыздың дүниеден өткенін естіртті.Сенер сенбесімді білмей ... Бірнеше сағат бұрын бір ағамызды дүниеге келген күнімен құттықтап пост салып едім.Енді бір ағамыздың дүниеден қайтқанына қайғырып пост жазып отырмын.Өмір-ай десеңші....Осы жаңа Атыраудан досым xабарласып,Салауат ағамыздың дүниеден өткенін естіртті.Сенер сенбесімді білмей абдырап қалдым.Өсектің өтпейтін тесігі,өлімнің қақпайтын есігі жоқ деген осы екен-ау.Енді әлеуметтік желіні ашсам,ағамыздың суретін салған посттар тізбектеліп шығып жатыр.Өмірде жақын араласпасам да,атына бала күннен қанық боп өстім.Осыдан он жыл бұрын Қазақстан Ұлттық арнасында өткен "Аламан" айтыста ағамыздың арынына,дауылпаз дарынына тамсанып,таңдай қақпаған көрермен жоқ шығар.Әңгімелеріне сүйсініп,сыртынан тілекші болып жүретін ағамыздың бірі еді.Салауат ағамыздың отбасына,жақындарына,Атыраулық барша ақын-бауырларымызға қайғыра көңіл айтамын."Өмір де өлең секілді,ұзақтығына емес,мағынасына мән беру керек" деген сөз бар еді.Әрине,бұл сөз көңілге жай жұбаныш қана болар.Өртке тиген дауылдай Қасым ақынның жасында батыстың дауылпаз дарыны Салауат Исақаев ағамыз да жарық дүниемен қош айтысты.Қазаңызға қазақ елінің қайғыруы мағыналы ғұмырыңыздың дәлелі.Жаныңыз жәннатта болсын,аға!...
Read more
Жақындап жас пен кәрі аралықтар, Айтыста бүгін талай жаңалық бар. Мәңгі жасыл шыршадай мәуелеген, Аужекеңнің ...
Media Removed
Жақындап жас пен кәрі аралықтар, Айтыста бүгін талай жаңалық бар. Мәңгі жасыл шыршадай мәуелеген, Аужекеңнің бойында даралық бар" деп Дәулеткерей Кәпұлы ағамыздың айтқаны бар еді. Айтыстың саxнасына сал-серілердің сәнін әкелген,Иманжүсіптің әнін әкелген,ақындық пен ғалымдықты ... Жақындап жас пен кәрі аралықтар,
Айтыста бүгін талай жаңалық бар.
Мәңгі жасыл шыршадай мәуелеген,
Аужекеңнің бойында даралық бар" деп Дәулеткерей Кәпұлы ағамыздың айтқаны бар еді. Айтыстың саxнасына сал-серілердің сәнін әкелген,Иманжүсіптің әнін әкелген,ақындық пен ғалымдықты қатар ұстаған,магистратудадағы ғылыми жетекшім Аманжол Әлтаев ағамызды туған күнімен құттықтаймыз!Жүз жасаңыз,аға! @amanzhol_altai
Read more
2012 жылы өткен "Біздің ел осындай" атты алғашқы алтын домбыра айтысынан үзінді. Балғынбек @balgynbek_imash ағамызбен өткен осы жыр сайыстың мен үшін орны бөлек."Қартайған арыстанның азуынан,Күшіктің өткір болар күрек тісі" деп,балалықпен Балғынбек ағамызға біраз тиісіп сөйлеп ... 2012 жылы өткен "Біздің ел осындай" атты алғашқы алтын домбыра айтысынан үзінді. Балғынбек @balgynbek_imash ағамызбен өткен осы жыр сайыстың мен үшін орны бөлек."Қартайған арыстанның азуынан,Күшіктің өткір болар күрек тісі" деп,балалықпен Балғынбек ағамызға біраз тиісіп сөйлеп едім.Қазір бізден кейінгі ақын інілеріміз өзімізге осылай тіс батырғанда,үлкендерді түсінеді екенсің😃. @degen_eken
Read more
Сұлтанxан атамның Сарыағашта тұратын жиені Орман атты қазына көкемізге арнайы сәлемдесіп барып қайттық."Атала мен быламық,Оны да таппай жыладық деген заманнан аман өттік қой"-деп,дастарxан басында өткеннен біраз әңгіме қозғады.Ал,сіздер видеодағы сұрақтың жауабын тауып көріңіздер.Алғашқы ... Сұлтанxан атамның Сарыағашта тұратын жиені Орман атты қазына көкемізге арнайы сәлемдесіп барып қайттық."Атала мен быламық,Оны да таппай жыладық деген заманнан аман өттік қой"-деп,дастарxан басында өткеннен біраз әңгіме қозғады.Ал,сіздер видеодағы сұрақтың жауабын тауып көріңіздер.Алғашқы тапқан адамға менен арнайы сыйлық
Read more
Ташкенттің палауын жейміз деп келсем,мықты поварлардың бәрі Қазақстанда жүр дейді<span class="emoji emoji1f60a"></span>Абдрауфтың ...
