Orkeni Instagram Photos and Videos

Loading...


orkeni Orken KENZHEBEK @orkeni mentions
Followers: 21,460
Following: 514
Total Comments: 0
Total Likes: 0

<span class="emoji emoji1f646"></span> ХИЖАП Бір көкем «Осы менің кемшілігімді айтып берші» дейді кейде. «Өкінішке қарай, мен сізге ...
Media Removed
ХИЖАП Бір көкем «Осы менің кемшілігімді айтып берші» дейді кейде. «Өкінішке қарай, мен сізге әділ баға бере алмаймын. Себебі, жақсы көремін» деймін ғой әлгі жерде) Сол секілді, молда нағашымның қолында өскенім, ауыл медресесін тәмәм қылғаным Өркен басымның орамал мәселесіндегі ... 🙆 ХИЖАП
Бір көкем «Осы менің кемшілігімді айтып берші» дейді кейде. «Өкінішке қарай, мен сізге әділ баға бере алмаймын. Себебі, жақсы көремін» деймін ғой әлгі жерде) Сол секілді, молда нағашымның қолында өскенім, ауыл медресесін тәмәм қылғаным Өркен басымның орамал мәселесіндегі ұстанымын баяғыда-ақ айқындап берген. Ол – парыз. Әскерде айтпақшы, парыз деген приказ, ал «приказы не обсуждаются, они выполняются». Бұл ойым түсінікті шығар. Әрі қарай.
___________________________________________________
Қияметке қарай Ислам дінін ұстану қолға шоқ ұстағанмен бірдей болады деуші еді, қазір соған кеп қалдық-ау, Құдайдың құтты күні орамалмен бір дау.. Бұл жазбаны жазбас па едім, егер Mukhan Issakhan есімді дінтанушының жазбасына кезікпесем. Себебі, Мұхан ұсынған ұсыныстарды өз басым жалғыз әрі дұрыс шешім деп ойлаймын. Сонымен, біріншіге мүфтият қыздардың балиғат жасына байланысты пәтуа шығару керек. Өйткені, Ханафи мәзһабында балиғат жасы 11 жас болғанымен (бұл Куфа өңіріне берілген үкім), Қазақстанда қыздарымыз 11 жаста емес, 13-14 жаста балиғатқа толады. Ал орамалды балиғат жасына дейін кию парыз емес. Яғни біз қыздардың балиғат жасын 13-14 жас етіп бекіту арқылы бүлдіршіндерге хижаб кигізген ата-аналарға муфтияттың пәтуасын алға тартып, қарсы уәж айта аламыз.

____________________________________________________
Ал 13-14 жас, демек, 7-8 сыныпқа келіп, орамал тағып, ұзын юбка киемін десе ше? Мектеп формаларының ішінен бір үлгідегі орамалы мен үзын етегі бар киім үлгісін бекітуіміз керек. Қазір Қазақстанда Білім министрлігінде 15 мектеп формасы бекітілген. Осыларға қосып бір пішін, бір үлгідегі балама киім үлгісін жасасақ, Конституциядағы ар-ождан және діни сенім бостандығы құқына нұқсан келтірмеуге болады. Еуропа мектептерінде гигеналық киім үлгісі ретінде "вандамка" кию дресс-коды қабылданған. Бұл зайырлылыққа қайшы емес.
Аллаға мәлім, бірақ, жеке ойымша, осы шешім болып қалуы мүмкін. Себебі, орамалмен келген қыз баланың ешқандай кінәсі жоқ. Олар қара жамылып келген жоқ. Олар зайырлы білім алуға, сол ел оқитын құрбақаның ішек құрылысы мен Аустралияның тарихын ақ орамалмен оқуға келіп отыр. ***
TO BE CONTINUED 👉👉👉 #хиджаб #хижап #орамал #казахстан
Read more
Loading...
<span class="emoji emoji1f434"></span> Мен неге желілік маркетингке кірмеймін? - 2 <span class="emoji emoji1f4b2"></span>Ол кісі біраз ықылас танытпай жүрді де, менің шынымен ...
Media Removed
Мен неге желілік маркетингке кірмеймін? - 2 Ол кісі біраз ықылас танытпай жүрді де, менің шынымен шырылдап жүргенімді аяды-ау, депутаттық сауалын қойып жіберді. Сол кездегі Бас прокурор Жақып Асановқа да айтқыздық. Бір ай да өткен жоқ, алдымен Қызылорда, сосын Шымкент прокуратуралары ... 🐴 Мен неге желілік маркетингке кірмеймін? - 2 💲Ол кісі біраз ықылас танытпай жүрді де, менің шынымен шырылдап жүргенімді аяды-ау, депутаттық сауалын қойып жіберді. Сол кездегі Бас прокурор Жақып Асановқа да айтқыздық. Бір ай да өткен жоқ, алдымен Қызылорда, сосын Шымкент прокуратуралары Квестраны жауып бастады. «Біз осылай Квестраның басын шапқан едік» деп өткенде бір досыма әңгімелеп отырсам, мені төмпештей бастағаны. Сөйтсем, ол сегіз миллион теңгесін салып, шығара алмай қалған екен. Обал. Бірақ, амал не, қаржылық сауаттылыққа осылай қиналып болсын келетін шығармыз... Мәселе мақтануда емес, дұрыс түсініңіздер. Мәселе –сауаттылықта. Сосын мәселе - жауапкершілікте. 💲Мысалы, былтыр сол Квестраның типа ресми аккаунттары Қарақат Әбілдинаны әбден пайдаланды. Оның офистеріне келгенін, құшағын қызыл гүлге толтырып тұрған суретін көп басты. Жарайды, өзі білмеді делік, бірақ, Инстаграмында 2 миллиондай оқырманы бар емес пе? Қарақаттың бетін көріп, оған сеніп, қаншасы Квестраға кірді екен дим да... Бірақ, ол жабылған соң, бір ауыз кешірім сөз, айыбын мойындаған пост болмады. Жауапкершілік деп отырғаным осы еді. Биыл міне, көріп отырсыздар, туристік компаниялар қаптап кетті. Дримтрипс бар, Инкруиз бар. Екеуін де тыңдап шықтым. Маған келмейді екен шарттары. Бұдан олар дұрыс емес, я дұрыс деген сөз емес. Бұл менің жеке жағдайым. 💲Сондықтан, бір ауыз сөзбен түйетін болсам, желілік маркетингттен сәл-пәл проценттің иісін байқасам, мұсылмандығыма сын деп қашамын, тез байып, тез ақша табу деп эмоцияма бағыттап жатса ударын, бұл ашкөздігіме сын деп қашамын. Квестраны көрдіңіз. Жауапкершіліктен тағы да қорқамын. Сондықтан, извините. Ал сіздер неғып нетіп жатсыздар?)
Read more
<span class="emoji emoji1f434"></span> Мен неге желілік маркетингке кірмеймін? <span class="emoji emoji1f4b2"></span>Бұл басқалар үшін емес, өз өзіме шығарған пәтуам. Сондықтан, ...
Media Removed
Мен неге желілік маркетингке кірмеймін? Бұл басқалар үшін емес, өз өзіме шығарған пәтуам. Сондықтан, жеке бастарыңызға қатысты қабылдап қалып, өкпелеріңіз қабынып жүрмесін) Былай ғой, жас кезде талай сетевойға кіріп-шығып тастадық. Мысалы, адам өмірін сақтандырумен айналыстым. ... 🐴 Мен неге желілік маркетингке кірмеймін? 💲Бұл басқалар үшін емес, өз өзіме шығарған пәтуам. Сондықтан, жеке бастарыңызға қатысты қабылдап қалып, өкпелеріңіз қабынып жүрмесін) Былай ғой, жас кезде талай сетевойға кіріп-шығып тастадық. Мысалы, адам өмірін сақтандырумен айналыстым. Өзіне жақын деген жүз адамның тізімін жасап аласың да, «Ағатай, мысалы ертең, жазатайым сізді мәшине помидор секілді мыжып кетсе, артыңызда шиеттей болып үш балаңыз қалады емес пе? Дымсыз. Түксіз. Ал сіз қазірден бастап айына 30 мың теңгеден шотқа сап отырсаңыз, ең болмаса, өлгеннен соң да оларға қайырыңыз тиер еді» деп қорқытасың. Өліммен қорқытасың. Кейін жұртты қорқытып-үркітуден өзің де шаршап кетеді екенсің. Әйтпесе, күндік ақысы Тараз үшін тамаша болатын... 💲 Айтайын дегенім, осыдан бастап, Тяньши, Орифлеймге дейін кіріп шыққан мен үшін бұл жастық кездегі өзін-өзін іздеудің бір сорабы боп қалған еді. Қайдағы, қалған еді. Былтыр бір айдың ішінде алдап-сулап екі рет шақырды. Бірі – сөздеріне сенсек, швейцариялық банктің филиалы екен. Кемі он мың долларға шот ашсаңыз, алтын сағат береміз деп алдаусыратады) Екі аяғымды қолыма ұстап, қашқанмын, екіншісіне тұтылдым. Ол Квестра болып шықты. Аптаның басында инвестиция деп ақша салсаң, аптаның аяғында-ақ есепшотқа түсе бастайтынынан қорыққанмын. Ең қызығы, ол инвестицияны қайда салатынын әлгі можантопай консультант сол күйі түсіндіріп бере алмады. «Ох-хооо» деп журналистігіме салып, қыр соңына түсіп бердім. 💲 Сөйтсем, ауыл-аймақ, әсіресе, оңтүстік жақ ломбардқа алтынын, көлігін өткізіп тұрып, содан алған қып-қызыл ақшасын Квестраға үйіп жатыр екен. Көзім атыздай болды. Әйтеуір, өзі талай жыл қаржылық пирамиданың басында болып, іші-сыртын жақсы білетін, кейін ол жолынан тайған кісіні тауып алдық. 20 минут сөйлетіп, 4 минутын кесіп, әлеуметтік желімен жібердік. Жаман таралмады. Шымкент, Қызылордадан дауыстыры гүрілдеген бизнесмендер жеке нөмірімді тауып алып, ызбандап бастамай ма? «Бір ауыз сөзіңіз... егер Квестрадан ақшаны ал десеңіз, қазір барып алып кетеміз» деп. «Ойбай, мен жай ғана бұл секемді, күмәнді дедім, өздерің біліңдер» деп құтылдым. Көзім одан әрі атыздай болды.

ЖАЛҒАСЫ КЕЛЕСІ ПОСТЫМДА 👉👉👉
Read more
<span class="emoji emoji1f40e"></span> Ат қазақтан басқа халықта жай ғана ат. Ал бізде ол әрі зат есім, әрі етістік. Себебі, қазақ аттың ...
Media Removed
Ат қазақтан басқа халықта жай ғана ат. Ал бізде ол әрі зат есім, әрі етістік. Себебі, қазақ аттың үстінде жүріп, атын танытқан. Оны жалап-жұқтап жеп қоярдай жақсы көретініміз сонша, мініске де қоямыз, көкпарға да саламыз, сүтін сауып ішіп, ішегін айналдырып, етін еттей жейміз. Тіпті, ... 🐎 Ат қазақтан басқа халықта жай ғана ат. Ал бізде ол әрі зат есім, әрі етістік. Себебі, қазақ аттың үстінде жүріп, атын танытқан. Оны жалап-жұқтап жеп қоярдай жақсы көретініміз сонша, мініске де қоямыз, көкпарға да саламыз, сүтін сауып ішіп, ішегін айналдырып, етін еттей жейміз. Тіпті, жалына дейін жаратамыз. Содан да, мінезімізге дейін жылқы мінезді болып кеткені... Бүгін @greenpark_ast демалыс орталығында атпен серуендеп, арқаның құрысқанын, жүйкенің тырысқанын жазып қалдық. Сәл қымбаттығы болмаса, демалуға тамаша мекен деп білдім.
Read more
Өзіме есеп. Сіздерге өсек десем, ә) °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°° Бірақ, ...
Media Removed
Өзіме есеп. Сіздерге өсек десем, ә) °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°° Бірақ, бұның несі өсек, тамыз-қыркүйек, қала берді желтоқсанға дейін бізді әкімшіліктер жұлмалайды. Анда. Мұнда. Алты жыл болды-ау деймін, осы кезең біз үшін күндей күйіп тұрады. ... Өзіме есеп. Сіздерге өсек десем, ә) °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°
Бірақ, бұның несі өсек, тамыз-қыркүйек, қала берді желтоқсанға дейін бізді әкімшіліктер жұлмалайды. Анда. Мұнда. Алты жыл болды-ау деймін, осы кезең біз үшін күндей күйіп тұрады. Мысалы, өткен аптада Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің - @rsk_almaty шақыруымен екі күн екі аяғымыздан тік тұрдық. Фотоға қарасаңыз, құр тұрмай, аузымыз бірдеңені айтып жыбырлап тұр, ә? Алматының пресс хатшыларын "еті сенікі, сүйегі менікі" деп бізге тапсырған соң, пресстедік кеп.. Тәжірибеден тығындап, білімнен сығымдап, тіпті қаламдарын ұштап дегендей. Ертең Алматыда сол дәрістеріміздің шешуші күні. Пиар-практикум форматында өткіземіз. °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°
Осы аралықта Шымкентке "Нұр отанның" оңтүстіктегі төрт облысының басшыларын жинап қойған еді. Ол жаққа @qanattan екеуіміз опай-топай барып қайттық. Ал келесі аптада Атырау күтіп тұр. Мемлекеттік қызметкерлердің дайындығын пысықтап қайтамыз бұйырса. Ал бүгінге @berikuali ағам мен Жандос Байділда шақыруымен Тараздамын. Берік аға құмға апарып тастасаң да, гүлдендіріп кете ме, әйтеуір, жапыра-жайқай кіріседі ғой іске. Есімде, біз блоггерлікке кәтте батып бастағанда, мені "Старшак" деп еркелететін. Кейін @tusupbekuly екеуіміз Инстаграмын ашып бергеніміз де есте. Енді сол Жарқынбай екеуіміз өңірдің баспасөз хатшыларының алдында өнер көрсеттік. Өнер дегенде, біздікі сол.. сөзден ләңгі тебу, слайдтан шоу көрсету ғой. °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°
Қысқасы, бұл постты бір сөйлеммен "Міне, осы кездегі өмірім сондай қызық, қарбалас әрі қиын" деген болар еді. А так, көпәріпті оқып қойдыңыз енді - кеш)
Read more
Кезінде күлдіргіш Джим Керри әлеуметтік желісіне үш-төрт күн аяғынан шешпеген шұлығын салып ...
Media Removed
Кезінде күлдіргіш Джим Керри әлеуметтік желісіне үш-төрт күн аяғынан шешпеген шұлығын салып еді. Ең көп лайк жинаған. Әйтпесе, қайдан білдім оны? Егер Интернеттің иіс шығару қабілеті болса, ешкім жоламас еді, ә? Шуаштың иісі бұрқырап тұрса.. ой, жә-нә) Есентаева баяғыда табаға екі ... Кезінде күлдіргіш Джим Керри әлеуметтік желісіне үш-төрт күн аяғынан шешпеген шұлығын салып еді. Ең көп лайк жинаған. Әйтпесе, қайдан білдім оны? Егер Интернеттің иіс шығару қабілеті болса, ешкім жоламас еді, ә? Шуаштың иісі бұрқырап тұрса.. ой, жә-нә) Есентаева баяғыда табаға екі жұмыртқаны жарып, ағы мен сарысын езіп түсірген. Ең көп лайк алған. Табада езілген тұқым, представляете? Демек, көп лайк жинау абыройға тең емес-ау дим да.. Көп оқырманың болуы да мақтаныш емес. Әркімге теңі табылады екен, әйтеуір. Нақұрыс бет ашса, оны оқитын үш нақұрыс табылады. Әрең сөйлейтін, жерде иретіліп жататын сал тікелей эфирге шықса да, оның қимылын бағып отырар қырық адам табылады. Демек... Сіздер лайк басып, астына "мықты жазыпсыз" деп коммент қалдырар жазбаның кейбірі унитаздың үстінде, жұмсақ қағаз жыртылар тұста жазылған шығар. Кейбір қыздар сынып қалатын кіршіксіз таза өлеңдердің кейбірі жезөкшенің санын сипап отыратын саунада жазылған шығар, бәлкім. Мынау да өтірік ойланып, мағынасыз көкжиекке көз тіге қалған сәтті суретімнің алдындағы сәтсіз дубль еді... Демек, кісі мақтардың алдында бір сәт ойлансаңыздар.

