Perizatmyrzakhmet Instagram Photos and Videos

Loading...


perizatmyrzakhmet PerizatMyrzakhmet @perizatmyrzakhmet mentions
Followers: 20,744
Following: 270
Total Comments: 0
Total Likes: 0

Интернетте ойнап жүр Талай қазақ баласы, Жұмыртқасы шіріген, Жартыбасты шаласы... #ӘБ сені ...
Media Removed
Интернетте ойнап жүр Талай қазақ баласы, Жұмыртқасы шіріген, Жартыбасты шаласы... #ӘБ сені қандай заман күтіп тұр екен? Интернетте ойнап жүр
Талай қазақ баласы,
Жұмыртқасы шіріген,
Жартыбасты шаласы...
#ӘБ сені қандай заман күтіп тұр екен?
Loading...
Маркетинг құлдары, замануи зомбилер жабыла тойлайтын "жаңа жыл" қазақ жеріне күштеп енгізілгенде, ...
Media Removed
Маркетинг құлдары, замануи зомбилер жабыла тойлайтын "жаңа жыл" қазақ жеріне күштеп енгізілгенде, атақты геноцид - ашаршылық болып жатқан. Американың Мэриленд университетінің профессоры Сара Камэрон жазған мына докторлық диссертацияда өте қорқынышты сандар мен деректер келтірілген. ... Маркетинг құлдары, замануи зомбилер жабыла тойлайтын "жаңа жыл" қазақ жеріне күштеп енгізілгенде, атақты геноцид - ашаршылық болып жатқан.
Американың Мэриленд университетінің профессоры Сара Камэрон жазған мына докторлық диссертацияда өте қорқынышты сандар мен деректер келтірілген. Ол ұзақ жылдар бойы қазақты жоюға шақ қалған осы оқиғаны зерттеген екен. Сұxбатын оқимын дегендерге - сілтеме биода.
Read more
Бро @dinarabolat, жолың болсын! Сен барып жол сап кел, келесі сапар бірге. Отписка жоқ. Бро @dinarabolat, жолың болсын! Сен барып жол сап кел, келесі сапар бірге. Отписка жоқ.
Кеше біраз оқырманымның жағасын ұстатқан шағын тәжірибенің қорытындысын жариялайын. Ең көп ...
Media Removed
Кеше біраз оқырманымның жағасын ұстатқан шағын тәжірибенің қорытындысын жариялайын. Ең көп жауаптар: 1. "басқа шарттар жоқ па? Мыналар қиын екен". Бар проблемаңызды шешіп беретін қаржы үшін жеңіл шарт сұрау - арамтамақтың белгісі. 2. "Алла сақтасын! Ешқашан істемеймін!" Неге ... Кеше біраз оқырманымның жағасын ұстатқан шағын тәжірибенің қорытындысын жариялайын. Ең көп жауаптар:
1. "басқа шарттар жоқ па? Мыналар қиын екен". Бар проблемаңызды шешіп беретін қаржы үшін жеңіл шарт сұрау - арамтамақтың белгісі.
2. "Алла сақтасын! Ешқашан істемеймін!" Неге Алла сақтасын дейді, білесіз бе? Шын мәнінде осындай жағдай болса ештеңеге қарамай, барлық шарттарды орындап шығатынын түпсанасы түсінеді. Сондықтан теория жүзінде ойлауға да қорқады.
3. "сүйіктіме ауыр сөз айта салам, сосын кешірім сұрай салам..." Көзбояушылар.
Ең қуантатыны өлтіру, ұру, жамандау, яғни біреуге зиян келтіру дегенді жазбады. Арқамнан ауыр жүк түскендей. Онлайнда кез келген адамға ойға сыйғысыз жаман сөз жазып, жанына жара сап отыратындар бетпе-бет кеп қол жұмсаудан тартынады екен. Әлде менің оқырманым ғана ма? Мен үшін сананың бірінші көрінісі біреуге іспен де, сөзбен де зиян тигізбеу. Аллаға шүкір, бәрі тек ешкімге зиян тигізбеу жағын ойлады. Ол жағынан "үмітімді ақтамадыңыздар". Шын ақниеттілерге Алла берекені таңдау жасатпай-ақ берсін.
P.S. "Сіз қайсын таңдар едіңіз?" деген сұраққа жауап: жалаңаш жүріп өтуге қарсы емеспін. 100 млн доллары бар адамның көтені қандай екені маңызды емес 🤣
Read more
Телеарна "біз қойған шартты орындасаң, 100 миллион долларды 1 сағатта есепшотыңызға аударамыз" ...
Media Removed
Телеарна "біз қойған шартты орындасаң, 100 миллион долларды 1 сағатта есепшотыңызға аударамыз" десе, не істеуге дайынсыз? Шартты таңдау еркіндігі өздеріңізге берілсе: 1. Тікелей эфирде 1 шақырым жалаңаш жүріп өтуге; 2. Тікелей эфирде 10 танымал адамның жалаң аяғын жалауға; 3. ... Телеарна "біз қойған шартты орындасаң, 100 миллион долларды 1 сағатта есепшотыңызға аударамыз" десе, не істеуге дайынсыз? Шартты таңдау еркіндігі өздеріңізге берілсе:
1. Тікелей эфирде 1 шақырым жалаңаш жүріп өтуге;
2. Тікелей эфирде 10 танымал адамның жалаң аяғын жалауға;
3. Тірі 10 тышқанның етін жеуге;
4. Сүйген адамыңызға тікелей эфирде ауыр сөздер айтуға;
5. Өміріңіздегі ең ұятсыз, ең жасырын сырыңызды 1 млн тыңдарман/көрерменге айтуға;
6. Тікелей эфирде моншаға түсуге;
7. Түрмеде отырған қылмыскерді тікелей эфирде өлтіруге;
8. Тікелей эфирде 1 сағат бойы Абай мен түп-тұқиянын балағаттауға;
9. Көшеде кездескен бірінші адамды (кез келген: кәрі-жас, бала, әйел) быт-шыт қып ұруға;
10. Өз қолыңызбен өз аяғыңызды кесіп тастауға;
Read more
БҰҰ-ң Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы 2006 жылы жарияланған «Мал шаруашылығының ұзын көлеңкесі» (Livestock's ...
Media Removed
БҰҰ-ң Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы 2006 жылы жарияланған «Мал шаруашылығының ұзын көлеңкесі» (Livestock's Long Shadow) деген баяндамада: «Мал шаруашылығы секторы - планета мен экожүйелердің көбісіне негізгі стрессор" деп жазған. Фотограф Ян Артюс-Бертран 2009 жылы ... БҰҰ-ң Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы 2006 жылы жарияланған «Мал шаруашылығының ұзын көлеңкесі» (Livestock's Long Shadow) деген баяндамада: «Мал шаруашылығы секторы - планета мен экожүйелердің көбісіне негізгі стрессор" деп жазған. Фотограф Ян Артюс-Бертран 2009 жылы ұсынған "Үй" (House) деректі фильмі де осы идеяны айтады (фильмді көрсетуге 36 мемлекет тыйым салған). Қазіргі тән мен жан емдеушілер де ет пен сүттен бас тартыңдар дейді. Ағзаға қиын дейді. "Баяғының қазақтары неге қырылып қалмаған онда?" деп туладым ше. Олар: "бұрынғы экология мен демография, өндірістің ағзаға әсерін қазіргімен салыстыруға болмайды" деді міз бақпай.
Былтырдан бері қанттан бас тартқам (торттан емес🙈). Биыл наннан бас тартам деп жүргенде, ет пен сүт те зиян дейді. Жер әлемнің оқыған білгіштері менің астан раxат табуыма қарсы, әкеңңң... Пирожныйға ет қосып жейтін басым, қайтейін.
Шөп-ауқат, көк-ауқатқа қайтсек ауысамыз?