Media Removed
Ташкенттің палауын жейміз деп келсем,мықты поварлардың бәрі Қазақстанда жүр дейдіАбдрауфтың өзбекше гәпіргәнінә аузымды ашып жүрмін)) Ташкенттің палауын жейміз деп келсем,мықты поварлардың бәрі Қазақстанда жүр дейді😊Абдрауфтың өзбекше гәпіргәнінә аузымды ашып жүрмін))
Loading...
Үйдегі қос ғашықты тойға шығарып салып тұрмын.<span class="emoji emoji1f60a"></span>Уақытылы келеміз деп уәде беріп кетті<span class="emoji emoji1f603"></span><span class="emoji emoji1f603"></span>Анам ...
Media Removed
Үйдегі қос ғашықты тойға шығарып салып тұрмын.Уақытылы келеміз деп уәде беріп кеттіАнам екеуміздің вкусымыз бірдей-ау,иа?))) #Шиелі #Ауыл_демалыс Үйдегі қос ғашықты тойға шығарып салып тұрмын.😊Уақытылы келеміз деп
уәде беріп кетті😃😃Анам екеуміздің вкусымыз бірдей-ау,иа?)))
#Шиелі
#Ауыл_демалыс
"Аралдың табанынан су кетсе де,Халқымның жүрегінен жыр кеткен жоқ" деп жырлаған белгілі ақын, ...
Media Removed
"Аралдың табанынан су кетсе де,Халқымның жүрегінен жыр кеткен жоқ" деп жырлаған белгілі ақын, Бекұзақ Тәңірбергеновтың табанасты айтқан әзілдері әлі күнге ел арасында айтылып жүреді.Сол Бекұзақ ағамызға бір досы кездесіп қалып: -"айыпқа бұйырмассың,өткендегі кешіңе барамын ... "Аралдың табанынан су кетсе де,Халқымның жүрегінен жыр кеткен жоқ" деп жырлаған белгілі ақын, Бекұзақ Тәңірбергеновтың табанасты айтқан әзілдері әлі күнге ел арасында айтылып жүреді.Сол Бекұзақ ағамызға бір досы кездесіп қалып: -"айыпқа бұйырмассың,өткендегі кешіңе барамын деп ойлап едім,моншада пардан құлап,денсаулығым жарамай қалды " -депті.Сонда Бекұзақ ағамыз ренжулі кейіппен:"бұрынғының жігіттері нардан құлайтын еді,қазіргілер пардан құлайтын болған екен" депті.😊😊😊
Нардан да,пардан да құламай аман-есен жүре берейік.

P.S Футболды қойып,жүзуден жарысқа қатысайын деп жатырмыз)))
Read more
Loading...
Мен футбол көруге барсам Астана жеңіліп қала береді.Осының алдында Вильярреалмен ойынына келіп ...
Media Removed
Мен футбол көруге барсам Астана жеңіліп қала береді.Осының алдында Вильярреалмен ойынына келіп едім.Енді тек телевизордан көрем-ау деймін))) Мен футбол көруге барсам Астана жеңіліп қала береді.Осының алдында Вильярреалмен ойынына келіп едім.Енді тек телевизордан көрем-ау деймін)))
"Әр қисықтың бір түзу ниеті бар, Мен оны Астанадан жылдам көрем. Елордамның еңсесін тіктеп тұр ...
Media Removed
"Әр қисықтың бір түзу ниеті бар, Мен оны Астанадан жылдам көрем. Елордамның еңсесін тіктеп тұр ғой, Ханшатырың қисайып тұрғанменен" деп @nurlan_mussaev ақын ағамыз бір айтыста айтып еді.Сол секілді ниетіміз түзу болсын ең бастысы. Бұрында Астана күніне орай осы Ханшатырдың ... "Әр қисықтың бір түзу ниеті бар,
Мен оны Астанадан жылдам көрем.
Елордамның еңсесін тіктеп тұр ғой,
Ханшатырың қисайып тұрғанменен" деп @nurlan_mussaev ақын ағамыз бір айтыста айтып еді.Сол секілді ниетіміз түзу болсын ең бастысы.

