Loading Content...

Qazaqnews Instagram Photos and Videos

Loading...


Followers: 147,617
Following: 2,287
Total Comments: 0
Total Likes: 0

Өзбекстан Ұлттық Телерадиокомпаниясының құрамындағы барлық телеарналарға елді 27 жыл басқарған ...
Media Removed
Өзбекстан Ұлттық Телерадиокомпаниясының құрамындағы барлық телеарналарға елді 27 жыл басқарған басшы Ислам Каримовтың атын атауға тыйым салынды. Бұл туралы ca-news.orgсайтына сілтеме жасаған @qazaqnews. Бұл бұйрықтың берілгені туралы Өзбекстан арналарының бірінде тікелей ... Өзбекстан Ұлттық Телерадиокомпаниясының құрамындағы барлық телеарналарға елді 27 жыл басқарған басшы Ислам Каримовтың атын атауға тыйым салынды. Бұл туралы ca-news.orgсайтына сілтеме жасаған @qazaqnews. Бұл бұйрықтың берілгені туралы Өзбекстан арналарының бірінде тікелей эфирде жұмыс істейтін жүргізуші айтқан.
Ол Ислам Каримовтың атын атамау туралы бұйрық президенттің мемлекеттік кеңесшісі Хайриддин Сұлтановтан келіп түскенін жеткізген екен.
Ал тағы бір өзбекстандық телеарнаның бас редакторы эфирде Каримовтың есімін атамау ұсыныс емес, талап болғанын айтады.
Оның сөзінше, алғашқы президенттің атын айтпау Өзбекстан арналарына бір ай бұрын айтылған екен.
Елдегі "Ешлар" телеарнасы журналисінің айтуынша, басшылық тек Ислам Каримовтің атын атамауды емес, бағдарламаларда оның суреті мен естеліктерін көрсетпеуді, оның есімі жазылған ешқандай репортажды жарыққа шығармауды бұйырған екен[email protected]
Read more
Loading...
Геннадий Головкин енді футболмен айналысатынын айтты Қазақстандық әйгілі боксшы Геннадий ...
Media Removed
Геннадий Головкин енді футболмен айналысатынын айтты Қазақстандық әйгілі боксшы Геннадий Головкин америкалық "Лос Анджелес" футбол клубына қонаққа барып, жанкүйерлерін қуантты. Футбол клубы Головкинге "GGG" деген жазуы бар жейде сыйлаған деп хабарлайды sports.kz Айта кетерлігі, ... Геннадий Головкин енді футболмен айналысатынын айтты
Қазақстандық әйгілі боксшы Геннадий Головкин америкалық "Лос Анджелес" футбол клубына қонаққа барып, жанкүйерлерін қуантты. Футбол клубы Головкинге "GGG" деген жазуы бар жейде сыйлаған деп хабарлайды sports.kz Айта кетерлігі, боксшы футбол клубына өзінің жаттығатын күні барған. "Лос Анджелес" футбол клубы болса Геннадий Головкинге "GGG" деген жазуы бар, 1-ші номерлі жейде сыйлап үлгеріпті.
Боксшы футбол клубына барған сәтін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына да салып үлгерген. Онда ол "Сыйлықтарыңыз үшін, көптен-көп рахмет. Егер қорғаушы қажет болып жатса, маған айтарсыздар" деп жазған боксшы.
@qazaqnews
Read more
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Литвадағы елшісі ретінде Виктор Темірбаевты тағайындады. ...
Media Removed
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Литвадағы елшісі ретінде Виктор Темірбаевты тағайындады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ. "Елбасы жарлығымен Темірбаев Виктор Валерьевич Қазақстанның Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі ... Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Литвадағы елшісі ретінде Виктор Темірбаевты тағайындады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ. "Елбасы жарлығымен Темірбаев Виктор Валерьевич Қазақстанның Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды" , - деп жазылған жарлықтың мәтінінде[email protected]
Read more
Қазақстан КВН одағының төрағасы Есен Елеукен 1 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартатын "Tamasha ...
Media Removed
Қазақстан КВН одағының төрағасы Есен Елеукен 1 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартатын "Tamasha tv" телеарнасының директоры болып тағайындалды деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ."Tamasha tv" телеарнасы "Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты ... Қазақстан КВН одағының төрағасы Есен Елеукен 1 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартатын "Tamasha tv" телеарнасының директоры болып тағайындалды деп хабарлайды Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ."Tamasha tv" телеарнасы "Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты төртінші телеарна болып отыр.
Жаңа телеарна "Әзіл әлемі" "Жайдарман", "Хаха-шоу", "Әзіл man", "Көңілді тапқырлар алаңы", "Қызық екен", комедиялық телехикаялар және тағы басқа қызықты жобаларды ұсынбақ.
Сондай-ақ, ол телерадиокорпорация мұрағатында жылдар бойы сақталған, кезінде көрерменнің көңілінен шыққан танымал ойын-сауықтық бағдарламалар эфирге қайтадан оралатын болады.
Айта кетейік жаңа телеарна OtauTV және iDTV пакеттерінде HD форматында қолжетімді болады[email protected]
Read more
Денис Тен алған жарақаты салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сочи Олимпиадасының ...
Media Removed
Денис Тен алған жарақаты салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сочи Олимпиадасының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көз жұмды. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ернар Әкімқұлов растады. «Өкінішке қарай, ол қайтыс болды», ... Денис Тен алған жарақаты салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сочи Олимпиадасының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көз жұмды. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ернар Әкімқұлов растады. «Өкінішке қарай, ол қайтыс болды», – деді ол.

Ернар Әкімқұловтың айтуынша, денсаулық сақтау басқармасы қайғылы оқиғаға қатысты брифинг өткізеді.

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Спортшыкімнің жарақаттағаны анықталды.

Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Денис Теннің жағдайына қатысты пікір білдірген еді[email protected]
Read more
Отандық танымал әншінің су жаңа бейнебаяны кеше ғана көрерменге жол тартты. Әнші бұл жолы да клиптегі ...
Media Removed
Отандық танымал әншінің су жаңа бейнебаяны кеше ғана көрерменге жол тартты. Әнші бұл жолы да клиптегі басты рөлді Тәуекел Мүсілімге берген. Екінші бейнебаянында да Тәуекелмен аймаласқан Жанар Дұғалова көпшілікке жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ. Жанар Дұғалова кеше жаңа туындысы ... Отандық танымал әншінің су жаңа бейнебаяны кеше ғана көрерменге жол тартты. Әнші бұл жолы да клиптегі басты рөлді Тәуекел Мүсілімге берген. Екінші бейнебаянында да Тәуекелмен аймаласқан Жанар Дұғалова көпшілікке жақпай қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жанар Дұғалова кеше жаңа туындысы "Сүйем-жек көрем" әніне түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті. Бейнеклипте Жанардың ғашығының рөлін тағы да Тәуекел Мүсілім ойнады.

Айта кетейік, осыдан бұрын Жанардың "Ала кетпедің" әнінің бейнебаянына да Тәуекел түскен болатын. Бұл жолы да дәстүрден таймай, қос ғашықтың рөлін сомдаған жұлдыздар көпшілікті қызықтырып қойды.

Желі қолданушылары Жанарды Тәуекелге ғашық деп жазса, енді біреулері клиптегі тым ашық образдар мен екі актердің құшақтасып, аймаласқан тұстарын сынады. "Осы Жанар Тәуекелге өзі ғашық сияқты", "Неге үнемі Тәуекелмен түседі?", "Соншама аймаласып не болды екеуіне?", "Жанар Тәуекелді өзіне қарата алмай жүрген сияқты", "Кейде Жанардың өлеңдері Тәуекелге арналған сияқты" деп пікір білдірді оқырмандар.

Айта кетейік, Тәуекел мен Жанар Дұғалова "Махаббатым" жүрегімде фильмінде де ғашық жандарды сомдаған болатын[email protected]
Read more
Loading...
WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver бойынша екі түрлі салмақ категориясында бақ сынасатын ...
Media Removed
WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver бойынша екі түрлі салмақ категориясында бақ сынасатын Фируза Шарипованың кезекті жекпе-жегінің өтетін орны мен уақыты жария болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Allfight.ru порталына сілтеме жасап. Қазақстандық боксшы қыз испаниялық ... WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver бойынша екі түрлі салмақ категориясында бақ сынасатын Фируза Шарипованың кезекті жекпе-жегінің өтетін орны мен уақыты жария болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Allfight.ru порталына сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы қыз испаниялық былғары қолғап шебері Мириам Гутьерреспен кездеседі. Жекпе-жек 4 тамыз күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы M-1 аренасында өтеді. Бұл туралы Шарипованың менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді. «Біз M-1 аренаны таңдадық. Жекпе-жеккке арналған жаңа спорт алаңы талаптарға толық жауап береді. Біз трибунадағы жанкүйерлер, сонымен қатар телекөрермендер үшін үлкен шоу жасауға тырысудамыз.
Жекпе-жектің трансляциясына әлемнің түкпір-түкпірінен өтініш түсіп жатыр. Бокс кеші 100-ден аса елде тікелей эфирде көрсетіледі. Фируза - әлемга танымал. оның шайқасын барлығы күтуде», - деді Шарипованың менеджері.
Фирузаның қарсыласы - М. Гутьеррес Испания чемпионы, Әлем және Еуропа чемпионатының жүлдегері. Кәсіби бокс алаңында 7 рет жұдырықтасқан. Жеті жекпе-жекте де жеңіс тұғырына көтерілген. Оның 3-уінде қарсыласын уақытына жетпей тізе бүктірген.