Суретте #ӘБ. Бірінші мүжіген сүйегі.
Read more
Loading...
Ойланып отырм да. Осы несие төлеуді бір күн кешіктірсең туыс-туған, дос-таныс, көрші-қолаң, ...
Media Removed
Ойланып отырм да. Осы несие төлеуді бір күн кешіктірсең туыс-туған, дос-таныс, көрші-қолаң, әріптестерге xабарлап, дабыл қағып кететін банк несие төлеп болған күні неге бәріне xабарлап сүйінші сұрамайды екен? Үн-түнсіз жатады ғой жарықтықтар. P.S. Несием жоқ, таныстарым көп) Ойланып отырм да.
Осы несие төлеуді бір күн кешіктірсең туыс-туған, дос-таныс, көрші-қолаң, әріптестерге xабарлап, дабыл қағып кететін банк несие төлеп болған күні неге бәріне xабарлап сүйінші сұрамайды екен? Үн-түнсіз жатады ғой жарықтықтар.
P.S. Несием жоқ, таныстарым көп)
Біз сияқты бір тал баласы барлардан "неше балаң бар?" деп сұраса, "мың қарғам бар" деп жауап беру ...
Media Removed
Біз сияқты бір тал баласы барлардан "неше балаң бар?" деп сұраса, "мың қарғам бар" деп жауап беру керек екен. "Жалғыз" деп айту ырымға жаман-мыс. Сіздер білдіңіздер ме? #ӘБ Біз сияқты бір тал баласы барлардан "неше балаң бар?" деп сұраса, "мың қарғам бар" деп жауап беру керек екен. "Жалғыз" деп айту ырымға жаман-мыс. Сіздер білдіңіздер ме? #ӘБ
Loading...
Кез келген байқауға қатысуды жек көрем. Бала кезімнен. Әр түрлі онлайн-байқаулар, лотереялар, ...
Media Removed
Кез келген байқауға қатысуды жек көрем. Бала кезімнен. Әр түрлі онлайн-байқаулар, лотереялар, ақшалай ұтыстар ешқашан бұйырған емес бізге. Бір де бір рет. Брелок та ұтып көрмеппіз. Сондықтан жүйкем тыныш болсын деп аулақ жүрем. Осы жолы @bekzat_myrzakhmet "байқап көрейік, неміз ... Кез келген байқауға қатысуды жек көрем. Бала кезімнен.
Әр түрлі онлайн-байқаулар, лотереялар, ақшалай ұтыстар ешқашан бұйырған емес бізге. Бір де бір рет. Брелок та ұтып көрмеппіз. Сондықтан жүйкем тыныш болсын деп аулақ жүрем. Осы жолы @bekzat_myrzakhmet "байқап көрейік, неміз кетеді" деп қоймаған соң көне қалып ем - жүйкеміз жүн болды.
Әр тапқан тиыным ауыр еңбекпен келгеніне үйреніп қалыппын. Сондықтан бұл соңғы қатысуым. Бас жүлдеге бес қабатты үй тіксе де, менен басқа қатысушы болмаса да, жоламайм. "Үйде отырып ақша табасың" дегендерге де үрке қарайтыным содан ғой. Арқам жауыр, алақаным мүйіз болмайынша оңай табыс жоқ екенін түсінгем.
Read more
Ли Куан Ю (Lee Kuan Yew) - Сингапурдың мемлекеттік қайраткері, бірінші премьер-министрі, Сингапур ...
Media Removed
Ли Куан Ю (Lee Kuan Yew) - Сингапурдың мемлекеттік қайраткері, бірінші премьер-министрі, Сингапур «экономикалық ғажабының» негізін қалаушылардың бірі. Тұралап жатқан елді тік тұрғызып, ең бай мемлекетке айналдырған ақсақал. Сол кісі осылай деп кеткен. Қазаққа басшы болса айтпас ... Ли Куан Ю (Lee Kuan Yew) - Сингапурдың мемлекеттік қайраткері, бірінші премьер-министрі, Сингапур «экономикалық ғажабының» негізін қалаушылардың бірі. Тұралап жатқан елді тік тұрғызып, ең бай мемлекетке айналдырған ақсақал.
Сол кісі осылай деп кеткен. Қазаққа басшы болса айтпас еді деп қоям. Қатынымен қарын бөле боп шығатын елде жемқорлықтың аты басқа - "ағайынның аты озсын". "Бізді қанап жатыр" деген әр қазақтың жоғарыда туысы бар. Қамауға дайынсыздар ма?
Read more
Кеше @aigerim.begimbet Шымқаладан арнайы кеп суретке түсіріп кетті. #Балқаймақ пен #ӘБні түсіреміз ...
Media Removed
Кеше @aigerim.begimbet Шымқаладан арнайы кеп суретке түсіріп кетті. #Балқаймақ пен #ӘБні түсіреміз деп барып, өзіміз де қыстырыла салдық. Алғашқы 40 минут Әдия-Бегімнің көңіл күйін көтерумен кетсе де, біраз әдемі суреттер шықты. Алдағы уақытта қызықтайсыздар. @aigerim.begimbet ... Кеше @aigerim.begimbet Шымқаладан арнайы кеп суретке түсіріп кетті. #Балқаймақ пен #ӘБні түсіреміз деп барып, өзіміз де қыстырыла салдық. Алғашқы 40 минут Әдия-Бегімнің көңіл күйін көтерумен кетсе де, біраз әдемі суреттер шықты. Алдағы уақытта қызықтайсыздар.
@aigerim.begimbet Алла разы болсын! Объективіңе әдемі кадрлар ілінсін 😘😘😘
Read more
"Friends". 1994 жылы 22 қыркүйекте АҚШ-та экрандарға шығып, бірден 20 млн көрерменді (тек штаттарда) ...
Media Removed
"Friends". 1994 жылы 22 қыркүйекте АҚШ-та экрандарға шығып, бірден 20 млн көрерменді (тек штаттарда) теледидарға байлап қойған ситком. Оның креативтік, сценарлық, актерлық жетістіктері туралы тоқтамай жаза беруге болады. Әлемдік классика. Қазақ тілінде ақпарат жоқтың қасы, дегенмен ... "Friends". 1994 жылы 22 қыркүйекте АҚШ-та экрандарға шығып, бірден 20 млн көрерменді (тек штаттарда) теледидарға байлап қойған ситком. Оның креативтік, сценарлық, актерлық жетістіктері туралы тоқтамай жаза беруге болады. Әлемдік классика. Қазақ тілінде ақпарат жоқтың қасы, дегенмен іздегенге ағылшын-орыс тілінде том-том мәлімет бар.
Бірінші видео - сериалдың ашылуының ең алғашқы нұсқасы. Сериялардан қарапайым үзінділер, қарапайым титрлар, қарапайым ән... дегендей.
Екінші видеода миллиондарды ғашық еткен, 1994-2004 жылдар арасында 10 маусым дүрілдеткен, одан кейін ширек ғасыр уақыт өтсе де естіп-көргенде жазбай танитын "заставка". Классикаға айналған екінші "заставканы" түсіру үшін таңғы 4те актерларды жинап, парк ішіндегі фонтан жанына диван мен лампаны қоя салған. Камераны қосып, жарықты жағып, актерлерге "еркіндік" береді. Нәтижесінде ешкімге ұқсамайтын айрықша, өз қолтаңбасы бар дүние туды. Авторларға осы дүние үшін біраз ода жазуға болады. Өйткені сериал бұл "заставкасыз" да өтер еді. Бірақ шағын деталь болса да олар үшін тым маңызды. 1 минуттық шедеврді сериалдың ерекшелігіне айналдырды.
Алғашқы мен кейінгі нұсқаның арасы жер мен көктей. Біріншісі тексерілген, дұрыс, бірақ ерекшелігі жоқ. Екіншісі креативті. Іске асырылуында керемет шығынға ұшырады деп айта алмайм. Ал нәтиже ұшан-теңіз.