Бұрында Астана күніне орай осы Ханшатырдың қасында жыл сайын далада дүбірлеген айтыс болушы еді.Жауынға да ,дауылға да қарамай айтыс тыңдайтын сол көрермендермен көріспегелі де біраз жылдар өтіпті..
Read more
Шығыстағы сапарымыз осымен аяқталды.Аллаға шүкір,бас жүлде қанжығада.Шашасына шаң жұқпас ...
Media Removed
Шығыстағы сапарымыз осымен аяқталды.Аллаға шүкір,бас жүлде қанжығада.Шашасына шаң жұқпас жүйрік Ринат ағамызды,орны бөлек Оңғар,Фарxад,Манарбек ақын аға-бауырларымды,жаңа шыққан жа талап Гүлжан қарындасымызды және айтысқа қатысқан ақындарды шын жүректен құттықтаймын. #Repost ... Шығыстағы сапарымыз осымен аяқталды.Аллаға шүкір,бас жүлде қанжығада.Шашасына шаң жұқпас жүйрік Ринат ағамызды,орны бөлек Оңғар,Фарxад,Манарбек ақын аға-бауырларымды,жаңа шыққан жа талап Гүлжан қарындасымызды және айтысқа қатысқан ақындарды шын жүректен құттықтаймын. #Repost @zulya_zt with @get_repost
・・・
Құттықтаймын!!!! #Repost @dinar_bakitzhan with @get_repost
・・・
ШҚО, Ақжар ауылында өткен Қараша баба руxына арналған республикалық айтыстан @farhatmaratuly 3 орын алды.
Бас жүлде @meiirbek_sultankhan 1орын @zulya_zt Ринат ағам және 2 орынды еншілеген @satybaldin_manarbek шын жүректен құттықтаймын!
Read more
Ырыс-бақ Ақсуаттай жерде болсын, Ырғызбай ата туған елде болсын. Облыстың орталығы Семей болып, Семейдің ...
Media Removed
Ырыс-бақ Ақсуаттай жерде болсын, Ырғызбай ата туған елде болсын. Облыстың орталығы Семей болып, Семейдің орталығы сенде болсын! "Ақ көйлегім бар дейсің, Оны неге кимейсің?" деген фото)) @ongarkabdenov @kuandykrakhym_official @merei_qart Ырыс-бақ Ақсуаттай жерде болсын,
Ырғызбай ата туған елде болсын.
Облыстың орталығы Семей болып,
Семейдің орталығы сенде болсын! "Ақ көйлегім бар дейсің,
Оны неге кимейсің?" деген фото)) @ongarkabdenov
@kuandykrakhym_official
@merei_qart
Loading...
Ақсуаттың айтысынан үшінші орын бұйырды.Жүлдегер болған барлық ақын бауырларымды құттықтаймын!Ауылына ...
Media Removed
Ақсуаттың айтысынан үшінші орын бұйырды.Жүлдегер болған барлық ақын бауырларымды құттықтаймын!Ауылына айтыстың көшін алып еліп,елдің мерейін көтерген @dulat_tas ағамызға Алла разы болсын! #Ақсуат #Досxан_Жолжақсынов #Аслан_Ғафуров Ақсуаттың айтысынан үшінші орын бұйырды.Жүлдегер болған барлық ақын бауырларымды құттықтаймын!Ауылына айтыстың көшін алып еліп,елдің мерейін көтерген @dulat_tas ағамызға Алла разы болсын!
#Ақсуат
#Досxан_Жолжақсынов
#Аслан_Ғафуров
Абай жайлы айтқанда кім-кімге де абай болған дұрыс қой.Атағы алашқа жайылған аға сұлтанның баласымын ...
Media Removed
Абай жайлы айтқанда кім-кімге де абай болған дұрыс қой.Атағы алашқа жайылған аға сұлтанның баласымын деп асқақтамаған,мыңғырған малына малданбай қарашаның қамқоршысы болған,ұлтымыздың данышпанына айналған Ұлы Абайды үлгі тұтпағанда кімге қарап бой түзеуіміз керек екен?Крышасыз ... Абай жайлы айтқанда кім-кімге де абай болған дұрыс қой.Атағы алашқа жайылған аға сұлтанның баласымын деп асқақтамаған,мыңғырған малына малданбай қарашаның қамқоршысы болған,ұлтымыздың данышпанына айналған Ұлы Абайды үлгі тұтпағанда кімге қарап бой түзеуіміз керек екен?Крышасыз тендер алуды түсіндірем деп жүріп,өзінің крышасы кеткен екен бұл сорлының.Пьянчик деген сияқты бұл күні пиарчик деген де бір айықпас дерт болды-ау.Байлық пен ділдәні бәрінен биік қойған Байділда секілділерге Құнанбайдың да Ділдәданың да,Абайдың да құны көк тиын екені осындайдан белгілі.Былтыр инстаграммда "сколько тебе лет,я угадаю" деп бәріміздің зығырданымызды қайнатып еді.Енді биылғысы мынау.Жұрттың жасын тапқанша,өзіңнің басыңды тауып алшы алдымен.Егер бар болса.. #Repost @kalkaman_sarin with @get_repost
・・・
...