#QAZAQNEWS
Read more
Алматы іргесіндегі 71-разъезд ауылының тұрғындары мамыр айынан бастап ауыз суға жарымай отыр. ...
Media Removed
Алматы іргесіндегі 71-разъезд ауылының тұрғындары мамыр айынан бастап ауыз суға жарымай отыр. Бұл мәселе жөнінде желідегі парақшасында бөліскен бойжеткен "тоғыз айдан кейін өртеу үшін 23 миллионға тиін тұрғызған" қала әкімдігіне реніш білдірді деп хабарлайды NUR.KZ. Айжан Қалиева ... Алматы іргесіндегі 71-разъезд ауылының тұрғындары мамыр айынан бастап ауыз суға жарымай отыр. Бұл мәселе жөнінде желідегі парақшасында бөліскен бойжеткен "тоғыз айдан кейін өртеу үшін 23 миллионға тиін тұрғызған" қала әкімдігіне реніш білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Айжан Қалиева есімді ару Facebook желісінде өзекті жазба қалдырған. "Парадокс: Алматының іргесіндегі өзім тұратын 71-разъезд ауылында мамыр айынан бастап ауыз су жоқ. Күн 40 градус күйіп тұр, біздің ауылдың тұрғындары ішерге бір жұтым су таппай жүр.
Ал судың күшін (напор) көбейту үшін әкімдік "қаражат жоқ" дейді. Бірақ қаланың қақ ортасына 23 миллионға тиін орнатып, оны тоғыз айдан кейін өртеуге ақша табылады.

Бұл мәселені Алатау ауданы әкімдігі шешіп береміз дегелі бір ай өтті, қалалық әкімдікке мамыр айында шағым айттық", - деген Айжан Ораза айында да ел-жұрт мейірін қандыратын су таппай сабылғанын айтады.
"Міне, шілденің шіліңгір ыстығы келді. Бізде әлі су жоқ. Кір жуып, душқа түсу былай тұрсын, ішерге су таппай, жердің астынан шығатын құм аралас лай суды бір-бірімізден тасып жүрміз.

Алатау ауданы депутаттарына да жеке өзім шығып, көмек сұрадым. Көмекшілері атқамінерлерге аталған мәселені жеткізіп, бір хабарын беретіндерін айтқан.

Әзірше хабарласқан ешкім жоқ. Әкімдік қаланың көркеюіне деп тоғыз айдан кейін өртенетін тиінге қаражат бөлгенше, су таппай сандалған халықтың проблемасын шешсе ғой...", - деп аяқтады сөзін бойжеткен.
Аталмыш жазбаны желіде 90-ға жуық адам бөлісіп, бұл жайтқа қатысты өз пікірлерімен бөліскен.
@qazaqnews
Read more
Loading...
Шымкенттегі елді дүр сілкіндерген бала зорлау оқиғасы бойынша жаңа деректер шықты. Педофилден баланы аман алып қалған азаматша өңірдегі NUR.KZ тілшісіне сұмдық жағдайды жайып салды. Шымкент халқын шошытқан сұмдық жағдай көпқабатты үйдің подъезінде болған. Күдікті кісі алдымен ... Шымкенттегі елді дүр сілкіндерген бала зорлау оқиғасы бойынша жаңа деректер шықты. Педофилден баланы аман алып қалған азаматша өңірдегі NUR.KZ тілшісіне сұмдық жағдайды жайып салды.

Шымкент халқын шошытқан сұмдық жағдай көпқабатты үйдің подъезінде болған. Күдікті кісі алдымен есікті жауып, баланы бұрышқа тақап ұрып-соғып, зорлық сипаттағы әрекеттерді жасапты.

Оқиға орнында болған жағдай подъезге орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қала тұрғындары аталған видеоны желі арқылы таратып, педофилдің әрекетін қызу талқыға салуда.

Ғажайыптың күші болса керек, баланың айқайлаған даусын естіген егде жастағы азаматша подъезге кіріп, ер азаматты қуып шыққан. "Баланың жан дауысы шықты. Біреу өлтіріп жатқан сияқты. Жылағанын естідім. Ондай айқай бекерден шықпайды деп көп қабатты үйдегі есікке қарай жақындадым.
Есікті бар қолыммен ұра бастадым. Есікті аш деп айқайладым. Сол сәтте кішкентай бала ана еркекпен алысып жүріп домофонның тетігін басып үлгеріпті.

Бала сол кезде ана кісімен арпалысып өмірімен күресе білді. Подъезге кірсем бала жылап отыр, денесінің барлығы қан. "Басымнан, жағымнан ұрды" деп бала жылап жіберді", - дейді оқиға куәгері.
Жеткіншекті көрген туыстары дереу 102-ге хабар беріп, полицейлерді шақыртқан. Сұмдық жағдайды тәртіп сақшылары естігенімен, "мамандар оқиға орнына дер кезінде келмеді" деп ашынады жәбірленушінің отбасы.

Хабарды естіген полицейлер қылмыскерді құрықтаудың орнына, жайбасарлық танытқан көрінеді.
@qazaqnews
Read more
Қызылордалық ата-ана жаңа туған перзенттеріне Нұрпрезидент деп есім берген. Шаңырақтағы екінші ...
Media Removed
Қызылордалық ата-ана жаңа туған перзенттеріне Нұрпрезидент деп есім берген. Шаңырақтағы екінші сәбиіне ерекше есім қойған азаматтар Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғындары Баланың желіге таралып кеткен туу туралы куәлігі қызу талқыға түсті. Аты-жөні ерекше сәби жайлы ... Қызылордалық ата-ана жаңа туған перзенттеріне Нұрпрезидент деп есім берген. Шаңырақтағы екінші сәбиіне ерекше есім қойған азаматтар Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғындары
Баланың желіге таралып кеткен туу туралы куәлігі қызу талқыға түсті.

Аты-жөні ерекше сәби жайлы Қызылорда облысының АХАЖ бөлімі де растады. "Нұрпрезидент есімді сәбидің бар екені рас. Ол отбасындағы екінші бала. Ата-анасы 26 жаста. Баланың ата-анасы Қызылорда облысы Шиелі ауданында тұрады", - деді мамандар[email protected]
Read more
Батыс Қазақстан облысының 14 шенеунігінің ішінде тек екеуі ғана өздерінің айлықтарын жасырмай ...
Media Removed
Батыс Қазақстан облысының 14 шенеунігінің ішінде тек екеуі ғана өздерінің айлықтарын жасырмай айтты. Солардың ішінде облыс әкімі Алтай Көлгінов та бар. Бұл туралы uralskweek.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды. БҚО шенеуніктерінің ішінде ең көп айлық алатын қызметкер облыс ... Батыс Қазақстан облысының 14 шенеунігінің ішінде тек екеуі ғана өздерінің айлықтарын жасырмай айтты. Солардың ішінде облыс әкімі Алтай Көлгінов та бар. Бұл туралы uralskweek.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

БҚО шенеуніктерінің ішінде ең көп айлық алатын қызметкер облыс әкімі Алтай Көлгінов екені белгілі болды. Оның бір айда алатын жалақысы 761 889 теңге.
Облыс әкімінің айтуынша, оның жары соңғы жылы ешқандай табыс таппаған. Себебі ол бала тәрбиесінде екен. Әкімнің бес орынбасары айына шамамен жарты миллион теңге алатын болып шықты. Ал, Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевтың айтуынша, оның ай сайын алатын жалақысы 484 317 теңге. Өзінің жұбайының табысын әкім айтпай қойды[email protected]
Read more
Малайзияның бұрынғы премьер-миинстрі Раджиб Низакты жемқорлыққа қарсы комитет қызметкерлері ...
Media Removed
Малайзияның бұрынғы премьер-миинстрі Раджиб Низакты жемқорлыққа қарсы комитет қызметкерлері тұтқындады. Бұл туралы The Star Online басылымына сілтеме жасаған NUR.KZхабарлайды. Сәрсенбі күні оған мемлекеттік қордан ақша жымқырғаны үшін айып тағылады деп күтілуде. Раджиб ... Малайзияның бұрынғы премьер-миинстрі Раджиб Низакты жемқорлыққа қарсы комитет қызметкерлері тұтқындады. Бұл туралы The Star Online басылымына сілтеме жасаған NUR.KZхабарлайды.

Сәрсенбі күні оған мемлекеттік қордан ақша жымқырғаны үшін айып тағылады деп күтілуде.
Раджиб Низак сайлауда жеңіліске ұшырап, мамыр айында қызметінен кеткен болатын.

Еске сала кетейік, Малайзия бұрынғы премьер-мнистрініңң Қазақстанға да қатысы бар. Ол қазақстандық Данияр Кесікбаевтың қайын атасы[email protected]
Read more
Loading...
Қыз-келіншектерге ақыл-кеңес беріп, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсеткен Құралай ханым ...
Media Removed
Қыз-келіншектерге ақыл-кеңес беріп, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсеткен Құралай ханым енді әншілікке бет бұрды. Қыз ұзатып, ән айтқан оның бұл әрекетін желі қолданушылары қызу талқыға салды деп хабарлайды NUR.KZ. Өзінің жаңа қырын танытпақ болған Құралайдың қыз ұзатқанын ... Қыз-келіншектерге ақыл-кеңес беріп, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсеткен Құралай ханым енді әншілікке бет бұрды. Қыз ұзатып, ән айтқан оның бұл әрекетін желі қолданушылары қызу талқыға салды деп хабарлайды NUR.KZ.

Өзінің жаңа қырын танытпақ болған Құралайдың қыз ұзатқанын көргендер өз пікірін білдіріп үлгерді.
"Сіздің ән айтқаныңыз тым қарапайым", "Дауысыңыз ән айтқанға мүлде жағымсыз", "Әркім өз ісімен айналысқаны дұрыс қой", "Сізді психолог ретінде құрметтеймін. Жазбаларыңызды да қалдырмай оқып отырамын. Бірақ, әніңізді қабылдай алмадым". "Бұл сізді көреалмушылық емес. Расымен, дауысыңыз жағымсыз. Тым жіңішке", "Жақсы психолог болсаңызда, сізден әнші шықпайды екен. қызғанып отыр деп ойламаңыз" деді оқырмандар[email protected]
Read more
Астаналық студенттер АҚШ-та өтетін Халықаралық ғаламдық бәйгеде ел намысын қорғайды. Америка ...
Media Removed
Астаналық студенттер АҚШ-та өтетін Халықаралық ғаламдық бәйгеде ел намысын қорғайды. Америка Құрама Штаттарының Колифорния штатына барып, еліміздің атынан сайысқа түсетін жастар анықталды. Еліміздің үздік кәсіпкерлері мен қоғам қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы жүргізген ... Астаналық студенттер АҚШ-та өтетін Халықаралық ғаламдық бәйгеде ел намысын қорғайды. Америка Құрама Штаттарының Колифорния штатына барып, еліміздің атынан сайысқа түсетін жастар анықталды. Еліміздің үздік кәсіпкерлері мен қоғам қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы жүргізген аудит нәтижесі бойынша KAZGUU (Астана) командасы "Enactus Kazakhstan EXPO – 2018" Ұлттық кубогының жеңімпазы деп танылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Студенттік-кәсіпкерлік стартаптар мен инновациялардың Ұлттық чемпионатына Қазақстанның 60 университетінен 700 студент қатысқан. Олар қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығын сақтау, халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 100-ден аса әлеуметтік маңызды бизнес-жобаларын ұсынды.