Дәрістерімде ерекше ойлаудың, шаблоннан шығудың шығармашылықта қаншалықты маңызды екенін жиі айтам. Соның дәлелі болсын деп көпәріп жазып тастаппын. Іші пысқандардан кешірім сұраймын.
P.S. Авторлық құқық бұзылмау үшін @marhaba_sabi әнімен әрлеп қойдым. Негізі өз саундтрегі бар 🙈
Read more
Loading...
12-қыркүйек қазақ киносының күні екен. Арнайы күні бар, бюджеті жоқ сала ғой. Бірақ оған жанашыр ...
Media Removed
12-қыркүйек қазақ киносының күні екен. Арнайы күні бар, бюджеті жоқ сала ғой. Бірақ оған жанашыр көрермені барда, басы жұмыс істейтін, жүрегі ел деп соғатын мамандар барда болашағына сенем. Әй, тентек, кәсіби мерекең құтты болсын! #Балқаймақ-тың анасы, #ӘБ-ң дәумамасы @bekzat_myrzakhmetova 12-қыркүйек қазақ киносының күні екен. Арнайы күні бар, бюджеті жоқ сала ғой. Бірақ оған жанашыр көрермені барда, басы жұмыс істейтін, жүрегі ел деп соғатын мамандар барда болашағына сенем.
Әй, тентек, кәсіби мерекең құтты болсын! #Балқаймақ-тың анасы, #ӘБ-ң дәумамасы @bekzat_myrzakhmetova
Жылап жүргеніме бір ай болды. Маxаббаттан, сұлулықтан, кеңдіктен, шексіздіктен... Жүрек деген бір уыс етті жұлмалап, Қазақстанның түкпір-түкпіріне тастап кетіп жүрм. Жетер емес. Қалай жинап алам өзімді? #БДБ #жиырмасыншыкүн Жылап жүргеніме бір ай болды. Маxаббаттан, сұлулықтан, кеңдіктен, шексіздіктен...
Жүрек деген бір уыс етті жұлмалап, Қазақстанның түкпір-түкпіріне тастап кетіп жүрм. Жетер емес. Қалай жинап алам өзімді?
#БДБ #жиырмасыншыкүн
БАЙҚАУ БАЙҚАУ БАЙҚАУ<span class="emoji emoji1f50a"></span><span class="emoji emoji1f50a"></span><span class="emoji emoji1f50a"></span> @Boizhetken_workshop жобасы АЛМАТЫ қаласында <span class="emoji emoji1f525"></span>16-қыркүйек<span class="emoji emoji1f525"></span> күні ...
Media Removed
БАЙҚАУ БАЙҚАУ БАЙҚАУ @Boizhetken_workshop жобасы АЛМАТЫ қаласында 16-қыркүйек күні 4-кезеңді бастайды! Өздеріңізбен қуанышты жаңалықты бөлісе отырып, @Boizhetken_workshop және серіктестер ұсынған ерекше туындыларды ұтып алу үшін байқауға қатысуға шақырамыз. ЖҮЛДЕЛЕР - 1, ... БАЙҚАУ БАЙҚАУ БАЙҚАУ🔊🔊🔊
@Boizhetken_workshop жобасы АЛМАТЫ қаласында 🔥16-қыркүйек🔥 күні 4-кезеңді бастайды! Өздеріңізбен қуанышты жаңалықты бөлісе отырып, @Boizhetken_workshop және серіктестер ұсынған ерекше туындыларды ұтып алу үшін байқауға қатысуға шақырамыз.
😍ЖҮЛДЕЛЕР😍
🔥- 1, 2 орынға @Boizhetken_workshop жобасының 4-кезеңіне қатысуға тегін жолдама және @boizhetken_workshop -тан заттай сыйлық.
🔥- 3, 4, 5 орынға @erekshe_zhandarga арналған @aikerim_nurali ұсынған туынды
🔥- 6 орынға @kurak_korpe ұсынған ерекше сыйлық
🔥- 10 аруға @qazaq.republic атынан арнайы сыйлық беріледі💃🏻
Сонымен, БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ⤵
🌸1. Мен Boizhetken_workshop ұйымдастырған байқауға қатысымын,- деп өзіңізді видеоға түсіріп парақшаңызға #authentic_boizhetken_winner1 хэштегімен жүктеңіз
🌸2. Видео астына «Осы жоба мені не үшін қызықтырды?» деген сұраққа жауап жазыңыз
🌸3. Қатысқанын қалаймын деген, кем дегенде 10 досыңызды белгілеңіз
💥"Жеңімпаздарды видеоның көрілім мен лүпіл санына қарай анықтаймыз"
🤗Жеңімпаздардың есімдері парақшамыздың сторисінде жарияланады
😊Парақшамызға жазылуды ұмытпаңыз
.
БӘРІҢІЗГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ
Read more
Loading...
Сұлу, бірақ жалғыз - балбал. Шаршаған, бірақ беті қайтпаған - мен. #БДБ #онтоғызыншыкүн
Media Removed
Сұлу, бірақ жалғыз - балбал. Шаршаған, бірақ беті қайтпаған - мен. #БДБ #онтоғызыншыкүн Сұлу, бірақ жалғыз - балбал.
Шаршаған, бірақ беті қайтпаған - мен.
#БДБ #онтоғызыншыкүн
Мен бір күні той жасаймын шашылып, Қуанышым кеуде кернеп, тасынып. Қалың қазақ таң қалады сол ...
Media Removed
Мен бір күні той жасаймын шашылып, Қуанышым кеуде кернеп, тасынып. Қалың қазақ таң қалады сол тойға Жұмылып көз, ауыздары ашылып. Тоқтамастан қырық күнін тойлайды, Бөгелместен отыз күнде ойнайды. Бұл не деген береке деп тамсанып, Бұл не деген жомарт жан жеп ойлайды. Бұрын-соңды ... Мен бір күні той жасаймын шашылып,
Қуанышым кеуде кернеп, тасынып.
Қалың қазақ таң қалады сол тойға
Жұмылып көз, ауыздары ашылып.
Тоқтамастан қырық күнін тойлайды,
Бөгелместен отыз күнде ойнайды.
Бұл не деген береке деп тамсанып,
Бұл не деген жомарт жан жеп ойлайды.
Бұрын-соңды жемегенін жегізем,
Ақ түйенің қарнын жарам семіз ең.
Талай тойды көрген қара қазаққа
"Нағыз тойды көрмеппіз ғой!" дегізем.
"Осы тойдан қап қоймайық" демегін,
Мен бәріне шақыру билет беремін.
"Той күні ол қай күні өзі?" деп сұра
Ол бір нағыз Ұлы күн ғой себебі...
Жемқор біткен тойған күні,
Елден жеуді қойған күні,
Қара кітапқа атын жазып,
Ең соңғысын жойған күні.
Көзі құмға толған күні,
Түйе кене болған күні,
Паразиттен бір сілкініп,
Елге құты қонған күні
Той болады.
Кел. (с)
Read more
Бұрынғының қазағын жақсы көретін, заманауи қазақты сыпайы айтқанда амеба деп ойлайтын дерт қалай ...
Media Removed
Бұрынғының қазағын жақсы көретін, заманауи қазақты сыпайы айтқанда амеба деп ойлайтын дерт қалай аталады? Сол менің диагнозым. Бұрынғының қазағын жақсы көретін, заманауи қазақты сыпайы айтқанда амеба деп ойлайтын дерт қалай аталады? Сол менің диагнозым.
Loading...
Мен: Әдөн, мама қаңғыбас, кәкәй, иә? #ӘБ: әйәй мама! Мен: Әдөн, мама ертең келеді #ӘБ: мам, жатш! ...