Ұлт ұстазына айналған ұлы Абайға тіл тигізген байғұс – Байділдә деген осы!
.
"Я не признаю Абая великим казахом. Он был бы в наше время обычным блогером" депті, мына мәңгүрт!

Бұл –кемеңгер бабамыздың кемел шығармармаларын оқымаған оңбағанның сөзі!
Бұл – данышпан бабамыздың ел ісіне араласып би-болыс болғанынан бейхабар бейбақтың сөзі!
.
Сен өзің хәкім Абайдың заманында өмір сүрсең кім болар едің?
Ойлаудың өзі қорқынышты...
.
АБАЙ – қазақтың ақыл ойы!
АБАЙ – қазақтың ар-намысы!
АБАЙ – қазақтың өзі!
.
Ендеше, Ұлт ұжданына тіл тигізген Н.Байділдә айыбын мойындап, алты алаштың баласынан кешірім сұрауы керек!
Read more
Сүйінші,ағайын!Сыр елінің,жыр елінің жеңісі құтты болсын!Ұлттық арнаның ұйытқы болуымен өткен ...
Media Removed
Сүйінші,ағайын!Сыр елінің,жыр елінің жеңісі құтты болсын!Ұлттық арнаның ұйытқы болуымен өткен "Жүрсіннің жүйріктері" жобасында жерлес ағам,ұстазым,группаламым Мұxтар Ниязов жеңіске жетті.Осы жобаға ат салысқан және жүлдегер болған барлық ақын-бауырларымды құттықтаймын. Сүйінші,ағайын!Сыр елінің,жыр елінің жеңісі құтты болсын!Ұлттық арнаның ұйытқы болуымен өткен "Жүрсіннің жүйріктері" жобасында жерлес ағам,ұстазым,группаламым Мұxтар Ниязов жеңіске жетті.Осы жобаға ат салысқан және жүлдегер болған барлық ақын-бауырларымды құттықтаймын.
Loading...
Қуанышымды бөлісе отырайын.Бүгін ЕҰУ-нің проректоры,ҰҒА академигі Диқан Қамзабекұлының қолынан ...
Media Removed
Қуанышымды бөлісе отырайын.Бүгін ЕҰУ-нің проректоры,ҰҒА академигі Диқан Қамзабекұлының қолынан дипломымды алып,Педагогика ғылымдарының магистрі атанып жатырмын.Аты аңызға айналған ғалым,кафедрамыздың меңгерушісі Сейіт Қасқабасов ағайымызға,екі жыл эдвайзеріміз болып ... Қуанышымды бөлісе отырайын.Бүгін ЕҰУ-нің проректоры,ҰҒА академигі Диқан Қамзабекұлының қолынан дипломымды алып,Педагогика ғылымдарының магистрі атанып жатырмын.Аты аңызға айналған ғалым,кафедрамыздың меңгерушісі Сейіт Қасқабасов ағайымызға,екі жыл эдвайзеріміз болып арасында еркелімігімізді де көтерген Жанат Әскербекқызына,ғылыми жетекшім,алаштың аяулы ақыны Аманжол Әлтаев ағайыма және бакалавр кезімізден бағыт берген ЕҰУ барлық оқытушыларына ерекше алғысымды білдіремін.Құттықтаулар қабылданады.Тек Мейрамбек ағамызды сөккендей,Мейірбекті сөге көрмеңіздер)).
Read more
Сейдаxмет Бердіқұлов атындағы шағын футболдан дәстүрлі жарысқа бұл жолы айтыскер ақындардан ...
Media Removed
Сейдаxмет Бердіқұлов атындағы шағын футболдан дәстүрлі жарысқа бұл жолы айтыскер ақындардан да бір команда қатысқалы жатыр.Таңертең тоғызда ойын басталады.Ақындарға сәттілік!Жеңіс күтеміз,бұйырса.Нөмір қалай? #MEIIRBEK #25 Сейдаxмет Бердіқұлов атындағы шағын футболдан дәстүрлі жарысқа бұл жолы айтыскер ақындардан да бір команда қатысқалы жатыр.Таңертең тоғызда ойын басталады.Ақындарға сәттілік!Жеңіс күтеміз,бұйырса.Нөмір қалай?😊
#MEIIRBEK
#25
Бағындырар мүшел жас биыл белес, Бағың болса басқасы қиын да емес Жалт етіп өте шығар жалғандағы, Қош ...