1975 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Халықаралық ғаламдық бәйге дүниежүзін өзгертуге ниетті, жігерлі, әрі көшбастауға лайықты саналы ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор. Мейрамов Алижан, Сабырова Айым, Казиев Ахат, Нигметов Дидар, Садыков Дәурен сынды жастардан құралған команда су тазалайтын коллектор ойлап тапқан. Студенттер өз жобасын жүзеге асыру үшін жылдар бойы жұмыс істеген.

Команда капитаны Алижан Мейрамов өздері ойлап тапқан құрылғының көмегімен кез келген адам лас суды үй жағдайында тазартып тұтына алу мүмкіндігіне ие болатынын атап өтті. "Бүкіл әлемнің алдында тұрған жаһандық проблема – ауыз су мәселесі. Ал біздің ойлап тапқан жаңа коллектор – теңдессіз. Планетамыздың кез келген тұрғыны лас суды үй жағдайында тазартып тұтына алады. Біздің ұран – "Өз-өзіңе көмектес", - деді Алижан Мейрамов.М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU (КАЗГЮУ) университетінің студенттері 9-11 қазанда Американың Сан-Хосе қаласында өтетін Әлем кубогына қызу дайындалуда[email protected]
Read more
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қалалық мәслихат депутаттарына Атырау қаласының жаңа әкімінің ...
Media Removed
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қалалық мәслихат депутаттарына Атырау қаласының жаңа әкімінің кандидатурасын ұсынды. Басқа қызметке ауысқан Серік Шапкеновтың орнына Алимұхаммед Құттымұратұлы келді, деп хабарлайды BNews.kz Атырау облысы аймақтық коммуникациялар қызметіне ... Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қалалық мәслихат депутаттарына Атырау қаласының жаңа әкімінің кандидатурасын ұсынды. Басқа қызметке ауысқан Серік Шапкеновтың орнына Алимұхаммед Құттымұратұлы келді, деп хабарлайды BNews.kz Атырау облысы аймақтық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы айтқандай, Алимұхаммед Құттымұратұлының көп жылғы еңбек өтілі бар, әртүрлі салаларда басшылық лауазымдар атқарды. Оның кандидатурасы ҚР Президент әкімшілігімен келісілгеннен кейін ұсынылған. Депутаттар жаңа әкімнің кандидатурасын қолдап, іскер басқарушы ретінде білетіндерін атап өтті.

Қала активінің жиынында аймақ басшысы Серік Шапкеновке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, шаһардың жаңа басшысына нақты тапсырмалар берді. Алимұхаммед Кұттымуұратұлының экономика, құқықтану мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының MPA (Master of Public Administration) бағдарламасының магистранты. Мемлекеттік қызмет пен жеке секторда үлкен тәжірибесі бар.

Еңбек жолын коммерциялық құрылымдарда бастаған. 2008-2012 жылдары жергілікті атқарушы органдар жүйесінде әр түрлі қызметтер атқарды. 2012-2016 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімі аппаратының жетекшісі, Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды, 2016 жылдың мамырында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалды. 2017 жылдың тамыз айынан бүгінге дейін Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі қызметін атқарды.

Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отыр.

@qazaqnews
Read more
Loading...
Автобуста біржолғы билет құны 180 теңгеге қымбаттайды. Ал көлік картасы арқылы қатынайтындар ...
Media Removed
Автобуста біржолғы билет құны 180 теңгеге қымбаттайды. Ал көлік картасы арқылы қатынайтындар үшін жолақысы 90 теңге болып қала бермек. Бұл туралы бүгін "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов Астана әкімдігі ғимаратында өткен қоғамдық көліктегі тарифтер бойынша ... Автобуста біржолғы билет құны 180 теңгеге қымбаттайды. Ал көлік картасы арқылы қатынайтындар үшін жолақысы 90 теңге болып қала бермек. Бұл туралы бүгін "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов Астана әкімдігі ғимаратында өткен қоғамдық көліктегі тарифтер бойынша тыңдалым барысында қоғамдық көліктердегі тарифке енгізілетін өзгерістер туралы баяндады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Тыңдалымға Қоғамдық кеңес пен саяси партия мүшелері, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, Астана қаласының тұрғындары, БАҚ өкілдері мен басқа да азаматтар қатысты.

Бекмырза Игенбердинов енгізілетін тарифтің жеңілдік санатындағы астаналықтарға еш қатысы жоқ екенін айтты. Яғни олар үшін қоғамдық көліктегі жолақы бұрынғыдай тегін болып қала береді. "Бүгін біз қозғап отырған тарифтік өзгерістер қалалық маслихатпен бекітілген алты жеңілдік санатындағы азаматтарға қатысы жоқ. Есептік тариф бұл – нақты жолақы құнын білдіретін тариф. Қазіргі таңда 2014 жылдан бастап есептік тариф көрсеткіші 106 теңгені құрайды. Ал бүгінде есептік тариф 198 теңге болып отыр", - деді "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, тариф қоғамдық көлік саласындағы қаражаттың "көлеңкелі" айналымына тосқауыл қоюға, қала бюджетіне ақша түсімдерін арттыру мақсатында және Астананың көлік жүйесін дамытуға жұмсалады. "Біз тарифті көтермейміз, оны дифференциялаймыз. Қоғамдық көлікте жолақы төлеудің әртүрлі әдісін енгіземіз. 2018 жылдың 1 қаңтарынан біз барлық автобустарды толық валидатормен жабдықтадық. Кейбір автобустарда валидаторлар жұмыс істемей қалғанда шағымдар түсті. Бұл мәселені қоғамдық кеңес мүшелерімен, мәслихатпен талқылай келе егер валидатор жұмыс істемесе жолаушы тегін жүруге құқығы бар деген шешімге келдік. Қолма-қол ақшасыз төлеу бұл әлемдік дұрыс тәжірибе. Алматыда "Оңайды" енгізді, жақсы көрсеткіш көрсетіп отыр", - деді Бекмырза Игенбердиев.

Бекмырза Игенбердинов көлік картасын сатып алғысы келмейтіндерді қоғамдық көлік саласын дамытуға көмектескісі келмейтіндер деп атап, олардың екі есе жолақымен жүретінін атап өтті. "Олар жүргізушіден екі есе қымбат тұратын біржолғы билет сатып алады.
Read more
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Түркияда тұратын қазақ ...
Media Removed
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Түркияда тұратын қазақ диаспорасының жастарымен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Елбасының жастар жөніндегі: "Болашаққа деген ... Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Түркияда тұратын қазақ диаспорасының жастарымен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде Елбасының жастар жөніндегі: "Болашаққа деген біздің үкілі үмітіміз – сіздер. Біздің бүгінгі жасап жатқанымыздың барлығы – сіздер үшін" деген сөзіне тоқталды. "Егемендік алған соң біз 1997 жылы бүкіл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасынан бірінші болып, 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеп, оны 15 жылдың ішінде іске асырдық. Қазір біз "Қазақстан – 2050" стратегиясын жүзеге асырып жатырмыз. Оның басты мақсаты – әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосылу. Осыған қол жеткізу мақсатымен елде Институционалды бес реформа, Ұлт жоспары, Үшінші жаңғыру жөніндегі бағдарламалар қабылданды", – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы ұлттық құндылықтарды сақтау мақсатымен шет елдердегі қандастарға қолдау көрсету, ана тілі мен төл тарихын, мәдениеті мен руханиятын дамыту, тығыз әлеуметтік-экономикалық байланыс орнату мәселелеріне Қазақстан Президенті ерекше назар аударатынын айтты. Қазақстан – этникалық қазақтарды тарихи Отанына қайтару жөнінде тиімді көші-қон саясатын жүзеге асырып отырған Германия мен Израиль сияқты санаулы үш елдің бірі. Соның нәтижесінде тәуелсіздік жылдары 1 миллионнан астам қандасымыз елге оралды. Қазіргі кезде Қазақстаннан тыс жерлерде 5 миллионнан астам қазақ диаспорасының өкілдері тұрады.

Кездесу соңында Гүлшара Әбдіқалықова қазақ диаспорасы жастарына жақсы білім алып, өмірде табысқа жете берулеріне тілектестік білдірді.

Бүгінде Түркияда шамамен 10 мың қазақ тұрады. Диаспора өкілдерінің өзекті мәселелерін шешуге көмектесу мақсатымен "Қазақ-түрік қоры", "Түркiлердiң әлеуметтік және мәдени дамуын қолдау қоры", "Ахмет Яссауи қоры", "Қазақ-түрік білім, ғылым және зерттеу қоры" тиімді жұмыс істеуде.

Іс-шара Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақ диаспорасы жастарының атажұртына келуі үшін ұйымдастырылды[email protected]
Read more
Елбасы астаналықтарды Достық үйінің ашылуымен құттықтады Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ...
Media Removed
Елбасы астаналықтарды Достық үйінің ашылуымен құттықтады Мемлекет басшысы Астана қаласындағы Достық үйіне барды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елбасы "Өңірлердің Астанаға тартуы" бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы қайта жөндеуден ... Елбасы астаналықтарды Достық үйінің ашылуымен құттықтады
Мемлекет басшысы Астана қаласындағы Достық үйіне барды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елбасы "Өңірлердің Астанаға тартуы" бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы қайта жөндеуден өткізген қалалық Достық үйін аралап көрді.