Бір ғалым да алдына келіп мақтай бастаған адамға: «Мені не себеппен мақтап жатырсың? Ашулы кезімде сынап көріп, менің басылғанымды көрдің бе? Менімен бірге сапар шегіп, жақсы адам екенімді түсіндің бе? Маған бір аманат беріп, мен қиянат етпей оны жақсы сақтағаныма куә болдың ба? Танымаған адамыңды қалай мақтайсың?» – дегенін білесіз. Демек.. ойымды ары қарай жалғастырсаңыз
Read more
Loading...
@kuantr мырзадан бір артықшылығым бар екеніне іштей масайрап жүретінмін. Ол - жасым. Әйтеуір, ...
Media Removed
@kuantr мырзадан бір артықшылығым бар екеніне іштей масайрап жүретінмін. Ол - жасым. Әйтеуір, бір жыл ерте туғаным абырой боп, "аға" дегеніне алданып жүргем. Енді оның өзін кеше артымнан мигать етіп, бипілдетіп келіп, менің қатарыма теңеліп алды) Қуаныштың ең басты плюсі - жанына ... @kuantr мырзадан бір артықшылығым бар екеніне іштей масайрап жүретінмін. Ол - жасым. Әйтеуір, бір жыл ерте туғаным абырой боп, "аға" дегеніне алданып жүргем. Енді оның өзін кеше артымнан мигать етіп, бипілдетіп келіп, менің қатарыма теңеліп алды)
Қуаныштың ең басты плюсі - жанына тыным бермейді. Ізденісті ерттеп мініп алған ба, жайдақ мініп алған ба, алдыңда озады да отырады. Біресе Роберт Чалдинидің жұмыстарымен ауырып, кітаптарын суға шылап, кәдімгідей "жейді". Кеше Садхгурудың дәрістерін тыңдап жүрсе, бүгін Алтайдың тау-тасын аралауға шыға салуы мүмкін, ертең не істерін бір Алла біледі.
Көрдіңіз ғой, өзін-өзі шаштан сүйреп, алға тартады да жүреді. Ұйқышыл ма, мә, саған - таңғы бесте ұйқыдан оянуға
дағдыланып алды. "Магия утра" кітабы бойынша. Жылдам сөйлей ме? Баяу ырғаққа баптанып қалды. Орысшасы нашар болған дейді. Ал қазіргі пушкиншесін Манн-Овечкиндердің өзі "ой, пәлі" деп мойындады. Бизнестен теория аздық етті ме? 600-дей іскерлік әдебиетті оқып тауыса салады. Қысқасы, мен 2013 жылдары Фэйсбукте Қуан-әл-Асаи деген псевдониммен білетін жігіт толық түлеп, қауырсынын қатайтып, шалғысын қайраған қаршыға боп шықты.
@kuantr - дн бір үлгі алсақ, осы жағы - өзімен жұмыс жасауы. Сіздердің де осындай өзін-өзі жанұшыра іздеп жүрген тынымсыз достарыңыз бар ма?
Read more
Дәл осы ракурстан Алматы өткен ғасырдың Қонаевски кезеңіндегі өңімен үзіле қарайды. Абай атындағы ...
Media Removed
Дәл осы ракурстан Алматы өткен ғасырдың Қонаевски кезеңіндегі өңімен үзіле қарайды. Абай атындағы театр, ар жағында "Қазақстан" қонақүйі, телемұнара ..қараңызшы, бергі дәуірден белгі боп сорайып тұрған ештеңе көрінбейді. Керемет, ә? Не дегенмен, сұлу қала. Екі күнге осындамын. ... Дәл осы ракурстан Алматы өткен ғасырдың Қонаевски кезеңіндегі өңімен үзіле қарайды. Абай атындағы театр, ар жағында "Қазақстан" қонақүйі, телемұнара ..қараңызшы, бергі дәуірден белгі боп сорайып тұрған ештеңе көрінбейді. Керемет, ә? Не дегенмен, сұлу қала.

Екі күнге осындамын. Корпоративті семинарларда сабақ беруге келгенмін. Былай кездесуге бұл жолы уақыт тапшы болады-ау. А так бәрі жақсы)

#almaty
Read more
Loading...
<span class="emoji emoji1f1ef1f1f5"></span> Жыл сайын жапонның әр елдегі елшілері әбігерге түседі екен. Жапонияға қонақ қылып жіберетіндей ...
Media Removed
Жыл сайын жапонның әр елдегі елшілері әбігерге түседі екен. Жапонияға қонақ қылып жіберетіндей өзі сұлу, өзі ақылды адамды ит қосып, тазы салып іздейді. Тапқандарының анкетасын Токио асырады. Ол жақта жеті атаңның жілік ДнК-сына дейін лупамен қарап жатып, лайықтысын таңдайды. ... 🇯🇵 Жыл сайын жапонның әр елдегі елшілері әбігерге түседі екен. Жапонияға қонақ қылып жіберетіндей өзі сұлу, өзі ақылды адамды ит қосып, тазы салып іздейді. Тапқандарының анкетасын Токио асырады. Ол жақта жеті атаңның жілік ДнК-сына дейін лупамен қарап жатып, лайықтысын таңдайды. Біреуін. Ғана. Және ол биыл - осы фотоның ортасындағы қара жігіт. 🤓 Сатору Таканаси мен Хироуми Симасэ мырзалардың сүйінші сұрап келген мезеті ғой. Негізі, қай елге барғалы жүргенімді Сіздер тұрмақ, әйелімнің өзіне сюрприз қып кеткелі тұрғанда айтушы едім. "Қазір... үйді айналып, таза ауа жұтып келем" деп) Бірақ, Жапония - барғалы жүргеніңді жасыратын ел емес. Алла қаласа, енді қарашаның басында қылышымды сүйретіп барамын. 🚴‍♂️ Оған дейін Қырғызстан-Қытай бар. Сұмдық қызық сапар ол да. Ал оған дейін соңғы барған үш елімнің жолжазбаларын жазып тастау керек. Ал оған дейін Сіздер ең қатты барғыларыңыз келетін екі елдің атын жазып кетіңіздер. Мысли материализуются дейді ме, сондай бірдеңе боп қалар)
Read more
Осы фотоға ат жазып, айдар тағып қоймасам, не болар екен? Ертең Ентернеттің кэшінен немере-шөберелер ...
Media Removed
Осы фотоға ат жазып, айдар тағып қоймасам, не болар екен? Ертең Ентернеттің кэшінен немере-шөберелер тауып алып, бұл немене, мыналарың қып-қызыл ұлтшыл болыпты ғой деп тарихқа нетіп, неғылып қояр) Өз жамағатыңды жақсы көруді, мемлекетіңмен мақтануды да осылай орынды жасаса болады ... Осы фотоға ат жазып, айдар тағып қоймасам, не болар екен? Ертең Ентернеттің кэшінен немере-шөберелер тауып алып, бұл немене, мыналарың қып-қызыл ұлтшыл болыпты ғой деп тарихқа нетіп, неғылып қояр) Өз жамағатыңды жақсы көруді, мемлекетіңмен мақтануды да осылай орынды жасаса болады ғой.. @qazaq.republic футболкаларын айтам да. "Орыс тілі құрысын" немесе "Ұйғырлар алдайды" деген футболкалар емес. "Қазақтар бәрін жыртады" деген емес. Осындай. Умеренный. Сдержанный.
Келісесіздер ме? @yelikbayev, @rinat_balgabaev, @dinarasatzhan, @tazabekov - келісіп отыр. Сіздің ойыңызша, ұлтшылдық қалай көрініс табу керек?
Read more
<span class="emoji emoji1f4aa"></span>Шварценеггердің көмегі 😎 Қаным салқын. Не деуші еді, әлгі, салқынқандымын дегенім. Сондықтан, ...
Media Removed
Шварценеггердің көмегі 😎 Қаным салқын. Не деуші еді, әлгі, салқынқандымын дегенім. Сондықтан, төбелес десе таба нан жейтіндей тұра ұмтылмағаным рас. Бірақ, ондай себеп туа қалса да, креативпен қарауға тырысатынмын) Ол қалай? Таяқты ат қылып мініп жүрген кез. Науат әпкейдің үйіне ... 💪Шварценеггердің көмегі 😎 Қаным салқын. Не деуші еді, әлгі, салқынқандымын дегенім. Сондықтан, төбелес десе таба нан жейтіндей тұра ұмтылмағаным рас. Бірақ, ондай себеп туа қалса да, креативпен қарауға тырысатынмын) Ол қалай? Таяқты ат қылып мініп жүрген кез. Науат әпкейдің үйіне қарама-қарсы үйде бір қуаныш болды. Той. Түн. Мен апама еріп келгем-ау. Көрші ауылдан мұрынды ГАЗ автобуспен бұзық боқмұрындар да келіпті. Былай іргеге шақырды да, қолын кері қайтаруға болмайтын жақсы ұсыныс тастады маған. Төбелесейік деді біреуі. 😯 Ойлануға уақыт жоқ. А, бар екен ғой, екі секунд ойландым да, ол кезде Терминатор хит қой, бұл бала да мен секілді сол темір пәлекеттің түрінен қорқар деп пайымдадым. Терминатордың фильм соңында көзі ағып кетіп, жүріс-түрісі томарланып қалатыны бар емес пе? Соны айна-қатесіз салып, қарындасымның зәре-құтын әбден қашыратыным бар еді. Қысқасы, төбелескенше, соны қайталап берейін дедім. 🧟‍♂️ Оң көзімді ағып кеткендей етіп моментально тыржиттым. Ернімді жымқырып алып, Терминатордың музыкасын ыңылдап келемін. Қол-аяғымды ербеңдетіп, сексеуіл секілді тарбитып алдым. Әлгі бала мұны көріп, қатты шошығаны... өзі мініп келген автобустың астына тығылды. Маған да сол керек, себебі, Терминатордың біріншісінің соңында станоктардың арасымен қуады емес пе? М-м, солай, қудым ғо. Қашты ол. Қасындағы балалар да "мынау жынды екен" деп менен зәре құты қалмады. ☝️ Общым, сол төбелесім немереме айта жүретіндей абыройлы айқас болды. @islamkanat_qazaq ағамның жұдырығын көріп, есіме түсіп кеткені ғой. Ал сіздер кинодан не пайда көрдіңіздер?)
Read more
Астанада тұрып жатқаныма тоғыз жылдан асса да, менің ішімнен ауылды ешкім теуіп шығарған жоқ. ...
Media Removed
Астанада тұрып жатқаныма тоғыз жылдан асса да, менің ішімнен ауылды ешкім теуіп шығарған жоқ. Ал ауылым Таластың соңғы ожау суы таусылатын Ойық деген мекен-ді. Сол ауылым қарайтын ауданнан – Талас ауданынан 57 ме еді, 59 ба еді, Социалистік Еңбек ері шығып, Сәбеттер Одағында рекорд жасаған. ... Астанада тұрып жатқаныма тоғыз жылдан асса да, менің ішімнен ауылды ешкім теуіп шығарған жоқ. Ал ауылым Таластың соңғы ожау суы таусылатын Ойық деген мекен-ді. Сол ауылым қарайтын ауданнан – Талас ауданынан 57 ме еді, 59 ба еді, Социалистік Еңбек ері шығып, Сәбеттер Одағында рекорд жасаған. Бұдан көп алтын жұлдызды ерлерді пәшаттап шығарған ешқандай аудан болмаған. Енді сол аудан онның бірі боп кіретін Жамбыл облысына оң бүйрегім бұрып тұратыным белгілі. Бұл өзі бір Бангладешті ішіне жұтып алардай көлемі бар, бірақ ондағыдай 140 миллион адам тұрмайтын облыс) Себебі, қазақтың Момышұлысынан Асанәлісіне дейін, Артаевынан Беспаевына дейінгі таңдаулыларын туғызған торқалы жер бұл. Зәшем сан, когда есть сапа?
Алла тағала Ақбақайына алтынды, Қаратауына фосфорды аямай жасырып, Меркісінен радон суын ағызып, Мойынқұмына мал өргізіп қойған. Ал адамы Таразында қанша шапқыншылық болса да, екі мың жыл бойы тіршілігін тоқтатпаған. Қысқасы, осы Жамбыл облысының ішкі саясатына @berikuali, өңірлік коммуникациялар қызметіне @zhandos_baydilda келген соң, инстаграмына да көңіл бөліп жатыр екен. Енді Жамбылдың жаңалығын бірінші болып, @zhambyl.gov.kz аккаунтынан біліп аласыздар! Сондықтан, жамбыл-тараздық достарыңызды белгілей отырыңыздар!
Read more
Loading...
Біз блоггер боп күшімізге енгенде, "журналистердің күні тұтылып, айы тумай қалды" деп дабыл қақты. Енді сол блоггерлер "Вайнерлер пәле болды, ә, әзіл-қылжақпен ақшаны күреп тауып жатыр" деп күңкілдеді) Әйтеуір, өмір деген алма-кезек екен. Күлме досқа, келер басқа. Әйтпесе, @bapan.e ... Біз блоггер боп күшімізге енгенде, "журналистердің күні тұтылып, айы тумай қалды" деп дабыл қақты. Енді сол блоггерлер "Вайнерлер пәле болды, ә, әзіл-қылжақпен ақшаны күреп тауып жатыр" деп күңкілдеді)

Әйтеуір, өмір деген алма-кезек екен. Күлме досқа, келер басқа. Әйтпесе, @bapan.e әріптесіміз аниматордың оқуын бітіріп, режиссердің кәсібін нәрмәлні жасап жүріп, енді вайн түсіреді деп кім ойлаған?) @zheka_fatbelly секілді қонжықтай сүйкімді емес, @nagimuwaa секілді жайдары қыз да емес, ең болмаса, @batyroff_life секілді бояна да алмайды, @missanov секілді ұйғыр болса да мейлі-ау, құрығанда, @territima секілді мықты билей де алмайды-ау. Бірақ, біздің Ерекең қазақы әзіл мен кәсібилікке салам деп отыр. Күшті.