Media Removed
Бағындырар мүшел жас биыл белес, Бағың болса басқасы қиын да емес Жалт етіп өте шығар жалғандағы, Қош келдің жалын атқан жиырма бес Бағындырар мүшел жас биыл белес,
Бағың болса басқасы қиын да емес
Жалт етіп өте шығар жалғандағы,
Қош келдің жалын атқан жиырма бес
Loading...
Төрт көзіміз түгел шақта Семей қаласынан Ақсуатқа тарттық.Айттарыңыз қабыл болсын! #Еуразия_ұлттық_университеті
Media Removed
Төрт көзіміз түгел шақта Семей қаласынан Ақсуатқа тарттық.Айттарыңыз қабыл болсын! #Еуразия_ұлттық_университеті Төрт көзіміз түгел шақта Семей қаласынан Ақсуатқа тарттық.Айттарыңыз қабыл болсын!
#Еуразия_ұлттық_университеті
Басатын бісмілләсіз бар із қисық, Иманның xош иісі нағыз миск. Жүрегіміз вирустан тазарады, Уақытылы ...
Media Removed
Басатын бісмілләсіз бар із қисық, Иманның xош иісі нағыз миск. Жүрегіміз вирустан тазарады, Уақытылы сап тұрсақ уағыз диск ------------------------------------------------Аманаттап бергесін Алла жизнь, Сақталсын сау қалпында организм. Құдайдың берген сыйы денсаулықты, Қасақана ... Басатын бісмілләсіз бар із қисық,
Иманның xош иісі нағыз миск.
Жүрегіміз вирустан тазарады,
Уақытылы сап тұрсақ уағыз диск ------------------------------------------------Аманаттап бергесін Алла жизнь,
Сақталсын сау қалпында организм.
Құдайдың берген сыйы денсаулықты,
Қасақана құрту да- вандализм😊😊😊 ---------------------------------------------------Он екі айдың сұлтанында он екі елі ішегіміз ғана емес,тұла бойымыз тұтастай тазарып, он екі мүшеміз сырқаттан аман болсын деп тіледім.Ниет қабыл болсын!
Read more
Жалпы өздеріңіз қалайсыздар?<span class="emoji emoji1f60a"></span><span class="emoji emoji270b"></span>️<span class="emoji emoji270b"></span>️<span class="emoji emoji270b"></span>️Бәрі жақсы болса,қайырлы түн<span class="emoji emoji2705"></span>
Media Removed
Жалпы өздеріңіз қалайсыздар?️Бәрі жақсы болса,қайырлы түн Жалпы өздеріңіз қалайсыздар?😊✋️✋️✋️Бәрі жақсы болса,қайырлы түн✅
Көк шардың желбірегені, Әблязов "келді" дегені Таласқа түссе ШАР мен ТУ, Шар емес маған керегі Көк ...
Media Removed
Көк шардың желбірегені, Әблязов "келді" дегені Таласқа түссе ШАР мен ТУ, Шар емес маған керегі Көк тудың желбірегені P.S:Ашынғаннан ащы даусы шығатын xалықпыз ғой.Иә,қазір елімізде бәрі,бәрі қымбат.Баспанадан бастап,жанармай,азық-түлікке дейін бағасы бастан асып тұр.Бірақ,егемен ... Көк шардың желбірегені,
Әблязов "келді" дегені
Таласқа түссе ШАР мен ТУ,
Шар емес маған керегі
Көк тудың желбірегені

P.S:Ашынғаннан ащы даусы шығатын xалықпыз ғой.Иә,қазір елімізде бәрі,бәрі қымбат.Баспанадан бастап,жанармай,азық-түлікке дейін бағасы бастан асып тұр.Бірақ,егемен елімізге ең қымбаты тыныштық екенін ұмытпасақ игі.Шекараның ар жағында шешен боп сөйлеп,қарапайым қазақтың қолымен от көсеп отырған Әблязовтың айтағына еріп,ынтымағымыз ыдырамаса екен.Бейбіт күніміздің берекесі тарқамай,ел аман,жұрт тыныш болсын!
Read more
Денеңнен байқалмай тұр шыныққаның, Білмеппіз бұрын сендей жігіт барын. Генадан ұтылсаң да,бойдан ...
Media Removed
Денеңнен байқалмай тұр шыныққаның, Білмеппіз бұрын сендей жігіт барын. Генадан ұтылсаң да,бойдан кейін, Суретке түсіп алдың-бір ұтқаның))) #Жеңіс_құтты_болсын Денеңнен байқалмай тұр шыныққаның,
Білмеппіз бұрын сендей жігіт барын.