Қазақстан Президенті елорданың этномәдени орталықтарының өкілдерімен және Маңғыстау облысының көрнекті қоғам қайраткерлерімен әңгімелесті. "Еліміздің барлық өңірінде Достық үйлері бар. Онда облыстардың этномәдени бірлестіктері жұмыс істейді. Енді бас қаланың да Достық үйі болады. Сіздерді осы айтулы оқиғамен құттықтаймын!" - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысына Достық үйінің эскиздік жобасын таныстырды. Онда кітапхана, музей, халықтық қолданбалы өнер шеберханалары, конференц-зал және тілдерді оқыту орталығы үшін арнайы орындар қарастырылған. Ғимараттың жалпы аумағы – 4 мың шаршы метр.

@qazaqnews
Read more
Loading...
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің атауы Қоғамдық даму министрлігі деп өзгертілді. Қазақстанда ...
Media Removed
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің атауы Қоғамдық даму министрлігі деп өзгертілді. Қазақстанда жаңа министрлік құрылды. Сәйкесінше жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының ... ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің атауы Қоғамдық даму министрлігі деп өзгертілді.

Қазақстанда жаңа министрлік құрылды. Сәйкесінше жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып аталсын.

2. Министрлікке Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;

2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақта: "Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі". 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 28 маусым №707

@qazaqnews
Read more
Өткен сенбі, 23 маусым күні Алматыда Дариға Назарбаеваның жалғыз қызы Венераның ұзату тойы болды ...
Media Removed
Өткен сенбі, 23 маусым күні Алматыда Дариға Назарбаеваның жалғыз қызы Венераның ұзату тойы болды деп хабарлайды Zakon.kz Венера елімізге танымал Шайжүнісовтер әулетінің өкілі Дален Шайжүнісовке тұрмысқа шыққан. Дален Шайжүнісов Алматы қаласында туып-өсіп, әл-Фараби атындағы ... Өткен сенбі, 23 маусым күні Алматыда Дариға Назарбаеваның жалғыз қызы Венераның ұзату тойы болды деп хабарлайды Zakon.kz
Венера елімізге танымал Шайжүнісовтер әулетінің өкілі Дален Шайжүнісовке тұрмысқа шыққан.
Дален Шайжүнісов Алматы қаласында туып-өсіп, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультетін тәмамдаған.

Венера болса, қазіргі таңда қоғамдық коммуникация және өнер саласында білім алуда. Сонымен бірге, ол анасы Дариға Назарбаева ұйымдастырып жүрген қайырымдылық шараларына жиі қатысады.
Жас жұбайлардың достарының айтуынша, Венера мен Дален екі жыл бұрын танысқан. Ал оларды атастыру рәсімі осы жылдың мамыр айында болған.

Қос ғашықтың тойы Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйінің салтанатты залында өткен. Аталған шараға екі отбасының ең жақын достары мен туыстары ғана шақырылған.

Тойға келген Венераның нағашы атасы, еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстанның бірінші ханымы оларға бақытты отбасылық өмір тіледі.
Дариғаның қызының тойында қазақтың барлық салт-дәстүрі сақталып, ұлттық жөн-жоралғылар орындалды.

Бұдан бөлек тойда қазақы дастархан жайылған. Сонымен бірге, көбінесе отандық орындаушылардың әніне басымдық берілді.

Жас жұбайлардың жаңа өмірге аяқ басуына тілектестік білдіріп, Дариға Назарбаеваның досы әрі серіктесі Филипп Киркоров арнайы келіпті. Ол жастарға арнап арнайы шоу ұйымдастырып, келген қонақтардың көңілін көтерген.
Айта кету керек, Дариға Назарбаеваның бүгінде жеті жасар Асылжан есімді ұлы бар. Сонымен бірге, оның Сұлтан есімді немересі де жетіде[email protected]
Read more
Бүгін үкімет отырысында Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр толықтай қазақша ...
Media Removed
Бүгін үкімет отырысында Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр толықтай қазақша баяндама жасап, елді таңғалдырды. Шенеунік жиында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша есеп берген деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ порталы. Вице-министрдің сөзіне сүйенсек, ... Бүгін үкімет отырысында Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр толықтай қазақша баяндама жасап, елді таңғалдырды. Шенеунік жиында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша есеп берген деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Вице-министрдің сөзіне сүйенсек, биылғы жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 12,1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Сондай-ақ бюджет есебінен 22 мыңнан астам пәтер салынады. "Осы жылдың бес айында тұрғын үйдің ең көп көлемі Астана, Алматы қалаларында және Маңғыстау облысында енгізілді. Құрылыс қарқыны Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында байқалды. Сонымен қатар, төрт өңірде тұрғын үйлерді енгізу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда төмендеді. Ол - Астана, Алматы қалалары, Қызылорда мен Павлодар облыстары", - дейді вице-министр.

Үкімет отырысы аяқталған соң вице-министр журналистерге қазақ тілін қалай үйренгенін де ашып айтқан. "Мен алты жасымда ауылда тұрғанмын. Жарты жылдай ауылда болдым. Содан қалған болуы керек. Жеке репетиторым жоқ. Оған уақыт табу да қиын", - дейді Роман Скляр[email protected]
Read more
Бүгін Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Биыл 15-ші рет өтейін деп отырған білім ...
Media Removed
Бүгін Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Биыл 15-ші рет өтейін деп отырған білім сынағына 102 442 мектеп бітіруші қатысады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. Тестілеу шілденің 1-іне дейін жалғасады. Ал бағын сынайтын түлектердің ішінде қазақ тілінен ... Бүгін Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Биыл 15-ші рет өтейін деп отырған білім сынағына 102 442 мектеп бітіруші қатысады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тестілеу шілденің 1-іне дейін жалғасады. Ал бағын сынайтын түлектердің ішінде қазақ тілінен тапсыратындар саны 77 мыңнан асып жығылады. 25 170 үміткер орыс тілін, 46-сы ағылшын тілін таңдаған.

6780 оқушы "Алтын белгімен", 4915 оқушы үздік аттестатпен бітірген. Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, "Алтын белгі" алғандар бұрынғыдай жинаған бал санына қарамастан грантқа түсе бермейді. Тек бал саны бірдей болған жағдайда ғана басымдыққа ие болмақ.

Ал тестілеу өтетін 167 нысанның барлығы дайын тұр. Сонымен қатар, биылғы тест сұрақтарының 50 пайызға жуығы жаңарған.

Айта кетейік, тест қорытындысын "Телеграм" әлеуметтік желісі арқылы білуге болады. Ол үшін тес орталығымен байланысып, жеке кодын көрсетуі тиіс[email protected]
Read more
Елімізде бүгіннен бастап Оңтүстік Қазақстан енді ресми түрде Түркістан облысы деп аталады. Ал ...
Media Removed
Елімізде бүгіннен бастап Оңтүстік Қазақстан енді ресми түрде Түркістан облысы деп аталады. Ал миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент енді үшінші дербес шаһар статусын иемденді деп хабарлайды КТК арнасы. Облыс орталығының Түркістанға ауысарын және Шымкенттің дербес қала атанарын ... Елімізде бүгіннен бастап Оңтүстік Қазақстан енді ресми түрде Түркістан облысы деп аталады. Ал миллионнан астам тұрғыны бар Шымкент енді үшінші дербес шаһар статусын иемденді деп хабарлайды КТК арнасы.

Облыс орталығының Түркістанға ауысарын және Шымкенттің дербес қала атанарын тұрғындар күтіп-ақ жүрген. "Бұдан- былай бұл өңір Түркістан облысы деп аталатын болады. Бұл әкімшілік аумақтық құрылымға өзгеріс енгізу арқылы осы өңірдің өркендеуіне тың серпін беруді көздеген тарихи құжат боп саналады.

Оңтүстік Қазақстан еліміздегі экономикалық, көлік-логистикалық, демографиялық әлеуеті зор аймақ. Ал облыс орталығы Түркістан қаласына көшіріледі. Қазақ хандығының ордасы болған әрі рухани тағылымы мол тарихи мекен. 20-шы ғасырдың басында қазақтың біртуар азаматтарының ел мүддесі үшін жүргізілген күресі де Түркістан атауымен тығыз байланысты болғанын білеміз", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ал Шымкент енді еліміздегі республикалық маңызы бар ресми үшінші қала атанды. Мегаполистің көліктеріне берілетін мемлекеттік нөмірі де өзгерді. Бұған дейінгі 13 нөмірінің орнына енді Шымкент қаласы 17-ші аймақ аталатын болды.

Күнгейдегі кәсіпорындардың 60 пайызы шоғырланған алып шаһар енді қарқынды дамып, бүкіл аймақтың локомотивіне айналуы қажет.

Ал үкімет пен өзге де мемлекеттік органдар бір ай мерзімде Жарлықты іске асыру жөнінде ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзірлеп бекітуі тиіс. Әзірге Шымкентте отырған облыстық мекемелер енді Түркістаннан орын даярлап, көшуі тиіс[email protected]
Read more
Қазақстанның сыртқы қарызы 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 168 млрд АҚШ долларын құрады. ...
Media Removed
Қазақстанның сыртқы қарызы 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 168 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, сыртқы борыштың 62 пайызы фирмааралық берешекке тиесілі. «Мемлекеттік сектордың ... Қазақстанның сыртқы қарызы 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 168 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, сыртқы борыштың 62 пайызы фирмааралық берешекке тиесілі.
«Мемлекеттік сектордың сыртқы борышы 8 пайызды, мемлекет бақылайтын ұйымдардың үлесі - 16 пайызды, жеке сектордың борышы 14 пайызды құрайды», - деп түсіндірді Ақышев.

ҰБ басшысы соңғы үш жылда Қазақстанның сыртқы борышы алты пайзыға ұлғайғанын айтып берді[email protected]
Read more
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов халықпен есептік кездесуінде байларға салық көбеюі ...
Media Removed
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов халықпен есептік кездесуінде байларға салық көбеюі мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды КТК арнасы. Оның айтуынша, бүгінде министрлік халықаралық тәжірибені зерделеп жатыр. Қымбат көлік, жалтыраған пәтер немесе гектар-гектар ... Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов халықпен есептік кездесуінде байларға салық көбеюі мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды КТК арнасы.