Алғашқы вайны да күшті. Қалай бағалайсыздар? Астананың жайы расымен осы, көрсеңіздер түсінесіздер)
Read more
<span class="emoji emoji1f50a"></span> Люблю ли я выступать перед публикой? Да, навыки публичных выступлений есть, но выступать, пожалуй, ...
Media Removed
Люблю ли я выступать перед публикой? Да, навыки публичных выступлений есть, но выступать, пожалуй, не люблю. По природе своей принадлежу к амбивертам. Мне нравится общение в компании, если оно носит непродолжительный характер, а вот частые встречи могут привести к стрессу. Но, когда ... 🔊 Люблю ли я выступать перед публикой? Да, навыки публичных выступлений есть, но выступать, пожалуй, не люблю. По природе своей принадлежу к амбивертам. Мне нравится общение в компании, если оно носит непродолжительный характер, а вот частые встречи могут привести к стрессу. Но, когда ты по призванию блогер и некоторые читатели просят о встрече, то приходится переступать через природные барьеры) 🎞 Так и произошло в этот раз.
В ходе премьеры фильма моего друга @zhandoskus «Персик» были и встречи с читателями в городах Алматы, Тараз и Шымкент. Доволен всем и даже немножко в шоке, учитывая интерес к моей скромной персоне. Особенно, Чимкент. Пришли и русскоязычные, и родители моих читателей, в итоге заполнив кофейню Chaplin’s. Все встречи проходили по два часа, максимум монолога, минимум вопросов. 💡 А говорил я обо всем – о путешествиях, о блогинге, о себе. Почему «Незнайку на Луне» я считаю лучшей книгой? Почему Афганистан я считаю самой гостеприимной страной в мире? Чем казахи хуже по вкладу в мировую цивилизацию по сравнению с цыганами? Почему некоторые правительства до сих пор стесняются собственного народа и как с этим начинают бороться? Почему финны не снесут памятник русскому императору прямо у самой главной площади страны или эстонцы не переименовывают название столицы? Какие примеры мы должны брать у цивилизованных стран? Чувство ответственности у американцев, защита прав золотых рыб, обитающих в круглых аквариумах у итальянцев, и все такое... де-е-еп орысша персең, ә) 😎 Қалайсыздар? Бәрі дұрыс па? Қазақша блогингте қала берейін бе, әлде орыстілді кеңістікке ауысып кетсем бе екен?)
Read more
Алматы және Шымкенттегі оқырмандарыма! Уақытша пост. Оқырмандармен кездесу кестем, иншаллаһ Алматы: 27 ...
Media Removed
Алматы және Шымкенттегі оқырмандарыма! Уақытша пост. Оқырмандармен кездесу кестем, иншаллаһ Алматы: 27 шілде, 11.00 Мекенжай: Абай-Байзақов көшелерінің қиылысы, "Байзақ" бизнес орталығы, 3-қабат, 302 кабинет Байланыс үшін: 8 747 684 2467 (Айкүміс) Шымкент: 29 шілде, ... Алматы және Шымкенттегі оқырмандарыма!
Уақытша пост. Оқырмандармен кездесу кестем, иншаллаһ

Алматы:
27 шілде, 11.00
Мекенжай: Абай-Байзақов көшелерінің қиылысы, "Байзақ" бизнес орталығы,
3-қабат, 302 кабинет
Байланыс үшін: 8 747 684 2467
(Айкүміс)

Шымкент:
29 шілде, 18.30
Асқаров көшесі, 1,
Chaplin's кофеханасы (Шымкент плазаға қарама-қарсы)
Байланыс үшін: 8 707 994 29 09
(Қарлығаш, Whatsapp)

Кіру тегін, тақырып - еркін. Шығу - 99 теңге)
Read more
Loading...
🌐 Аллаға мың да бір шүкір, басымыз аман, бүйрегіміз бүтін күйде сапардан оралдық. Бұл жолы 11 күн ...
Media Removed
🌐 Аллаға мың да бір шүкір, басымыз аман, бүйрегіміз бүтін күйде сапардан оралдық. Бұл жолы 11 күн ішінде Литваның Вильнюс, Тракай, Каунас, Бирштонас, Клайпеда, Курш шалғысы, Эстонияның Таллин, Лахемаа батпағы, Хаапсалу және Финляндияның Хельсинкиіне 41-ші өлшемдегі бәтіңкемнің ... 🌐 Аллаға мың да бір шүкір, басымыз аман, бүйрегіміз бүтін күйде сапардан оралдық. Бұл жолы 11 күн ішінде Литваның Вильнюс, Тракай, Каунас, Бирштонас, Клайпеда, Курш шалғысы, Эстонияның Таллин, Лахемаа батпағы, Хаапсалу және Финляндияның Хельсинкиіне 41-ші өлшемдегі бәтіңкемнің ізін қалдырып кеттім. Иә-ә, 11 күнде 10 қаланы желіп өту оңай емес) Әйтеуір, 33 жасыма дейін 33 елде болсам деген бір арманым орындалды, барған мемлекетімді санау үшін енді 34 саусақ керек) Бұйырса, алдағы апталарда саяхат барысын жазып бастармын, әсерім суысын 🚄 ✈ Ал ертең бұйырса Алматыға жүремін. Одан әрі - Тараз, Шымкент. Себебі, жан досымыз @zhandoskus-тың "Шабдалысы" тіл үйіретіндей тәтті шығып, ол тағы көрерменнің көңілінен шығып, Еуразия кинофестивалінде бір емес, екі рет көрсетілген-ді. Бұл белгілі жырау Алмас Алматовтың әңгімесінің желісімен сценариі жазылып, @mukhamedzhan_tazabek-тың идеясымен түсірілген фильм еді. Ең бастысы, өмірден ойып алынған оқиға. Енді сол фильмнің ертең, Алматыда, сағат 17.00-те, Сәтбаев пен Байзақов көшелерінің қиылысындағы Cinema Towers кинотеатрында бетін ашады. Мен де боламын. Сіз де келіңіз. Айтпақшы, фильм Алматыда бір апта бойы ақылы түрде көрсетіледі (кестесін kino.kz сайтынан көре аласыздар) ⏰ 📺 Одан әрі Таразда 28 шілденің сағат 16.00-інде Астана Park 3D кинотеатрында, Шымкентте 29 шілдеде көре аласыздар. Бұдан бөлек Алматы мен Шымкентте оқырмандарыммен кездесу де жоспарланып отыр. Оның уақытын ертең таңертең жазамын.

Фотода қарын ашқаннан шабдалыны емес, 40 млн жыл бұрын қатып қалған ағаштың шайырын жегелі тұрмын. Балтық янтары ғой... #шабдалы
Read more
<span class="emoji emoji26bd"></span>️ Бұтбол бітті-ау, әйтеуір, енді ала доптан басымызды, әлде керісінше басымыздан допты шығара ...
Media Removed
️ Бұтбол бітті-ау, әйтеуір, енді ала доптан басымызды, әлде керісінше басымыздан допты шығара тұрсақ болады) Ал менде осы тұста жақсы бір жазба тұру керек еді, ә? Жоқ, күтпеңіз) 🚴‍♂️ Саяхатымыздың бесінші күні басталды, әлі осынша күн сапардамыз. Бұйырса. Ал жазуға дым желание жоқ. ... ⚽️ Бұтбол бітті-ау, әйтеуір, енді ала доптан басымызды, әлде керісінше басымыздан допты шығара тұрсақ болады) Ал менде осы тұста жақсы бір жазба тұру керек еді, ә? Жоқ, күтпеңіз) 🚴‍♂️ Саяхатымыздың бесінші күні басталды, әлі осынша күн сапардамыз. Бұйырса. Ал жазуға дым желание жоқ. Себебі, бір күннің өзінде қанша жерге барып, сонша дүниеге тамсанып қайту да оңай емес. Әсерді сіңіру, көргенді қорыту, естігенді тексеру керек дегендей...😏 "Сапар - азаптың бір бөлігі" деген хадисті де білесіздер, жолдан шаршайсың, ұйқың бұзылады, одан қалды, ертеңгі күнді жоспарлау керек. 🌐 Осы кезге дейін Литваның Вильнюсін шарлап, Тракайын аралап, Каунасын көріп, Бирштонасында болып, екі курорт ауыстырып үлгеріп, енді Эстонияға жолда екенмін. 📷 Әзірге тек Инстаграмдағы сторисіме өкіртіп салуға шамам жетіп жатыр, қалғанын, қысқасы, кейін жазам) 📍 Ал сіздер жазғы демалысты қалай өткізіп жатырсыздар?

#scatairlines #europe #architecture #webstagram #topclub #mobilephoto #instagood #instadaily #instagramhub #picogtheday #photooftheday #bestoftheday #nature #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат
Read more
🇧🇪 Еден Азардың өз қалтасынан еуро бергендей, Бельгияны сонша мақтадым-ау) Осымен соңғы пост ...
Media Removed
🇧🇪 Еден Азардың өз қалтасынан еуро бергендей, Бельгияны сонша мақтадым-ау) Осымен соңғы пост - Бельгия өзі сәл біртүрлі ел. Өнімдері де біртүрлі. Мысалы, әлемдегі бильярд шарларының сексен пайызы осы елде жасалады. Неге тарихи тұрғыда бұлай қалыптасқанын тексеруге ерініп отырмын. ... 🇧🇪 Еден Азардың өз қалтасынан еуро бергендей, Бельгияны сонша мақтадым-ау) Осымен соңғы пост - Бельгия өзі сәл біртүрлі ел. Өнімдері де біртүрлі. Мысалы, әлемдегі бильярд шарларының сексен пайызы осы елде жасалады. Неге тарихи тұрғыда бұлай қалыптасқанын тексеруге ерініп отырмын. Картошка фри Әмериканың емес, осы елдің ұлттық тағамынан. Саксафон осы елден. Біз осы сапарымызда барған соңғы қала - астанасы Брюссель еді. Еуропалық Одақтың да, НАТОның да астанасы осы қалада болсын деп шешкен. ⭕ Мынау сол Брюссельдің көрнекі ескерткіштерінің бірі - Атомиум. Біз секілді бұлар да 1958 жылы EXPO-ға орай салдырған шар. Тоғыз шар. Тоғыз үлкен шар. Бірақ, шынында бұл темір молекуласының 165 млрд есе үлкейтілген моделі екен. Е-е жарайды деп әрі жүріп, бойы жарты метрден сəл асатын сүндеттелмеген шыжың баланы мүсінін көре кеттік. Мұндай кішкентай болар ма еді және мұндай атақты болар ма еді.. Бағына қарай 1619 жылы құйылған соң, тарихына сүйеніп, шіреніп тұр. ↘️ Осымен тәмәм. Ал осы постты дәл қазір Астана әуежайынан жазып отырмын. Себебі, он минуттан соң @scat.airlines арқылы Вильнюске ұшамын, бұйырса. Алдымызда Литва - Эстония - Финляндия!

#brussel #belgium #europe #architecture #webstagram #topclub #mobilephoto #instagood #instadaily #instagramhub #picogtheday #photooftheday #bestoftheday #nature #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат
Read more
Loading...
🤪 Сонымен, 3! 2! 1! Нәтижесін айтып, құтылайын) @argymaq брэндінің атынан ұйымдастырған байқауымның ...
Media Removed
🤪 Сонымен, 3! 2! 1! Нәтижесін айтып, құтылайын) @argymaq брэндінің атынан ұйымдастырған байқауымның аясында 51 пост жазылыпты. Оның бәрін #argymaq2018 хэштегімег оқи аласыздар Шыны керек, бірі-бірінен асыпты. Сөздің шұрайы, оқиғаның қызықтығы - айтуға келмейді. Осыны жазғанның ... 🤪 Сонымен, 3! 2! 1! Нәтижесін айтып, құтылайын)
@argymaq брэндінің атынан ұйымдастырған байқауымның аясында 51 пост жазылыпты. Оның бәрін #argymaq2018 хэштегімег оқи аласыздар 👇

Шыны керек, бірі-бірінен асыпты. Сөздің шұрайы, оқиғаның қызықтығы - айтуға келмейді. Осыны жазғанның бәрі менің оқырманым екеніне мақтанады екенсің) ➕ Байқаудың үздіктерін таңдау қиын болар білгендіктен де, әрі қаржы тақырыбына қатысты болғандықтан, @almenbetae досымды қинаған едім. Төреші сол еді. Арманның үздіктері кемі он рет ауысты, ақыры мына үштікке тоқтады. ⭕ Сонымен,
1-орын - @mika_dupbaeva
2-орын - @Symbatbyek
3-орын - @abylaikhan_palmaganbetov 👏 Құтты болсын! Қалған жазба жазушылардың бәріне жүрегім езіле отыра, жұбаныш лебізімді білдіремін. Айтпақшы, осы байқаудың бас қазысы @almenbetae - нің бетіне қазір ұжымдық түрде өтсеңіздер! Ол неге араларыңыздан осы үш адамды таңдағанын дәлелдеп, дәйектеп жазып қойыпты.