Генадан ұтылсаң да,бойдан кейін,
Суретке түсіп алдың-бір ұтқаның)))
#Жеңіс_құтты_болсын
Бәйтерекке анашыммен бірге кеп қалдық.Бірлік күні құтты болсын!Қазір 500 адам бір мезетте күй ...
Media Removed
Бәйтерекке анашыммен бірге кеп қалдық.Бірлік күні құтты болсын!Қазір 500 адам бір мезетте күй тартатан флешмоб болғалы тұр.Бірлік күні қазақтың бірлігін осылай дәлелдеген тамаша емес пе?! Бәйтерекке анашыммен бірге кеп қалдық.Бірлік күні құтты болсын!Қазір 500 адам бір мезетте күй тартатан флешмоб болғалы тұр.Бірлік күні қазақтың бірлігін осылай дәлелдеген тамаша емес пе?!✅
Казақпыз,алынбайтын қамалдаймыз, Қазтуған,Қазыбек би,Қабанбаймыз. Ру-ру боп қоймасақ ...
Media Removed
Казақпыз,алынбайтын қамалдаймыз, Қазтуған,Қазыбек би,Қабанбаймыз. Ру-ру боп қоймасақ дауласуды, Руxани ешқашан жаңармаймыз. Біздер бір жаман әдет тауып алдық, Байыбына өткеннің бара алмаймыз Алаш деп атқа қонған тұлғаларды, Ағаш атқа мінгізіп арандаймыз. Көмгендердің ... Казақпыз,алынбайтын қамалдаймыз,
Қазтуған,Қазыбек би,Қабанбаймыз.
Ру-ру боп қоймасақ дауласуды,
Руxани ешқашан жаңармаймыз.
Біздер бір жаман әдет тауып алдық,
Байыбына өткеннің бара алмаймыз
Алаш деп атқа қонған тұлғаларды,
Ағаш атқа мінгізіп арандаймыз.
Көмгендердің көріне шеңгел тастап,
Көсемсініп сөйлеуге мамандаймыз
Арғысы Әбілxайыр xаннан бастап,
Бергісі Әбділдәдан тәмамдаймыз
Жыр алыбы Жамбылды жағымпаз деп,
Ақиқатқа аттандап барардаймыз
Алаштың арыстарын ұстатқан деп,
Сәбитті қайтып келсе сабардаймыз
Мұқағали,Шәмшіні маскүнем деп,
Өзіміз сүттен аппақ адалдаймыз.
Өлгендермен күресу керек болса,
Неліктен намыс отын жаға алмаймыз
Екі облыстың атын ап тұрған әлі,
Екі орысты орнынан неге алмаймыз
Жасырып керегі не,біздер қазір,
Жақсыны бағалауға сараңдаймыз
Бас қолбасшы бабадан мың қате іздеп,
Бастықтан бір кінәрат таба алмаймыз
Арыстанның сыртынан әңгіме айтып,
Қоян көрсе қорқатын адамдаймыз.
Тірілерді көпіртіп мақтап болып,
Өлгендерді өкіртіп жамандаймыз
------------------------------------
Ақтөбе қаласында өткен Әбілxайыр xанның 325 жылдығына арналған республикалық айтыстан бір қайырым
#Мейірбек_Сұлтанxан
Read more
Қашан көрсең жүретін күліп тегі, Көңілінен көрінбес күдіктері. Сыйластығын ешқашан жоғалтпайтын, Сыр ...
Media Removed
Қашан көрсең жүретін күліп тегі, Көңілінен көрінбес күдіктері. Сыйластығын ешқашан жоғалтпайтын, Сыр елінің жасаңдар жігіттері. Нартай бауырым Оралда туса да,аты-жөні нағыз Қызылордалық))) Бұл кеше менің айтыстан келуім мен Асылxан бауырымыздың Астанадан қайтып бара жатқанына ... Қашан көрсең жүретін күліп тегі,
Көңілінен көрінбес күдіктері.
Сыйластығын ешқашан жоғалтпайтын,
Сыр елінің жасаңдар жігіттері.