Оның айтуынша, бүгінде министрлік халықаралық тәжірибені зерделеп жатыр. Қымбат көлік, жалтыраған пәтер немесе гектар-гектар жері мен жекеменшік яхтасы бар қалталыларға салықтың жаңа түрі шығуы мүмкін. «Байлық салығын» енгізу туралы былтыр мәжіліс депутаттары да мәселе қозғаған болатын. Енді оған Ұлттық экономика министрлігі кіріскен. "Менің ойымша, жер аумағы, мүлік, автокөлік сияқты салық төлеу нысандары әлдеқайда жеңіл рәсімделеді. Оның бәрі мемлекеттік тіркеуде тұр. Бірақ оларға салынатын салықты жалақыдан ұстамау керек. Сол салық нысандарын әкімшілік тіркеуге алып, оларға арнайы есеп жүргізген жөн", - дейді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов[email protected]
Read more
1 маусымнан бастап бұрын "ЭКСПО-2017" көрмесінің қатысушылары мен қонақтарының тұруына арналған ...
Media Removed
1 маусымнан бастап бұрын "ЭКСПО-2017" көрмесінің қатысушылары мен қонақтарының тұруына арналған бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлерді сатуға шығарады. шығарады. "Бәйтерек девелопмент" АҚ Астана қаласындағы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында ... 1 маусымнан бастап бұрын "ЭКСПО-2017" көрмесінің қатысушылары мен қонақтарының тұруына арналған бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлерді сатуға шығарады.

шығарады.
"Бәйтерек девелопмент" АҚ Астана қаласындағы "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында орналасқан тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен көлік тұрағы орындарының құнын тәуелсіз консалтинг компаниясының көмегімен анықтады, деп хабарлайды BNews.kz "Бәйтерек девелопмент" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "ЭКСПО-2017" аумағындағы тұрғын үй кешендеріндегі шаршы метрді өткізу құны 399 900 теңгені, бір көлік тұрағы орнының құны 699 000 теңгені құрайды. Бұл объектілер орналасқан жерінің тиімділігімен, қабаттарының аздығымен, пәтерлерінің эрогономиялық жоспарлануымен ерекшеленеді. Тұрғын үй орамының ішкі аумағы оқшауланған және қала тұрғыны үшін жайлы болады", - деп хабарлады "Бәйтерек девелопмент" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев.

Компания 2018 жылғы 1 маусымнан бастап бұрын "ЭКСПО-2017" көрмесінің қатысушылары мен қонақтарының тұруына арналған бір, екі, үш және төрт бөлмелі пәтерлерді сатуға шығарады. "Сатып алу шарттарына келетін болсақ, әлеуетті сатып алушыларға қойылатын жалғыз талап: жеке тұлғалар үшін – төлем қабілеттілігі және Қазақстан Республикасының азаматы болуы қажет, ал заңды тұлғалар үшін – Қазақстан аумағында тіркелуі және қызметін жүзеге асыруы шарт", - деп қосты компания өкілі. "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аумағында таза әрленген пәтерді бірнеше тәсілдермен: қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы өз қаражаттары есебінен немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы ипотекаға, сондай-ақ "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ қарызы есебінен сатып алуға болады. "Тұрғын үйді және машина орындарын сатып алуға өтінімдер қабылдау процесі оның айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында "Digital Baiterek" платформасы арқылы онлайн режимде жүзеге асырылатын болады. "Бәйтерек девелопмент" АҚ риэлторлық компаниялармен ынтымақтастық жасамайтынына және портал арқылы өтінімдерді тіркеу және ресімдеу үшін төлемақы алмайтынына әлеуетті сатып алушылардың назарын айрықша аударғымыз келеді", - деді А.Өсербаев[email protected]
Read more
Алдағы демалыс күндері, солтүстік теңізден келетін суық және ылғалды ауаның әсері байқалатын ...
Media Removed
Алдағы демалыс күндері, солтүстік теңізден келетін суық және ылғалды ауаның әсері байқалатын болады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде нөсер жаңбыр жуып, күн күркіреп, бұршақ жауып, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін, екпіні 28 м/с дейін күшеюі мүмкін. ... Алдағы демалыс күндері, солтүстік теңізден келетін суық және ылғалды ауаның әсері байқалатын болады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде нөсер жаңбыр жуып, күн күркіреп, бұршақ жауып, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін, екпіні 28 м/с дейін күшеюі мүмкін. Сондай-ақ кей жерлерде ауа температурасының төмендеуі күтілуде, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта түнде 2 - 10 градус жылы, кейбір аймақтарда ауа температурасы 2 градуске дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін, күндіз 10-20 градуске дейін жылы.

Шығыста түнде 3-10 жылы, күндіз 12-20 жылы болады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы 7-15 градуске дейін көтеріледі, күндіз 17-25 градус жылы болады деп болжануда.

Келесі аптаның ортасында Орталық Азия аудандарынан жылы оңтүстік-батыс ауа массасының жылжуымен ыстық ауа-райы күтіледі. Қазақстанның солтүстік жартысында температура көтеріліп, 28 дейін, ал оңтүстікте 38 дейін ыстық болады. Ал бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасы төмендейді.

Болжамға сәйкес екінші онкүндіктің басында және үшінші онкүндіктің аяғында салқын ауа райының екі кезеңді толқыны күтілуде.

Қорытындысында маусым айының орташа ауа температурасы көпжылдық көрсеткіштерге жуық болады, тек республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығыс аймақтарында ауа температурасы нормадан 1°С жоғары болады деп күтілуде.

Жауын-шашынның орташа айлық мөлшері республиканың көптеген облыстарында нормаға жуық және нормадан артық болады, тек Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында нормадан төмен болады деп болжануда.
@qazaqnews
Read more
Астана қаласындағы дауылдан соң аспанда "Алла" деген жазуды байқағанын жеткізген. Бейнежазба ...
Media Removed
Астана қаласындағы дауылдан соң аспанда "Алла" деген жазуды байқағанын жеткізген. Бейнежазба авторының сөзіне сүйенсек, ол бұрындары видеодан осыған ұқсас құбылыстарды көріп, сенбей жүрген екен. Алайда оны өз көзімен көргенде бірден видеоға түсіріп, басқаларға да көрсетейін ... Астана қаласындағы дауылдан соң аспанда "Алла" деген жазуды байқағанын жеткізген. Бейнежазба авторының сөзіне сүйенсек, ол бұрындары видеодан осыған ұқсас құбылыстарды көріп, сенбей жүрген екен. Алайда оны өз көзімен көргенде бірден видеоға түсіріп, басқаларға да көрсетейін деп шешіпті. "Мен құдайға сенетін адаммын. Сондықтан қаладағы дауыл да Алланың қалауымен болды деп ойлаймын. Видеода анық көрініп тұрғандай, ол бізге белгі беріп жатыр. Біз ол туралы ұмытпауымыз керек", - дейді азамат.
Еске салсақ, 22 мамыр күні, түстен кейінгі уақытта Астанада ауа райы күрт өзгеріп, алапат дауыл санаулы минуттардың ішінде елорданы орап әкеткен болатын[email protected]
Read more
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев барлық әкімдікке табиғатты қорғау және орман мекемелерінің ...
Media Removed
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев барлық әкімдікке табиғатты қорғау және орман мекемелерінің өрт сөндіру және техникалық жарақтандыру деңгейін арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасағанNUR.KZ. Бүгін үкіметтің кезекті отырысында ... Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев барлық әкімдікке табиғатты қорғау және орман мекемелерінің өрт сөндіру және техникалық жарақтандыру деңгейін арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасағанNUR.KZ.

Бүгін үкіметтің кезекті отырысында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға даярлық мәселесі көтерілді. Осы тақырыпқа қатысты министрлердің жасаған баяндамасынан кейін Сағынтаев жергілікті атқарушы органдарға орман мекемелерін материалдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді тапсырды. "Жаңа баяндамаларда айтылды, облыстарда жұмыс жүріп жатыр, дегенмен де техникамен қамтамасыз ету деңгейі әлі де төмен", — деді премьер-министр.
Сағынтаев осы орайда жыл сайын қымбат көлік мінетін жергілікті атқарушы органдарды сынады. "Біз БАҚ беттерінен оқып отырамыз, әкімдіктер жыл сайын қымбат автокөлік сатып алады, ал орман, дала өртін сөндіруге, тасқын суға тойтарыс беруге қажетті техниканы алуға келгенде ақша болмай қалады.
Сол себепті құрметті әріптестер, осы мәселеге баса назар аударуды сұраймын.

Бастапқыда қажетті құжаттарды, қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесіне көңіл бөліңіздер. Кейін артық ақша қалып жатса, қалғанын ала жатарсыздар", — деп кеңес берді үкімет басшысы[email protected]
Read more
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы жылы ҰБТ-ның қалай өтетінін түсіндірді. “Алтын ...
Media Removed
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы жылы ҰБТ-ның қалай өтетінін түсіндірді. “Алтын белгі” иегерлері мен халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздарына қандай жеңілдік қарастырылатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі. “Министрлік ... Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы жылы ҰБТ-ның қалай өтетінін түсіндірді. “Алтын белгі” иегерлері мен халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздарына қандай жеңілдік қарастырылатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Министрлік бұл орайда көп жұмыс істеді. Заң қабылданып қойды. “Алтын белгі” иегерлері қарапайым түлекпен ұпайы бірдей болған жағдайда ғана, басымдыққа ие болады. Басқасында ҰБТ ережелері сол қалпында қалады. Тек көп сұрақтар өзгеріске ұшырады. Өткен жылы сұрақтардың 25%-ын өзгерттік, биыл тағы 25%-ы өзгеріске ұшырады. Сондай-ақ, биыл тестті ағылшын тілінде тапсыру мүмкіндігі бар. Биыл шамамен 250-ге жуық түлек ағылшын тілінде ҰБТ тапсырады. Сұрақтар тура сондай. Бұл ешқандай артықшылық бермейді. Тек тест тапсырушылардың өз таңдауы”, – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінің конференциясында.

Ерлан Сағадиев мемлекет басшысының тапсырысымен, елімізде студенттер жатақханасы көбейетінін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылға дейін 75 мың орынға арналған жатақхана салуды тапсырды.