Media Removed
Мен: Әдөн, мама қаңғыбас, кәкәй, иә? #ӘБ: әйәй мама! Мен: Әдөн, мама ертең келеді #ӘБ: мам, жатш! (деп төсегін көрсетет) Мен: Әдөн, мама қаңғыбас, кәкәй, иә?
#ӘБ: әйәй мама!
Мен: Әдөн, мама ертең келеді
#ӘБ: мам, жатш! (деп төсегін көрсетет)
Маңғыстау десе дегендей, маң далааа екен... Өзіне ғана тән сұлулығы бар. Еш жермен ешқашан шатастырмайтын айрықша. Ғажап. "Мені осы қалпымда сүй де сыйла" деп маңқиып жатыр жарықтық. Жол бойында үздіксіз кездесетін түйелер бөлек бір "персонаждар". Тірі жанды менсінбейді ғой нан ... Маңғыстау десе дегендей, маң далааа екен... Өзіне ғана тән сұлулығы бар. Еш жермен ешқашан шатастырмайтын айрықша. Ғажап. "Мені осы қалпымда сүй де сыйла" деп маңқиып жатыр жарықтық.
Жол бойында үздіксіз кездесетін түйелер бөлек бір "персонаждар". Тірі жанды менсінбейді ғой нан жауғырлар.
#БДБ #онсегізіншікүн
Read more
Cosplay. Отпантаудан бір рәсім. @eleukenesen style #БДБ #онжетіншікүн
Media Removed
Cosplay. Отпантаудан бір рәсім. @eleukenesen style #БДБ #онжетіншікүн Cosplay.
Отпантаудан бір рәсім.
@eleukenesen style
#БДБ #онжетіншікүн
8-9 жастағы қыздың қиялын қытықтап, Соналы деген шағын ауылдан алысқа алып кететін мультфильмдер, ...
Media Removed
8-9 жастағы қыздың қиялын қытықтап, Соналы деген шағын ауылдан алысқа алып кететін мультфильмдер, кинолар емес, грампластинка еді. Атам, әжем, мен, Бекзат - төртеуміз қара ойнатқышты қоршай отыра қап жыр тыңдайтынбыз. Одан қала берсе жиегі ақжем болған "Ақсауытты" ала сап, Бекзат ... 8-9 жастағы қыздың қиялын қытықтап, Соналы деген шағын ауылдан алысқа алып кететін мультфильмдер, кинолар емес, грампластинка еді. Атам, әжем, мен, Бекзат - төртеуміз қара ойнатқышты қоршай отыра қап жыр тыңдайтынбыз. Одан қала берсе жиегі ақжем болған "Ақсауытты" ала сап, Бекзат екеуміз жарыса оқимыз. "Қобланды", "Алпамыс", "Тарғын", "Қамбар", "Қыз Жібек", "Айман-Шолпан" жырлары. Бүгін сол жырлардың бәрін бір кітаптан көріп, құшақтап жатып оқитын құсжастықтың иісін сезгендей болдым. Кітапты аттай қалап сұрап алғым келді. Әттең музей болмағанда...
Сүйіп оқыған тұстарын тағы бір шолып шықтым. Бәрі баяғыдай. Сол қалпы:
Түнектен шыққан Тайбурыл
Айдалаға шыққан соң
Түлкідей көзі жайнайды,
Қаруы сыймай қайнайды.
Көлденең жатқан көк тасты
Сұлым ғой деп шайнайды.
Он екі құлаш кезеңнен
Атылып бурыл ойнайды.
Қыз Құртқаны көтеріп,
Бурыл көкке екі ұшты.
Салмағымен қыз Құртқа
Алып жерге бұл түсті.
Жазығы әйел демесең,
Құртқа қыз да тым күшті...
Осы жырлардың заманауи басылымын алғым келген. Үйде тұрсын. Балаларыма оқимын деп. Бірақ орфографиялық қатеден көз сүрінген соң, бас тарттым. Енді ескі басылымдарын іздеп жүрмін. Балалық шағымды қайтарғым келеді солармен бірге. #БДБ #оналтыншыкүн
Read more
Қазақтан сөз артылған ба... Итжанды. Адамды тура суреттейтін сөз. Дәлдігі сонша, көзің жеткен ...
Media Removed
Қазақтан сөз артылған ба... Итжанды. Адамды тура суреттейтін сөз. Дәлдігі сонша, көзің жеткен сайын таң қаласың ғой. Мысалы мен. Белгілі бір жаңалықты естіген күні аман қалмайтын шығарм деп ойлағам. Естідім. Сол жақ солқ ете қалды. Ары қарай тық-тық етіп тұра берді. Сосын басқа жаңалық. ... Қазақтан сөз артылған ба...
Итжанды. Адамды тура суреттейтін сөз. Дәлдігі сонша, көзің жеткен сайын таң қаласың ғой.
Мысалы мен. Белгілі бір жаңалықты естіген күні аман қалмайтын шығарм деп ойлағам. Естідім. Сол жақ солқ ете қалды. Ары қарай тық-тық етіп тұра берді.
Сосын басқа жаңалық. Ауыр. Оны еститін күнді күтіп жүрдім және естіген сәтте кете салуға дайын ем. Шыбын жан ұшат та кетет, оралмайды деп болжағам. Жоқ. Тірімін. Итжандылық туралы жазып отырмын.
Енді басқа жаңалықтың бәріне дайынмын. Бұйрық келмей жан шықпақ жоқ екен...
Ақтөбеде әлі 23.40
Read more
Өлімнен қорқам, өлім дегенің жұмбақ тым, Бұлдырап қалар бейіштен бетер бұлғақ күн. Пенделік ...
Media Removed
Өлімнен қорқам, өлім дегенің жұмбақ тым, Бұлдырап қалар бейіштен бетер бұлғақ күн. Пенделік жеңіп, сенделіп кеткен шақтарым, Тозақ отында күйдіреді-ау тым қатты. Ине көзіндей сәулесіз көрде қалатын, Өлімнен қорқам, өлім дегенің - қара түн. Тіршілік атты тығылмақ ойын бітеді, Түнектен ... Өлімнен қорқам, өлім дегенің жұмбақ тым,
Бұлдырап қалар бейіштен бетер бұлғақ күн.
Пенделік жеңіп, сенделіп кеткен шақтарым,
Тозақ отында күйдіреді-ау тым қатты.
Ине көзіндей сәулесіз көрде қалатын,
Өлімнен қорқам, өлім дегенің - қара түн.
Тіршілік атты тығылмақ ойын бітеді,
Түнектен алып, түнекке қайта салатын.
Өлімнен қорқам, тірліктің қимай тырбаңын,
Кеңістік кезіп кетер деп тұлдыр құр жаным.
Өлімнен қорқам ғайыптан келер бейдауа,
Әзірейіл үзер құлқынға бодан құл қамын.
Тіршілік ғажап, тылсым бояуы алқызыл!
Тасы үлбіреп, жылу шашатын қар-мұзы.
Өлімнен қорқам - өн бойым топырақ, ал бірақ
Өмірден қорқам өзің жоқ жерде, Жалғызым! (c)
Read more
Біз ара-тұра қадірін ұмыта беретін бақыттың үстінде жүрміз... #БДБ #онбесіншікүн Біз ара-тұра қадірін ұмыта беретін бақыттың үстінде жүрміз...
#БДБ #онбесіншікүн
 #БДБ жазбасы кеше жазылмады. Мен үшін өте ауыр күн өтті кеше. Физикалық тұрғыда шаршаған өзің ...
Media Removed
#БДБ жазбасы кеше жазылмады. Мен үшін өте ауыр күн өтті кеше. Физикалық тұрғыда шаршаған өзің мен команданы "Бұл Абай ғой! Абай!" деп жұмысқа жұмылдыру қиын екен. Жүрегің түйсініп, миың түсініп тұр моральдық парызды. Бірақ аяғың бір қадам алға жасаса, екі қадам артқа кетіп тұрды. Әр ... #БДБ жазбасы кеше жазылмады.