Сол. Барлықтарыңызға тағы да рахмет! Жүлдегерлерге өзім жазам!

#argymaq2018
Read more
<span class="emoji emoji1f41e"></span> МОЛОКО! АЙРАН! <span class="emoji emoji1f41e"></span> БАЙҚАУ деймін, БАЙҚАУ! Сонымен, мен де сындым! Солардың қатарына өттім десең, ...
Media Removed
МОЛОКО! АЙРАН! БАЙҚАУ деймін, БАЙҚАУ! Сонымен, мен де сындым! Солардың қатарына өттім десең, ә?) Менің мына @argymaq әмиянымды алтын қағазға орап, жаңа туған айдың жарығына бір түн қойып, қасына жеті шырақ жағып, ішіндегі ақшасына эфир майын тамызып.. әбден зарядтап алғам. Ал ... 🐞 МОЛОКО! АЙРАН! 🐞 БАЙҚАУ деймін, БАЙҚАУ!

Сонымен, мен де сындым! Солардың қатарына өттім десең, ә?) Менің мына @argymaq әмиянымды алтын қағазға орап, жаңа туған айдың жарығына бір түн қойып, қасына жеті шырақ жағып, ішіндегі ақшасына эфир майын тамызып.. әбден зарядтап алғам. Ал әйтпесе! Осылай жазсам, қуып кетті дерсіздер) 🤑 Айтайын дегенім, әркімнің байлық коды әрқалай. Менікі, мысалы – 6417. Каспи кәртішкемнің пин-коды ғой. Тек айдың соңында ғана әсер етеді) Негізі, әркімнің ырзығы ол тумай тұрып жазылып қойған ше.. Сондықтан, бір Алладан адал несібе сұрап, жақсылап еңбек етуден келген ақшадан басқасының бәрі артық-ау, ау емес, жау 🤬. ______________________________________________________ 🤪 Айтайын дегенім, мүмкін Сіздің несібеңізге менен @argymaq брендінің сыйлықтарын алу бұйырып тұрған шығар. Иә, осы отандық брендпен достығыма бір жыл боп қалыпты. Соның және Астананың twenty жыл толғанының құрметіне және «Арғымақтың» бет-бейнесі мен емес, @sanjar.madi екенінің өкінішіне орай, мынадай байқау жариялаймын 🙀. ______________________________________________________

1. @argymaq аккаунтына жазыла салу (оңай);
2. Менің осы постымның астына маған жазылмаған 2 досыңызды белгілей кету (сәл абыройсыз);
3. Өз парақшаңызға «Менің алғашқы табысым» деген тақырыпта (немесе «Менің алғашқы айлығым») пост жазу. Мысалы, мектепте оқып жүріп, шешеңізбен бірге шемішке сатқан шығарсыз, болмаса, мен секілді алюминий теріп, ақша тапқан боларсыз. Өмірге бұлай ерте араласпасаңыз, ең алғашқы жұмысыңыздағы айлық есіңізде шығар? Қысқасы, қолыңызға алғаш тиген қомақты ақшаны табудағы машақатыңыз бен оны жаратудағы қызығыңыз ойда болса, жазсаңызшы, не тұрыс? (бұл енді қиындау, ә);
4. Постыңыздың соңына #argymaq2018 хэштегін қыстырып салыңыз. Постты жазып, хэштегті қалдырып кетсеңіз, просто мен оны таппай қаламын) 👇👇👇 ҚАЛҒАН ШАРТЫ 👇👇👇 #argymaq2018
Read more
<span class="emoji emoji2b06"></span>️ БАСЫ АЛДЫҢДА..ШЫҒАР..БӘЛКІМ..МҮМКІН.. 🏚 Антверпен. Екі ауыз сөзбен, түрі жаман әдемі. Екі ...
Media Removed
️ БАСЫ АЛДЫҢДА..ШЫҒАР..БӘЛКІМ..МҮМКІН.. 🏚 Антверпен. Екі ауыз сөзбен, түрі жаман әдемі. Екі ауыз жазамын деп едім, әне, үш сөйлем болып кетті) Біз Қазақ хандығы болып Әбілқайыр браттан әлі бөлінбей тұрғанда, бұлар қазір турист тартатын ратушасын да, шіркеуін де, алаңын да қалап ... ⬆️ БАСЫ АЛДЫҢДА..ШЫҒАР..БӘЛКІМ..МҮМКІН.. 🏚 Антверпен.
Екі ауыз сөзбен, түрі жаман әдемі. Екі ауыз жазамын деп едім, әне, үш сөйлем болып кетті) Біз Қазақ хандығы болып Әбілқайыр браттан әлі бөлінбей тұрғанда, бұлар қазір турист тартатын ратушасын да, шіркеуін де, алаңын да қалап тастаған. Содан бері жарты кірпішін жерге түсірмей, мәпелеп отыр. Мұнда тіпті теміржол вокзалында Қырғызстанның я Латвияның президентіне тұр десе, қуана-қуана келісер еді. Релстерін алып тастаса, ешбір елдің Ақордасынан кем емес. Иә, айтпақшы, мұнда темір жолдардың өзі үш деңгейде (!), үш биіктікте өтіп жатыр, мұндайды бірінші рет көруім. Суретте сол вокзал)

Антверпендіктер қаласы туралы «Бұл – қақ орталық, ал елдің қалған бөлігі – жай көлік тұрағы» деп мысқылдай сөйлейді. Бармасам, бұнысы құр сандырақ дер едім.

Антверпендіктер дұрыс айтады) 🌐
#antwerp #belgium #europe #architecture #webstagram #topclub #mobilephoto #instagood #instadaily #instagramhub #picogtheday #photooftheday #bestoftheday #nature #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат
Read more
🇧🇪 Жапонияға болысып отырсам да, кеше Бельгия самурай футболшыларды үйіне ерте қайтарды. Бұл, ...
Media Removed
🇧🇪 Жапонияға болысып отырсам да, кеше Бельгия самурай футболшыларды үйіне ерте қайтарды. Бұл, әрине, Бельгия жолжазбаларын қайта жалғауға жақсы себеп) Сонымен, Антверпен. Жұлынған қол деп аударылады. Ал сіздер Қазалы деген атауға қорашсыңасыздар кішкене) Бұл Бельгияда біз ... 🇧🇪 Жапонияға болысып отырсам да, кеше Бельгия самурай футболшыларды үйіне ерте қайтарды. Бұл, әрине, Бельгия жолжазбаларын қайта жалғауға жақсы себеп) ↘️ ⭕
Сонымен, Антверпен. Жұлынған қол деп аударылады. Ал сіздер Қазалы деген атауға қорашсыңасыздар кішкене) Бұл Бельгияда біз барған үшінші қала еді. Негізі, қай жағынан да Брюссельден кейін тұрған екінші қала. Мың жарым жыл бұрын кірпіші қаланғаннан, қысқасы, туабітті бай мекен ғой. Сауда-саттығы үзілмеген. Мұнда Еуропадағы ең ірі теңіз портының бірі қаланы тіреп тұр. Мұнайды өңдеуден әлемде екінші орынды біразға дейін бермеді. Сосын алмасты өңдеу мен сатудың әлемдік астанасы. Осы атақты алып берген әйгілі Алтын кварталындағы бірнеше көшені басынан аяғына қарай сүзіп шықтық. Еркек басымызбен есіміз шығып, жылтырақ тастың арбауынан жүзімізді тарта алмай қалдық. Әйел кіндіктіні әкелетін жер емес екен) Өздеріңіз де сезіп отырған шығарсыздар, бұл іс дәстүрлі түрде жөйіттердің (еврей) қолынан келеді, дұрысы қолынан шығармайды. Бұрын шашын иіріп алған қып-қызыл еврейлер көп болса, қазір сухумдық (Грузия) еврейлер әлемдегі асыл тастар саудасының 80 пайызын осы жерде жүргізіп жатыр.⭕ ЖАЛҒАСЫ КЕЛЕСІ ПОСТТА 👏👏👏 #antwerp #belgium #europe #architecture #webstagram #topclub #mobilephoto #instagood #instadaily #instagramhub #picogtheday #photooftheday #bestoftheday #nature #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат
Read more
Елбасымыздың "Мерейлі отбасы" бағдарламасының "Үлгілі әке" пунктіне сай болу үшін амал жоқ, ...
Media Removed
Елбасымыздың "Мерейлі отбасы" бағдарламасының "Үлгілі әке" пунктіне сай болу үшін амал жоқ, бала арқалап жүрміз) Елбасымыздың "Мерейлі отбасы" бағдарламасының "Үлгілі әке" пунктіне сай болу үшін амал жоқ, бала арқалап жүрміз)
Апам айтпақшы, қан сорпаңды шығарып, қан сигізетіндей сұрапыл күйтартыс бопты. Қанша күйшіні тыңдап, басымызды шайқап жүрміз ғой, бірақ, @bekbolat.tleukhan ағамның тартысы басқа, қағып-соғып, доомбыраның шанағына кіргізіп жібереді. Ұлттық Домбыра күнімен! @almaster_jeweller ... Апам айтпақшы, қан сорпаңды шығарып, қан сигізетіндей сұрапыл күйтартыс бопты. Қанша күйшіні тыңдап, басымызды шайқап жүрміз ғой, бірақ, @bekbolat.tleukhan ағамның тартысы басқа, қағып-соғып, доомбыраның шанағына кіргізіп жібереді.
Ұлттық Домбыра күнімен! @almaster_jeweller бауырым сыйға тартқан мың доллардың домбырасын алдыруын алдырдым, енді үйренуі қалды)

Айтпақшы, мына бейнені таспаға басқан "Жасотандықтарға" Алла разы болсын! Кім осылай күй тарта алады?
Read more
Уа, жамағат, мені құттықтап қойсаңыздар болады) <span class="emoji emoji1f603"></span> Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ...
Media Removed
Уа, жамағат, мені құттықтап қойсаңыздар болады) Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Үркер" Ұлттық сыйлығының үш номинациясында да ең жақын достарым бас жүлдені тіспен жұлып алды 🤑 "Үздік фотограф" болып биыл екі атасынан бері потомственный потогрып, Тенгриньюстің ... Уа, жамағат, мені құттықтап қойсаңыздар болады) 😃
Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Үркер" Ұлттық сыйлығының үш номинациясында да ең жақын достарым бас жүлдені тіспен жұлып алды 🤑 "Үздік фотограф" болып биыл екі атасынан бері потомственный потогрып, Тенгриньюстің бас фотоаңшысы @kazangapov.kz досым танылды. Жүлденің иісі танауына бір жақындап, бір алыстап жүр еді, бағы жанып, бір миллион теңгені сөмкесімен құшақтап қайтты. Астанада алатын пәтеріне керек соманың оннан бір бөлігін жинап бастады, осылай) 📷

Ал "Үздік журналистік зерттеу" номинациясында Асқар Жалдинов ағам ешкімге дес бермеді. "Литерден" бастаған, Бозымбаевтың қасында Жамбыл, Павлодар облыстарында баспасөз қызметін басқарған, Энергетика министрлігінде де біраз картоп жарған еді. Қазір "Время" газетінің Астанадағы басшысы 🔍

Енді менің егіз сыңарымдай боп кеткен @yakovfedorov "Қазақстан жайлы үздік танымдық материал" аталымында жүлдені допша қағып алды. Ол да миллионер енді. 14 жылдан бері достығымызға қылау түспей, қырау тұрмай семинарды бірге беріп, шетелді бірге аралайтын алтын досым ғой, өзім алғандай қуаныштымын! 🏜

Өзім алғандай дегеннен шығады, мен де биыл Астанаға байланысты материалдарымды "Үркерге" ұсынған едім. Жүлде алатын төрт үміткердің де қатарына қосыла алмадым, құрсын, қайырлысы деп қол сілтегем. Бірақ, бүгін қолын алып, амандасқан төрт адам, жюридің төрт мүшесі "саған дауыс бердім, қалай ғана өтпей қалдың?" деп бастарын шайқап жатыр да. Өзі оншақты адамның кемінде төртеуі маған дауыс берсе, қалай ғана номинанттар қатарына кірмей қалдың деп көңіліме құр босқа күдік сап жібергені... Болмаса, олар "Бет көрсе, жүз ұялады" дегенге салып, дауысты басқаға беріп, мені былай жұбатқан түрі-ау)
Ал біз Яковтың жүлдесін жууға кеттік! 💲

#urker2018
Read more
Фотоға тақырып қой да, 1551 теңгенің бірлігіне таласып қал.. деген жалпыгалактикалық байқау ...
Media Removed
Фотоға тақырып қой да, 1551 теңгенің бірлігіне таласып қал.. деген жалпыгалактикалық байқау бастадым десең, ә? Марсияндар да қатысса болады, проблем жоқ. Алла қаласа, @argymaq брендінің атынан жақсы бір байқауды 27-сі күні бастаймын. Оған дейін мынаны азық қыла тұрсаңыздар) Бұл ... Фотоға тақырып қой да, 1551 теңгенің бірлігіне таласып қал..
деген жалпыгалактикалық байқау бастадым десең, ә? Марсияндар да қатысса болады, проблем жоқ. Алла қаласа, @argymaq брендінің атынан жақсы бір байқауды 27-сі күні бастаймын. Оған дейін мынаны азық қыла тұрсаңыздар)