@qazaqnews
Read more
Қазақстанда ең жоғары орташа жалақы алатын өңірлер белгілі болды. Тізімде көшті Астана да, Алматы ...
Media Removed
Қазақстанда ең жоғары орташа жалақы алатын өңірлер белгілі болды. Тізімде көшті Астана да, Алматы да емес, Маңғыстау облысы бастаған деп хабарлайды КТК арнасы. Мұндағы халықтың орташа айлығы 282 мың теңгеге тең. Қазақстанда бекітілген орташа жалақы көлемінен 1,5 есеге көп. Ал ... Қазақстанда ең жоғары орташа жалақы алатын өңірлер белгілі болды. Тізімде көшті Астана да, Алматы да емес, Маңғыстау облысы бастаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Мұндағы халықтың орташа айлығы 282 мың теңгеге тең. Қазақстанда бекітілген орташа жалақы көлемінен 1,5 есеге көп.

Ал Атырау облысы екінші орынға жайғасқан. Бір жылда жалақы 9,2 пайызға өсіп, 279 мың теңгеге жетті. Астана үштікті тұйықтады. Елордадағы ағайын 223 мың теңгені қанағат тұтады екен.

Алматы қаласындағы жалақы 187 мың теңге көлемінде. Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанын қорытқан сарапшылар, елдегі орташа жалақы көлемі былтырмен салыстырғанда 8,7 пайызға көбейді деуде.

Нәтижесінде қазақстандықтардың орташа жалақысы 152 мың теңгені құраған[email protected]
Read more
Қазгидромет шаңды дауылға байланысты бес облысқа ескерту жариялады деп хабарлайды 24.kz. 11 ...
Media Removed
Қазгидромет шаңды дауылға байланысты бес облысқа ескерту жариялады деп хабарлайды 24.kz. 11 мамырда Атырау облысында күн күркіреп, шаңды дауыл, шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы ... Қазгидромет шаңды дауылға байланысты бес облысқа ескерту жариялады деп хабарлайды 24.kz.

11 мамырда Атырау облысында күн күркіреп, шаңды дауыл, шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ болуы мүмкін.

Орал қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай, тәулік бойы оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 15-20, екпіні 25 метрлі желдің күшеюі шаңды дауылмен күтіледі[email protected]
Read more
Genome жобасының ғалымдары 10 жылдан кейін барлық қауіпті вирусқа төтеп бере алатын, рак ауруына ...
Media Removed
Genome жобасының ғалымдары 10 жылдан кейін барлық қауіпті вирусқа төтеп бере алатын, рак ауруына шалдықпайтын жасушалардың қашан пайда болатынын айтты деп хабарлайды Baq.kz Ғалымдардың мұндай болжам жасауына ішек таяқшаларына қатысты зерттеу жұмысы себеп болып отыр. Мамандар ... Genome жобасының ғалымдары 10 жылдан кейін барлық қауіпті вирусқа төтеп бере алатын, рак ауруына шалдықпайтын жасушалардың қашан пайда болатынын айтты деп хабарлайды Baq.kz
Ғалымдардың мұндай болжам жасауына ішек таяқшаларына қатысты зерттеу жұмысы себеп болып отыр.
Мамандар осы микроағзаның геноміне 321 өзгеріс енгізіп, кейін оның барлық вирусқа төтеп беретінін анықтады. «Адам геніндегі әрбір ақуызды бағдарламалау 400 өзгерісті қажетсінеді», - дейді Гарвард университетінің профессоры Джордж Черч.
Оның айтуынша, адамның 20 мың генінен қажетсіз кадондарды өшіріп тастау қажет. Ғалымдар адам генін өзгерту арқылы, радиация, қартаю, суық ауа райы және ракқа қарсы жасушалардың пайда болуына жағдай жасауға болатынын айтады[email protected]
Read more
Бірыңғай тестілеуден 140 балды жинаған алғашқы түлек қымбат ұялы телефонға ие болады. Су жаңа ...
Media Removed
Бірыңғай тестілеуден 140 балды жинаған алғашқы түлек қымбат ұялы телефонға ие болады. Су жаңа IPhone-ді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов өзі жеке табыстамақ деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Бұл туралы тестілеу орталығының директоры өзі мәлімдеді. Оның ... Бірыңғай тестілеуден 140 балды жинаған алғашқы түлек қымбат ұялы телефонға ие болады. Су жаңа IPhone-ді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов өзі жеке табыстамақ деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Бұл туралы тестілеу орталығының директоры өзі мәлімдеді. Оның айтуынша, сыйлық табыстау идеясы өзінің тарапынан болған бастама. "Биыл ұлттық бірыңғай тестілеудің 15-ші рет болайын деп тұрғандықтан, мерейтойлық тестілеуден алғаш болып 140 балл жинаған талапкерге сый ретінде IPhone тарту етпекшімін", - деп айтты Рамазан Әлімқұлов.
Айта кетейік, биыл 20 мауысым мен 1 шілде аралығында 96 мыңнан аса қазақстандық оқушы ҰБТ тапсырады. Емтиханға өтініш тапсыру 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданбақ[email protected]
Read more
Әлия Назарбаеваның пайымдауынша, қазақстандық бизнесмендер “жасыл жолға” түсіп, алда келе ...
Media Removed
Әлия Назарбаеваның пайымдауынша, қазақстандық бизнесмендер “жасыл жолға” түсіп, алда келе жатқан өзгерістерге дайын болуы тиіс. Қазақстан президентінің кенже қызы Астанада сөйлеген сөзінде жаңа Экологиялық кодексте “жасыл экономика” терминін заңмен бекітіп, квота беру және ... Әлия Назарбаеваның пайымдауынша, қазақстандық бизнесмендер “жасыл жолға” түсіп, алда келе жатқан өзгерістерге дайын болуы тиіс.

Қазақстан президентінің кенже қызы Астанада сөйлеген сөзінде жаңа Экологиялық кодексте “жасыл экономика” терминін заңмен бекітіп, квота беру және көміртек бірлігін сату жүйесін қайта іске қосуды ұсынды. “Экологиялық реттеуге қатысты ұстанымымызды қайта қарауымыз керек. Ойымды түсіндіре кетсем, мен бизнеске жоғары экологиялық талаптар қоюды сұрап отырған жоқпын. Мемлекет бизнестің “жасыл жолға” қадам басуы үшін тиімді ынталандыру жасауы тиіс. Мысалы, Елбасының тапсырмасымен құрылып жатқан жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығы “жасыл” технологияны енгізуге үлесін қосып, “жасыл” бизнеске жол ашуы қажет”, — деді экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрайымы Әлия Назарбаева.

Оның мәлімдеуінше, соңғы кездері экологияның нашарлауы халыққа күн сайын кері әсерін тигізіп жатыр. Бұған ішінара қазіргі экологиялық заңнаманың қауқарсыздығы да айыпты. Әлия Назарбаева айтып өткендей, 2007 жылы қабылданғалы бері Экологиялық кодекске 63 рет өзгерту енгізілген.
Назарбаеваның пікірінше, 2030 жылға дейін парниктік газдардың бөліну мөлшерін 15%-ға дейін қысқарту міндеті Қазақстан үшін біршама тәуекелдерге әкеп соғады. Пайымдауларға сәйкес, климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конвенциясы аясындағы конференцияда елдерді өз міндеттіліктерін орындауға мәжбүрлеуі мүмкін. “Отандық бизнесте 2020 жылы өзінің шектеулері, тәуекелдері мен пайдасы бар жаңа орта қалыптасады. Ұлттық міндеттемелер орындалмаса, отандық тауарлар әлем нарығына шығарылмай, оларға қарсы экономикалық санкция қабылдануы мүмкін”, — дейді Назарбаева[email protected]
Read more
Түркіменстан билігі әйелдердің сыртқы киімі мен бет бояуына қатысты жаңа талаптар енгізді. Азаттықтың ...
Media Removed
Түркіменстан билігі әйелдердің сыртқы киімі мен бет бояуына қатысты жаңа талаптар енгізді. Азаттықтың түркімен қызметі (Азатлык) дереккөзі мен тәуелсіз ақпарат көздерінің хабарлауынша, киімге қатысты жаңа талаптар ең бірінші мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен студенттерге ... Түркіменстан билігі әйелдердің сыртқы киімі мен бет бояуына қатысты жаңа талаптар енгізді.
Азаттықтың түркімен қызметі (Азатлык) дереккөзі мен тәуелсіз ақпарат көздерінің хабарлауынша, киімге қатысты жаңа талаптар ең бірінші мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен студенттерге арналған.

Бұдан былай әйелдердің сыртқы киімі денесін түгелімен жауып тұруы керек, тек ғана шұлығы мен қолының саусақтары көрініп тұруы шарт. Осының алдында ғана "Түркіменстан хроникасы" басылымы жоғары оқу орнында дәріс беретін оқытаушыларға дәстүрлі көйлек пен балақ кию талап еткенін жазған. "Шенеуніктер тарихи және мәдени дәстүрді ұмытпай, ұлттық түбірімізден ажырап кетпеуіміз керек деді. Ер адамдарға жұмысқа қара-қоңыр түсті костюм, ақ көйлек, міндетті түрде галстук тағуды міндеттесе, әйелдерге "Янлы" деп аталатын дәстүрлі көйлек, сары өрнектері бар "Ойме" және көйлектің ішінен киетін балак шалбар киюді міндеттеді. Әйелдер сонымен бірге тырнақтарын боямай, жасанды кірпік, қас жапсырмай, шашын табиғи түске бояуы керек", - деп хабарлаған "Түркіменстан хроникасы" басылымы[email protected]
Read more
Бүгін еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзай күтіледі, жекелеген аудандарында бұршақ ...
Media Removed
Бүгін еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзай күтіледі, жекелеген аудандарында бұршақ болуы мүмкін деп хабарлайды "Қазгидромет" Синоптиктердің болжамынша, 30 сәуірде Қазақстанның батыс, шығыс және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың ... Бүгін еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзай күтіледі, жекелеген аудандарында бұршақ болуы мүмкін деп хабарлайды "Қазгидромет"
Синоптиктердің болжамынша, 30 сәуірде Қазақстанның батыс, шығыс және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшейеді, шаңды дауыл соғады.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл облысында күндіз кей жерлерде - найзағай, жел 15-23 м/с, бұршақ болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысындатүнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді[email protected]
Read more
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тағайындаулар жүргізіп, еліміздің өзге ...
Media Removed
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тағайындаулар жүргізіп, еліміздің өзге мемлекеттердегі өкілетті елшілерін ауыстырды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ. "Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев ... Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тағайындаулар жүргізіп, еліміздің өзге мемлекеттердегі өкілетті елшілерін ауыстырды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды,

ол Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды,

ол Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада[email protected]
Read more
Үй подъезінде дуа жасап жатқан белгісіз әйелдің әрекеті желіні шулатты Желідегі пабликтердің бірінде үй подъезіне кіріп, дуа жасап жатқан белгісіз кісінің әрекеті елді шулатты. Қара жамылға киген баспалдақтарға әлденені шашып жіберді деп хабарлайды NUR.KZ. Үй подъезінде байқаусызда ... Үй подъезінде дуа жасап жатқан белгісіз әйелдің әрекеті желіні шулатты
Желідегі пабликтердің бірінде үй подъезіне кіріп, дуа жасап жатқан белгісіз кісінің әрекеті елді шулатты. Қара жамылға киген баспалдақтарға әлденені шашып жіберді деп хабарлайды NUR.KZ.