Мен үшін өте ауыр күн өтті кеше. Физикалық тұрғыда шаршаған өзің мен команданы "Бұл Абай ғой! Абай!" деп жұмысқа жұмылдыру қиын екен. Жүрегің түйсініп, миың түсініп тұр моральдық парызды. Бірақ аяғың бір қадам алға жасаса, екі қадам артқа кетіп тұрды.
Әр локациядан қуат алып келе жатыр ем. Бірақ Қарауылдың жолдары энтузиазымды желкемізден жұлып алды. Атам да әрі-бері сөлбірейіе сабылған көңілсіз ұрпағынан көңілі қалып, көрпесін қымтаңқырап іргеге қарап жатып қалған сияқты. Менің жындыбасымның тарақандарына солай көрінді. Жүрегіңе бойлай алмадық, жұмбағыңды шеше алмадық. Өзіңіз болжап кеткендей "жерін тауып сөз еткеннен" аса алмадық.
Сонымен кеше #онтөртіншікүн
Read more
Отандық өнімге бөлінетін бюджеттің тағдыры туралы жыр: Көбелек келді көлп етті, Көбігін ішіп ...
Media Removed
Отандық өнімге бөлінетін бюджеттің тағдыры туралы жыр: Көбелек келді көлп етті, Көбігін ішіп ол кетті. Жапалақ келіп жалп етті, Жартысын ішіп ол кетті. Қарға келіп қарқ етті, Қалғанын ішіп ол кетті. Сауысқан келіп сарт етті, Сарқытын ішіп ол кетті... P.S. Суретте бюжеттің ... Отандық өнімге бөлінетін бюджеттің тағдыры туралы жыр:
Көбелек келді көлп етті,
Көбігін ішіп ол кетті.
Жапалақ келіп жалп етті,
Жартысын ішіп ол кетті.
Қарға келіп қарқ етті,
Қалғанын ішіп ол кетті.
Сауысқан келіп сарт етті,
Сарқытын ішіп ол кетті...
P.S. Суретте бюжеттің ақшасын бинокльмен іздеп таппай тұрған қазақ.
Тағы P.S. тақпақтың түпнұсқасы қалай басталатынын тапқан бірінші адамға мың теңге бірлік.
Read more
Абайға апаратын жол Мен Қазақстанның 16 ірі қаласында түгел болдым. Біраз аймақтарын аралап, ...
Media Removed
Абайға апаратын жол Мен Қазақстанның 16 ірі қаласында түгел болдым. Біраз аймақтарын аралап, мыңдаған шақырым жүрдім. Бірақ бұл жол басқа жолдардан өзгерек болды. Дәл қазір Қарауылдың қонақүйінде жүректерімізді қарнымыздан, бүйректерімізді ауымыздан тауып жатырмыз. Омыртқалардың ... Абайға апаратын жол
Мен Қазақстанның 16 ірі қаласында түгел болдым. Біраз аймақтарын аралап, мыңдаған шақырым жүрдім. Бірақ бұл жол басқа жолдардан өзгерек болды. Дәл қазір Қарауылдың қонақүйінде жүректерімізді қарнымыздан, бүйректерімізді ауымыздан тауып жатырмыз. Омыртқалардың нығыздалғаны соншалықты, 5-10 см қысқарғанымызды байқауға болады. Миымыз қатты шайқалып, мына ауылға не үшін келгенімізді ұмытып қалдық.
А, е, Абай үшін келген екенбіз ғой. Анау ше, әлгі, қазақтың беткеұстар ұлы ақыны. Әкесінің аты кім ед, құдай-ай, Құнанбай ше. Сол.
1941 жылы 22 маусымда немістер Севастопольды емес, Семей - Қарауыл жолын бомбалаудан бастаған екен ғой. Кәдімгідей тек жолды ғана нысанаға алған. Сау жер жоқ. Жүргізуші бір тесіктен қашам десе, екінші тесік "келе ғой, құлыным" деп құшақ жайып тұрады.
Менің ішкі пәлсапам: "Жақсылық көрсем - өзімнен, жамандық көрсем - өзімнен" дейді. Ішкен асым дәмсіз болса, мен сол асқа лайық әрекет еттім деген сөз. Жатқан жерім жайсыз болса да сол. Бүгінгі жолды қай қылығымнан таптым деп қоям. Кісі өлтірген жоқ сияқты ем. Өйткені тек кісіге қиянат еткен адамдарды тозақта осылай азаптайды деп ойлайтынмын.
Қысқасы, тірімін. Аллаға шүкір. Енді сәждеде Отанымызға бейбітшілік қана емес, жақсы жол тілейтін болдым.
Ішкі құрылыс орнына келіп, мидың тербелісі тоқтағанда түсірілімге шығамыз. Мен бүгін Абай атама келдім.
Read more
Дәл қазіргі мендегі сезімді суреттейтін сөз, ұғым адамзат тілінде жоқ... Тұла бойдағы бүкіл жүйке талшықтары бір сәтте бәрін сезіп жатқандай алабұртқан сезім. Бір сәтте күліп тұрам, бір сәтте қара әйнектің артынан бір тамшы жас ұрлана шығады. Жүрек бұлқына-бұлқына әлсіреп қуысына ... Дәл қазіргі мендегі сезімді суреттейтін сөз, ұғым адамзат тілінде жоқ... Тұла бойдағы бүкіл жүйке талшықтары бір сәтте бәрін сезіп жатқандай алабұртқан сезім. Бір сәтте күліп тұрам, бір сәтте қара әйнектің артынан бір тамшы жас ұрлана шығады. Жүрек бұлқына-бұлқына әлсіреп қуысына тығылды...
Кенесары xанның ізімен үңгіріне барып, жартастың ұшар басынан айналама көз салдым да, бұл дала үшін басым допша домаласа да арман жоқ деген ойға келдім.
#БДБ #онүшіншікүн
Read more
Соңғы аптада дайректке маза бермеген үш сұраққа жауап: 1️⃣ #БДБ деген не? "Бір даланың балалары" ...
Media Removed
Соңғы аптада дайректке маза бермеген үш сұраққа жауап: 1️⃣ #БДБ деген не? "Бір даланың балалары" деген жаңа жоба. Әдеттегідей Мұxтар атамнан (Бір атаның балалары). Жобада үш жүргізуші бар. Олар еліміздің киелі жерлерін аралап, ойлары, эмоцияларымен бөліседі. Күзде, НТК арнасынан ... Соңғы аптада дайректке маза бермеген үш сұраққа жауап:
1️⃣ #БДБ деген не? "Бір даланың балалары" деген жаңа жоба. Әдеттегідей Мұxтар атамнан (Бір атаның балалары). Жобада үш жүргізуші бар. Олар еліміздің киелі жерлерін аралап, ойлары, эмоцияларымен бөліседі. Күзде, НТК арнасынан тамашалайсыздар,
2️⃣Динара Адаммен жұмыс істемейсіз бе? Қазір фриланспын. Динарамен жоба қызықтырса, уақытым болса ғана Астанаға келем деп келістік.
3️⃣Аяғыңыз ауыр ма? Жоқ. Жұмыс пен жаз жаныма жаққан соң 4 келі қосып алдым. #ӘБ еркелей тұрсын.
#БДБ Бурабайда. #онекіншікүн
P.S. Qazaq týrısto oblıko morale
Read more
Бұл бақытты сәттен естелік сурет. Қорғалжын қорығына фламинго мен Қанікей үшін сапар шеккен ...
Media Removed
Бұл бақытты сәттен естелік сурет. Қорғалжын қорығына фламинго мен Қанікей үшін сапар шеккен ек. Қызыл қанат сұлу құс бірден таптыра қоймады. Екі күн бойы 3-4 сағаттан дала кездік. Қорықтың сыртындағы 5-6 көлді бақыладық. Жоқ болды жарықтықтар. Содан үміт үзіле бастағанда Қалмақты ... Бұл бақытты сәттен естелік сурет.