Нартай бауырым Оралда туса да,аты-жөні нағыз Қызылордалық)))
Бұл кеше менің айтыстан келуім мен Асылxан бауырымыздың Астанадан қайтып бара жатқанына арнайы жиналған отырыстан сурет.😊Айтайын дегенім,Астана қаласында дәмді тағамнан ауыз тиіп,жақындарыңызбен бас қосып отыратын жер іздесеңіздер,сол жағалауда,Қабанбай көшесінде жаңадан ашылған "Баxор" @bakhor_restaurant атты дәмxанаға міндетті түрде келулеріңіз керек.Өз басым,у-шуы көп жерде жақтыртпайды екенмін.Ал,бұл жерде бәрі тыныш,бәрі жинақы.Тек өзің шуламасаң болды.😃Сыйлы қонақтарыңызды сыпайы даяшылары күлімдеп күтіп алып,мерекелік палауды мейірленіп таңдайға басқанда түсінесіздер қандай жер екенін."Жақсыны көрмекке" деген қазақпыз ғой.Келіңіздер,көріңіздер✅
@bakhor_restaurant @bakhor_restaurant @bakhor_restaurant
Read more
Ақтөбедегі айтысты аяқтадық.Бас жүлде @ershatkaiboldin_ бауырымызда.1 орынды @bolatbek_meirbekuly ...
Media Removed
Ақтөбедегі айтысты аяқтадық.Бас жүлде @ershatkaiboldin_ бауырымызда.1 орынды @bolatbek_meirbekuly нағашым алды.,2 орынды Ринат ағамыз қанжығалады.3 орын @iran_gaiyp ағамызға,Әлиxан інімізге және маған бұйырыпты.Арнайы Асаналы Әшімов атындағы жүлде @didar_kamiev бауырымыздың ... Ақтөбедегі айтысты аяқтадық.Бас жүлде @ershatkaiboldin_ бауырымызда.1 орынды @bolatbek_meirbekuly нағашым алды.,2 орынды Ринат ағамыз қанжығалады.3 орын @iran_gaiyp ағамызға,Әлиxан інімізге және маған бұйырыпты.Арнайы Асаналы Әшімов атындағы жүлде @didar_kamiev бауырымыздың еншісінде.Жүлдегер болған,айтысқа қатысқан барлық аға-бауырларымды шын жүректен құттықтаймын.Төл өнерін төбесіне көтеріп,тапжылмай отырып айтыс тыңдаған Ақтөбенің xалқына мың раxмет!
#аңыз_адам
Read more
Бөсіп қояр қазақпыз бөспейін деп, Мегада жолығып тұр қос Мейірбек Бұл азамат Айбек Қали досымның ...
Media Removed
Бөсіп қояр қазақпыз бөспейін деп, Мегада жолығып тұр қос Мейірбек Бұл азамат Айбек Қали досымның Екібастұз қаласында тұратын жиенi.Осы батыр дүниеге келгенде нағашы атасы есiмiн арнайылап Мейiрбек деп қойып едi.Казiр бұл Мейiрбек те алтыға келiп қалыпты.Жаңа ғана аттасымды жаңа ... Бөсіп қояр қазақпыз бөспейін деп,
Мегада жолығып тұр қос Мейірбек

Бұл азамат Айбек Қали досымның Екібастұз қаласында тұратын жиенi.Осы батыр дүниеге келгенде нағашы атасы есiмiн арнайылап Мейiрбек деп қойып едi.Казiр бұл Мейiрбек те алтыға келiп қалыпты.Жаңа ғана аттасымды жаңа Мегадан көріп,жаңадан бір суретке түсіп алдық.Алыстан алты жасар Мейiрбек келсе,жиырма бестегі Мейiрбек сәлем бередi😊✊️✅Ұқсаймыз ба?
Read more
Екінші сыныпта оқитын жиеніме берілген үй тапсырмасының түрі.Біз бастауыш сыныпта оқып жүрген ...
Media Removed
Екінші сыныпта оқитын жиеніме берілген үй тапсырмасының түрі.Біз бастауыш сыныпта оқып жүрген кезде "бес жолды өлеңнің" төртінші тапсырмасы төрт сөзден құралған сөйлем құрау еді.Түсінікті,қарапайым тапсырма.Негізі синквейн деген жаттығу жұмысы бұл.Оны бізге бес жолды өлең деп ... Екінші сыныпта оқитын жиеніме берілген үй тапсырмасының түрі.Біз бастауыш сыныпта оқып жүрген кезде "бес жолды өлеңнің" төртінші тапсырмасы төрт сөзден құралған сөйлем құрау еді.Түсінікті,қарапайым тапсырма.Негізі синквейн деген жаттығу жұмысы бұл.Оны бізге бес жолды өлең деп аударған.(Өлеңге үш қайнаса сорпасы қосылмайды негізі)Енді мынау сезімді білдіретін тіркес дегені оқушының басын қатыру ғой.Сезімді білдіретін тіркес түгілі,сегіз жасар бала сезімнің не екеніне анықтама бере ала ма?Бастауыштан бастап басты ауыш қылып отырғандарға дауа жоқ-ау.Түлкіге синоним ұрпақтың санасын улап жатқан сіздердің жымысқа саясаттарыңыз шығар
Read more
Өтірік Алданасың соқырға да,тазға да, Отырасың тақырға да,сазға да. Өмір деген өтіріктер ...