Үй подъезінде байқаусызда камераға түсіп қалған бейтаныс кісіні елдер біреуді дуалап жатыр деп болжады. Себебі қап-қара жамылғы киіп, бетін жасырған ол қолындағы әлденені жерге шашып жіберген.

Желі қолданушыларының көбі оны тұз шашып жатыр деп болжам жасаған. Белгісіз кісінің бұл әрекетіне ашуланған оқырмандар мұндай сорақылықты ауыр күнә деп бағалады. @qazaqnews
Read more
Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі өкімімен Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы Тараз ...
Media Removed
Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі өкімімен Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы Тараз қаласы әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды Turaninfo.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ. Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл ... Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі өкімімен Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы Тараз қаласы әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды Turaninfo.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлы 1965 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1988 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы", 2003 жылы "Тұран" университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
2014-2015 жылдары Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы, 2015-2017 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметтерінде болды. 2017 жылдың 15 ақпанынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Осыған дейін Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет болған еді[email protected]
Read more
Батыс елдерінің сарапшылары дәретхана қағазының денсаулыққа зиян екенін айтады. Сол үшін оның ...
Media Removed
Батыс елдерінің сарапшылары дәретхана қағазының денсаулыққа зиян екенін айтады. Сол үшін оның орнына балаларға арналған сулы салфетка немесе сумен жууға кеңес береді деп хабарлайды Sn.kz порталына сілтеме жасағанNUR.KZ. Өйткені дәретхана қағазы тазартпайды, керісінше неше ... Батыс елдерінің сарапшылары дәретхана қағазының денсаулыққа зиян екенін айтады. Сол үшін оның орнына балаларға арналған сулы салфетка немесе сумен жууға кеңес береді деп хабарлайды Sn.kz порталына сілтеме жасағанNUR.KZ.

Өйткені дәретхана қағазы тазартпайды, керісінше неше түрлі ауру шақыратын бактерияларды қоздырады екен.

Яғни, несеп ағу жолдарына инфекция түсуіне себепші болады.

Британдық ғалым Роуз Джордж өзінің «Үлкен қажеттілік» кітабында дәретхана қағазынан бас тарту керек екенін жазады.
Джордждың бұл позициясын гастроэнтеролог Парта Нанди де құптайды. Өйткені дәретхана қағазының орнына биде (сумен жуу) қолданса, ол геморрой ауруын болдырмауға себепші екен.

Бірақ биде әр үйде және қоғамдық орындарда бола бермейді. Сол себептен де дәрігер әр кезде өзіңізбен сулы салфетка алып жүруді ұсынады[email protected]
Read more
Калифорния Университеті психология ғылымының докторы Джеймс М.Бродуэй және оның студенті Бритни ...
Media Removed
Калифорния Университеті психология ғылымының докторы Джеймс М.Бродуэй және оның студенті Бритни Сандовал неге жас ұлғайған сайын уақыттың жылдам өтетінін түсіндірді. «Уақыт қайда зымырап барады?» – орта жас пен қарттар уақыттың жылдам жүру үрдісін сезе бастайды. Кейде бұл сезім ... Калифорния Университеті психология ғылымының докторы Джеймс М.Бродуэй және оның студенті Бритни Сандовал неге жас ұлғайған сайын уақыттың жылдам өтетінін түсіндірді. «Уақыт қайда зымырап барады?» – орта жас пен қарттар уақыттың жылдам жүру үрдісін сезе бастайды. Кейде бұл сезім адамның бойындағы өкінішті оятады. BBC шолушысы және психолог Клаудии Хаммонд бір сөзінде «Уақыттың тым жылдам жүру үрдісін сезу – әлемдегі шешімі белгісіз жұмбақтардың бірі»,– деген болатын. Қуанышқа орай, бұл сырдың жауабын білуге деген талпыныс өз нәтижесін берді. Мысалы, 2005 жылы психолог мамандар Марк Уиттманн (Marc Wittmann) және Сандра Ленхофф (Sandra Lenhoff), екеуі де Людвиг-Максимилиан Мюнхен университетінен, 14-94 жас аралығындағы 499 қатысушыға тәжірибе жұмысын жүргізді. Олардың негізгі мақсаты «өте баяу» және «өте жылдам» жүру мүмкіндігін адамның жасына байланыстыра отырып, жасалған тұжырымдардың шын-өтірік екенін анықтау болатын. Қысқа мерзімді уақыт аралығында (апта, ай,тіпті жыл) жастарға да, қарттарға да уақыт жылдамдығы бірқалыпты болған. Ал, ұзақ мерзімді уақыт аралығында, мысалы 10 жыл қарттар үшін «кеше ғана орын алғандай» сезілген. Яғни, олар уақыт жылдам өтіп жатыр деген пікірді ұстанған. Ал, өмір туралы ойлану өтінішіне 40 жастан асқандар балалық шағында уақыт жылжымағанын, ал жасөспірім шақта жылдамдығы арта түскенін, есейген шақта ешнәрсеге үлгере алмағанын алға тартқан. Біз уақытты қабылдаймыз: оқиғаның созылу ұзақтығын сипаттау үшін психологияда екі қағида қалыптасқан. Бірі перспективті қағида – оқиға жалғасып жатыр немесе ретроспектиаті қағида – оқиғаның аяқталуы. Сонымен қатар, уақытты қабылдау дағдымыз біздің ойымызбен, іс-әрекетімізбен бірге өзгеріп отырады. Біз көңіл көтерсек уақыт жылдам өтіп кетеді. Өзімізге ұнайтын іспен айналыссақ та, уақыт байқалмастан сырғиды. Бірақ, кейін оны еске алғанда сіз ойлағаннан әлдеқайда ұзаққа созылған үрдіс екенін түсінесіз. Оның себебі неде? Біздің миымыз жаңа тәжірибені кодтайды. Сонымен қатар, ретроспективті көзқарас белгілі бір уақыт аралығында жасалған жаңа естеліктермен өлшенеді. Демалыс күндері біз неғұрлым көп естеліктерге мүмкіндік береміз, соғұрлым уақыт баяу өтеді.
Read more
"Бөбек" қайырымдылық қорының президенті, "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ...
Media Removed
"Бөбек" қайырымдылық қорының президенті, "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Назарбаева орталықта біліктілігін арттыру курсынан өткен мұғалімдермен кездесті деп хабарлайды Алматы арнасынасілтеме жасаған NUR.KZ. Олар білімін жетілдіру ... "Бөбек" қайырымдылық қорының президенті, "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Назарбаева орталықта біліктілігін арттыру курсынан өткен мұғалімдермен кездесті деп хабарлайды Алматы арнасынасілтеме жасаған NUR.KZ.

Олар білімін жетілдіру үшін еліміздің әр өңірінен келген. Дәстүрлі кездесу биыл алғаш рет дәріс алушылармен ұйымдастырылып отыр. Оған ұстаздар өздері ниет танытқан.

Бас қосуда бала тәрбиесі, мұғалімнің қоғамдағы рөлі, адамзаттың жан тыныштығы сияқты мәселелер сөз болды.

Сондай-ақ Сара Назарбаева педагогтарға өз кеңесін берді. "Өз жан дүниеңе үңіл. Сені бақытты еткен не, бақытсыз еткен не? Осыдан соң сен балаларыңа дұрыс тәрбие бересің. Оның үстіне мұғалім болсаң, мектепке, балабақшаға, жоғары оқу орнына білім алуға келген балаларды тәрбиелейсің. Сондықтан айтарым, жалпы адамгершілік құндылықтар барлық сабақта, барлық емтиханда, қабылдау емтихандарында бірінші орындағы пән болуға тиіс", - деді "Бөбек" қайырымдылық қорының президенті Сара Назарбаева[email protected]
Read more
Елімізде күтпеген жерден бензин арзандады Елімізде күтпеген жерден бензин арзандады. Жұрт ...
Media Removed
Елімізде күтпеген жерден бензин арзандады Елімізде күтпеген жерден бензин арзандады. Жұрт көп тұтынатын АИ-92 маркалы жанармайдың литрі 159 теңгеден сатылып жатыр. Яғни, баға 4 теңгеге түскен деп хабарлайды КТК арнасы Бірақ, бұл арзаншылық жазға дейін жалғасатын уақытша науқан ... Елімізде күтпеген жерден бензин арзандады
Елімізде күтпеген жерден бензин арзандады. Жұрт көп тұтынатын АИ-92 маркалы жанармайдың литрі 159 теңгеден сатылып жатыр. Яғни, баға 4 теңгеге түскен деп хабарлайды КТК арнасы
Бірақ, бұл арзаншылық жазға дейін жалғасатын уақытша науқан сынды. Баға еліміздегі барлық жанармай бекеттерінде емес, тек "ҚазМұнайГаз"станцияларында төмендеген.
Бұған дейін Энергетика министрі де жанармай құны арзандауы мүмкін деп болжаған еді. Өйткені, қордағы артық бензинді қайда жіберерлерін білмей отыр екен[email protected]
Read more
"Тұлпар-Тальгоның" сегіз бағыттағы жүрдек пойыздарының билеті 50 пайызға арзандайды, деп хабарлайды ...
Media Removed
"Тұлпар-Тальгоның" сегіз бағыттағы жүрдек пойыздарының билеті 50 пайызға арзандайды, деп хабарлайды sputniknews.kzсайтына сілтеме жасаған @Qazaqnews Көктемгі жеңілдіктер 11 сәуір мен 31 мамыр аралығында жасалады. Тек 27 сәуір мен 1 мамыр және 4-9 мамыр аралығына арзан билеттер ... "Тұлпар-Тальгоның" сегіз бағыттағы жүрдек пойыздарының билеті 50 пайызға арзандайды, деп хабарлайды sputniknews.kzсайтына сілтеме жасаған @Qazaqnews

Көктемгі жеңілдіктер 11 сәуір мен 31 мамыр аралығында жасалады.