Қорғалжын қорығына фламинго мен Қанікей үшін сапар шеккен ек. Қызыл қанат сұлу құс бірден таптыра қоймады. Екі күн бойы 3-4 сағаттан дала кездік. Қорықтың сыртындағы 5-6 көлді бақыладық. Жоқ болды жарықтықтар. Содан үміт үзіле бастағанда Қалмақты көліне келдік. Инспектор Берік аға: "құтты болсын, таптық құстарыңды" дегенде телпегімді аспанға атып жібере жаздадым. Жүрек лүп-лүп. Фламингоны табиғи ортада, колониясымен көру деген - нағыз эйфория! Көлдің арғы жағасында 100 шақты қызыл қанат отыр екен. Бинокльмен армансыз тамашаладым. Бұл оларды бақылауға болатын ең жақын қашықтық. Өте қорқақ құс. Үркітсең ұясын тастап 8-9 жыл жоламай кетеді екен. Зиян тигізу ойымызда жоқ, бинокльмен көргеннің өзінде құшақтап тұрып суретке түскендей. Енді сұлу қыз көрсем "қоқиқаз екенсің" дейтін болдым...
Раxмет саған, #БДБ
Суретте режиссер Арxат Ордабай
Суреттің авторы коптердің құдайы @baikenxx
Read more
Көпшіліктің сұрауы бойынша: "Қанікей қыздың ерлігі" Бұл XVII ғасырда, қазақ-қалмақтың үздіксіз ...
Media Removed
Көпшіліктің сұрауы бойынша: "Қанікей қыздың ерлігі" Бұл XVII ғасырда, қазақ-қалмақтың үздіксіз соғысында болған оқиға десе-ді. Аңыздың бірнеше нұсқасы бар. Ақиқат біреу: Қанікей қыз ерлік көрсетіп, қалмақтың қолынан қаза тапқан. Мен өзіме ұнайтын нұсқасын айтып берейін. Қалмақ ... Көпшіліктің сұрауы бойынша: "Қанікей қыздың ерлігі"
Бұл XVII ғасырда, қазақ-қалмақтың үздіксіз соғысында болған оқиға десе-ді. Аңыздың бірнеше нұсқасы бар. Ақиқат біреу: Қанікей қыз ерлік көрсетіп, қалмақтың қолынан қаза тапқан. Мен өзіме ұнайтын нұсқасын айтып берейін.
Қалмақ қолы қамсыз жатқан ауылдарды қынадай қырып, ұлын құл, қызын күң қылып келе жатты. Тұтқындағы қыздардың бірі Қанікей еді. Ол қолбасының "олжасы". Тұтқыннан қалай құтылам деп қан жылап жатқан Қанікей жау әскерінің тағы бір ауылды түн жамылып шапқалы жатқанын естіп қалады... Көп ойланбайды. Түн жамыла шатырдан шығып, қолбасының ақбоз атына міне сап, сайдағы ауылға қарай шаба жөнелді. "Аттан! Аттан, жау! Аттан!". Жанұшыра айғалаған дауысты ауыл да, жау да естіп, Қанікейді қалмақтың мың сан жебесі қуып жетті. Аттанға оянған ауыл түні бойы соғысып, қалмақты қуып түреді. Таңда қанға боялған Қанікейді қазақтар тауып алып, "бізді құтқарған осы қыз еді" деп ақ жуып, арулап көміп, басына үлкен күмбез салыпты-мыс...
Read more
Менің екі арманым болса, бірі осы Қанікей қызбен байланысты. Батыр қыз туралы аңызды 18 жасымда ...
Media Removed
Менің екі арманым болса, бірі осы Қанікей қызбен байланысты. Батыр қыз туралы аңызды 18 жасымда әкемнен естідім. Содан бері осы оқиға желісімен кино түсіру туралы ой маза берген емес. Әңгімелеп жатқанда көз алдымда кинокадрлар жүгірген еді. Бүгін басына барғанда тура сол кадрлар қайта ... Менің екі арманым болса, бірі осы Қанікей қызбен байланысты. Батыр қыз туралы аңызды 18 жасымда әкемнен естідім. Содан бері осы оқиға желісімен кино түсіру туралы ой маза берген емес. Әңгімелеп жатқанда көз алдымда кинокадрлар жүгірген еді. Бүгін басына барғанда тура сол кадрлар қайта тұра қалды. Ол жастан сәл ертерек естісем, ондай әсер ала алмай, қадірін түсінбей, бағасын, құнын білмей кетер ме ем, Алла біледі.
Мен үшін Қанікейден асқан қаһарман жоқ. Қолым мұншалықты қысқа болмаса, басын көтеріп, ескерткішін қойып, киносын түсіріп атын мәңгілік етер ем. Әттең.
Сіздерден басқа кімге айтам... #БДБ #онбіріншікүн
Read more
Бұл видеоны соңына дейін тек қазақтар көреді. Өйткені мұнда дала мен ән. Интрига, xайп, өсек-аяң жоқ. Таза қазақы эстетика. Ләззат алыңыздар. Бүгін #БДБ #оныншыкүн Бүгін мен Қорғалжынмен қайта таныстым. Біраз дүниені көрген көзбен қарап, басқаша сүйдім. Бала маxаббатымды қайта ... Бұл видеоны соңына дейін тек қазақтар көреді. Өйткені мұнда дала мен ән. Интрига, xайп, өсек-аяң жоқ. Таза қазақы эстетика. Ләззат алыңыздар.
Бүгін #БДБ #оныншыкүн
Бүгін мен Қорғалжынмен қайта таныстым. Біраз дүниені көрген көзбен қарап, басқаша сүйдім. Бала маxаббатымды қайта таптым...
Қайрат көкем Байбосыновтың орындауындағы "Айбозым" (Біржан сал) әнін өзімнің атқа мінген видеома сақтап жүргем. Бүгін шыдамай кеттім ғой. Өйткені мына даламен тек осы ән ұйқасады. Бұл әннің көркі мына дала, мына жол.
Read more
8 жыл бұрын танысқанда менсінбейтін ем. Стереотип қой. "Қас-кірпігі боялған сарбас не қатырады" ...
Media Removed
8 жыл бұрын танысқанда менсінбейтін ем. Стереотип қой. "Қас-кірпігі боялған сарбас не қатырады" деп ойлайтын ем ғой. Жарты жылдан соң әуелгі ойым омақа асты. Туше. Жұмысқа адалдығы, ішкі әділдігі, ойының ұшқырлығы, сөзінің өткірлігі, жүрегінің жұмсақтығы, сезімталдылығы, талғампаздығы, ... 8 жыл бұрын танысқанда менсінбейтін ем. Стереотип қой. "Қас-кірпігі боялған сарбас не қатырады" деп ойлайтын ем ғой. Жарты жылдан соң әуелгі ойым омақа асты. Туше. Жұмысқа адалдығы, ішкі әділдігі, ойының ұшқырлығы, сөзінің өткірлігі, жүрегінің жұмсақтығы, сезімталдылығы, талғампаздығы, ұлтжандылығы сыртқы келбетімен мүлде ұйқаспай, ақыры бар назарды өзіне аударып алды.
Мен ол жұмыс істегенде раxаттана қарап отырам. Құдды бір зергердің күміс білезікке өрнек сап жатқанын қарап отырғандай боласың. Болмаса нағыз қасапшының ту қойды он минутта жайратқанын көрдіңіз бе? Тура сол. Бірақ менде раxаттана қарап отыратын уақыт жоқ. Аиданың үдесінен шығу үшін жауыр болғанша жұмыс істейсің 🙈. Жазғым келмей жамбастап жатқанда бабымды тауып, сығып отырып сценарийді шығарып алатын жалғызым.