Бұл - нағашым. Маған мектепке бармай тұрып, ағылшын қарпін үйреткен, құлқуаллаға тілімді сындырған, шпагатқа сіңірімді созған, "қойдың құйрығында салпаңдап қаласың" деп тоғызыншы сыныптан соң Таразға "қуып" жіберген, өзі ауылдағы қарашаңыраққа ие болып қалған @myngzhanmoldabek ағам осы. Бүгін Астана Астана болғалы алғаш келіп, ЭКСПО-ның нәзік жанды құлтемірлерімен танысып тұрған сәті еді.
Ал енді осы фотоға ат қойыңыздар да, бие мініп кетіңіздер) Ең мықты коммент ертең 12.00-де сторисіме шығады және 1551 теңгеге байып қалады.
Read more
🌐 Уәде еткендей, бүгін Остенде қаласы жайлы ой тастайын. Негізі, бұнда жазатын көп ештеңе жоқ. ...
Media Removed
🌐 Уәде еткендей, бүгін Остенде қаласы жайлы ой тастайын. Негізі, бұнда жазатын көп ештеңе жоқ. Брюггедей әр тасы тарихтың соусына маринадталмаған. Бір ұтар тұсы - Солтүстік теңіздің аяғын сүйіп жатыр. Сосын әлемге әйгілі курорт. Мектепте оқыған «Ревизор» мен «Өлі жандардың» авторы ... 🌐 Уәде еткендей, бүгін Остенде қаласы жайлы ой тастайын. Негізі, бұнда жазатын көп ештеңе жоқ. Брюггедей әр тасы тарихтың соусына маринадталмаған. Бір ұтар тұсы - Солтүстік теңіздің аяғын сүйіп жатыр. Сосын әлемге әйгілі курорт. Мектепте оқыған «Ревизор» мен «Өлі жандардың» авторы Гоголь осында емделген. Бельгияның Леопольд деген патшасы ерекше жақсы көргені соншалық, Остендені астана қылсақ деген ойы болыпты. Астана болмағаны да дұрыс болған-ау, немістер соғыс кезінде быт-шыт қылып бомбылаған. Сондықтан, ғимараттары кәдімгі сіз бен біздің көзіміз тойған шыны-бетон 🏖 °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°° 💩
Одан да Бельгияның қызықтарын айтайын. Мұнда сайлаушылардың тізіміне сіздің атыңызды енгізді ме, болды, бару міндетті. Ерікті емес, міндетті деймін! Кәне, қай жақта демократия көбірек?) Айлықтары өте жоғары. Бірақ, салық та тым көп. 45 пайызына дейін қайтадан салықпен қазынаға қайтарып береді. Әлемде біржынысты некеге рұқсат берген екінші ел. Біріншісі – қасындағы Нидерланды. Санмен сөйлесем, бельгиялықтардың 97 пайызы қалада тұрады, оның 93 пайызы не мысық, не күшік ұстайды, оның 92 пайызы үйден тамақ даярламайды 👴 °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°
🤹‍♀️
Қызық болғанда, үйлеріне перде ұстамайды. Бірінші қабатта тұрса да.. Сол үшін де өзгенің өмірін шымылдықсыз көретін «Дом - 2» секілді реалити-шоулардың алғашқы үлгісі осы елдерден шықты дейтін жартылай шын теория бар. Әр ересек адам 3 грамм анашаға дейін алып жүрсе, қылмыс емес. Сыраны өте көп ішеді. Тіпті, өткен ғасырдың 70-ші жылдарына дейін мектеп асханасында оқушыларға сыра беретін болған. Кейін ғана газировкамен алмастырыпты. Қазір сол оқушыларға сыра қоюды кейбір қоғамдық ұйымдары қайтадан бастама қылып көтеріп жатыр. 🥌

Осындай бір жақсы, екі жаманы бар ел бұл) Келесі жолы Бельгияның Антверпен деген қаласын суреттеймін, бұйырса.

Фотоға басқан - @yakovfedorov

#ostende #belgium #europe #architecture #webstagram #topclub #mobilephoto #instagood #instadaily #instagramhub #picogtheday #photooftheday #bestoftheday #nature #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат
Read more
🌐 Брюгге – 2. Басы алдыңғы жазбада. Бұл әдеміліктің бәрі қайдан келді десеңіз, қала 14-ші ғасырда ...
Media Removed
🌐 Брюгге – 2. Басы алдыңғы жазбада. Бұл әдеміліктің бәрі қайдан келді десеңіз, қала 14-ші ғасырда сұмдық байыған. Енді Солтүстік Еуропадағы теңіз саудасының орталығы болса, ол байымай, Қаратау байысын ба? Кейін су айлақтары қайраңдап, кемелер жете алмай қалып, деңгейінен біраз түсіп ... 🌐 Брюгге – 2. Басы алдыңғы жазбада.
Бұл әдеміліктің бәрі қайдан келді десеңіз, қала 14-ші ғасырда сұмдық байыған. Енді Солтүстік Еуропадағы теңіз саудасының орталығы болса, ол байымай, Қаратау байысын ба? Кейін су айлақтары қайраңдап, кемелер жете алмай қалып, деңгейінен біраз түсіп қалады. Дегенмен, мен және Сіздер көретін зәулім шіркеулері мен ғажап ғимараттарын салып үлгереді ше. Қалғаны былайғы оқырманға қызық емес шығар. Қазір енді қаланы өлтірмейтін анау-мынау тірлігі бар – алмас өндейді, зығырдан мата тігеді, кеме жасайды дегендей. Бұндай әсем қалада пәуескеге мініп, қайығына отырып, шоколадын жеп, қайтарда кружева дейді, әйгілі кестесін алып кету керек. 🎠
Бұның бәрін неге жазып отырмын осы? Одан да «Залечь на дно в Брюгге» фильмін көруге кеңес беремін. Қаланың атмосферасын дәл берген. Сондықтан, рекомендеймін! Мен оны өкінішке қарай, Брюггеге барып келген соң ғана көрдім(
Мен секілді болмаңыздар) ♨️
Ертең бұйырса, Бельгияда барған екінші қаламыз – Остенде және бельгиялықтардың нашар мінезі жайлы жазамын.

#bruges #belgium #europe #architecture #webstagram #topclub #mobilephoto #instagood #instadaily #instagramhub #picogtheday #photooftheday #bestoftheday #nature #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат
Read more
🌐 Сонымен, Брюгге. Еуропада болсаңыз, Бельгияға, онда да Брюггеге бас сұқпай кетсеңіз, турист ...
Media Removed
🌐 Сонымен, Брюгге. Еуропада болсаңыз, Бельгияға, онда да Брюггеге бас сұқпай кетсеңіз, турист кодексіне сай сіздің жон арқаңызға жүз дүре соғылады) Бұл сұлулығы сілекейіңді ағызатындай шіли әдемі, қыздың жасауындай жинақы, өзбектің таңғы бестегі ауласындай тап-таза, сонысымен ... 🌐 Сонымен, Брюгге. Еуропада болсаңыз, Бельгияға, онда да Брюггеге бас сұқпай кетсеңіз, турист кодексіне сай сіздің жон арқаңызға жүз дүре соғылады) Бұл сұлулығы сілекейіңді ағызатындай шіли әдемі, қыздың жасауындай жинақы, өзбектің таңғы бестегі ауласындай тап-таза, сонысымен де іш кептіретін қала. Иә, айналаңның тым әдемі болғандығы себепті, ішің пысып, Астананың басыңа келіп қадалатын керамограниты не өртенуге бейім алюкобондын іздейді екенсің) °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°° Аталмыш сұлулықтың бір себебі - Брюггеде үш канал тоғысады да, қаланың ішіне 54 көпір өрмек салған. Сондықтан, Уикипедия қарамай, қисынға салсақ та, Брюгге деген «көпір» деген сөзден, ал қаланы «Солтүстіктің Венециясы» деп еркелететіні бәріне әмбе. Ыпторой себебі, қала 13-15 ғасырларда қалай дамыды, қалай Өркендеудің шегіне жетті – солай сағаттың тілін сындырып, уақытты тоқтатып қойған секілді. Дым өзгермеген. Бір мың да алты жүз пәленшесінші жылы салынған үйлер мұнда екі үйдің екеуі. Мұнда бүгін ашылған Инстаграм ТВ-ның үкімі жүрмейді, хайтек әлі келмеген, KFC мен IMAX деген кездейсоқ әріптердің жиынтығы ғана... °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°° Оңға қарай сырғытсаңыз, тағы жеті фото шығады.
ЖАЛҒАСЫ КЕЛЕСІ ПОСТТА.
#bruges #belgium #europe #architecture #webstagram #topclub #mobilephoto #instagood #instadaily #instagramhub #picogtheday #photooftheday #bestoftheday #nature #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат
Read more
🌍 Бұл жолы Бельгия. Жолжазбалар легін жалғастырайыншы. Әйтпесе, ала доп туралы жазатын сауатым ...
Media Removed
🌍 Бұл жолы Бельгия. Жолжазбалар легін жалғастырайыншы. Әйтпесе, ала доп туралы жазатын сауатым аз) 🏚°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°🏚 Люксембургтен автобуспен таңғы алтыда топ еткеніміз сол, Брюссельде «Хабар 24» арнасының тілшілері болып қызмет ... 🌍 Бұл жолы Бельгия. Жолжазбалар легін жалғастырайыншы. Әйтпесе, ала доп туралы жазатын сауатым аз) 🏚°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°🏚 Люксембургтен автобуспен таңғы алтыда топ еткеніміз сол, Брюссельде «Хабар 24» арнасының тілшілері болып қызмет жасайтын Жомарт аға, Жанат әпкеміз күтіп алып, бізге қызмет қылды. Содан кешкі алтыдағы автобусымызға дейін Бельгияның төрт қаласымен танысып үлгердік. Мүмкін емес дерсіз.. Жоқ, бұның әбден мүмкін екенін қазір түсінесіз)
Қазақстанда жер жетпей қалған жалғыз облыс – Солтүстік Қазақстан десек, сол облыстың өзіне Бельгияның үшеуі емін-еркін сыйып кетер еді. Ар жағында тағы 2000 шаршы шақырымы артылып қалады. Енді осы құйтақандай жерде, қараңыз – жолдар торабы өте тығыз. Және түгел жарықтандырылған. Сондықтан, түнде ғарыштан қарасаңыз, Бельгияның көлемі бір уыс болса да, самаладай (осы не сөз болды екен?) жарық боп тұрады дейді. Бұл фактімен әр бельгиялық мақтанады тағы – «түні бойы жарық жағып қоюға шамамыз келеді, пхахаха» деп. 🏚°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°🏚 Елде патшасы вальс, тойыс жай ғана билейді. Билейді, бірақ, төстемейді. 11 миллион халқы бар. Оның Нидерланды тұсындағы Фландриясы нидерланды тілінде, Францияға жақын тұсы француз, ал неміске жақыны неміс тілінде сөйлейді. Бір-бірімен бастары пісе бермейді, бұларды біріктіретін бір ғана нәрсе – көршілес голландықтарды қажатуға келгенде араздықтарын ұмытып кетеді) Осы үш тілдің бірін білсеңіз, жұмысқа ала береді. Бірақ, қайбір жылы екі пойыз соғысып қалып, қырғын адам өлген. Сондағы себеп, екі машинистің екі түрлі тілде сөйлеп, бірін-бірі түсінбеуінен болған-ды. Қысқасы, тіл мәселесі тек Қазақстанда ғана емес.. _____________________________________________________

Келесі постымда біз барған алғашқы қала – Брюгге жайлы жазамын.

#belgium #europe #architecture #webstagram #topclub #mobilephoto #instagood #instadaily #instagramhub #picogtheday #photooftheday #bestoftheday #nature #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат
Read more
Бүгін - соңғы күн. Сағындырып жетіп алып, мауқымызды баспай жатып, сау бол дегелі тұр.. 🕷 Өзі адамның ...
Media Removed
Бүгін - соңғы күн. Сағындырып жетіп алып, мауқымызды баспай жатып, сау бол дегелі тұр.. 🕷 Өзі адамның басындағы проблемасы жасымен бірге ұлғаяды деген @bekbolat.tleukhan ағамыздың тұжырымы бар. Мысалы, майдапашақ кезінде көршіңнің кәнденінен асқан мәселе болмайды, одан сәл өссең, ... Бүгін - соңғы күн. Сағындырып жетіп алып, мауқымызды баспай жатып, сау бол дегелі тұр.. 🕷
Өзі адамның басындағы проблемасы жасымен бірге ұлғаяды деген @bekbolat.tleukhan ағамыздың тұжырымы бар. Мысалы, майдапашақ кезінде көршіңнің кәнденінен асқан мәселе болмайды, одан сәл өссең, екі класс жоғары оқитын Еркоштың жұдырығынан қиын проблем жоқ, ә? Ал есейгенде, иманыңның заряды толықтау болса, тозақтан құтылсам деген уайымнан артығы табылмайды. По идее. 🕷
Ал бұл уайымды сейілтудің бір жолы - қасиетті Рамазанда ораза ұстап, сауап іздеу. По факту.
Былтыр Астананың кейбір тәнін сататын қатындарының өзі жұмысынан отпуск алып, ораза ұстау үшін ауылына қайтыпты. Біз тағдыр бланкісіне сыртынан крест қойып қойған жандардың өзі өзін құтқаруға жан таласуда... Күлесіз-ау, ал Сіз ше? Мен ше, не істедім өзімді құтқаратын, өзімді сүйіншілейтін? 🕷
Негізі, Рамазан - үлкен жуыс. 11 ай бойы шешпеген көйлегіңді өзеннің тұщы суына алаботаның сабынымен жуып, көпіртіп, қойтасына сабалап, күніне кептірген секілді. 11 ай бойы кірлеген жүрегіңнің қағын түсіріп, ысын ысқылау. 11 ай бойы астан түгінің тесігі бітіп қалған асқазанды тазалап, майланған ішектеріңіздің көзін ашу еді... Бұл - большая стирка.

_____________________________________________________

Ал сіз биыл Ораза ұстап па едіңіз? Не жудыңыз? Қалай өтті? Ұстамасаңыз, не кедергі болды?
Read more
Оқырмандарым 🙄, бүгін сіздермен ойын 🐕 ойнасам ба деймін. Әә, иә, фотома алдымен лайк қойып бітіңіздер, ...
Media Removed
Оқырмандарым 🙄, бүгін сіздермен ойын 🐕 ойнасам ба деймін. Әә, иә, фотома алдымен лайк қойып бітіңіздер, болды ма? Жақсы, бұл ойынның атын "Шыңдық пен жалған" дейінші, өз өмірімнен 8 фактіні жазамын, соның біреуі - жалған 🕷 1. Менің тоғызыншы сыныпқа дейін атым - Жансерік болған. 2. ... Оқырмандарым 🙄, бүгін сіздермен ойын 🐕 ойнасам ба деймін. Әә, иә, фотома алдымен лайк қойып бітіңіздер, болды ма? Жақсы, бұл ойынның атын "Шыңдық пен жалған" дейінші, өз өмірімнен 8 фактіні жазамын, соның біреуі - жалған 🕷

1. Менің тоғызыншы сыныпқа дейін атым - Жансерік болған.

2. Мені сүндеттеген сәтте ауылымызда жер сілкінген.

3. Бала кезде итбалық (құрбақаның баласы) қуырып жейтінбіз

4. Суда жақсы жүземін.

5. Алғашқы бизнесімнің бірі ретінде қыздарға өлең шығарып, хат жазып беретін махаббат агенттігін құрғанмын.