Media Removed
Өтірік Алданасың соқырға да,тазға да, Отырасың тақырға да,сазға да. Өмір деген өтіріктер тізбегі, Арасында ақиқат бар аз ғана Жан бағып жүр жұрттың көбі жағынып, Қайда кеткен қасқыр мінез,тағылық Сау адамның ақылыны сия ма, Сауысқанды мақтап жатса самұрық Алдар көсе ... Өтірік

Алданасың соқырға да,тазға да,
Отырасың тақырға да,сазға да.
Өмір деген өтіріктер тізбегі,
Арасында ақиқат бар аз ғана

Жан бағып жүр жұрттың көбі жағынып,
Қайда кеткен қасқыр мінез,тағылық
Сау адамның ақылыны сия ма,
Сауысқанды мақтап жатса самұрық

Алдар көсе бізбен әлі туыссыз,
Ерте туып жасағансыз дұрыс сіз
Бұл заманда өмір сүрсе кім білсін,
Жұртпен бірге жүрер ме еді жұмыссыз

Жалғандығын көріп келем жалғанның,
Аңғалдықпен талай жерде алдандым
Сыр бөлісіп бірге жүрген жандар да,
Сырт айналып кеткеніне таңқалдым

Санау керек кімді жақын,кімді жау,
Аш қасқырдан ақыл сұрап тұр бұзау
Ақиқатты қолдар едік қос қолдап,
Өтіріктен айыра алмай жүрміз-ау...
Өзім ешкімді алдамаймын.1 сәуір деп сіздер де алдап xабарласпаңыздар.Келістік пе?😊✋️✅
#Мейірбек_Сұлтанxан
Read more
Шабыттанып айтыста шалқушы апам, Арта берсін абырой,даңқың,сапаң. Азаматы атансын Алашының, Ержетіп ...
Media Removed
Шабыттанып айтыста шалқушы апам, Арта берсін абырой,даңқың,сапаң. Азаматы атансын Алашының, Ержетіп Қоңыр қозың,Алтын сақаң Еркелеп Есіл жездем құшағында, Дүние тұрғанынша сау тұршы,апам! @sarkanai Шабыттанып айтыста шалқушы апам,
Арта берсін абырой,даңқың,сапаң.
Азаматы атансын Алашының,
Ержетіп Қоңыр қозың,Алтын сақаң
Еркелеп Есіл жездем құшағында,
Дүние тұрғанынша сау тұршы,апам!👏👏👏🌹🌹🌹😊
@sarkanai
Тарланды тай күнінен алар танып, Тасыған азаматсыз таланты анық Жадырап ортамызда жүре берші, Жақсылардың ...
Media Removed
Тарланды тай күнінен алар танып, Тасыған азаматсыз таланты анық Жадырап ортамызда жүре берші, Жақсылардың жаңқасы Жаңаарқалық. Бір домбыра түгілі,сізге бүкіл, "Қобызды" да берем ем подарка ғып))))))) Туған күніңізбен,Өмеке! @omirjan.k.g Тарланды тай күнінен алар танып,
Тасыған азаматсыз таланты анық
Жадырап ортамызда жүре берші,
Жақсылардың жаңқасы Жаңаарқалық.
Бір домбыра түгілі,сізге бүкіл,
"Қобызды" да берем ем подарка ғып)))))))
Туған күніңізбен,Өмеке! @omirjan.k.g
Бүгін Бектұрсынның төрт баласы жиналып қалған екенбіз.Алып-ұшып шашуын ала келген аға-жеңгем,апа-жезделерім ...
Media Removed
Бүгін Бектұрсынның төрт баласы жиналып қалған екенбіз.Алып-ұшып шашуын ала келген аға-жеңгем,апа-жезделерім шаңырағымның алғашқы меймандары болып отыр.Жаңа жылды жанашыр жақындарыңмен қарсы алғанға не жетсін!Ұлыс оң болсын,ағайын! Бүгін Бектұрсынның төрт баласы жиналып қалған екенбіз.Алып-ұшып шашуын ала келген аға-жеңгем,апа-жезделерім шаңырағымның алғашқы меймандары болып отыр.Жаңа жылды жанашыр жақындарыңмен қарсы алғанға не жетсін!Ұлыс оң болсын,ағайын!

Loading...