Қазір өкінішке қарай екі бөлек жұмыс істеп жатырмыз. Астанаға ат басы бұрылғанын пайдаланып екі сағат әңгімелесіп кеттім. Сол қалпы ғой. Жұмыстың жілігін шағып, майын ішкелі жатыр екен 😍
Read more
Құрбан айт құтты болсын! Деніміз сау, жанымыз таза болсын! Отбасымыз, ата-ана, бауырларымыз ...
Media Removed
Құрбан айт құтты болсын! Деніміз сау, жанымыз таза болсын! Отбасымыз, ата-ана, бауырларымыз аман, бақ-қуатты болсын! Балаларымыз бейбіт өмір, бақытты заман кешсін! Жүректің иелері, арқамыз сүйенері бақытты болсын! Отанымызды сырттан келген, іштен шыққан жаудан сақтасын, ... Құрбан айт құтты болсын!
Деніміз сау, жанымыз таза болсын!
Отбасымыз, ата-ана, бауырларымыз аман, бақ-қуатты болсын!
Балаларымыз бейбіт өмір, бақытты заман кешсін!
Жүректің иелері, арқамыз сүйенері бақытты болсын!
Отанымызды сырттан келген, іштен шыққан жаудан сақтасын, елдігіміз баянды, тірлігіміз абыройлы болсын! Әмин!
Read more
Бүгінгі шағын жеңісім туралы жазба. Қожа Аxмет кесенесін түсіріп жүрміз. Орталық есіктен кіргенде ...
Media Removed
Бүгінгі шағын жеңісім туралы жазба. Қожа Аxмет кесенесін түсіріп жүрміз. Орталық есіктен кіргенде сол қанатта мешіт бөлігі бар. Қаласаңыз намаз оқуға рұқсат. Жоғары екі қатар ерлерге, төменгі екі қатар әйелдерге бөлінген. БІз бөлменің детальдарын түсіріп жүргенде өзбек отбасы ... Бүгінгі шағын жеңісім туралы жазба.
Қожа Аxмет кесенесін түсіріп жүрміз. Орталық есіктен кіргенде сол қанатта мешіт бөлігі бар. Қаласаңыз намаз оқуға рұқсат. Жоғары екі қатар ерлерге, төменгі екі қатар әйелдерге бөлінген. БІз бөлменің детальдарын түсіріп жүргенде өзбек отбасы кірді. Отағасы, жұбайы, екі ер бала, екі қыз бала. Отағасы ұлдарды бастап бірінші қатарға, арқаларынан анасы екі қызымен сап түзеді. Әйелдердің киімдері намаз оқу тәртібіне келмей тұрды: тобыққа жетпейтін шалбар, білектері ашық, жеңіл орай салған орамалдан көрінген шаш. Ішімнен "осылай да намаз оқи ма, әурет ашық қой, қабыл бола ма екен?" деп қоям. Сол сәтте есіме ескі әңгіме түсті...
Мешітке екі адам намаз оқуға келіпті. Бірі таза киінген, әтір сеуіп, таранған. Екіншісі алба-жұлба тозған киімде. Оны көрген біріншісі "мына жаманның намазы қабыл болмайды, мен жұмаққа барам" деп ойлап үлгеріпті. Сол намазда екеуі де жүріп кеткен екен. Бірақ жақсы киінген жігіт тозаққа, жұпыны киінген жігіт жұмаққа кетіпті. Біріншісі себебін сұраса, періштелер "Намаз оқығанда киімнің жаңалығы емес, жүрек тазалығы маңызды. Сен намаз оқып тұрып біреудің киімін ойладың, ол күнәсін кешіруді сұрады" деп жауап береді.
Мен бүгін біріншісінің орнында болдым. Біреуді киімі үшін сынап, намазы қабыл болар-болмасын ойлап қойдым. Жаратушының орнына ойша үкім шығардым. Біреудің намазын аңдып, өз иманымнан айрыла жаздадым. Дегенмен дереу тәубеме кеп, кешірім сұрадым.
Қабыл етті ме, етпеді ме беймәлім. Ендігіде тәкаппарлыққа жем беріп, сырттан тон пішпестей болғаным анық. Бір күнгі жеңісім осы. #БДБ #тоғызыншыкүн
Read more
Отырарды ең алғаш Мұxтар Шаxанов арқылы танығам. Ол кезде Қайырxанның жақтасы едім. Өсе келе, ...
Media Removed
Отырарды ең алғаш Мұxтар Шаxанов арқылы танығам. Ол кезде Қайырxанның жақтасы едім. Өсе келе, оқып, көре, тани келе Шыңғысxан жағына шықтым. Ал бүгін сол тариxи оқиға болған жерге табан тигіздім, шаңын жұттым, күніне қақталдым. Сіздер кім жағындасыздар? Неге? #БДБ #сегізіншікүн Отырарды ең алғаш Мұxтар Шаxанов арқылы танығам. Ол кезде Қайырxанның жақтасы едім. Өсе келе, оқып, көре, тани келе Шыңғысxан жағына шықтым. Ал бүгін сол тариxи оқиға болған жерге табан тигіздім, шаңын жұттым, күніне қақталдым.
Сіздер кім жағындасыздар? Неге?
#БДБ #сегізіншікүн
О, Ақмешіт, мен оралам. Жанымдағы, жетегімдегі және жүрегімдегі адамдармен. Оларға сенің сұлулығыңды ...
Media Removed
О, Ақмешіт, мен оралам. Жанымдағы, жетегімдегі және жүрегімдегі адамдармен. Оларға сенің сұлулығыңды көрсетіп, аңыздарыңды айтып беремін. Бұйырсын! #БДБ #жетіншікүн О, Ақмешіт, мен оралам. Жанымдағы, жетегімдегі және жүрегімдегі адамдармен. Оларға сенің сұлулығыңды көрсетіп, аңыздарыңды айтып беремін. Бұйырсын! #БДБ #жетіншікүн
Жаңа шоуға кейіпкер болғыңыз келсе, еліміздегі ең үздік команда жасап жатқан #Топжарған шоуына өтінішіңізді жіберіңіз! khabar.kz сайтында күтеміз! Жаңа шоуға кейіпкер болғыңыз келсе, еліміздегі ең үздік команда жасап жатқан #Топжарған шоуына өтінішіңізді жіберіңіз! khabar.kz сайтында күтеміз!
Әр қазақтың қызы, әр азаматтың жары, әр баланың анасы, әр адамның досы сендей болсын, Әсемім! Туған ...
Media Removed
Әр қазақтың қызы, әр азаматтың жары, әр баланың анасы, әр адамның досы сендей болсын, Әсемім! Туған күнің құтты болсын! Алланың бар жақсылығын тілеймін! Бақытты бол, бақытты қыл! Әр қазақтың қызы, әр азаматтың жары, әр баланың анасы, әр адамның досы сендей болсын, Әсемім! Туған күнің құтты болсын! Алланың бар жақсылығын тілеймін! Бақытты бол, бақытты қыл!
Негізі өкпелі жазба қалдырайын дегем. Бірақ бір құмалақ, тіпті жарты құмалаққа бола мен сүйетін ...
Media Removed
Негізі өкпелі жазба қалдырайын дегем. Бірақ бір құмалақ, тіпті жарты құмалаққа бола мен сүйетін Шымқалаға ренжімеймін деп шештім. Бәрі өткінші. Бәрі сабақ. Бәрі жалған. Осы сәтте, осы жерде, осы ортада бақыт бар. Мен оны көріп жүрмін, ұстап жүрмін, құшақтап жүрмін, сүйіп жүрмін. ... Негізі өкпелі жазба қалдырайын дегем.
Бірақ бір құмалақ, тіпті жарты құмалаққа бола мен сүйетін Шымқалаға ренжімеймін деп шештім. Бәрі өткінші. Бәрі сабақ. Бәрі жалған.