6. Мектеп шағында екі дәптер өлең шығарғанмын. Олардың біреуі - вампирлерге арналған еді.
7. Әртүрлі материалдарды (сүйек, пластмасса, шыны) химиялық формуласы бойынша жинайтынмын.

8. Оппозициялық көзқараста.. болғам.

Қайталап айтамын, осылардың ішінде біреуі-ақ - жалған 🕷 Қалғанының бәрі - шын, оллаһи биллаһи. Кім бірінші болып жалған фактіні тапты, соны ертең 12.00-де сторисіме саламын. Және кім болса да, шотына 1306 теңге (ертеңгі күн / ай) жіберемін) 😎

Ал, кеттік! ☝️
Read more
Медиамаман деген міндет мойнымда жүргендіктен, анда-мында шақырмай тұрмайды. Өткен аптада ...
Media Removed
Медиамаман деген міндет мойнымда жүргендіктен, анда-мында шақырмай тұрмайды. Өткен аптада өзім үшін өте қызық аудиториямен танысып қайттым. Верный Капитал тобының барша пиаршыларының алдына шығуға тура келді. Бұл кемі төрт миллиард доллардың байлығын игеріп отырған ең ірі қаржылық ... Медиамаман деген міндет мойнымда жүргендіктен, анда-мында шақырмай тұрмайды. Өткен аптада өзім үшін өте қызық аудиториямен танысып қайттым. Верный Капитал тобының барша пиаршыларының алдына шығуға тура келді. Бұл кемі төрт миллиард доллардың байлығын игеріп отырған ең ірі қаржылық компанияның бірі. Қазақстан мен Қырғызстандағы Beeline да, 31 арна да, Мәскеу, Венадағы Ритц-Карлтон қонақүйлері де, Астанадағы Talan Towers бизнес-орталығы да, Бурабайдағы Rixos та, оны қойшы, сіз жейтін Бургер Кинг те осыларға қарасты. °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°Енді осыншама ен байлыққа ие компания енді ғана қазақ контентіне мән беріп жатыр екен. Оның өзінде Оғыз Доғанның әрекеті біраз ой салыпты, өздері соған рахмет деп қояды, әнәң қара) Содан қазақ деген тылсым әлемнен тіл алу мақсатында мені сөйлетіп қойған. Біздегі бас көтерер сайттарды 13 категорияға бөліп таныстырдым – бірін білмеді. Коммерциялық қарым-қатынасқа тартып, жарнама бойынша келісуге тұратын 23 блогерді таныстырдым – бірін танымады. Өздерінен де бар. Орыстілді. Түйенің танығаны – жаңтақ. Бізден де бар. Ұлт, діл, ар деген тақырыпты езіп алып, сарысуын ішуден шаршамаймыз. «Продающий» мәтін жазатын, ең болмаса соған ұқсайтын жазба салуға тырысып жүрген қазақы блоггер жоқтың қасы. Тапсырыспен келген сушиді мақтау бұған жатпайды. Бұндай кезде кімге ренжисің? °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°Қазақ аудиториясы кім дейді... Ол да сіздер сияқты, бірақ сәл айлығы төмен қауым дедім. Қазақты тану үшін ең болмаса, неге алманы «алма» деген етістікпен айтатынын, айтыста апалардың әжетханаға бармай алты сағат отыратынын зерттеңіздер деп айтып-айтып тастадым. Найзадай кірпіктерін төмен салып, отырып қалды)

Түйін: Бізге жайлап болсын, көңілді аударып жатыр. Тек соған өзіміз де сәл дайын болу керек-ау.
Read more
<span class="emoji emoji1f3aa"></span> ҰЙЫТҚЫ Бұл менің, сенің, оның... жалпы біздің арман еді. Өзімді алайыншы, мұнда Таразымды ...
Media Removed
ҰЙЫТҚЫ Бұл менің, сенің, оның... жалпы біздің арман еді. Өзімді алайыншы, мұнда Таразымды тастап, тұрып жатқаныма тоғыз жылдың жүзі болыпты. Әне, Жандос Бақанасын, Әділбек Оралын, Азамат Ақтауын қиып келді.. Бәрін алды-артына қаратпай, айдап келген – бір арман. «Осында келіп, ... 🎪 ҰЙЫТҚЫ

Бұл менің, сенің, оның... жалпы біздің арман еді. Өзімді алайыншы, мұнда Таразымды тастап, тұрып жатқаныма тоғыз жылдың жүзі болыпты. Әне, Жандос Бақанасын, Әділбек Оралын, Азамат Ақтауын қиып келді.. Бәрін алды-артына қаратпай, айдап келген – бір арман. «Осында келіп, өзімді дәлелдеймін!» деген оймен өзін қамшылаған 918 мың адам орнығыпты осы жылдары. Бұған дейін бұйығы жатқан 290 мың тұрғындық қаланың өмірін түбегейлі өзгерді. Одан арғысы көз алдарыңызда. °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°
Қалың жұрт қонған соң, бала босану үш есеге артты. Басқа елге барса Бәйтеректі көзімен іздейтін, көрмесе, сағынатын ұрпақ өсті. Адам басы көбейген соң, ол тұрар пананың да көлемі артты. Кемі Монакодай тоғыз мемлекеттің көлеміне тең баспана салынды. Монаконың жер көлемін білсеңіз, тоғызға бөле салыңыз) Медицина бар мүмкіндігін салған соң астаналықтардың орташа өмір жасына тағы он жыл қосылды, қауіпсіздік қолға алынған соң өлім-жітім екі есеге азайды дегендей. Осындай себеп-салдар тізбегін өзіңіз жалғастыра берсеңіз болады. °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°
Бастысы, біз үйрендік – аязына да, аңызына да. "Итімнің аты жай ғана, "Ит" деуші ме еді бір кейіпкер, сол сияқты "Астанамыз Астанада" деген тавтологияға да үйрендік. Былай қарасаң, Сеул де "астана", Бейжің - "солтүстік астана", Токио - "шығыс астана". Аңыз дегенде, Астанаға алғаш келгендер онда "төбесінен қарағанда "СССР" деген жазу болатын бесқабатты үйлер бар" деп жүрді. Уақыт көрсеткендей – өтірік боп шықты.
Ал одан да басқа қала аңызын сұрайтындарды масондық белгілермен зәресін ұшырдық. Пирамида анау, Бәйтерек жарқыраған Дельтаға, «Самұрық Қазынаның» қос мұнарасы Яхин мен Боаз колонналарына келеді деген дәлелді-дәлелсіз сөз де бізге енді сенсация емес. Әлемдегі ең үлкен шатыр, мұхиттан ең алыс океанариум деген теңеулерге де құлағымыз үйренді. °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°
Сонда Астананың басты жетістігі неде?
ТҮЙІНІ АСТЫНДА
#20ГранейАстаны
Read more
Қазақстанды көктей аралап, ауыл-қаласын тегіс білуге тырысып жүргеннің бірімін. Бірақ, ешқайсысы ...
Media Removed
Қазақстанды көктей аралап, ауыл-қаласын тегіс білуге тырысып жүргеннің бірімін. Бірақ, ешқайсысы Маңғыстаудағыдай күтпейді де, шығарып салмайды да.. Тәулік толмайтын сапарымда "ауызашарды менімен ашыңызшы" деген оншақты ұсыныс болды, ақыры "қатты мазалағандарымен" дәм бұйырды. ... Қазақстанды көктей аралап, ауыл-қаласын тегіс білуге тырысып жүргеннің бірімін. Бірақ, ешқайсысы Маңғыстаудағыдай күтпейді де, шығарып салмайды да.. Тәулік толмайтын сапарымда "ауызашарды менімен ашыңызшы" деген оншақты ұсыныс болды, ақыры "қатты мазалағандарымен" дәм бұйырды. Бір оқырманым Бейнеудің шұбатын беріп әлек, екіншісі тәспісін сыйлап бәйек. Осы құрмет үшін облыс әкімінің баспасөз хатшысы @samat_suley бауырымды ренжітіп, ішкі саясаттың бастығы @kurmanbek_zhumagali досыма ызбандамай, замәкім @maksat.skakov ағама ескертпей кеттім)
Маңғыстау осындай. Аузын ашса, жүрегі көрініп тұрады. Құшағына салып, қысып тастай салады. Алла разы болсын баршаңызға! Айтпақшы, бүгін Каспий жағасында трәдишнл түйелер емес, тұзды су жалап тұрған үйір жылқы кездескен. Ақтау үшін бұл да өте сирек көрініс дейді) Кәне, Маңғышлақ - Мыңқыстақ, Ақтаудан кім бар, таныса отырайық?

#aktau #mangystau #kazakhstan #horses #instakz #photooftheday
Read more
Бүгін маған жиі қойылатын сұрақтың біріне жауап берейінші. "Сіз әлемді қай ақшаңызға саяхаттайсыз? ...
Media Removed
Бүгін маған жиі қойылатын сұрақтың біріне жауап берейінші. "Сіз әлемді қай ақшаңызға саяхаттайсыз? Әкеңіз бай шығар, ә?". Ничего подобного. 🏝 Әкем орта дәулетті адам, бірақ соның өзінде Арабияға барып, ұмра қажылығын өтеуіме демеуші болған. Бірақ, бұл бір рет қана) Журналист ретінде, ... Бүгін маған жиі қойылатын сұрақтың біріне жауап берейінші. "Сіз әлемді қай ақшаңызға саяхаттайсыз? Әкеңіз бай шығар, ә?". Ничего подобного. 🏝
Әкем орта дәулетті адам, бірақ соның өзінде Арабияға барып, ұмра қажылығын өтеуіме демеуші болған. Бірақ, бұл бір рет қана) Журналист ретінде, @khabartv арқылы Ауғанстан, Чернобыль, Ошты, @asylarna арқылы Швейцария, Италияны көргенім бар. Басқалай баруым қиын еді.. Малайзия елшілігі шақырып, Куала Лумпурды көрдім, АҚШ елшілігі өз еліне алып барды дегендей. Air Astana Испанияны, @lg_electronics_kz Санкт-Петерборды, ЭКСПО Анталияны көрсетті, мысалы. 🏖
Осылай кете береді. Бірақ, көбіне өз ақшамды қиып саяхаттаймын. Кәдімгі айлықтан жырымдап, қаламақыдан қалғанды құрап.. Әрине, @airastana_kazakhstan не @scat.airlines-пен достығымызды асыра пайдаланып, тегін билет алуға тырысамыз. Айтайын дегенім, саяхатқа спонсор табу да оңай емес. °°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°°
P.S. Алла қаласа, через месяц я беру отпуск. Поездка в Японию откладывается на осень, поэтому открыт на любое предложение турфирм, которые подписаны на меня в плане сотрудничества. А фото неподражаемого @yelikbayev, для обращения внимания @kaztour, @eltour.kz и @flydubai_kz)
Read more
КЕЗДЕЙСОҚ АСТАНА - 2 АЛДЫҢҒЫ ПОСТТЫ ОҚЫМАЙ, БҰҒАН ЛАЙК БАСУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ) Сериоз айтсам, ...
Media Removed
КЕЗДЕЙСОҚ АСТАНА - 2 АЛДЫҢҒЫ ПОСТТЫ ОҚЫМАЙ, БҰҒАН ЛАЙК БАСУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ) Сериоз айтсам, Астана, бұл алдымен кеш те болсын, орындалған арман. Алдыңғы буынның арзу тілегі, ақ адал дұғасы-ау. Қараңыз, «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет ... КЕЗДЕЙСОҚ АСТАНА - 2

АЛДЫҢҒЫ ПОСТТЫ ОҚЫМАЙ, БҰҒАН ЛАЙК БАСУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ)

Сериоз айтсам, Астана, бұл алдымен кеш те болсын, орындалған арман. Алдыңғы буынның арзу тілегі, ақ адал дұғасы-ау. Қараңыз, «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ... қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау" деген сөзі бар ма, Әлиханның, бар. Сәкен Сейфуллин де осылай ойлаған ба, ойлаған. Бұл шамасы, Орынбордан кейін астана қайда орнаса деген дау кезіндегі әңгімелер. Одан әріде ақырғы ханымыз Кененің Ақмола бекінісін басқыншыдан азат қылғанын білетініңізге шүбәм жоқ. Сонда маңдай терін сүртіп тұрып, ер Кене де бір дұғасына қосқан шығар бұл қонысты. Сол Қараөткел, сол Ақмола - бүгінгі Астана. Университеті салынып, ұл-қызы оқып, Астана атанып, шартарап танып.. жоғарыдағы азаматтардың одан да жоғарыдан тілегені артығымен орындалды.
Бұл кездейсоқтық па? Жоқ!

Бұған не себеп дегенде бір тәмсіл келеді ойыма. Мұса пайғамбар мен Қызыр елшінің жолығатын хикаясы есіңізде шығар? Ұзақ сапардың қысқасында айдалада қирағалы тұрған үйді екеулеп жөндейді емес пе? Мұның мәнісі қалай дегенде, Қызыр былай депті: «Құлағалы тұрған үй - осы қаладағы қос жетiмнің баспанасы. Үйдiң астында оларға тиесiлi қазына жатыр. Үй құласа, қазынасы көрiнiп қалып, басқалар алып кетуi мүмкiн. Ал балалардың ата-анасы жақсы адамдар едi. Балалар өскенде Құдай қазыналарын өздерi тауып алуын бұйырды». Қараңызшы, ата-аналары жақсы болғаны үшін жетімдердің үй ремонтын аяулыларға жасатып қойды. Біздің Елбасының тап басып Астанаға көшейік дегені де, оның 32 параметрге сай келе қалуы да ата-баба мұратына адалдықтың жібін үзбегендіктен болса керек. «Адалдықтың жібін үзбеу» деген былай әдемі сөз үшін ғой, әйтпесе, ойымды көрнектер басқа теңеу таппай тұрмын. Қаншама арыстың қолы талғанша тілегені, жасы суалғанша жылағанынан туған ниеттің амалы біздің заманда асыпты. Сондықтан және біріншіден, Астана – ата-бабаларымыздың көз алдымызда (!) орындалған арманы.
Бұл кездейсоқтық па? ЖОҚ!