Тек 27 сәуір мен 1 мамыр және 4-9 мамыр аралығына арзан билеттер қарастырылмаған.

Жолаушылар сегіз бағыт бойынша жүретін пойыздардың билетін25% пайызға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады. "Алматы – Атырау" №035/036, "Алматы — Өскемен" №045/046, "Алматы – Орал" №049/050, "Астана – Қызылорда" №089/090, "Астана — Орал" №095/096, "Ақтөбе – Астана" №097/098, "Алматы – Астана" №701/702 және "Шымкент – Астана" №709/710.

Бұдан бөлек, 45 тәулікке дейін билетті алдын ала сатып алған адамға 35% пайыз жеңілдік бар[email protected]
Read more
Мұқағали жайлы айтқан сөзі үшін көпшілік Жазушылар Одағынан шығарғысы келген Мұхтар Шаханов ...
Media Removed
Мұқағали жайлы айтқан сөзі үшін көпшілік Жазушылар Одағынан шығарғысы келген Мұхтар Шаханов өз шындығы жайлы айтты деп хабарлайды "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасаған Qazaqnews Ақын қандай жағдайда да, тек шындықты қолдайтынын, осының кесірінен біраз қиыншылық көргенін ... Мұқағали жайлы айтқан сөзі үшін көпшілік Жазушылар Одағынан шығарғысы келген Мұхтар Шаханов өз шындығы жайлы айтты деп хабарлайды "TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасаған Qazaqnews
Ақын қандай жағдайда да, тек шындықты қолдайтынын, осының кесірінен біраз қиыншылық көргенін жайып салды.
"Менің басты кінәмнің бірі - шындықты айтып қоятынымда. Жазушылар одағына қарап қалған күнім жоқ. Тек шындық үшін жағаласып жатырмын. Сол одақтағы 800 адамның оншақтысы ғана ұлттық мүддеде бізбен бірге болған.
Әнеугүні Оразалин сөйлеген күні елдің бәрі шапалақтап тұрды. Ол одаққа жұмысқа орналасу үшін де ақша берген. Мен туралы ақпарат жазғандардың көбісі жазушылар одағындағы журналистер. Ешкімнің ата-бабасына тиіспеймін. Ол ақпарат бұрмаланған", - деді Шаханов.
"Шындық үшін әрқашан күресу керек. Ал өз мүддесі үшін болса, онда ұят нәрсе. Ақынсымақтардың көбісі туфли жалағыш. Мен үш әріптің адамы емеспін. Атаққа қызықпаймын. Шетелден алған атағымның өзі 120-дан асады", - деді ақын[email protected]
Read more
Тоқтар Әубәкіров келе жатқан космонавтика күніне орай құттықтауларды бүгіннен бастап қабылдап ...
Media Removed
Тоқтар Әубәкіров келе жатқан космонавтика күніне орай құттықтауларды бүгіннен бастап қабылдап жатыр. Мерекелік шараға дейін ол ақпарат құралдарына өз атындағы көшелердің болғанын қаламайтынын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ. Оның айтуынша, көзі тірісінде көшелердің өз атымен ... Тоқтар Әубәкіров келе жатқан космонавтика күніне орай құттықтауларды бүгіннен бастап қабылдап жатыр. Мерекелік шараға дейін ол ақпарат құралдарына өз атындағы көшелердің болғанын қаламайтынын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Оның айтуынша, көзі тірісінде көшелердің өз атымен аталғаны дұрыс емес.
«Менің қол-аяғым сау, жүре аламын. Ойлау қабілетім жақсы. Әлі тірі адаммын ғой, оның үстіне жөндеуді қажет ететін Әубәкіров көшесімен жүру мен үшін ауыр тиеді», - деп күлді қазақ космонавты.
Сонымен қатар, Тоқтар Әубәкіров өз жерлесінің басынан өткен оқиғасымен бөлісті. «Мен туып өскен елді-мекен соғыс батырының атымен қойылған болатын. Ауыл өз ісін дұрыс атқармағандықтан жиі сөгіс естіген ағам, қызметкерлеріне қайда бас сұқпаса да барлық жерде өз атының минус белгісімен жарқырап шыға келетінін айтып шағымданды. Нәтижесінде бұл атауды алып тастауды ұсынды», - деп айтты Әубәкіров.
Елді-мекенді атауын өзгерткеннен кейін ғана аяққа тұрғызған. «Осыған орай адам тірісінде оған мұндай қошемет көрсетуге мен қарсымын», - деп кесіп айтты космонавт.
Алайда, өз атының берілгеніне қарсы болса да, Астанадағы жаңа ауданға Байқоңырдың атауын беру Әубәкіровтың көңілінен шығыпты. «Мен Байқоңыр атауының беріліп жатқанын естігенде қалай қуанғанымды білсеңіздер ғой. Бұл біз үшін,Байқоңырға қатысы барлар үшін жеңіспен тең. Аудан атауына ұсыну ел басшысыда, ақал әкімі де бізді ұмытқан жоқ дегенді білдіреді. Олар Байқоңырдың ел үшін қаншалықты құнды екенін барша жұртқа паш етті», - деп қорытындылады ол[email protected]
Read more
Парламент мәжілісінің депутаты, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының ...
Media Removed
Парламент мәжілісінің депутаты, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы Нұрлан Орынбасарұлы өз ойын қазақша дұрыс жеткізе алмаған Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ. Ақышевтің өте білімді азамат екенін ... Парламент мәжілісінің депутаты, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы Нұрлан Орынбасарұлы өз ойын қазақша дұрыс жеткізе алмаған Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақышевтің өте білімді азамат екенін алға тартқан депутат Дулатбеков оған намыс пен парасаттылықты да қатар алып жүруге кеңес берді. "Мен сізге айтар едім: "Ана тілің - арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте", - деген қазақтың жақсы өлеңі бар. Соны жұмыс тақтайшаңызға жазып қоюыңызды сұраймын, рахмет", - деп аяқтады сөзін Нұрлан Орынбасарұлы.
Ұлттық банк төрағасы болса мінберде тұрғанда күрделі терминдерді қазақшалап айту қиынға соғатынын айтып, тілшілерге ақталды[email protected]
Read more
94 жастағы миллиардер Сумнер Редстоун аурудың салдарынан сөйлеу мүмкіндігінен айырылды. Бірақ ...
Media Removed
94 жастағы миллиардер Сумнер Редстоун аурудың салдарынан сөйлеу мүмкіндігінен айырылды. Бірақ ол бұл қиындықтан шығатын оңай жол тауып алды. iPad-дағы сөз тіркестерінің жиынтығы миллиардерге қол астындағылармен сөйлесуге көмектеседі. Бұл туралы Wall Street Journal-ға сілтеп, ... 94 жастағы миллиардер Сумнер Редстоун аурудың салдарынан сөйлеу мүмкіндігінен айырылды. Бірақ ол бұл қиындықтан шығатын оңай жол тауып алды. iPad-дағы сөз тіркестерінің жиынтығы миллиардерге қол астындағылармен сөйлесуге көмектеседі.
Бұл туралы Wall Street Journal-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Viacom конгломератына ие медиа магнатында тек бірнеше бір буынды сөйлемдер ғана бар. Оның гаджетіндегі жылдам қызметте «Иә», «Жоқ» және «Кетшей бар …» деген тіркестер орнатылған.

Қазіргі уақытта Viacom корпорациясын CBS корпорациясымен біріктіру мәселесі талқылануда. Редстоун осы электронды көмекшіні қолданғаны белгісіз.

2016 жылы Лос-Анджелес соты Редстонды психиатриялық тексеруден өтуге жіберді. Бұл американдықтың бұрынғы ғашығы Мануэла Херзер оның қабілетсіз екенін мәлімдеген соң соң жасалған болатын.

Редстонды MTV Networks кабельдік және спутниктік теледидар желілерін қамтитын Viacom медиа компаниясының басқарма төрағасы. Сондай-ақ, ол «National Amusements» кинотеатрының операторын басқарады. 94 жастағы миллиардер CBS және Paramount бақылау пакеттеріне ие. Кәсіпкердің жағдайы 5,1 млрд долларға бағаланып отыр.
Read more
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дархан Кәлетаевты Қазақстан Республикасының Дін істері ...
Media Removed
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дархан Кәлетаевты Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. “Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін ... Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дархан Кәлетаевты Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. “Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалсын”, — делінген жарлықта.

Дархан Кәлетаев 1972 жылы 14 қазанда ШҚО, Тарбағатай ауданы Тұғыл (Приозерное) кентінде туған.

1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша аяқтады. 1996-1997 жылы ҚР президенті жанындағы мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген. Әр жылдары мемлекеттік қызметте басшылық қызметтер атқарды. 2007- 2008 жылдары Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болды. 2008-2009 жылдары “Нұр Отан” ХДП төрағасының бірінші орынбасары және ҚР президентінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2009 жылдан бастап “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры лауазымында болды. 2016 жылдың қазанында сенат депутаты болып тағайындалды.

Бұған дейін, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып келген Нұрлан Ермекбаев бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметін атқаратын болады. “Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын”, – делінген Президенттің жарлығында[email protected] - Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Read more

Loading...