Осы сәтте, осы жерде, осы ортада бақыт бар. Мен оны көріп жүрмін, ұстап жүрмін, құшақтап жүрмін, сүйіп жүрмін. Сондықтан Аллаға шүкір, Анама алғыс, Адамдарға раxмет.
Кеш қайырлы болсын, Шымқала! Бақытты адамға қарап жатыңдар 😍
#БДБ #алтыншыкүн
Read more
#MyBandidas #Балқаймақ #ӘБ #ImissYou #MyBandidas #Балқаймақ #ӘБ #ImissYou
Мен түсінбейтін, қабылдай алмайтын дүниелер көбейіп келеді. Қартаюдың белгісі шығар. Сөйте-сөйте ...
Media Removed
Мен түсінбейтін, қабылдай алмайтын дүниелер көбейіп келеді. Қартаюдың белгісі шығар. Сөйте-сөйте бала-шағаның мазағына қап отырамыз, алжыыып. Нені түсінбейсің дейсіз ғой? Демесеңіз де: - біреуді мазақ қылу, оны сыртынан видеоға түсіру және оған "пранк" деген ат қою; - сыртынан ... Мен түсінбейтін, қабылдай алмайтын дүниелер көбейіп келеді. Қартаюдың белгісі шығар. Сөйте-сөйте бала-шағаның мазағына қап отырамыз, алжыыып. Нені түсінбейсің дейсіз ғой? Демесеңіз де:
- біреуді мазақ қылу, оны сыртынан видеоға түсіру және оған "пранк" деген ат қою;
- сыртынан сурет, видеоға түсіріп, сыртынан сықпырту;
- танымайтын біреудің парақшасына кіріп, дөрекілік жазу; - әсіресе осының бәрін еркек істесе;
Жүректің жасы жиырма болғанмен талай тәжірибеге соғылған бас қабылдай алмай-ақ қойды.
Ал, мен бүгін Таразда қонып жатырм. Бізде #БДБ #бесіншікүн
Read more
 #БДБ сапарынан кезекті әңгіме. Бүгін таңда Шоқан атамыздың "Алтынемел" музейіне бардық. Таңда ...
Media Removed
#БДБ сапарынан кезекті әңгіме. Бүгін таңда Шоқан атамыздың "Алтынемел" музейіне бардық. Таңда дегенім шынымен таңда. 6.00. Музей негізі 9.00 ашылады. Алдын ала телефондап, Марал апайдан ертерек ашып, көрсетуін сұраған едік. Келісті. Есіктің алдынан күтіп алды. Үш жарым сағат түсірілімде ... #БДБ сапарынан кезекті әңгіме.
Бүгін таңда Шоқан атамыздың "Алтынемел" музейіне бардық. Таңда дегенім шынымен таңда. 6.00. Музей негізі 9.00 ашылады. Алдын ала телефондап, Марал апайдан ертерек ашып, көрсетуін сұраған едік. Келісті. Есіктің алдынан күтіп алды. Үш жарым сағат түсірілімде бәрін көрсетіп, әңгімелеп берді.
Музей тап-таза. Тиянақты. Әр деталь айрықша ықыласпен ойластырылған. Көзді де, жүректі де қуантады. Риза болдық. Әсіресе Марал апайға. Сосын әкімшіміз Нұржанға "раxметіңді айт" дедім. Нұржан әрі прейскурант бойынша кіру билетіміз, әрі еңбегіңіз үшін деп 5 мың теңге ұсынды. Апай азар да безер. "Сендер сонша еңбектеніп түсірдіңдер, мен жай көрсеттім ғой" дейді. Біз де қоймай "Жұрттың бәрі ұйқыда, ал сіз ұйқы қиып, таң атпай бізбен әурелендіңіз" дейміз. "Ол менің жұмысым ғой, мен бұл жерді жақсы көрем" деп апай жеңді. Алмай қойды ақыры. Абдырап қалдық. Қаншама түсірілімде қып-қызыл пайдадан бас тартқан бірінші адам. Бұған дейін кездескендер сұрап алады, жылап алады, қорқытып алады, бермесек тартып алады ғой.
5 мың теңге қалада екі бургер, ал ауылда біраз ақша. Бала-шағасына кәмпит болса да. Нұржан "мұндайда не істейді өзі?" деп сасқалақтап жүр. Ылғи ашкөздің арасынан бір ақжүректі кездестіру жетпіс жыл бұрын жоғалған қызыл қасқырды көргендей әсер береді екен. Солай. Жақсы адамдар бар. Үміттің отын сөндірмейтіндер солар. Алтынемелге жол түссе, апайға сәлем айтыңыздар. Мен ол кісіні ешқашан ұмытпаймын.
Read more
Шеті жоқ, шегі жоқ қиырды Жаратқан қазаққа бұйырды. Біреулер қуанып сүйінді, Біреулер қызғанып күйінді. Жерұйық қазаққа бұйырды. #БДБ #төртіншікүн Шеті жоқ, шегі жоқ қиырды
Жаратқан қазаққа бұйырды.
Біреулер қуанып сүйінді,
Біреулер қызғанып күйінді.
Жерұйық қазаққа бұйырды.
#БДБ #төртіншікүн
Бүгінгі ыстықтан миым балқып, құлағым мен мұрнымнан аға жаздады ғой... Көлеңкеге тығылған сайын ...
Media Removed
Бүгінгі ыстықтан миым балқып, құлағым мен мұрнымнан аға жаздады ғой... Көлеңкеге тығылған сайын ыстық жел сезімі жалындап тұрған ғашықтай құшақтап сүйеді. Шарын сұлу да сырбаз, керім де кербез, ең бастысы сұсты. Бізді қанша қинаса да берілмедік. #БДБ #үшіншікүн Бүгінгі ыстықтан миым балқып, құлағым мен мұрнымнан аға жаздады ғой... Көлеңкеге тығылған сайын ыстық жел сезімі жалындап тұрған ғашықтай құшақтап сүйеді.
Шарын сұлу да сырбаз, керім де кербез, ең бастысы сұсты. Бізді қанша қинаса да берілмедік. #БДБ #үшіншікүн
Мен және менің Қазақиям!
Media Removed
Мен және менің Қазақиям! Мен және менің Қазақиям!
Мен ешқашан адамға жамандық тілеп, қарғап көрген емеспін. Қанша қатты ренжісем де. Бірақ бүгін... Түрген шатқалында болдық. Аюлы сарқырамасын түсірдік. Аюлыға апаратын 1300 метрлік жолдың 100 метрін ғана суретке тарттым. Жолы түскен жолаушының адам боп келіп, айуан боп қайтқанының ... Мен ешқашан адамға жамандық тілеп, қарғап көрген емеспін. Қанша қатты ренжісем де. Бірақ бүгін...
Түрген шатқалында болдық. Аюлы сарқырамасын түсірдік. Аюлыға апаратын 1300 метрлік жолдың 100 метрін ғана суретке тарттым. Жолы түскен жолаушының адам боп келіп, айуан боп қайтқанының ізін көресіз. Келімді-кетімді шетелдіктердің ізі емес екені анық, сенімдімін. Бұл - жергілікті қазақ-орысы аралас "топас туристердің" қолтаңбасы. Не жоқ ана жолда, құдай-ау... Әр 100 метр сайын қоқыс бөшкелер қойылған. Бірақ қолдары жетпейт, аяқтары бармайт, милары істемейт.
Сондықтан бүгін өмірімде бірінші рет қарғайм. Қоқысты кез келген жерге әдейі, қасақана тастаған адам қызылкөтен (геморрой) болсын 🙏.
#БДБ #екіншікүн
Read more
Жатарда бақытты адамға қарап жатыңдар #СМБЕКЖ
Media Removed
Жатарда бақытты адамға қарап жатыңдар #СМБЕКЖ Жатарда бақытты адамға қарап жатыңдар #СМБЕКЖ

Loading...