#astana #astana20
Read more
<span class="emoji emoji2660"></span>️ Люксембургке барғанда көретін не бар десеңіз, алдымен бұл қала түгелімен ЮНЕСКО-ның қорғауында ...
Media Removed
️ Люксембургке барғанда көретін не бар десеңіз, алдымен бұл қала түгелімен ЮНЕСКО-ның қорғауында екенін біліп алыңыз. Бір қамалы, екі көшесі емес, түгел қала - әлемнің мәдени қазынасы (такая честь)! Өте әдемі! Бірақ, осы елге бара қалсаңыз, бірінші болып казематтарға тартыңыз. ... ♠️
Люксембургке барғанда көретін не бар десеңіз, алдымен бұл қала түгелімен ЮНЕСКО-ның қорғауында екенін біліп алыңыз. Бір қамалы, екі көшесі емес, түгел қала - әлемнің мәдени қазынасы (такая честь)! Өте әдемі! Бірақ, осы елге бара қалсаңыз, бірінші болып казематтарға тартыңыз. Бұл құз-жартастың ішін кеулей жасаған қорғаныс бекеті. Жерасты бекініс жолдары 21 шақырымға жалғасып жатыр, сонысымен де бұл Еуропадағы алынбас қамалдардың бірі болған. Орысша айтқанда, атмосферный жер.
♠️ Осымен, Люксембург дастаны тәмам. Алла қаласа, кезекте Бельгия сапары.

___________________________________________________

#luxembourg #europe #architecture #webstagram #topclub #mobilephoto #instagood #instadaily #instagramhub #picogtheday #photooftheday #bestoftheday #nature #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат
Read more
Люксембургтың жалғасы. Басы алдыңғы постта-ау деймін.. <span class="emoji emoji25b6"></span>️ Өте бай мемлекет. Қайбір жылдары ...
Media Removed
Люксембургтың жалғасы. Басы алдыңғы постта-ау деймін.. ️ Өте бай мемлекет. Қайбір жылдары әлемдегі ең төменгі жалақының ең жоғарғы көрсеткіші бойынша алда тұрған. Ішкі жалпы өнімнің деңгейі бойынша әлемде Қатардан кейін болған. Себебі, банк ісін әбден жолға қойып алған. Әлемнің ... Люксембургтың жалғасы. Басы алдыңғы постта-ау деймін.. ▶️
Өте бай мемлекет. Қайбір жылдары әлемдегі ең төменгі жалақының ең жоғарғы көрсеткіші бойынша алда тұрған. Ішкі жалпы өнімнің деңгейі бойынша әлемде Қатардан кейін болған. Себебі, банк ісін әбден жолға қойып алған. Әлемнің кемінде 200 банкісі, 1000-дай инвестициялық қоры осы жерде істейді, не құдіреті бар екенін.. Не құдірет дегенде, бұл оффшорлық аймақ. Салықтан босатып қойған. Компанияны тіркеу өте арзан. Осы ең мықты тұсы да - оның ең әлсіз тұсы. Қалай? Бүкіл табысының 70 пайыздайы халықаралық әріптестердің табысына байланысты. Сондықтан, өзге елдердегі дағдарыс, саяси жағдайға өте тәуелді. ⏩
Әсіресе, бай ел дегенді естіп алған соң, Парижден кейін жағдайымыз қалай болар екен деп қорқа келгенбіз. Қайдағы, Парижден арзан боп шықты – асы да, суы да.. Қысқасы, қызық мемлекет. Мысалы, бұл мемлекеттің үштен бір бөлігі – әлі де орман. Осы орманның арасында Шенген деген қалашық бар. Иә, дәл осы жерде 33 жыл бұрын Шенген келісіміне қол қойылып, сіз Еуропаға барарда алатын визаның атауы да осыдан шықты. Оның қасында темір кенін қазып алып, шойын қорытады. Ал темірді балқытуға қажетті көмірді, мұнайды Бельгиядан тасиды. Бірақ, сонда да қайтпайды) ⏭
Жалғасы келесі постта.
Осындай кіп-кішкентай елдердің өзін игере алуы керемет қой, ә? ♤♡♤♡♤♡♤♡♤♡♤♡♤♡♤♡♤♡♤♡♤♡♤
#luxembourg #europe #architecture #webstagram #topclub #mobilephoto #instagood #instadaily #instagramhub #picogtheday #photooftheday #bestoftheday #nature #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат
Read more
Бұл елді герцог басқарады. Сол үшін, Люксембург әлемдегі жалғыз герцогтық деп саналады. <span class="emoji emoji25b6"></span>️ Германия ...
Media Removed
Бұл елді герцог басқарады. Сол үшін, Люксембург әлемдегі жалғыз герцогтық деп саналады. ️ Германия мен Франциядай екі түйенің ортасында әлгі мысалдағы шыбындай өліп кетпей, бөлек ел боп тұрғанына әлі таңым бар. Тарихына қарасаң, кімнің қолына өтпеген - Испания, Франция, енді бірде ... Бұл елді герцог басқарады. Сол үшін, Люксембург әлемдегі жалғыз герцогтық деп саналады. ▶️
Германия мен Франциядай екі түйенің ортасында әлгі мысалдағы шыбындай өліп кетпей, бөлек ел боп тұрғанына әлі таңым бар. Тарихына қарасаң, кімнің қолына өтпеген - Испания, Франция, енді бірде Австрия. Өздері түрлеріне қарамай, тәкаппар еще) Гитлер жаулап алғанда, Люксембургтың билеуші отбасысы келісімге келмей қойған соң, бәрін жер аудартып жібереді. ⏩
Бұл елдің көлемі екі Шымкентке сыйып кетеді. Адам саны болса, 600 мыңдай. Құртақандай ғой.. Осы аз халықтың жартысы шетелдік, оның көбі, қызық болғанда, португалдар екен. Бірақ, азаматтық беру шарты өте қиын. Себебі, Люксембургтың паспортына ие болған адамға герцог не герцогиня деген атағы қоса беріледі. Ал ол үшін осы әулеттің үрім-бұтағы болуыңыз шарт, сондықтан, 1912 жылға дейінгі жеті атаңыздың шежіресін дәлелдеп шығу керек. ⏭
Енді осындай аз халықққа үш ресми тіл бекітілген - неміс, француз және люксембург. Мысалы, Парламенті люксембург тілінде жұмыс істейді, бірақ, заңдарын француз тілінде шығарады. Ал бастауыш мектепте балаларын алдымен неміс тілінде жақсылап оқытады. Негізі, люксембург тілі дегеніміз неміс тілінің французски диалектісі. Бірақ, өздері тіл деді ме, демек тіл) Қысқасы, мұнда қаңғыбасының өзін кемі 3-4 тіл білмеске жанын қоймайды ғой, қоймайды. 🔜
Жалғасы келесі постта.
Егер осы духтағы жазбаларым ұнаса, комментарийге + баса отырыңыздар! ♤♡♤♡♤♡♤♡♤♡♤♡♤♡♤♡♤♡♤♡♤♡♤♤♤
#luxembourg #europe #architecture #webstagram #topclub #mobilephoto #instagood #instadaily #instagramhub #picogtheday #photooftheday #bestoftheday #nature #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат
Read more
Қасиетті Рамазанның алғашқы сәресісін ішпей жатып, ауызашарына шақырту алдық. @asylarna ұжымына Алла разы болсын! Осы айда @marfugashapian жазғандай, өз бойымыздағы үш үлкен кемшілігімізді анықтап алып, қағазға жазып, Рамазан бойы содан арылуға жұмыс істесек. Өзім сондай болсам ... Қасиетті Рамазанның алғашқы сәресісін ішпей жатып, ауызашарына шақырту алдық. @asylarna ұжымына Алла разы болсын!

Осы айда @marfugashapian жазғандай, өз бойымыздағы үш үлкен кемшілігімізді анықтап алып, қағазға жазып, Рамазан бойы содан арылуға жұмыс істесек. Өзім сондай болсам деген үш жақсы қасиетті таңдап алып, қағазға жазып, сондай болуға ұмтылсақ. Бұдан бөлек, Құранды толық оқып шығу, садақаны жиі беру, ауызашар беру секілді сауапты істер толып жатыр. Ал да істей бер!

Биылғы оразамыз кәміл өтсін! Алла тағала арман-тілектеріңізді орындап, кешірім-тәубәларыңызды қабыл етсін!
Read more
Алла тағаланың құдіретін айтам да... 19 шақырым биіктесеңіз, денеңіздегі су, демек, көз жасыңыз, ...
Media Removed
Алла тағаланың құдіретін айтам да... 19 шақырым биіктесеңіз, денеңіздегі су, демек, көз жасыңыз, сілекейіңіз, оны қойшы, қаныңыз өте жоғары қысымнан қайнай бастайды. Одан әрі.. 302 шақырым биіктікте Гагарин болды. 400 шақырымда Халықаралық ғарыш стансасы ұшып жүр. 3000 шақырымда ... Алла тағаланың құдіретін айтам да...
19 шақырым биіктесеңіз, денеңіздегі су, демек, көз жасыңыз, сілекейіңіз, оны қойшы, қаныңыз өте жоғары қысымнан қайнай бастайды. Одан әрі.. 302 шақырым биіктікте Гагарин болды. 400 шақырымда Халықаралық ғарыш стансасы ұшып жүр. 3000 шақырымда радиация ұрып өлтіреді. Ал ойлап қараңыз, осыдан да биікте, 36 000 шақырымда біздің "Қазсат - 2" мен "Қазсат - 3" ұшып жүр.

Енді Сіз қазір ызбандайсыз. Мейлі, Үйтіптан уақыт өлтірер бірдеңе көрерсіз.. Осы менің постымды оқып отырсыз. Не істесеңіз де, ұялы телефоныңыздан шыққан сигнал Жерден 36 мың шақырым биіктіктегі әлгі «Қазсатымызға» бір барып-қайтады...Ал оның сигналын менің артымдағы 11 метрлік антенна қабылдап алып, бәріңізге таратып жатыр. Астанадан жүз шақырым жердегі Ақкөл қаласында республикалық ғарыштық байланыс орталығы бар. Сол жерден сурет қой.. Егер ғарыш конструкторы боламын деген балалық арманымды алып жүргенде, мүмкін осында отырар ма едім.. Бірақ, әзірге осылай жазудың ғана реті келіпті.
Read more
Алла тағаланың қалауымен ілініп-салынып, Рамазан айына ілінгелі тұрмыз. Кешірім мен сауап айында ...
Media Removed
Алла тағаланың қалауымен ілініп-салынып, Рамазан айына ілінгелі тұрмыз. Кешірім мен сауап айында ораза ұстағанның, бұл айда ауызашар мен сәресі бергеннің сыбағасы да сүбелі болмақ. Биыл ауызашарымның бірін бұйырса, @mado_kazakhstan-да берсем бе деген ниеттемін. Себебі, Астанада ... Алла тағаланың қалауымен ілініп-салынып, Рамазан айына ілінгелі тұрмыз. Кешірім мен сауап айында ораза ұстағанның, бұл айда ауызашар мен сәресі бергеннің сыбағасы да сүбелі болмақ. Биыл ауызашарымның бірін бұйырса, @mado_kazakhstan-да берсем бе деген ниеттемін. Себебі, Астанада ашылған түріктің "Мадо" желісі ауызашарға арнайы мәзірін әзірлеген екен. Суреттерді оңға қарай жылжытсаңыздар, сөзіме дәлел.

1) мұнда ас-су жүз пайызға адал.
2) аптаның жеті күнінде күндіз-түні ашық, демек, ауызашармен қоса сәресі де ішіп кетуге болады.
3) әр күнге - жеке мәзірі.
4) бұл сетпен бірге айран, салқын сусындар мен шайды қанша ішемін десең де, шектеу жоқ.
Ал астың дәмі, қызметтің сапасы қалай деген сұрақ та тумайтын шығар, "Мадо" - әлемде танылған әйгілі дәмхана желісі. Сондықтан, Астанада ауызашар беретін орын іздей жүрсеңіз, мен нұсқадым, міне - @mado_kazakhstan

Биыл өзіңіз ораза тұтасыз ба? Қанша адамға ауызашар бергелі отырсыз?
Read more
Меғси баку, Фғәнс! ☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆ Франция сапарына осы жазбамен соңғы шегесін қағайын. ...
Media Removed
Меғси баку, Фғәнс! ☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆ Франция сапарына осы жазбамен соңғы шегесін қағайын. Бұл елдің бір ерекшелігі сол, Францияға келетін туристердің саны тұрғылықты халықтың санынан көп қашанда. Жылына 83 миллиондай адам ағылады. Бұның бәрі не көреді десеңіз, атам заманда ... Меғси баку, Фғәнс! ☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆ Франция сапарына осы жазбамен соңғы шегесін қағайын. Бұл елдің бір ерекшелігі сол, Францияға келетін туристердің саны тұрғылықты халықтың санынан көп қашанда. Жылына 83 миллиондай адам ағылады. Бұның бәрі не көреді десеңіз, атам заманда не салынды, бәрін сақтай алған. Мысалы, бұл елде 40 мың қамал сақталған екен, қырық мың! Соғыс болмады емес, революция болмады емес, сонда бір кірпіші бұзылса, екіншісін қалай отырған-ау.. ☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡ Біз үйренетін тұсы көп. Айталық, тек өз тілінде сөйлегенді тәуір көреді. Африкадан келген келімсегі болса да, француз тілін французынан артық біліп алған. Білуімше, Францияда балалардың сұлулық сайысына тиым салынған. Бізде кіндігін көрсетіп, әлі жоқ мықынын шығарып, кәтте өткізіп жүр. Дүкендерінде адам бейнесінен басқа түрі бар, мысалы жатжерліктің қуыршағын сатуға болмайды. Біздің «Марвиндерде» небір қорқынышты қуыршақтар толып тұр. Патшаларына деген құрметтері бар, мысалы, шошқаның торайына Напелеон деген атты қоюға болмайды дегендей. Өте ізетті. Дүкенде кезекке тұрып қалғанның өзінде алды-артындағы кісілермен амандасып-қоштасу әдебі сақталған. ☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡☆♡ Кемшілігі де көп. Бұлардың да өз еліне көңілі тола бермейді. Шамасы келсе, Канадаға көшкісі келеді көбісінің. Елшіліктегі біздің қазекемдердің байқауынша, мұнда қып-қызыл бюрократия. Мысалы, бір банктен карта шығаруды 2 ай күтіпті. Бізде не, 15 минутта шығаруға болады, қаласаңыз. Сосын бар қарым-қатынасты поштаға байлап қойған дейді. Мектептен ата-аналар жиналысына шақыратын болса да, кәдімгідей конвертке салып, марка жапсырып, хат жібереді дейді. Оған жауапты да телефонмен не уатсаппен емес, дәл сондай ескілік әдіспен қайтару керек дейді. Бұл жағынан бізде оларды шаң қаптырып кеткен. Есесіне, Ұлттық поштаның қызметкерлерін жұмыссыз қалдырмаған.

______________________________________________________
Жалпы, мүмкіндіктеріңіз болып жатса, баруға кеңес беремін. Марсел, Страсбург және Париж секілді үш қаласын көрген адам ретінде тым жақсы ел деп баға беремін. Осы жазбадан кейін, кәне, кімнің барғысы келді, соған әумин деймін)

#paris #france #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат
Read more
Он екі күндік үзіліс аяқталды) Жолжазбаларымды тездетіп аяқтамасам, басқа сапарлардың да кезегі ...
Media Removed
Он екі күндік үзіліс аяқталды) Жолжазбаларымды тездетіп аяқтамасам, басқа сапарлардың да кезегі кеп қалар деп... ●●●●●●●●●●●●●●●●●●●●●●●● Сонымен, Лувр. Француздардың кейінгі 500 жыл бойы жер-жаһаннан жиған қазынасы осында тұр. Біздің дәуірімізге дейінгі алтыншы ғасырдан ... Он екі күндік үзіліс аяқталды) Жолжазбаларымды тездетіп аяқтамасам, басқа сапарлардың да кезегі кеп қалар деп...
●●●●●●●●●●●●●●●●●●●●●●●● Сонымен, Лувр. Француздардың кейінгі 500 жыл бойы жер-жаһаннан жиған қазынасы осында тұр. Біздің дәуірімізге дейінгі алтыншы ғасырдан бастап 19-шы ғасырға дейінгі 350 мыңдай жәдігер ғой... Соның тек оннан бір бөлігін ғана көрсетеді. Қалғаны сыймайды просто. Бірақ, осы қазынаның ішіндегі ең атақтылары – үш қатын. Бұл қасы жоқ Мона Лизаның суреті, бұл екі қолы жоқ Милостық Венераның мүсіні, бұл басы жоқ Самофракиялық Никаның мүсіні. Көпшілігі осы үшеуін көруге келеді.
Империяның қуаты деген осы ғой ә, берсе қолынан, бермесе жолынан тартып алған. Біз өзгенікі тұрмақ, өзіміздікінен әбден айрылғанбыз ғой. Көп музейге барсаң ксерокопиядан өткен қағаз көріп қайтасың.. #paris #louvre #france #жиһанкезблоггерлер #Өркенсаяхат
Read more
Әрбіріміздің ішінде әбдіре-әбдіре қазына жатыр. Тек кілтін тауып ашатын кісі керек. Сол сияқты, ...
Media Removed
Әрбіріміздің ішінде әбдіре-әбдіре қазына жатыр. Тек кілтін тауып ашатын кісі керек. Сол сияқты, ұлт пен ұлысқа бөлгендегі даналық та Алла тағаланың "бір-біріңді таныңдар" дегенінен еді. Ол үшін ел араламақ, жер көрмек, адам танымақ, әдеп білмек, жақсысын алмақ, жаманынан жиренбек ... Әрбіріміздің ішінде әбдіре-әбдіре қазына жатыр. Тек кілтін тауып ашатын кісі керек. Сол сияқты, ұлт пен ұлысқа бөлгендегі даналық та Алла тағаланың "бір-біріңді таныңдар" дегенінен еді. Ол үшін ел араламақ, жер көрмек, адам танымақ, әдеп білмек, жақсысын алмақ, жаманынан жиренбек керек.

Неге грузиндердің мәнтісі - хинкалиі 32 бүрмелі болады? Неге албандар басын изесе "жоқ" дегені, басын шайқаса, "иә" деген болады? Неге қытайлардың тамақжер таяғының басы дөңгелек, ұстар тұсы төртбұрыш болады? Неге раджпуттар тым жауынгер? Неге осетиндер тым сұлу? Қараңызшы, бұл әлем сондай қызық! Осындай "негелердің" жауабын тапқан сайын бұ дүниенің жаратылысын түсіне бастағандайсың. Неге бадахшандар исмайылит? Неге қарайымдар иудаист боп кетті? "Неге?" деген сұрақты көп қойған сайын, көрсоқыр ұлтшылдықтан ада бола бастайсың ба, сондай. Бұл әлемдегі бар ұлт - Алла тағаланың жаратқаны. Адамның қандайы болмасын, кемел пішілген, мінсіз құйылған. Не деген оңбаған адам болмасын, оның жай ғана адам ретіндегі қадірі бар.
Сонысымен де, Сіздер - сондай ғажапсыздар! Кім болсаңыз да.. Астананың бүгінгі кеші де тамаша! Оны түсірген кеше алған жаңа телефоным да керемет)
#astana #astanagram #instakz #kazakhstan #photokz #sunset
Read more
<span class="emoji emoji1f63b"></span> Берлин зообағында арыстан мен қойды бір торға қамап қойыпты. Қой арыстанды жемесі анық, ал арыстан ...
Media Removed
Берлин зообағында арыстан мен қойды бір торға қамап қойыпты. Қой арыстанды жемесі анық, ал арыстан қойды жемейді дейді... Тордың тысындағы үлкен плакатқа «Бұл екеуі сондай махабатпен тұрып жатыр» деп жазып қойыпты. Сонда бір ағылшын туристі қарауылдан сұрайды: - Сіздер мұндай ... 😻
Берлин зообағында арыстан мен қойды бір торға қамап қойыпты. Қой арыстанды жемесі анық, ал арыстан қойды жемейді дейді... Тордың тысындағы үлкен плакатқа «Бұл екеуі сондай махабатпен тұрып жатыр» деп жазып қойыпты. Сонда бір ағылшын туристі қарауылдан сұрайды:
- Сіздер мұндай ерекше арыстанды қайдан таптыңыздар?
- Арыстанды табу проблема емес, - дейді сонда қараушы, - мәселе қойда. Әр күн сайын басқасын әкеліп тұру керек. ⛓_______________________________________________________

Бұл мысалды Уинстон Черчилль Екінші дүниежүзілік соғыс басталардан екі жыл бұрын Гитлердің жауыздық пиғылын әшкерелеу үшін қолданыпты. Ағылшын депутаттары үшін. Басқа-басқа емес, дәл осы мысал ағылшын өкіметін қорғанысқа көңіл бөлуге иландырыпты. Қысқасы, біздің заманда анталап жүрген арыстан көп. Қойдың орнында боп қалмас үшін қорғанысты күшейтіп отыру керек деді өз ойым. 🔪
_______________________________________________________

Өткен аптада Астананың қорғаныс саласындағы қос бірдей зауытында болғаным бар. Мысалы, Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг компаниясы еуропалық тікұшақтарды алады да құрастыра береді екен. Осы кезге дейін 29-ын құрастырып, оның он сегізін өзіне Төтенше жағдайлар министрлігі алып кеткен. Бұл 2011 жылы Елбасы Назарбаев пен француздың сол кездегі басшысы Саркозидің арасындағы мәміледен туған дүние. Мұнда ЕС145, H125, H130 секілді моделдердің жылына 12 данасына дейін құрастыруға мүмкіндігі бар. Бірақ, шыны керек, қазір сол тікұшақтарға техникалық қызмет көрсету және техниктер мен ұшқыштарды үйрету жағын басымдыққа алған. Әйтеуір, тікұшақты жөндеуге қажет құралдың бәрі самсап тұр. Ал оқыту орталығы осы Орталық Азия мен ТМД шеңберінде ең кәсіби деңгейде сабақ береді дейді білгендер. 🤟

_______________________________________________________

Әйтеуір, француз, неміс және жапон жіберген бөлшектерді әзірге құрастырып үйренсек те, қазаққа жаман емес. Осы зауыт шығаратын өнімдермен 23-26 мамырда Астанада дәстүрлі түрде өтетін КАДЕКС көрмесінде таныса аласыздар. 🛰

#kadex2018
Read more
<span class="emoji emoji1f63f"></span> Мысық біткенді жақсы көремін.. <span class="emoji emoji1f63e"></span> _______________________________________________________ Кей-кейде ...
Media Removed
Мысық біткенді жақсы көремін.. _______________________________________________________ Кей-кейде осы мұрттыларға деген махаббатым кейбір адам баласына деген сезімімнен артық па деп қалатынмын) Олай деп ойлайтыным – біздің ауылдың іргесінде үлкен шұңқыр болды. Көктем ... 😿 Мысық біткенді жақсы көремін.. 😾

_______________________________________________________

Кей-кейде осы мұрттыларға деген махаббатым кейбір адам баласына деген сезімімнен артық па деп қалатынмын) Олай деп ойлайтыным – біздің ауылдың іргесінде үлкен шұңқыр болды. Көктем сайын мысық балалағанда, көбісі артық деп тапқан мәулендерді осында әкеліп тастайтын. Әлгі шұқырың тым терең. Мен түссем де, шыға алмаймын. Олар мияулайды, қыңсылайды, сыңсиды – аш болғанда аш енді. Соны білемін де, үйден жаңа піскен екі таба нанды апамнан ұрлап алып шығып, әй-да белсебетпен тартамын кеп. Нанды туралап лақтырып отырамын – тоятын емес. 20-30 мәуленге екі күлше не болыпты? Нан бітеді. Енді қайттім? Әне жерден кете алсамшы.. Мияулағанда, жүрегіңді қозғап жібереді. Содан сол маңнан алыс емес Бейбітова Гүлнұр кластасымның үйіне барып, нан сұрайтынмын. Мамасы есік ашады – «Әпке, нан беріңізші! Мысықтарға.. әне жерде..қарны аш» деп мыңқылдаймын. Қайта барамын. Беремін. Ертеңіне келемін. Біразы қырылып қалған. Арғы күні бес-алтауы ғана қалған... Мәңгіріп сол жерде кете алмай отырмын.
_______________________________________________________

Париждегі Лувр музейінде мысырлықтар табынған мысықтың мүсіндерін көріп, есіме түсіп кеткені ғой. Ежелгі мысырлықтардың мысыққа табынғаны сонша, оларға қарсы парсылар соғыспен шыққанда, әскердің алдынан мыңдаған мысықты айдап жүрген деседі. Құдайдай табынған мысықтары мияулап келе жатқанда, оларды өлтіруге қимай, кері қашқан дейді, рас-өтірігін кім білсін... 😻 Сіздер ше, мысықты жақсы көресіздер ме?

#paris #louvre #cat #cats #france #egypt
Read more
Құрметті жолаушылар! "Көктем - Астана" пойызының 1 ай 27 күнге кешігіп жатқаны үшін кешірім сұраймыз! ...
Media Removed
Құрметті жолаушылар! "Көктем - Астана" пойызының 1 ай 27 күнге кешігіп жатқаны үшін кешірім сұраймыз! Әлі қанша кешігетіні белгісіз. Асықсаңыздар, 10 минуттан соң екінші жолға кондиционері жоқ "Жаз" отарбасы келеді, соған мініп кетіңіздер! #astana #instakz #kazakhstan #baiterek Құрметті жолаушылар!
"Көктем - Астана" пойызының 1 ай 27 күнге кешігіп жатқаны үшін кешірім сұраймыз! Әлі қанша кешігетіні белгісіз. Асықсаңыздар, 10 минуттан соң екінші жолға кондиционері жоқ "Жаз" отарбасы келеді, соған мініп кетіңіздер!

#astana #instakz #kazakhstan #baiterek
<span class="emoji emoji1f480"></span> СҮЙЕК-САЯҚ ПАТШАЛЫҒЫ <span class="emoji emoji1f480"></span> Сонау Париждің Луврынан бері үзіліп қалған жолжазбамды жалғай отырайын. ...
Media Removed
СҮЙЕК-САЯҚ ПАТШАЛЫҒЫ Сонау Париждің Луврынан бері үзіліп қалған жолжазбамды жалғай отырайын. Әттең, арасын жарнама мен жазылуы тиіс жазбалар бұзып жіберетіні жаман, ә?) ______________________________________________________ Әдетте Париж деген бас айналдырар романтикамен ... 💀 СҮЙЕК-САЯҚ ПАТШАЛЫҒЫ 💀

Сонау Париждің Луврынан бері үзіліп қалған жолжазбамды жалғай отырайын. Әттең, арасын жарнама мен жазылуы тиіс жазбалар бұзып жіберетіні жаман, ә?) ______________________________________________________
Әдетте Париж деген бас айналдырар романтикамен байланыстырылады. Сары әтір, қара көйлек, қызыл шарап дегендей.. Бірақ, бұл қаланың астында романтикаға мүлдем қатысы жоқ жер барын біреу білсе, екеу білмес. Жер астындағы 300 шақырымдай тоннелдерде алты миллиондай адамның сүйегін сексеуіл бастырғандай жинап қойған. Париж катакомбалары әу баста құрылысқа тас қазып алып шығатын тоннельдер болған. Бірақ, қала өсе келе, осы кеуек жердің үстіне үйлер орнап, олардың болашақта жерге құлап кету мүмкіндігі артады. Дәл осы кезде қала ішіндегі зираттар, ал олар көбіне шіркеулердің ауласында болған.. лық тола бастайды. Олардан індет тарайды, күлімсі иіс шығып, маңайындағы үйлердегі сүт аши бастайды... ____________________________________________________
Сөйтіп, 1777 жылы, Он алтыншы Людовик деген патшаның тұсында арнайы қызмет құрылып, осы екі мәселенің шешімін бір жерден табады ғой. Қаладағы бүкіл зираттарды қазып шығады да, ондағы сүйек-саяқты көтеріп алып, жілік-жілігін бөлек жуып, дезинфекциялап, осы тоннелдерге әдемілеп қояды. Әдемілегенде, оларға ешкім қой демеген-ау: адамның бас сүйектерінен жүрек, крест, қаңқа жасап кете берген.

_______________________________________________________
Бұдан кейін мұнда не болмаған десеңізші. Үшінші Наполеон мұнда маңызды қонақтарды қабылдауды ұнатқан. Соғыс кезінде фашистердің бункері, одан бес жүз метр жерде оларға қарсы партизандардың штабы болған. Бірін-бірі білмеген-ау сол күйі. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары мұнда дискотекалар ұйымдастырған. Енді осы әдемі қорқыныштың бар-жоғы 2,5 шақырымын ғана туристер үшін ашып қойған. Қалған бөлігі жабық. Тиым салынған бөлігіне кіріп кетсеңіз, айыппұл – 60 еуро.
Ошондай, ошондай істер, общым.. #paris #catacombs #france #instakz
Read more

Loading...